Саяси партиялар және партиялық жүйелер
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Д. Қ. Сулекеев
Саяси партиялар және партиялық жүйелер
Саясаттану мамандықтарының студенттеріне арналған
оқу құралы
Павлодар
Кереку
2010
ӘОЖ 329(075.8)
КБК 66.6я73
С85
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми
кеңесімен басуға ұсынылды
Пікірсарапшылар:
А. А. Ақышев – саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, Тарих және
құқық факультетінің деканы;
Қ. Ж. Нұрбаев - тарих ғылымдарының докторы, профессор;
З. Ш. Айткенов - тарих ғылымдарының кандидаты, Павлодар мемлекеттік
педагогигалық институтінің доценті
Сулекеев Д. Қ.
С85 Саяси партиялар және партиялық жүйелер : саясаттану мамандықтарының
студенттеріне арналған оқу құралы Д. Қ. Сулекеев. –
Павлодар : Кереку, 2010. – 60 б.
Оқу құралында саяси партиялар мен партиялық жүйелердің мәні, түрлері
және іске асыруы қарастырылған. Сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның
партиялық жүйенің дамуы және саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың
маңыздылығы, атқаратың рөлі анықталған.
Оқу құралы саясаттану мамандықтарының студенттеріне арналған.
ӘОЖ 329(075.8)
КБК 66.6я73
© Сулекеев Д. Қ., 2010
© С. Торайғыров
атындағы ПМУ, 2010
Материалдық дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге
авторлар мен құрастырушылар жауапты
Кіріспе
Қазіргі таңдағы қоғамның саяси өмірі — аса күрделі, әр қилы әрі қарама-
қайшылықтарға да толы. Оған қатысушылардың (саясат субъектілерінің) саны
орасан көп, олардың ішінде ең көрнекті орын саяси партияларға тиесілі.
Партия феодалдық қоғамның буржуазияға өту кезеңінде, яғни XVII ғасырдың
соңы мен XVIII ғасырдың басында қалыптаса бастаған еді. Феодалдық
мемлекетке қарсы әрекеттегі буржуазиялық, жаңа таптық қоғамның өмірге келуі
секілді факторлар осы үрдістердің тезірек қалыптасуына ықпал етті. XIX
ғасырда нақты пайда бола бастаған қоғамдық дамудың тенденциялары саяси
партиялардың қалыптасуына елеулі ықпал етті.
Қоғамдық дамудың әр түрлі бағыттарына тұжырымдар жасаған қалыптасқан
идеологияның нақты түрде көрініс беруі (либерализм, социализм, анархизм)
осы істе зор маңызға ие болды. Ал осы идеологияны қалың бұқараға жеткізетін
және сол мүддені білдіретін бірден-бір қозғалыс саяси партиялар еді.
Шындығында да, демократияның ережелері солардың идеологияларында көрініс
тапты. Олар мынандай бағыттар ұстанды: адамдардың келісімінсіз ешкім де
оларды басқаруға тиісті емес; өздерінің мүдделерін қорғау үшін азаматтар
билік құрылымдарына өздерінің өкілдерін жібере алады; өздерінің саяси
ұйымдарын құруға құқылы. Бұдан басқа да бірқатар демократиялық қағидаттар
керсетілген болатын. Осы аса мәнді демократиялық принциптерді өмірге енгізу
енді партиялардың қажеттілігі туралы мәселені күн тәртібіне койды.
Парламенттік, конституциялық, буржуазиялық мемлекеттердің дамуына орай
бірте-бірте партиялар өздерінің саяси және құқықтық мәртебелерін нығайта
бастады, қоғамның саяси өмірінің аса қажетті элементі екендіктерін танытты.
Саяси партия — әлеуметтік топтың немесе таптың, неғұрлым белсенді және
ұйымдасқан бөлігі. Олар саяси билікке қол жеткізу үшін күреседі. Партиялар
ұйымдасқан таптар мен әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін, мүдделері мен
мақсаттарын білдіреді. Саяси биліктің тетіктерінің жұмыс істеуіне белсенді
түрде қатысады немесе оған белгілі бірдәрежеде ықпал етеді.
Партияның атқаратын қызметінін, тұжырымды мәні мынада: ол халыққа
идеологиялық әсер етеді, саяси сананы қалыптастыруда роль атқарады. Саяси
партиялар халықты үкіметпен, азаматтық қоғамды саяси қоғаммен, мемлекетпен
байланыстыратын тетік болып табылады. Саяси партиялардың басқа ұйымдардан,
қозғалыстар мен клубтардан негізгі ерекшеліктері мыналар — олар саяси
билікке, билік тетігіне қатысуға таласады.
Партия саясаттың маңызды құрылымы болып саналады. Қазіргі танда көз
алдыңа ең болмағанда бір партиясы жоқ мемлекетті елестету мүмкін емес.
Халық партия арқылы өздерінің топтық талаптарын билікке мәлім етеді,
басшылықты сынайды, саяси бағыттың және биліктің өзінің өзгеруіне қол
жеткізеді.
1 Тақырып. Саяси партия саяси жүйенің институты ретінде
Жоспар:
1) Партия ұғымы, мәні;
2) Партияның қызметтері, белгілері;
3) Партиялардың пайда болуы, қалыптасуы эволюциясы.
Партия ұғымы, мәні
Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. Партия
деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу,бөлшек деген мағынаны білдіреді.
Саяси партия қоғамның саяси өміріндегі ең күрделі және сан қырлы
құбылыс болғандықтан саяси партияның мәнін дәлірек анықтаған жөн. Қазіргі
саясаттануда саясатты дәріптеушілердің арасында саяси партияның мәні мен
мазмұны туралы әр түрлі пікірлер бар. Партияға анықтама да көп. Партия
деген не дейтін болсақ, ол туралы түсінікті бірнеше бағытқа бөлуге болады.
Бірінші бағыттағылар: партия-адамдардың идеологиялық байланыстарына
негізделген тобы деп анықтама береді. Бұл бағыттың пікірінше, партия-өзара
идеологиялық байланыста болатын топтар. Б. Констан былай деп жазады:
Партия-бір ғана саяси доктринаны мойындайтын адамдар тобы.
Екінші бағыт партияның мәнін ашуда оның саяси жүйесімен байланыстығына
баса назар аударады. Сондықтан саяси партия сайлау жүйесіне ықпал етіп
отыратын, өз өкілдерінің сайлауда жеңіске жетуін қамтамасыз етуге тырысатын
және сол арқылы мемлекетті бақылап тұратын ерікті ассоциация ретінде
түсіндіріледі. Италия саясаттанушысы Дж. Сартори саяси партияны сайлау
процесінде өз өкілдерін ұсынуды мақсат етіп қоятын және оның сайлауда
жеңіске жетуін қадағалайтын, ол үшін күресетін азаматтардың автономиялы
тобы ретінде түсіндіреді. Сонымен бірге олардың пікірінше, заң шығарушы
органдарға өз өкілдерін ұсынуды мақсат етіп қоятын және оның сайлауда

органдарға өз өкілдерін ұсынып отыру кез келген саяси партиының негізгі
қасиеттерінің бірі болып есептеледі. Мысалы, гректің революционер-демократы
Фереос Ригас былай деген: Барлық партиялар заң шығарушы органдардағы
орынға кандидаттарын ұсынуы тиіс, әйтпесе олар партия бола алмайды.
Жоғарыда көрсетілген тенденцияларының кемшілігінің бірі партияның
мәнін ашуда олар оңның бірі ғана жеке қасиетіне көңіл бөледі. Мұнда
партияның функциялық қызметінің ауқымы тарылып отыр, алайда партияның
қызметі дәстүрлі саяси жүйеге, нақты елдің саяси дамуының ерекешелігіне
байланысты көпжақтылы болып отырады. Сондай-ақ, саяси партияға сипат беріп
отыратын оның басқа да қасиеттері бар. Мысалы, оның таптық және
бағдарламалық негізі, мақсаты, идеологиясы, партияны ұйымдастыру тәртібі.
Батыс саясаттануындағы партияның мәнін түсіндіретін үшінші бағыт
партияның құрылымдылық ерекешелігін, ұйымдастыру ерекешеліктерін бірінші
орынға қоюмен байланысты. Бұл бағыт бойынша, партия ерекеше құрылымы бар,
ұзақ уақыт өмір сүретін әлеуметтік құрылым ретіндегі адамдардың
қауымдастығы тұрғысынан қарастырады. Мұндай партия мемлекеттік билікті
жеңіп алуға тырысуы қажет. Ол өзінің қатарына парламенттік
көшбасшылардырды біріктіруі тиіс. Әрине мұндай партия өмір сүруге құқылы,
бірақ мұндай партия да өзінің бір жақтылығымен шектеледі.
Батыс зерттеушілерінің келесі төртінші тобы партияның мәнін ашуда оның
қызметіне баса назар аударады. Осы бағытты қуаттаушы ағылшын саясаттанушысы
К. Лоусон былай деп көрсетеді: Партияға анықтамалардың ешқайсысы оның
мәнін толық ашып көрсете алмайды, дегенмен оның қызметі тұрғысынан берілген
анықтама біршама дұрыс, партия мәніне жақын анықтама.
Бұл бағыттың өзіндік кемшіліктеріне келсек:
1) партияны негізгі қызметтерін әр автор әр түрлі көрсетеді;
2) партияның кейбір негізгі қызметтері көрсетілмейді, мысалы,
партияның иделогиялық қызмет;
3) партияның түпкі мақсаты ескерілмейді.
Партияға құрылымдық және оның қызметі тұрғысынан берілген
анықтамалардың біржақтылығын жоюға тырысқан батыс саясаттанушыларының бір
бөлігі партияға синтездік тұрғыдан анықтама береді. Осы бағытты ұстанушы
С. Нойман партия-ол қоғамның белсенді саяси агенттерінің жарлығы бар ұйымы
деп көрсетеді. Олар өкімет билігін қадағалайды және халықтың қолдауына
сүйенеді. Партия, Нойманның пікірінше, әлеуметтік күштер мен идеологияны
өкімет органдарымен байланыстырушы қызметін атқаруы керек. Бұл пікір
партияның ішкі мазмұнына біршама жақын болғанына саяси партияның шынай
мәнін, әлеуметтік табиғатын толық аша алмайды.
Бесіншісі әлеуметтік-таптық көзқарастағы бағыт. Бұл негізінен
марксистік көзқарас. Осы бағыт бойынша, саяси партияға былайша анықтама
беріледі: Саяси партия-таптың не әлеуметтік таптың мүддесін білдіретін,
олардың белсенді өкілдерін біріктіретін, саяси күресіне басшылық ететін
саяси ұйым. (Қаз. Совет. Энцклопедия. 10т.: 71 бет.). Марксизм тұрғысынан
алғанда партия белгілі бір тап пен топтың саяси және идеологиялық ұйымы.
Осы тұрғыда саяси партиялардың мәні негізінен олардың қай таптың
немесе әлеуметтік топтың мүдделерін көрсетіп, соны қорғау үшін дүниеге
келген ұйым болып есептеледі.
Батыстың кейбір саясаттанушылары да партияға марксистік көзқарасты,
яғни оған таптық-әлеуметтік пікірді жақтайды. Американ социолігі Липсет
Сеймур Мартин өзінің Саяси адам деген еңбегінде: Кез келген демократия
жағдайындағы әр түрлі топтар арсындағы шиеліністер саяси партия арқылы
көрініп отырады. - деп көрсеткен. Оның пікірінше де, партия белгілі бір
таптың мүддесін қорғайды.
Партиялардың құрылу әдістері де әр қилы. Негізінен партиялардың
кұрылуының үш жолы: жоғарыдан, төменнен, бірігу әдісі туралы айтуға
болады.
Жоғарыдан - бұл әр түрлі парламенттік топтардың, саяси элитаның,
қысым жасау топтарының негізінде құрылған партиялар.
Төменнен - бұл қоғамдық қозғалыстар негізінде (кәсіподақ,
кооператив) құрылған, яғни этникалық қауымдастықтардың әлеуметтік
топтарының мүдделерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған партиялар. Мұндай
партиялардың мынандай қағидаттары болады:
1) олардың мүшелерінің тәртіптілігі;
2) өз қағидаттары мен өз мұраттарына мейлінше идеялық адалдық.
Бірігу әдісі - бұл элиталық адамдар мен қатардағы азаматтардың күш
біріктіруі нәтижесінде ортақтасуы (мәселен, әлде бір кандидатты немесе
саяси лидерді қолдау жөніндегі парламенттік топтардың азаматтармен
бірігуі). Ресейде партиялар XIX ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың басында
құрыла бастады. Ресейдегі алғашқы бұқаралық партия – бұл РСДРП (1898 ж.)
еді. Ресейлік социал-демократиялық жұмысшы партиясы, бұдан соң 1901 — 1902
жылдардағы социалист-революцио-нерлер партиясы осының негізі болды. 1906
жылы оларды мынандай түрлерге бөлуге болатын еді:
1) қаражүздіктер;
2) октябристер;
3) кадеттер;
4) еңбекшілдер;
5) социалдемократтар. Осы партиялардың әрқайсысының өзіндік әлеуметтік
негіздері болды, олар өз табының әлеуметтік тобының мүдделерін білдіруге
ұмтылды.
Саяси партияларды зерттеумен айналысатын ғылым қазіргі танда
партология деп аталады. Оның көшбасында Дж.Брайс, М. Я. Острогорский және
Р.Михельс тұрды. Саяси партиялардың жалпы теориясының негізін француз
ғалымы М.Дюверже қалады.
Сонымен, партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік
жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде
құралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік
органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс
жүзіне асыруға белсенді қатынасады.
Партияның белгілері мен қызметтері
Американың белгілі саясаттанушысы Дж. Ла Паломбараның ойынша партиялар
мынадай 4 белгімен сипатталады:
1) партия белгілі бір идеологияны қорғайды немесе кем дегенде адамды,
дүниені ерекше көре біледі;
2) партия – адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге
дейін саясаттың әр түрлі деңгейінде әжептәуір ұзақ біріктіретін ұйым;
3) партияның басты мақсаты – билікті қолға алып, жүзеге асыру
(көбінесе ол коалициялық жолмен жасалады);
4) әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына
дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.
Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, олардың
саяси сауаттылығын арттырады, жұмысына ұйымшылдық және мақсаттылық сипат
береді. Оның белгілі бір идеологиясы болады. Ол идеология саясаттың басты
принциптерін белгілеуге, саяси партияның ұйымдық құрылысы мен практикалық
іс-әрекетін анықтауға негіз болады. Олар партияның бағдарламалары мен
жарғыларында айқындалады.
Саяси жүйеде партиялар үлкен әлеуметтік жіктердің (топтардың,
таптардың, бірлестіктердің) мүддесін көздейді. Партиялардың өмір сүруінің
өзі сол жіктеудің арасында дау-жанжалдардың тууы мен оларды шешу
қажеттігінен шығады.
Поляктың белгілі саясаттанушысы А. Боднардың көрсеткеніндей, қазіргі
қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады:
1) қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау, тұжырымдау және
негіздеу;
2) олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;
3) саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;
4) саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін,
құрылымдарын қалыптастыруға қатысу және т.б.;
5) мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының
бағдарламасын жасау;
6) мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;
7) қоғамдық пікірді қалыптастыру;
8) жалпы қоғамды, яки оның белгілі бір бөлігін (топты, тапты, жікті)
саяси тәрбиелеу;
9) мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін
кадрлар даярлау мен ұсыну және т.б..
Ең басты қызметі – мемлекет билігі үшін күрес. Қазір дүниежүзі
көлемінде алатын болсақ, көптеген партиялар өмір сүріп, қызмет етуде. Олар
өздерінің сипатына, шығу тегіне қарай, саяси жүйеде алатын орны мен рөліне
қарай әр түрлі болып келеді. Дегенмен оған қарамастан оларды жоғарыда
көрсетілген критерий бойынша бір-бірімен жақындастыратын ортақ белгілері де
бар. Осы ортақ белгілеріне байланысты саяси партияларды белгілі бір топқа
немесе түрге біріктіруге болады.
Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз
мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық
ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын
партияларымен байланысты нығайтумен үнемі байланысады.
Қазіргі демократиялық қоғамдағы партилардың маңызды міндеті –
азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар
арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді.
Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны
өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді. Соның
арқасында қоғамның саяси саласындағы қайшылықтардың басы ашылады,
әлеуметтік қопарылысқа соқтырарлық өткір, ойда жоқ шиеліністердің
мүмкіншілігі азаяды.
Саяси партиялардың бір-біріне ұқсас міндеттері және белгілі бір ортақ
сипаттары болады. Осыған орай саяси партияларды әр түрлі белгілері бойынша
- шығу тегі, орны мен саяси жүйедегі ролі, ішкі құрылымы мен қызмет
тәсілдері, әлеуметтік негізі мен идеологиясы бойынша сұрыптауға болады.
Партия құрылымдары былайша жіктеледі:
1) партиялық аппарат;
2) партиялық актив;
3) қатардағы мүшелері (партиялық көпшілік);
4) партияның жақтастары.
Сонымен саяси партиялардың негізгі қызметтері томендегідей.
Саяси: Билік үшін күрес. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатың
жасауға, қалыптастыруға, іске асыруға тікелей қатынасу. Балама ұсыныстар
асыру. Сайлау науқаңына белсенді түрде ат салысып, оған байланысты
бағдарламаны орындау. Саяси бағатты тұжырымдау.
Ұйымдастырушылық: Бағдарламалықмақсаттар мен шешімдерді жүзіге асыру.
Сайлау науқанын өткізу. Сайлап қойылатың қызметтерге үміткерлерді іріктеу.
Басқару элитасына кадрлар дайындап ұсыну. Үкімет құрамын, сол сияқты басқа
да билік құрылымдарды құрастыруға қатысу.
Теориялық: Қоғам дамуының негізгі салалары бойынша және оның даму
жолдарын талдап, теориялық жағынан бағалау. Әр түрлі әлеуметтік топтардың
мүдделерің анықтап үйлестіру. Қоғамды жаңартудың стратегиясы мен тәсілін
тұжырымдап, бұқараны қимыл бірлігіне теориялық жағынан әзірлеу.
Идеологиялық: Еңбекші бұқара арсында өз көзқарасын, ізгі мұраттарды
тарату, оны іскерлікпен ұштастыру. Өз бағдарламасы мен саясатын насихаттау.
Азаматтардың түбегейлі мүдделеріңн ескере отырып өз бағытың қолдауға
жұмылдыру және партия қатарына тарту, т.с.с.
Қоғамның қай жігіне партияның ықпалы күшті жүріп, олардан ұзақ уақыт
қолдау тапса, сол топ партияның әлеуметтік негізін қалайды. Ал оған сайлау
кезінде әрдайым дауысын беруші сайлаушылар оның электоратын (латынның
сайлаушылар тобы деген сөзінен) құрайды. Еуропадағы социал-демократиялық
партиялардың дәстүрлі әлеуметтік негізіне жұмысшылар жататын. Либералдық-
демократилық патияларды орта жіктегі қызметкерлер, зиялы қауым, ұсақ
кәсіпкерлер және т.б. қолдайтын. аграрлық партия шаруаларға сүйенетін.
Консервативтік партилар ірі меншік иелерін, шаруалар мен орта буындылардың
бір бөлігін тірек ететін. XXғ. ортасынан бастап жағдай өзгерді. Ірі
партиялар сайлауда халықтың әр түрлі топтарының даусын жинады. Демек,
солардың мүддесін де көздейді.
Партиялардың пайда болуы, қалыптасу эволюциясы
Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды.
Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар
болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының
мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болады. Бірақ
шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады.
Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында
еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын.
Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады.
Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX
ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған
буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің
ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылу ретінде парламенттер мен
парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі
бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы
тобының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын
көпшілік партияларда құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар қосылып,
әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың
рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды.
Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның
ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушы Макс Вебер саяси
партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті:
1) аристократиялық үйірмелер;
2) саяси клубтар;
3) көпшілік партиялар.
Саяси клубтардың аристократиялық үйірмелерден ерекшелігі – олар ең
алдымен буржуазияның мүддесін білдірді. Олардың тұрақты идеологиялық
байланыстары мен ұйымы болды. Мұның бәрі оларға қоғамдық жұмысты кең
өрістетуіне мүмкіндік туғызды.
Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі – олар жұмысын
тек сайлау кезінде ғана емес, сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уақытта да
көпшілікке ықпал етуге тырысты. өз қатарына барынша көбірек адамдарды
тартты. өздерінің үгіт-насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие,
мәдени қызмет т.с.с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды.
Дегенмен, көрсетілген үш кезеңді толығымен Ұлыбританияның екі партиясы
ғана басынан кешірді. Олар либералдық (виги) және консервативтік (тори)
партиялары. Ал қазір өмір сүріп отырған партияларының көбінің даму жолы
қысқа. Олардың біразы бірден көпшілік партия болып қалыптасты.
Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861 жылы Англияда либералдық
партия құрылды. Сонымен қатар мұндай партиялардың дамуына жұмысшы қозғалысы
да зор әсер етті. Жұмысшылардың өзіндік жарғысы, кең тараған жергілікті
ұйымдары бар, жазба түрде мүшелік жарна төлейтін, мерзімімен съездер
өткізетін партиялары ұйымдасады. Бірінші көпшілік жұмысшы партиясы болып
1863 жылы Жалпы Германияның Жұмысшы Одағы (Ф.Лассальдың басшылығымен)
құрылды. XIXғ. аяғына қарай Батыс Еуропа елдерінде түгелге жақын көпшілік
партиялар пайда болды. Мұндай партиялар басқа континенттерде де құрыла
бастады.
Тәуелсіздік жолындағы (1775-1783жж.) болған соғыстан кейін ХVІІІ
ғасырдың 80-жылдарының аяғы мен 90-жылдардың басында АҚШ-та федералшылар
және республикашылар партиялары өмірге келді. Бұдан кейінірек бұқаралық
саяси партиялар ХІХ ғасырдың екінші жартысында Европада құрыла бастады.
1831 жылы Ұлыбританияда құрылған либералдық (Реформ клаб-виги) партия -
тұңғыш бұқаралық саяси партия болды. 1847жылы косервативтік (Карлтон клаб-
тори) партия, 1832 жылы Италияда республикалық, 1847жылы Швейцарияда -
радикалды – демократиялық партия құрылды. Сонымен қатар мұндай партиялардың
дамуына жұмысшы қозғалысы да зор әсер етті. Жұмысшылардың өзіндік жарғысы,
кең тараған жергілікті ұйымдары бар, жазба түрде мүшелік жарна төлейтін,
мерзімімен съездер өткізетін партиялары ұйымдасады. Бірінші көпшілік
жұмысшы партиясы болып 1863 жылы Жалпы Германияның Жұмысшы Одағы
(Ф.Лассальдың басшылығымен) құрылды. 1854 жылы Канадада прогресшіл –
консервативтік партиялар өмірге келген еді. ХІХғасырдың соңына қарай Батыс
Европа елдерінің көпшілігінде бұқаралық (негізінен социал-демократиялық)
партиялар құрылды.
Қазіргі кезде саяси партияларға қоғамды ұйымдастырудың саяси түрі
ретінде оның қалыптасу эволюциясына, дүние жүзілік тәжірибесіне көңіл
аударудың маңызы зор және оған қажеттілік туып отыр.
Себебі, саяси партия өзінің үш-төрт ғасырлық өміріне қарамастан
адамзат өркениетінің ең негізгі жетістіктерінің бірі болып есептелетін
институт. Екіншіден, кез келген қоғамда қоғамдық өмірінің негізгі
жақтарының бірі-саясат. Ал саясат-мемлекеттік билік мәселесі бойынша әр
түрлі қоғамдық күштер өзара қарым-қатынас жасайтын орталық. Ол қоғамдық
күштер міндетті түрде белгілі бір топтың, таптың мүддесін қорғап отырады
да, сонымен бірге, олар саяси қатынастың алғашқы қатысушылары болып
есептеледі. Сол әлеуметтік мүдденің ортақ болуынан пайда болған қоғамдық
күштер ең алдымен өздерінің ұйымын құрады, ол ұйымдар көп жағдайда саяси
партия болып құралады.
Саяси партияның пайда болып қалыптасуы, қоғамның тапқа бөлініп
күресінің өріс алуына, әсіресе саяси өкімет үшін таластың шиеленісуіне
байланысты. Таптардың бөлінуіне негізделген қоғамда бір-біріне жау
таптардың арасындағы күрес өзінің белгілі бір даму деңгейінде сөзсіз
күреске айналады. Таптардың саяси күресінің ең тұтасталған, толыққан және
қалыптасқан көрінісі-партиялардың күресі болып табылады-деген болатын
Ленин. Сонымен саяси партияның өмірге келуі таптың саналы өкілдерінің
таптық міндетті танып білуінен және белгілі бір идеология, саяси бағдарлама
түрінде көрініс табуынан көрінеді.
2 Тақырып. Саяси партиялардың және партиялық жүйенің түрлері
Жоспар:
1) Партияның жіктелуі, түрлері;
2) Партиялық жүйенің түрлері.
Партияның жіктелуі
Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері
бар. Мысалы, институциондық тәсіл партияларды топтастырғанда ұйымдастыру
ерекшелігін басшылыққа алады, либералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың
сипатына басты назар аударады, марксистер болса таптық белгілеріне айрықша
мән береді.
Бұл мәселені терең зерттеген саясаттанушылардың бірі француз ғалымы
М.Дюверже XX ғасырдың 50 жылдарында сайлаушылар мен белсенділер қатарына
байланысты партияларды кадрлық және бұқаралық деп екіге бөледі (оларды
ұйымдық қалыптасқан және ұйымдық қалыптаспаған деп те атайды).
Кадрлық партиялар деп қатарында сайлаушылардың 10%-ынан кемі ғана
болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және
тәртібімен көзге түседі. Оның әрбір мүшесінің партия билеті болады, мүшелік
жарналарын уақтылы төлейді, жарғысында қаралған тәртіпті мүлтіксіз
орындайды. Мысалы, оған Австрия халық партиясы, Англия консерваториялар
партиясы, ГФР-дің Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық-
демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы, Швеция орталық
партиясы жатады.
Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары,
мүшелері, белсенділері көп болады. бірақ олардың ресми мүшелері болмайды.
Партбилет алып, мүшелік жарна төлемейді. Мысалы, мұндайларға АҚШ-тың
республикалық және демократиялық партиялары, Англия лейбористер партиясы
т.б.
60 жылдардың аяғында жоғарыда аты аталған Ла Паломбараның көрсеткен
екі партиясынан басқа әмбебап партиялар (универсалдық немесе сайлаушылар
партиясы) деген үшінші түрін бөліп шығарды. Олардың ерекшелігі – партияның
мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысуда. Онда әлеуметтік,
этникалық, діни және т.б. өзгешеліктеріне мән берілмейді. Мұндай
партиялардың саны соңғы жылдары Еуропа мен Америка елдерінде тез етек
алуда.
Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды
төрт түрге топтастырады:
1) Авангардтық партиялар (лениндік тұжырымдама). Олардың ұйымы жоғары
орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінен партияның жұмысына
белсенді қатынасуын талап етеді. Мысалы, Үндістанның ұлттық конгресс
партиясы, бұрынғы СОКП;
2) Сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің саулау
алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.т. Оларда
тұрақты мүшелік, идеологиялық негіз, ұйымдық құрылым жоқ. Мысалы, АҚШ-тағы
республикалық және демократиялық партиялар. Сондықтан американдық азамат
Мен демократиялық партияның мүшесімін демейді, Мен демократтар үшін
дауыс беремін дейді;
3) Парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға
дайындалу және парламетке бақылау жасау. Мәселелерді алдын ала талқылап,
қабылданатын шешімдерді сәйкестеу, келістіру үшін партиялар парламенттер
мен муниципалитеттерде (жергілікті өзін өзі басқару органы) жіктер
(фракциялар) жасайды. Премьер-Министрдің кандидатурасы мен үкімет құрамы
парламенттегі көпшілікке байланысты. Мысалы, Германияда, Италияда,
Ұлыбританияда,францияда солай;
4) Қауымдастық партиялар. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды
ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай өзара
қатынасып, маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі. Мысала, оларға
Жасылдар партиясы, балаларды, малдарды, жануарларды қорғау партиялары,
соғысқа, ядролық қаруға қарсы қозғалыстар жатады.
Идеологиялық негіздеріне байлансты партияларды оңшыл және солшыл деп
бөледі. Оңшылдар деп – жеке меншікті сақтайтын күшті мемлекетті
жақтаушыларды айтады. Солшылдар деп – қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерүшін
күресіп, еңбекші халықтың мүддесін қорғаушыларды айтады. Сонымен саяси
идеологиясына қарай партияларды 5 түрге жүйелеп жүр:
1) Коммунистік партиялармен солшыл радикалдық бағыттағы партиялар.
Олар К.Маркстің ілімін басшылыққа алады. Жеке меншіксіз, тапсыз қоғам
құруға тырысады. Басқа партиялар коммунистік партияның басқарушы рөлін
мойындауы керек. Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, бұрынғы КСРО.
Батыста мұндай партиялардың айтарлықтай салмағы жоқ;
2) Социал-демократиялық (немесе социалистік, лейбористік) партиялар.
Олар қазіргі капиталистік қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы
реформалап, өзгертіп отыруға тырысады. Олардың басты құндылықтары:
бостандық, әділеттілік, ынтымақтастық, теңдік. Оған жататындар: Австрияның,
Германияның, Швецияның социал-демократиялық партиялары, Ұлыбританияның
лейбористік партиясы және т.б.
Қазіргі кезде адамзатты айнала қоршаған орта күннен-күнге нашарлап,
азып-тозып бара жатқаны баршаға аян. Сондықтан Еуропада социал-
демократтардың әлеуметтік және экологиялық жаңынан жаңарған индустриялық
мәдениеттілік орнатпақ та ойлары бар;
3) Буржуазиялық-демократиялық партиялар. Олар ХIX ғасырда Еуропа мен
Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды. мынандай принциптерді басшылыққа
алады: қоғамда билік үшін әрқашан ашық күрес жүруі керек, өкіметке жалпыға
бірдей сайлау арқылы жету, парламентте көршілік дауыс алған партия немесе
партиялық бірлестік өкіметті билейді, басқарушы партияға қарсы үздіксіз
ашық оппозиция жұмыс істейді. Заң алдында бәрінің де тең болғанын, сөз,
баспасөз, жиналыстар бостандығын қалайды. Мысалы, Германияның еркін
демократиялық партиясы, Ұлыбританияның социал-либералдық партиясы және
т.б.;
4) Консервативтік партиялар. Негізінен ірі буржуазияның мүддесін
қорғайды. Әлеуметтік теңсіздікті сақтағысы келеді, адамдық және азаматтық
ар-намыс, плюрализм, ынтымақтастықты жақтайды. Мысалы, АҚШ-тың
республикалық партиясы, Германияның Христиандық-әлеуметтік одағы мен
Христиандық-демократиялық одағының блогы, Ұлыбританияның консервативтік
партиясы, т.т.;
5) Фашистік партиялар. Олар жеке мүддеден мемлеттік мүдденің басым
болғанын, басқаруда қатаң орталықтандыруды, адамның құқықтары мен
бостандықтарын шектеуді қалайды. Ұлтшылдықты уағыздайды. Бұл тоталитарлық
немесе авторитарлық жүйеге жол ашады. Фашистік партиялар кезінде Германия
мен Италияда болған. Бірақ сол елдерде және т.б. жаңарған неофашистік
ұйымдардың пайда болуы сақтандырады.
Партиялардың басты идеологиялық бағытына қарай революциялық,
реформистік, консервативтік, реакциялық деп те бөліп жүр.
Революциялық партиялар қоғамдық өмірді түбегейлі өзгертуге тырысады.
Реформистік партиялар қоғамда маңызды өзгерістер жасамақ, бірақ оның
негізгі құрылысын сақтап қалмақ.
Консервативтік партиялар қазіргі әлеуметтік өмірдің негізгі сипат,
ерекшеліктерін тұрақты сақтап қалмақ.
Реакциялық партиялар – қоғам дамуындағы өтіп кеткен формацияларға не
дәуірлерге қайтып оралуды көксеушілер.
Қандай саяси тәртіпті қолдануына байланысты партиялар келесіге болып
жіктеледі:
1) Демократиялық партиялар - басқа партияларға төзімділікпен,
түсіністікпен қарайды, пікір алалығын жақтайды. Идеологиялық факторға онша
мән бермейді;
2) Тоталитарлық партиялар – керісінше, саяси жүйенің басқа
элементтерін өзіне бағындыруға тырысады. Әсіресе идеологияланған, қатаң
тәртіпке негізделген бірпартиялық жүйе құруға тырысады;
3) Авторитарлық партиялар - әдетте, дамып келе жатқан елдерде пайда
болады және отаршылыққа қарсы бағытталады. Олардың көбі ең алдымен өз
елдерінің саяси және экономикалық тәуелсіздігі, әлеуметтік прогресі үшін
күреседі. Өз әрекеттерінде көбінесе күшке сүйенеді.
Саяси өмірдегі алатын орны, билікті жүзеге асыруға қатысына қарай
саяси партиялар билеуші және оппозициялық (латынның қарсы қою деген
сөзінен шыққан) болып бөлінеді.
Билеуші партиялар - қолдарына мемлекеттік билік тигендіктен оларға
бүкіл қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік
туады. Яғни, олар басқа партиялардың үстінен билікке ие болады.
Оппозициялық партия – олар басқарушы партияның саясатын сын көзбен
бағалайды. Қоғамның даму бағдарламасын жасайды, басқа мемлекеттермен қарым-
қатынастарға өздерінің көз қарастарын білдіреді. Қарсыластық қасиет тән.
Жұмыс істеу жағдайына, заңның рұқсат етуіне байланысты партияларды
ресми, жартылай ресми, құпия немесе бейресми деп жіктейді:
1) Ресми партия - қоғамдық-саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат
етілген, мемлекеттік тіркеуден өткен. Ол жұмысын ашық жүргізеді;
2) Жартылай ресми партиялар - формалды түрде рұқсат етілген. Біраз
жағдайларда партияға сырттай мойындаған сыңай білдіріп, шын мәнінде,
жұмысына шек қойып, кедергілер жасалады;
3) Құпия немесе бейресми партия - заң бойынша тыйым салынып, жұмысын
астыртын, жасырын жүргізеді. Әдетте олар үстемдік етіп отырған құрылысты
күшпен өзгертуді мақсат етіп қояды. Егер құпия партияны халық шынымен
қолдап, беделі зор болса, оны ресми мойындамағанымен жұмысын тоқтата
алмайды. Оның айғақтығын құпия жағдайда жүріп отаршылдыққа қарсы қажырлы
күрес жүргізген көптеген ұлт-азаттық партиялардың даму жолынан байқауға
болады.
Келесі партиялардың түрлерің белгілеуге болады.
Доктриналық партиялар өз жұмысын негізінен социалистік, діни немесе
ұлттық идеологияларға негіздейді. Осыған байланысты Батыс Еуропада
партиялар християндық-демократиялық және антиклерерикалдық болып бөлінеді.
(Италияның республикалық және социалистік партиялары). Діни партиялар Азия,
Африка елдерінде кең тараған. Кейінгі кездегі ұлттық бірігулердің
нәтижесінде ұлттық партиялардың өріс алып отырғаны белгілі.
Мүдделер партиясы негізінен белгілі бір топтардың немес нақтылы бір
аймақтағы халықтың мүдделеріне негізделіп жұмыс істейтін партия. Бұлар өз
мақсаттарына мемлкеттік органдарға өз өкілдерін сайлау арқылы жетіп
отырады. Мысалы. Нидерландтың фермерлік партиясы Бельгияның біріккен
әйелдер партиясы, Желтоқсан партиясы.
Біздің саяси ғылымда саяси партияларды оның таптық мәніне қарай
түрлерге бөледі. Саяси партияларды жіктеудің тағы бір өлшемдік негізі – ол
олардың негізделетін басқару принциптері, мәселен, ұжымдық басқару
принципі, көсемге негізделген принцпі, харизматикалық басқару принципі. Бұл
жағдайда билік толығымен саяси көсемнің қолына шоғырланады. Ол оның
беделіне және сіңірген еңбегіне байланысты болады.
Қорыта келгенде, жоғарыда көрсетілген партия түрлері бірін – бірі
жоққа шығармайды. Олар бір-бірімен тығыз байланыста болып, ауысып отырады.
Партиялық жүйенің түрлері
Саяси процестерге қатысуға және мемлекеттік органдарды қалыптастыруға
нақтылы мүмкіндіктері бар партиялар жинақтап келгенде қоғамның партия
жүйесін құрайды. Партия жүйесінің құрылымы әдетте елдегі қалыптасқан тарихи
дәстүрлер, оның әлеуметтік– экономикалық даму сипаты, коғамның саяси
сауаттылығының кемелділігінің деңгейі, оның саяси саналылығы мен мәдениеті,
әлеуметтік күштердің өзара арақатынасы, ұлттық құрамы, халықтың дінге сену
дәрежесі арқылы анықталады.
Сайып келгенде, қоғамдағы партия жұйесі - ол өзара қарым–қатынасы
мемлекеттік билік үшін тең бәсеке немесе біріккен күресі арқылы көрініп
отыратын партиялардың жиынтығын білдіреді.
Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар
көппартиялық, екіпартиялық және бірпартиялық болып топтастырылады.
Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси
партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып
басқаруын айтады. Онда үш және одан артық партия қатысады. Бұл – адамзаттың
қоғамдық басқаруда ойлап тапқан өркениетті түрі. Бұл құрылым қазір әлемнің
отыздан астам мемлекеттерінде жұмыс істейді.
Көппартиялы жүйенің сипаттамасы мынада: мұнда әрбір партия сайлауда
көпшілік қолдауына ие болу үшін сол партияның идеялық-саяси бағытын
бұқараға білдіруге тырысады. Осылайша халықты өздеріне сендіру арқылы басқа
партиялардың қисындарын жоққа шығарады. Осыған тән басқа бір сипаттамасы
азаматтардың саяси қолдауына ие болуға ұмтылған саяси субъектілердің
неғұрлым көп болуы. Бұл плюралистік демократияның негізін жасайды. Саяси
мәселелер баспасөзде жан-жақты жарык, көреді.
Дегенмен, орыстың белгілі саясатшысы Б.Чечерин айтқандай,
көппартиялықтың өзіндік жағымды және жағымсыз жақтары бар. Жағымды
жақтарына жататындары – онда саяси мәселелер жан жақты қаралады.
Кемшіліктерді кешірмейтін оппозициалық партиялардың болуы үкіметті тиімді
жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Бюрократияның өрістенуіне тежеу салынады.
Партияны тәртіпке шақырады. Билік басына кездейсоқ емес нағыз дарынды
адамдардың келуіне мүмкіндік тудырады. Ұнамсыз жағына жататындар - өмірдегі
көп мәселелерге өз партиясының тұрғысынан ғана қарайды. Бар ойы қарсы
партияны жеңуге арналып, ол жолда алдау-арбау, өсек-өтірік сияқты жат
қылықтар мен тәсілдер пайдаланып жатады. Дегенмен, қазіргі таңда
көппартиялық саяси өмірдің тәуір жетілген түрінің бірі болып танылады және
тек демократиялық елдерге тән. Ондайларға Австрия, Бельгия, Дания,
Недерландыдағы көппартиялықты жатқызуға болады.
Екіпартиялық жүйеде (бипартизм) басқа да кішігірім партиялар болуы
мүмкін, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында
жүреді. Мұнда жалпыға бірдей тікелей сайлау екі партияның бірі өзінен өзі
автоматты түрде парламентте көпшілік орынды қамтамасыз етеді. Ол Министрлер
Кабинетінің орнықтылығын қамтамасыз етеді. Себебі, ол үкіметті заң бойынша
көрсетілген мерзімі біткенше қызметін атқаруына мүмкіндік береді. Ол
мемлекет басшысын сайлауға жіберілген қаржыны да үнемдейді. Өйткені ол
орынға сайлауда жеңіске жеткен партияның серкесі ие болады. Бипартиялық
көппартиялықтағы сияқты өзінің жіберген қателіктерін бірге билеген басқа
партияларға аудара салмайды. Саяси күреске басқа да партиялар араласады.
Бірақ, әдетте, олар шешуші рөл атқармайды және жеңіске жетерлік
мүмкіндіктері де жоқ. Дегенмен, мұндай жүйенің өміршендігін аты аталған
елдердің өмірі дәлелдеп отыр.
Дүниежүзілік тәжірибеде екі партиялы жүйенің екі түрі бар. Біріншісі –
классикалық түрі. Мұнда басты партияларды сайлаушылардың басым көпшілігі
қолдайды. Мұндай жүйеге Ұлыбритания мен АҚШ – тағы партия жүйесін жатқызуға
болады. Екі партиялы жүйенің екінші түрі ұсақ саяси партиялардың маңызының
артуымен байланысты. Мәселен, Канада мен Австрияда үшінші париялар
белгілі бір деңгейде потенциалды саяси күш ретінде өздерін көрсете алуына
жағдайы бар. Олар қоғамда альтернативтік күш бола алады.
Бірпартиялық жүйе өзінен басқа, әсіресе бәсекелес партияларды
болдырмайды. Ол тоталитарлық және авторитарлық қоғамдарға тән. Мұндай
тәртіпте басқарушы партия бақылаушы және сынаушы оппозициалық партиялардың
жоқтығын пайдаланып, саяси билікті бүтіндей қолына алып, басқа мемлекеттік
органдарды ығыстырады. Ондай партия бұрын КСРО-да болды, қазір
Қытай,КХДР,Кубада бар.
Демек, партиялық жүйе әр түрлі болады. Сондықтан солардың ішінде ең
тәуірі, тиімдісі қайсысы деген сұрақ тууы мүмкін. Бұған бірыңғай кесіп
жауап беру, бір үлгіні ұсыну дұрыстыққа жатпайды. Әйтсе де партиялық
бірлестіктердің тиімділігіне жалпы өлшеуіш боларлық жағдайлар мыналар. Олар
халықтың әлеуметтік мүдделері мен мұқтаждықтарын бірінші сезініп,
қамтамасыз етуге тырысуы ләзім. партия арқала шешімдер қабылдағанда
азаматардың барынша мол қажеттіліктерін қамту. Үкімет бағытын сын көзбен
түзету және басқарушы топтың жұмысына демократиялық бақылау жасау және
т.с.с.
Саяси партиялардың ішінде фракциялар (латын тілінен аударғанда
бөлшектену,бөлектену) болуы мүмкін. Бұл сөз екі мағынада қолданылады:
1) бір партияның парламентте, мемлекеттік органдарда, қоғамдық
ұйымдарда өздерінің саяси нұсқау, мақсаттарын ұйымшылдықпен жүргізу үшін
құрған ұйым;
2) бір партияның ішінде өзіндік бағыты, құрылысы, тәртібі бар, бірақ
сол партияның қатарынан шықпаған мүшелердің бөлігі. Мұндай жағдай
азшылықтың құқы бұрмаланған кезде дүниеге келуі мүмкін. Әдетте, ол өтпелі
кезеңдерде пайда болады және ұзаққа созылмайды.
Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция (латынның
бірлестік) құруы мүмкін. Коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін
партиялардың жасаған бірлігін айтады. Оның мынадай түрлері бар:
1) парламентке қатысатын партиялардың ешқайсысы өз алдына бөлек,
дербес басқара алмайтындай жағдайда құралған көппартиялық коалиция;
2) екі күшті партияның әр қайсысы өкіметті өз қолына алып билей
алатындай жағдайда екіпартиялық коалиция орнайды. Мұндайда бір партия
парламентте көпшілік дауыс ала алады да, екіншісі оппозицияда болады. Егер
екеуінің де парламенттегі орны тең болса, үкіметті құру үшін басқа кішірек
партиямен келісімге келуге мәжбүр болады. Мұндайды түрін өзгерткен
екіпартиялық коалиция дейді.
3) билік үшін бәсеке екі партия одағының арасында болса, оны екі
блоктық коалиция дейді. Мұндай коалиция әсіресе Францияға тән. Онда
президенттік, парламенттік, кантондық сайлаулар кезінде екі блок құрылады.
Оң блокқа гольдықтар, жискарлықтар (Францияның бұрынғы президенттері Де
Голь мен Жискар де Эстеннің фамилияларынан шыққан), т.т. кіреді, сол блокқа
социалистер, коммунистер, солшыл радикалдар жатады.
4) Егер дербес партия ұзақ уақыт (20-30 жыл бойы) билік етсе, оны
басымдық коалициясы дейді. Мысалы, Швеция социял-демократиялық партиясы
1932 жылдан 1976 жылға дейін, содан кейін 1982 жылдан осы уақытқа дейін
билік басында. Жапонияда либералдық-демократиялық партия 1955 жылдан бері
өкімет басында келеді.
Саяси партиялардың жұмысы әдетте құқықпен немесе конституциямен
реттеледі, себебі, олардың жұмысы саяси жүйенің принциптері мен
мақсаттарына қайшы келмеуі керек. Оларға жататындар: қоғамдық өмірде
партияның орнын конституциялық жолмен рұқсат ету; саяси жүйеде пратияның
жұмыс істеу жаңдайын белгілеу; сайлау жүйесінің жұмысына партиялардың
қатысуы; мемлекеттік өкімет органдарында партиялардың өкілдік ету
тәсілдері; мемлекеттік бюджеттен партиялардың қызметін қаржыландыру.
Бірқатар Батыс елдерінде (Германия, Италия, Швеция, т.б.) 60-70 жылдардан
бастап саяси партиялар мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Кейбір елдерде
заң бойынша саяси партиялардың сайлау науқанына арнайы қаржы бөлінеді.
Бірқатар елдердің (Германия, Үндістан, Ұлыбритания, Франция)
заңдарында радио мен теледидарды кеңінен пайдалануға мол құқық берілген.
Мұның бәрі сайлау науқанында және т.б. жұмыс бабында партияларға тең жағдай
қамтамасыз етілгендігі деп саналады.
Итальян сасаттанушысы Дж. Сартори партия жүйесін жіктеуде негізгі
партиялармен бірге барлық басқа да партиялардың қамтылуының қажеттілігін
жақтайды. Қандай партиялар партия жүйесін анықтауы керектігі жөнінде ол
мынадай екі сапалық белгілерді көрсетеді:
1) ұсақ партиялардың коалициялық потенциалына қарай, яғни, егер партия
кез келген басқарушы көшілікке тиімсіз болса, ондай партия партия жүйесіне
кірмейді;
2) қауіптілік потенциалы, яғни, тұрақты оппозициядағы партиялар
басқарушы партияның бәсекелесу тәсілдерін қаншалықты дәрежеде жетілдіруге
мәжбүр етеді, соған байланысты олар партия жүйесніде ескерілуі керек. осы
өлшемдерге негізделе отырып, Дж. Сартори партия жүйесін жеті тұрге бөледі:
1) бірпартиялы (Албания, КХДР);
2) гегемониялық статусқа ие болған партиясы бар жүйе (Мексика);
3) доминантты партиялы жүйе (Жапония);
4) екіпартиялы жүйе (АҚШ);
5) бірқалыпты орташа шектелген плюралистік жүйе (Бельгия);
6) тым полярлық немесе радикалдық сипаттағы плюралистік жүйе (Италия);
7) атомдандырылған жүйе (Малайзия), яғни идеялық тұрғыдан бір – біріне
тым ұқсамайтын партиялар жүйесі.
Ресейлік ғалым В. Евдокимов партия жүйесін талдай отырып, өз
типологиясын ұсынады. Ол партия жүйесін мынадай түрлерге бөледі:
полярландырылмаған кооалицилық жұйе; полярландырылған коалициялық жүйе; бір
партия үстемдік ететін жүйе; екі партия үстемдік құрған жүйе.
Бір партия ұстемдік ететін жүйе қазіргі Жапония, Швеция, Норвегияға
тән құбылыс. Мұндай партиялық жүйеде сайлауда бір партия жеңіске жетеді де
парламенттегі депутаттық мандаттың басып көпшілігіне ие болады.
Екі партия үстемдік құратын партия жүйесіне АШҚ–ты, Ұлыбританияны,
Канаданы жатқызуға болады. Мәселен, АҚШ–та президенттік орынға және
конгресстегі орындарға Республикалық және Демократиялық партиялардың
өкілдері таласып отырады. Мұндай партиялық жұйелердің қалыптасуында
қоғамның әлеуметтік құрылымы, әрекет ететін заң жұйесі, ең алдымен сайлау
туралы заңдар, сондай–ақ, әлеуметтік–мәдени дәстүрлі үлкен рөл атқарады.
Мәселен, егер қоғамда дамыған шаруалар тобы болмаса, онда аграрлық
партиялар қалыптаспайды. Ал орта шаруалар айұындаушы рөл атқаратын елде
доминантты жағдайда болатын партияның қалыптасуына алғышарттар жасалады.
Қоғамдағы әрекет етіп отырған заңдар жүйесі де партия жүйесінің
түріне, сипатына ықпал етуі мүмкін. Мәселен, кейбір партиялардың әрекетін
шектеп, оппозициялық партиялардың сайлау процесіне қатысуына тиым салып, ал
бейресми партияларға заң тұрғысына қысым жасауы мүмкін. Сайлау жүйесінің
мажоритарлық түрі жағдайдағы елде, әдетте, екі партиялы немесе бір партия
доминаттық статусқа ие болатын партия жүйесі қалыптасады.
Экономикалық көп уклатты, әртүрлі әлеуметтік, ұлттық, діни және т.б.
мүдделер кеңістігі өмір сүретін қоғамда негізінен көппартиялы жүйенің
қалыптасуына алғышарттар пайда болады. Бірақ мұндай тенденция барлық
жағдайда іске аса бермеуі мүмкін.
Бүгінгі дүниежүзілік тәжірибе немесе тенденциялар қоғамның
демократиялық жолмен дамуының тиімді түрінің бірі – көппартиялы жүйе
болатындығын көрсетуде. Дегенмен, ғалымдардың арасында қандай партиялық
жүйенің тиімділігі жөнінде пікірталас тууда. Мәселен, Сартори көппартиялы
жүйенің болуы саяси жүйені қиындата түсуі мүмкін және мемлекеттің өмір
сүруіне қауіп төндіруі ықтимал дейтін пікірді айтады. Ал Ньюмен көппартиялы
жұйені жақтайды және тағы бақа елдердің тәжірибесі үстем партиясы болатын
кқппартиялы жұйенің қтымдылығын көрсетуде. Нидерланд, Дания, Бельгия,
Аустрия елдерінің тәжірибесі ешқандай доминаттық партияларсыз–ақ
көппартиялы жүйенің тиімділігінің куәсі болып отыр.
Қорыта келгенде қай партиялық жүйенің тиімділігін анықтайтын тұрақты
өлшемнің әлі жоқ екендігін айтуға болады.
3 Тақырып. Қазақстандағы саяси партиялар
Жоспар:
1) ХХ ғасырдың басындағы саяси партиялар;
2) Егемен Қазақстанның партиялардың қалыптасуы;
3) Қазіргі ресми тіркелген партиялар.
ХХ ғасырдың басындағы саяси партиялар
XX ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік
жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі күшейе берді, одан қоныс
аударған қоныс аударушылар қазақтың шырайлы жерлерін тартып алуын көбейтті,
халықтың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан
шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үміттерін Ресейдің кадет партиясына
артты. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында А.Бөкехановтың бастауымен
Қазақстанның 5 облысының Делегаттар съезі шақырылды. Онда кадет
партиясының бөлімі (филиалы) құрылып, сол партияның бағдарламасын
қабылдады. Бірақ кадеттер болсын, Уақытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан
революциясынан кейін де біздің өңіріміздегі ұлттық, аграрлық және т.б.
мәселелерді шешуге тырыспады. Ал қазақтардың өзін-өзі билеуі немесе
автономиясы туралы сөз де қозғалмады. Осының бәрі А.Бөкейханов кадет
партиясынан шығып, жаңа Алаш партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы
Қазақ газетінің 1917 жылғы 256-санында арнайы мақала шықты.
Бірінші бүкілқазақтық съезд Орынборда 1917 жылы шілденің 21-26
арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірақ делегаттар басты
назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысын дайындау және қазақтың
саяси партиясын құру мәселелеріне аударды.
1917 жылы 21 қазанда Қазақ газетінде Алаш партиясы бағдарламасының
жобасы басылып шықты. Оның ең маңызды баптарына мыналар жатады: Ресей
демократиялық федеративтік респуплика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз
болуы керек; Ресей республикасында дініне, шыққан тегіне, жынысына қарамай
бәрі де тең; онда теңдік, жеке адамның дербес құқылығы, сөз, баспасөз,
одақтар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz