Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар

1.Мүдделі топтар: ұғымы, функциялары, типологиясы.
2.Саяси партия ұғымы.
3.Қазақстанда партия жүйелерінің ерекшеліктері, қоғамдық ұйымдар мен
қозғалыстар.

1.Мүдделі топтар: ұғымы, функциялары, типологиясы.
"Мүдделер топтары" ұғымы саясаттануда және саяси әлеуметтануда, ең
алдымен, топтар теориясында талданады. "Топтар теориясы" негізінде А.,
Бентлидің, Д.Трумэннің, В.О. Кидің және басқаларының мүдделі топтарының
теориясы болады. Атап айтқанда, оладың ішіндегі аса маңыздысы – қысым жасау
топтарының тұжырымдамасы.
Саяси процестерде әртүрлі топтар қалыптасуының мәнін білдіретін
мазмұндық санаты мүдделердің әралуандығымен бірге жүретін мүдде болып
табылады. А.Бентли зерттеуін мүдделер топтарының билік құрылымдарына
әлеуметтік ықпаладары тұрғысынан бастады ("Басқару процесі", 1908 ж.). Ол
топтық мүдде мен қысым жасау туралы түсінікті оны қорғау әдісі ретінде
талдап шешті.
"Мүдделер топтары" ұғымы қоғамдық құрылымдардың сан-алуандылығын және
күрделілігін, олардың саяси процестегі бағыттылығының көп шамада болуымен,
олардың көрінісінің көпнұсқалылығымен сипатталады.
Мүдделер топтары әртүрлі тұрғыда түсіндіріледі:
1) осы бірлестіктердің мүдделеріне мейлінше сай келетін әдістермен
үкіметке ықпал жасайтын өзінің мақсаттары бар жеке-дара адамдардың
қауымдастығы;
2) олардағы азаматтар үшін өзара мүдделілігін немесе тиімділігін
білдіретін ерекше байланыстармен біріккен адамдар топтары;
3) мемлекет пен басқа да саяси институттарға қатысты өздерінің билік
жүргізу тұрғысындағы елеулі мүдделерін білдіру және қорғау мақсатында
құрылған ерікті бірлестіктер.
Мүдделі топқа қатысушылардың ұжымдық мүддесін жүзеге асырған кезде
билікті шешімдер қабылдау талап етілетін болса, онда бұл топ қысым жасау
тобына қосылады. Қысым жасау топтарында айқын аңғарылатын ұйымдық құрылымы,
орныққан міндеттері мен кәсіп кадрлар аппараты болады, олар кейде қоғамның
саяси өміріне әсер етуіне қараң саяси партиялардың ықпалынан асып түседі.
Қысым жасау топтарының мемлекеттік билік құрылымдарына әсер ету
әдістері:
а) өздерінің мүшелерін биліктің өкілдік және атқарушы органдарына,
сондай-ақ басқару аппаратының қызмет атқарушылары ретінде тікелей өсіруі;
б) топ мүшелерінің парламент комиссиялары мен көмекші комиссияларына,
ведомствоаралық комитеттер мен қызметтерге қатысуы;
в) парламент, үкімет мүшелерімен жеке байланыстар, өзара тығыз
байланыстар жасау.
Негізгі міндеттері:
а) әлеуметтік сезім билеулерін және күтулерді (қанағаттанбаушылық
немесе ынтымақтастық сезімдерін) саяси талаптарға орай қайта өзгерту
(үндесуі);
б) жеке мүдделерге келісу және жалпы топтық мақсаттарды белгілеу
(біріктіру);
в) билік құрылымдарын белгілі бір қоғамдық проблемалардың жай-күйі
туралы хабардар ету (қоғамдық пікірді тарату);
г) саяси бекзаттарды, қоғамның билік құрылымдарын қалыптастыру.
Қазақстандағы қысым жасау топтары. Осы заманғы саяси тәжірибе бұрынғы
КСРО-ның кейбір елдерінде, атап айтқанда Қазақстаңда мүдделердің жекелеген
топтарының (атқарушы билік саласында қызмет істейтін қысым жасау топтары)
басқарудың көлеңкелі нысандарының, мемлекеттік шенеуніктердің сыбайлас
жемқорлығының, шешімдер қабылдау саласының қылмысқа батуының өсуіне
жәрдемдеседі.
Ұлттық сыбайластық ерекшеліктері, қысым жасау топтарының өзгешелігі:
1) Қазақстанда мейлінше терең тамыр жайған қауымдық топтар, аймақтық,
ауылдастық, жершілдік, жүзшілдік институтының ресми емес қызмет атқаруы;
2) қысым жасаудың батыстық топтарынан өзгеше Қазақстанның сыбайлас
топтары, негізінен, заң шығарушы құрылымдарда емес, керісінше атқарушы
билік саласында әрекет етеді;
3) олар, негізінен, ықпал етудің қарапайым, бірақ, біздің жағдайымызда
мейлінше тиімді әдістерін — параға сатып алуды, параны, ықпалды адамдармен
жеке (туысқандық) байланыстарды пайдаланады.
Сөйтіп, азаматтық қоғамның, құқықтық демократиялық мемлекеттің
қалыптасу жағдайларында туындаған және қызмет атқаратын қасым жасау
топтарында өткендегі саяси жүйенің іздері қалады, мұнда басқару мен
проблемаларды шешудің басым нысандары әкімшілдік-әміршілдік әдістері
болады. Осы түсінікте Қазақстанда демократиялық процестердің дамуы қысым
жасаудың қазіргі бар топтарының күшті немесе әлсіз жақтарына
байланысты болады;
Мүдделер топтарын тектестіру
Ұйымшылдықтың шығу тегі мен деңгейіне қарай мүдделерді аномикалық және
институциялық деп бөледі. Мүдделердің аномикалық топтары белгілі бір
жағдайға ішкі себептен әрекет ету ретінде кездейсоқ пайда болатын бірлестік
болып табылады. Мүдделердің институциялық топтары ұйымдық құрылымы,
міндеттері, кадрлар аппараты бар ресми бірлестіктер болады.
Қызмет мамандануына қарай қауымдастық емес және қауымдастық топтар
болып бөлінеді. Мүдделердің бірінші топтары туысқандық, діни, әлеуметтік-
мәдени негіздегі (ғылыми және студенттік қоғамдар, діни қауымдар) ресми
емес және еріксіз бірлестіктер ретінде пайда болады. Мүдделердің
қауымдастық топтары мүдделер өкілдіктері негізінде маманданған және белгілі
бір міндеттерді шешуді мақсат еткен ерікті бірлестіктер (көсштік одақтар,
кәсіпкерлік қауымдастықтар, азаматтық қозғалыстар) болып табылады.
Қызмет сипатына қарай мүдделер бірмақсатты және көп-мақсатты топтары
болып бөлінеді. Мұның атауының өзі көп жәйтті аңғартады.
Қоғамды басқару салаларына қарай мүдделер топтары — мәдениет саласында
шығармашылық одақтар, экономикалық салада тұтынушылар одақтары және т.с.с.
болып бөлінеді. Аумақтық белгілеріне қарай аймақтық, аудандық және т.б.
болып бөлінеді.
Мүдделер топтары түрлерінің саналуандығы әртүрлі әлеуметтік жіктердің
болатынын, оларға қол жеткізудің жолдары туралы әртүрлі қажеттерінің,
мүдделері мен түсініктерінің ортақтығын дәлелдейді.

2.Саяси партия ұғымы.
"Партия" термині латын тілінен шыққан және "бөлім", "бөлемін" дегенді
білдіреді. Партия әлеуметтік жіктерге, таптар мен мемлекетке қатысты аралық
буын болып табылады, бірақ қоғамдағы мүдделер мен басқа да бірлестіктерден
өзгеше, Р.Доуздың анықтамасы бойынша, ол ең саяси буын болып табылады.
Партия қоғамның белгілі бір таптары мен әлеуметтік жіктерінің
мүдделерін, қажеттері мен мақсаттарын білдіреді, саяси билік тетігінің
қызметіне қатысады. Партия қызметінің принципі жақтарының бірі оның қоғамға
идеологиялық ықпалы болып табылады, мұның өзі саяси сананы қальпттастырудан
көрінеді.
Саяси партия - пікірлестердің ұйымдасқан, ерікті тобы болатын қоғамның
белгілі бір жіктері мен топтарының мүдделері мен қажеттерін білдіретін,
оларды мемлекеттік билікті жеңіп алу және оны жүзеге асыруға қатысу арқылы
іске асыруды мақсат ететін қоғамдық өмір институты.
Саяси партияларды мыналардан айыра білген жөн: біріншіден, партия үшін
сипатты ұйымдық құрылымы мен саяси бағдарламасы жоқ саяси қозғалыстардан,
екіншіден, мемлекеттік билікті жеңіп алуға ұмтылыс жасамайтын, тек оны
жүзеге асыратындарға ықпал жасауға ұмтылатын қысым көрсету топтарынан айыра
білген жөн.
Қазіргі заманғы көпшілік партиялар Еуропада XIX ғасырдың екінші
жартысында құрылады. Саясат ғылымында партиялардың "тарихи орнығу, процесі
ұсынған схема бойынша қарастырылады:
а) ақсүйектер үйірмелері (котериялар);
б) саяси клубтар;
в) көшшлік партиялар.
Партиялар кәдімгі ішкі бірлестіктері бар, төменнен жоғарыға бағынышты
тұрақты адамдар болып табылады. Партия құрылымы мыналарға бөлінеді:
а) партия көшбасшылары;
б) ақылдасу штабы, партия идеологтары;
г) төрешілдікке жатпайтын партия активі;
д) партияның самарқау мүшелері.
Партиялардың басқа қоғамдық институттардан айырмашылық өлшемдері:
а) ұйымның ұзақ мерзімділігі, оның өмір сүруінің одан әрі жүруі. Бұл
өлшемдер партияны өздерінің негізін қалаушылармен бірге ғайып болатын
әдеттегі сыбайластар тобынан, сұрқиялардан және аралас-құраластарынан
ажыратуға мүмкіндік береді;
б) ұлттық орталықпен (басшылықпен) ұдайы байланыс жасайтын тұрақты
жергілікті ұйымдардың болуы, мұның өзі партияның парламенттік топтан
өзгешелігін көрсетеді;
в) орталық және жергілікті ұйымдар басшыларының билік жолындағы
күресті мақсат етуі. Бұл партияның қиғандық ұйымдар мен, қозғалыстардан,
(кәсіподақтардан, жастар және - басқа да ұйымдардан) өзгешелігін
айқындайды;
г) қоғам тарапынан жаппай қолдау көрсетілуі. Бұл өлшемдері әдетте
сайлауға және парламент өміріне қатыспайтын партиялар мен қысым жасау
топтары арасындағы айырмашылықты білдіреді: олар партияға, үкімет пен
қоғамдық пікірге елеусіз түрде әсер етеді.
Басқа ұйымдардан негізгі өзгешелік белгісі — мемлекеттік билік
жолындағы ашық, айқын білінетін күреске бағдар ұстауы.
Саяси партияның міндеттері:
1) саяси міндетгері — мемлекеттік билікке ұмтылуы, саяси қатарын
толықтыруы, таңдаушылық;
2) идеологиялық міндеттері — партиялық идеологияны жасауы, партиялық
насихат;
3) әлеуметтік міндеттері — өкілдік етуі, бұқараны жұмылдыру, саяси
әлеуметтендіру.
Бұл саяси партия міндеттерінің жинақталған сипаттамасы:
Қоғамның саяси институты ретінде саяси партияның негізгі міндеттеріне:
а) саяси міндеттерді белгілеу мен билікті жеңіп алу;
б) үлкен әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтау, қалыптастыру және
қанағаттандыру;
в) саяси жүйенің барлық деңгейлері үшін саяси көшбасшылары мен
бекзаттарын іріктеу және олардың қатарын толықтыру;
г) партия идеологиясын жасау, саяси бағдарлама жасау және іске асыру,
насихат жүргізу және қоғамдық пікірді қалыптастыру;
д) саяси әлеуметтендіру, азаматтар бойында билікке қатысу қасиеттері
мен дағдыларын қалыптастыру;
е) биліктің жоғары және жергілікті органдарын құру жөніндегі сайлау
науқандарын әзірлеу мен еткізу жатады.
Саяси партияларды жіктеу.
Шығу тегінің өлшеміне қарай — электоралдық, парламенттік жолмен шыққан
партиялар және "сырттан шыққан" партиялар;
Бастауыш ұйымдардың сипатына қарай — партия-комитеттер, партия-
секциялар, партия-ұялар және партия-шабуылдаушы отрядтар болып жіктеледі.
"Кадрлық" және "бұқаралық" принципіне қарай - бұл арада әңгіме
партиялардың сандық мөлшері туралы емес, керісінше құрылымдық құрылысы
туралы болып отыр. Кадрлық партиялар электоралдық комитеттерден және
парламенттік топтардан (XIX ғ. орта шенінде) пайда болған. Сан жағынан олар
көп емес, кәсіби саясаткерлерге, партияға материалдық қолдау жасауды
қамтамасыз етуге қабілетті қаржы бекзаттарына арқа сүйейді, еркін мүше болу
принципін сақтанды.
Бұқаралық саяси партиялардың кадрлық партиялардан ең алдымен санының
көптігінен және тұрақты мүше болуымен өзгешелігі бар. Тарихи жағынан олар
кадрлық партиялардан кейінірек пайда болған, олардың пайда болуы жалпыға
бірдей сайлау құқығының кеңінен тарауына, жұмысшы қозғалысының дамуына
байланысты болды.
Басқару режиміне қатысына қарай — басқару және қарсылас, жария және
жария емес партиялар, көшбасшы партиялар мен кейінгі-партиялар,
монополиялық басқарушы немесе бірлестік құрамындағы басқарушы партиялар
және т.б.
Әлеуметтік-таптық белгісіне қарай — жұмысшы, шаруалар, фермерлер
партиялары, зиялы қауым партиялары.
Идеологиялық бағытына қарай - коммунистік, социал-демократиялық,
буржуазиялық-демократиялық партиялар.
Қазіргі қоғамдық құрылысқа қатысына қарай — революциялық, реформистік,
либералдық, консервативтік партиялар болып жіктеледі.
Партия жүйесі. Ол саяси партиялар жиынтығынан, олардың әрқайсысының
басқа саяси партиялармен өзара іс-қимылы, олардың қоғамдық ұйымдарға
қатысты саясаты сипатынан тұрады.
Партия жүйесі қоғамдық-саяси күштерді ұйымдастырады, әлеуметтік
мүдделер мен саяси көзқарастарды саралайды және ықпалдастырады, олардың
жергілікті және жалпы ұлттық деңгейде тарайуына мүмкіндік береді.
Дәстүрлі түрде партиялық жүйелер былайша бөлінеді:
а) бірпартиялық жүйелер, бұл ретте басқа партиялардың жоққа
шығарылады. Мұндай жүйе (бәсекелестік емес) ауқымында партия мемлекеттік
аппараттың бір бөлігі болып табылады, бүкіл қоғамдық өмір барынша
идеологиялық сипат алады, басқарудың өміршілдік әдістері басым болады,
халық пен билік арасындағы кері байланыстар бұзылады;
б) ресми көппартиялық (бәсекелестік, бәстестік) жүйелер, бұларда
мемлекеттік билік басында бір-бірін дүркін-дүркін алмастыратын екі саяси
партия шешуші айқындамаларды белгілейді; Мұндай партия жүйелері
Ұлыбританияда, АҚШ-та бар. Олар өздерінің тұрақтылығымен сипатталады,
өйткені билік басындағы партия парламенттік көпшілікке ие болған;
в) пікір алуандығына бағдарланған көппартиялық жүйелер. Мұндай
жүйедегі партия үшін сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізуде дербестік
сипатты болады, сондай-ақ үкіметтік бірлестік науқан барысында өздерінің
одақтастары қатарынан басым жеңіске жетушінің пайдасына кандидитураларын
өзара қайтарып алуға, бірлескен бағдарламалық талаптарын және т.б. ұсынуға
жол бермейтін бәсекелестікте әрбір партияның қол жеткізген нәтижелері
бойынша қалыптасады.

3.Қазақстанда партия жүйелерінің ерекшеліктері, қоғамдық ұйымдар мен
қозғалыстар.
Біздің мемлекетімізде саяси жүйе ауқымында сапалық ілгерілеулер болды,
ең алдымен бұл әртүрлі партияларды құрудан қөрініс тапты, кейбір деректер
бойынша олар бізде оннан астам болып отыр, мұның өзі стандарттар бойынша
көппартиялық жүйе деп есептеледі.
Қазақстанда партиялар мен партия жүйелерінің қызмет атқару, ерекшелігі
отандық партиялардың саяси шешімдер қабылдау процесіне ықпалының төменгі
деңгейін көрсетеді. Көптеген ондаған жылдар бойы тоталитарлық мемлекеттің
бір бөлігі ретінде дамыған Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін атқарушы
билікке қарсы тұра алатын саяси институттарсыз қалды. Сөйтіп, саяси салада
батыс елдері демократиясының деңгейіне бірден қол жеткізуге (объективті
және субъективті түрде) әлі де әзір бола қоймаған Қазақстан мен басқа да
бұрынғы кеңес кеңістігіндегі мемлекеттер авторитарлық сатысын бастарынан
кешіруде.
Біздің республикамыздағы партиялар мен партия мүшелері дамуының
қазіргі кезеңі сипаттайды?
Қазақстанда екіблокты партия жүйесі қалыптасуда.
Егеменді даму жылдары ішінде Қазақстанның партия жүйесі бірпартиялық
жүйеден көппартиялық жүйеге дамып, содан соң екі блокты партияға дамыды,
мұнда біp блокта үкіметтік партия, екіншісі — қарсылас партиялар болды.
Қазақстанда үш қарсылас бағыттағы партия болып бөлінеді:
а) кертартпа-дәстүрлі партия ағымы, ол жаңғыртуға қарсы партия болып
табылады соңдай-ақ ұлттық идеяны уағыздаушы партия, оның ұясы бұрынғы
заманның дәстүрлерін тірілтуге шақырады. Бұған коммунистік бағдардағы
партиялар мен қозғалыстар жатады, өйткені жуық уақыттағы өткендегіге қайта
оралып соғу ұрандарын көтереді (БК(б)П, "Алаш" ҚӨҰП);
б) солшыл радикалдық ағым — Жұмысшы қозғалысы, Компартия, "Поколение"
қозғалысы және т.с.с. Олар өкімет билігі тарапынан ұдайы ара-кідік килігуге
тап болады. Авторитарлық режимдегі көшеген елдерде мұндай бағыттағы саяси
ұйымдардың қызметіне тыйым салынған;
в) буржуазиялық-либералдық ағым, ол басқарудың авторитарлық-төрешілдік
әдістеріне көңілдері көншімейтін орта буржуазияның, зиялы қауымның, ұсақ
буржуазияның мүдделерін білдіреді.
Барлық партиялар ҚР "Саяси партиялар туралы" Заңына сәйкес белгіленген
мүшелігін тәжірибеде қолданады.
ҚР саяси партияларын жіктеу:
а) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партияларды жіктеп
Алаш орда партиясының бағдарламасы
Идеологиялық партиялар
Саяси партиялардың жіктелуі (классификациясы)
Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
Саяси партиялар және партиялық жүйелер
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖЕКЕ АДАМНЫҢ САЯСИ ЕРКІНДІГІНЕ ЫҚПАЛЫ
Саяси партиялардың атқаратын қызметтері
Саяси партиялардың пайда болуы, мәні, белгілері
Саяси партиялар мен қоғамдық саяси қозғалыстар туралы ақпарат
Пәндер