Саяси партиялар. Дәрістер
Дәрістер
Дәріс№1 Саяси партиялар зерттеу объектісі ретінде
Саяси партиялар қазіргі демкократиялық қоғамдардың ажырамас бөлігі
болып табылады.
Партия сөзінің өзі латын тілінен шыққан және бөлік (parth) деп
аударылады, яғни үлкен бірліктің бөлігі деген мағына береді.
Қазіргі саяси партиялар қалыптасқанға дейін, партиялар терминімен бір-
бірімен билік үшін күрескен топтарды айтатын еді.
Саяси партиялар жөніндегі ең алғаш рет, ежелгі ойшылдар өздерінің
еңбектерінде жазған болатын. Мәселен, Аристотель б.з.д. 6 ғасырдағы ежелгі
Антикадағы партиялардың арасындағы күрес туралы жазған.
Орта ғасыр дәуірінде уақытша өмір сүретін топтар өздерін партия деп
атаған. Мәселен, орта ғасырлық Англияда Ақ пен Алқызыл раушан партиялары
арасында күрес болған.
Бірақ, қазіргі партиялардың протектотиптері (түпнұсқалары) тек
буржуазиялық революция дәуірінде пайда бола бастады. Атап айтар болсақ, 17
ғасырдағы ағылшын буржуазиялық революциясы кезінде, мемлекеттің шексіз
қызметін шектеу үшін күрес басталғанда вигилер мен торилардың
котериялары (үйірмелері) пайда болды. 17 ғасырдың екінші жартысындағы
Англиядағы билік үшін вигилер мен торилердің күресі, таласқан үстем
таптардың күресін көрсетті.
Белгілі неміс әлеуметтанушысы және саясаттанушысы Макс Вебер өзінің
еңбегінде, саяси партиялар даму жолында мынадай кезеңдерден өтті деп
жазады. Олар:
1. ақсүйектер котериялары (үйірмелері)
2. саяси клубтар
3. бұқаралық партиялар.
Мұндай даму кезеңінің үш сатысын да, тек қана Ұлыбританияның екі
партиясы ғана өтті. Олар: либералдар (виги) және консерваторлар (тори)
партиялары.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында көптеген Еуропа елдерінде саяси
клубтар пайда болды. Бұлар саяси күреске буржуазия түскеннен шықты. Саяси
клубтар котериялардан біршама дамыған ұйымшылдығымен, кеңірек қызмет
көлемімен ерекшеленді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Еуропаның біршама дамыған елдерінде
бұқаралық саяси партиялар пайда бола бастады. Бұлар өз котерияларына көп
адамдарды мүше етіп алғысы және сайлау кезеңімен ғана шектелмей, әр уақытта
үлкен белсенділік танытты.
Ең алғашқы бұқаралық партия, Англиядағы 1861 жылы құрылған Либералдық
партия болды. ХІХ ғасырдың аяғына қарай, бұқаралық партиялар, әсіресе,
социал-демократиялық, Батыс Еуропаның көптеген елдерінде пайда болды. Бұл
кезеңіге қарай, партиялар мемлекет пен қоғамда байланыстыратын, қоғамның
басты әлеуметтік - саяси институты ретінде шыға бастады.
Саяси партияларды зерттеумен айналысатын ғылым Партология деп
аталады. Ғылымдардың арасында саяси партия дегеніміз не деген сауалға
қалыптасқан бірегей тұжырым жоқ. Бірақ олардың барлығының саяси партияладың
ерекше белгілері туралы мәселедегі көзқарастары ұқсас.
Саяси партияның мынадай ерекше белгілері бар:
1) Сөз жүзіндегі аз ғана ұйымдасуышылығының бар болуы.
2) Бірге қызмет етулерінің арнайы бағдарламасының бар болуы.
3) Ерекше әлеуметтік статус (деңгей).
4) Саяси өмірге ықпал етуге деген ұмтылыс, сайлау кампаниясын өткізуі.
5) Мемлекеттегі өзіндік ерекше жағдайы.
6) Саяси тетіктердің қалыптасуы мен қызмет етуіне қатысулары.
7) Партияның әлеуметтік базасының бар болуы.
Жоғарыда айталғандардан, партияға мынадай анықтама беруге болады.
Партия бұл саяси билікті қолға алу үшін, не оған қатысуы үшін, бірегей
идеалдар мен мүдделеріне қарай бірлескен адамдардың еркін саяси ұйымы. Осы
саяси билік үшін күресі, партияның ең ерекше белгісі болып табылады және
оны басқа ұйымдардан, қозғалыстардан, клубтардан ерекшелейді.
Саяси партиялар бірқатар қызметтеріді жүзеге асырады. Олар:
1. Талаптарды білдіру қызметі. Яғни, партия қоғамның мүддесін
білдіреді, қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты қамтамасыз етеді,
халықтың талаптарын білдіреді.
2. Саяси қолбасшылар мен элиталарды іріктеп алады және қалыптастырады.
3. Азаматтарды саяси әлеуметтендіру және жұмылдыру.
4. Билік үшін күрес, және басқарушы элта мен үкіметті қалыптастыру.
Саяси партиялар билік үшін күрестерін сайлау кезінде жүргізеді. Яғни
сайлауда жеңген партиялар, парламентті (заң шығарушы билікті)
қалыптастырады. Партиялар парламенттің жұмысына қатысады және мемлекеттің
ішкі, сыртқы саясатына ықпал ете алады.
Сайлаудың нәтижесі атқарушы билік органдарының қалыптасуына әсер
етеді. Бұл әсер әр мемлекетте әр түрлі. Мәселен, парламенттік республикада
премьер-министр болып билік етуші саяси партияның көшбасшысы, сайлауда
жеңіске жеткен және көп дауыс алған немесе партиялық одақтың мүшесі бола
алады.
ҚР (Президенттік республикада) премьер-министрді Президент
Парламенттің келісімімен тағайындайды. Премьер-министрдің орнына
кандидатура іздеу кезінде, Президент конфронтациялар мен саяси дағдарысты
болдырмау үшін, Парламеттің партия құрамын ескереді.
Партиялар мемлекеттік билікке қатынасында әр түрлі бағыттар ұстанады:
1. Партия, өмір сүріп тұрған мемлекеттік құрылысқа қарсы
оппозиция бола алады. Бұндай жағдайда партия мемлекеттегі
саяси құрылысты өзгерту үшін билікке ұмтылады.
2. Партия, өмір сүріп тұрған мемлекеттік құрылысқа қарсы
оппозицияда емес, анық бір үкіметтің саясатына қарсы болуы
мүмкін. Мәселен, Ұлыбританияда мұндай оппозицияны оның
жоғарғымәртебесінің оппозициясы, ол үкіметке қарсысын жоғарғы
мәртебелінің үкіметі деп атайды.
3. Партия, құрасырушы оппозиция ролінде шығуы мүмкін. Мәселен,
үкіметің саясатының дұрысын дұрыс, бұрысын бұрыс деп сынау
арқылы.
4. Партия, үкіметтің және т.б. басқару органдарының қызметтеріне
қатыса алады, басқа партияның серігі ретінде және осынысы үшін
жауапкершілікті өзіне жүктейді.
5. Партия үкіметтің одақтық жетекші күші ретінде шыға алады, және
одан мемлекеттік биліктің жүзеге асуы тәуелді болып келеді.
6. Партия бір өзіүкіметті қалыптастыра алады және өзіне
мемлекеттік биліктің жүзеге асуына жауаптылықты жүктейді.
Партияның мемлекеттен берілуі көрінісі жүреді.
Партияның өзіндік құқықтық мәртебесі болады. Көптеген елдерде
партияның қызметі жүйеленіп отырады, біріншіден, ішкі партиялық нормалар,
жарғылар мен ережелерге т.б. байланысты, екіншіден, мемлекеттің өзімн.
ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі көптеген мемлекеттердің қабылдаған
конституцияларында партиялар туралы баптар бар. Бірқатар елдерде партиялар
жөніндегі заңдар қабылданған. Мәселен, 1967 ж. Германия, 1975 ж. Австрияда,
1978 ж. Испанияда.
Барлық елдерде іс жүзінде саяси партиялардың қалыптасуы мен қызмет
етуі еркін түрде шешіледі.
Бірақ, бір жағынан олардың құрылуы шектеледі. Егер де, партия қылмыс
болып саналатын іс шараларды пайдаланса немесе өмір сүріп тұрған
конституциялық құрылысты жоюға өзіне мақсат етіп қойса.
Саяси партияның құрылымы 3 деңгейден тұрады:
1) Сайлаушылар блогы (сайлау науқаны кезінде)
2) Іс жүзіндегі партиялық ұйымдар.
3) Басқару жүйесіндегі партиялар, яғни, белгілі бір партияның өкілі
болып табылатындықтан, мемлекеттік аппаратта қызмет ететін лауазымды
тұлғалар (президенттер, парламент мүшелері және т.б.).
Дәріс№3 Саяси партиялардың типологиясы.
Саяси партияның типтері деп, әлеуметтік табиғатын, идеялық негізін,
қызметін, ішкі құрылымының ерекшелігі мен қызмет әдісінің сипатын
көрсететін, ерекше белгілері жүйесі белгіленеді. Белгілі француз
саясаттанушысы Морис Дювернже өзінің саяси партиялары деген еңбегінде саяси
партиялардың мынадай типтерін береді:
1. Кадрлық партия, саяси клубтардың дамуы нәтижесінде пайда болған партия.
2. Бұқаралық партия. Дюверженің айтуы бойынша, жалпы сайлауышылар
құқығының өкілі болып табылады.
3. Сайлаушылар партиясы. Бұл әр түрлі әлеуметтік жік пен мамандық этнос
өкілдерінен құралған көп дауыс берушілердің өзіне тартатын партия.
4. Күшті құрылымды партиялар, яғни парламенттік нұсқауға қатаң бағынатын
партия. Мәселен, Ұлыбританияның консерватиівтік партиясы. Нашар
құрылымды партиялар – бұл партия өкілдерінің парламентте шамамен толық
дауыс беру құқы бар. Мәселен, АҚШ-ғы демократиялық және республикандық
партиялар.
5. Ұйымдасуы тіркелген партиялар. Бұндай партия мүшелерінің партиялық
билеттері болады және мүшелік жарғы төлейді. Мысалға, коммунистік
партия. Ұйымдасуы ресми тіркелмеген партиялар. Бұндай партяиларда
ұйымдасу ресми мүшелік болмайды. Бұл партияға қосылу үшін, сайланушылар
жалпыхалықтық мәлімдемесі болса жеткілікті.
6. Бәсекелес партиялар, бұлар ашық қоғам шеңберінде қызмет етеді немесе
плюралзм үшін күреседі.
Үстемдік етуші партиялар – мемлекетке жоғары билікті жүзеге
асырушы, басқа партияларды мойындамайтын партия.
7. Патронажды партиялар, бұл партияның қызметі өздерінің көшбасшысының
(патронының) және оның жақтастарының күштілігін қамтамасыз етуге
бағытталған. Жіктік партия - әр түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін
қорғаушы партия. Идеологиялық партия – бағдарламалыққа көрсетілген
идеологиялық прнциптерді жүзеге асыруға бағытталған партия.
8. Консервативтік партия.
9. Реформистік партиялар.
10. Революциялық партия.
Бұл партиялар әлеуметтік шындыққа қатынасымен ерекшеленеді.
Парламенттік партиялар, парламенттік жұмысқа бағдар ұстайды. Парламентке
қарсы партиялар, бұлар принципті түрде парламентте жұмыс істеуден бас
тартады.
Жалпы, келтірілген партия типологиясы біршама шартты әр мемлекетте
немесе саяси шындыққа партиялар әр түрлі партия типтерінің сипаттамасына ие
бола алады.
Дәріс№4 Партиялық жүйелер
Партиялық жүйе, партиялардың билік үшін күресі мен оны жүзеге асыру
үшін бәсекесі және өзара байланысты көрсетеді. Партиялық жүйені жіктеу үін
мынадй үш негізгі көрсеткіштен құралады:
1) Партияның саны.
2) Билік жүргізуші партияның немесе одақтың болуы немесе болмауы.
3) Партиялар арасындағы бәсеке деңгейі.
Саясаттануда пайдаланылатын кесте бойынша, бірпартиялық, екіпартиялық
және көппартиялық жүйе бар.
Бірпартиялық жүйе. 1990 ж. дейінгі КСРО-ғы саяси жүйені сипаттау үшін,
бірпартиялық жүйе термині пайдаланылды. Бірақ, көптеген саясаттанушылардың
пікірі бойынша, бір ғана партия өмір сүретін елді, партиялық жүйе болмайды.
Бірпартиялық жүйе тоталитарлық және авторитарлық қоғамдарға тән.
Бірпартиялықта билік етуші мәртебесі рұқсат етілген саяси партияға (іс
жүзінде немесе заң жүзінде) бекітіледі. Бұндай жүйе қазіргі кезеңде Африка
елдерінде, Заирде, Тогода, Габонда бар. Бір ғана заңды партияның өмір
сүруінің мақсаты, өмір сүріп тұрған тәртіпті бүкілхалықтық қолдауды
көрсету.
Өз кезегінде бірпартиялық жүйе екі түрге ие:
1. Бірпартиялық жүйе, мұнда басқа партиялардың атаулары да өмір
сүрмейді. Іс жүзінде мұндай партиялар мемлекеттік аппараттың бөлігі болып
табылады.
2. Іс жүзінде бірпартиялық жүйе (жалған көппартиялық), көппартиялық
астында жасырын сақталған ұлттық немесе халықтық майдан деген ұйымдарға
біріккен сателлит партиялардың қызметі қатаң бақыланады. Бұнда жүйе 1989-
1990 жж. көптеген Шығыс Еуропа елдерінде өмір сүрген. Қазіргі кезеңде
бірпартиялық жүйенің мұндай түрі Қытайда бар. Қытайда басқарушы коомунистік
партиямен қатар, тағы бірқатар партиялар өмір сүріп тұр (Гомминьдан
революциялық коммитеті, Шаруалардың демократиялық партиясы және т.б.).
Екіпартиялық жүйе. Бұл жүйеде мемлекетттік билік үшін күрестегі
сайлауға екі партияға ғана қатысады. Екіпартиялық жүйе немесе бипартизм
түсінігі, белгілі бір қоғамда екі партия ғана өмір сүреді деген мағына
бермейді. Олар көп та болуы мүмкін, дегенмен билік үшін негізгі үміткер екі
партия.
Екіпартиялық жүйенің мынадай түрлерібар:
1. Классикалық (АҚШ, Ұлыбритания), мұнда екі басты партия
сайлаушылардың 90% дауысын жинайды, нәтижесінде басқа партиялар билікке өте
алмай қалады.
2. Екіжарым партия немесе екі қосылған бір партия жүйесі. Мұнда
екі негізгі партиямен қатар, үшінші партия пайда болады.
Ол әлсіздеу болғанмен, билік үшін күрес нәтижесінде ықпал ете алады.
Мұндай жүйелар Канадада, Австрияда, Австралияда және т.б. елдерде өмір
сүруде. Жетекші партиялар 75-80% сайлаушылардың дауысын жинағанымен, үшінші
партияның электоратқа ықпалын ескерулері керек.
Көппартиялық жүйе. Саясаттануда көппартиялық жүйе деп, екі немесе одан
да көп партиялардың, үкіметіне ықпал институттардың қызметіне ықпал етуі
түсінніледі. Көппартиялық жүйе түрлерінің ішінде 3,4,5 партиялық жүйелер
және т.б. атап өтіледі. Мұндай жіктеудің жалпы өлшемі, сайлау нәтижесінде
парламентте көп орын алған мемлекеттегі партияның беделдігінің көрсеткіші,
әр мемлекетте парламентпен қатар, қоғамдық-саяси қозғалыстар болады.
Дәріс №5 Қоғамдық-саяси қозғалыстар
Қоғамдық-саяси қозғалыс түсінігі, азаматтардың әр түрлі бірлестіктерін
– одақтар, майдандар, бірлестіктер және т.с.с. қамтиды. Бұлар мемлекеттік
және партиялық құрылымға енбейді, бірақ та саяси өмірдің субъектісі олып
табылады.
Партияларға қарағанда, ұйымдардың идеялық-саяси бағыттары біршама
кеңірек, ал мақсаттары қысқалау және айқынырақ. Қозғалыста, бір-бірінен
саяси көзқарастары өзгеше, бірақ белгілі бір мақсатқа адамдар қатыса
береді. Сол себепті де, қозғалыстар көбіне бұқаралық сипатта болады.
Қозғалыста, негізінен бір жалпы ереже мен жарғы болмайды. Қатысушылар
саны тұрақсыз болады. Қозғалыстардың күшті орталығы, бірыңай құрылымы,
дисциплинасы болмайды. Қозғалыстар ықпал ете алады, бірақ өздері билік үшін
күреске қатыспайды.
Дәріс № 6 Сайлау процесі
Кез-келген мемлекеттің саяси жүйесінің жұмыс істеуі үшін маңызды
сайлау жүйесі болып табылады, себебі оның сипатынан биліктің сайлау
органдарының құрамы тәуелді .
Сайлау жүйесі бұл ұғымның кең мағынасында –бұл сайлаулардың тәртібін
құраушы және биліктің көпшілік органдарының сайлауымен байланысты
реттелген қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Сайлау жүйесі келесі негізгі бөліктерден тұрады:
-сайлау жүйесі тар мағынасында депутатық мандаттарды бөлу мен дауыс санын
санау тәсілі ретінде-сайлау жүйесінің саяси –ұйымдастырушылық қырын
бейнеледі;
-сайлау процесі –сайлау жүйесінің тікелей ұйымдастырушылық жолын көрсетеді;
-сайлау құқы-сайлау жүйесінің құқықтық жағын көрсетеді.
Сайлау жүйесі сайлаушылардың дауыстарының нәтижесіне байланысты кандидаттар
арасында дауысты санау мен депуттатық мандаттарды бөлу тәсілі ретінде
дамыған шет елдерде кең қолданылатын келесі түрлерге бөлінеді:
-абсолютті көпшіліктің мажоритарлы жүйесі (мысалы Франция)
-біршама көпшіліктің мажоритарлы жүйесі (Ұлыбритания)
-ппропорционалды жүйе (Австрия, Бельгия, Финлияндия)
-аралас жүйе
Тарихи бірінші сайлау жүйесі мажоритарлы жүйе болды.
Мажоритарлы жүйе-белгіленген дауыстың көпшілігін алған кандидаттар
сайланған болып есептелетін сайлау жүйесі. Бұл қандай көпшілік –біршама,
абсолютті немесе мамандалған ба соған байланысты мажоритарлы жүйе бірнеше
түрге бөлінеді. Мажоритарлы жүйе қолданылатын сайлау аймақтарда көбінесе
бір мандатты болады , сол себепті әр партия аймақ бойынша тек бір
кандидатты ұсына алады және сайлаушы ол кандидатқа дауыс бере отырып сол
немесе басқаға дауыс береді. Мажоритарлы жүйе көп мандатты аймақтарда сирек
қолданылады, бұл жағдайда әр партия аймақ бойынша өз кандидаттарының толық
тізімін ұсынады және сайлаушы өзі таңдаған аймақ бойынша жекелеген
кандидатқа емес, жалпы барлық партиялық тізімге дауыс береді.
Абсолютті көпшіліктің мажоритарлы жүйесі –кандидат сайлаушылардың
дауысының абсолютті көпшілігін алуға тиіс , яғни аймақ бойынша берілген
дауыстардың жартысынан астамын. Бұндай жүйенің жалпы мазмұнын “50пайыз+1”
формуласымен түсіндіруге болады.
Дауыстардың көрсетілген қорытынды саны былай болуы мүмкін
-тіркелген сайлаушылардың жалпы саны , авторитарлы жүйелердегі (мысалы,
КСРО, 1977жылғы Конституцияда) мемлекеттерді қоспағанда және іс жүзінде
ешқандай жерде кездеспейді және қатаң талап болып табылады;
-кандидатқа берілген дауыстардың жалпы саны;
-нақты берілген дауыстардың жалпы саны , яғни дауыс берудің барлық заңды
талаптарына сай дауыс берген сайлаушылардың саны .
Абсолютті көпшіліктің мажоритарлы жүйесінің келесі ерекшеліктері бар:
А) сайлаушылар сондай-ақ бір мандатты сайлау округтері бойынша жүргізіледі;
Б) сайлауға сайлаушылардың қатысуының төменгі шегі белгіленеді , яғни
сайлау нәтижесіне жету үшін қажетті сайлаушылардың аз саны . Мұндай шеке
жетпесе, онда сайлау заңсыз немесе өткізілмеген болып саналады;
В) дауыс беруші сайлаушылардың нақты көпшілігі қолдаған , тіпті бұл
көпшілік бір дауысты құраса да сол кандидат сайланған болып саналады.
Абсолютті көпшіліктің мажоритарлы жүйесінің күшті жағы парламентте
көпшілікке сүйенетін тұрақты үкіметті құру мүмкіндігі болып табылады.
Абсолютті көпшілктің мажоритарлы жүйенің кемшілігі
1) жеңген кандидаттарға қарсы берілген дауыстар жоғалады. Бұл
кандидаттарға дауыс берген сайлаушылар парламентте өз өкілдерін өткізе
алмайды.
2) Бұл сайлау жүйесіне жиі сайлаудың нәтижесіздігі тән, яғни
кандидаттардың ешқайсысы талап етілген дауыстардың көпшілігін ала-
алмайды. Бұл кандидаттардың олардың арасында дауыстардың бөлінуіне
алып келетін үлкен бәсекелестігімен қамтамасыз етіледі.
Көрсетілген кемшіліктерді жеңу үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады.
Ондай тәсілдердің бірі қайтадан сайлауға түсу. Бұрын дауысқа түскен
кандидаттардың ішінен жаңа бюллетенге барынша көп дауысты алған
екеуінің фамилиясы енгізіледі. Мұндай жағдайда жүйе тек дауыс бөлінген
кезде ғана нәтиже бермейді. Бұдан құтылу үшін дауыстардың бөлінуі
сайлау мәселесі , не жеребемен шешіледі немесе жасы үлкен кандидат
сакйланған болып саналады.
Екінші және одан кейінгі турлар сайлау қорытындысы анықталғанша
өткізіледі. Кейбір елдерде екінші турда нәтиже біршама көпшіліктің
мажоритарлы жүйесі бойынша анықталады.
Екінші тәсіл балама немесе преференциалды дауыс беру деп
аталады, ол дауысты санау тәртібін күрт күрделендіруге алып келеді.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz