Саяси партиялар туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Саяси партиялар туралы
Қазақстан Республикасының Заңы. 2002 жылғы 15 шілде N 344-ІІ
Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 15, 153-құжат
Осы Заң саяси партияларды құрудың құқықтық негiздерiн, олардың
құқықтары мен мiндеттерiн, қызметiнiң кепiлдiктерiн белгiлейдi, саяси
партиялардың мемлекеттiк органдармен және басқа ұйымдармен қатынастарын
реттейдi.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Саяси партия ұғымы
1. Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк
билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында
бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси
еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi
саяси партия деп танылады.
2. Саяси партияның халық атынан билiк жүргiзуге құқығы жоқ.
2-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар
туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады.
2. Саяси партиялар заң алдында бiрдей.
3-бап. Саяси партияларға бiрiгу құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси партияларға бiрлесу
бостандығына құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының азаматы тек бiр саяси партияға мүше бола
алады.
3. Саяси партияға мүше болу Қазақстан Республикасы азаматының
құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негiз бола алмайды.
4. Әркiм өзiнiң қандай партияға жататынын көрсетуге немесе
көрсетпеуге құқылы.
4-бап. Мемлекет және саяси партиялар
1. Мемлекет саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң
сақталуын қамтамасыз етедi.
2. Мемлекеттiң саяси партиялардың iстерiне және саяси партиялардың
мемлекет iстерiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi. Саяси партияларға
мемлекеттiк органдардың функцияларын жүктеуге де жол берiлмейдi.
3. Азаматтардан кез келген нысанда, оның iшiнде ресми құжаттарда да,
қандай партияға жататынын көрсетудi талап етуге тыйым салынады.
4. Парламент депутаттарының, мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси
партиялардағы ақы төленетiн қызметтерде болуына құқығы жоқ.
5. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде
Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын басшылыққа алады және саяси
партиялар мен олардың органдарының шешiмдерiмен байланысты болмайды.
6. Саяси партиялардың тұрақты жұмыс iстейтiн органдарында қызмет
атқаратын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек, әлеуметтiк қорғау және
әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары қолданылады.
5-бап. Саяси партиялардың құрылу және қызмет ету
негiздерi
1. Саяси партиялардың қызметi ерiктiлiк, тең құқықтылық, өзiн-өзi
басқару, заңдылық және жариялылық принциптерiне негiзделедi. Осы Заңмен
белгiленген шектеулердi қоспағанда, саяси партиялар iшкi құрылымын,
мақсаттарын, қызмет нысандары мен әдiстерiн еркiн анықтайды.
2. Саяси партиялардың қызметi адам мен азаматтың Қазақстан
Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiлген құқықтары мен
бостандықтарын бұзбауға тиiс.
3. Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси партияға мүше
болып табылатын азаматтарына саяси партиялардың басшы органдарында,
депутаттыққа және мемлекеттiк билiк органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдарындағы өзге де сайланбалы қызметтерге кандидаттардың
тiзiмiнде өкiлдiк етуi үшiн бiрдей мүмкiндiктер жасауға тиiс.
4. Саяси партиялардың ұйымдық құрылымы аумақтық принцип бойынша
құрылады.
5. Саяси партиялар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары
мен өкiлдiктерiнiң) басшы органдары Қазақстан Республикасының аумағында
болуға тиiс.
6. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердiң саяси
партияларының қызметiне жол берiлмейдi.
7. Мақсаттары немесе iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының
конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекеттің
қауiпсiздігiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ёлттық, дiни, тектiк-
топтық және рулық араздықты тұтатуға бағытталған саяси партияларды құру мен
олардың қызметiне тыйым салынады.
8. Азаматтардың кәсiби, нәсiлдiк, ұлттық, этникалық және дiни
белгiлерi бойынша саяси партиялар құруға, сондай-ақ мемлекеттiк органдар
мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында саяси партиялардың бастауыш
партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi.
9. Әскерилендiрiлген саяси партиялар, сондай-ақ саяси партиялар
жанынан әскерилендiрiлген құралымдар құруға және олардың қызметiне тыйым
салынады.
10. Бiлiм беру ұйымдарының оқу процесiнде саяси партиялардың
бағдарламалық, жарғылық талаптарын насихаттауға жол берiлмейдi.
2-тарау. САЯСИ ПАРТИЯНЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
6-бап. Саяси партияны құру
1. Саяси партия саны бiр мың адамнан кем емес, саяси партияның
құрылтай съезiн (конференциясын) шақыратын және облыстардың, республикалық
маңызы бар қала мен астананың үштен екiсiнiң атынан өкiлдiк ететiн
Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады.
2. Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашы тобының
тiзiмдерi тiркеушi органға ол белгiлеген нысан бойынша табыс етiледi.
3. Құрылтай съезiн (конференциясын) әзiрлеу және өткiзу үшiн
құрамында кемiнде он адам бар ұйымдастыру комитетi құрылуы мүмкін.
4. Құрылтай съезiнде (конференциясында) саяси партияны құру, оның
атауы, жарғысы, бағдарламасы туралы шешiмдер қабылданады және оның басшы
органдары құрылады.
5. Саяси партия жарғылық қызметiн мемлекеттiк тiркеуден өткеннен
кейiн жүзеге асырады.
7-бап. Саяси партияның атауы мен рәмiзi
1. Саяси партияның атауында "саяси партия" немесе "партия" деген
сөздер болуға тиiс, оларды саяси партиялардың атауында ғана пайдалануға жол
берiледi.
Саяси партияның толық және қысқартылған атауы мен оның рәмiзi
мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасында тiркелген саяси
партиялардың атаулары мен рәмiзiнен өзгеше болуға тиiс.
2. Саяси партияның атауында ұлттық, этникалық, дiни, аймақтық,
қауымдық және гендерлiк белгiлердi көрсетуге, оның лидерлерiнiң, тарихи
тұлғалардың есiмдерi мен фамилияларын пайдалануға жол берiлмейдi.
3. Саяси партияның өз рәмiзi ретiнде Қазақстан Республикасының және
басқа мемлекеттердiң мемлекеттiк нышандарын пайдалануға құқығы жоқ.
4. Саяси партия рәмiз ретiнде эмблемаларды, туларды, гимндердi,
вымпелдердi, значоктарды пайдалануға құқылы.
5. Саяси партияның рәмiзi Конституцияға қарсы және заңға қарсы
мақсаттарды насихаттауға қызмет етпеуге тиiс.
6. Саяси партия рәмiзiнiң сипаттамасы мен эскиздерi жарғыда болуға
тиiс.
8-бап. Саяси партияға мүше болу
1. Қазақстан Республикасының жасы он сегiзге толған азаматы саяси
партияның мүшесi бола алады.
2. Саяси партияға шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың мүше
болуына, сондай-ақ ұжымдық мүшелiкке жол берiлмейдi.
3. Әскери қызметшiлер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, құқық қорғау
органдарының қызметкерлерi және судьялар саяси партияда болмауға, қандай да
болсын саяси партияға қолдау көрсетпеуге тиiс.
4. Саяси партияға мүшелiк ерiктi, жеке және тiркелетiн тәртiпте
болады.
5. Саяси партияға қабылдау жазбаша өтiнiш негiзiнде жүзеге асырылады.
6. Саяси партияға мүше болу кәсiби, әлеуметтiк, нәсiлдiк, рулық,
ұлттық немесе дiни белгiлер бойынша, сондай-ақ жынысына және мүлiктiк
жағдайына байланысты шектелмеуге тиiс.
7. Саяси партияның мүшелерi саяси партияның басшы органдарына
сайлауға және сайлануға, саяси партия мен оның басшы органдарының қызметi
туралы ақпарат алуға құқылы.
8. Қайтыс болу, партиядан шығу, партиядан шығарылу, басқа партияға
кiру саяси партияға мүше болуды тоқтатуға негiз болып табылады.
9-бап. Саяси партияның жарғысы
1. Саяси партияның жарғысында мыналар болуға тиiс:
1) саяси партияның атауы, мақсаттары мен мiндеттерi, сондай-ақ
рәмiзiнiң сипаттамасы;
2) саяси партияның орталық аппаратының орналасқан жерi;
3) саяси партияға мүше болудың және мүшелiктен шығып қалудың шарттары
мен тәртiбi, оның мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
4) саяси партия мүшелерiн есепке алу тәртiбi;
5) саяси партияны және оның құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен
өкiлдiктерiн) құру, қайта ұйымдастыру мен тарату тәртiбi;
6) саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен
өкiлдiктерiнiң) басшы және бақылау-тексеру органдарын сайлау тәртiбi,
аталған органдардың өкiлеттiк мерзiмi мен құзыреті;
7) саяси партияның жарғысына және оның бағдарламасына өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу тәртiбi;
8) депутаттыққа және мемлекеттiк билiк органдары мен жергiлiктi өзiн-
өзi басқару органдарындағы өзге де сайланбалы қызметтерге саяси партиядан
кандидаттар (кандидаттар тiзiмiн) ұсыну тәртiбi;
9) бiрыңғай жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша саяси партия
ұсынған Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарды керi шақырып алу немесе
ротациялау негiздерi;
10) саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен
өкiлдiктерiнiң) ақшаны және өзге де мүлiктi басқару саласындағы құқықтары,
саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен
өкiлдiктерiнiң) қаржылық жауапкершiлiгi және саяси партия мен оның
құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) есептiлiк
тәртiбi.
2. Саяси партияның жарғысында өзiнiң қызметiне жататын және Қазақстан
Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуы мүмкiн.
3. Саяси партияның жарғысына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
мемлекеттiк тiркелуге жатады.
10-бап. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеу
1. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының
әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.
2. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеуге қажеттi құжаттар саяси
партияның құрылтай съезi (конференциясы) өткiзiлген күннен бастап екi айдан
кешiктiрiлмей тiркеушi органға табыс етiледi.
3. Саяси партия мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап алты айдың
iшiнде өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн)
аумақтық әдiлет органдарында есептiк тiркеуден өткiзуге мiндеттi.
4. Осы баптың 3-тармағын орындамау Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген тәртiппен саяси партияның мемлекеттiк тiркелуiнiң
күшiн жоюға әкеп соғады.
5. Саяси партияны тiркеу мен қайта тiркеу, сондай-ақ оның құрылымдық
бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу Қазақстан
Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарында
көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады. (РҚаО-ның ескертуі:
қараңыз. U952198 (6, 9-баптар); V990768 (3-5, 11-тараулар).
6. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеу үшiн оның құрамында партияның
барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы
әрқайсысында кемiнде жетi жүз партия мүшесi бар құрылымдық бөлiмшелерiнiң
(филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) атынан өкiлдiк ететiн кем дегенде елу мың
партия мүшесi болуға тиiс.
7. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеу тiркеушi органға мынадай
құжаттарды тапсырған жағдайда жүзеге асырылады:
1) тiркеушi орган белгiлеген нысан бойынша өтiнiш;
2) саяси партияның басшысы қол қойған саяси партияның екi дана етiп
жасалған жарғысы мен бағдарламасы;
3) саяси партияның құрылтай съезiнiң (конференциясының) хаттамасы;
4) саяси партия мүшелерiнiң тiркеушi орган белгiлеген нысандағы және
осы баптың 6-тармағының талабына сай келетiн тiзiмдерi;
5) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн алынатын алымның төленгенi
туралы құжат.
8. Мемлекеттiк тiркеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңды
тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарында көзделген негiздер бойынша
тоқтатыла тұрады. (РҚаО-ның ескертуі: қараңыз. U952198 (9-бап); V990768 (37-
тармақ).
11-бап. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеуден бас тарту
1. Саяси партияны, оның құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен
өкiлдiктерiн) тiркеуден Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
негiздер бойынша бас тартылуы мүмкiн. (РҚаО-ның ескертуі: қараңыз.
U952198 (11-бап); V990768 (11-тарау).
2. Тiркеуден бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.
12-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы
заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын
мемлекеттiк органдар
Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдарының
сақталуына, сондай-ақ саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерi
(филиалдары мен өкiлдiктерi) қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкестiгiн бақылауды:
1) саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен
өкiлдiктерiнiң) саяси партия мүшелерiнiң қажеттi саны бар екендiгiн
растайтын құжаттарын берудi талап ету немесе оларға қол жеткiзу құқығы бар
тiркеушi органдар;
2) Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес салық органдары;
3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда
басқа мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
13-бап. Саяси партияның қызметiн тоқтата тұру
1. Саяси партияның қызметi соттың шешiмi бойынша үш айдан алты айға
дейiнгi мерзiмге:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын бұзған;
2) саяси партияның жарғысына қайшы келетiн қызметтi үнемi жүзеге
асырған;
3) саяси партия басшыларының Қазақстан Республикасының конституциялық
құрылысын күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен
егемендiгiн бұзуға, өкiмет билiгiн басып алуға немесе ұстап тұруға,
мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, заңсыз
әскерилендірiлген құралымдар құруға бағытталған, сондай-ақ әлеуметтiк,
ұлттық, нәсiлдiк, дiни, тектiк-топтық немесе рулық араздықты тұтатуға жария
шақыруы мен сөздерi орын алған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн.
2. Саяси партияның қызметi тоқтатылып тұрған кезеңде партияның
басшылары мен мүшелеріне бұқаралық ақпарат құралдарында партия атынан
сөйлеуге, жиналыстар, митингiлер және өзге де жария сөз сөйлеудi
ұйымдастыруға және өткiзуге тыйым салынады, сондай-ақ еңбек шарттары, оның
қызметi салдарынан келтiрiлген залалдың орнын толтыру және айыппұлдар төлеу
жөнiндегi есеп айырысуларды қоспағанда, саяси партияның банктiк шоттары
бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрады.
3. Егер саяси партияның қызметiн тоқтата тұрудың белгiленген мерзiмi
iшiнде тәртiп бұзушылықтар жойылатын болса, саяси партия өз қызметiн қайта
бастайды.
4. Саяси партияның орын алған тәртiп бұзушылықты жойғандығы фактiсiн
саяси партияның қызметiн тоқтата тұру туралы шешiм шығарған сот анықтайды.
14-бап. Саяси партияны қайта ұйымдастыру және тарату
1. Саяси партияны қайта ұйымдастыру (қосылу, бiрiгу, бөлiну, бөлiнiп
шығу, қайта құрылу) оның жоғары органының шешiмi бойынша Қазақстан
Республикасының заң актiлерiнде және саяси партияның жарғысында көзделген
тәртiппен жүргiзiледi.
2. Қайта ұйымдастырылғаннан кейiн жаңадан құрылған саяси партияны
тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге
асырылады. (РҚаО-ның ескертуі: қараңыз. U952198 (6-бап); V990768 (3-тарау).
3. Саяси партия:
1) өзiнiң жоғары органының шешiмi бойынша;
2) аймақтардың кемiнде жартысының өкiлi болып табылатын мүшелерiнiң
кемiнде елу бiр процентiнiң ұсынысы бойынша;
3) соттың шешiмi бойынша таратылады.
4. Саяси партияны таратуды саяси партияның жоғары органы
тағайындайтын тарату комиссиясы немесе Қазақстан Республикасының заң
актiлерiнде көзделген тәртiппен сот жүргiзедi. (РҚаО-ның ескертуі: қараңыз.
K941000 (50-бап); Z960003 (17-бап).
5. Соттың шешiмi бойынша саяси партия:
1) осы Заңның талаптарын орындамаған;
2) саяси партияның қызметiн тоқтата тұру үшiн негiз болған тәртiп
бұзушылықты сот белгiлеген мерзiмде жоймаған;
3) саяси партияның жарғысына қайшы келетiн қызметтi үнемi жүзеге
асырған;
4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынған қызметтi
жүзеге асырған не қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарын бiрнеше рет
(кемiнде екi рет) немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған;
5) мемлекеттiк тiркеу үшiн табыс етiлген құжаттардағы мәлiметтердiң
дұрыс еместiгi анықталған кезде саяси партияны мемлекеттiк тiркеудiң
заңсыздығы танылған не саяси партияны мемлекеттiк тiркеудiң күшi жойылған;
6) саяси партия Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi
депутаттарының сайлауына қатарынан екi рет қатыспаған;
7) шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, шет мемлекеттер мен
халықаралық ұйымдар қаржыландырған;
8) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де
жағдайларда таратылуы мүмкiн.
3-тарау. САЯСИ ПАРТИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТI
15-бап. Саяси партияның құқықтары мен мiндеттерi
1. Саяси партия жарғысы мен бағдарламасында анықталған мақсаттар мен
мiндеттердi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген тәртiппен:
1) өзiнiң қызметi туралы ақпарат таратуға және өз мақсаттары мен
мiндеттерiн насихаттауға;
2) ерiктi негiзде қауымдастықтарға (одақтарға), сайлау блоктарына
бiрiгуге;
3) Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы
Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар
ұсынуға; мәслихаттардағы өз өкiлдерi арқылы Қазақстан Республикасы
Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатуралар жөнiнде ұсыныс жасауға;
4) өздерiнiң бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;
5) жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттер
өткiзуге;
6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актерлерiнде
көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Саяси партия:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының талаптарын
сақтауға;
2) әрбiр азаматтың өз құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен,
шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгін қамтамасыз етуге;
3) заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлетiн
мәлiметтер көлемiнде тұрақты жұмыс iстейтiн органы орналасқан жердiң
өзгергенi туралы және өз басшылары туралы деректердi тiркеушi органға
хабарлауға;
4) салық органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген
мерзiмдер мен көлемде өзiнiң қаржылық қызметi туралы есеп табыс етуге
мiндеттi.
16-бап. Саяси партияның және оның құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң)
органдары
1. Саяси партияның төрт жыл iшiнде кемiнде бiр рет шақырылатын съезi
(конференциясы) саяси партияның жоғары басшы органы болып табылады.
2. Саяси партияның съезiнде (конференциясында):
1) саяси партияның жарғысы мен бағдарламасына өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзiледi;
2) саяси партияның мүшелері Қазақстан Республикасының
Президенттiгiне, Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттар ретiнде
ұсынылады, депутаттыққа кандидаттардың Қазақстан Республикасының Орталық
сайлау комиссиясына тiркеу үшін ұсынылатын партиялық тiзiмi бекiтiледi;
3) саяси партияның басшы органдары сайланады;
4) партияның мүшелiк жарналарының мөлшерi бекiтiледi.
3. Саяси партияның филиалы мен өкiлдiгiнiң конференциясы (жалпы
жиналысы) саяси партия филиалы мен өкiлдiгiнiң жоғары басшы органы болып
табылады.
4. Саяси партияның филиалы мен өкiлдiгiнiң конференциясында (жалпы
жиналысында):
1) олардың басшы органдары сайланады;
2) тиiстi мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ұсынылады.
5. Саяси партия съезiнiң (конференциясының) шешiмi саяси партияның
съезiне (конференциясына)саяси партияның барлық облыстық, республикалық
маңызы бар қалалық, астаналық филиалдары мен өкiлдiктерiнiң өкiлдерi
қатысқан кезде көпшiлiк дауыспен қабылданады.
17-бап. Саяси партияның меншiгi
Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған объектiлердi
қоспағанда, саяси партияның меншiгiнде оның жарғысында көзделген қызметтi
материалдық жағынан қамтамасыз ету үшiн қажеттi объектiлер, сондай-ақ оның
қаражаты есебiнен құрылатын ұйымдар болуы мүмкiн.
Саяси партия тұтас алғанда, саяси партия мүлкiнiң, соның iшiнде оның
құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) мүлкiнiң меншiк иесi
болып табылады. Саяси партия мүшелерiнiң саяси партияның мүлкiне қатысты
құқықтары болмайды.
Саяси партияның мүлкi саяси партияның жарғысы мен бағдарламасында
көзделген мақсаттарды жүзеге асыру және мiндеттердi шешу үшiн
пайдаланылады.
Саяси партияның мүлкi ол таратылған жағдайда оның жарғысына сәйкес
пайдаланылуға тиiс. Егер саяси партияның жарғысында мұндай тәртiп
көзделмесе, онда бұл мәселенi шешудi саяси партияны тарату туралы шешiм
қабылдаған орган жүзеге асырады.
18-бап. Саяси партияны қаржыландырудың көздерi
және оның қаражатын пайдалану
1. Саяси партияның қаражаты:
1) мүшелiкке кiру және мүшелiк жарналардан;
2) қайырмалдықтар құжатпен расталып, олардың шығу көздерi көрсетiлген
жағдайда мемлекет алдындағы салықтық мiндеттемелерiнiң орындалуына салықтық
бақылауды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен
жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттiк емес
ұйымдарының қайырмалдықтарынан;
3) кәсiпкерлiк қызметтен түскен кiрiстерден құралады.
2. Саяси партияға және оның құрылымдық бөлiмшелерiне (филиалдары мен
өкiлдiктерiне):
1) шет мемлекеттерден, шетелдiк заңды тұлғалардан және халықаралық
ұйымдардан;
2) шетелдiктерден және азаматтығы жоқ адамдардан;
3) шетел қатысатын заңды тұлғалардан;
4) мемлекеттiк органдардан және мемлекеттiк ұйымдардан;
5) дiни бiрлестiктерден және қайырымдылық ұйымдарынан;
6) иесi көрсетiлмеген қайырмалдық жасаушылардан қайырмалдық алуға жол
берiлмейдi.
3. Саяси партиялардың ақшасы Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес тiркелген банктердiң шоттарына орналастырылады.
4. Саяси партияның ақшасы мен өзге де мүлкi оның мүшелерi арасында
бөлiнбейдi және жарғылық мақсаттарға сәйкес жұмсалуға тиiс. Саяси партияның
өз қаражатын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол берiледi.
5. Саяси партия мүшелерi партияның мiндеттемелерi бойынша жауап
бермейдi, ал саяси партия өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап
бермейдi.
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
19-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы
заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдарын бұзғаны
үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған кiнәлi жеке және заңды
тұлғалар, оның iшiнде мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары және саяси
партияның басшы органдарының құрамына кiретiн адамдар жауаптылықта болады.
20-бап. Саяси партиялардың халықаралық байланыстары
Қазақстан Республикасының саяси партиялары халықаралық байланыстар
орнатып, жасай алады, тиiстi келiсiмдер жасасып, дiни бiрлестiктердi
қоспағанда, халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктерге
ұжымдық мүшелер ретiнде кiре алады.
21-бап. Өтпелi ережелер
Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған саяси партиялар алты
ай iшiнде осы Заңның талаптарына сәйкес мемлекеттiк қайта тiркеуден өтуге
мiндеттi.
22-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. "Саяси партиялар туралы" 1996 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан
Республикасы Заңының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы
Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 11-12, 260-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-
құжат).
Парламент Мәжілісінің сайлауы: алғашқы қорытындылар мен тағылымдар
Жеңістің жауапкершілігі
Жаңару жолына түскен жаңа Қазақстан демократиялық дамуды таңдау арқылы
қоғам мен мемлекеттің мүдделерін сақтай отырып, әлеуметтік-экономикалық
салада түбегейлі стратегиялық өзгерістерді жүзеге асыруда. Конституциялық
өзгерістерге байланысты өкілетті де заң шығарушы орган – Парламенттің рөлі
нығайып, ол халықтың мақсат-мұратын қорғауға аянбай тер төгетін болады. Ата
Заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізу – жаһандану заманына жұтылып
кетпеуге кепілдік береді. Демек, дүниежүзілік даму тәжірибесін ескере
отырып, саяси жүйені нығайту – қазіргі кезеңдегі басты мақсаттардың бірі.
Осындай мақсаттағы елеулі оқиғаның бірі, Қазақстанның саяси тарихындағы
үлкен белестің бірі Қазақстан Республикасы Парламентінің сайлауы болды.
Әлем көз тіккен саяси науқан өзінің нәтижелі жемісін берді десек те болады.
Республикамыз бойынша дауыс беруге 5 миллион 700 мыңнан астам адам қатысты.
Алдын ала жасалған сайлау қорытындысы бойынша 18 тамызда өткен ашық сайлау
додасында әділетті түрде жеңіске жеткен “Нұр Отан” халықтық-демократиялық
партиясы сайлаушылардан 88,05 пайыз дауыс жинап, өзінің елмен егіз,
уақытпен үндес екендігін айқын көрсете білді. Бұл “Нұр Отан” партиясына
мүше 700 мыңнан астам партия мүшелерінің арман-мақсаты халықтың үміт-ойымен
бір арнаға тоғысып отыр деген сөз. Халық партияға сенім көрсету арқылы оның
лидері Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа сенім көрсетті.
Сайлау барысында “Нұр Отан” Президентпен бірге қуатты Қазақстан үшін” ұраны
Елбасының қазақ халқының егемендігі үшін сіңірген орасан зор тарихи рөліне
ерекше мән беріп, болашаққа деген сенімді одан әрі нығайтқан болатын.
Шынында да ХХ ғасырдың аумалы-төкпелі тарихында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
азаттық алған мемлекетіміздің тәуелсіз дамуы жөніндегі Стратегиясын
тұжырымдап, оны жүзеге асырды. Соның нәтижесінде біздің қалай өмір сүру
керектігімізді басқалар айқындаған уақыт келмеске кетті. Кеңес Одағы
тарағаннан кейін төрт аяғынан тұралап, қираған экономикамызды қайтадан
қалпына келтіру оңай болған жоқ. Міне, осы қиындықты өз иығымен көтере
білген Нұрсұлтан Әбішұлы ұлттық тарихымызда мемлекетімізді дамытудың саяси-
демократиялық таңдауын жасады. Бұл таңдаудың астарында Тәуке ханның
көрегендігі мен Абылай ханның ұлылығы және азаттықты аңсап өткен, қазақ
жерінің әрбір ұлтарақтай жері үшін өмірін қиған ата-бабаларымыздың ерік-
жігері бар болатын.
Президент стратегиясы “Нұр Отанның” сайлауда жеңіске жетуінің кепілі болды.
Өйткені, “Нұр Отан” халық көңілінен шығып, өз саясатын ортақ істің игілігі
үшін жүргізіп отырған жалғыз партия. Халық партияның басты идеологиялық
мақсаты – әрбір қазақстандықтың мүддесін қорғап, оларды үнемі мемлекеттің
қамқорына алу екендігіне сегіз жылдың ішінде анық көз жеткізді.
Сайлау тұғырнамасында түбегейлі негізделген ұлтаралық келісім де сайлау
нәтижесіне әсер етті. Н.Ә.Назарбаевтың нақты әрі уақыт сынынан өткен
ұлтаралық қатынастарға байланысты саясаты да әр түрлі ұлт өкілдерінің
Президент партиясына қолдауына әсер етті.
“Нұр Отан” – Қазақстандағы бірден-бір көпұлтты партия. Сондықтан,
еліміздегі ұлттар татулығы мен олардың бостандығына айрықша мән беріледі.
Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Парламент Мәжілісінің 9
депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлады. Демек, Қазақстан халқы
Ассамблеясына конституциялық өзгерістерге сәйкес жаңа мәртебе берілді. Мұны
әлемнің ешбір мемлекетінде болмаған айшықты оқиға деуге болады. Демек,
Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар Қазақстан атты ортақ
шаңырақтың шайқалмай, ондағы адамдардың үнемі шадыман шаттықта, татулық пен
бірлікте болуына адал қызмет ететін болады.
“Нұр Отанның” жеңісіне Президенттің көп векторлы сыртқы саясатының нәтижесі
де әсер етті. Мемлекет басшысының дүниежүзілік қауымдастық алдындағы
кемеңгерлік келбеті, іскерлігі, көрегендігі байтақ даламызға бақыт
қондырып, әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына жетуге
мүмкіндік жасауда. Еңкейгенге еңкейіп, шалқайғанға шалқаятын қаһармандық-
патриоттық сезімді бойына дарытқан Елбасының халықаралық беделі де өте
жоғары.
Әсіресе, әлемдегі бейбітшілікті сақтау үшін конфессияаралық, ұлтаралық
татулықты сақтау идеясының сара жолын салып келе жатқан да біздің
Президентіміздің еңбегін бүкіл әлем мойындап отыр. Бәрін айтпай-ақ, күні
кеше ғана Қырғызстанда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы жиыннан да
Елбасының халықаралық беделінің жоғары деңгейде екендігін бүкіл әлем
мойындап отыр.
Демек, Мемлекет басшысының саясатын тек өз халқымыз ғана емес, дүние жүзі
мақұлдап, оған оң бағасын беруде. Қытай Халық Республикасының Төрағасы ШЫҰ
саммитінен кейін Астанаға келіп, Нұрсұлтан Әбішұлымен кездесіп, өзара пікір
алмасып қайтты. Мұның бәрін халық көріп, біліп отыр емес пе?
Әлемнің дамыған елдерінің баршасымен ынтымақтастыққа қол жеткізген
Қазақстан Республикасының беделінің нәтижесінде конституциялық реформа және
Мәжіліс сайлауы халықаралық қолдауға ие болды. Соның нәтижесінде сайлауға
байқаушы ретінде қатысқан ірі халықаралық ұйымдар мен әр түрлі
мемлекеттердің өкілдері сайлаудың әділетті де ашық өткендігін мойындады.
Жалпы бұл сайлау – тәуелсіз Қазақстан тарихында конституциялық реформаның
бірінші кезеңін жүзеге асыруымен құнды болды. Конституциялық реформада
белгіленген шаралардың барлығы дерлік жүзеге асуда. Партиялық тізім бойынша
сайлау өткізу тәжірибесі сынақтан өтті және оның нәтижесі кейбір саяси
партиялардың іс-әрекетінің әлі де болса төмен деңгейде екендігін көрсетті.
Мәжілістегі партияларға бөлінген барлық орынға ие болған “Нұр Отан”
партиясының енді халық алдындағы жауапкершілігі де еселеніп өсіп отыр.
Партия бағдарламасының Үкімет орындауға міндетті бағдарламаға айналуы да
оны жүзеге асырудың тетіктерін тезірек қалыптастыруды талап етеді. Партия
өзінің мақсатын нақты түсініп, оны жүзеге асырудың тетіктерін де жүйеге
келтіруде. Партия қазірдің өзінде Мәжілістегі қызметін Үкіметпен,
мәслихаттармен үйлестірудің концепциясын жасауда. Біз конституциялық
реформаға сай саяси партиялардың және Мәжіліс пен мәслихаттардың
өкілеттігінің кеңеюін тиімді пайдалана отырып, сайлауалды бағдарламамыздың
орындалуына күш саламыз. Сондықтан, партия иығына қандай жауапкершілік жүгі
түсіп отырғанын жақсы түсінеміз.
Біздің еліміздегі демократиялық жаңарулар халықтың да саяси шешім
қабылдауға мүмкіндігін кеңейтіп отыр. Сондықтан да “Нұр Отан” өз жұмысын
үнемі халықтың қолдауымен жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Партияның басты бағыты – Президент салған сара жол, ал мақсаты – әрбір
қазақстандықтың әл-ауқатын жақсарту.
Бірінші кезекте “Нұр Отан” Парламентпен, Үкіметпен және үкіметтік емес
ұйымдармен ынтымақтасу арқылы түйіні шешілмей жатқан проблемаларды күн
тәртібіне қоюға тырысады. Мысалы, партияның сайлау алдындағы қоғамдық
қабылдау штабы тұрақты істеді. Қысқа мерзім ішінде келушілер қатары да
толастамады. Айталық, 18 шілде мен 15 тамыз аралығында қоғамдық қабылдау
штабына 30 мың тұрғындардан өтініш келіп түсті. Бұл халықтың “Нұр Отанға”
деген өз сенімін көрсетсе керек-ті. Партия қашанда жұртшылықтың талап-
тілегін назардан тыс қалдырған емес. Енді осы өтініштердің барлығы тиісті
мемлекеттік органдарда қаралып, тиісті шешім қабылдануына партиялық бақылау
орнатамыз.
“Нұр Отан” партиясы ел экономикасының өсу қарқынын әрбір қазақстандық
ерекше сезінуі керек деп санайды. Сондықтан да тұрғындар табысын тауарлар
мен қызмет көрсетудің бағасын қымбаттату арқылы олардың “қалтасын қағуға”
жол бермеу үшін барлық шараларды қолдануға дайын.
Біздің сайлауалды платформамыз Мемлекет басшысы, біздің “Нұр Отан”
партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылғы “Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан” атты халыққа Жолдауын қолдау шаралары мен оның негізгі
тетіктерін жүзеге асыруға арналған тұғырнама болып табылады. Бүгінгі
ұранымыз – кемелденген экономика, көркейген ауыл, еселеп өскен ел тұрмысы.
Сайлауалды бағдарлама алдағы жылдарда барлық қазақстандықтардың өмір сүру
деңгейін жоғары сатыға көтеруге арналған. Әлеуметтік саланың нәтижелі болуы
экономиканың даму деңгейіне тікелей байланысты. Президент Нұрсұлтан
Назарбаев халықтың көңілінен шығатын өте тиімді экономикалық саясат ұстана
білді. Барлық саланы жаңартудың нәтижесінде біз де көптеген көршілеріміз
бен бұрын бір одақта болған әріптестеріміздің алдына шықтық. Жан басына
шаққанда ішкі жалпы өнім бүгінгі 7 мың доллардан 13 мың долларға дейін
өседі. Сөйтіп, біз осы көрсеткіштің деңгейі жағынан Шығыс Еуропа, яғни,
Чехия, Словакия, Венгрия елдерімен қатарласамыз.
Республикамызда нарық экономикасы түбегейлі қалыптасты. Қазір әлемнің 150-
ден астам елдерімен экономикалық қарым-қатынас жасап отырмыз. Сонымен қатар
өңдеуші өнеркәсіпті дамыту мақсатында даму институттары құрылып, оларға
қажетті мөлшерде қаржы бөліне бастады. Еліміздегі тұрақтылық пен дұрыс
экономикалық саясат жүргізудің негізінде шетелдерден бізге миллиардтаған
инвестиция келіп жатыр.
“Нұр Отан” партиясы сайлауалды тұғырнаманың толық және түбегейлі түрде іске
асатынына ешбір күмән келтірмейді. Өйткені, Президент те, ол басқарған “Нұр
Отан” партиясы да халыққа берген уәдесін толығымен орындауда. Оған бір
дәлел ретінде өткен бір Мәжіліс сайлауының алдында партия бағдарламасының
орындалу деңгейінен көруге болады. Сол бағдарламада бекітілген шаралар,
мысалы, білім және денсаулық сақтау жүйелерін қаржыландыру, әлеуметтік
көмек пен жәрдемақы мөлшерінің деңгейін өсіру. Міне, осы мақсаттардың
көбіне үш жылда, яғни, мерзімінен екі жыл бұрын қол жетті. Бұл – “Нұр Отан”
партиясы уәдесінің тиянақты екендігін, оның сөзсіз орындалатынының айқын
дәлелі.
Нұр Отанның” мақсаты енді бұдан былай қоғамды одан әрі біріктіру арқылы
біртұтас, бәсекеге қабілетті Қазақстан ұлтын қалыптастыру. Сондай-ақ
қазақстандықтардың болашақта әлемнің кез келген жерінде өмір сүріп, еңбек
етуіне, білім алуына жағдай жасау. Партияның тағы бір мақсаты – әрбір
жүректе Сарыарқадан Алатауға, Атыраудан Алтайға дейін созылып жатқан ұлан-
байтақ атамекенімізге деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштік мақтаныш
сезімін ұялату.
Басқа елдерге қарағанда, өзіміз мақтан етерлік тұрақтылық, бейбітшілік,
ұлтаралық келісім жолы, жылдам әрі жедел дамып келе жатқан экономикамыз бен
әлеуметтік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz