Қазақстан қоғамын саяси жаңалау проблемалары



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім

1.Саяси режим ұғымы, типтері
2.Қазақстан қоғамын саяси жаңалау проблемалары.

ІІІ Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
 
Қазіргі жаһандану кезеңінде мемлекеттің гүлденуінің ең
басты алғышарттарының бірі болып ресми биліктің мемлекеттің ішкі
мәселелерін шешуде қандай әдістер мен тәсілдер қолдануына саяды. Бұған куә
көршілес елдердегі және Еуропадағы ішкі қақтығыстарды шешуде биліктің іс-
әрекеттері болып табылады.Саяси режимнің түсінігі ең маңызды, себебі
негізгі билік жүйесінің құрылымын алдың ала ойға елестетуге негіз болады.
Осыған байланысты, қоғамның саяси ұйымын құрутуралы шын мәніндегі
принциптер талқыланады. Саяси режим - әр елдегі белгілі тарихи кезеңде өмір
сүрген, саяси райды сипаттайды. Осы аталған дәйектер дипломдық жұмыс
тақырыбының таңдалуына себепші болды.
Саяси режимнің белгілеріне тоқталып кетсек:
- саяси өкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу деңгейі және
сондай ұйымдасудың жолдары;
- мемлекеттің құқығы мен адам бостандығының және азаматтық құқықтарының
арақатынасы;
- жеке адамның бостандығының кепілділігі;
- қоғамдағы билікті іске асыру тетігінің шын сипаты;
- халықпен саяси билікті тікелей іске асыру деңгейі;
- ақпарат құралдарының жағдайы, қоғамдағы ашықтық деңгейі және мемлекеттік
аппараттың ашықтығы;
- мемлекеттік емес құрылымдардың қоғамның саяси жүйесіндегі орны және ролі;
- Заң шығару мен атқару биліктерінің арақатынастары.
Мемлекет деген ойдан туған абстракция емес. Ол қоғамда нақтылы
материлизацияланған құбылыс. Билік жүргізу барысында халық өз мүдделерін
қорғайтын мемлекет ұйымдастырады. Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына
және арнайы формаға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше
ықпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің формасының қалыптасуына қоғамда
демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады.
Форма мәнді, мән формалы. Мемлекеттің мәні қалыптасқан, қабылданған
формадан өзінің көрінісін табады. Мысалы, құл иеленуші мемлекеттердің мәні
үстем, қанаушы таптың саяси билігінің диктатурасы болса, оның формасы -
шексіз монархия. Осыған байланысты мемлекет және құқық теориясында мемлекет
формасының үлкен маңызы бар. Мемлекеттің формасы даму кезеңдерінде
өзгеріске ұшырап, бір сападан бір сапаға өтетін болса, оның тетіктері де
өзгеріске шалдығады.
Саяси режим - мемлекетке билік жүргізудің арнайы тәсілдері. Негізінде екі
түрге бөлінеді: демократиялық және демократиялық емес.
Демократиялық режим - барлық халықтардың тендік пен бостандыққа
негізделінген идеясында мемлекеттің басқару ісіне қатысуы, биліктің
халықтың болуы.
Демократиялық емес режим - халықтың билік жүргізу ісінен алшақтатылуы.
Олардың түрлері сан алуан болады.

1.Саяси режим ұғымы, типтері

Саяси тәртіп деп саяси билік, қогамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтыгын,
азаматтардың қщықтары мен еркіндіктерінің де-мократиялық дәрежесін айтады.
Казіргі саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға карсы
(антидемократиялық) деп үлкен екі топка бөледі.
Демократиялық тәртіпке халықты биліктін қайнар көзі деп санап, оған
мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар
жасалған биліктін түрі, қоғамның мемлекеттік-саяси құрылысы жатады. Мұндай
тәртіпте азамат-тардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік
беріледі, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін көздеуші саяси пар-
тиялар, ұйымдар, мекемелер кедергісіз жұмыс істейді. Саяси өмір
демократиялық негізде кең өріс алады. Саясат мәселелері ашық талқыланады,
биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейтіндей тетік жасалады,
азаматтарға қолайлы құқықтар мен еркіндіктер, олардың саяси көңілін білдіру
түрлері айқын-далады, жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады.
Сонымен қатар демократиялық тәртіп мынадай белгілермен сипатталады:
1. Адал, шынайы сайыс арқылы, жүйелі түрде өткізілетін сайлау. Ол амал-
айласыз, қулық-сұмдықсыз жүргізілсе және оны шынайы өткізудің жолы
табылғанда ғана адал болады. Егер мемлекеттік билік бір партияның қолында
болса да сайлау адал-дыққа жатпайды. Шынайы сайыс арқылы дегенде өзінің кан-
дидатурасын еркін ұсынуға мүмкіндігі бар әр түрлі топтар мен жеке тұлғалар
болуын айтады. Егер бір топтар катысып, екіншілері қатыса алмайтындай
болса, ондай сайлау жарыс ар-қылы өтпегені. Жүйелі түрде деп сайлаудың
белгілі бір мерзімде өткізілуін айтады.
2. Үкіметтің сайлау арқылы дүниеге келуі. Демократияны қамтамасыз ету үшін
сайлаудың жүйелі түрде жүргізілуі жеткіліксіз. Мысалы, Латын Америкасында
сайлау жиі болып тұрады, бірақ содан кейін көп ұзамай әскери төңкеріс жаса-
лып, билік басына басқа біреу келіп отырып алады. Бұл дұрыс емес. Себебі
өкімет басына сайлау аркылы келу керек.
3. Демократия жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың да құқығын қорғайды.
Әдетте, демократияға азшылықтың кепшілікке бағынуын айтады. Бірақ ол аз.
Көпшіліктің үкіметі жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың құқығын қорғағаңда
ғана демократиялы бола алады.
Демократиялык тәртіп президенттік және парламенттік бо-лып екіге
бөлінеді. Олар туралы келесі тақырыпта арнайы сөз болады.
Антидемократиялық тәртіп тоталитарлық және авторитар-лық болып бөлінеді.
Тоталитарлық (латынныц бүтіндей, түтас, жалпы деген сөзінен) тәртіп деп
қогам, адам өмірінің барлық салалары түта-сымен мемлекеттік бақылауга
алынган мемлекеттік-саяси қүры-лымды айтады. Онда өндіріс, экономика,
бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке емірі және
т.б. — бәрі тегіс бақылаудың астында болады. Азаматтардың консти-туциялық
құқықтары мен бостандықтарына, демократиялық ұйымдардың жұмыстарына тыйым
салынады, жазалау, қуғын-сүргін күшейеді, террорлық полициялық бақылау
орнайды.
Тоталитарлық тәртіпте жалғыз көпшілік партия қалыптаса-ды. Билікті сол
жүргізеді. Ол партия оған кірген мүшелердің ез еркімен және демократиялық
жолмен ұйымдаспайды. Кесемнің ырқымен, соның айналасында (Гитлер, Сталин)
құрылады.
Ондай қоғамда идеологияның релі үстемдік етеді. Ол бар-лық бұқара ақпарат
құралдарын пайдаланады. Солардың күшімен жұртшылықты ез теориясының
"шындығына" сендіруге тырысады. Идеологияны кесем анықтайды. Ол ез
әрекеттерін биік бір арман, мұратқа жету мақсатымен бүркемелейді. Ол
Гитлердің айтқанындай, басқалармен салыс-тырғанда бір нәсіл не ұлттың
(немістердің) пешенесіне жазыл-ған артықшылығы, Франконыңхристиандық
қоғамы, Сталиннің бұрмаланған социализм идеялары сияқты болуы мүмкін. Бас-
қаша ойлауға мүмкіндік бермейді.
Авторитарлық тәртіп деп күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген
мемлекеттік-саяси қүрылысты айтады. Мұнда атқа-рушы билік үстемдік етеді.
Парламент жойылмайды, дегенмен, ол кеңесші органға айналады.
Тоталитарлыкпен салыстырған-да авторитарлық тәртіпте бірыңғай идеология,
кепшілік партия болмайды. Экономика қатал бақылауға алынбайды, күштеу
әдістері де азырақ қолданылады. Әдетте, ол саяси процеске белсенді
араласатын әскер күшіне сүйенеді. Азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың саяси
құқықтары мен бостандықтары шектеледі, оппозицияға тыйым салынады.
Сайланбалы мемле-кет органдары азаяды. Олардың жұмыстары мемлекет басшы-
сының ырқына бейімделеді. Авторитарлық тәртіпке, мысалы, Пиночет кезіндегі
Чилиді, Франко кезіндегі Испанияны, қазіргі Иорданияны, Индонезияны,
Морокко, Кувейтті, Сауд Аравиясын және т.б. жатқызуға болады. Мұндай
тәртіп, әсіресе, Ла-тын Америкасында жиі кездеседі.
Тоталитарлық және авторитарлық саяси тәртіппен демок-ратиялық тәртіпке
көшу әр елде әр түрлі етеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия,
Италия, Жапонияда буржуазиялықдемократиялықтәртіп АҚШ-тын әскери күшінің
көмегінің арқасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Саяси ойдың даму кезеңдері
Саясаттану ғылым және пән ретінде
Демократиялық мемлекеттің құрылыс формасы мен режим
Бастауыш сыныптың тіл сабақтарында дамыта оқыту ерекшелігі
А- Қадиянилік және оған баратын жол
Саясаттану пәнінен дәрістер
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар және ерекше қорылатын табиғи территориялар
Ақпараттық саясат
«Түркістан» газетіндегі мәдени мәселелердің көрінісі
Пәндер