Қазақстан саяси мәдениеттінің ерекшеліктері
Саяси сана және саяси мәдениет
1.Саяси сананың мәні.
2.Саяси мәдениет ұғымы.
3.Саяси әлеуметтену ұғымы.
4.Қазақстан саяси мәдениеттінің ерекшеліктері
1.Саяси сананың мәні.
Саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды тусініп-
сезінетін, адамдардың бүя саладагы іс-әрекеттеріне бағыт-багдар беретін
әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарас-тар жиынтығын айтады. Ол
мемлекеттің, коғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келеді.
Әлеуметтік, ұлттық мүдцелерді, мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асы-румен
байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағынаға ие бо-лады. Саяси сананың
негізгі мәселесі — мемлекеттік билік, оның қызметі. Мұнда топтардың,
таптардың, партиялардың экономи-калықмүдделері мен мақсаттары, өкімет
билігі үшін күресі және оны сақтап қалу міндеттері, бұл жолдағы әрекет,
амал, ұмты-лыстары өз көріністерін тауып жатады.
Саяси сана әр түрлі қызметтерді атқарады. Олардың ішінде негізгілері
мыналар:
1) қоғамдық сананың саяси ғылым, саяси теория сияқты құрамдас бөліктері
аркылы саяси шындықты бейнелеу;
2) тұжырымдамалық түрде субъектінің мақсат-мүдделерін білдіру арқылы оның
саясат әлеміндегі іс-әрекеттеріне бағдар беру. Бұл қызметті іс жүзінде
идеология атқарады;
3) саяси психологияның әр түрлі көріністері арқылы көңіл-күйді білдіру.
Өйткені, әлбетте, адамдарды іс-әрекетке итермелейтін психологиялық
себептер.
Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялықсаяси сана, саяси
психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады.
Қарапайым (күнделікті тұрмыстық) саяси сана қалыптасьш жүйеге түспеген,
күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы
сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап,
пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын
сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды.
Сондықтан ол саяси сананың томенгі сатысына жа-тады.
Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анық-тап, оларды
айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық тұрғы-дан жинақтап бейнелейді.
Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді.
Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және
олар бір-біріне ықпал етеді. Ол қарапайым саяси сананы өндеп, мәдени
өзгертіп отырады.
Теориялық саяси сана қарапайым саяси сана сияқты стихи-ялық түрде
тумайды. Оны арнайы дайындығы, жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар
ойлап шығарады.
Саяси психологияға саяси өмір жағдайының ортақтығы негізінде адамдар
ұжымдарында, әлеуметтік топтар, таптарда, жеке адамдарда туындайтын
сезімдердің, көңіл-күйдің, әдет-ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің
жиынтығы жатады. Ол қарапайым саяси сана сияқты саяси өмірдің тікелей
тәжірибесінен туады. Бірақ қарапайым саяси санада емірді та-нып-білуіне,
хабардарлығына көңіл бөлінсе, мұнда сол жағдай-ларда адамның қатынасуына,
өмірді бағалауына баса назар ауда-рылады. Қандай болсын саяси идея
адамдардың белгілі бір сезімін тудырып, көңіл-күйіне әсер етпей қоймайды.
Мұның бәрі саяси психологияға жатады. Қарапайым саяси сана мен саяси
психология бір деңгейде. Сондықтан олар бір-біріне әсер етіп, байланысып,
жымдасып жатады.
Саяси психология, жоғарыда көрсетілгендей, әр тұрлі іс-әре-кеттерге соған
сәйкес сезімін оятып, қоғамдық қозғалыстарда маңызды рол атқарады.
Сондықтан саяси бағытты жоспарлап, оны жүзеге асырарда халықтың саяси
психологиясын ескерудің маңызы зор. Ол үшін адамдардың коңіл-күйін зерттеп,
олар-дың қандай саяси әрекетке қалай жауап берерін болжай білген жөн.
Себебі, бұл саладағы қателік қоғамда дау-дамай, шиеленістер, адамдар,
ұлттар арасында қырғиқабақтық, тіпті егес тудыруы мүмкін. Мәселен, Гитлер
екінші дүниежүзілік соғыс-ты ашарда неміс халқының санасына басқа
халықтармен салыс-тырғанда олардың ерекшелігін, артықшылығын сіңіргісі
келді. Кебі оған сенді де, соңына ерді де. Бұл халықтың психология-лық
ерекшеліктерін қалай пайдалана білгенін байқатады.
2.Саяси мәдениет ұғымы.
"Саяси мәдениет" терминін тұңғыш рет ғылыми айналымға мәдениет пен
саясаттың әзара әрекеті проблемасын (XVIII ғасырдың соңы) зерделеген неміс
ағартушысы И. Гердер енгізді, ал саясат ғылымындағы саяси мәдениет
теориясын XX таптрдың орта шенінде ғана — Алмонд, С.Верба, М.Дюверже және
басқалары ресімдей бастады.
Саяси мәдениет — бұл адамдардың бұдан бұрынғы ұрпақтары тәжірибесін
жүзеге асыратын, саяси процесс субъектілерінің тікелей қызметіңде
көрінетін, тұтастай алғанда олардың осы процеске, оның негізгі
элементтеріне қатынасын белгілейтін және сол арқылы қоғамның саяси өмірін
қалпына келтіруді қамтамасыз ететін нұсқауларының, бағдарларының және мінез-
құлық үлгілерінің тарихи қалыптасқан, біршама тұрақты жүйесі.
Саяси мәдеииет көрінісінің негізгі мән-жайлары:
а) адам мен қоғамның саяси идеяларды, көзқарастарды, тұжырымдамаларды
игеру деңгейі;
б) өткендегі және қазіргі саяси ойлау қажеттілігінің дәрежесі;
в) саяси құбылыстарды бағалаудың құзыреттілігі.
Саяси мәдениет өзінің, иеленушілерімен — әртүрлі әлеуметтік
ортақтығымен бірге дамиды.
Саяси мәдениетте адамдардың (ұлттардың, таптардың, партиялардың,
әралуан жіктердің, топтар мен жеке-дара адамдардың) өздерінің (түбегейлі
мүдделері жөніндегі мемлекетке, саяси билік режиміне қатынасы айқындалады.
Бұл тұрғысында саяси мәдениет саясат саласындағы, мәдениет, саяси өмір мен
қызметтің белгілі бір жүйелі сапасы және тәсілі, саяси идеялардың,
сенімдердің, нормалардың, институттардың және т.с.с. бірлігі мен өзара
байланысында дамуын әрі сабақтастығын қамтамасыз ету нысаны ретінде
түсіндіріледі.
Осы заманғы батыс саясаттануында саяси мәдениетті белгілі бір саяси
жүйеге қатысушылардың жеке дара нұсқауларының әрі бағдарларының жиынтығы
деп ұғынады, яғни әңгіме саяси іс-қимылдардың негізінде жатқан субъективтік
сала туралы болып отыр. Жеке-дара бағдарлар өзіне бірнеше элементтерді
біріктіреді:
а) саяси жүйе, оның рөлдері, осы рөлдерді иеленушілер мен оның қызмет
атқаруы туралы білімдерді қамтитын танымдық бағдарды;
б) саяси жүйеге, оның міндеттеріне, оған қатысушыларға және олардың
қызметіне қатысты сезімді бейнелейтін әсерлік бағдарды;
в) саяси жүйеге, оған қатысушыларға және олардың іс-қимылдарына
тікелей қатысын білдіретін бағалау бағдарын біріктіреді.
Саяси мәдениет құрылымдық буын болып табылады. Оның құрылымы мынадай
элементтерге бөлінеді:
а) саяси білімдердің, көзқарастардың жиынтығы (ақпараттық мән-жайы);
б) саяси сенімдер, мұраттар (бағалау мән-жайы);
в) саяси іс-қимылдар, актілер, қоғамдық саяси оқиғаларға қатысу
(тәртіптік-іс-тәжірибелік мән-жайы);
г) саяси нормалар, дәстүрлер;
д) мемлекет пен қоғамның саяси институттары.
Қоғамның дамуы үшін, әсіресе құқықтық мемлекет құратын қоғамдар (атап
айтқанда, Қазақстан) үшін оның мәдени құқығының зор маңызы бар. Құқықтық
мәдениетті қоғамнның жиынтық құқықтық тәжірибесі, адамдардың құқықтық сана-
сезімінің сипаты олардың құқықтық әлуетін пайдалану шеберлігі мен
тәсілдері, құқықтық институттарының бүкіл жүйесі қызметінің сапасы және
қоғамдық өмірге әсері деп ұғынады.
Саяси мәдениетке мынадай негізгі құрамдас бөліктер жатады:
а) құқықтық ойлаудың белгілі бір дәрежесі;
б) адамдардың заңдарды білуінің тиісті деңгейі;
в) құқық нормаларын, олардың беделін құрметтеудің жоғары деңгейі;
г) заң шығару және құқықтарды тапсыру процестерінің сапалық жай-күйі;
д) құқықтық қызметтің айрықша тәсілдері (құқық қорғау органдарының
жұмысы, конституциялық бақылау және т.т.);
е) адамдар жасаған рухани және материяландырылған түрдегі құқықтық
қызметтің нәтижелері (заңдар, заңнамалар жүйелері, сот тәжірибесі және
басқалары).
Саяси мәдениет қоғамдық құбылыс ретінде қоғамда нақты міндеттер
атқарады. Саяси мәдениеттің негізгі міндеттері:
а) танымдық міндеті - саяси білімдерді меңгеру негізінде саяси
көзқарастар мен сенімдерді қалыптастыру;
б) ұқсастыру міндеті — жеке-дара адамның саяси мәртебесін анықтау,
белгілі бір қауымның қатысуы мен мүдделерін білдірудің тиімді тәсілдерін
жасау;
в) нормативтік-құндылық міндеті - қоғамда қажетті жалпы жұрт таныған
саяси құндылықтарды, нұсқаулар мен нормаларды баянды ету;
г) ықпалдастық міндеті - қоғам таңдап алған саяси құрылыстың кеңінен
мәлім әрі тұрақты әлеуметтік базасын қамтамасыз ету;
д) байланыс жасау міндеті — жалпы саяси мүдделер мен мақсаттардың
үйлесуі негізінде биліктің барлық субъектілері мен институттарының өзара іс-
қимылын қамтамасыз ету.
Саяси мәдениеттің жіктелуі
Саяси мәдениетті жіктеудің негізінде мейлінше әралуан өлшемдер болады:
Өлшемдер ретінде мыналарды ұсынады:
а) саяси жүйелердің ерекшелігін;
б) екіншілері — елдер мен аймақтарды;
в) үшіншілері - жаңалықтар үшін саяси мәдениеттің ашық немесе жабық
болуын;
г) төртіншілері — идеологиялық айырмашьшықтарды және т.т. ұсынады.
Е.Вятр идеологиялық айырмашылықтарға негізделген саяси мәдениеттердің
жіктелуін ұсынды. Ол дәстүрлі саяси мәдениетті, қоғамдық топтар
демократиясының саяси мәдениетін, социалистік саяси мәдниетті қарастырад:
Дәстүрлі саяси мәдениеттің түрі принципінде құл иеленушілік және
феодалдық құрылысқа сай келеді және үш түрде көрінеді:
а) дәстүрлі тайпалық саяси мәдениет;
б) дәстүрлі теократиялық саяси мәдениет;
в) дәстүрлі озбырлық саяси мәдениет.
Дәстүрлі саяси мәдениетпен қатар, буржуазияға дейінгі дәуір қоғамдық
топтар демократиясының саяси мәдниеті секілді саяси мәдениет түрін бөліп
көрсетеді, оның кезінде халықтың едәуір бөлігі саяси процестерге қатысудан
толық шеттетіледі.
Тарихта бұл саяси мәдениеттің екі түрі болды: кейбір грек халқының,
республикалық Римнің және ортағасырлық Италия қалаларының патрихиалдық
мәдениеті, сондай-ақ дворяндық саяси мәдениет болды.
Буржуазиялық қоғам саяси мәдениеттің екі түрін: демократиялық және
автократиялық мәдениет түрін біледі.
Бірінші түрі, өз кезегінде, кертартпа-либералдық және либералдық-
демократиялык екі түрде болады.
Саяси мәдениеттің автократиялық түрі демократиялық түрді өзінше
теріске шығару болып табылады және екі түрде авторитарлық әрі тоталитарлық
мәдениет түрінде көрінеді.
Социалистік саяси мәдениет жұмысшы табының идеологиясы ретінде
марксизмнің пайда болуына байланысты еді, ол іс жүзінде тоталитарлық саяси
жүйенің көрінісіне айналды, саяси процестің субъектілері ретінде бұқараның
бастамасын төркі етті.
Саяси мәдениеттердің қоғамда билік жүргізу сипатымен байланысына
негізделген оның саяси жүйесеін келесі жікке бөлу демократиялық,
авторитарлық және тоталитарлық саяси мәдениет.
Демократиялық саяси мәдениет үшін шынайы демократиялық құндылықтар мен
мұраттарға, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамға, саясатқа еркін
қатысуға, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы пікір алуандығына, адам
құқықтарының басымдығына және т.с.с. бағдарлану сипатты болады.
Авторитарлық саяси мәдениет үшін мынадай басымдықтар: мемлекеттің
айқындаушы рөлі, қоғамда бір саяси партияның болуы сипатты келеді,
мемлекеттің мүдделері жеке адамның, әлеуметтік топтардың мүдделерінен үстем
болады... "Бірыңғай идеология", "саяси тәртіп", "саяси бірлік" құндылықтар
ретінде таңылады.
Тоталитарлық саяси мәдениет адамның санасына мінез-құлықтың қатаң
идеологияландырылған таптаурын қағидаларын, азаматтардың саясатқа
қатысуының мемлекет бағыттауындағы және бақылауындағы нысандарын мойындау
мен саяси шынайылық деп дәлелдеуге ұмтылады. Ол үшін көпшіліктің саяси
селқостығы мен әлеуметтік үрейге, оңды өзгерістер мүмкіндігіне
сенбеушілікке негізделген пайдакүнемдік ырықшылдық сипатты болады.
60-жылдардың орта шенінде Г.Алмонд ден С.Верба әртүрлі елдердің
(Англияның, Италияның, АҚШ-тың, Мексиканың) саяси жүйелерін зерттеу
негізінде саяси мәдениетті үш "таза" түрге бөлді.
а) патриархалдық түр — тоталитарлық және авторитарлық саяси режимдер
үстем болатын артта қалған елдерде пайда болады. Саяси мәдениеттің
патриархалдық түрі үшін саяси, білімдердің, мамандандырылған саяси
рөлдердің болмауы, бұқараның көпшілігінің сауатсыз болуы сипатты кедеді;
б) бостандық түрі — белгілі бір саяси білім сипатты болады, адамдардың
қазіргі мамандандырылған институттары туралы түсінігі болады, оларға
қатысты сезімдерін білдіреді, оларды бағалайды және бұлар жөнінде мінез-
құлық нысандарын орнықтырады, алайда осылардың бәрін енжар білдіреді, яғни
саясат пен қоғамдық өміріге аздап араласуы айқын аңғарылады;
в) партиципаторлық, азаматтық (белсенді) түрі — саяси институттардың,
қоғамдық саясаттың бағыты мен мазмұнының заңдылығына келісумен, мүдделер
әралуандығына төзімділігімен сипатталады. Саяси мәдениеттің азаматтық түрі
үшін қоғамдағы саяси рөлдердің айқын шектелуі, азаматтардың үш негізгі
принципіне — жеке адамның бостандығына, бұқараның әл-ауқаты мен елдің
қауіпсіздігіне жаппай мүдделілік тән болады.
Саяси мәдениеттің батыстық және шығыстық түрлері
Саясат саласындағы Батыс пен Шығыс адамдарының құндылықтарға
бағдарлануының елеулі айырмашылықтары негізінде қоғамдардың тіршілік
қызметінің нысандары, діни дүниетанымының ерекшеліктері, өмірдің мәні,
адамның мақсат-мүддесі туралы философиялық түсініктер бар.
Батыс пен Шығыс саяси мәдениеті үлгілерінің аса сипатты
айырмашылықтары:
а) батыстық тұр үшін саяси процестерге азаматтардың саясатқа
қатысуының көбінде "партиципаторлық" үлгісі, шығыстық тұр үшін — көбінде
"бостандық-партиципаторлық" саяси мәдениет сипатты болады;
б) батыстық саяси мәдениетте саясаттың негізгі элементі ретінде жеке-
дара адамдар, әртүрлі саяси бірлестіктер, ал шығыстық саяси мәдениетте
тиісінше — рулық, этникалық, отбасылық қауым болады;
в) батыстық түрдегі саяси мәдениетте саяси бірегей, құбылыстар
жаңғыртушылық пен дәстүрлер диалектикасы арқылы дамыды, саяси мәдениеттің
шығыстық үлгісі дәстүрлердің негізгі атқаратын рөліне бағдарланған;
г) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қатынастары тұрғысынан
батыстық саяси мәдениетте олардың арасында белгілі бір "келісім" байқалады,
өйткені батыс қоғамыңда аса көп орташа тап пен тұрмысының материалдық
деңгейі жоғары болады. Саяси мәдениеттің шығыстық үлгісі мемлекеттің
азаматтық қоғамды қалыптастыру процесінен басымдығын көрсетеді, онда
бекзаттар мен бұқара арасындағы айтарлықтай "алшақтық" орын алған. Ал егер
азаматтық қоғамды батыстық саяси мәдениеттің сипатты белгісі ретінде
қарастыратын болсақ, онда Шығыста ол өзіндік дәстүрлік белгілерге ие бола
отырып, енді ғана құрыла бастады.
Осы заманғы саяси тәжірибе саяси мәдениетгің батыстық және шығыстық
үлгілері құндылықтарының жинақтау үрдісін дәлелдейді (Жапония, Гонконг-
Қытай, Қазақстан-Ресей). Олардың саяси мәдениеттерінде құндылық
бағдарларын, мінез-құлық стильдерін, азаматтардың саяси қатысу нысандарын,
тәсілдерін жинақтау жүріп жатыр.
3.Саяси әлеуметтену ұғымы.
Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделія тумайды. Олар
біртіндеп, өмір бойы саяси білімін кеңейтеді де толықтырады. Саяси
мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде кдлып, соңғы
үрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі-онегесінен үйреніп отырады. Мүндай процесті
ғылым тілінде саяси әлеуметтену дейді.
"Әлеуметтену" деген ұғымды XIX ғ. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz