Геосаяси сана мен саяси мәдениет



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Геосаяси сана мен саяси мәдениет
Геосаяси сана дегеніміз мемлекеттің тарихы-географиялық орнына
байланысты оның әлемдік даму үрдістеріндегі алатын орны мен рөлін түсіну
деген сөз. Геосаясат әр елдің ғаламдық саясаттағы үрдістерге қатысуының
жолдарын және мүмкіндіктерін тусінуге және соларға сәйкес әрекеттер істеуге
көмектеседі. Геосаяси сананың дұрыс қалыптасуы өз елінің дамуына
көмектесетін стратегиялық одақтарды дұрыс анықтауға жағдай жасайды.
Әлемдік еңбек бөлінісінде елдің қандай өндіріс салаларымен бәсекелестікке
енуге болатындығын анықтайды. Халықаралық ұйымдарда, трансұлттық
компанияларға қатысты тиімді саясат жүргізу жолдарын айқындауға
көмектеседі. Ғаламдық мәселелерді түсіну үшін, ғаламдық қауіптермен жұмыс
істеу үшін геосаясат болуы міндетті.
Қазақстан өзінің мемлекеттік қауіпсіздігін үнемі ойлап және оны нығайту
шараларын қарастырып отыруы зәрулік. Себебі, әлем саяси тұрақсыздық
табалдырығында тұр. Әлемдік демократия мен постиндустриалдық даму тірегі
болды деген АҚШ-тың беделі түсті. Ирак, Ауғаныстан, Иран, Куба, Солтүстік
Корея сияқты мемлекеттерге жасаған АҚШ озбырлығынан сабақ алмасақ болмайды.
АҚШ геосаясаты сол елдің экономикалық, шикізаттық және энергетикалық
мүдделеріне жұмыс істегені белгілі болып қалды. Күндердің күнінде АҚШ
мемлекетінің ұлттық мүддесінің эпицентрінде Қазақстан тұрмысына кім
кепіл. Демек бізге қауіпсіздікті күшейтудің шараларын қарастыру міндет.
Батыс Европа, НАТО бізге қалқан бола алмайды. Себебі, олар түптің-түбінде
АҚШ саясатына одақтас болып шығады. Сондықтан біртіндеп, бізге өз
әскеріміздің қуатын үнемі арттыра беруіміз керек, екіншіден сенімді әскери
одақтастар іздеуге мәжбүрміз. Шынында қазір Ресейден өзге нағыз одақтас
болар мемлекет көріп отырғанымыз жоқ. Қытайдың 100-150 мың әскерін елмізге
кіргізгенімізді елестетіп көріңіз. Сол сәттен бастап Қазақстанның
мемлекеттік тәуелсіздігінен айрылуы процесі басталар еді. Ал Ресейдің
елдегі бар әскеріне қосымша осыншама әскер кіргізсек те Қазақстан
тәуелсіздігіне нұқсан келе қоймайды. Себебі Ресеймен біздің одақтас болу,
мәселелерді ортақ шешу, қайшылықтарды жеңу тәжірибеміз айтарлықтай. Яғни,
біз өзіміздің геосаяси түсініктеріміз бен тәжірбиеміз арқылы Қазақстанның
мемлекеттілігін нығайтуға көмектесетін сенімді одақтар іздейміз. Әрине,
Ресей Батыстан көп салаларда артта қалып қойған мемлекет. Сондықтан
Қазақстан үшін икемді геосаяси ойыншы болуы пайдалы. Әскери
қауіпсіздігімізді Ресей күштерімен қамтамасыз ете отыра батыстың сапалы
технологиясын, біліми – ғылыми жетістіктерін, демократия принциптерін, өмір
сапасын қабылдай білу бүгінгі міндет. Сонымен бірге Шығыстағы ұлы көршіміз
Қытаймен де сауда, экономикалық қатынастарымызды жақсартып олармен достықта
болу пайдалы.
Қазақстан әлемдік өркениеттер, діндер және геосаяси мүдделер
тоқайласқан Евразия кіндігінде тұр. Демек, әлемдік мүдделер күресі біздің
елді айналып өтпейді. Басқарушы биліктің мемлекетті басқару өнері мен
қабілеті осы ғаламшарлық мүдделер тоғысқан тұста Қазақстанның мемлекеттік
егемендігін сақтау, нығайту, басқа мемлекеттер біздің елмен санасатындай
қарым-қатынастар жүйесін қалыптастыру. Қысқаша ғана айтсақ Қазақстанның
саяси элитасының геосаяси санасы елдің әлемдегі орнын анықтайды,
мемлекеттің ұзақ тарихи кеңістікте өмір сүріп, халықтың бейбітшілікте күн
кешуін қамтамасыз ету жолдарын қарастырады. Әлемдік мемлекеттер аралық
бәсекеде, әлемдік мүдделі топтар жарысында тек күшті геосаяси ойын жүргізе
алған мемлекеттер ғана өркениетті адамзат көшінің бел ортасында жүре алады.
Әлсіз геосаяси ойыншылар мемлекеттілігін жоғалтып тарих қойнауына кетіп
жатады.
Қазақ хандығы заманында қазақ халқының геосаяси санасы болды деп батыл
айта аламыз. XV-XVIII ғасырлар арасында 300 жылдай Қазақ хандығы жеке
мемлекет ретінде өмір сүрді. Өкінішке орай Ресей бодандығына ену қазақ
этносын көптеген сапалық белгілерінен айырды. Соның бірі геосаяси ойлауға
қабілеттілік болатын. Қазақ халқының сақталуы, тарих бетінде қалуы күмәнді
болған жағдайда оның әлемдік күрестерге қатысуы мәселесін қою тіптен мүмкін
емес болатын. Сондықтан қазақ ұлтының геосаяси ойлауға мүмкіндігі 1991
жылдан бастап тәуелсіздікпен бірге қайта жаңғырды деп айтуға болады.
Ескеретін жәйіт, геосаяси сананы қалыптастырушы елдің басқарушы элитасы
мен интеллектуалды элитасы. Әсіресе тарихи география, саясаттану, философия
ғылымдарының мамандары елдің геосаяси ойын тәрбиелеуге көмектеседі.
Қарапайым халық геосаясатпен айналысады десек артық айтқандық болады.
Бірақта, тұрмыстық деңгейдегі геосаяси сананы жоққа шығаруға болмас.
Себебі, әрбір азамат өз елінің әлемдік қатынастардағы орны мен маңызы
туралы ойлайтыны және сол үшін белгілі бір дәрежеде алаңдатушылық
білдіретіні анық.
Қазақстан халқының, соның шешуші сегменті қазақ ұлтының геосаяси санасы
қалыптасу үстінде. Оның өсуі ел азаматтарының саяси санасы мен саяси
мәдениетінің өсуіне тікелей тәуелді. Күнделікті саяси үрдістерді түсіну
геосаяси процесстерді түсінуге әкелетін баспалдақ. Қазақ халқының геосаяси
санасының қалыптасуына Алаш арыстарының еңбектері көп ықпал етті деп
білеміз. Қазіргі кезеңде Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағдарларын
елдің геосаяси мүдделері анықтайды. Демек, қазақ ұлтының геосаяси санасының
қалыптасуына президенттік биліктің қызметі үлкен ықпал жасайды. БАҚ
әлемдегі жаңалықтарды халыққа жеткізу, елдің ішкі жағдайдағы және сыртқы
саясатындағы өзекті міндеттер және оқиғалар, оларды шешу мәселелері барлығы
дерлік халықтың геосаяси санасына ықпал етеді.
Ел болып қалу үшін, ұлттылықты сақтау үшін қандай стратегиялық
міндеттерді шешумен айналысуға тиістіміз деген сұрақ тағдырлық мәселені
қозғайды. Әрине бірінші кезекте қазақ ұлтының тілі сақталуы міндет. Ана
тілімізден айрылсақ ассимляцияланған тобырға айналамыз. Қазақ халқы тарих
саханасын жоғалып басқа халыққа қосылады, немесе халықтардың біріккен
тобына енеді. Тіл мен бірге мәдени үлгілеріміз, музыкамыз, діліміз де
мұрағаттарда ғана қалатын болады. Бұл перспектива болмауы үшін Тіл тағдыры
ел тағдыры ұранымен қазақ тілін нығайтудың кешенді шараларын жүргізе
беруіміз міндет. Түптің түбінде барлық қазақтар емес барлық
қазақстандықтардың қазақша сөйлейтініне сенімдімін. Себебі ХХ ғасырдың 50-
70-ші жылдарында жабылған 700 қазақ мектебін қалпына келтіре алдық қой.
Біртіндеп барлық қазақ баласын ана тілінде оқытуға жетісеміз. Одан кейін
барлық қазақстандық балалар қазақ тілін білуді міндет, зәрулік ретінде
санайтын болды. Сондықтан бүгінгі қарқынды бәсеңдетпей, у-шусыз ана
тіліміздің позициясын өнерде, білімде, ғылымда, саудада, өнеркәсіпте,
билікте, финанс жүйелерінде нығайта беруіміз міндет.
Сонымен бірге біз қазақ болып қалу үшін елдің мемлекеттілік қуатын
күшейте беруіміз керек. Қазақтың ұлттық тағдыры Қазақстанның егемендік
тағдырымен біртұтас. Қазақстанның әлемдік аренада күшейуді, дамуы қазақ
халқының этностық тынысын ашатыны және оның мемлекет жасаушы ұлт
ретіндегі құлшыныстарын арттыратыны сөзсіз.
Біз оптимиспіз. Аллаһ тағала қолдаса қазақ ұлтында зор келешек бар.
Мәселе, қолда бар алтынымыз – саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді
сақтау. Тыныштықты шайқалтатын күштерге ермеуіміз керек. Қазаққа керегі
реформалар арқылы болатын эволюциялық даму. Революциялардан келген бір
мысқал жақсылық жоқ. Табиғат, адам сапасы ресурстары бар. Оларды тиімді
пайдалануды үйренсек тәп-тәуір өмір сүретін тұрақты мемлекеттер қатарынан
қалыспайтынымыз шындық.
Әрине, шешілмеген мәселелер, ұлттық қауіпсіздіктерге зиянды құбылыстар
жеткілікті. Біз ғаламшарлық өзгерістер заманында өмір сүрудеміз. Әлемдік
қайшылықтар, қауіптердің барлығы Қазақстанға да ортақ. Тіптен зор жігермен
ден қойған нарықтық қатынастар, капиталистік экономиканың өзін ақтамай
отырғаны, қайшылықтардың көзі болып отырғандығына куәгерміз. Алдағы уақытта
әлемдік тәртіптер, әлемдік саяси құрылыстар қайтадан өзгеруі ықтимал. Әлем
глобалдық масштабтағы өзгерістер мен құндылықтардың алмасуы табалдырығында
тұр. Осындай алмасу, транзиттену заманында күдіктің де болуы, уайымның да
болуы заңдылық. Заман қиыншылықтарының табиғатын әлі де ешкім дөп басып,
ашып көрсеткен жоқ. Түсінбестік пен белгісіздік халық болашағына деген
алаңдаушылықты тудыратын болса керек.
Онымыз рас. Күдік пен қауіптене білу де керек шығар. Олай етпесек
қорғану механизмдерімізді күшейте алмас едік. Біз Ресей саясатынан, Қытай
саясатынан, трансұлттық компаниялар мақсаттарынан қауіптенеміз. Оның
барлығы дұрыс болар. Алайда, қазір біз тәуелсіз мемлекетіміз, Біріккен
Ұлттар Ұйымы мүшесіміз, әлемдік ядролық клуб мүшелері біздің территориялық
қауіпсіздігімізге кепілдік берген. Өзіміздің шағын әскери қуатымыз бар.
Одақтастарымыз да бар мемлекетпіз. Сондықтан қорқып өмір сүрудің қажеті жоқ
деп білеміз. Әлемде 200-ге жуық тәуелсіз мемлекеттер бар ғой. Солардың 20-
дайы ғана әлемдік және аймақтық басым державалар. Қалғандары, басым
көпшілігі түрлі айла-амалмен өз тәуелсіздігін сақтап отырған мемлекеттер.
Қазақстанда осындай елдер қатарында. Сондықтан, өзгертіп жатқан әлемдік
тәртіптерге сәйкес, күшті геосаяси ойыншы болудың барлық шараларын жасап,
іске асырамыз. Ресейде де өзгереді. Бұл мемлекетке стратегиялық одақтастар
ауадай қажет. Және Қазақстанның қауіпсіздігі мен тышынтығы Ресейге өте
пайдалы. Қазақстан Иран, Пакистан, Ирак, Ауғанстан сияқты қазіргі
тұрақсыздық доғасы болып тұратын мемлекеттерден Ресей жерін қорғап тұр.
Ресей Қазақстанмен бірігіп, көмірстутегі шикізаттарды сатуға, тасымалдауға
мүдделі. 7,5 мың шақырым ортақ шекарамыз әлемдегі ең ұзын құрлықтағы
шекаралар қатарында. Бұл мемлекетпен геосаяси одақтас болуды бізге тарихи
тағдыр сыйлап отыр. Ал патша өкіметі мен кеңес үкіметінің қазақ халқына
жасаған зорлық-зомбылықтарын есептеп, бұл елмен өкпелесуге, өштесге бола
ма? Шындықтар белгілі, тарихты қайта жаза алмайсың. Біз шындықты білеміз,
ұмытпаймыз. Бүгінгі күн үшін, болашақ үшін Ресеймен бірігіп әрекет етудің
қажеттігін тағы да білеміз. Демек, өткенге өкпелей бермей бүгінгі әлемдік
өзгерістерге жауап беретін мүдделер ырқында болатын ішкі және сыртқы
саясатты батыл жүргізе беруіміз пайдалы. Нағыз геостратегиялық ойыншы басқа
мемлекеттермен қарым-қатынаста өз мүддесінің орындалуына қол жеткізіп
отырады. Қазақстанның мәңгілік мүдделері бар. Сол мүдделерге сәйкес
одақтастарды таңдау, әлемдік аренада мемлекеттік құндылықтарымызды қорғай
білу елдігіміздің белгісі.

САЯСИ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ
Саяси мәдениет жие барлық саяси іс-әрекеттерді қарастырады немесе
мінезді анықтайтын фактор ерекше саяси іс-әрекеттің даму деңгейін
қарастырады.
Мазмұнына түсінік Саяси мәденит тарихи тәжірибеде қосылады,саяси
сферадағы жеке индивид,бақылау дағды,саяси мінез-құлық әсер етеді.
1956 жылы Амеркандық саясаткер Г.Алмандан Саяси мәдениеттермініне
түсінік берді.
Кеңес одағы ыдырап, посткеңестік мемлекеттер өз тәуелсіздігіне ие
болған тұста өз егемендігін жариялаған Қазақстан Республикасы халықаралық
қоғамдастықтың толыққанды мүшесі ретінде мемлекет құрудың жаңа кезеңіне
қадам басты. Демократиялық дамудың жолына түскен жас мемлекеттің алдында
үлкен міндет тұрды. Ол - мемлекеттің саяси жүйесін уақыт пен қоғам талабына
сай және демократиялық құндылықтар негізінде құру. Осындай келелі
міндеттерді сәтті түрде іске асырған Қазақстан өз экономикасы, өз шекарасы,
дербес саясаты бар мемлекетке айналды. Еліміз зайырлы, демократиялық қоғам
құруға бағыт алып, саяси жүйені жаңғырту істерінде елеулі жетістіктерге
жетті. Демократияландыру үрдістерін қолдай отырып, таза батыстық үлгідегі
азаматтық қоғамды жалаң түрде көшіруге бой ұрмай, жергілікті халықтың
тарихи-мәдени ерекшеліктеріне бейімделген қоғам құру жолындағы салмақты да
сындарлы саясат елімізді дәйектілікпен дамуға жеткізіп келеді. Осы жылдар
ішінде Қазақстан ел тұрғындарының ортақ мүдделері негізінде тиімді ішкі
саясат жүргізе білді. Сол арқылы еліміздің ең маңызды жетістігі - ішкі
саяси тұрақтылық пен келісім орнады. Бұл жылдары мемлекеттің іргесі
нығайтылды, бірқатар әлеуметтік экономикалық өзгерістер жүзеге асты.
Осылайша, қазақ мемлекеттілігі, оның біртұтастығы, саяси экономикалық
дербестігі, табиғи байлықтарын халық мақсатына пайдалануға құқылығы және
өзге мемлекеттермен тең дәрежедегі қарым-қатынасы қалыптасты. Осының бәрі
мемлекеттің дамуы ондағы халықтардың өзара келісімі, ішкі саяси тұрақтылық,
бейбітшілікке тәуелді екендігін ұғыну арқылы жүзеге асырылды.
Тәуелсіздік жылдарында жаңа азаматтық қоғам қалыптастыру барысында
еліміздің саяси жүйесі де тұтастай өзгеріске ұшырады. Жалпы саясаттың өзі
де үнемі өзгеріп, дамып отыратын құбылыс екені белгілі. Саяси жүйенің,
халықтың саяси тұтастығының белгісі - мемлекет толыққанды өмір сүріп, қоғам
игілігіне қызмет етуі қоғамның тұрақты дамуына байланысты. Ал қоғамның
тұрақтылығы мен оның дамуы ең алдымен мемлекеттегі билік жүйелерін
реттейтін саяси жүйеге, саяси мәдениетке негізделеді. Саяси мәдениетті
дамыту демократияны орнату жолындағы табысқа жетудің басты кілті болып
табылады. Ол үшін қоғам мүшелерінің саясатқа белсенді қатынасуын қамтамасыз
ету маңызды. Саясатқа араласу дегеніміз әрбір азаматты саясатшыға айналдыру
деген сөз емес. Ол қоғамның әр мүшесі мемлекет өмірінде өзіне тиесілі
міндеттерін атқаруы тиіс екенін түсінуіне мүмкіндік беру дегенді білдіреді.
Бүгінгі күні Саяси мәдениет терминінің әлеуметтік мазмұны күрделеніп
барады. Саяси мәдениет деген терминді бірінші болып Американың Алмонд
деген саясаттанушы ғалымы айналымға енгізген еді. Алмондқа жүгінсек, тарихи
тәжірибе, әлеуметтік қоғамның жадысы мен саясат алаңындағы адам мен оның
саяси өмірге ықпалы, саяси әрекеттерге қатысты ұстанған бағыты саяси
мәдениет деген ұғымды білдіреді. Саяси мәдениетті адамдардың саяси
объектіге психологиялық қатынасының жиынтығы дей келе, саяси мәдениет
түрлерін патриархтық, бодандық және қатысу саяси мәдениеті деп бөледі. Ал
Ресейдің танымал саясаттанушысы А. С. Панарин америкалық саясаттанушылар Г.
Алмонд пен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәңгілік Ел идеясы мен Рухани жаңғыру жобасы – Қазақстанның тарихи дамуының жаңа векторлары
Жалған ақпарат арқылы халықтың миын улау
Құқықтық сана, жалпы түсінігі
Жаһандану
ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ – ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛ РЕТІНДЕ
Глобализация және әлемдік қауіпсіздік
Мәдениет және өркениет аясындағы ұлттық тәрбие
Қазақстан Республикасы саяси жүйесіндегі өзгерістер
Жаһанданудың негізгі қасиеттері, оң және теріс әсерлері
Саясат тарихы туралы ақпарат
Пәндер