Қазақстандағы саяси көшбасшылық институты және саяси элита



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Саяси элита және саяси көшбасшылық.

1.Саяси элита ұғымы.
2.Саяси көшбасшылықтың теориялары
3.Қазақстандағы саяси көшбасшылық институты және саяси элита.

1.Саяси элита ұғымы.
"Элита" (Бекзат) терминін саясат ғылымына В.Парето енгізді. Бекзаттар — бұл
өзінше "жоғары сынып" адамдары, олар — ақсүйектерді құрайды, өздерінің
ықпалы мен саяси әрі әлеуметтік күш-қуаты деңгейіне сәйкес жоғары тұрған
адамдар.
Бекзаттардың алғашқы осы заманғы классикалық тұжырымдамалары Г. Моска,
В.Парето, Р. Михельс есімдерімен байланысты.
Г. Моска бекзаттарға билікке бағдарланған саяси тұрғына аса белсенді
адамдар ретінде анықтама берген, бұл ұйымдаспаған көпшілікке басшылықты
жүзеге асыратын ұйымдасқан азшылық. Осы санаттағы адамдарды ол саяси тап
деп атады. Оның дамуында Москва екі үрдісті: ақсүйектік және демократиялық
үрдісті ажыратады. Ақсүйектік үрдіс заңды болмаса да, іс жүзінде саяси
таптың оның мұрагер табына ұмтылуынан айқын аңғарылады. Демократиялық
үрдіс басқаруға аса қабілетті және белсенді төменгі жіктер есебінен саяси
тапты жаңартудан еді. Автордың пікірі бойынша, мұндай жаңарту бекзаттың
азғындауының алдын алады. Екі үрдіс арасындағы тепе-теңдік қоғам үшін аса
қолайлы болып табылады, өйткені елді басқарудағы белгілі бір сабақтастық
пен тұрақтылықты, сондай-ақ сапалық жаңаруын да қамтамасыз етеді.
В.Парето бойынша, әлемді барлық уақытта да ерекше қасиеттері:
психологиялық (тумысынан) және әлеуметтік (жүре найда болатын) қасиеттері
бар тандаулы азшылық — бекзаттар леді әрі билеуге тиіс. В.Парето
бекзатты басқарушы және қысқарушы емес деп бөледі. Басқарушы емес бекзат
— бұл қарсы бекзат, бекзатқа сипатты қасиеттерге ие болған, бірақ өзінің
әлеуметтік мәртебесі мен төменгі жіктерде болатын әралуан кедергілер
салдарынан басшылыққа қол жеткізе алмайтын адамдар.
Қоғам дамуының процесі бекзаттардың басты екі түрінің — "түлкілер" мен
"арыстандардың" мезгіл-мезгіл орын ауыстыруына байланысгы болады.
"Түлкілер" — бұл икемді басшылар, келіссөздер, көндіру, сендіру, жағыну
және т.с.с. басшылықтың "жұмсақ" әдістерін пайдаланады. "Арыстандар"
негізінен күш қолдануға сүйенетін басшылықтың қарама-қарсы әдістерін
қолданады.
Қоғам дамуының біршама тыныш кезеңдерінде "түлкілер" тәуірірек
көрінеді, бірақ қоғамда түбегейлі өзгерістер пісіп-жетіліп оларды дәстүрлі
сендіру, келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған кезде олардың басқаруы
өзін ақтай алмайды.
Р.Михельс бойынша, қоғамды ұйымдастырудың өзі бекзаттықты талап етеді
және оны заңды түрде қайта қалпына келтіреді.
Р.Михельс "олигархиялық үрдістердің темірдей тегеуірінді заңының"
авторы. Оның мәні мынада: демократиямен байланысты қоғамдық ілгерілеу
қоғамды басқару мен бекзаты қалыптастыруды олигархияшаңдыруға сөзсіз әкеліп
соқтырады: қоғамда ірі ұйымдар пайда болады, ал оларды басқару үшін
халықтың көпшілігі қоғамды басқаруға сенің білдіретін бекзатты — азшылықты
қалыптастыруы керек.
Сонымен:
а) бекзат — бұл басқару мен биік үшін күресте қабілетінен көрінетін
тумысынан және жүре пайда боланын ерекше қасиеттері бар азшылық;
б) бекзат үшін кәсіби мәртебесінің, әлеуметтік жағдайы мен
мүдделерінің ортақтығына ғана емес, сонымен бірге бекзаттық сана-сезімімен,
қоғамды басқаруға тиісті өзін ерекше жік деп қабылдауымен топтық ұйымшылдық
сипатты болады;
в) қоғамның дамуы процесінде билік үшін күрес барысында бекзаттардың
ауысуы, олардың қалыптасуы, орнын толықтыруы жүреді;
г) бекзат қоғамда белгілі бір (сындарлы, басшылық және үстемдік) рөл
атқарады.
Саяси бекзаттардың негізгі түсініктемелері.
Осы заманғы батыстың саясаттануындағы саяси бекзаттардың түсініктемесі
жөніндегі барынша кеңінен тараған көзқарастар құндылық және құрылымдық-
қызметтік көзқарастар болып табылады.
Бекзаттың құндылық теориясы оны қоғамның басты сындарлы күші деді
танудан бастау алады:
а) бекзатқа жататындар жоғары қабілеттер мен қасиеттерді меңгеруге
байланысты болады;
б) бекзат өзінің карақан басының толық мүдделерін іске асыруға
ұмтылмай, ең алдымен ортақ игілік туралы қамқорлық жасайды;
в) бекзаттың жетекші рөлі өзінен төмендегілерге қатысты неғұрлым
білікті, азырақ хабары бар әрі тәжірибелі жотары тұрған басшылыққа
ұқсатылады;
г) бекзатты қалыптастыру — қаншалықты билік үшін күрес нәтижесі болса,
соншалықты қоғамның аса құнды өкілдерін табиғи тандаудың салдары болып
табылады.
Екінші көзқарас — құрылымдық-қызметтік көзқарас қоғамдағы билік
талқындамаларына ие болып адамдар топтары ретінде бекзатты түсінуден бастау
алады.
Бекзаттың солшыл либералдық тұжырымдамасының құндылық теорияларынан
сапалық жағынан айырмашылығы бар бірқатар ортақ әдістемелік ережелері
болады:
а) саяси бекзатпен шектелмейтін, қайта корпорациялар, жоғары тұрған
мемлекеттік қызметшілер мен жоғары шенді офицерлер, санаткерлер жататын
бекзат құрамының әралуандығы;
б) бекзат пен бұқара арасындағы терең айырмашылық. Бұқараның
өкілдерінде материалдық, қаржы, білім ресурстарының, байланыстарының және
т.с.с. болмауына қарай бекзаттар қатарына енудің нақты мүмкіндіктері аз;
в) бекзаттардың қатарын толықтыру көбінде ықпал ресурстарына ие болу,
іскерлік қасиеттері, келісімпаздық айқындама сияқты өлшемдер негізінде өз
ортасында жүреді;
г) бекзаттың басты міндеті — бұл өзінің үстемдігін қамтамасыз ету.
Бекзат қоғамның әлеуметтік ұйымының белгісі болып табылады. Қазіргі
заманның бекзаттығы сөзсіз және даусыз болатын құбылыс. Қоғам бекзаттығының
негізгі себептерінің бірі өзінің негізінде көптеген факторлары болатын
көпшілік халықтың саяси енжарлығы болып табылады, бірақ бастысы — көптеген
адамдардың өмірлік мүдделері саясат саласынан тысқары болады.
Саяси бекзат — бұл қоғамдық институттарда басшылық жасау
айқындамаларымен айналысатын бірішама пұрсатты, саяси жағанан үстем және
билік жүргізу шешімдеріне тікелей ықдал ететін топ.
Әлеуметтік өкілдік етуі тұрғысынан бекзат әлеуметтік шығу тегі мен
әлеуметтік тәнділігі секілді факторларға тікелей байланысты болады.
Бекзаттар қатарына жатуы мына ретте айқындаушы жайт болады ол ескі
әлеуметтік және кәсіби мәртебесінен айрылуға әрі жаңа мәртебені алуға
әкеліп соқтырады.
Бекзаттың болуы мына факторларға:
а) адамдардың психологиялық және әлеуметтік теңсіздігімен, олардың
саясатқа қатысуының бірдей емес қабілеттерімен, мүмкіндіктерімен және
ниетімен;
б) еңбектің тиімділік шарты ретінде оны басқарумен кәсіби тұрғыда
айналысуды талап ететін еңбекті бөлу заңымен;
в) басқару еңбегінің жоғары қоғамдық қажеттілігімен және
маңыздылығымен және тиісті ынталандыруымен;
г) әлеуметтік пұрсаттарды алу үшін (өйткені, басқару құндылықтарды
бөлумен тікелей байланысты болғандықтан) басқару қызметін кең ауқымда
пайдаланумен;
д) саяси басшыларға бақылауды жүзеге асырудың іс жүзінде мүмкін
еместігімен байланысты болады.
Бекзаттың жіктелуі.
Ықпал ету көздеріне байланысты:
а) мұрагерлік бекзат (ақсүйектік), құндылық (жоғары беделді және
ықпалды" мемлекеттік айқындамалармен айналысатын), билік жүргізуші,
қызметтік кәсіби басқарушы), бекзаттар;
б) жоғары (бүкіл мемлекет үшін маңызды - шешімдер қабылдауға тікелей
әсер ететін), орта (жоғары қызметшілер, менеджерлер, ғалымдар), әкімшілік
(атқарушы қызмет) бекзаттары,
Тікелей (әлеуметтік уәкілділік) және көлденең (топішілік топ-
тасушылық) байланыстарының арақатынасы бойынша:
а) тұрақты демократиялық бекзат (жоғары уәкілділік) және;
б) алуан пікірлі бекзат (жоғары уәкілділік және төменгі толық
ықпалдасу); билік жүргізуші бекзат, (төменгі уәкілділік және жоғары топтық
ықпалдасу) және ықпалдаспаған бекзат (екі көрсеткіш те төмен).
Бекзаттардың міндеттері. Бекзаттың негізгі міндеті – бұл әлеуметтік
қызметі бағдарламалау. Бұл міндет әлеуметтік қызмет принциптерін жасауды,
мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың үлгілерін, идеологияны, әлеуметтік
бағдарламаларды, ұлттық идеяны жобалауды білдіреді.
Бекзаттардың топтастырушылық міндеті – оның әлеуметтік топтасуын
қалыптастыру. Әралуан мүдделері мен құндылық бағдарлары бар бытыраңқы
"бекзаттар топтары қарама-қарсы талаптар қояды, мұның өзі билік
институттарының бөліктерге ыдырауына әкеліп соқтырады, қоғамның шырқын
бұзады, саяси процестердің тұрақтылығын төмейдетеді.
Бекзаттар қатарын толықтыру. Бекзаттар қатарын толықтыру ұғымы
қозғалыстың басшы топтары құрамына ену процесін білдіреді. Осы күрделі
процесс тарихында мынадай тәсілдер ажыратылады: мұрагер болу (ақсүйектік
бекзат), толықтыру, (сайлау еткізбестен ескі кадрлармен жаңа кадрлардьі
іріктеу), міндетін беру (белгілі бір адамдарға өкілеттер беру) және бәсеке
(сайлауда бірнеше үміткерлердің бақталасу нәтижесінде лауазым алу).
Ғылыми әдебиетте дәстүрлі түрде бекзаттың: қатарын толықтырудың екі
негізгі алатын жүйесі (дүниежүзілік саяси тәжірибеде мейлінше жиі
ұшырасатын) - ангрепренерлік және гильдиялар жүйесі қарастырылады.
Антрепренерлік жүйенің сипатты белгілері мыналар:
а) кең әлеуметтік негіз, бекзаттар қатарына енуге кез келген
әлеуметтік жіктердің өкілдері үшін мүмкіндіктер;
б) ресми талаптар, институциялық іріктеулер санының аз болуы;
в) таңдаушы (селекторат) тобы (бүкіл елдің сайлаушыларына дейін;
г) іріктеудің бәсекелестігі, бақталастығы;
д) бекзаттар құрамының өзгергіштігі, көшбасшылар ауысымының
серпінділігі;
Аталған сипатты белгілерді талдау мыналарды көрсетті: іріктеудің бұл
жүйесі енгізілетін жаңалықтардағы – жас көшбасшыларын тартуда көптеген осы
заманғы саяси жүйелердің қажеттілігін, жекелеген саяси институттардың
өзгеруін, деэтатистік үрдістердің күшеюін және т.т. бейнелейді. Сонымен
қатар, антрепренерлік жүйенің нашар жақтарын да: нәтижелерді нашар
көрсетуін, саясаттағы тәуекелдің көп ықтималдығын атап көрсеткен жөн.
Гильдиялар жүйесі үшін мынадай ерекше белгілер тән:
а) бекзаттың төменгі жіктерінен шыққан үміткерлердің жабдықтығы,
оларды іріктеу, билікке біртіндеп жету жолы;
б) іріктеуді институциялаудың жоғары деңгейі – лауазымды иелену үшін
көптеген сүзгілердің (ресми талаптардың), мәселен, жасының, жынысының,
ұлттық, білімінің шектеулі және т.т. болуы;
в) таңдаушының біршама жабық тобы (негізінен –бұл жоғары басшылық
құрамы немесе бір ғана бірінші басшы);
г) ашық бәсекелестіктің болмауы;
д) бекзаттың қазіргі түрін қайта қалпына келтіруге ұстаған үрдіс
сабақтастық.
Гильдиялар жүйесінің өзіндік күшті жақтары бар. Ең алдымен саясатты
мейлінше болжамдау, тәуекел деңгейінің аздығы, ішкі жанжалдар
ықтималдығының аздығы, бірауыздылық. Алайда бұл жүйе төрешілдікке
бейімділік, жаппай үстірттік туғызуы жағынан кемшін соғады, мұның өзі
қоғамдық сананы тұншықтырады, талғамсыз етеді, сөйтіп, сайып келгенде
бекзаттың өзін азғындауға әкеліп соқтырады.
Гильдиялар жүйесі тоталитарлық саяси жүйелерге тән болады және
номенклатуралық жүйеден көрініс табады. Мынаны ерекше атап көрсету керек:
нарықтық қатынастардың, еркін баламалы сайлаудың орнығуы, тәуелсіз БАҚ,
саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың дамуы және т.т. біздің
мемлекетімізде бекзаттар қатарын толықтыру проблемасын жаңаша тұрғыда қойып
отыр.
Бекзаттар қатарын толықтырудың негізгі жолдары:
әлеуметтік өкілділіктің ұлғаюы, яғни қоғамның әралауан әлеуметтік
жіктеріне бекзаттар қатарына өтуінен үміттенуге мүмкіндік беретін тік
әлеуметтік жинақылығының жаңа сатыларының пайда болуы туралы:
1) билік құрылымына санаткерлік жіктерінің өкілдерін, белгілі
ғалымдарды тарту;
2) өткеннің бірсарындылығы мен талғамсыздығынан арылған жас кадрларды
тарту.
Жоғарыда аталған оң өзгерістер қазақ қоғамындағы бекзаттардың қатарын
толықтыру проблемаларының бірінші дәрежелі маңызын төмендете алмайды. Оның
қатарын толықтырудың әлеуметтік тетіктері саяси көшбасшыларының қағамдық
рөліне тікелей ықпал етеді.

2.Саяси көшбасшылықтың теориялары
"Көшбасшы" сөзінің этимологиясы "жетекші" дегенді білдіреді, яғни
көшбасшыны біз басқаларға бірлескен қызметте ықпалдасу мақсатында әсер
етуге қабілетті адам деп білеміз, ол қызмет белгілі бір қауымдастықтың
мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.
Саяси ғылымда көшбасшы сонымен бір мезгілде саяси ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси элита және оның қоғамдағы рөлі
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Саяси элита және саяси көшбасшылық
Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
Әкімшілік элита
Саяси элитаның теориялық тұжырымдамалары
Саясаттанудың негізгі парадигмалары
: Саяси басшы топ саяси элита
Саясаттанудың әдістері
Саясаттану пәнінен дәрістер кешені
Пәндер