Сезім мүшелері. Көздің құрылысы
Сезім мүшелері. Көздің құрылысы.
Алыстан және жақыннан көргіштік
Адамның тіршілігі сыртқы ортамен тығыз байланысты. Қоршаған ортада болып
жатқан ақпараттар ағынын жүйкелер сезімтал ұштары арқылы (рецепторлар)
қабылдайды.
Тітіркендіргіш (түршіктіргіш, қоздырғыш) әр түрлі заттардың (ине, ыстық,
суық, қатты дыбыс және т. б.) денеге (ағзаға) әсері. Рецептор сезім
мүшелерінің (анализаторлардың) шеткі бөлімдері, ол сыртқы және ішкі деп 2-
ге бөлінеді. Сыртқы рецептор (жүйке ұштары) терінің үстіңгі (беткі)
қабатында болады, тітіркендіргіштерді сыртқы ортадан қабылдайды. Мысалы,
қолдағы теріге инемен әсер етсе адам дереу қолын тартып алады. Ішкі
рецепторлар ағзаның ішінде, ішкі мүшелерде (жүрек, ішек-асқазан,
қантамырлары және т .б.) болатын құбылыстарды хабарлайды.
Адамда 5 түрлі сезім мүшелері бар, олар: көру мүшесі – көз; есту мүшесі –
құлақ; иіс сезу мүшесі – мұрын; сипап сезу мүшесі – тері; дәм сезу мүшесі –
тіл. Сезім мүшелері қоршаған ортаның белгілі бір тітіркендіргіштерін ғана
қабылдайды. Мысалы, құлақ – тек дыбысты, көз – тек жарықты және т. б.
Сезім мүшелері мимен және өзара бір-бірімен тығыз байланысып, бірін-бірі
толықтырып тұрады.
Сыртқы және ішкі тітіркенуді қабылдап талдайтын сезімтал жүйкелер жиынтығын
физиолог ғалым И.П.Павлов анализатор деп атады. Сезім мүшелерін кейде
сенсорлық жүйе деп те атайды (латынша sensus – сезу, түйсіну).
Анализатор. Анализаторда 3 бөлік болады: 1) тітіркендіруді қабылдайтын
шеткі бөлігі – рецепторлық; 2) қозуды (тірі жасушалардың тітіркенуге
жауабы) рецептордан орталық жүйке жүйесіне өткізетін – өткізгіш бөлігі; 3)
ми қыртысында қозуды талдайтын – орталық бөлігі. Сонымен анализатордың
бөліктері – шеткі, өткізгіш, орталық деп аталады. Анализаторлардың барлық
бөлігі бір-бірімен тығыз байланысты. Егер анализатордың бір бөлігі
зақымданса басқа бөліктеріне әсер етіп, тітіркенуді ажырату қабілеті
жоғалады (жойылады).
Көздің құрылысы. Адам сыртқы ортада болып жатқан түрлі ақпараттардың 80–90%
астамын көзбен көріп біледі. Көру мүшесі көз алмасы мен қосымша
аппараттардан тұрады. Көз алмасы 3 түрлі қабықшадан тұратын шар тәрізді
мүше
Сыртқы қабықшасы – қалың, тығыз, дәнекер ұлпасынан тұратын ақ қабықша. Бұл
қабықша көз алмасының артқы бөлігін қаптап тұрады. Ақ қабықшаның алдыңғы
жағы мөлдір әрі дөңес қасаң қабықшаға айналады. Ақ қабықша көз алмасына
пішін береді, қасаң қабықша жарық сәулесін өткізеді.
Көздің құрылысы:
а) көздің құрылысы және қосымша аппараттары: 1 – қас; 2 – қабақ; 3 – ақ
қабықша; 4 – нұрлы қабықша; 5 – көз қарашығы; ә) көз алмасының
сызбанұсқасы: 1 – көз алмасының бұлшықеттері; 2 – қантамырлары; 3 – жүйке
талшықтары; 4 –көру жүйкесі; 5 – шыны тәрізді дене; 6 – ақ қабықша; 7 –
кірпік бұлшықеттері; 8 – қабақ; 9 – кірпік; 10 – қасаң қабықша; 11 – көз
бұршағы; 12 – нұрлы қабықша; 13 – торлы қабықша
Ортаңғы қабықшасы – қантамырларына бай тамырлы қабықша. Бұл қабықшада
қантамырлары көп болғандықтан көзді қоректік заттармен қамтамасыз етеді.
Тамырлы қабықшаның алдыңғы жағы нұрлы (бояулары түрлі түсті) қабықшаға
айналған. Нұрлы қабықшаның дәл ортасындағы тесік – көз қарашығы деп
аталады. Қарашық арқылы көздің ішіне жарық өтеді. Көз қарашығы бірде
ұлғайып, бірде кішірейіп көзге жарықтың өтуін реттейді. Жарық мол түссе
қарашық кішірейеді, аз түскенде ұлғаяды. Қарашықтың кішірейіп немесе ұлғаюы
нұрлы қабықшада болатын бұлшықеттердің жиырылып босаңсуына байланысты Қасаң
қабықша мен нұрлы қабықшасының арасында көздің алдыңғы қуысы орналасқан.
Нұрлы қабықша мен көз бұршағының арасында көздің артқы қуысы бар. Көз
қуыстарындағы сұйықтық көздің ішкі қысымын реттейді.
Нұрлы қабықша пигментке (бояғыш зат) бай. Пигменті аздау көз – көк немесе
боз түсті. Қара көз бен қой көзде (қоңырқай) пигменттер жеткілікті болады.
Пигментсіз болса, қызыл, тағы басқадай түсті болады. Қара пигментті
жасушалар жарық сәулесін жақсы сіңіреді.
Көз қарашығының қалыпты жағдайы мен ұлғаюы
Қарашықтың артқы жағында пішіні екі жағы да дөңес линзаға ұқсаған мөлдір
дене ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz