Секуляризация және еркін ойшылық әлеуметтік-тарихи феномен ретінде



Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Секуляризация және еркін ойшылық әлеуметтік-тарихи феномен ретінде.

Дәріс мақсаты; Секуляризация және еркін ойшылық әлеуметтік-тарихи
феномен ретінде қарастыру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 

1. Секуляризация және еркін ойшылық әлеуметтік-тарихи құбылыс ретінде
2. Христиан діні тарихындағы секуляризация процесі
3. Ислам әлеміндегі секуляризация процесі.
4. Еркін ойшылық ұғымы. Еркін ойшылық түрлері. 
5. Ар-ождан бостандығы және дін еркіндігі. 

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):

Секуляризация (лат. saecularis – діни емес, кәдімгі өмір тіршілігі,
зайырлы) бастапқыда діни ұйымдардың жеке меншігінің, яғни шіркеулік
жерлердің және мүліктердің мемлекет тарапына өту процесін білдіретін ұғым
ретінде пайдаланып келді. Осы аталған мағынасында секуляризация көне
уақыттан бастап орын алған болатын, өйткені дін иелері мен діни ұйымдардың
шектен тыс пайда тауып, баюы көптеген зайырлы билік иелеріне жағымсыз болып
көрінетін. Мысалы, Көне Мысырда аменхотеп ІУ перғуан (фараон) тұсында
осындай процестер орын алған. ХІІ ғасырдың соңынан бастап батыс
әлеуметтануында секуляризация жалпы қоғамның діни және шіркеулік
институттардың құрсануынан босануы деп түсіндіріледі. Яғни секуляризация –
діни институттардың әлеуметтік функцияларын шектеу, шіркеудің мемлекеттен
шеттетілуі, білім беру жүйесін шіркеуден ажырату, ақыр соңында осы
шаралардың нәтижесінде діни көзқарастарды қоғамдық санадан ығыстырып, оның
орнын ғылыми дүниетаныммен толықтыру. Секуляризацияның мағыналық синонимі -
десакрализация (сөзбе-сөз аударсақ, қасиеттен айыру, қасиетсіздендіру

Секуляризация процесінде, феодализмнен капитализмге көшу сатысында рухани
мәдениеттің әртүрлі салалары: философия, өнер, мораль, ғылым-біртіндеп діни
санкциялаудан құтыла бастады. Шығу тегі бойынша орыс американ социологы
П.А. Сорокиннің Батыс Еуропадағы секуляризация процестері туралы
мәліметтерін келтірейік. Егер Орта ғасырларда идеалистік философия
философиялық жүйелердің 100 пайызын құраса, ХХ ғасырда (1900-1920) оның
үлесі 40,9 пайызға дейін түсті. Эмпиризм, материализм, критицизм және
агностицизмнің дамуы мен таралуы жүріп жатты. Ал бұл П.А. Сорокиннің пікірі
бойынша, философия секуляризациясының көрсеткіші болды. 

Секуляризацияланған қоғам жайында трансценденцияны қайталап ашу қажет
және оны бәрінен бұрын адам өмірінің кездейсоқтықты жеңетін тәртіп пен
тұрақтылық қамтамасыз етілетін салаларынан іздеу керек. Трансценденция
әрекетін безендеу үшін П. Бергер келесі суретті ұсынады. Нәресте түнде
оянып кетеді, ол бағдарсыз қалғандықтан, жылайды, шешесін шақырады; шешесі
келіп баласын бәрі де орынында деп жұбатады. Бұл күнделікті қайталанатын,
әдеттегі қарапайым жағдай, оны түсіндіру діни өлшемді қажет етпейді. Бірақ
дәл соның мұндай әдеттегі қарапайым болып табылатыны, - дейді П. Бергер, -
тіпті әдеттегідей емес, шешесі баласын алдап тұрған жоқ па? деген сұрақ ,
яғни тікелей діни өлшемге енгізетін сұрақ тудырады. 

Еркін ойшылық ұғымы. Еркін ойшылық түрлері. 

Діни сенім бостандығы - адамның негізгі жəне ажырамас құқықтарының бірі.
Біздің қоғамымыз ұзақ жылдардан кейін осы түсінікке келді. Қазақстан
Республикасы Конституциясының “Адам жəне азамат” деп аталатын екінші
бөлімінің 19-бабының бірінші тармағы жəне 22-бабының бірінші жəне екінші
тармақтары Қазақстанның əрбір азаматы діни бостандыққа құқылы екендігін заң
түрінде бекітеді.

Сонымен қатар, əрбір адам басқа дінді ұстанған адамға да, құдайға сенбейтін
адамға да түсіністікпен, шыдамдылықпен қарауы тиіс. Сонда ғана адамдардың
арасында достық, сыйластық, ынтымақтастық қалыптасып, қоғамдағы тұрақтылық
сақталады.

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар; 

Секуляризация дегеніміз не?

Секуляризация теориялары (П. Бергер, Т. О Ди, Т. Парсонс, Р. Белла). 

Секуляризация процесінің негізгі кезеңдерін атаңыз.

Қазіргі қоғамдағы секуляризация процесінің көріністері және салдары
қандай?.

Христиан діні тарихындағы секуляризация процесін сипаттаңыз? 

Ислам әлеміндегі секуляризация процесін сипаттаңыз?. 

Еркін ойшылық әлеуметтік-тарихи құбылыс ретінде қалай түсінесіз?

Еркін ойшылық ұғымының мәнін ашып көрсетіңіз?. 

Еркін ойшылық түрлері қандай?. 

Ар-ождан бостандығы және дін еркіндігін қалай түсінесіз?. 
Материя – (лат. material – зат, нәрсе, материал) философиядағы заттардың
түпкі тегі, белгілі бір бастапқы зат – материя адамға оның өзінің түйсігі
арқылы мәлім болатын, біздің түйсіктерімізге тәуелсіз бола тұрып, оның сол
түйсіктеріміз арқылы көшірмесі, суреті түсетін обьективтік реалдылықты
белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория (В.И. Ленин).
Эмпиризм – гносеологиядағы бағыт, ақиқат білімнің бірден-бір көзі сезімдік
тәжірибе деп санайды.
Агностицизм – ( гр. А теріске шығару және gnosis – білім ) обьективтік
дүниені, обьективтік ақиқатты білу мүмкіндігін толық емес, ішінара теріске
шығаратын ілім

Гуссерльдің иррационализмге жуық феноменология деген ілімі адамның сана-
сезіміндегі қалыптасқан құрылымдарды зерттеген. Алдымен феноменологияны
таза ғылым есебінде көруге әрекеттенген Гуссерль құрылымдардың тәжірибе
мен сынаққа жатпайтынын жоспарлап, оларды логика және математиканың
ұғымдарына жақындатқысы келді. Кейіннен Гуссерль ғылым жолынан
иррационализмге бүтіндей ауып, құбылыстарды өмір әлеміне көшіріп, оларды
теориялық және практикалық қызметттің негізі деп санады.
Идеализмнің біздің заманымыздағы етек жайған бөлігі – дін философиясы.
Батыс елдерінде ол алдымен неотомизм, яғни Ватиканның философиясында
кеңінен қолданылып отыр. Өкілдері Францияда тұратын Э. Жильсон мен Ж.
Маритен т.б. Ал неотомистер болса, олар Батыс Европа мемлекеттерінде жиі
кездеседі. әулие Фома академиясының философия институтында, католиктік
институттар мен университеттерде неотомизм философиясы үнемі насихатталып
отырады. Сондай-ақ оның идеологиялық ықпалын кітап, газет-журналдардан да
айқын аңғаруға болады.
Өзінің концепциясы жағынан неотомизм материализмге де, субъективтік
идеализмге де қарсы шыққан объективтік идеалистік ағым. Ол қарама-қарсы
ғылым мен діни нанымды, сенім мен парасатты біріктіргісі келеді. Сонымен
бірге ол нұрлану мен тәжірибенің , сынақтың аңдаушылық пен нақты істің,
жекелік пен жалпылықтың қосылуын көздейді. Ол үшін құдайға сенушілікті
толық мойындап, теология негіздерін ғылыми тілге аударуды ұсынып, сол
салада көп әрекеттенуде. Біздің әлем ол түсінік бойынша құдай жаратқан
көптеген бөлшектер мен қабаттардан тұрған секілді. Неотомизмнің
философиялық негізінде Фома Аквинский өзгерткен Аристотельдің әлем бейнесі
жатыр.
Бұл философияның таным теориясының астарында метафизикалық әдіс (яғни
бірінші философия) жатыр. Оның бастамасы – таза болмыс, оның ажырамайтын
қасиеттері бірлік, ақиқат, игілік және әсемдік. Осы қасиеттердің арқасында
құдайдың таза болмысын тануға болады. Неотомизм, аналогия бойынша,
жергілікті нәрселер мен заттарды, құбылыстарды салыстыра отырып, құдайдың
нұрлануын көруге болады деп үйретеді.
Неотмизмнің болмыс туралы ілімі онтологиясында құдайдың атқаратын қызметі
зор. Табиғат концепциясында накты іске асқанмен келешекте іске асу ұғымдары
да жатывр. Әр нәрсе, зат, құбылыс мүмкүндік күйінде болса, жаратқан тәңірі
сол мүмкіндіктерді шындыққа айналдырып, заттар мен құбылыстардың пайда
болуына жол ашады.
Қазіргі кезде Шығыста неотомизмнің орнына ислам дінінің, оның
философиясының орны ерекше. Мұсылман философиясының ХХ ғасырға дейін
сақталған иррационализмді қолдайтын бағыты – суфизм. Ол алдымен бір жағынан
исламға қарсы шыққанда, екінші жағынан шығыс аристотелизмімен де
келіспеген. Суфизм мистикалық, сана – сезімге сенбейтін бағыт. Ертеден келе
жатқан хал ілімінде адам бірден нұрлану нәтижесінде құдайға жол ашуы
мүмкін. Ғазалидің күшімен суфизм ислам өкілдерінен бата алған, бірақ осы
уақытқа дейін көптеген дін әуесқойлары мұны таза мұсылмандық емес деп ол
ілімге қарсы шығып отырған. Хал жүйесі сияқты біздің кезімізге дейін
Сухравардидің ишрақ ( мистикалық нұрлану ), Хамаданидің вахдат аль вуджвуд
( болмыс бірлігі ) деген ілімдері сақталды.
Суфизмнен басқа идеализмге жататын ваххабизм бағыты сақталып келе жатыр.
Оның өкілдері Абд әл-Ваххаб, Ибн Сауд т.б. дін философиясының түрін
өзгерту, формаға салу керек деп, исламда тарихи бұрмалау мен қатеден
арылтып, ілгерідегі оның таза түріне қайтарып, ежелгі Медина кезіндегі
күйге алып келу қажеттілігін жариялады.
Біздің заманымызда реформаторлық бағыттан басқа панисламизм, ұлтшыл
буржуазия мен мұсылман иелерінің мүддесін қорғаған реакцияшыл ағым, әсіресе
фундаментализм басым болды.
Қазіргі кезде жер шарының едәуір бөлігінде әлемдегі кеңінен тараған діңнің
бірі – ислам діні идеологияның жетекші формасына айналып отыр.
ХХ ғасырдағы философияның ішіндегі ғылым мен техниканың өрістеуіне жақындау
бағыттардың ең алдынғы қатардағысы – неопозитивизм. Ол жаңа позитивизм
аталып, бұрынғы позитивистік философияның негіздерін ашып, оны жалғастырып,
логика, математика және білімді формаландыру арқасында ғалымдардың алдында
үлкен абыройға ие болып, жалпы рухани өмірге зор әсер етті. Бұл ілім
эмпириялық негіздер мен теориялық аппараттың қарым-қатынасын қарастырып,
білімнің математикалық және формальдық жақтарын зерттеп, ғылым тілін
логикалық талдау арқылы біраз жетістіктерге де жетті.
Неопозитивизм басынан-ақ философияға қарсы шығып, оны ғылым ретінде
қажетсіз деп дәлелдеуге тырысты. Сондай-ақ ол метафизика ережелеріне де
қарсы шығып, философия қағидаларының, әсіресе оның негізгі мәселесінің
мағынасыз екендігін дәлелдеген болатын. Ал философияның негізгі мәселесін –
адам ойлауының болмысқа қатынасын – ол дөрекі, жалған мәселе деп қарайды.
Ілгеріден келе жатқан Дж. Беркли мен Д. Юмнан шыққан субъективизм мен
феноменализм бағыттарын жалғастыра отырып, неопозитивизм, дегенмен жаңа
күрделі мәселелерді қойды.
Вена үйірмесінен тараған логикалық позитивизм (Р. Карнап, О.Нейрат, т.б.)
конвенционализм ілімін алға шығарды. Олар ғылыми философия тек ғылыми
тілдің құрылымы мен құрылысын ғана зерттеуі тиіс деді. Логикалық
позитивистер тұтас (бөлінбейтін) ғылымды іздестіру жолында оның іргетасы
етіп тікелей берілгендік деген ұғымды алды. Ал бұл ұғымды эмпиризм болып
аталды. Оның негізін қалаушылар АҚШ – қа көшіп кетті де, ол жерде
позитивизм концепциясына кейбір өзгерістер енгізді. Мысалы, бұрынғы базис
тілі орнына енді нәрсе тілі деген пайда болды, яғни адамның іштей сезіну
тілінің орнына сырттай физикалық құбылыстарды зерттейтін тіл орнықты.
Верификация ( әрбір ғылыми сөйлемді эмпириялық жолмен тексеру кішірейтілді.
Логикалық эмпиризм теориялық түсініктердің мағынасын жете түсіндіре
алмағандықтан, күшін жоғалта бастап, өз орнын ығысып позитивизмнің басқа
түрлеріне беруге мәжбүр болды.
Логикалық позитивизмге қосылып, оның идеаларын әрі қарай дамытқандар
қатарына америка философиясында Ч. Моррис, П. Бриджмен, Львов – Варшава
логика мектебінде А.Тарский, К. Айдукевич т.б. жатады. Бірақ позитивизм
ішіндегі логикалық позитивизм мен эмпиризм әлсіреп қалғаннан кейін олардың
орнына лингвистикалық философия келді.
Эмпиризмнің орнына келген философияның шын аты – күнделікті тілдің
философиясы, яғни лингвистикалық талдаудың философиясы. Ол да басқа
позитивизм түрлері сияқты, философия тек қана ғылым ішінде болу керек, ал
оның дүние-танымға қатынасы жоқ деп есептейді. Бірақ бұл бағыттың
ерекшелігі ол тілді ғылым тіліне жақындатудың орнына адамның қарапайым,
күнделікті табиғи тілін зерттеуіміздің керек болғандығын дәлелдейді. Сол
жолмен ғылым көп қателіктерден арылып, ақиқат объектілерді қарастырып
кетеді деп санайды. Жай, әдеттегі тілдің сөйлемдерін дұрыс пайдалана
алмағандықтан жалған ойлар туады, сондықтан күнделікті тілді тазартып,
соның арқасында мағынасыз сөйлемнен арылуға болады дейді.
Неопозитивизмнің осы түрлеріне АҚШ – та пайда болып, өрістеген
лингвистикалық философияға жақын логикалық прагматизм мектебі болды. (У.
Куайн т.б.) Олар да логикалық позитивизм мен эмпиризмді философияның
қадірін түсіргені үшін сынап, өздері көбінесе әлеуметтік философияға
жақындай түсті. Біртіндеп ғалымдар арасында неопозитивизмнің абыройы жоғала
бастады. Оған себеп болған нәрсе — өмір үшін өте маңызды әлеуметтік,
қоғамдық мәселелерді қарамағаны, логика, математика және форма жақтарын
асыра дәріптеп, зерттеген заттардың мәнді жақтарын ұмытқаны, философиядан
дүниетану, көзқарас функциясын алыр тастап, одан шеттету, философияның
әлеуметтік маңызын кеміту. Кейінгі позитивистік ағымдар бұл аттан жалпы
қашып, айрылғысы келді. Неопозитивизмнің қазіргі кезде атының жоғалуына
марксизм-ленинизм өкілдерінің де қосқан үлесі мол. Осылардың сынының
арқасында неопозитивизмнің нашар, босаң жерлері байқалып қалды. Философия
пәні – ғылым тілін логикалық талдау дей отырып, неопозитивистер таным
процесіндегі формальдық логиканың ролін асыра дәріптеді.
Неопозитивизмнің кейінгі және көрнекті өкілі К. Поппер ғылыми – техникалық
ойдың өрістеуін ің нәтижесінде зат пен сана-сезімнене басқа үшінші әлем
пайда болады деген қорытынды жасады. Оған ойлаудың объективтік мазмұны,
теориялық жүйелер, кітаптардың, журналдық мақалалардың танымдық мәні жатады
дейді.
Поппер білімнің өрістеуін жануарлардың табиғи сұрыпталуымен салыстырады,
себебі ол үшін биологиялық сұрыпталу мен білімнің өсуінің арасында
айырмашылық жоқ. Оның айтуы бойынша, Эйнштейнге дейінгі білімнің өсуі бір
жолмен келеді: ол жолдың мазмұны – проблемалар, байқау және болжау,
қателерді түзеу, маңызды сынау жағының көбеюі, сонан кейін сөйлемдердің
шындығының артуы. Биология мен философияны қатар қойғаннан кейін Поппердің
таным теориясы дағдарысқа ұшырап, жалпы позитивизмнің күйреуіне әкеліп
соқты. Поппер өз өмірінде неопозитивизмге қарсы болды. Сонымен бұл ағым
өзінің эволюциясын аяқтады.
Неопозитивизм, бір жағынан қазіргі ғылыми білімнің дамуына барабар
философиялық көзқарас бола алмады, екінші жағынан, ол жалпы матерализмге
қарсы шыққанымен сана – сезімнің қатынасын дұрыс түсінбей, оны психикалық
және физикалық өлшемдердің қосылуы деп, таза дуалимз позициясына көшті.
ХХ ғасырда неопозитивизмнің барлық түріне қарсы шыққан, зерттеудің басты
объектісі етіп адам мәселесін қойған бағыт көп. Солардың ішінде осы
проблеманы ең алғаш қозғаған – персонализм. Оның өкілдері (Н. Бердяев, Э.
Мунье, Р. Флюэллинг) адамды ең жоғары рухани байлық деп есептеп, ал ең
жоғарғы адам ретінде құдайды (жаратқан тәңіріні) қабылдаған.
Осы қағида бірден дін философиясына жақындап, оның идеалистік жағын күшейте
түседі. Идеалистік пікір таластыру негізінде бұл ағым классикалық
философиядағы субъектінің орнына жеке адамды қояды, сондықтан персонализм
үшін әлем көптеген адамдардан, сана-сезімдерден, еріктерден тұрады.
Ресейдегі персоналистер (Бердяев, Шестов, Лосский) жеке адамды тарихтағы
жалғыз субъект ретінде қарап, оның мәдениет иесі, оны сақтаушы деп есептеп,
бұқараға, халыққа қарсы қойған. Осыдан бұқара мәдениеті мен бұқара
қоғамы теориялары туады. Адам мен жеке адамның арасына айырмашылық
жүргізіледі. Өйткені, адам не руға, тайпаға, не қоғамға жатады, ал жеке
адам ешқандай қоғамға кірмейді, өзінің мен деген жағдайын сақтайды.
Сондықтан, персонализмнің негізінде жатқан ерік ілімі бойынша адамның
бостандық принципі келіп шығады.
Америкада пайда болып, өріс алған, адамды ерекше зерттейтін философия –
прагматизм. Негізін салған американдық филосософ, логик Пирс Чарлз Сандерс.
Бұрыңғы философияның бәрі қате деп, Ч. Пирс, У. Джемс оны жаңарту керек
екенін айтып, философия ойлаудан іске, әрекетке көшу қажет деді. Сондықтан
философия бұрынғыдай, Аристотель заманынан келе жатқан болмыс пен танымның
негіздерін зерттеу міндетін қойып, енді жаңа күшпен адам өміріне байланысты
проблемаларды шешетін әдіске айналуы керек. Философияның жаңа түсінігі –
оны өмірден алыстатпай, жер бетіндегі жағдайларды дұрыстап бейнелеп,
ойдағыдай шешімге алып келуге тиіс.
Осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теориялық дінтану
Дін феноменологиясы
Дін рухани мәдениеттің бөлігі ретінде
Дін социологиясы пәнінен лекциялар жинағы
Дін анықтамалары мен құрылымы. Шығу тегі туралы тұжырымдамалар
Дін социологиясы пәнінен дәрістер жинағы
Адамның рухани тіршілігіндегі діннің ролі
АЛҒАШҚЫ ДІНИ НАНЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МӘНІ
Лекциялар жинағы «Дінтану және теология»
Қазіргі заманғы құқықтық мемлекет пен діни бірлестіктер қарым-қатынасының негізгі үлгілері
Пәндер