Семей полигоны – Қайнар қасіреті


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Семей полигоны - «Қайнар қасіреті
Ең алғаш Семей-21 деген құпия қала болады. Оған қоса қаланың 2-ші аты бар болатын. Ол - Курчатов. Құлазығандаладан жанға жайлы коммуникациялары, жолдары, алаңдары бар аппақ шатырдай қаланы көруге болады, Қала Ертіс өзенінің жағасында орналасқан. 1947 жылы мұнда алдымен әскер бөлімінің құрылысшылары келді. Ол әскери гарнизон деп аталады. 1947 жылы елді-мекен қала мәртебесіне ие болды. Содан бастап Семей-21 нөмірлік белгілі Курчатовқа ауыстырылады. Мұнда көптеген ұлы ғалымдар жұмыс істейді. Олар: Курчатов, Харитон, Щелкин, Зельдович, Иоффе, Сахаров. Атомшылар қаласы дегеніміз - ондаған, жүздеген километр жерлерге құпия коммуникациялары бар база. Атқарылған жұмыстардың көлемі мен аумағы жағынан ең елеулі объектілерінің бірі - «Балапан» зерттеу алаңы болған. Ең алдымен терең құдықтарда ядролық қаруды сынауды жүзеге асырды. Радиоактивті газдардың ағыны сынақ эпицентрінен 120 км жердегі Шаған поселкесіне келді. Мұнда полигонға тәуелсіз әскер бөлімі орналасқан. 1949 жылдан бері ядролық сынақ жүргізіліп, алғашқы кезде - атмосферада, 1963 жылдан бері - жер астында, жыл сайын 14-18-ге дейін жарылыс өткізіледі. Мұның өзі ғимараттар мен инженерлік тораптарға сейсмикалық әсерін қатты тигізді.
1-ші атом бомбасы 1949 жылы 29-тамызда жарылды. Оның биіктігі 7 км-ден асатын шаң-газ аралас саңырауқұлық тәрізді бұлт болған. Алғашқы термоядролық зарядтардың жарылысы 1953 жылы 12-тамызда болды. Оның биіктігі 33 метрлік, қуаты 480 килотонна болды. Диаметрі 16 километрлік саңырауқұлақ тәрізді шаң-тозаң бұлт. 1-ші сутегі бомбаның жарылысы 1955 жылы 22-қарашада болды. Жарылыс 1500 метрлік биіктікте өткізілді. Биіктігі 18 км-лік саңырауқұлақ бұлт болған. 1987 жылы радиоактивтілігі 350-450 микрорентген газ ағыны Семейдің үстн басты. 1989 жылы 21-сәуірде полигонда қуаты 50 килотон жарылыс болды. Жақын аудандардағы халық иондалған радиация әсеріне ұшырады, денсаулықтары елеулі зардап шекті, сан түрлі ауруларға ұшырады. Поселкілер мен мал шаруашылығын сумен қамтамасыз ететін құдықтар істен шықты. Онымен қоса 25 жыл бойы жүргізілген жер астындағы жаралыстан жер қабаты қозғалысқа келеді. Жарылыстан кейін алғашқы күндерде жұрттың басы ауырып, жүрек соғуы жиілейді, ұйқысы қашып, қалжырай береді, бойларын қорқыныш үрей билейді, халықтың емханаларға ағылуы көбейеді, психоз ауруы жиілейді. Ядролық сынақтар сейсмикалық есепсіз салынған Семейде 3-4-5 балл жер сілкінісін туғызды. 27 жыл ішіндегі жер астындағы жарылыстардан кейін жер қабаттарында елеулі ауытқулар болды. Тау сілемдер жарылуы көбейе түсті. Семей полигонында атмосферада және жер астында сыналған ядролық зарядтардың қосында қуаты Хиросима бомбасының қуатынан 205 мың есе асып түседі. Жер астында барлығы 343 ядролық жарылыс өткізіледі. Адамдар онкологиялық аурулар және өңеш рагынан өлді. Бородулиха, Новошульба, Аягөз және Шар ауданда онкологиялық ауру мен сол аурудан өлім деңгейі жоғары болды. Семей аймағындағы халыққа радиация әсерінің қиын зардаптарына қызыл және ақ қанның бұзылуын немесе лейкопения мен анемияның өрістеуін жатқызуға болады. Абай, Абыралы, Бесқарағай және Жаңасемей аудардарында осы ауру жиілейді. «Криптон-85» адам үшін өте қауіпті газ болды. Бұл газ атмосферада ауаның электр өткізгіштігін мүлдем өзгертіп жібереді, бұл экологиялық апат әкеледі.
1989 жылғы зерттеулер мәліметтері бойынша ұсақ малдың сүйегінде қорғасын-210 мөлшерден ондаған есе көп. Етті пісірген кезде 10 пайызы сорпаға шығып, зиян әкеледі. Жер астындағы ядролық жарылыстар салдарынан тау жыныстары жарылады, уатылады, жаңа қуыстар пайда болады. Жер асты сулардың табиғи ағыны зақымдалып, бағыты өзгереді немесе құрып кетеді. Ядролық сынақтар суға зиянды әсер етеді: уран, стронций, цезий ПДК-дан оңдаған есе көп. Термоядролық жарылыстан пайда болатын зиянды заттардың брі - С-14 көмір изотопы. Қуыстары мен құдықтарда сынақтар өткізілген Дегелең және Мұржық шатқалының қойнында радиоактивті заттардың көп мөлшері табылды. Бұл жер шаруашылық мүддесіне жарамады. 1989 жылы 28-ақпанда «полигон жабылсын» дген толқу болады. Орталыққа хат жіберіледі. Сол күні ақын, әрі жалынды шешен Олжас Сүлейменовтың ашу-ыза өрті қаулаған сөзі шығады. Ол бастаған қозғалыс «Невада-Семей» аталды. Полигонға қарсы жүргізілген осы жылдардың бәрінде ортақ мақсат - сынақтарды тоқтатып, полигонды жабу болды. Митингтік толқындар қажеті жоқ айғай-шуға, кейде тәртіпсіздікке, шынайы өмірден қол үзуге әкеп соқтырды. Жұрт сан қилы ауыр, шытырман жолдардан, биік-биік бөгеттерден өтті. Семей ядролық полигонын жабу жөніндегі қозғалысқа қатысушылардың барлығынығ Қазақстан президентінің, республиканың Жоғарғы Советінің және барша халықтың бірлесе отырып күш жұмсаудың арқасында жеттік.
Қолданылған әдебиет:
- Семей полигоны - «Қайнар қасіреті»
К. Бозтаев Алматы «Қазақстан», 1997 жыл.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz