Ұлттық – салт дәстүрлер өмірінде тәрбие мектебі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе.
А) негізгі бөлім.
ІІ Негізгі бөлім.
А) Имандылық тәрбиесі.
Б) Ұлттық – салт дәстүрлер өмірінде тәрбие мектебі.
В) Халықтың игі мәдени дәстүрлері.
ІІІ Қорытынды.
А) Ұлттық сананың қозғаушы күші – ұлттық аброй.

Үйелмен тәрбиесінде әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер.
Қазақстан Ресиубликасының Білім беру туралы заңында (18 қаңтар 1992
ж.) ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар негізінде жеке адамды
қалыптастыру және дамыту үшін қажегті жағдай жасау туралы айтылған. Осыған
орай, әдет ғұрыпты, салт-дәстүрді адамзат мәдениетімен үйлестіріп іске
асыру әрбір үйелменнің негізгі міндеттерінің бірі. Себебі ұлттық тәрбие үй
ішінен басталады.
Соңғы жылдары үйелмендік әдет-ғұрыптар мен салт дәстүрлер баспа
беттерінде жиі жазылып жүр, Солардың ішінде бада туған күннен бастап ана
мен әке тәрбиесінің алғашқы бастама түрлері көрсетілген. Мысалы: кіндік
шеше, шілдехана, қалжа, ат қою, бесікке салу, қырқынан шығру,
тұау кесер т.б. Бұларды өткзу туралы да біраз кеңестер берілген. Бұл
ежелден келе жатқан балажанды қазақ халқының ұлттық дәстүрі, үйелмен үшін
үлкен қуанышты уақиға.
Үйелмен тәрбиесінде толып жатқан ұлттық үдемелік дәстүрлерге де тоқтаған
жөн. Олардың бірі - еңбек және имандылық тәрбиесі.
Еңбек тәрбиесі ескі заманнан келе жатқан халықтың қажеттігін
қанағаттандарудың көзі.. Осыған орай, балаларды еңбекке тәрбиелеу ата-
аналардың парызы болған. Халық еңбекті адам үшін табиғаттың өте құнды
тартуы деп атаған. Сондықтан да еңбекті және еңбек адамын құрметтеуді
дәріптеген.
Қазақ және басқа да Шығыс халықтары еңбек тәрбиесіне үлкен мән берген.
Әрбір қазақ үйелмені баланы жастайынан еңбек етуге үйретіп, дағдыландырған.
Баланы 5-8 жастан бастап, күнделікті үй еңбегіне, кәсіпшіліктің түрлеріне
қатыстырады, 14-16 және онан жоғары жастан бастап ұл-қыздарына киіз үйді
жабдықтау үшін қой жүнінен киіз басуды, ши тоқуды, ою-өрнектерді жасауды,
үй ішіне қажетті бұйымдар үшін жылқы қылынан арқан тоқуды, мал терісінен
аяқ және сырт киімдер, әр түрлі ыдыстар (саба, торсық т.б.) жасауды, мал
жүнінен кілем, алаша, басқыр т.б. тоқуды үйретіп, әсіресе өнімді мал
шаруашылық кәсібін игеруіге тәрбиелеген. Кейбір үйелменде темір ұстасы,
ағаш ұстасы кәсібімен таныс балаларды ата-аналары осы қолөнеріне қатыстырып
үйреткен. Соның нәтижесінде кейбір балалар ержетіп осындай қол өнерін
игеріп өз халқына қолынан келген көмегін көрсетіп қызмет еткен.
Жас ұрпаққа білім беру, оны әр түрлі өнерге, кәсіптік іс-әрекетіне
үйрету бүкіл Шығыс халықтарының ежеден келе жатқан салт-дәстүрлері. Әсіресе
баланы жастайынан кәсіптік жұмысқа үйрету ата-аналардың мақсатты ісі болды.
Ал ата-бабамыз өзінің ұрпағына тәлім-тәрбиені, өмірлік кәсіпті кітап
бойынша емес, өмір тәжірибесіне сүйене отырып үйреткен. Бұл жөнінде халық
тағылымы жұмбақтар мен мәтелдер жастар үшін өнеге, өсиет түрінде айтылатын
ой-өрісінің түйіндері, сөз мәйегі болып, отбасында, халық арасында дәстүрге
айналған. Мысалы: Өнерлі өрге жүзеді, Еңбек етсе кім де кім, алтын жеіс
тереді, Кәсіп екен озар, жұмыссыз адам тозар т.б.
Жеке адамды қалыптастыруда еңбектің маңызын халықтың бағалауы көптеген
ұлы ойшылдардың көзқарастарына үндесіп жатыр. Н.Г.Белинскийдің айтуы
бойынша адамды тек қана еңбек бақытты етуі мүмкін, ал Л. П. Чеховтың айтуы
бойынша еңбексіз қызықты өмір жоқ. Еңбек туралы мұндай құнды пікірлерді
казақ халқының асқан ақыл-ойшылы Абай Құнанбаевтың, ұлы педагогы,
ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің өлең мен, қара сөзбен жазылғанан
шығармаларында жиі кездестіруге болады.
Халықтың еңбекке және еңбек тәрбиесіне көзқарасы қазргі кездегі
педагогикалық прииңиитерге жуық. Бұл жөнінде атақты педагог-ғалымдардың
ойларын еске түсірген жөн.
Н.К .Крунская өзінің педагогикалық шығармаларында Кеңес өкіметінің
алғашқы жылдарынан бастап, еңбек тәрбиссіне қойылатын бағдарламалық
талаптарды қалыптастырады. Оқуды өнімді еңбекпен байланыстырудың қажет
екендігін айтты.
А.С.Макаренко халық педагогикасына сүйене отырып, үйелменді қоғамның
бастапқы ұйымы, онда еңбек өмірмен, ақыл-ой, дене тәрбиесімен байланыста
іске асырылады. Сонымсн бірге еңбек тәрбиесінің принциптері баланың
тілектері мен мүдделеріне сәйкес келуі қажет. Үйелменде еңбек тәрбиесінің
маңызын айта келіп, А.С. Макаренко мынадай құнды пікірлерді ұсынды:.
Адамға әр түрлі еңбек қасиеттерін табиғат бермейді, олар оның бүкіл
өмірінде, әсіресе жас кезеңдерінде тәрбиеленеді.
Ескі заманда таптық теңсіздік жағдайында адам еріксіз жұмыс күші
есебінде еңбек етті. Біздің елімізде әрбір адамды еңбекке үйретіп
дағдыландыру - тәрбиешілердің срекше міндеті.
Баланың еңбек ету барысында басқа адамдарға дұрыс қатынасы тәрбиеленеді,
бұл енді адамгершілікке дайындық.
Еңбек тәрбиесінде баланың бұлшық еттері, көру мүшесі, сезім түйсігі,
саусақтары т.б. дамып қана қоймайды, еңбек тәрбиесі әсіресе, адамның рухани
және психикалық дамуына зор әсер етеді.
Еңбектің қоғамдық-өндірістік маңызымен бірге, жеке адамның өмірінде де
маңызы зор. Еңбекшіл адамның әр нәрсені орындау қолынан келеді, қызғылықты,
бақыттты өмір сүреді. Ал еңбек етуін дағдыланбаған кейбір адамдар түкке
тұрмайтын қиыншылықтармен кездесе қалса тұйыққа тіреледі, ягни дағдарысқа
ұшырайды. Мұндай адамдар өзінс-өзі жұмыс істей білмейді, әр уақытта
біреуден көмек сұрайды, жалынады. Егер оған ешкім жәрдемдеспесе, ол салақ,
лас абыржыған қолайсыз жагдайда өмір сүреді.
В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша еңбек тәрбиесін баланы қүнделікті
еңбек дағдыларына дарытудан бастау қажет. Оның анықтамасы бойынша: Еңбек
тәрбиесі бұл, - бейнелеп айтсақ, үш ұғымның үйлесушілігі: керек, қиын
және тамаша. Бұл үш ұғым үйелмен және мектеп өмірінің негізгі болуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақта Баланы жастан
Қазақ халық педагогикасының дәстүрлері туралы түсінік
Ана тілі сабақтарында кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазіргі тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін қолдану
Халықтық педагогика – тәрбие өзегі
Этнопедагогика пәні бойынша дәрістер
Ұрпақ тәрбиесі - қоғамның болашақ мұрагерлерін тәрбиелеу ісі
Қазақтың ұлттық ойындары арқылы салауатты өмірге тәрбиелеу
Бала тәрбиесіндегі салт - дәстүрлердің маңызы
Отбасындағы ұлттық тәрбие
Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері
Пәндер