Еңбек құқығы құқықтың жетекші салаларының бірі ретінде еңбек сферасындағы өмірлік қатынастарды реттейді



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Еңбек құқығы құқықтың жетекші салаларының бірі ретінде еңбек сферасындағы өмірлік қатынастарды реттейді.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары -- Қазақстанда да көкейкесті мәселелердің бірі. Республиканың ұйымдарындағы еңбекті корғаудың жай-күйі Үкіметтің және уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты қадағалау нысаны болып табылады.
Жұмыс орындарындағы жазатайым оқиғалардың өсуіне жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне деген тиісті бақылаудың болмауы, жұмыскерлерді қауіпсіз жұмыс тәсілдеріне жеткілікті үйретпеу, қауіпсіздік талаптарының, еңбек және өндірістік тәртіптің орындалмауы да теріс ыкпалын тигізіп келеді. Өндірістегі жазатайым оқиғаларға қатысты құбылыстардың сақталуы көп жағдайларда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік-қүқықтық базаның жеткіліксіздігіне, оның экономикалық реформалар қарқынына үлгермей, артта қалып қоюына да байланысты. Сондықтан еңбек қатынастарын реттеу саласындағы негізгі міндеттердің бірі -- еңбекті қорғаудың тиімді басқару жүйесін әзірлеу және жүзеге асыру болып табылады.
Жаңа технологиялар мен өндіріс жүйелерінің жасаудағы маңызды талаптардың бірі - бұл адмның еңбек етудегі салауатты және кауіпсіз шарттарды қамтамасыз етумен байланысты проблемаларды зерртеу және белгілі бір шешімдерді қабылдау. Өндірісте жазатайым оқиғалардың, кәсіби аурулардың, авариялардың, өрттің мүмкін болатын себептерін анықтау мен зерттеу, сонымен бірге оларды жоюға бағытталған іс-шараларды әзірлеу адамның еңбек етуге қалыпты және қауіпсіз шарттарды жасауға мүмкіндік береді.

Микроклиматтың параметрлері мен олардың адам организміне әсері. Қауіпсіз, жоғары өнімді және сау еңбектің бірден бір қажетті шарты болып өндірістік ғимараттардағы жұмыс зонасының қалыпты микроклиматын қамтамассыз ету табылады. Жұмыс зонасы - жұмыскерлердің тұрақты немесе уақытша жұмыс орындары орналасқан, деңгейі еденнен 2 метрге биік кеңістік немесе алаң (МемСТ 12.1.005- 88). Өндірістік ғимараттардағы микроклимат немесе метеорологиялық шарттар 12.1.005-88 МемСТ-тына сәйкес келесі параметрлермен анықталады: жұмыс орнындағы температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы мен қоршаушы беттердің температурасы (жылулық сәулеленулер). Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы - абсолютті ылғалдылықтың максималдыға қатынасы. Адамның тіршілік етуіне жұмыс зонасындағы ауаның барометрлік қысымы да әсер етеді. Бірақ оның айтарлықтай әсері тек кейбір еңбек түрлері кезінде, қысымның тез өзгеруі байқалғанда білінеді. Микроклиматтың аталмыш параметрлері жекелей немесе кешенді түрде бірінші кезекте адам мен өндірістік ғимараттың қоршаған ортасы арасындағы жылу алмасу шарттарын анықтайды. Кез келген жағдайларда (өндірістік немесе тұрмыстық) адамның жылу реттегіш жүйесі адам денесінің температурасын тұрақты деңгейде ұстап тұруға тырысады. Бұл температура екі үдерістің нәтижесі болып табылады: денедегі жылудың ішкі өндірісі және сыртқы жылуалмасу. Организмнің жылу реттегіші - орындап жатқан жұмыстың сыртқы ауырлық шарттарынан тәуелсіз дене температурасының тұрақтылығын қамтамассыз ететін физиологиялық үдерістердің жиынтығы. Адам организмі мен оны қоршаған ортаның арасындағы жылулық баланс болғанда аталмыш микроклимат адаммен жағымды (кофортты) сезім ретінде қабылданады. Жылуалмасудың бұзылуы организмнің қызуы немесе сууына әкеп соқтырады, ол өз кезегінде адамның денсаулық38 жағдайы мен еңбек өндрісіне кері әсер етеді, организмдегі бірқатар физиологиялық өзгерістердің себепкері болады, кәсіби ауруларға да әкеп соқтырады. Қоршаған ортаға организмнен жылу берілу әдетте әртүрлі жылуалмасу жолдары арқылы жүзеге асырылады: қоршаған ауаға конвективті жылу берілу; қоршаған беттермен сәулелік жылуалмасу; адам тікелей жанасатын беттер арқылы контактілі жылу берілу (орындық, еден, аспап және т.б.); тері бетінен ылғалдың (терінің) булануы; тыныс алатын ауаның жылынуы. Өндірістік шарттардағы жылуалмасу негізінен конвекция, сәулелену және булану жолдары арқылы жүреді. Жылуалмасудың барлық түрлері айтарлықтай метеорологиялық шарттардан тәуелді. Конвекция арқылы жүретін жылуалмасу қоршаған орта ауасы мен тері бетінің температурасының айырмасына тура пропорционал. Сонымен қатар ауа қозғалысының жылдамдығы да үлкен мәнге ие, себебі, жылуөткізу коэффициенті ауа қозғалысы жылдамдығының түбір астындағы мәніне тпропорционалды өседі. Сәулену арқылы жылу берілу қоршаған беттер мен терінің абсолюттік температураларының төрттік дәрежелерінің айырмасынан тікелей тәуелді болып келеді. Бірақ, ауа мен беттердің 30-33 °С температурасы кезінде конвекция мен сәулелену арқылы жылуалмасу негізінен тоқтатылады, ал ауа температурасы адам денесінің температурасынан жоғары болған кезде жылу ағыны қоршаған ортадан адамға бағытталады. Контактілі жылуөткізгіштік кезіндегі жылудың жоғалуы жанасатын беттердің температуралары мен көлемдерінің айырмасы бойынша анықталады. Булану арқылы жылу берілу ауаның ылғалдылығы (ылғалдылық неғұрлым жоғары болса, булану арқылы жылуберілу соғұрлым төмен) мен оның қозғалыс жылдамдығынан тәуелді. Ауаның қозғалмалылығы адам денесінен ылғалдың әкітілуі мен оның одан кейінгі булануын анықтайды. Ауаның жоғарғы температурасы мен ауыр физиологиялық жұмыс кезінде терінің шығуы организмнің термореттеуінің басты факторы болып табылады. Жеңіл жұмыс және 18-22 °С температурасы кезінде адам 50 гсағ тер бөліп шығарса, ауыр жұмыс кезінде ол сан 200-250 гсағ дейін жетеді. Ыстық цехтарда булану арқылы жылуберілу 95 % дейін жете алады және адам мен қоршаған орта арасындағы жалпы жылуалмасу кезінде одан артады. Бірақ ылғалдың булануы арқылы жылуберілудің артуы қажетсіз физиологиялық үдеріс болып табылады, себебі тердің қарқынды шығуы кезінде адам 1 % жуық минералды тұздар мен дәрумендердің біраз бөлегін жоғалтады екен. Сондықтан ыстық цехтарда қызмет ететін 39 жұмыскерлерге газдандырылған тұз қосылған су мен дәрумендендірілген сусындарды ішуге ұсынылады. Ауа ылғалдылығы жоғары болған кезде булану арқылы жылуберілу күрт төмендейді, ол өз кезегінде жылуалмасудың әсіресе жоғары температура шарттарында бұзылуына әкеп соқтырады. Тыныс алу кезінде ауаны жылытуда жылуберілу, сонымен қатар жалпы жылу алмасуда тағамды жылытуда жылуберілу үлкен емес. Бірақ, ауаның төмен температурасы кезінде ыстық тағам жеу организмге қосыиша жылу береді, ол әдетте жылулық комфорттың ұзақ болуына септігін тигізеді. Жылуалмасу шарттарын сипаттау кезінде киімнің жылуқорғаныш қасиеттерін де ескереді, олар жылуөткізгіштік коэффициентінің өлшемімен анықталады. Адамның термореттеу жүйесі жылулық балансты ауаның 14-23 °С температурасы кезінде ұстау жағдайы бар, басқа да температуралар бұл балансты бұзуға мүмкіншіліктер туғызады. Жоғарғы температура кезінде ауа қозғалысының жоғарылауы организмнің термореттеуін жақсартады, ал төмен температура кезінде жылуберілуді жоғарылатады, әсіресе қысқы уақыт шарттарында ашық ауада шамадан тыс сууына әкеп соқтырады. Сонымен қатар, 6-7 мс жоғыра ауа қозғалысының жылдамдығы адамға тітіркендіргіштік әсер етеді. Жоғары температура кезінде ауа ылғалдылығының жоғарылауы тері бетінен тердің булануын қиындатады, ол организмнің шамадан тыс қызуына әкелуі мүмкін. Төмен температура кезіндегі жоғары ылғалдылық термореттеуге жағымсыз әсер етеді, себебі, суық ауадағы сулы будың болуы жылуберілуді жоғарылатады. Бірақ, төмен ылғалды ауа (25 % төмен) тыныс алу жолдарының сілекейлі қабықшаларының кептіріп жібереді. Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келсек, адамның өзін өзі қалыпты жылулық сезінуі (сәйкес киім мен термореттеудің бұзылмаған функциялары кезінде) барлық микроклимат параметрлерінің белгілі бір үйлесуімен қамтамассыз етіледі. Ауа ортасының метеорологиялық параметрлері адам организміне зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін айтарлықтай арттыра алатынын атап өту керек. Мысалы, ауа температурасы жоғары болған кезде, тері ұлпалары ұлғаяды, тер бөлу артады, тыныс алу жиілейді, осының барлығы зиянды заттардың организмге тез енуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар, жоғары температура кезінде булану мен заттардың ауада қалқу жылдамдығы артады, ол жұмыс зонасы ауасындағы ластаушылар концентрациясының өсуіне әкеп соқтырады. Осыған қоса ауа қозғалысы зиянды заттардың ғимарат ішінде орын ауыстыруларын анықтайды, шаңның тұнуына кері әсерін тигізеді. Ауаның төмен температурасы кезінде40 дірілдің жағымсыз әсері артады. Басқа да факторлармен қоса жоғары температура мен қатысты ылғалдылық адамның электр тогымен зақымдану мүмкіндігін арттырады.
Микроклиматты нормалау. Микроклимат параметрлерін нормалау 12.1.005-88 МемСТ арқылы жүзеге асырылады, бұнда ғимараттың жұмыс зонасы үшін оңтайлы және рұқсат етілетін микроклиматтық шарттар бекітілген. Сонымен қатар стандартпен келесілер қарастырылған: - жыл мезгілі - жылдың сыртқы ауаның орташа тәуіліктік температурасы +10 0С төмен суық және ауыспалы кезеңдері мен +10 0С мен одан жоғары жылы кезеңдер болып бөлінуі; - жұмыс категориясы - организмнің жалпы энергия жұмсау негізінде жұмыстардың ауырлық бойынша келесідей категоряларға бөлінуі: І - жеңіл физиологиялық жұмыстар - отырып, тұрып және жүрумен байланысты атқарылатын, бірақ жүйелі физиологиялық жүктеме немесе жүкті көтеру мен тасымалдауды талап етпейтін жұмыстар; энергошығындар 172 Джс (150 ккалсағ) аспайды; ІІа - орта ауырлықты физиологиялық жұмыстар - ылғи жүріспен байланысты, тұрып немесе отырып орындалатын, бірақ жүктің тасымалдауын талап етпейтін жұмыстар; энергошығындар 172-232 Джс (150-200 ккалсағ) құрайды; ІІб - жүріспен және ауыр емес (10 кг-ға дейін) жүктерді тасымалдаумен байланысты физиологиялық жұмыстар; энергошығындар 232-293 Джс (200-250 ккалсағ) құрайды; ІІІ - жүйелі физиологиялық жүктемемен байланысты, атап айтқанда, тұрақты түрде айтарлықтай жүкті (10 кг-нан жоғары) тасымалдау мен қозғаумен байланысты жұмыстар; энергошығындар 293 Джс (250 ккалсағ) астамын құрайды; - ғимараттың жылулық сипаттамасы (өзіндік жылу шығындары бойынша*) - өндірістік ғимараттардың өзіндік жылу шығындары 23 ДжмЗ (20 ккалсағ) шамасына тең, жоғары немесе кем болып бөлінуі. Стандартпен талмыш шарт тек қана жылдың жылы периоды үшін ғана ескеріледі. *Өзіндік жылу - инсоляция нәтижесінде жұмыс ғимаратына құрылғылардан, жылу беру құралдарынан, жылыту материалдары, адамдар мен басқа да жылу көздерінен берілетін, және ғимараттағы ауа температурасына әсер ететін жылу. Өзіндік жылудың шығындары - өзіндік жылудың қалдықты санын азайту бойынша барлық технологиялық, құрылыстық, көлемді-жобалық, санитарлы-техникалық шаралары (ысыған беттердің жылулық оқшаулануы, құрылғылардың гермитизациясы, ысытылған ауаны жергілікті сорудың құрылғысы) жүзеге асырылғаннан кейін, сыртқы ауа параметрлерінің есебі кезінде ғимаратқа келіп түсетін өзіндік жылудың қалдықты саны.41 Микроклиматтың оңтайлы шарттары деп адамға ұзақ және жүйелі әсер ету кезінде организмнің қалыпты функционалды және жылулық жағдайын термореттеу реакциясының ешқандай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекті қорғау шаралары
Арнайы киімдер
Әкімшілік құқықтың сала және ғылым ретінде даму тарихы
Еңбек және еңбекті қорғау ұғымы
Әкімшілік құқықтың субьектілері
Әкімшілік құқықтың жүйесі
Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік жайлы
Құқық жүйесінің түсінігі
Орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары
Енбек құқығы субъектілері
Пәндер