Сәбилерге арналған салт өлеңдер


Сәбилерге арналған салт өлеңдер
Адамның туғаннан басатап бар өмірі халқымыздың ғасырлар бойына қалыптасқан салт-дәстүрлерімен тығыз байланысты. Толып жатқан ырым-жосындардың атқарылуы адам дүниеге шыр етіп келген күннен -ақ, перзент тойы - шілдеханадан басталады. Кіндігі түскен баланы бес күннен соң бесікке салады. Ал баланың туғанына қырық күн толысымен оны қырқынан шығару ырымын жасайды. Осы кезде нәрестенің қарын шашын қалаған адамына алғызады, қырық қасық суды үстінен құйып тұрып, "отыз омыртқаң жылдам бекісін, қырық қабырғаң тез қатсын" деген тілек айтады.
Сәбидің өсуіне байланысты әр даму баспалдағы ырым-жорамен аталып отырған. Сондықтан да отбасы әдет-ғұрып өлеңдерінің қатарында сәбилерге арналған салт өлеңдерді бірлікте қарастыру орынды. Шілдехана, бесік жыры, уату, ырыми өлеңдер - бәрі де белгілі бір салтқа қатысты айтылады. Осы тектес өлеңдер осыған дейін бірде балалар фольклорының аясында, бірде тұрмыс салт жырларының қатарында сипатталып келсе, біз бұл өлеңдерді отбасы әдет-ғұрып жырларының жанрлық бір түрі есебінде қарастырмақпыз.
Шілдехана жыры. Отбасында баланың дүниеге келуі үлкен қуаныш. әйел аман-есен босанған күні кешке ауыл жастары шілдеханаға жиналады. Шілдехана кейде үш күнге дейін созылады. Бұған өнерлі жастар шақыртпай келіп, таң атқанша жаңа туған баланы, оның анасын ардақтап ән салып күй тартады. Осы тойда ән салушы балаға ұзақ ғұмыр тілеп, оның тезірек ер жетуіне тілектес екендігін және сәбидің өмірге келуі оларға да қуаныш әкелгендігін білдіреді:
Жан қалтама салғаным, өрік болсын,
Балаңыздың ғұмыры берік болсын,
Ағалары алдыңда аман болып,
Едел-жедел артынан серік болсын.
Еік ауылдың ортасы мидай дала,
Осы үйде туыпты бір жас бала.
Мұнда айтпаған өлеңді қайда айтамыз,
Туысқанның үйінде шілдехана.
Қазақстанның көп жерлерінде шілдехана тойын әйелдің "бойы бекігесін" жасайды. әдетте той-томалақ үшін сәтті күн есебінде сәрсебі таңдалынған. Оған жоғарыда біз сөз еткен өлеңнің "Сәтті күні сәрсенбі той жасапсың" деген жолдары да дәлел болғандай:
Той бастаңдар, көпшілік, той бастаңдар,
Той бастаған көпшілік, көп жасаңдар.
Сәтті күні сәрсенбі той жасапсың,
Құтты болсын тойыңыз деп басатаңдар.
Шілдехана тойында айтылатын өлеңдер тыңнан да шығаралып отырған. Ал көпшілікке таныс, көп орындалатын өлеңнің бірі - "Бөбек". Б. Ерзакович осы "Бөбек" әнінің шілдехана тойында айтылатынын жазады.
өлеңде:
Балдырған бөбек, Ай шын батыл жүрек
бесікке бөлеп, Өсеті үдеп
Аймалап анаң Болашақ құрал
Адал жан адам Бөбегім сен - жас түлек
Өсірген ерек
Ақпейіл жарқын -
Іспеннен қарқын.
Жан-жақты білім
Алсын деп ілім
Күтеді халқың
Деп нәрестенің анасы мадақталып, баланың болашағынан мол үміт күтетіні жырланады.
Бесік жыры. Бесік жыры - сәби жүрегіне алғашқы рухани нәр беретін бірден-бір жыр.
Бесік жыры бесікке бөленген баланы тыныштандыру мақсатында айтылады. Үлкендердің әлдилеген бөпесіне зор махаббатын, сүйіспеншілігін жеткізетін бесік жыры әртүрлі аттармен белгілі. Олар: Бесік жыры, әлди, бөпем, дуай-дуай, т. б. Б. Уахатов бесік жырын ананың ішкі монологы деп сипаттайды. Негізінде бесік жырын орындаушы ана жүрегіне ең жақын адам - оның анасы. Шешесі бесікте атқан баласын тербетіп, әлдилей отырып әндеткен бесік жырына өзінің ішкі ойын, арман тілегін де қосып айтатын болған. Бесік жырын баланы тербетіп, ұйықтатуды қолына алған отбасының кез-келген ересек адамдары да орындай береді:
Әлди бөпем, ақ бөпем
Ақ бесікке жат бөпем
Астыңа терлік салайын
Үстіңе тоқым жабайын
Ауылдан кеткен апаңды
Іздеп қайдан табайын.
Жылама, балам, жылыма,
Ата-екеңді қинама! -
Деп атасы немересін осылай тыныштандырған. Үлкендер шығарып айтатын бесік жырының әсем де жеңіл келуі, сазды әуенге қосылып, содайлық баппен айтылуы балаы маужыратады. Бесіктің тербелуі мен ән ырғағы бірдей шығады. Бесік жырының құрылысы қарапайым, сөздері айтуға жеңіл. Ал оның ішкі мазмұны халық өмірінің күнделікті трмыстағы ерекшілігі байқалады.
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ме екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?
Таңдайларын тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей
Шешен болар ма екенсің? -
Деп бесікте жатқан жас нәрестенің болашағына үлкен үміт артады.
"Бесік жырында айтылатын тілек, ақыл-өсиеттерден халықтың нені аңсап, нені көксегенді көрінеді" - дейді М. Ғабдуллин. Бесік жырының ғасырдан ғасыр асып, ел аузында сақталып келуі оның тәрбиелік мәнінің ерекшелігіне байланысты. Бесік жыры арқылы баланың дыбысты қабылдауы, сезім түйсіктері дамиды.
Халық арасында айтылып келген дәстүрлі бесік жыры 7-8 буынды жыр үлгісінде құрылған. 7-8 буынды жыр өлеңді ауызша айтып, жаттауға жеңіл, белгілі әуенмен жырлауға ыңғайлы болғандықтан халық поэзиясында ерекше дамыған. Бесік жыры кейде не біріңғай 7 буынды, не біріңғай 8 буынды болып келумен қатар, араласып келіп те отыратын жерлері де бар. Мәселен, төмендегі бесік жыры негізінен 7 буынға құрылған да, қайырмасы 8 буынмен айтылады.
Әлди бөпем, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Быламыққа май құйып,
Төңкерме қып берейін.
Жылыма, әлди, жылма,
Жылыма, әлди, жылма,
Жылыма, бөпем, жылма,
Жылыма, әлди, жылма.
Ұйқас тармақтың соңғы буындарындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың бірлестігінен туады. Ол мағыналық айқындыққа, әуендік, грамматикалық мәнге ие болады. Ұйқас - өлеңді поэзиялық, әуенді тұрғыда мүсіндеудің негізі десек, бесік жырында оның мынадай трлері бар.
Әлди, әлди, бөпешім,
Қозы жүнді кепешім.
Жұрт сүймесе, сүймесін,
Өзім сүйген бөпешім.
Осы жолдар а-а-б-а ұйқасымен берілген де,
Әлди, әлди, шырағым,
Көлге біткен құрағым.
Жапанға біткен терегім,
Жаман күнде керегім -
Дегендегі соңғы шырағым, құрағым, терегім, керегім сияқты ананың аялы сөздері - түгел бірінші жақтан баяндалып, "м" дыбысымен аяқталған. Әрі әр екі жолдағы соңғы сөздер (шырағым-құрағым, терегім-керегім) қазақ тілінің үндестік заңына сай ұжымдасып тұр. Яғни өлең а-а-а түріндегі шұбыртпалы ұйқасқа құрылған. Бұлардан басқа өлең эвфониясын арттыратын редифті ұйқас та мол ұшырасады:
Сала құлаш мойны бар,
Аққан дария сеңі бар,
Әркімдердің теңі бар.
Үлкен үйде бақан бар,
Бәйбішеге тоқал бар.
Сом темірге балға бар,
Сомсынғанға күшті бар, -
Дегендегі бар сөзі секілді бөпем, әлди, балам, екен сөздері тұрақты қайталанып отыру - бесік жырында жиі кездесетін тәсіл. Ұйқастың редифпен келуі, буын мен дыбыс үндестігіне сәйкестелуі өлеңнің саздылығына кең өріс ашады.
Халқымыздың бар күн көрісі төрт түлік малмен байланысты болғандықтан, баланы жұбатса да, ойнатса да, еркелетіп сүйсе де немесе оның жақсы қасиеттерін бағалағысы келсе де өзі кәсіп еткен малдардың ерекше қасиеттеріне теңеп айтатын болған. Бөбегін жақсы көріп, оны қозым, құлыншағым, ақ тайлағым, ақ тоқтым деп өлеңге қосқан.
Бесік жырында ақ, жаман, жақсы, үлкен, сом, ала, кең, қызыл, аппақ сияқты эпитеттермен қатар, сәбиіне:
Әуедегі жұлдыздай,
Суда жүзген құндыздай.
Өзім қалап сүйгендей,
Ұжмақтағы хор қыздай, -
Деп анасы оны жұлдызға, құндызға, хор қызына теңейтін тұстар да кездеседі. Әйтсе де баласының болашағынан зор үміт күткен анасы оны үнемі "іс-әрекет үстінде" суреттеп көрсететіндіктен, бесік жырында эпитет, теңеу соншалықты көп кездеспейді.
Уату өлеңдері. Баланы ұйықтату үшін бесік жыры айтылатын болса, ұйқыдан оянып, бесіктен шешіп аларда, яки нәрестені қолына ұстап, алдына алғанда, жылаған баланы тыныштандырып, көңілін басқа жаққа аудару мақсатымен уату өлеңдері орындалады.
Уату өлеңдері көбіне диалог түрінде орындалады. Мұндай өлеңдер баланың есту түйсігіне әсер ететіндей ерекше мақаммен айтылады. Сөйтсе ғана құлағына жағымды, әуезді дауысқа бала уанатын болған.
Уату өлеңдері бала тек тынышсызданып, жылағанда ғана айтылмайды. Ол, сондай-ақ, баланың көңілін аулап, ойата отырып, күлдіру үшін де айтылады. Оған мысал ретінде "Саусақ санауды" алайық.
Қуыр-қуыр, қуырмаш,
Балаларға бидай шаш,
Тауықтарға тары шаш,
Әжең келсе есік аш, -
Дейді де, ата-анасы баласын алдын алып отырып, әр саусақты жеке-жеке жазып, "мына жерде қой бар, мына жерде ешкі бар, мына жерде сиыр бар, мына жерде түйе бар" деп көрсетіп келеді де, "мына жерде күлкі бар" деп алақанды қытықтайды.
Балаға сол секілді саусақ ойыны да қызықты. Мұнда да сәбидің әр саусағын ұстай отырып, әрқайсысының не деп айтатынын қызғылықты ғып әңгімелеген. Баланың бас бармағын ұстап:
- Ұрлық қылайық.
Сұқ саусағын ұстап:
-Қылсақ, қылайық.
Ортаңғы саусағын ұстап:
Құдайды не қыламыз?
Аты жоқ саусағын ұстап:
Құдай не қылады?
Шынашағын ұстап:
- Қара қойды сояйық,
... жалғасыҚан-жынына тояйық,
"Тәйт!" деп қашып кетейік! -
дейді.
Жас баланы жұбата отырып, отбасының ересек балалары кішкентай бауырын көңілдендіру үшін уату өлеңін кезектесіп те айтатын болған:
Бірінші бала:
Апаң кетті бел асып,
Беліне белбеу жарасып.
Тезек теріп жүргенде,
Кетіп қапты адасып.
Екінші бала:
Апасы оның келеді,
Жұмыртқа әкеп береді.
Бөпесі оны біледі,
Жыламайды, күледі.
Сонымен нәресте туғаннан бастап ән-өлеңнің құшағында тербеліп өседі. Әуел баста адам тәрбиесіне жауапкершілікпен қараған халқымыз бала дамуына өлеңнің, ән-әуеннің рөлі күшті болатынына аса мән берген. Әрине, бұл өлеңдерді айтудағы басты нысана - бір жағынан, балғын бөбекті алдарқату болса, екінші жағынан, ойлау қабілетін оятып, тілінің тез шығуына игі ықпал ету. Сондықтан тиісті салт-кәденің жүзеге асуына орай сәбилерге арналған өлеңдерді, соның ішінде уату өлеңдерін үлкендер үнемі айтып отырған. Жаттауға жеңіл, сәбидің ұғымына сай қызықты болғандықтан бұл өлеңдер ел ішінде кең таралып, әлі де орындалып жүр.
Ырыми өлеңдер. Нәресте дүниеге келіп, шілдеханасы өткен соң жаңа туған жас балаға істелетін ырым-салттар мол-ақ. Олар: бесікке бөлеу, бесікті аластау, майлап-сылау, тұсау кесу сияқты ырымдар. Осы ырымдарды жзеге асыру үстінде тілек секілді сөздер мен өлеңдер айтылып отырған.
Бесікке салу рәсімі бесікті аластаудан басталады. Қазақстанның оңтүстік өңірінде бесікті адыраспан сияқты шөппен аластаса, басқа бөлігінде сіріңкемен, я болмаса майды күйдіріп те аластайды. Мұнын себебі, баланың жататын орнын әр түрлі пәлекеттерден арылтып, тазарту. Ал бұны жасайтын адам ел ішінде сыйлы, салиқалы аналардың бірі болу керек. Ол аластау бұйымын қолға алып:"Ия, аруақ, құдай, пәле-жалаңнан сақта, тіл-көзіңнен сақта", - деп бесіктің асты үстінен айналдырады. Көмекші әйел бесікті көтеріп тұрады.
Аластау кезінде:
Алас, алас, баладан алас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Алас, алас, баладан алас,
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!
Қырық қабырғасынан алас!
Отыз омыртқасынан алас -
деген сөздер айтылады. Аластаудың бесіктен пәлені көшіріп, сәби шошымай, ұйқысы тыныш болсын деген ниет сөздер айтылатын басқа түрлері де бар.
Нәрестені бөлеп, жабуын жапқан соң, бесікті аластап, оған баланы бөлеген әйел бесікке бөлеу өлеңін айтқан:
Мойнымдағы тұмарым,
Тарқамайтын құмарым.
Тағдыр берген алсын деп,
Ақ бесікке салсын деп.
Мойнымдағы маржаным,
Қорадағы-мал жаным.
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой!
Балам жатсын бесікке,
Пәлесі қалсын есікте.
Бесікке салғандарға бағалы сыйлық беріледі.
Бесікке салу ырымының соңы бесікті "алып қашу" рәсімі еліміздің көпшілік жеріне тән. Бесікке салушы әжейдің көмекшісі бесікке атша мінеді де, қамшымен сабалап, бесікті екі жаққа тартқыштайды:
Бестінің қойына қасқыр шапты,
Арашаға барайық, мен бала таптым.
Өз үйіме ала қаштым,
Арашаға кім бар?
Деп істелетін әрекеттерде табиғаттан тыс, керемет күштердің балаға залалын тигізбеуі, олардың назарынан өзге жаққа аударту мақсаты көзделсе керек. Бұдан соң баланың әжесі немересіне ара түсіп, тарту-таралғы береді.
Бала ұйқысы қанып, оянған соң, бесіктен шешіп аларда анасы:
Анасы шешіп алсын,
Ұйқысы бесікте қалсын.
Балам бесіктен шықсын,
Пәлесі есіктен шықсын, -
деген тілек сөздер айтқан.
Жаңа туған балаға тез ширап, жетілуі үшін кіндігі түсіп, қырқынан шыққанша тұзды сумен шомылдырып, денесін маймен сылап, аяқ-қолын созғылап отырады. Осы әрекеттерді істеу устінде:
Тәу, тәу, тәу,
Сыламақ менен,
Қатып қалмақ сенен.
Менін қолым емес,
Бибі Фатима, Бибі Зухра қолы,
Ұмай ана, Қамбар ана қолы!
Тастай қыл,
Темірдей қыл,
Сүттей ақ қыл
Дерт уйге кірмесін,
Балаға тимесін -
деген сөздер айтылса, жауырыны жабыспас үшін аяқ қолын созғылау үстінде, "Өс-өс!", "Ал, білек" өлеңдері айтйлған сөйтіп халқымыз нәресте жөргекте жатқан кннен бастап оны болашақ өмірге дайындап, дені сау, тәні сұлу, еңбекке жарамды азамат болып шығуына аса мән берген. Сол тілек баланың бесігін сипай отырып айтылатын "Ал, білекте" баса көрсетілген:
Ал білек, ал білек,
Атаң кәрі шал, білек.
Отынға өзің бар, білек,
Отқа ағаш жар, білек,
Ерте тұрып ерінбей
Еңбек істе қар күреп.
Бөбектің денесін шынықтырудың басты мақсатының өзі - еңбекке икемді адам тәрбиелеу.
Сәби тәй-тәйлап жүре бастаған кезде ата-анасы балам тез жүріп кетсіндеген оймен тұсау кесер тойын жасайды. Халықтық түсінік бойынша, тсауы кесілмеген бала сүріншек болады. Бұл тойға көп адамдар шақырылмайды. Баланың шешесі абысын-ажындарын жинап, аяғы жеңіл, жүрісі жеңіл, қимылы ширақ, пысық адам таңдап алып, соған сәбидің тұсауын кескізеді. Тұсау кесуге қойдың көтен ішегін, не жіңішке ала жіпті пайдаланады. Тұсау кескен адамға берілетін арнайы "тұсаукесер" сыйлығы осы тұсау кесер жіпке (ішек болса ішекке) байланады. Тұсауы кесілген соң сәбиді ортаға екі адам алып, тез-тез жүргізеді. Сол кезде "тұсаукесер" өлеңі айтылады:
Қаз-қаз балам қаз балам,
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz