Отыз жетінші жылдың қанды қырғынына ұшыраған есіл ердің бірі – ақын және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин


Сәкен Сейфуллин
Отыз жетінші жылдың қанды қырғынына ұшыраған есіл ердің бірі - ақын және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин.
Сәкенннің (шын аты Садуақас) дүниеге келген жері Ақмола облысы, Ақмола уезінің Нілді болысындағы Нілді мыс қорыту заводына таяу тұстағы қазақ ауылы. Қазір бұл жер Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданына қарайды.
Сәкеннің әкесі Сейфолла өз еңбегімен күн көрген, саятшы, домбырашы, ақ жарқын әңімешіл адам болған. Шешесі Жамал да ел әдебиетін жақсы білген. Осы орта жас Сәкеннің халақ өнеріне деген сезімнің оянуына көмектескен.
«Әкей орысша үйреніп, хат біліп, мал табуды арман қылып сөйлеп жүрді», - дейді Сәкен. Осы ниетпен Сейфолла баласын 1905 жылы Нілді заводына оқуға жібереді. Алғашқы бір жылда кісі үйінде жалдана жүріп, орысша үйреніп, одан кейін екі жылдай ол заводтың орыс-қазақ мектебінде оқиды.
1908-1913 жылдары Сәкен Ақмола (қазіргі Астана) қаласында әуелі приходская школа, кейін үш класты қалалық училищеге барады. Бұл жылдары ол орысша білімін толықтырып, орыс әдебиеті кітаптарын оқиды. Ақмола маңының әнші-күйшілерімен танысады. Сонымен қатар алыс ауылдардан оқу іздеп келген қазақ балаларына орыс тілінен сабақ береді.
1913-1916 жылдар арасында Сәкен Омбы қаласындағы мұғалімдер семинариясының студенті. Бұл жылдары оның әдебиетпен әуестігі арта түседі. 1914 жылы Қазанда «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырады.
Сәкеннің қоғамдық көзқарасының қалыптасуына Омбы кезі ерекше ықпал етеді. Мұнда ол студенттердің «Бірлік» атты ұйымының жұмысына белсене қатысады. Әуелі ағартушылық бағыт ұстаған бұл ұйым империалистік соғыс пен революциялық өрлеу дәуірінде саяси мәселелерге де аралысып, өз көзқарасын айқындайды.
Омбы семинариясын бітіргеннен кейін Сәкен Ақмола уезіндегі Сілеті-Бұғылы деген жердегі ауылдық мектепте мұғалім болып істейді. Осында жүріп ақын 1916 жылғы халықтың ұлт-азаттық көтерілісін қарсы алады. Көтерілісшілерге тілектестік білідіріп, өлеңдер жазады.
Сәкеннің қоғамдық, творчестволық қызметінің жаңа дәуірі 1917 жылдан басталады. Патша өкіметі құлатқан Февраль революциясынан кейін-ақ Ақмола қаласына ауысып, революциялық жұмыстарға белсене араласады. Сол жылдың көктемінде құрылған Қазақ комитетінің предцедателі болып сайланады. Сәкеннің қатысуымен (предцедателі болып сайланады) Ақмола жастарының революцияшыл тобы «Жас қазақ» атты ұйым құрып, «Тіршілік» атты газет шығарады. 1917 жылдың декаберінде Ақмола Совдепі құрылғанда Сәкен Совдептің президиум мүшесі және уездік оқу-ағарту комиссары болып тағайындалады.
1918 жылы июнь айында ақ қазақтар мен чехословактардың контрреволюциялық көтерілісі кезінде Ақмолада Совет үкіметі құлап, сәкен бір топ жолдастарымен революция жауларының қолдарына түседі. Ол «қоғам мен мемлекет қауіпсіздігіне қатерлі адам» деп табылады да, тұтқындармен бірге Петропавл түрмесіне айдалады. Атаман Аненковтың «азап вагонында», Колчактың Омбы лагерінде тоғыз айға созылған ауыр азап шегеді. Тек 1918 жылдың мартында ғана Сәкен Омбының тұтқын лагерінен қашып шағады.
1920 жылдың көктемінде Сәкен Ақмолаға қайта оралып, колчак үстемдігі құлаған қалада Совет жұмысын жандандыруға қатысады. Ол Уездік атқару комитеті председателінің орынбасары болып істейді. Сол жылдың құрылтай съезіне дайындалу кезінде қазақ өлкесі ревкомының құрамына сайланады.
Сәкен «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, Халақ комиссарлары Советінің председателі болып сайланады.
Қоғамдық-саяси жұмыстармен қатар ол әдеби творчествалық жұмыспен де айналысып, жиырмасынша жалдардың өзінде-ақ көрнекті совет ақыны болып қалыптасты. 1922 жылы «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы, «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» пьесалары кітап болып басылды. Кейін ақынның «Домбыра» (1924), «Экспресс» (1926), «Тұрмыс толқындары» (1928), «Альбатрос» (1932), «Қызыл ат» (1934), «Социалистан» (1935) атты өлең-поэмалары жарық көрді.
Проза жанрында «Тар жол, тайғақ кешу» (1927) атты мемуарлық романы, «Айша» (1922), «Жер қазғандар» (1928), «Жемістер» (1935) повестері мен әңімелерін жазды.
Бүкіл саналы ғұмырын Совет үкіметі мен коммунистік партияға қызмет етуге арнаған қазақ даласының «қызыл сұңқары» да «қызыл қырғынның» құрбандығына айналуы сол бір қиямет күндердің заңдылығы секілді болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz