Жер сілкінісі - геологиялық құбылыс



ЖОСПАР
I.Кіріспе бөлім.
II. Негізгі бөлім.
0.1. Жер сілкінісі туралы
0.2. Жер сілкінісін болжау
0.3. Туындау себептері
III. Қорытынды бөлім.
Пайдаланылған әдебиеттер.

КІРІСПЕ
Жер сілкінісі - геологиялық құбылыс. Олар - кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады.Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар,ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады.Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады.Жер бетінің шайқалуы сейсмикалық толқындардың нәтижесінде болады.Осындай толқындар көлемді(жер денесіне таралады) және үстінгі беттегі (жердің үстіңгі қабатын қамтитын) секілді 2 түрлі болады.Көлемді толқындар жердің үстіңгі қабатындағы толқындарға қарағанда шапшаң жүреді және де жер сілкінісінің болғандығын хабарлайтындай бақылау нүктесінде алғашқы серпіліс байқалады.Жердің үстіңгі қабатындағы толқындар бірнеше секунд кеш болады.Олар әдетте келесі қатты соққыны әкеледі.

Жер сілкінудің басым көпшілігі, әсіресе аса күшті дүмпулер (мысалы, Орта Азияда, Қазақстанда) тектоникалық қозғалыстармен тікелей байланысты. Соңғы жылдары жер сілкінудің техногендік себептері анықталып отыр. Бұл себептер адамдардың инженерлік іс-әрекеттерімен (гидротехникалық құрылыстар салу, ірі бөгеттер тұрғызып, су коймаларын жасау, мұнай мен газ өндіру және т.б.) тығыз байланысты. Жер сілкінісін болжау - қазіргі заманғы ең өзекті мәселелердің бірі. Түйін сөздер: жер сілкінісі, болжау, сейсмология, техногендік себептер, сейсмикалық аудандастыру. Жер сілкіну дегеніміз не? Жер бетіндегі елді мекендерді аямай киратып, өзендерге бөгеу болған, жер бедерін адам танымастай өзгертетін, орасан зор алып күш қайдан пайда болады? Бұл сұрақтарға қазіргі кездегі ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, жауап беруге болады. Жер беті үнемі қозғалыста болып тұрады. Оның дәлелін жер шарының кейбір аудандарынан байқаймыз. Мысалы, дүниежүзіндегі әсем қалалардың бірі Венеция (Италияда) қазіргі кезде жартылай су астында қалған, ал Голландия жері жылына 1 мм төмен шөгуде. Егер арнаулы бөгеттер жүйесі (плотиналар мен дамбалар) болмаса, оның көп аудандары су астында қалған болар еді. Скандинавия жері, керісінше жылына 1 см шамасында жоғары көтерілуде. Ертедегі теңіз толқындарының сақталған ізі қазіргі кезде су деңгейінен ондаған метр жоғары биіктікте орналасқан жартастардан байқалады. Жер қыртысын құрайтын заттарға (қатты күйдегі тау жыныстарына) өте қысқа уақыт аралығында үлкен күшпен (сығым күші) әсер еткен жағдайда, олар тез арада морт сынған болар еді. Ал, ұзақ уақыт бойы (мыңдаған немесе миллиондаған жылдар бойы) әсер етсе, онда жер қыртысынан сағыздай созылып немесе иіліп әртүрлі қатпарлар түзілер еді. Қейбір жағдайларда бұл әрекеттер жер бетінде (өте қысқа уақыт аралығында) серпімді күшті тербеліс немесе жер сілкінісін тудырады. Жер сілкінудің басым көпшілігі, әсіресе аса күшті дүмпулер (мысалы, Орта Азияда, Қазақстанда) тектоникалық қозғалыстармен (ығысу-ыдырау, қатпарлану, жылжу әрекеттерімен) тікелей байланысты. Соңғы жылдары жер сілкінудің техногендік себептері анықталып отыр. Бұл себептер адамдардың инженерлік іс-әрекеттерімен (гидротехникалық құрылыстар салу, ірі бөгеттер тұрғызып, су коймаларын жасау, мұнай мен газ өндіру және т, б.) тығыз байланысты Мысалы, Үндістанның батыс бөлігінде орналасқан Койна ауданында байқалған жер сілкіну кезінде (1967) 180 адам қазаға ұшырап, екі мыңдай халық жараланады. Сол секілді АҚШ-тың Оровилл қаласының маңында (Калифорния штаты) болған (1975) жер сілкінудін, қарқындылығы VII балға дейін жеткен. Жер сілкінуді алдын ала болжап, оның болатын орнын күшін және уақытын дәл айта білу үшін, ең алдымен сейсмикалық аудандастыру карталарын жасау жұмыстарын жетілдіру қажет. Белгілі бір территорияның сейсмикалық режиміне талдау жасау жұмыстарын жүргізу барысында, ол ауданның геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктерін байланыстыра білу керек. Біздің елімізде жасалынған ең алғашқы сейсмикалық аудандастыру картасы Г. П. Горшковтын, (1937 ж.) есімімен байланысты. Кейінірек бұл карта ТМД Ғылым Академиясының жанындағы Жер физикасы атты Институт ғалымдарының зерттеулерімен толықтырылды. Халық шаруашылығында әртүрлі инженерлік құрылыс жүйелерін дұрыс жоспарлап, оны іске асыруда сейсмикалық аудандастыру жұмыстарының маңызы өте жоғары. Бұл жұмыстардың негізгі мазмұны, жер сілкіну аймақтарын олардың қауіптілігіне қарай әртүрлі аудандарға бөлу болып саналады. Мұндай карталарды жасау кезінде, ұзақ уақыт бойы, ерте заманнан бері белгілі жойқын күшті жер сілкіністері туралы деректер жиналып, қазіргі кездегі геологиялық және тектоникалық зерттеу жұмыстарының жетістіктерімен байланыстыра отырып қарастырылады. Сейсмикалық аудандастыру карталары әрбір зонада жеке-жеке жүргізілген зерттеу жұмыстарының негізінді (мысалы, Қазақстанның оңтүстік-шығыс территориясында) жасалынып, кейінірек бүкіл ТМД территориясының көлемінде біріктіріледі. Бұл жұмыстардың алғашқы сатысында геологиялық, сейсмологиялық және инженерлік-сейсмологиялық мәліметтержинақталып, қорытындылана келе, болашақ жер сілкіністерінің орны мен энергиясы анықталады. Ал, екінші сатысында болашақ жер сілкінудің орны мен энергиясын және тереңдігін біле отырып, оның жер бетіндегі дүмпу күші мен қайталану жиілігі есептелінеді. Әдетте, сейсмикалық аудандастыру картасы VI -- IX балдық аудандарға ажыратылады. Дүмпу күші VI балдан төмен аймақтар (құрылысқа онша зияны тимейтіндіктен) көрсетілмейді. Ал, күші IX балдан жоғары аймақтар (сирек кездесетін болғандықтан) ерекше жағдайларда ғана көрсетіледі. Әрине, мұндай сейсмикалық аудандастыру карталары келешекте жаңа мәліметтердің көбеюіне байланысты және жер сілкіну құпиясын зерттеуде қол жеткен жаңа табыстар негізінде ылғи жаңарып отырады. Белгілі бір қалада антисейсмикалық берік құрылыс салу жұмыстарын ойдағыдай жүргізу үшін, сейсмикалық аудандастыру картасы қосымша микросейсмикалық аудандастыру карталарымен толықтырылады. Мұндай карталарда жалпы тектоникалық жағдайлармен қатар, жеке аудандардың геологиялық құрылыс ерекшеліктері де ескеріледі. Әсіресе, топырақ қабатының құрамын және жер асты суларының деңгейлік тереңдігін, сонымен қатар бедер пішіндерінің ерекшеліктерін білудің маңызы өте зор. Өйткені, жер сілкіну кезінде сыналатын құрылыс орындарының беріктігі осы жағдайлармен тікелей байланысты. Мысалы, 1887 ж. Верный қаласында болған жер сілкінудің күші қаланың әрбір бөлігінде әртүрлі шамада болған. Бұл жағдай қаланың жеке аудандарының геологиялық және гидрогеологиялық құрылыс ерекшеліктерінің әртүрлі екендігін көрсетеді
Көп жылдар бойы жүргізілген сейсмологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, 1980 ж. Алматы қаласының сейсмикалық микроаудандастыру картасы жасалынып бітті. Бұл карта бойынша Алматы қаласы орналасқан территория сейсмикалық қауіптілігіне қарай, екі ауданға ажыратылады (IX балл және X балл). Мұндай карталар қазіргі кезде сейсмикалық қауіпті аудандарда орналасқан орталық ірі қалалардың барлығында да бар.Жер сілкінісін болжау дегеніміз - жер сілкінісінің болатын орнын, күшін (магнитуда) және болатын уақытын білу. Жер сілікінісін болжауды үш түрге бөледі: ұзақ уақытты, орташа және қысқа уақытты болжау. Жер сілікінісін болжау мәселесі - геофизика ғылымының үлкен мәселесі. Осы мәселеге байланысты сейсмолог ғалымдарының арасында әртүрлі, қарама-кайшы ойлар айтылады. Олардың бір бөлігі жер сілікінісін болжау мүмкін емес десе, ал басқалары жер сілкінісін болжау жақын болашақта жүзеге асырылады дейді. Соңғы он жылдықта дамыған елдер, соны ішінде Жапония жер сілікінісін болжау жұмыстарына көп мөлшерде қаражат бөліп отыр. Бөлінген қаражаттың басым бөлігі зерттеу жұмыстарына емес, жер сілкінісін болжау станцияларының жүйелерінің құрылысына, үлкен көлемде жиналған сейсмикалық ақпараттарды сақтауға және қажетті құрал-жабдықтарды алуға жұмсалған. 1986-1991 жылдар аралығында Жапония үкіметі жер сілкінісін болжау жұмыстарына 261 млн АҚШ долларын жұмсаған. Сол жұмсалған қаражатқа қарамастан, сол жылдар аралығында Жапония жеріндегі 18 қатты жер сілікінісін болжау мүмкіндігі болмаған. Осы аралықта болған жер сілкністерінің әрқайсысының әкелген зардаптары жер сілкіністерін болжау жұмыстарына жұмсалған қаражаттан әлдеқайда жоғары. Жер сілкінуді алдын ала болжау, ерекше маңызды іс. Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары барлық елдерде, әсіресе жер сілкіну жиі байқалатын Жапония (халқының жартысынан көбі сейсмикалық аймақты мекендейді), Қытай (үштен бірі), АҚШ (жетіден бір бөлігі), ТМД (оннан бір бөлігі) территорияларында жан-жақты жүргізілуде. Ұзақ мерзімді болжам жасау мәселесі ТМД бойынша шешілді деуге болады. Біздің елімізде қазіргі кезде Тәжікстан ҒА-ның сейсмология институтының базасында (Душанбе) құрылған орталықта ұзақ мерзімді болжау мәселелерін зерттеу жұмыстары Ташкент, Бішкек және Ашхабад сейсмологтарымен бірлесе отырып жүргізілуде. Соңғы жылдары Тбилисиде кұрылған Бүкілкавказдық орталық жұмыс жасай бастады. Бұл орталық Ленинакан, Махачкала және Кисловодск ғалымдарының сейсмикалық зерттеу жұмыстарын біріктіреді. Мұндай жұмыстар Камчаткада да жүргізіледі. Ұзақ мерзімді болжамдар бірнеше айдан бірнеше жылға дейінгі уақыт аралығын қамтиды . Ал қысқа мерзімді болжам жасау жұмыстары қиынырақ. Мұндай болжам бірнеше айдан, екі-үш аптаға дейінгі мерзімді қамтиды. Ұзақ мерзімді болжам қысқа мерзімді болжам арқылы дәлелденген жағдайда, өте қысқа мерзімді (бірнеше күндік) шұғыл болжамдар жасау сатысына көшуге болады. Әрине, бұл аса қиын міндет. Осы тұрғыдан алғанда, 1989 ж. Армения мен Тәжікстанда болған жерсілкіну кезінде ұдайы жүргізілген бақылау-зерттеу жұмыстарының нәтижесі, шұғыл болжам жасау әдістерін жетілдіруге мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Алайда, мұндай аймақтарда жер тынысын үздіксіз тыңдап отыруға және әртүрлі информацияларды тез өңдеуге арналған техникалық құралдардың кең жүйесін өрістетпейінше, қысқа мерзімді болжам жасау мүмкін емес. Теориялық мәселелерді шешуде біздің елдін геофизиктері дүниежүзінде алдыңғы қатарда болғанмен, далалық және лабораториялық зерттеулерге арналған отандық құрал-жабдықтар жағынан, шетелдік техникадан кемінде ондаған жылға артта қалушылық байқалады. Жер сілкіну әрекеттерінің хабаршысы ретінде пайдаланылатын белгілер санаулы ғана, әдетте күшті жер сілкіну алдында форшоктар (әлсіз жер сілкіністер) саны өсіп, жиірек қайталанады. Мысалы, мұндай жағдай Қытайдың Ляонин провинциясында (ақпан, 1975), Италияның Фриули аймағында (қыркүйек, 1976) байқалып, күшті жер сілкіну алдында халықты сақтандыруға мүмкіндік берді. Жер сілкінудің екінші бір хабаршысы ретінде сейсмикалық серпімді толқындардың таралу жылдамдықтарының (қума толқындардың көлденең толқындарға қатынасы) кенеттен өзгеруін айтуға болады. Жер сілкінудің бір белгісі -- тау жыныстарының электр өткізгіштік қабілетінің төмендеп, өзгеруі (геофизикалық өзгерістер) болып саналады. Бұл жағдай зертханалық тәжірибелер арқылы дәлелденді. Соңғы кезде бүл заңдылық АҚШ, Жапония, Қытай және т. б. елдерде жан-жақты зерттеліп, тексерілуде. Осы бағыттағы зерттеу жұмыстары біздің елімізде ТМД жанындағы Жер физикасы институтының ғалымдарының басшылығымен Гарм ауданында (Тәжікстан) жан-жақты жүргізілуде. Сонымен қатар, жер бетінде магнит өрісі өзгеріп, атмосферада әртүрлі электромагниттік құбылыстардың байқалатындығы анықталды. Соңғы жылдары су құрамындағы хлордың да жер сілкінер алдында (3-5 күн бұрын) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдай, туындау себептері
Табиғи сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстары
Төтенше жағдайлар
Геологиялық сипаттағы апаттар
Техногенді сипатты төтенше жағдайлар,олардың түрлері табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы туралы ақпарат
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
Қазақстанның сейсмологиялық жағдайы
Қазақстанның таулы және тау бөктерлеріндегі табиғи қауіпті құбылыстардың қалыптасу негізін қарастыру
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдай
Жасанды жер Жасанды жер сілкіністері себептерін анықтау
Пәндер