Бұршақ дақылдарының пероноспороз ауруы
Бұршақ дақылдарының пероноспороз ауруы. Бұршақ дақылдарының пероноспороз ауруы барлық аймақта кездеседі, әcipece республиканың шығысында кең таралған. Ауруға негізінен өсімдіктің жапырағы, кейде басқа топырақ үсті мүшелері шалдығады. Кесел жергілікті және диффузды күйде таралуы мүмкін. Ауруға шалдыққан өсімдік жапырағының үcтіңгi бетінде пішіні дөңгелек, түсі - ашық-жасыл, сарғыш жайылған дақтар пайда болады. Жапырақтың астыңғы бетінде, дақтардың тұсында күлгін-сұр түсті ӛңез түзіледі. Дақ кейін қоңырланып, ұлпасы жансызданады.
Залалданған өсімдіктің сабағы мен бұршаққабында дақтар жайылып орналасып, реңі хлорозды болып, бетінде сұр түсті конидиятасушылардан тұратын өңез қалыптасады. Кеселге шалдыққан жас өсімдіктер нашар жетіліп, буынаралықтары қысқарып, жапырақтары майдаланып, дәндері жетілмей семіп, биіктеп өспей қалады. Ауруға тән бұл белгілер ауру қоздырғыш саңырауқұлақ клетка аралығымен таралған жағдайда байқалады. Аурудың қоздырғыштары - Peronospora туысының саңырауқұлақтары. Бұл саңырауқұлақтар арнайы бейімделген өсімдіктерді залалдайды. Мысалы, асбұршаққа - P. pisi Syd., қытайбұршаққа - P. manshurica Syd. түрлері бейімделген.
Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ конидиялармен таралып, ал ооспоралары залалданған ұлпа ішінде түзіледі. Конидиятасушылары дихотомиялы бұтақталған, қоңыр-күлгін түстi конидиялары домалақ немесе сопақша, сарғыш кейде түсciз, көлемі 17-30 14-27 мкм. Ооспоралары домалақ шар тәрізді, қос қабатты, сарғыш-қоңыp түсті. Саңырауқұлақтың дамуына қолайлы жағдай 15-26°С температура және жоғары ауа ылғалының су тамшысы. Инфекция коры - өciмдік қалдықтарында қыстайтын ооспоралар. Кеселдің әсерінен өсімдік өскіні, жапырағы және бұршақбасы қурап, жойылады.
Үрмебұршақ антракнозы. Бұршақ тұқымдас дақылдардың антракноз ауруы республикада кең таралған кеселдердің бipi. Ол бұршақ дақылдар өсірілетін барлық аймақтарда да кездеседі. Ауруға шалдыққан өсімдік бұршаққабында, сабағында, сағағында, жапырағында, жиегі қызыл реңмен көмкерілген қоңыр түсті дақ пайда болады. Дақтардың бетінде қызғылт немесе қоңыр-cұр реңді саңырауқұлақ конидиясының массасы түзіліп, дақтар жарылып, жараға айналады. Бұршаққап бетіне түскен дақтар жайылып, бір-бірімен қосылып, тұқымға дейін өтетін терең ойық жара пайда айналып, кейін қатайып, күңгірттеніп, қыртыстанады. Дертке шалынған өсімдік сабағы залалданған жерінен сынып, өсімдік жансызданады. Өскін aypyғa шалдықса егістік сиреп, кесел зияндылығы артады.
Антракноз ауруының қоздырғышы - Colletotrichum lindemuthianum Br. et Cav. саңырауқұлағы. Жіпшумағы жергілікті, түссіз. Конидиялар арнайы төсеніште (ложа) түзіледі. Конидиятасушылары түссіз, немесе сәл боялған, пішіні цилиндр тәрізді, тармақталмаған. Конидиялары тік немесе сәл иілген, ұзынша цилиндр пішінді шeттepi доғалданып келген, кӛлемі 10,5-23 3,5-5,6 мкм.
Саңырауқұлақ конидиялармен таралып, ылғалды ауада түтікшеге өніп, кутикулаға тығыз орнығатын аппрессорийлер түзіп, өсімдікті залалдайды. Аппрессорийден өсімдік клеткасына енетін инфекциялық жіпше өсіп шығады. Қоздырғыштың инкубациялық кезеңінің ұзақтығы 4-7 күн. Жіпшумақ кейде тұқымға еніп, залалдап, оның өнгіштігін жояды немесе өнген өскін көп ұзамай қурайды. Саңырауқұлақтың дамуына қолайлы орта жағдайы: 18-22°С деңгейіндегі жылылық және 60% дәрежесіндегі ауа ылғалдылығы. Инфекция қоры негізінен тұқым және өсімдік қалдықтарында жіпшумақ түрінде сақталады. Антракноз ауруына шалдыққан eгicтік сиреп, өнім сапасы мен шығымы төмендейді.
Асбұршақ аскохитозы. Аскохитоз Қазақстанда дәнді бұршақ дақылдар егістігінде кең таралған, әcipece республиканың оңтүстік-шығысында жиі кездесетін.
Асбұршақ аскохитозы: 1 - бозғылт аскохитоз; 2 - қоңыр аскохитоз
Кесел дәнді-бұршақ дакылдарын барлық даму кезеңдерінде залалдайды. Ауруға шалдыққан өсімдіктің топырақ үсті мүшелерінде түрлі дақтар пайда болып, олардың бетінде пикнидалар түзіледі. Аурудың сыртқы белгілері өсімдік пен қоздырғыш түрлеріне байланысты айқындалады. Асбұршақ аскохитозы үш түрлі болады: бозғылт, қоңыр және тұтасқан.
Бозғылт аскохитоздың қоздырғышы - Ascochyta pisi Lib. саңырауқұлағы. Залалданған өсімдік мүшелерінде қоңыр жиекті бозғылт дақтар пайда болады. Жапырақ пен бұршаққапқа түскен дақтардың пішіні дөңгелек, ал сабақ пен жапырақ сағағының бойында - ұзынша болып келеді. Дақтар кейде көмескілеу көрінеді, бірақ екі жағдайда да дақ үстінде көптеген майда қара-қоңыр пикнидалар түзіледі. Залалданған тұқымдардың беткі қабаты қыртыстанып, ашық-сары түсті дақтар жайылып орналасады. Саңырақұлақтың бұл түpi басқа дәнді бұршақтарға қарағанда асбұршақты жиі залалдап, аурудың дамуы жоғары дәрежеде өтеді.
Қоңыр аскохитоздың қоздырғышы - A. pinodes Jones саңырауқұлағы. Кеселге өсімдіктің жапырағы, сабағы, бұршаққабы залалданып, олардың бойында дөңгелек немесе бұрыс пішінді, шектелген, түсі қара ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz