Дәнді-бұршақ дақылының зиянкестері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Дәнді-бұршақ дақылының зиянкестері
Орындаған:
Қабылдаған:.
ЖОСПАР
КІРІСПЕ БӨЛІМ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1. Бұршақ дақылының өсіру технологиясы
1. 2. Бұршақ дақылының зиянкестері
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Дәнді бұршақ дақылдары (асбұршақ, ноқат, ноғатық, бөрібұршқ, т. б. ) дәнді дақылдардың үшінші биологиялық тобын құрайды да, бұршақ тұқымдасына жатады. Бұл дақылдардың тұқымдарында 20-30% және одан да жоғары мөлшерде ақуыз болады, ал бұл дәнді астық дақылдарынан 1, 5-3, 0 есе артық. Оның үстіне ақуызды заттар амин қышқылдарының құрамы бойынша (лизин, триптофан, т. б. ) толыққұнды, жеңіл ериді, адам мен жануарлар ағзаларымен жеңіл қорытылады. Тұқымдар мен жемістерінде ағзаның қалыпты қызмет істеуіне қажетті көп мөлшерде көмірсулары (крахмал) және әр түрлі дәрумендер (А, В, С, т. б. ) де шоғырланған. Дәнді бұршақ дақылдары мал шаруашылығындағы ақуыз мәселесін шешуге мүмкіндік жасайды. Таза және аралас егістіктерде олардан қоректілігі жақсы жасыл балауса, пішен және сүрлем дайындалады. Олардың сабағы мен мекені де мал азықтық құндылығымен ерекшеленеді. Дәнді бұршақ дақылдарының тұқымдары өңдеу өнеркәсібінде де пайдаланылады. Айта кеткен жөн, ақуыздың көп бөлігін бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауадағы азотты сіңірудің нәтижесінде қалыптастырады. Олардың агротехникалық маңызы да зор: тамырларында орналасқан түйнек бактерияларының азотты байлау қабілетінің арқасында топырақ органикалық заттармен және биологиялық азотпен байытылады. Сондықтан барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктер көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарына жақсы алғы дақыл болып табылады.
1. 1. Ауыспалы егістегі орны. Асбұршаққа жақсы алғы дақылдар-өздерінен кейін топырақты арамшөптерден таза және жеткілікті мөлшерде қоректік заттар мен ылғал қалдыратын дақылдар. Оларға сүріден кейін жаздықтар және жақсы тыңайтылған отамалы дақылдар жатады. Асбұршақты жаздық дәнді астық дақылдарынан кейін себуге де болады. Асбұршақтың өзі басқа дақылдар үшін жақсы алғы дақыл болып табылады. Оны жиі түрде екі жаздық астық дақылдарының арасына немесе дәнді дақылдар мен техникалық дақылдардың арасына орналастырады.
Алғы дақылға өте талғампаз, майбұршақты көңмен тыңайтылған танапқа егілген күздік дақылдардан кейін, бедеден, жүгеріден және көпжылдық шөптен кейін орналастырады.
Асбұршақ тұқымдарының әрбір центнері тиісті мөлшердегі сабанымен топырақтан 6, 0-6, 5кг азот, 1, 6-1, 8кг фосфор және 2, 0-2, 5кг калий шығындайды. Оның қоректік заттарға барынша көп қажетсінуі бүрленуден гүлденудің соңына дейін. Нақты жағдпйларға байланысты асбұршаққа 50-60кг Р 2 О 5 және 40-50 кг/га К 2 О енгізіледі.
Майбұршақ органикалық және минералдық тыңайтқыштарды өте қажет етеді. Гектарына 20 ц өнім түзгенде майбұршақ топырақтан 142кг азот, 35кг фосфор, 35кг калий шығындайды. Топырақтың сапасына байланысты гектарына 15-25т көң, 60-80кг азот пен калий және фосфорит ұны немесе суперфосфат түрінде 80-120кг фосфор енгізіледі. Қышқыл топырақтарға 2-3 тен 8-10 тоннаға дейін әк қолданады.
Асбұршақты дәнді астық дақылдарынан кейін орналастырғанда алғы дақылды жинап алысымен топырақты 22-25см терең қопсыту қажет. Себу алдында әдетте топырақ тұқымның сіңіру тереңдігіне культивацияланады, бір мезгілде тырмаланады.
Майбұршақ топырағын өңдеу жүйесі мүмкіндігіне қарай терең және қопсытылған топырақ қабатын қалыптастыру, арамшөптермен тиімді күресу, топырақта ылғал жинау мен сақтау шараларын қамтамасыз етуге бағытталады. Көпжылдық арамшөптерді аз жерлерде алғы дақылды жинап алған соң бір рет 6-8см тереңдікке ЛДГ-10, ЛДГ-15 құралдарымен сыдыра жыртады, екінші рет арамшөп өне бастағанда БДТ-7, 0 немесе БДТ-10 тырмаларымен 10-12см тереңдікке тырмалайды. 10-15 күн өткеннен кейін ПТК-9-35 немесе ПЛП-6-35 соқаларымен 25-27см тереңдікке сүдігер жыртылады.
Себуге асбұршақтың тұқымдық кондицияға жеткізілген ірі және біркелкі тұқымдарын пайдаланады. Өну энергиясын, танаптық өнгіштігін арттыруда, қуатты егін көгін алуда және жас өркендерді микроорганизмдерден, саңырауқұлақ аурулары мен зиянкестердің зақымдануынан сақтандыруда тұқымды дәрілеудің маңызы зор. Ылғалды аудандарда және суармалы жерлерде асбұршақ тұқымын нитрагинмен өңдеу жақсы нәтиже береді: өсімдік тамырларында түйнек бактерияларының түзілуіне мүмкіндік жасайды, азотфиксациясын күшейтеді және нәтижесінде астық өнімі артады.
Майбұршақтың себуге арналған тұқымын бөгде қоспалардан тазартып, аскохитоз, фузариоз, сұршірік, бактериоз ауруларға қарсы тұқым себуден 3, 5 ай бұрын 50% немесе 80% фундазол және 80% ТМДТ препараттарымен залалсыздандырады.
Асбұршақты ерте жаздық астық дақылдармен бір мерзімде себеді, топырақтың беткі қабатындағы ылғалды жоғалтып алмай тұрғанда. Солтүстік және Орталық Қазақстанда мамыр айының екінші онкүндігінің соңы-үшінші онкүндігінің басы 15-25 мамыр. Оңтүстік Қазақстан облыстарында сәуір айының екінші онкүндігі 11-20 сәуір, Шығыс Қазақстанда мамырдың екінші-үшінші бескүндігі 6-15 мамыр да себіледі. Асбұршақты әдеттегі жаппай қатардағы тәсілмен себеді, ал тұқымдық алқаптарда жаңа келешекті сорттарды жедел көбейту үшін-кең қатарлы тәсілді қолданады. Қазақстанның барлық аймақтарында жаппай қатардағы тәсілмен қара-қоңыр және оңтүстік-қара топырақтарында 0, 7-1, 0млн/га өнгіш тұқым, ал кәдімгі қара топырақтарында 0, 8-1, 2млн. га өнгіш тұқым себіледі. Ірі тұқымды асбұршақ сорттары үшін оңтайлы себу мөлшері 0, 8-0, 9млн. га өнгіш тұқым. Салмақтық себу мөлшері ірі тұқымды сорттарда 240-300 кг/га, ал ұсақ тұқымдыларда 150-200кг/га. Асбұршақ топырақ және метеорологиялық жағдайларға қарай: қара топырақты аймақтарда тұқымды 6-8см сіңіреді, құрғақшылықты аудандарда 8-9см.
Майбұршақтың егістік жер топырағы тұқым орналасатын тереңдікте 10-12 0 С жылынғанда кең қатарлы, қатараралықтары 45см болатын тәсілмен СКОН-4, 2 немесе СПН-6, СПЧ-6 МФ тұқым сепкіштерімен себеді. Майбұршақтың себу мөлшері егістік материалдың ірілігі мен егілетін аудандарына байланысты, гектарына 0, 4-0, 6 млн. өнгіш тұқым немесе 40-80кг. Себу тереңдігі 5-6см, жеңіл топырақ пен құрғақ ауа райында 8см дейін.
Асбұршақ жақсы тамырланғанда (3-4 жапырақ пайда болғанда және олардың биіктігі 4-5см жеткенде) күннің екінші жартысында тырмалау қайталанады. Асбұршақ егістігі арамшөптермен қатты ластанғанда гербицидтер қолданылады: біржылдық дара және қосжарнақты арамшөптерге қарсы асбұршақ көктегенге дейін топыраққа прометрин 50% бүркіледі.
Майбұршақты күтіп баптау танапты егін көгі шықпай тұрып және бірінші үштік жапырақ шыққанда қатар бағытына көлденең тырмалау, КРН-4, 2 қопсытқышы және КРН-38 отағыш тырмасымен 2-3 қатараралық өңдеулер мен үстеп қоректендірулерден тұрады. Құрғақшылық аймақатарда суаруды пайдалану өте тиімді, өнімділік екі есеге дейін көтеріледі. Майбұршақты оңтайлы ылғалмен қамтамасыз ету ережесі: гүлдегенге дейін топырақтың 50-70см қабатында ылғалдылықты ең төменгі ылғал сиымдылықтың 70% деңгейінде ұстап тұру, ал гүлдену тұқым толысу кезінде-80%. Мабұршақтың ылғалды ең көп қажет ететін мерзімі гүлдену, бұршаққап пайда болу және тұқымның толысу кезеңдеріне сәйкес келеді.
Біркелкі піспеуі, піскен бұршаққаптардың жарылуға бейімділігі және сабақтарының жапырылғыштығы асбұршақ егістігін жинауда қиындықтар туындатады. Жақсы нәтижелер екі кезеңді жинау тәсілінде алынады. Екі кезеңді жинаудың оңтайлы мерзімі асбұршақтың бұршаққаптарының 75-80% сарғайғанда немесе тұқымдарының ылғалдылығы 30-40% жеткенде. Дестелерді жинап бастыру СК-3, СК-4, Енисей-1200 комбаиндарымен іске асырылады.
Майбұршақ піскен кезде оның жапырақтары сарғайып түсіп қалады, сабағы мен бұршаққаптары қоңырланады, тұқымдарында сортқа тән түс қалыптасады, қатаяды. Бұршаққаптары толық піскенде комбаинмен тікелей жинайды.
1. 2. Бұршақ бітесі - Acyrthosiphon pisi Kalt. (Homoptera отряды, Аphidinea отряд тармағы, Aphididae тұқымдасы) . Бітенің денесі біршама жуандау, денесінің ұзындығы - 4, 5-5 мм. Қанатсыз аналықтарының денесінің түсі жасыл, кейде қоңыр қызыл болып келеді. Ұрықтанған жұмыртқа көпжылдық Бұршақ өсімдігінің сабақтарының тамыр бөлігінде жәнежерге түскен бұтақта қыстайды. Біте осы жұмыртқадан дернәсілдік сатыдын өткеннен кейін аналық - негізге айналады. Партеногенетикалық жолмен көбейіп, колониялар түзеді. Мұнан ары қарай аналық-орналастырушылар пайда болады. Қанатты аналық-орналастырушылар біржылдық бұршақ дақылдарына қонып, сол жерде жаңа колониялар құрады. Бір жылда 10-ға жуық ұрпақ беріп дамиды. Бітелер өсімдіктердіңжас ұлпаларында және гүл шоғырына қоныстанады. Колонияның өсуі жоғарғы бөліктен басталады. Олар көпжылдық бұршақ дақылдарына ұшып келеді де, содан соң бұл жерге аталық пен аналық шағылысқаннан кейін қыстайтын жұмыртқа салады. Бұршақ бітесі бұршаққа, сиыр жоңышқаға, жоңышқаға, жасымыққа зиян келтіреді. Дернәсіл мен имаго шырынды сорып, жапырақты ширатады, дамуды тоқтатады, зақымданған мүшенің түрін өзгертіп, егіннің түсімін төмендетеді. Бітенің жаппай көбеюі ауа райының қолайлы(жылы - жаңбырлы) .
Күресу шаралары
. Біржылдық және көпжылдық бұршақ дақылдарын бұршақ бітеден қорғау үшін кеңістікті оңашалаудың үлкен маңызы бар. Бұршақ дәнділерді қайталап отырғызуға болмайды. Жерге түскен дән өскіндерінің пайда болуына (өсуіне) жол бермеу керек. Көп жылдық бұршақты төмен кесінді жасап жинау қажет. Егер энтомологиялық аулағышпен 10 сілтеу (сермеу) жасаған кезде 25-30 дара біте түссе немесе 20% -өсімдік залалданған болса, онда инсектицидпен өңдеу жұмыстарын жүргізеді.
Түйнекті бізтұмсықтар: теңбіл - Sitona lineatus L. Және қылшықты - S. Crinitus Herbst (Бізтұмсықтар тұқымдасы - Curculionidae, қоңыздар отряды - Coleoptera ) . Қоңыздың бастүтігі қысқа, денесінің ұзындығы - 3-5мм, денесінің түсі топырақты сұр болып келген. Дернәсілдің сыртқы құрылысына тоқталатын болсақ, олардың денесі йілген, аяқтары жоқ, ақшыл қоңыр басы бар, дене тұрқы 5 мм-ге дейін жетеді. Қоңыздар жердің беткі қабатында және өсімдік қалдықтарының астында, көбенесе көпжылдық бұршақ өсімдіктері алқаптарында қыстайды. Көктем уақытында олар дәнді бұршақ дақылдарынфң өскіндеріне қоныс аударуы мүмкін. Қоңыздар топыраққа және өсімдік мүшелеріне жұмыртқаларын салады. Дернәсіл дамығаннан кейін топырықтың астына кіріп, азотфиксациялайтын түйнекті кеміріп қоректенеді. Шілде-тамыз а йларында қоңыздардың қуыршақтану кезеңінен кейін жас ұрпақтың таралуы пайда бола бастайды. Түйнекті бізтұмсық бір ұрпақ беріп дамиды. Негізгі қауіпті ересек жәндік пен дернәсіл келтіреді. Қоңыздар жапырақтың шетін кеміріп, «місінді зақымдану» қоздырады. Жапырақтың дәнжарнағының және өсу нүктесінің зақымдануы өскіннің жойылуына әкеледі. Дернәсілдер түйнек ұлпасын зақымдап, азоттың мөлшерін төмендетеді және өсімдіктің өсуін тежейді. Түйнекті бізтұмсық бұршақ, сиыр жоңышқа, люпин, жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, беде үшін қауіпті болып табылады.
Күресу шаралары
. Бұршақ дақылдарын зиянкестерден қорғау үшін учаскілерді көпжылдық бұршақ дақылдарын біржылдық бұршақ дақылдарынан кеңістікті оңашалау керек. Агротехникалық шаралар егіс және өсімдіктерді күту кезінде қолйлы мерзім ішінде жоғары деңгейде орындалуы тиіс. Егін себу алдында тұқымды нитрагинизациялау түйнектің пайда болуына жағдай жасайды. Егінді жинағаннан кейін бірден топырақты терең сүдігер жыртып өңдесе, зиянкестердің қуыршақтары мен дернәсілдерінің жойылып кетуіне мүмкіндік туғызады. Егер бізтұмсықтардың саны біржылдық дәнді-бұршақ дакылдарының өскіндерінде 1м-та 5-10 дара немесе жапырақтың зақымдану дәрежесі 10-15% құраса, онда қоңыздарға қарсы химиялык өңдеу жұмыстарын жүргізеді.
Бұршақ жемірі
- Laspeyresia nigricana F. (Tortrisidae -тұқымдасы, Lepidoptera - қабыршақ қанаттылар отряды) . Есейген құрттардың денесінің ұзындығы - 12 мм, ақшыл сары, басы қоңыр түсті болып келеді. Денесін түк пен сүйел жапқан. Есейген құрттар пілләнің ішінде топырақта қыстайды. Көбелектер ымырт түскен кезде ұшады да, өсімдіктің жер бетіндегі мүшелеріне жұмыртқаларын салады. Құрттардың дамуы дәннің ішінде өтеді. құрттар топырақтың арасына піллә торын түзіп, сол пілләнің ішінде қыстап шығады. 1-2 ұрпақ беріп дамиды. Құрттар көбінесе бұршақты кейбір жағдайда сиыр жоңышқаны, чинаны зақымдайды. Бұршақтың ішіне еніп, дәнді кеміреді.
Күресу шаралары
. Бұршақты бұршақ жемірінен қорғаудың тиімді жақтарының бірі - ерте және қысқа мерзім ішінде жинау, бұршақты сүдігер жырта өңдеу, өсімдік қалдықтарын құрту. Бұршақ қоңызы - Bruchus pisorim L. ( Coleoptera - қоңыздар отряды. Bruchidae - дәнектер тұқымдасы) . Қоңыздарының бүйірінің алдынғы арқасында және жамбастың төменгі жағында тісшелер орналасқан. Қанаттың үстінде ақ дақтар, ал құрсағының астында екі ірі қара дақтары бар. Денесінің ұзындығы 4, 5-5 мм ақшыл түктермен қапталған. Дернәсілі сопақ, ақшыл сары, ұзындығы - 5-6 мм. Қоңыздар тазалау, сақтау және егінді жинаған жерлерде бұршақтың ішінде қыстайды. Дернәсілдің ересек жәндікке айналуы, қыстап шығуы құрғақ тұқымның ішінде өтеді. Жұмыртқаны бұршақтың жармасына салады. .
Үрме бұршақ қоңызы
- Acantoscelides obtectus Say. (Coleoptera - қоңыздар отряды, Bruchidae - дәнектер тұқымдасы) . Ересек жәндіктің денесі қара, ұзындығы - 3-3, 5 мм құрсағы қызғылт жирен болып келген. Дернәсілінің денесінің түсі ақ, иілген, оны қылшықтар жапқан, ұзындығы 5 мм-ге дейін жетеді. Есейген даралары егістік жерлерде тұқымда немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Қоймаларда қысқы мезгілде 2 ұрпақ беріп дамуын жалғастыруы мүмкін. Аналықтары жұмыртқаларын бұршақтың жігіне немесе жіктің кемірілген жеріндегі шұңқырларға және қоймаларда тұқымның арасына салынады. Үрме бұршақтан басқа ноқатты, чинаны, асбұршақты және т. б бұршақ тұқымдастарын зақымдайды.
Күресу шаралары . Бұршақ тұқымдастарының егісін ақ және сары акциядан кеңістікті изоляциялау керек. Құрттарды құрту үшін бұршақты жинағаннан кейін топырақты терең сүдігер жыртудың маңызы бар. Жаппай жұмыртқа салу және құрттардың жұмыртқалардан шығу кезінде инсектицидпен бүрку жұмыстарын жасау қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz