Қазақстан Республикасының жоңышқа танаптарында жиі кездесетін ауру



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жоңышқаның солуы (вилт). Қазақстан Республикасының жоңышқа танаптарында жиі кездесетін ауру. Вилт ауруына шалдыққан жоңышқа өсімдігінің сабақ түтіктері және тамыр жүйесі залалданады. Кеселге шалдыққан өсімдіктің өcyi тежеліп, түбінен жаппай жанама сабақтар өсіп, өсімдік "мыстан сыпырғышы" деп аталатын күйге енеді. Бұл өсімдіктердің реңі өзгеріп, ақшыл-жасыл, сары түcке еніп, ауа температурасы тым жоғары болғанда жапырақтары қоңырланады. Әр шабыннан кейін өсімдіктердің қайта өсіп шығу қарқыны нашарлап, қурайды. Залалданған өciмдiк сабағы мен нeгiзгi тамырдың көлденең кесіндісінде қабық астында бастапқыда сарғыш түсті сақина немесе жартылай сақина пішінді, кейін қоңырланатын түтіктер байқалады. Тамыр қабығын аршығанда орталық сүректің сыртқы бөлігі сары немесе ашыққоңыр түсті, ал сау өсімдіктерде ол ақ немесе сәл сарғыш болады. Вилт ауруының қоздырғышы - Corinebacterium insidiosum Jens. бактериясы. Қоздырғыштың дамуына тамшыкүйіндегі ылғал және 12-18°С деңгейіндегі температура қолайлы жағдай туғызады. Инфекция өсімдік бойына насекомдар, топырақ өңдеуде қолданылатын құрал-саймандар немесе тӛменгі температураның әсерінен болған жарақаттар арқылы енеді. Бұл ауру беде мен түйе жоңышқада да кездеседі.
Вилт ауруының инфекциясы шөп шапқыш машина, насекомдар, кеміргіштер арқылы таралып, қолайсыз жағдайдың әсерінен нашар дамыған өсімдіктерді залалдайды. Ауру қоры - залалданған өсімдік қалдықтары. Кеселдің әсерінен өсімдік мерзімінен бұрын солып, қурайды.

Беде бактериозы. Ауру азықтық шөп егілетін аудандарда кездеседі. Кесел негізінен беде өсімдігінің жапырағын залалдайды. Ауруға шалдыққан өсімдік жапырағының астыңғы бетінде сулы дақ пайда болады. Ылғалды ауа райында дақтан экссудат шығып, кейін ол қатып, дақ бетінде ақшыл реңді жұқа қабыршаққа айналады. Дақтың айналасы сары түсті жиекпен көмкерілген. Ұлғайған дақ қоңырланып, қараяды. Кепкен дақтар жарылып үгітіледі де, орны тесіліп қалады. Ауру қарқынды дамығанда, өсімдік қурайды. Дақтар өсімдіктің барлық мүшелерінде де түзiлyi мүмкін. Ауру қоздырғышы - Pseudomonas trifoliorum Stapp. бактериясы. Жоғары ылғалдылық пен 18-20°С деңгейіндегі температурада бактерияның инкубациялық кезеңінің ұзақтығы 6-10 күнге созылады. Өсімдік бойына ауру қоздырғыш бактериялар жапырақ саңылаулары арқылы енеді. Инфекция өсімдік қалдықтары және тұқымы арқылы таралады. Аурудың әсерінен өсімдік жапырағы қурап, азықтық шөптің және тұқымның сапасы мен өнiмi төмендейді.

Тат. Республикада кең таралған, ал республиканың оңтүстік-шығыс аймағында ол аса зиянды кесел болып саналады. Жаздың бастапқы кезінде жапырақ бетінде майда, ұнтақталған, қоңыр татты бөртпелер пайда болады. Ауру қатты дамығанда бөртпелер қосылып жапырақ бетінің едәуір бөлігін алады. Өсімдіктің гүл сағағы және бұршақтары да залалданады. Саңырауқұлақтың урединий кезеңі жаз бойы дамып, бірнеше ұрпақ береді. Жаздың соңында жапырақ бетінде қара-қоңыр түсті, ұнтақталған ipi телий бөртпелер жарылған эпидермис астынан көрінеді. Өсімдік бұршақ салған кезде ауру қатты дамып, түзілген тұқымның саны мен сапасы кемиді. Жоңышқа татының қоздырғышы - Uromyces striatus Schr. саңырауқұлағы. Қоздырғыш әр иелі, толық циклді дамитын паразит. Урединиоспоралары бip клеткалы, пішіні шар тәрізді, түсі ашыққоңыр, қабығы бұдырлы, 4 өнгіш саңылауы бар. Телиоспоралары домалақтау кейде эллипс тәрізді, түссіз қысқа сабаққа орналасқан бip клеткалы, қабығы айқын, төбесінде өнгіш саңылаулары болады. Қоздырғыштың аралық иесі - сүттіген. Телиоспоралары мен урединий жіпшелері өсімдік қалдықтарында, ал сүттігенде эций жіпшелері қыстайды. Беде татының қоздырғышы - U. fallens Kern, саңырауқұлағы. Қоздырғыш бip иелі паразит. Спермагонийлары қызыл-қоңыр түcтi, пiшіні сопақша, эцийлері табақша тәрізді, эциоспоралары көп бұрышты кейде дөңгелек. Урединиоспоралары дөңгелек немесе эллипс тәрізді, диаметрі - 20-25 мкм, қабығы сары, тікенді, 3-4 өнгіш саңылаулы болады. Телиоспоралары дөңгелек жұмыртқа тәрізді, қалың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыспалы егістердің жіктелуі
Ауыспалы егіс
Паразиттік арамшөптер
Ауыспалы егістерде топырақтағы органикалық заттардың баланысын есептеу
Күріш ауыспалы егіс жүйесі
Ауыспалы егіс жүйелерін ұйымдастыру
Арамшөптермен алдын ала күресу шаралары
Ауыспалы егіс және қайталап егу және ауыспалы егістерді құрудың принциптері
Алматы облысы Сарқан ауданының табиғи-климаттық жағдайы
Қазақстандық шығыс арал өңірінде экологиялық жағдайға байланысты суармалы топырақ құнары қалыптасуының ғылыми негізі
Пәндер