Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен өнерпаздығы

Қазақ совет әдебиетінің негізін салушы, қоғам және мемлекет
қайраткері, революционер-ақын Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола уезі
Нілді болысының (қазіргі Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданында) бірінші
ауылында шағын шаруалы семьяда дүниеге келген.
1905 жылы Сәкен Нілдіге келіп, орыс-қазақ мектебінде оқыды. 1909 жылы
Ақмоладағы екі кластық приходская школаға түсіп, оны тәмәмдағаннан кейін
қалалық училищеде оқуы, қала өмірімен танысуы Сәкенге ірі, өнерлі жерде
білім алу қажеттігін аңғартты. Талапкер жас 1913 жылы Омбының оқытушылар
семинариясына көп қиындық көріп барып орналасты. Осында ірі қоғам
қайраткері Нығмет Нұрмақовпен екі, қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевпен үш
жыл бірге оқыды.
Омбы – Сәкеннің білімін арттырып қана қоймай, оның демократтық
көзқарасын қалыптастырған, ақындық талантын ашқан қала. Қазақ жастарының
көмегімен 1914 жылы Сәкеннің Өткен күндер атты өлеңдер жинағының шығуы,
мәдени-ағарту мақсатындағы Бірлік қоғамының сол қанатын басқаруы, Омбы
жұмыскерлерінің өмірімен танысып, Феоктист Березовский сияқты революционер-
жазушымен жақын болуы оның ағартушы-демократтық көзқарасының қалыптасуына
жағдай жасаса, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі әбден шыңдай түсті.
Омбы полициясының қара тізіміне 1914 жылдан бастап іліккен Сәкен
өзінің ізін бағып жүрген тыңшыға қарамастан 1916 жылғы санақ алу жұмысына
қатысуы, Ақмола түбіндегі ауылда бала оқытуы, февраль төңкерісі кезінде
қала пролетариатымен байланыс жасап тұруы, Жас қазақ ұйымын ашуы, 1917
жылы – Тіршілік газетін шығарып, алашордашыларға қарсы мақалалар жазып,
заман жайын түсіндіруі, Октябрь революциясын зор қуанышпен қарсы алып,
қалам мен қаруды тең ұстауы, Ақмола совдепінің президиумының мүшесі және
халық ағарту комиссары болуы, қаншама жұмыс басты болса да орыс-қазақ
мектебінде сабақ беруін тоқтатпауы, революциялық өлең-жырлар жазуы, 1918
жылдың июнінде тұтқынға алынып, атаман Анненковтың азап вагонында ажалмен
алысуы, асқақ ерлік көрсетуі, түрмеден қашып шығып, Түркістанға өтуі,
қазіргі Тараз қаласында ұлы өзгерістер ісіне белсене қатысуы, Ақмолада
Совет өкіметі орнағаннан кейін қайтып барып ірі қоғамдық жұмыскер атқаруы
азамат ақынның өнегелі өмірінің айшықты белестері.
Сәкен 1918 жылы март айында ұлы Коммунистік партияның мүшесі болды.
1920 жылы бүкілқазақстандық Құрылтай съезіне арнайы шақырылып, Қазақ
АССР Орталық атқару комитетінің мүшелігіне сайланып, Сәкен Оқу комиссарының
орынбасарлығына тағайындалды. 1922 жылы Советтердің үшінші съезінде Қазақ
республикасының Халық комиссарлар Советінің председателі болып сайланды
және Еңбекші қазақ газеті мен Қызыл Қазақстан журналының редакторы
қызметін қоса атқарды. Осы екі міндетті 1925 жылға дейін қоса атқаруында
үлкен мән бар. Төрешілдікті көздеген адам газет маңына жоламайды, оның
жанып тұрған от екенін, сыр шашып қоятынын біледі. Ал Сәкен болса іс пен
сөзді тұтастыру үшін, айтылған мен жазылғанның іске асуы үшін екі негізгі
тұтқадан айырылмады.
Халық комиссарлары Кеңесіндегі пәрменді, өмірі бітпейтін жұмыстар бір
адамға аздық қылмайтынын Сәкен өте жақсы білді. Ол екі тізгінді қатар
ұстап, өзінің шын азамат екенін, оның көздегені өзінің мансабы емес, елдің
өркендеуі екенін анық танытты. Елге пайдамды тигізейін деген мақсатпен
Сәкен Совнаркомдегі күндіз атқарылған мәнді істерді газетке түнде жазып
отырды.
Мемлекет билігі қолына тигенде 1923 жылы 15 ақпанда Қазақты қазақ
дейік, қатені түзетейік, деген ащылығы удай мақала жазды. Оған дейін
теңдік беремін деп дуылдатқан 1917 жылдың өзі Киргиз деген атаудан бізді
құтқармаған еді. Сәкен ашу-ызаға толы осы мақаласын бүгінге шейін қазақты
орыстар киргиз деп келді, орыс патшасының төрелері, жасауылдары қазақты бір
түрлі мүгедек, мақау, жануар деп санап, киргиз дегенде бір түрлі
менмендік қиянатпен, қорлаған мазақпен айтатын... Төрелердің қатындары
итіне ұрысқанда ах, ты Палкан, киргиздан да жамансың дейтін... Қазақты
қорқытқанда көзін алартып, тісін қайрап: у,у,у, Киргиз! деп ызбарланып
айтатын дегендерді бүгін оқудың өзі қиын.
Басқа жұрттан бұрын өзімізді өзіміз киргиз дейміз. Бұл біздің
әлсіздігімізді көрсетеді деп алады да, Қазақстанның орталық өкіметі
киргиз дегенді қойып, қазақ деген есімді қолдануға жарлық (декрет)
шығару керек. Қазақты қазақ дейік, тарихи қатені түзетейік деп 1923 жылы
ұсыныс жасапты. Қазақ тілінде жазылған ойлар республиканың шовинист
басшыларына қалай аударылып жеткізгенін құдай білсін, үкімет бастығының
ұсынысына дереу құлақ асқан партия, совет органдары болмай, әйтеуір Орта
Азиядағы жер бөлінісінің дүмпуімен 1925 жылдың жазында, V съезде әрең
дегенде тарихи қазақ деген атымызға ие болдық. Осы мәселені Сәкеннен
басқа ешкім көтерген жоқ.
Осы стратегиялық ойдың жалғасын Сәкен Сейфуллин көп тостырған жоқ.
Партияның ұлт мәселесін алғаш және соңғы рет арнайы қараған XII съезінің
шешіміне арқа сүйей отырып, Сәкен күні бүгінге дейін қиюы табылмай келе
жатқан қазақ тілі мәселесін көтерді. 1923 жылы 9 маусымда Кеңсе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz