Сәкен Сейфуллиннің туғанына 110 жыл


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Сәкен Сейфуллиннің туғанына 110 жыл

Астанада әлі күнге дейін көзіндей болып қалған, ол бас сұққан қастерлі ғимараттар көп.

Сырбаз, сұлулықтың символындай сол жанның сыртқы көркіне ішкі дүниесіде сай болғаны жайлы ел арасында тамсанып айтқан көне құлақтардың әңгімесі жетерлік. Жалпы, Сәкенді ұлтшыл деп қуғынға салып, айыптап, талай жылға дейін ол туралы айтуға да тыйым салғанда оған қатысты талай дүниелер өртеліп, аяусыз жойып жіберілген. Тек жаратқанның құдіретімен каншама қуғын-сүргін, таршылық көрсе де аяулы жары Гүлбаһрамның інісі Мәжиттің жасырып сақтап, бүгінгі күнге дейін жеткізген, ұрпағының еншісіне көңіл жұбатарлық тәбәріктей болып аз ғана дүниесі қалған. Жазу мәшеңкесін інісі Мәжит талай жылдар жасырып, жертөледе ұстаса, жары Гүлбаһрам сақтаған шыны құтыдағы әтірі де сақталған. Мұны асыл жары қандай қиын-қыстау кез болса да, жалғызы Аянды арқалап, Сәкеннің соңынан іздеп, жолыға алмай жүргенде де көйлегінің ішіне жасырып, тастамай алып жүрген деседі. Гүлбаһрам өзі бақиға аттанарда аманат айтып, мүрдесіне септіріпті деген аңыз да бар. Бұлардан басқа осы уақытқа жеткен құнды жәдігерлер - Сәкеннің күнделікті тұрмыста пайдаланған алтын сағаты, костюм-шалбары, тақиясы, шапаны, қолшатыры, бөкебайы, асатаяғы, аяқкиімі, қолшабаданы тағы басқалары Астанадағы мұражайында сактаулы тур. Тағы бір айтатын жайт, мұражайда Сәкеннің белгілі «Тар жол, тайғақ кешу» романының 1927 жылы шыққан алғашқы нұсқасы бар. Ал кейіннен жарық көрген кітаптары талай қолдан өтіп, теперіш көріп, өні өзгертіліп, қырқылып біткен дүниелер ғой. Дегенмен, адал ұлын әлдеқалай заманалар кепиетін көрсе де, жанынан артык сүйген, зәрезап болғ-ан жұртынан күні бүгінге дейін көздің қарашығындай сақталған асыл жәдігелер табылып, мұражайға тапсырылып жатыр. Голощекин саясатына қарсы жазылған «Қызыл ат» поэмасының орысшаға аударылған нұсқасы «Красный конь» кітабын Сәкеннің жақын туыстары кейінгі бір-екі жыл мұғдарында ғана табыс еткен.

Қазіргідей заман тынышталған уақытта да Сәкенді қызылдарға қызмет еткен деп күндеушілер табылған. Бұл дүниенің азабын көріп баққан асыл жанның тұлғасы бұдан зораймаса кішірейіп қалмағаны анық. Адал ұлын әлдеқалай замана кепиетін көрсе де халқы жанындай сүйіп, қалған дүниелерін бүгінге дейін жеткізді.

Сөйткен Сәкеннің әртүрлі болжам, деректер айтылғанымен, қилы заман әбігерінде жатқан жері де белгісіз боп қалған. Сонау бір жылдары Сәкенді Сібірде айдауда жүргенде жолықтырдым, моласын білем деген адамды алып Магаданға Жаңаарқа, Жезқазғаннан ел азаматтары арнайы барып, денесін «аманаттап» әкелеміз деп, жолға да шығып, іздеу салып еді-ау. Бірақ қаншама жылдар тоны өсіп кеткен мұз қабаттар міз бақпай, нақты дәйек болмады.

Дегенмен, Қарашілік кыстауы, Иманак тауы жайлауы болған Сейфолланың Сәкені халықтың ұлы болып калды. Ертеректе Иманактын бір баурайын «Сейфолланың көні» дейді екен. Биыл сол Иманактың бауырында ел-жұрты Сәкеннің 110 жылдық тойын атқармақ. Ал, Сарыарқаның сардаласында «Сұлуды атты қалай көзі киып . . . » деп жырлаған аяулы жанның өзіндей болған бір аксак киік сары далада әлі күнге дейін жүргендей. Бала кезімізде аксақ киікті біз де көруші едік . . . Ол Сарыарқаны мәңгі елестей кезіп жүретін болар.

Сәкен Сейфуллин

(1894-1938)

"Желісі үзілмей келген жиырма жылдық ақын жолы - жеңіл жол емес. Күш-қуат, ой-сезім, істері нәр атаулының барлығын, қуаныш пен күйініш,, қиналу мен тебірену араларында, жалындай жанып ортаға салған жылдар. Бұл жолга барлық жас куаты, өмірлік бейнеті, жүрек қаны сарп етілген. Осы күйді, әсіресе, Сәкен басынан мол кешті".

Мұхтар Әуезов

XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі - Сәкен Сейфуллин аз ғана ғұмырында өлмейтін мол мәдени мұра қалдырды.

Қазақ әдебиетінің барлық жанрында тамаша туындылар берген жаңашыл жазушы қаламынан туған шығармалар халық өмірінің ең бір көкейкесті такырыптарын қопара көрсетіп, жанды бейне, көркем образдар арқылы, терең идеялар айтып, эстетикалық игіліктер жасады.

Ұлттык әдебиетке төңкерістік мазмұн, жаңа форма, асқақ идея әкелген жазушы туындылары халқымыздың рухани қазынасын қорландыра түсті.

Туған жерім - Сарыарқа

Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы, Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші аулында (қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы) туған. Сарыарқаның сағымды даласы, мөлдір сулары, толқыған Нұра, Есіл өзендерінің бойы, алыстан көз тартқан Аба, Ор тауларының бауыры - болашақ ақынның балалық шағы өткен, жаз жайлау рақатын көріп, алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнаған, қыстың боранды ұзақ түндерінде қиял-ғажайып, ерлік оқиғаларға толы батырлар жырын естіп, мың түрлі сырмен адам жүрегін елжіретер ән мен күй тыңдаған, айт пен тойдың қызығын көріп, айтыс пен бәйгені қызықтаған алтын бесік, ыстық ұясы.

Табиғатынан дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қыр мұрын, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Садуақас деген есімнің орнына еркелетіл Сәкен атап кеткен.

Сөзге шешен, домбырашы, саятшы, аңшы Сейфолланың көп істері, әрекет-қимылы, мінез қалыбы болашақ ақынның әр, қайсар, әділ болып өсуіне әсер етеді. Еркелікті білмейтін, орынсыз күлкіге, жылауға жоқ тұрымтайдай бала шешесі Жамалдың ертегілерін тыңдаудан жалықпайды. Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса-хикаяны өзі оқи алатын деңгейге жеткен Сәкенді "Орысша тіл үйрен, орысша оқу үйрен", - деп Нілді зауытына жібереді. Тоғыз жасында ауылдан кетіп, Кенішке келген Сәкен бір орыстың сиырын бағып, пешке тас көмір жағып, су әкеп, әр түрлі жұмыстар істей жүріп, әуелі сол үйдің кемігірінен бір жыл орыспіа тіл үйреніп, екі жыл зауыт мектебінде (школа) оқиды. Кеше ата-ана алақанына салған бакытты бала бүгін кісі есігінде. Кеше кеш жатып, кеш оянған ұйқыдағы жайбарақат ауылда болса, бүгін түтіні аспанға шаншылған зауыт, балғаларды дүрсілдете соғып, көк темірді сағызша илеген ұсталар, есе, тендік, бостандық талап етіп ереуілге шыққан жұмысшылардын арасында. Жеті қат жер астындағы шыңырауға түсіп, көздері ғана жылтырап, шаршап-шалдығын шахтадан шығып келе жатқан кеншілер, сан алуан машиналарды жүргізіп, тас қопарып жатқан жұмысшылар, жатақ үйлер, ауыр тұрмыс, тартысты өмір суреттері алғыр, зерек, есті бала жүрегіне ыза, намыс, кек болып байланады. Кейін олар ақынның көптеген шығармаларына арқау болады.

Сәкеннің жан-жақты білім алуы, азаматтық-әлеуметтік көзқарастарының калыптасуы, шығармашылық қадамының басталуы оның 1908-1913 жылдары Ақмолада приходская школада, қалалық училищеде, 1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясыңда оқыған жылдарымен тығыз байланысты. Тырнақ алды адымын Нілді зауытында қалжың өлең жазудан бастаған жас дарын қазақ фольклорын, Абай шығармаларын, орыс, Еуропа әдебиеттері классикасын игеруге талаптанады. "Айқап" журналына хабар, сын, мақала, бірнеше өлең бастырады. 1914 жылы жиырма жастағы семинарист Сәкен Сейфулиннің "Өткен күндер" атты өлеңдер жинағы Қазан қаласында басылып шығады.

Өзі секілді семинария бітірген сол тұстағы қазақтың жас оқығандары сияқты Сәкен де еңбек жолың Сілеті-Бұғылы деген жерде ауыл мұғалімі болудан бастайды. Қазақ даласының астан-кестенің шығарған 1916 жыл оқиғалары, әсіресе әлемді дүр сілкіндірген 1917 жылдың алапат толқыны Сәкенге қатты әсер етті. Әр түрлі өлеңдер жазып жүрген, тіпті әлі балалық мінезден арылмаған жас ақын ақпан революциясы болып, патша құлатылғаннан кейін Ақмолаға келеді. Тартыстың бітімсіз күресі аз уақыт ішінде романтик жыршыны тез ширатып, тіпті оның шығарма жазуға қолын да тигізбей, әлеумет қайраткері, саяси күрескер етіп шығарады. Сәкен Сейфуллин түрлі қызметтер атқара жүріп, қазақ әйелдеріне теңдік беру, дін басыларды ауыздықтау, бұрынғы дәулет-байлық әкімшілік-билік иелерін тізгіндеу, кедей-кеппгік, жұмысшы-жалшыға күш беру, әлеуметтік іске тарту секілді сан алуан саяси шараларды жүзеге асырады. 1917 жылы жазған «Бақыт жолында» драмасы 1918 жылы Ақмола жастарының күшімен сахнада қойылады.

Басқа да күрескерлермен бірге Сәкен қол-аяғы шынжырланып, Колчак түрмесінде отырады, аш-жалаңаш, қорлық-зорлық көріп Анненковтың азап вагонының тауқыметін тартады. Тоғыз айға созылған бұл тамұқ тақсіретінен ер жүрек ақын 1919 жылы наурыз айында Омбы тұтқын Лагерінен кашып шығып құтылады. Мыңдаған шақырым жаяу-жалпы, арып-ашын жүріп, ол ақыры Түркістан өтщ, Әулиеата (қазіргі Тараз) атырабыңда Қеңес өкіметін орнату жұмыстарына белсене қатысады.

1920 жылы Қазақ Автояомиялы Республикасы кұрылғанда, Сәкен Сейфуллин Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің президиум мүшесі, Жер-су комиссиясының төрағасы, ал 1922 жылдың қазанында III Кеңестер съезінде Қазақстан Комиссарлар Кенесінің төрағасы етіп сайланады. Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің (ВЦИК) мүшесі ретінде КСРО көлемінде шешілетін күрделі саяси, әлеуметтік, шаруашылық мәселелерді талқылауға қатысады (1922-1925 жылдары) . "Еңбекші қазақ" газетінің (қазіргі "Егемен Қазақстан"), "Әдебиет майданы" (қазіргі "Жұлдыз") журналының редакторы болтан С. Сейфуллин қазақ кеңес баспасөзінің басында тұрдьи 1925-1937 жылдар арасында Жазушылар одағында, басқа да орындарда басшылық қызметтерде, бола жүріп, жоғары оқу орындарында ұстаздық етті. Кең құлашты қоғам қайраткері, адал, шыншыл ақын С. Сейфуллиннің даңқы алысқа тарады.

Сәкен қарбалас, аласапыран күндер тыңышталып, бейбіт өмір арнасына түскен шақта негізгі өмірлік мұраты қаламгерлік екенін әбден ұғынады. Барльщ қайрат- күшті, талант-дарын, жігерді көркем сөзбен туған халқына қызмет етуге жүмсайды. Оның қаламынан туған "Асау тұлпар" (1922), "Домбыра" (1924), "Экспресс" (1926), "Тұрмыс толқынында" (1928), "Көкшетау" (1929), "Альбатрос" (1933), "Қызыл ат" (1933), "Социалстан" (1927), "Жер қазғандар" (1928), "Айша" (1922), "Жемістер" (1935), "Бақыт жолына" (1917), "Қызыл сұңқарлар" (1920) драмалары туды. "Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары" (1931), "Батырлар" (1933), "Қазақ әдебиеті" (1932) зерттеу еңбектері - қазақ фольклоры мен әдебиетінің көп материалдарың жүйелеп, озық әдебиеттану принцшттері негізінде жазылған, танымдық - тәрбиелік мәні жоғары туындылар. Сазгер ретінде Сәкен Сейфуллин қазақтың жаңа музыкасының дамуына өзінің тамаша әндерімен үлес қосты.

1936 жылы қазақ әдебиетінің көзі тірі классигі Сәкен Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдығы тойланып, әлеуметтік ерекше қызметі ескеріліп, оған Еңбек Қызыл Ту ордені берілді. Сталиннің жеке басына табыну кеселінен жазықсыз жалаға - репрессияға ұшыраған Сәкен Сейфуллин 1938 жылы 26 акпанда мерт болды.

Өткен күндер суреті

Тұңғыш "Өткен күндер" өлеңдер жинағы Қазандағы баспасынан басылып шыққанда, Сәкен Сейфуллин жиырма жаста еді. Кітапқа енген өлеңдердің әлеуметтік-қоғамдық мазмұны, көркемдік-эстетикалық ерекшелігі, позтикалық-ақындық қуаты қаламгердің табиғи үздік талантын, азаматтық позициясын, пәлсафалық дүниетанымың анық көрсетіп береді. Бұл тұста баспадан кітап болып шығып жатқан қазақ жазушыларының шығармалары некен-саяқ ұлы ақын Абай туындыларының басылғанына не бары бес-ақ жыл өткен еді.

Сәкен жинағындағы өлеңдер идеялық тұрғыдан алғанда ағартушылық, демократтық бағытта, сыншыл реализм әдісінің арнасында жазылғандығын көреміз. Жас ақын қазақ өміріндегі, халық тұрмысындағы маңызды әлеуметтік тақырыптарды көтеріп, оған көркемдік, эстетикалық талдау жасайды.

Патша отаршылығы, қазақ елінің қараңғылықтан көзі ашылмағандығы, қазақ байларының надандығы мен топастығы, өздері бірікпей, жан-жаққа тартқан ел басшыларының берекесіздігі тектес саяси - әлеуметтік тақырыптарды қозғау, кедейлік, жоқтық зардаптары, білімге үндеу, оларға халық мұраттары тұрғысында жауап іздеу жас акынның азаматтық ой-өрісін көрсетеді. Бұл идеялар "Мұра", Түс", "Кім басшы аға халыққа?", "Қазақ сабағы", "Надан бай", "Жетімге", "Інішегіме" өлеңдерінің бәріне тән.

Оқу - білім қуып, жастай қалаға кеткен жас өспірімнің елге деген сағынышы, туған жерге деген махаббаты ауыл көріністерін, ел тұрмысын, этнографиялық жайттарды бейнелейтін "Жайлауға кету", "Жайлауда қымыз ішу", "Айт күні" өлеңдерінен жақсы көрінеді. Бұл туындыларда есте қалар қанық бояумен салынған табиғи суреттер, бірте-бірте жойылып бара жатқан қазақтың кешегі өмірінің белгілері - өткен күндер картиналары бар.

Ұшқын атқан алғашқы ғашықтык, махаббаттың нұрлы сәулесін жырлауға да жас ақын қаламы бейім, бұл ретте Абай ыкпалы мол.

Әлеуметтік айкын позиция, халықтық идея, бейнелі тіл орамы, мәдениетті өлең кестесі бар "Өткен күндер" жинағы қазақ әдебиетіне тегеурінді талант келгендігінің айғағы болды.

Әділдік, теңдік іздеген

1922 жылы Орынборда басылып шыққан "Асау тұлпар" жинағы - қазақ поэзиясында жаңа көркемдік мұраттарды өнерлік тәжірибеде нақты іске асырған туынды болды.

"Далада" дел аталатың өлеңмен жазылған арнауында ақын:

Сендерге, қарындастар,

Сендерге, інілер,

Сендерге арнаулы бұл әндер!

Дүниенің құлдық шынжырын қиратып,

Әділдік, теңдік іздеген,

Тұрмыстың таршылық зынданын бұзып,

Еркіндік, кендік іздеген,

Көкіректері жанып бақыт іздеген, жастар,

Сендерге арналды бұл әндер! -

деп жинақтың негізгі идеясын, эстетикалық мұратын пафосты, ұранды сөздермен ашып береді. Негізінен, "Асау тұлпар" жинағындағы өлеңдерді үш жүйеге бөліп қарауға болады. Бірінші - төңкеріске дейінгі кезде жазылған махаббат, ғашықтық жырлары, табиғат, пейзаж лирикасы, түрлі аудармалар, әдеби пародия. Ақын өлеңдердің қашан, қай жерде жазылғанын дәл көрсетіп отырған. Еркіндік, бостандықты аңсау, табиғат құбылыстарынан пәлсафалық мағына іздеу, таза сүйіспеншілік сезімін мадақтау - "Жазғы түнде", "Көңіл", "Сәулем", "Өткен күн", "Далада" секілді өлеңдердің басты көркемдік нәрі.

1917 жылы 9 наурызда жазылған "Асығып тез аттандық" өлеңі - ақын шығармашылығындағы жаңа күрт бетбұрыстың басы болды. Ақын әлеуметтік мәселелерді қара түн, зеңгір тау, тан, тұлпар, қызыл шоқ үкі, көк, кызыл шашақ ока секілді символды образдар арқылы романтикалық әуенде көтеріңкі пафоспен жырлай келіп:

Күнге жайып құшақты,

Шақырып бері шаттандық.

Қуантуға ел-жұртты

Асығып тез аттандық -

деп тұжырымдады.

Ал "Кел, жігіттер" өлеңіңде (1917) автор позициясы тіпті айқын, енді ол символды сурет, романтикалық толтау емес, қазақ жастарына ашық күрескерлік ұран тастайды.

Залымдық пен

Әділдіктің

Алысқанын айтайық .

Жер жүзінде

Бай мен кедей

Шабысқанын айтайық, -

дейді.

Сөз жоқ, бұл - қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы төңкерістік рухтағы жыр.

Ал "Тұлпарым", "Сағындым", "Қамаудан", "Адасқандарға", "Шаһит болған достарыма", "Түрмеден қашып шыққанда" өлеңдері қаһарлы күндердің сұсты келбетін, ауыр күрестерде шынығып шыққан күрескер образдарын жасайды. Бұл шығармалардан Сәкен Сейфуллиннің "Тар жол, тайғақ кешу" романында айтылатын оқиғалармен сарындастық үндестік сезіліп отырады. Ақын өз басынан өткерген жайттарды жалпы халықтық тарихи маңызы бар көркем шындық дәрежесінде көтеріп, бір-бірімен сабақтас жырлар циклін тудырған. Осылардың ішінде кезінде дабылы күллі қазақ даласына жеткен тұлғалы туындысы "Жас қазақ марсельезасы" (1919) атты жырының әдебиет тарихынан алар орны бөлекше.

Анненковтың азап вагонынан өлдім-талдым дегенде әрең қашып құтылып, басқа атпен жасырынып жүрген кезінде Сәкен қаламынан туған ''Біздің жақта" (1919), "Бабаларыма" (1919), "Тау ішінде" (1919), "Шөлде" (1919), "Қашқынның аулы" (1919) өлеңдерінде пессимизм, өкініш, түңілу сарындары, күрестен қашу мотивтері жоқ, қайта туған жерді, кең даланы, сұлу қыз, батыр жігітті, еркіндік пен бостандықты мадақтау пафосы толықн атып тұр.

Үшінші топтары "Біз" (1921), "Қызыл ерлер" (1921), "Жолдастар", "Кімде-кімнің тасқын судай қайраты" (1922) деген өлеңдерінде ақын Қазан төңкерісінің жеңісін, оның дүние жүзілік маңызын жырлайды. Ақын тақырыбы кеңейіп, идеялар сараланып, бону - кестесі байи түскен "Қара айғыр" (1921), "Аспанда", "Аэропланда" (1921), "Маржан" (1921), "Жұмыскерлерге" (1921), "Біздің тұрмыс - экспресс" (1922) өлеңдерінде жаңа заман көрсеткіші ретінде ақын поэтикасында орасан зор орын алатын пойыз, ұшақ экспресс, жұмысшы, домбыра секілді образ-символдар жиі кездеседі.

Революциялық поэзия

"Домбыра" (1924) жинағында ақын таланты бұрынғыдан терең ашылып, сан алуан тақырыптағы көркем туындылар берді. Табиғат құбылыстарын, туған ел көрінісін бейнелей отырып, символдық образ жасау, ишарат ой айту сипаттарымен ерекшеленетін "Алтай" (1925), "Жазғы далада" (1923), "Лезде артта қалды" (1923) өлеңдерінде асқақ пафос, жалынды рухпен қоса, кей тұста мұң төгіліп, тебіреністі сыр шертіледі.

Ақынның жаңа сана адамын сұлу мүсінді, қайратты, сыптай, жаны таза, биік мұрат жолындағы күрескер етіп көрсететін "Біздің Сеуле" (1922), "Жас қазақ" (1923), "Сәрсен" (1923), "Біздің ұлан" (1923), "Жеткіншегім, тартынба" (1923) өлеңдерінің идеясы мазмұндас, көркемдігі деңгейлес шығармалар.

Әсіресе, «Бұлшық ет» өлеңінде барлық әрекет, қозғалыстың динамиканың, даму атаулының тұтқасы - тас қопарып, жер үңгіп, шыңырау қазып, байлық шығарған, темір жол салып, жер кыртысын сыдырған адам қолын ардақтай келіп, ақын бұлшық етті айғырдың тоқпақ жалына, бөкеннің серке санына, қайынның қырған безіне, шортанның жұмыр беліне теңейді.

Ширатылып түйілген,

Болаттай күшпен иілген,

Бұлшык етті білек пен

Балтырдан күшті дене жоқ -

деп аяқтайды.

Бұл - адам баласының тән саулығың, күш-қайратын образды деталь арқылы всем бейнелеп, шалқыта мадақтаған келісті де ықшам, көркем де шебер жыр.

Тағы бір көңіл аударарлық жаңалық "Аспанға үш" (1923), "Самұрық" (1923), "Автомобиль" (1923), "Жел қайықта" (1924), "Қызыл жұлдыз" (1924) секілді өлеңдерде революциялық өзгерістер дәуірінің, өсіп өрлеудің, дамудың бейнесі ретінде ұшақ жұлдызды жырлайды, осы тақырыптардан әлеуметтік, қоғамдық мазмұүн тудырады.

Сыр сандық

Сәкен лирикасыңдағы жаксы үлгілерден біразын 1926 жылы Қызылордада басылып шыққан "Экспресс" жинағынан табамыз. Кітаптағы бірталай шығарма туған даласын ("Қара жер", "Күзді күнгі дала"), айдын шалқарын ("Міне, көл"), шулаған тоғайын ("Орман"), елге деген күштарлығын жырлауға арналған. Әсіресе, хат үлгісінде жазылған, "Анаға хат", "Анаға жауап" өлеңдерінде аналық-балалық махаббаттың, сағыңыш-мұнның, өкпе-наздың, жүрек қылын шертер, көзге жас үйірілтіп, ет бауырынды елжіретер нәзік лирикалық сезім жеті-сегіз буынды, шалыс ұйқаспен келетін Абай жасаған өлең формасымен аса сәтті бейнеленеді.

Сәкен "Сыр сандық" өлеңі досқа жазылған хат формасында берілген. Сезім мен сыр, ой мен образ жымдаса қабысып кеткен бұл шығарманың ішкі ырғағы, өуезі есіле төгіліп, жібек торғындай судырап тұр. Адалдық пен арамдық, талант пен күштілдік, мансап пен ұждан, достық пен қастандық туралы тебірене толғанған ақын мұзбалақ зеңгір тау, сыр сандық, сым перне, алтын сарай образдары арқылы көркемдік мұрат, өсемдік идёалдарын окырман кауымға айқара ашың салады.

Өзі әңгіме-жыр деп атап, 1926 жылы жеке бастырып шығарған "Ұйым мен еңбек шарт - жалшылар қорғаны" деп аталған шығармасында Бүйенбай байдың әділетсіздіктерін, жалпы Сәрсеннің көрген корлықтарын ауыз әдебиетіндегі терме әуенің пайдалана отырып, еркін формада әңгімелей баяндайды. Жалпы қауымның адасып, кателесіп жүргенін, қайткенде еңбегі жаңатынын үгіт-насихат ыңғайда түсіндіріп береді?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин – жаңашыл ақын
Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің тілдік ерекшелігі
Сәкен Сейфуллин шығармашылығының зерттелуі
Қазақ әдебиетіндегі Сәкен Сейфуллиннің бейнесі
С. Сейфулиннің «Тар жол тайғақ кешу» романындағы күрескер ақынның бейнесі
Есею жылдары романының қазақ прозасында алар орны
Сәкен Сейфуллин поэзиясындағы жаңашылдық
Cәкен Сейфуллин және фольклор
XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтың зиялы адамдары мен бес арысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz