Сәләф ғұламаларының көзқарастары


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

1. 2 Сәләф ғұламаларының көзқарастары

Алла тағаланы ақылмен толық түсіну мүмкін емес. Өйткені, Алла тағала шексіз, ал адамның ақылымен қоса басқа да қабілеттері де шектеулі. Міне, сондықтан, Әбу Бәкір (р. а. ) : «Алла тағаланы толық қамтып түсіне алмауыңды мойындауың - оны толық түсінгенің», - деген. Әсілінде, адам не нәрсені де мына өмірде өзі көрген, білгенімен салыстырып барып, ұғынып жатады. Алайда, ғұламалар: «Ақылға салып қалай пайымдасаң да Алла бәрібір одан өзгеше» деп ескерткен. Осы себепті, әһлі сүннет ғұламалары Аллаға: «Мұхалафатул лил-хауадис» деген ерекше сипат берген. Мұның мәні: «Алла тағала кейіннен жаратылғандардан өзгеше, олардың ешқайсысына ұқсамайды» дегенді білдіреді. Бұл негіз - Құранның: «Оған (Аллаға) еш нәрсе ұқсамайды», «Алла тағаланың еш теңдесі жоқ», (шура сүресі 11 аят) - деген секілді аяттарынан алынған. Иә, Алла тағалаға жаратылғандардың ешқайсысы ұқсамайды. Алла тағаланың бар болуының белгілі бір бастауы жоқ - әзали, соңы жоқ - мәңгі. Алла тағала жаратады, бірақ жарату үшін қолды да, басқа құралды да қажет етпейді. Бұл теңдессіз құдірет Құранда былай деп түсіндірілген: «Бір нәрсені қаласа, Оның бұйрығы «Бол!» деу ғана. Сонда әлгі нәрсе дереу бола кетеді» (Иасин сүресі, 82-аят) .

Алла тағала көреді әрі естиді. Алайда, Оның көруі мен естуі белгілі бір ағзаға не құралға тәуелді емес. Аллаға мекен мен заманның да ықпалы жүрмейді, себебі, бұлар кейіннен жаратылған. Ал, Алла тағала мекен де, уақыт та жоқ кезде бар еді. Түптеп келгенде, мекен мен заманның өзі Алла тағаланың билігіндегі нәрселер. Құранның: «Көктегілер мен жердегілер кімге тиесілі? - деп айт. Оларға бәрі Алланікі - дегін», (Әнғам» сүресі, 12-аят) - деген аяты мекеннің де, оның ішіндегілердің де Алланың иелігінде екендігін білдіреді.

Хазреті Әли (р. а. ) : « Алла тағала Аршты өзіне мекен үшін емес, керісінше құдіретін паш ету үшін жаратты», «Алла тағала мекен жоқ кезде де бар еді. Ол бұрын қалай болса, қазір де дәл солай » 5 , - деп, Аллаға мекен тән еместігін білдірген.

Хужжатул-Ислам Әбу Жәғфар әт-Тахауи өзінің мәшһүр «Тахауия ақидасында» былай дейді: «Алла тағала шектеуліліктен, рүкіндер мен ағзалардан, құралдардан пәк. Оны кейіннен жаратылғандар тәрізді алты жақ (оң, сол, алдыңғы, артқы, жоғарғы, төменгі жақтар) қамтымайды» 6 .

Абай бір өлеңінде Алланың мекенсіздігін меңзеп былай деген:

«Мекен берген халық қылған Ол Лә мәкан ,

Түп иесін көксемей бола ма екен?

Және оған қайтпақсың оны ойламай,

Басқа мақсат ақылға тола ма екен?!» 7

Алла тағала жайлы осы түсініктерді нақтылап алғаннан кейін енді жоғарыдағы сұрақтың жауабына оралайық. Құранның кейбір аяттары мен бағзы хадистердегі Алла Тағалаға қатысты айтылған тура мағынасы белгілі бір ағзаны немесе жаратылғандарға тән іс-әрекеттер мен ерекшеліктерді білдіретін сөздерге «мүтәшабиһ аят, хадистер» (мағынасы анық емес аят, хадистер) немесе «Айатус-сифат», «Ахадисус-сифат» (Алла Тағаланың сипаттарына қатысты аят, хадистер), яки, «ас-сифатул-хабария» (хабари сипаттар - тек аят хадистерде айтылған ақылмен біліне бермейтін Алланың сипаттары) делінеді.

Мақаламызда бұдан әрі мұндай сипаттарға «хабари сипаттар» дегенді көбірек қолданамыз.

Ғұламалардың хабари сипат-тарға байланысты ұстанымдары негізінде екі бағытта өрбиді.

Сәлаф ғалымдарының көзқарастары. Сәлаф - бұрынғылар дегенді білдіреді. Оған, ең әуелі, пайғамбарымызды көзі көрген сахабалар, сахабаларды көзі көрген табиғиндер, табиғиндарді көзі көрген атбағут-табиғиндер кіретіні талассыз.

Сәлаф ғалымдары хабари сипаттарда қолданылған сөз-дердің ағза мағынасындағы әрі жаратылғандарға тән ерек-шеліктерді білдіретін тура мәнін қабылдамаған. Сондай-ақ, Алла тағаланы жаратылғандарға ұқсат-пастан және мұндай сөздердің Алла мұрат еткен мағынасының бар екенін қабылдай отырып, жалпылай иман келтірген. Сәлаф ғалымдарының мұндай аяттардағы мүтәшабиһ сөздердің ауыспалы мағынасын таңдап, астарлы мәніне үңілуден бас тартуларының астарында үлкен сақтық жатыр. Себебі, мұндай сөздердің бірнеше ауыспалы мағынасы, әрі бірқатар астарлы мәні болуы мүмкін болғандықтан, оның нақты қайсысы Алла үшін мақсат етіліп тұрғандығы белгісіз. Яғни, олардың көзқарасы бойынша, Аллаға тікелей қатысты мәселелерде тәуил 8 жасап, жорамалға бару - қатерлі.

Умму Сәлама анамыздан (р. а. ) ««Алла сосын аршқа истиуа 10 етті» деген аяттың мағынасы сұралғанда: «Қалай болатындығы ақылға сыймайды, ал истиуа бұл беймәлім емес, бұған сену иман-нан, ал қарсы шығу - күпірлік» 11 , - деп жауап берген.

Имам Мәликтің мәжілісіне бір кісі келіп: «Уа, Абдулланың әкесі, «Әр-Рахман аршқа истиуа етті» делінген аят бар. Сонда Ол қалай истиуа етті?», - дейді. Осы сәтте Имам Мәлик басын төмен иді де артынша қара терге түсті. Сосын былай деп жауап берді: «Ар-Рахман аршқа өзі сипаттағандай истиуа етті. «Қалай?» деп айтылмайды. Өйткені «кейіп» деген ұғым Аллаға жүрмейді. Сен бидғатшыл адам екенсің. Мынаны сыртқа шығарыңдар». Басқа бір риуаятты былай деген: «Истиуа бұл белгісіз емес. Ал оның қалай екендігі ақыл білетін дүние емес. (Басқа риуаятта: қалай екендігі (белгілі бір кейіп) Аллаға жүрмейді. Бұған иман келтіру - уәжіп. Ал бұл туралы сұрау - бидғат» 12 .

Уәлид ибн Муслим былай дейді: «Мен әл-Аузағи, Мәлик және әс-Сәури, әл-Ләйс ибн Сағдтан хадистердегі (мүтәшабиһ) сипаттар жайлы сұрадым. Олар: «Белгілі бір кейіпте болатындығын ойламастан хадистерде айтылғанды сол күйінде үстінен оқып қана өтіңдер», - деп жауап берді» 13 .

Ахмад ибн Ханбалдан сифатқа қатысты хадистер жайлы сұралған еді. Ол: «Оған (ондай сипаттарға) ешбір мағына берместен әрі белгілі бір кейіпте болады деместен иман келтіреміз әрі растаймыз», - деп жауап қатты.

Жоғарыдағы сәлаф ғұламаларының хабари сипаттарға қатысты жауабынан олардың мынандай негіздерді ұстанғанын байқаймыз.

1. Белгілі бір ағзаны немесе жаратылғандарға тән іс-әрекетті білдіретін сөздердің тура мағынасын Ұлы Жаратушыға телу мүмкін емес. Алла тағала одан пәк.

2. Алла тағалаға ешбір нәрсе ұқсамайтыны секілді Алла Тағала да ешбір нәрсеге ұқсамайды.

3. Сондай-ақ, Алла тағаланы кемшіліктерден пәктеймін деген ниетпен аяттағы Алла мұрат еткен мағынасын түгелдей жоққа шығармау (таътил) .

4. Мұндай сөздердің нақты мұрат болған мағынасын Алланың шексіз іліміне қалдыра отырып, айтылғанға жалпылай иман келтіру (тафуид) .

Міне, сәлафус-салихиндердің көпшілігі аят пен хадистердегі хабари сипаттарда қолданылған сөздердің белгілі бір ағзаны яки жаратылғандарға тән іс-әрекеттерді білдіретін тура мағынасының Ұлы Жаратушы үшін мүмкін еместігін білдіре отырып, Алла тағала мұндай сөздер арқылы нендей мағынаны мұрат етіп, қандай сипатты қалаған болса, соған жалпылай иман келтірген. Сөздің ауыспалы мағынасы мен астарлы мәнін іздеп, жорамалға бармаған.

Ал хабари сипаттарды түсінудегі екінші бағыт - Алла тағаламен байланыстырыла айтылған тура мағынасы белгілі бір ағзаны немесе жаратылғандарға тән іс-әрекеттерді білдіретін сөздердің араб тіліндегі Ұлы Жаратушыға лайық келетін басқа ауыспалы мағынасын іздеп, астарлы мәніне жорамал жасау бағыты. Бұл бағыт сәлафус-салихиндердің кезінде аз да болса кездесетін (Олардың аттарын төменде арнайы атайтын боламыз) . Бірақ кейіннен ислам жағрафиясының кеңеюі нәтижесінде мұсылмандар арасында түрлі философиялық ағымдар пайда бола бастаған шақта бұл бағыттың кеңінен өріс алғанын байқаймыз. Себебі, кейбір топтар хабари сипаттардағы сөздердің тура мағынасын негізге алып, «Алланың көзі, жүзі, екі қолы, саусақтары, екі жаны, аяғы бар, тағына отырады» деп Ұлы Жаратушыны жаратылғандарға ұқсата бастаған еді. Бұл жайлы Әбу Ханифа былай дейді: «Батыс мен шығыстан екі жаман пікір келді. Олар Жәһим муъаттила (Алланы пәктейміз деп онда айтылған сипатты толықтай жоққа шығарушылар) мен Мұқатил мүшаббиһа (сөздің тура мағынасын негізге алып, Алланы басқа жаратылғандарға ұқсататындар) . Осындай «мүшаббиһа» сияқты топтардың жая бастаған түрлі қате пікірлеріне қарсы сәлафус-салихиндердің ұстанған «Алла тағала мұндай сөздер арқылы нендей мағынаны мұрат етіп, қандай сипатты қаласа, соған жалпылай иман келтіреміз» деген шынайы мойынсұнушылықты білдіретін тәсілі жеткіліксіз еді. Міне, осындай қым-қиғаш кезең-де қарапайым мұсылмандардың санасына сызат, көңілдеріне күдік түсірмеу үшін философиялық пікірлерге ислами қисын жолымен жауап беру қажеттілігі туындады. Осындай қажеттіліктің нәтижесінде, әлгіндей тура мағынасы Алла тағаланы басқа жаратылғандарға ұқсататын сөздердің ауыспалы мағынасын таңдап, басқа астарлы мәндеріне жорамал жасау тәсілі көптеп қолданыла бастады. Бұл жайлы Абдуллаһ Дираз өзінің «әл-Мұхтар мин кунузус-сунна» атты еңбе-гінде былай дейді: «Хәлафты тәуил жасауға итермелеген себептердің бірі мүшаббиһа, мүжәссима және сол сияқтылардың бидғаттарының шығуы еді» 14 .

Тәуил жасау ұстанымын кейінгі ғасырларда (һижри ІІІ ғасырдың соңы) өмір сүрген ғалымдардың көпшілігі ұстанғандықтан оған «халафтардың (кейінгілердің) ұстанымы» делінетін болды. Олар хабари сипаттардағы сөздердің ауыспалы мағынасы мен астарлы мәнін кездейсоқ ойларына не келсе соны емес, араб тілі қағидаларының шеңберінде таңдады. Сондай-ақ, таңдалған мағынаның Құранның мұхкам 15 аяттарында анық білдірілген Ұлы Жаратушының кемел сипаттарына сай келуін басты назарда ұстады. Яғни, мүтәшабиһ аяттарды мұхкам аяттардың аясында түсінуге тырысты.

Хабари сипаттарда қолданылған шынайы мәнін айқындау күрделі келетін Алла Тағалаға қатысты сөздердің ауыспалы мағынасы мен астарлы мәніне үңіліп, тәуил жасаудың ғұламалар белгілеген бірқатар өзіндік ережелері мен шарттары бар. Олар қысқаша мынандай;

1. Алланың кемелдігі мен ұлықтығына лайық болуы.

2. «Алла тағалаға еш нәрсе ұқсамайды» деген секілді мағынасы айқын мұхкам аяттарға және діндегі жалпы қағидаларға қайшы келмеуі.

3. Араб тілінің ережелері мен тәсілдері шеңберінде жүзеге асуы.

4. Нұрлы ақылға, дұрыс қисынға қайшы келмеуі.

Мұхкам мен Мүтәшабиһ аяттар

Әсілінде, ««мүтәшабиһ аяттың астарлы мәнін іздеп, ауыспалы мағынасын таңдау арқылы жорамал жасауға болмайды» дейтін сәлафтар да болады» дейтін халафтар да өз көзқарастары-ның дұрыстығына «Әл-Ғимран» сүресіндегі мына аятты дәлел ретінде келтіреді: «Ол (Алла) саған Құранды түсірді. Онда мағынасы айқын мұхкам аяттар бар. Олар - Құранның негізі һәм тірегі. Ал басқа аяттары болса, мағынасы нақты ұғынықты емес мүтәшабиһ аяттар. Жүректерінде қыңырлық бар жандар «қалай бүлік шығарып (адамдарды адастырамыз һәм қалай нәпсі қалауымызға қарай) олардың жорамалын жасаймыз» деп мүтәшабиһ аяттардың соңына түседі. Шын мәнінде, оның нақты жорамалын тек Алла біледі және ғылымда тереңдегендер де, «Біз бұл кітапқа (мұхкамі мен мүтәшабиһына) толықтай иман келтірдік. Барлығы Алланың құзырынан» дейді» 16 .

Екі жақтың да дәлелдеу жолдары түсінікті болу үшін аятты қысқаша түсіндіре кетейік. «Әл-Ғимран» сүресінің жоғарыда келтірілген аятында баяндалғандай Құран аяттары «мұхкам» және «мүтәшабиһ» болып екіге бөлінеді. Мұхкам - бұл мағынасы айқын, анық түсінікті аяттар. Мысалы, «Алла бір, Алла еш нәрсеге мұқтаж емес - әс-Самад, Ол тумады да, туылмады һәм Оның ешбір теңдесі жоқ» деген секілді аяттар. Мүтәшабиһ - мағынасы айқын емес, бірнеше мағынаны қамтыған, тіпті тура мағынасы мұрат болған мағынаға қайшы секілді көрінетін аяттар. Мұхкам аяттар Құранның негізі болса, мүтәшабиһ аяттар сол негізгі аяттар шеңберінде қарастырылатын тармақ аяттар болмақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам ілімдерінің қалыптасуы және дамуы
«Сәләфизм» ағымы туралы
ИСМАТУЛЛАШЫЛАР. Шығу тарихы
Аср-и сағадат және табиғин дәуірінде сенім (ақаид)
Әлемдік және дәстүрлі діндер
Ханафи фикх мазхабының негіздері мен ерекшеліктерін жас ұрпаққа көрсете білу
Сәләф және сәләфиліктің мағыналары және айырмашылықтары
М. Абдух ілімінің негізгі көзқарастарын ашып талдап көрсету
Уаһабилік немесе "сәләфилік"
Исламдағы ағымдардың шығу себептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz