ХХ ғасыр басындағы әдеби процесс және символизм



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жұмыстың негізгі мазмұны
Кіріспеде диссертация тақырыбының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері,
ғылыми жаңалығы, ұсынылған тұжырымдары, зерттеу нысаны мен дерек көздері,
зерттеу әдістері, жұмыстың теориялық, әдістемелік, тәжірибелік маңыздылығы,
сарапталуы және құрылымы жөніндегі мәліметтер берілген.
ХХ ғасыр басындағы әдеби процесс және символизм деп аталатын жұмыстың
бірінші тарауы ХХ ғасыр басындағы әдеби байланыс мәселелері және
Символизмнің генезисі және оның әдебиеттегі көрінісі атты екі тараушадан
тұрады. Жоғарыда аталған бірінші тараушада зерттеу обьектісіне айналған
қазақ-орыс әдеби байланыстары жөнінде бұрын-соңғы айтылған әр түрлі ой-
пікірлерді зерделей отырып, соған қатысты туындаған мәселелерге тоқталуды
жөн санадық.
түрлі әдеби-тарихи және көркемдік-эстетикалық фактілердің өзіндік көрінісі
ретінде үнемі ауысып отыратын өте күрделі, көп қырлы диалектикалық құбылыс.
Сонымен қатар, олар, біріншіден, әдебиеттердің әлемдік деңгейдегі өсу
жолдарына, екіншіден, түрлі ұлт мәдениетінің тарихына, үшіншіден, нақты
әрбір қаламгер шығармаларына қатысты туындайды.(Жалпы, әдеби байланыстар
Осы орайда, ұлттық әдебиеттердің өзара қарым-қатынасы мен байланыстарын жай
ғана атап қоймай, әдеби процестің күрделі ішкі заңдылықтарын қамтып, бұл
алмасулардың ұлттық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуындағы рөлін және
шығармашылық өрістегі алатын орнын айту лазым. Сондықтан осы тұрғыда ой
қорытуға тырыстық.
Жоғарыда қарастырылған әдеби байланыс түрлерінің шығармашылық қарым-қатынас
мәселелерін тереңірек түсінуге септігі тигенімен, әдеби процесс болмысын
толыққанды сипатта көзге елестете алмасы анық. Өйткені әдеби байланысты
тарихи-әдеби процестің ең бір маңызды буыны ретінде танитын болсақ, ол
тікелей көркемдік, шығармашылық үрдіспен, сондай-ақ әдеби бағыт, жанр,
стиль және т.б. дамуына да тікелей қатысты. Диссертацияда осы мәселелер
төңірегінде ой өрбітіліп, дәйектеме тұрғысында тұжырымдар жасалынды.
Әдебиеттердің өзара қарым-қатынасы көп қырлылығымен ерекшеленеді. Мысалы,
сарындас әдеби ағымдар бір-біріне ықпал етеді, идеялық-эстетикалық бағыт-
бағдары ұқсас қаламгерлер өзара үндестік танытып жатады. Бұл жекелеген
ұлттық әдебиетте белгілі бір жанрдың қалыптасып, өріс жаюына әрі жаңа және
ескі поэтикалық формалардың жетіліп, дамуына, көркем сөз шеберлерінің тіл,
стиль тұрғысындағы өркендеуіне игі ықпал жасайды.
Әлбетте, әдебиеттер арасындағы байланыстар олардың жалпы тарихи-әдеби
дамуына сәйкес бір-біріне айрықша ықпал етуінде байқалады. Ал әртүрлі
жағдайдағы шығармашылық қарым-қатынастың нақты формалары шексіз. Бұл
көпқырлылық шығармашылық байланыс секілді күрделі процестің маңызды жағын
қамтитын негізгі түрлерінде анық сезіледі.
ықпал-әсер (влияние) болып табылады десек қателеспейміз.(Сонымен, әдеби
қарым-қатынас формаларына аударма, үлгі алу (взаимствование), еліктеу
(подражание), стильге салу (стилизация), образды ұқсастық (образные
аналогии) және тағы басқалар жатады. Демек, шығармашылық қарым-қатынастың
анағұрлым қарқынды түрі
Жүздеген, тіпті мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан әдебиет аралық
шығармашылық алмасулар шексіз әрі әр алуан. Сондықтан әдебиет
зерттеушілерінің алдында қашанда байланыс пен қарым-қатынас процесінің
күрделілігімен қатар кезеңдік, ұлттық және эстетикалық көрініс
ерекшеліктерін қамтып көрсету міндеті тұрады. Сөз өнерінің өзара алмасу
арқылы баю процесі бір қалыпты емес, өзгермелі, құбылмалы. Себебі, әдеби
даму бірде қарқынды, бірде баяу жүретін заңды құбылыс. Әдебиеттер
арасындағы байланыс туралы да осыны айтуға болады. Әдеби алмасудың заңды
құбылыс ретіндегі белсенділігіне мына секілді қоғамдық-әлеуметтік себептер
тірек болғанын байқаймыз. Бірінші, бұл елдер өмірінде қоғамдық-саяси сана
өсіп, әдебиеттер өзара тығыз қарым-қатынасқа түседі, яғни, халықтың рухани
күш-қуаты анағұрлым айқын көрінеді; екінші, идеологиялық күрес түрлі
позиция өкілдерін халықаралық тұрғыда рухани байланыс жасауға итермелейді,
үшінші, мемлекеттер арасындағы саяси-экономикалық және мәдени байланыстарға
кең жол ашылады.
Әлем халықтары әдебиеттерінің осы секілді қарқынды, игілікті
байланыстары Ресейдегі бірінші орыс төңкерісі кезінде қоғамдық-саяси өсу
жағдайымен бір мезгілде болғаны мәлім. Бұл қоғамдық жағдай империя аймағын
мекендеген бүкіл халықтың ұлттық-идеологиялық күресі мен қозғалысына көп
ықпал етті. Сонымен қатар, төңкеріс ауқымындағы қозғалыстармен тығыз
байланысты дамыған орыс әдебиетінің басқа елдер әдебиетіне әсері де аз
болмағаны анық. Мысалы, түркі халықтарының сөз өнерінің осы кезеңде
өрістеуіне батыс, орыс әдебиеті мен мәдениеті біршама ықпал еткені рас.
Тарихи-қоғамдық жағдайдың өзгеруіне орай, әдебиет аралық қарым-қатынас
та бірте-бірте ауысады. Сөйтіп, бұрын өзінің көркемдік жетістігі төмен
болғандықтан өзгелерге елеулі әсер ете алмаған әдебиеттер басқалардан
үйрену арқылы белгілі бір шеберлік қырларын игеріп, өз ішінен белгілі-
белгілі көркем сөз қайраткерлерін ұсынуы мүмкін. Бірте-бірте бұл өзара
алмасудың күрделі процесіне әлем әдебиетінің бәрі тартылады. Мәселен,
тарихи-қоғамдық жағдайларға байланысты томаға-тұйық күй кешіп келген қазақ
әдебиеті ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап шығармашылық қарым-қатынас
үрдісіне бойлай енді. Тіпті еніп қана қоймай, әлемге әйгілі қайраткерлерді
(Шоқан, Ыбырай, Абай) дүниеге әкелді. Олардың ізін ала өмір кешкен ХХ ғасыр
басындағы қаламгерлер өз алдына үлкен бір шоғырды құрады.
Егер әдебиетті ұлттық сана-сезім формасы ретінде қабылдасақ, онда езгідегі
халықтың ұлт-азаттық күресі мен санасының өсуіне қарай, оның әдебиеті
өзінің дербестігін, тәуелсіздігін, өз тілін, өзіне тән ерекше тақырып пен
идеяны, сондай-ақ этикалық әрі эстетикалық идеалын сақтап, прогрессивтік
әлем әдебиеттерімен тығыз қарым-қатынас жасауға ұмтылыс жасайды. Бұған
мысал ретінде, алысқа бармай-ақ, төл әдебиетіміздің ХХ ғасыр басындағы
кезеңін көзге елестетсек те жеткілікті.
Диалектикалық түсінік тұрғысында әдеби байланыс пен әдеби процесс түрлі
тарихи кезеңге орай, ауысып отыратын әдеби болмыс жағдайы бола отыра, бір-
бірінен ажырағысыз екендігін көптеген ғалымдар, атап айтқанда, А.С. Бушмин,
Н.И. Конрад, М.Б. Храпченко, И.Г. Неупокоева және т.б. атап көрсетті [1].
Ғылыми жұмыста осындай ой-пікірлер сараланып көрсетілді. Сондай-ақ,
қазақ пен орыс халықтарының әдеби байланысы сөз етіліп, оның түрлері,
алғышарттары біршама айқындалып берілді.
Символизмнің генезисі және оның әдебиеттегі көрінісі деп аталатын
бірінші бөлімнің екінші тараушасында символизмнің анықтамасы беріліп, оның
философия, дін, мифология тәрізді басқа да мәдени құбылыстық ілімдермен
байланысы сарапталып, талданады.
Нақтылай айтсақ, бұл ағымның эстетикалық негізін құрған батыс оқымыстылары
– А. Рембо, С. Малларме, П. Варлен, К. Гамсун, М. Метерлинк, Э. Верхарн, О.
Уайльд, Г. Ибсен, Р. Рильке және т.б. батыс оқымыстылары еді. Сондай-ақ ,
символизм Батыс Еуропаның Бельгия, Германия, Норвегия сияқты елдеріне
кеңінен таралды. Символизм ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр аралығында орыс
поэзиясына да ерекше құбылыс болып енді. Ол елдегі бүкіл ақындық әлем
шығармашылығын қамтымаса да, өзінің сол кезеңдегі ерекше келбетімен
айқындалды [2].
Демек, символизм әдеби бағыт ретінде Еуропалық және орыстық өнер өрісінде
1870-1910 жылдары ерекше дамыды десек болады. Әдебиеттану ғылымында
символизм термині әр қилы мағынада қолданылып келеді. Көбінесе символизм
еуропалық және орыстық өнер өрісіндегі бағыт ретінде түсіндіріледі. Сонымен
қатар, символизм кең мағынасында дүниетаным (А.Белый) немесе
философиядағы, өнердегі және антикалық мәдениеттің белгілі бір кезеңінде
жазылған шығармалардың өзіндік сипатын айқындайтын өмірлік тәжірибе
ретінде де түсіндіріледі [3].
Әдебиеттанушы Е.В.Ермилова орыс символизмінің теориясына байланысты өз
тұжырымын ұсына келіп, былай деп жазады: Символизм алғашында
декаденттік, импрессионистік, субьективистік, иллюзионистік
символизм тәрізді бағыттардың орнына қолданылатын әдеби бағыт болуды аз
көрді. Символизм тек әдеби мәселелерді ғана емес, дүниетанымдық мәселелерді
де шешуге ұмтылды [4, 3-б].
А.Белый, Вяч.Иванов, Вл.Соловьев тәрізді теоретик-символистер де
символизмді осылайша түсінді. Символизмді белгілі бір дәуірдегі
философиялық ойдың жалпы мәселелерімен тығыз бірлікте қарастырудың
қажеттілігі орасан зор, себебі сонда ғана символизмді – дүниетаным
ретінде түсінуге болады. Е.В.Ермилованың айтуынша, реалды символдың
концепциясын тұжырымдаған Вяч.Ивановтың ой сілемі П.Флоренский, С.Булгаков
шығармаларында көрініс тапқан.
А.Белый өзінің Символизм, как миропонимание атты еңбегінде ХХ ғасыр
басындағы орыс әдебиетінің сипаты туралы айта келіп, символизмнің
дүниетанымдық тұрғысындағы мағынасына тоқталады. Символизмді бұлайша
түсіндіру ғасырлар тоғысындағы заманауи ерекшеліктерге байланысты болып
келді. Символизмді – дүниетаным ретінде анықтаудың негізінде адам өмірінің
мәнін экзистенциалдық тұрғыдан түсіну жатыр. А.Белый былай деп жазады: Кез-
келген символист суреткер шығармашылығының алғы шарты – оның ғасырлар
тоғысындағы адамзаттың тығырыққа тірелуін, іс пен сөздің, сана мен
түйсіктің арасында жер мен көктей айырмашылық бар екенін сезінуі [3,51-б].
Белгілі батыс ойшылы Карл Ясперстің идеясы бойынша халықтар арасында
тектік емес, рухани байланыс бар. Нағыз рухани өмір тек өмір мен өлім
белдескен шекаралық жағдайлар кезінде ғана танылады, тек
осы уақытта ғана адамдар арасындағы қарым-қатынас экзистенциалдық реңкке
боялады.
Экзистенциалдық философия идеялық ағым ретінде ХХ ғасырдағы
философияға ғана емес, пессимистік көңіл-күйге негізделген әдебиетке де тән
болды. Экзистенциалистердің көркем шығармаларындағы символдар көбінесе адам
болмысының мәнін эмоционалды түрде түсіндіруге қызмет етті. Адам болмысының
негізгі категориялары – жатсыну, қорқыныш, үрей, өлім т.б. болып саналды.
Орыс символизмі экзистенциалдық дүниетанымға сүйене отырып, мағыналық
басымдылық ретінде транценденттілікті (тәжірибеден тыс жатқан, ақыл-санамен
түсініп білуге болмайды дейтін идеалистік философиядағы ағым) көрсетеді.
Орыс экзистенциализмі (Н.Бердяев, Л.Шестов, С.Франк) бойынша адамды адам
ететін нәрсені эмпирикалық (тәжірибеге негізделген) тұрғыда түсінуге
болмайды. Н.Бердяевтің пікірінше, трансценденттілік біздің өмір сүруіміз
үшін қолайлы жағдай жасайды әрі ол біздің табиғи болмысымыз мен рухани
дүниемізге ауадай қажет. Егер трансценденттілік болмаса, онда тұлға да
болмайды. Бұл – символизмге берілген анықтаманың негізгі ұғымы. Бұл
анықтама бойынша символ көп мағыналы, астарлы образ ретінде сезімдік
қабылдаудан тысқары жатқан идеяларды көркем бейнелейді. Символизм жасырын
ақиқатты, өмірдің шын мәнін түсінуге, теңдесі жоқ сұлулыққа қол
жеткізуге ұмтылады [5].
Кіші символистер (Блок, Белый, Вяч.Иванов) осындай жасырын
ақиқатты, өмірдің шын мәнін түсінуге құштар болды, олар әлеуметтік
төңкерісті (революцияны) рух төңкерісіне апарар саты деп қабылдады
(А.Белый) [6]. В.А.Келдыш жазғандай, айналада болып жатқан өзгерістерді
жүрегімен сезінген символистерде жан толқуы жыр жолдарымен берілді. Бұл
толқу сол кезеңдегі аласапыран уақыттың өзіндік ерекшеліктеріне (тығырыққа
тірелген халықтың басын тауға да, тасқа да соғып абдырауы) байланысты
туындаған еді[ 7,25-б].
Қазақ ғалымы Ш.Елеукенов те ХХ ғасыр басындағы орыс поэзиясында қанды
алау, өрт, буырқанған теңіз, найзағай, боран тәрізді символикалық
образдардың кеңінен қолданылғанына назар аударады. Оның айтуынша, бұл
образдар қазақ әдебиетінде де орын алды. Мысалы, уақыт тынысын, өз халқының
мұң-қайғысын жан-тәнімен сезіне білген Мағжан, Бернияз поэзиясында осы
іспеттес бейнелі образдар жиі кездеседі. Ойшыл ақын Мағжан адамды мәңгілік
уақыт пен кеңістік ауқымында ала отырып, осы мәңгілік уақытты – бір ғана
сәт, ал адамды – мәңгілікпен салыстырғанда бір нүкте ретінде қарастырады.
Осылайша, экзистенциализм адамның рухани дүниесін, жан әлемін терең
түсінуге мүмкіндік береді. К.Ясперс көрсеткендей, адамзат тарихын көркем
бейнелейтін өнердің негізінде рухани факторлар, атап айтқанда,
экзистенциалды өмірмен, яғни мағыналық басымдылық – трансцендентті
түсіндірумен тығыз байланысты факторлар жатады.
К.Ясперс бір кездегі Н.Бердяев, А.Ф.Лосев, С.Цвейг және т.б. ойшылдар
тәрізді адамның рухани әлемінің трансценденттілігін мойындайды.
К.Ясперс„философиялық сенім“ ұғымын енгізді, бұл ұғым бойынша ақиқат туралы
білімнің өзі білместіктен пайда болған. Ақиқат – философиялық сенімнің
нысаны. Ясперс үшін білместік – адам ақыл-ойының дәрменсіздігінің
субьективтік көрсеткіші ғана емес, сондай-ақ, болмыс – трансценденцияның
ерекше формасының обьективтік куәгері де. Білместік – бұл миф, яғни өмір
туралы мифологиялық түсінік [8,23-б].
А.Ф.Лосевтің тұжырымдауынша, біздің өміріміз символдарға толы.
Символдың көмегімен біз трансценденттілікпен, нағыз ақиқатпен қауышамыз.
Бұл – нағыз ақиқатты символ арқылы тануға болады дегенге саяды. Сонымен
бірге біздің сезіміміздің сыртқа шығуына жол ашатын экзистенцияда жоғалып
кетеді. Лосевтің Аталмыш ғалымның айтуынша, өнердің өзі белгілі бір
дәрежеде символикалық болуы қажет. Бірақ ақиқат болмыспен салыстырғанда, ол
– астарлы. Ал өмірдің өзі символикалық мәнге ие, себебі біз өмірде кім
болсақ, солай өмір сүреміз. Лосевтің пікірі бойынша, миф пен символ бір-
бірімен тепе-тең [9,47-б].
Г.П.Козубовская өзінің А.Фет поэзиясы және мифология деген
монографиясында ХІХ ғасыр поэзиясына өзгеріске түсудің нәтижесінде пайда
болған мифологиялық шығармашылық тән болып келеді дейді [10,128-б].
Д.В.Затонскийдің Модернистік мифтер және шындық болмыс атты зерттеуі
ғалымдар қауымын елең еткізді. Аталмыш жұмыста ХХ ғасырдағы батыс
модернизміндегі мифтік шығармашылық жөнінде сөз қозғалады. Еңбек авторының
зерттеу нысанына қатысты біржақты көзқарасына қарамастан, жұмыста ХХ ғасыр
өнеріндегі мифтің рөлі туралы біршама қызғылықты деректер берілген [11,353-
б].
Ал, А.Белый мынадай пікір келтіреді: Көркем шығармашылық символизмі –
сөз символизмінің жалғасы. Ол бұндай байламды Потебняның сөзді символ
ретінде қарастырған пікіріне сүйене отырып жасайды. Потебнянның аталмыш
тұжырымы өз кезегінде Рикердің символизмге берген анықтамасына жақын
келеді. А.Потебняның тұжырымдамасы бойынша, сөздің екі түрлі мазмұны бар:
обьективтік және субьективтік. Біріншісі – белгі, символ, ол біз үшін
екіншісінің орнын басады... Сөздің бірінші мазмұны дегеніміз – ой мазмұнын
белгілейтін пішін болып табылады. Сондықтан екіншісін – субьективтік
мазмұнды жоққа шығарсақ, онда сөзде тек дыбыс қалады, яғни сыртқы пішін
және этимологиялық мағынасы бойынша, ол да –пішін, бірақ ішкі пішін. Сөздің
ішкі пішіні ой мазмұнының санаға қатынасын білдіреді: ол (ішкі пішін)
адамға өз ойының қандай екенін көрсетеді[29,233-б].
Әдебиетші–ғалымдардың ой-пікірлері бойынша, символизм – романтизмнің соңғы
сатысы және неоромантизм немесе модернизм деп аталады. Олар өз
зерттеулерінде неоромантизм терминін тегіннен-тегін бермеген. Себебі, өз
кезінде орыс әдебиеттану ғылымында, төңкеріс қарсаңында С.Венгровтың
редакциясымен жарияланған ХХ ғасырдағы орыс әдебиетінің тарихы атты
еңбекте романтизм концепциясын тұжырымдаған ой-пікірлер жарық көрген
болатын. Аталмыш басылымда соңғы ширек ғасырдағы қоғамдық-әдеби өмірде әр
қилы өзгерістердің салдарынан пайда болған түрлі көңіл ауандарының
арасындағы үйлесімді байланыс орыс неоромантизмі терминімен
түсіндірілген.
Орыс әдебиет өкілдерінің бізге беймәлім болып келген еңбектерін ғылыми
айналымға қосу, олардың төл түлектерімізбен шығармашылық үндестігін,
ағымдастығын зерделеу уақыт талабына орай туындағаны рас. Осы тұрғыдан
келгенде, орыс символистерінің қазақ қаламгерлеріне еткен әсері барынша
игілікті болды.
Жалпы, қазақ ақындары – Шәкәрім, Шәңгерей, Мағжан, Бернияз
шығармашылықтарындағы символизм сарынының көрініс табуын да сол тұстағы
тарихи-мәдени жағдайлармен байланыстырған жөн. Сонымен қатар, орыс
поэзиясындағы символизм ағымының даму тарихы мен бет алысы, табиғаты да
осындай факторларға тиесілі.
Символизм ағымының ықпал ету аясының өте кең болғаны соншалық, ол
(символизм) басқа әдеби мектептер мен үйірмелерге ғана емес, көршілес,
аймақтық деңгейдегі қарым-қатынасы бар елдердің де әдебиеті мен мәдениетіне
зор әсер етті. ХХ ғасыр басында бұл игі дәстүр өз жалғасын тапты.
Орыс және қазақ символист ақындарының шығармашылық үндестігі деп аталатын
екінші бөлім үш тараушадан тұрады. Орыс символистері және олардың қазақ
ақындарына ықпалы атты бірінші тараушасында орыс символистері – А.Фет,
Ф.Тютчев, К.Бальмонт, В.Брюсов, А.Блок, А.Белый, Д.Мережковскийлердің
қазақтың – Ш.Құдайбердиев, Ш.Бөкеев, М.Жұмабаев, Б.Күлеев сынды көрнекті
ақындарына жасаған игілікті ықпалы болғаны дәйекті мысалдар арқылы
айқындалады.
Жалпы, бұл әдеби ағым ХХ ғасыр басында өте-мөте кең әрі жан-жақты
анықталды. Ғалым Б.А.Жетписбаева атап көрсеткендей, өзіндік символдар
мазмұны негізіндегі жаңа өнер үлгісі ретіндегі символизм – жаңа
дүниетанымды экзистенционалды түрде анықтап, айқындайтын өнер [13,35-б].
ХІХ ғасырдың 90 жылдары Ресейде модернистік ағымдар өзгеріске ұшырады. Егер
90-жылдардың басы мен ортасында модернизм бірқатар ақындар мен
публицистердің әртүрлі пікірлері негізінде өзін айқындаса, ғасырлар
тоғысында ол ағым бірте-бірте әлдеқайда қалыптасқан әрі ауқымды сипат ала
бастады.

Орыс әдебиетіндегі жаңа поэзияның аға буын өкілдерін (К.Бальмонт,
В.Брюсов) замандастары декаденттердің қатарына қосты. Жаңа поэзияның аға
буын өкілдері шығармашылықтарының алғашқы кезеңінде бұрын болып көрмеген
жеке поэтикалық тіл жасауды армандады. Олардың шығармашылығында дәстүрлілік
элементтері шашыраңқы болды. Олар теориялық тұрғыдан негізделмей, лирикалық
поэзияның заңдылықтары мен тенденцияларынан туындады. Аға буын өкілдері
үшін поэтикалық құндылықтардың бастауы – эстетикалық негіз еді.

Орта буын өкілдері, дәлірек айтқанда символистер мәселені басқаша
қойды. Олар да бұрын болып көрмеген образдар тілінде сөйлегісі келді.
Дегенмен, олар негізінен дәстүрді жоққа шығарған жоқ, тіпті керісінше
саналы түрде өздерінің жаңа тілін ежелгі, тамыры тереңге кеткен дәстүрлер
негізінде жасауға ұмтылды.
А.Блок О современном состоянии русского символизма атты мақаласында орыс
символизмінің тарихын, оның тығырыққа тірелуін айта келіп, абсолютті
құндылықтардың орнын ендігі уақытта субъективтік, салыстырмалы, тек
эстетикалық құндылықтардың басуы ғана жеңетіндігін түсіндіреді.
А.Блоктың Стихи о Прекрасной Даме шығармасына циклизация, лирикалық
қаһарман, идея тұтастығымен айқындалған контекст тән болып келеді. Аталмыш
туындыда жалпы символикалық, бірақ ең бастысы, бір өлеңнен екінші өлеңге
ауысқан сайын контекст дами түсіп, онда (контексте) алғаш рет Блоктың
өзіндік символдары жасалды және де бұл символдар кейін ақын
шығармашылығының өн бойында өзгеріске түсті:
Крыльцо Ее – словно папереть,
Вхожу – и стихает гроза.
На столе – узорная скатерть,
Притаились в углу образа.
Всадник в битвенном наряде,
В золотой парче [14,225-б].
Бұл символдар бұрыннан таныс поэтикалық образдардан (жұлдыз, ымырт, тұман,
жел, дауыл) жасалады. Аталмыш сөздер романтикалық стильге жатады. Блок бұл
сөздерді бір лирикалық жеке тұлғаны, бір тағдырды көрсететін жеке контекс
элементтеріне айналдыра алды. Бұл үрдіс оның 1901 жылы жазылған алғашқы
өлеңдерінен-ақ айқын байқалады.
Блоктың алғашқы өлеңдерінде А.Фет ықпалы анық сезіледі, сонымен қатар
Блоктың өзіндік жаңалығы де көзге түседі. Әрине, ымырт, көктем, дауыл,
түс сөздері Фетке тән болып келеді. Оның поэзиясында аталмыш сөздер заттық-
логикалық мәнге ие емес. Олардың эмоционалдық және мағыналық қасиеті
романтикалық стильмен де, ақынның жеке өзіндік стилімен де қалыптасады.
Бірақ А.Фетте – мұның барлығы да стилистикалық реңк. Бірақ сөздің
символикалық мәнінің кеңеюі, бұл сөздің алғашқы мағынасын жоққа шығармайды,
тек күрделендіре түседі.
Кейінірек Блоктың тұрақты символдарының қатарына мәңгілік образдармен
бірге, уақыт табы бар басқа сөздер де енді. Мысалы Незнакомка және
Снежная маска өлеңдерінде Блоктың тұрақты символдарының ішінде 1900
жылдары өмір сүрген әйелдердің заттары: шлейф, иіссу, жібек, вуаль және
т.б. бар. Бұл заттар – сол уақытқа тән сәндік заттар, сонымен қатар
бұлардың барлығы күнделікті ақиқаттан тысқары:
Но час настал, и ты ушла из дому,
Я бросил в ночь заветное кольцо.
Ты отдала свою судьбу другому,
И я забыл прекрасное лицо [14,235-б] (Снежная маска).
А я рядом у соседних столиках,
Лакеи сонные торчат.
И пьяницы с глазами кроликов,
In vino veritas! кричат [14,238-б] (Незнакомка).
Блоктың тұрақты символдарына айналған заттар да баршылық. Блок поэзиясында
бір рет пайда болған символдар кейін ешқайда жоғалып кетпейді. Бұл
ерекшелік Блоктың поэтикалық ойының негіздерімен байланысты.
Инокентий Анненский шығармашылығына ХІХ ғасырдағы орыс психологиялық
әдебиетімен жақындастыратын, әрі орыс лирикасын дамытуға түрткі болған
сипаттар тән.
Лирик Анненский өзгеше бір эстетикалық категориялармен ойланады және
де бұл эстетикалық категориялар ауқымына тарихи алғышартымен туындаған
басқа бір формацияның (құрылыстың) санасын сиғызады. Байланыс, ілігу – бұл
бұрыннан бар құбылыстар, бірақ ілігудің мәні түсініксіз, ол мақсатсыз және
үйлесімге қарама-қайшы. Анненский лирикасында романтизмнен мұраға қалған
ластық пен арамдықтың екіұдайылығы да көрініс тапқан.
Сондай-ақ, Анненский шығармалығында қорқынышты әлем бейнесі де бар.
Мысалы, Кулачишка өлеңінде Блоктың Грешить бесстыдно, не пробудно...
өлеңінің мотивтері кездеседі. Бірақ Анненский поэзиясында қорқынышты және
ғажайып әлем диалектикасы ашылған. Анненский лирикасында адам осы бір
ғажайып әлемде қайғыға батып, жалғызсырайды:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдағы әлемдік әдебиеттің негізгі бағыттары мен ерекшеліктері
ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі символизм сипаты
Модернизм эстетикасы
ХХ басында қазақ жазба әдебиеті
Қазақ поэзиясының көркемдік жүйесіндегі символдың атқаратын қызметін саралауда жекелеген ақындар шығармаларындағы символдың өзіндік ерекшеліктерін зерделеу
Әдеби ағымдар мен әдеби бағыттардың зерттелу тарихы
Мағжан - ғасырда бір болатын құбылыс
Бала - ақыл мен сезім күресінің бейнесі
Мағжан қазақ әдебиетінде
Әдебиеттанудың философиялық әдістемелік мәселелері жайлы
Пәндер