Гинекологиялық диспансерлеу



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: Гинекологиялық диспансерлеу.

Жоспар:

І. Кіріспе
а) Бедеулік туралы түсінік.
б) Қысыр қалу.
ІІ. Гинекологиялық диспансерлеу.
IІІ. Қолданылған әдебиеттер.
ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРЛЕУ

Мал шаруашылығын қарқындатудың бірден-бір дұрыс жолы – малды өз төлінен
өсіру болып табылады. Бірақ, оған жыл сайынғы жүздеген мың аналық бас
малдың қысыр қалуы үлкен зиянды әсерін тигізіп отыр.
Малдың қысыр қалуы шаруашылыққа орасан зор экономикалық зиян келтіреді,
ол негізінен алынуға тиісті төл басының кемуі мен сүттің 30-35 %-ға
төмендеп кетуінен құралады, одан басқа қысыр малды емдеуге, бағып-күтуіне,
жем-шөпке кеткен шығын қосылады.
Аса құнды, сүтті сиырларды емдеуге келмейтін гинекологиялық аурулардың
кесірінен, ол малды мезгілінен бұрын жарамсыздыққа шығарып, етке өткізуге
мәжбүр боламыз. Осының бәрін есептегенде гинекологиялық аурулардың,
бедеулік пен малдың қысыр қалуының тигізетін "экономикалық зияны, барлық
жұқпалы, жұқпайтын аурулардан келетін шығынды қосып есептегендегіден асып
түседі.
Ұрғашы малдың бедеулігін, қысыр қалуын, оның себептерін зерттейтін,
онымен күресу жолдарын қарастыратын ғылым саласын ветеринариялық
гинекология деп атайды.
Еркек малдың белсіздігін, оның себептерін зерттейтін онымен күресу
жолдарын қарастыратын ғылым саласын ветеринариялық андрология деп атайды.
Малдың қысыр қалуымен пәрменді күресу үшін, әрбір маман малдың қысыр
калуы және малдың бедеулігі деген ұғымдарды дұрыс түсіне білуі керек.
Малдың бедеулігі дегеніміз, оның төл беру қабілетінің әртүрлі
себептерге байланысты уақытша немесе біржола бұзылуы. Әрбір құнажын
физиологиялық жетілу мерзімінен бір ай өткен соң қашырылмаған, қашырса да
ұрықтанбаса оны бедеу мал деп есептейді.
Бедеулік ауру емес, ол аурудың немесе басқа бір құбылыстың, ұйымдастыру
жұмысындағы кемшіліктердің белгісі. Бедеулік биологиялық ұғым. Бедеулікті
кез-келген күні малды тексеріп, қарап анықтай беруге болмайды. Әрбір сиыр
330-345 күн сайын төл беріп отырса - ол бедеу емес.
Ал қысыр қалу деген бедеуліктің салдары. Оны тек жылдың аяғында ғана
бұзаулаған сиырдың, алынған төлдің санына қарап қысыр қалу - экономикалық
ұғым, ол пайызбен сипатталады, яғни бір жылдың ішінде төл бермеген мал
қысыр қалған болып саналады.
Мысалға: 100 сиырдан 80 бұзау алынса, 20 % мал басы қысыр қалды дейміз.
Шын мәнісінде 44 сиырдан 55 бұзау, 5 сиыр егіз туып 10 бұзау, ал 20 сиыр
екі реттен (жылдын басында және жылдың аяғында) бұзаулап 40 бұзау берген
болса, барлығын 80 сиырдан 105 бұзау алынған. Сөйтіп, қысыр қалған (жыл
бойы тумаған) 20 сиыр төл алу жоспарын артығымен орындалуына байланысты
көрінбей қалады.
Малдың қысыр қалуымен, бедеулігімен күресу науқанды жүретін жұмыс емес,
ол күнделікгі жүргізілетін, әрбір малмен жеке-жеке жыл бойы үздіксіз
жүргізілетін жұмыс.
Бұл жұмыстың негізгі түйіні күнделікті есепте: қанша аналық бас (тел
беретін мал) бар, жасы қаншада, өнімділігі қандай, соңғы рет қашан төлдеді,
қашан суалтылды деген сұрақтың бәріне тиянақты жауап болғанда ғана малды өз
төлінен өсіру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гинекологиялық аурулардан анамнез жинау, медициналық құжатты толтыру
Жұмыстың тақырыбы Жатырдың субинволюциясы
Диспансерлеу туралы ақпарат
Ет қоректілердің төлін кесерево тәсілімен жарып алу
Сиырдың жатырының субинволюциясын анықтау әдістері
Диспансерліқ денсаулық сақтау жүйесі
Диспансеризация туралы мәлімет
Созылмалы катаралді эндометритті балау
Мал ауруларының алдын алушы жалпы шараларды ұйымдастыру
Жұкпалы аурулардың алдын алушы ветеринарлық шаралары
Пәндер