Сібір ойық жарасы



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Сібір ойық жарасы

Жедел инфекциялық зооноздық сипаттағы токсикалық-септикалық ауру. 
Оның таяқшалары 30 минут бойы қайнатқанның өзінде де тіршілік қабілетін
жоғалтпайды. 5% ерітіндіде олар 40 тәулікке дейін өлмейді. Хлорлық әктің
10% ерітіндісінде 1 сағатқа дейін сақталады. Су мен топырақта жылдап
сақталады. 

Инкубациялық кезең орташа 1-3 тәуліктерге созылады, кейде олар 6-7 күнге
дейін созылуы мүмкін. 

Сібір жарасының үш түрі бар: 

1) Тері; 2) өкпе; 3) ішек.

Тері формасы салыстырмалы түрде жеңіл өтеді.

Әр формадағы өлімге душар ету жағдайы 15% құрайды, өкпе және ішек
түрлерінде 80-100% дейін жетеді.

Зақымдалған тері қабығы, тыныс алу жолдары мен ауыз арқылы зақымдануға
болады. 

Сібір жарасының зақымданған адамнан жан-жағындаларға таралу жағдайы
тіркелген емес. 

Ботулизм

Ботулиникалық микробтардан туындайтын ауыр түрдегі азық-түлікпен улану
формаларының бірі. 
Оның қоздырғышы – азық-түліктің (шұжық, балық, түрлі консервалар) ішінде
жақсы көбеетін таяқша. Оның таяқшалары 1-6 сағат бойына қайнатқан жағдайда
да сақталып қалады, формалиннің 20% ерітіндісі; фенолді ң 5% ерітіндісі
таяқшаларды 24 сағаттан соң ғана жоя алады. 
Инкубациялық кезең - 2-24 сағат, 2-3 тәулікке дейін созылады. Ауру
жұқтырған соң адам әлсізденіп, тамаққа тәбетін жоғалтады, құсып, ішек ауруы
байқалады. Көру қабілеті әлсізденеді (көз алды тұманданып, жарыққа ракциясы
нашарлайды, көз алмалары қозғалыссыз болады). Одан соң сөйлеу қабілеті
бұзылады, бұлшық еттері әлсірейді, тыныс алу мүшелерінің мешелдігінен адам
ақыл- есін біле тұра өледі. Өлім жағдайы 60-85%.

Туляремия
Лимфатикалық түйіннің зақымдануына тән жалпы инфекциялық ауру. Қоздырушысы
– ұсақ коккобактерия, ол ұзақ уақыт бойына (90 және одан да артық тәуліктер
бойына) суда сақталады, құрғақ топырақта (25ºС температурада 2,5 ай бойына
дейін сақталады. Салқын жыл мезгілдеріндегі төмен температураларға төзімді
болады. Азық-түлік өнімдерінде он күнге дейін сақталады, ал мұздатылған
тағамдарда 6 ай және одан да ұзақ уақытқа сақталады. Жоғары температуралар
мен дизенфекциялаушы заттар әсерімен тулиремия қоздырғышы тез өледі. 
Инкубациялық кезең -3-6 тәулік, бірақ ол екі немес одан да көп сағаттарға
дейін созылуы мүмкін. 
Тез басталып, дене қызуы 38-39º дейін көтеріледі; бас аурып, түнде
тершеңденеді, көз бен беті қызарады, қабақ үсті ісініп, қызарады. 

Риккетсия
Риккетсилдермен (клеткаішілік паразиттермен) туындайтын инфекциялық ауру.
Ерекшелік белгілері – табиғи жағдайларда аурулардан қан сорғыш
паразиттердің (бүрге, кене, тістеуіктердің) тасымалдауымен сау адамдарға
таралады. 

Эпидемиялық бөрітпе сүзек
Жедел инфекциялық ауру, қан тамырлары жүйесінің зақымдалуы салдарынан (дене
қызуы, бас аурулары, бөрітпе, жүрек-қан ауытқулары, орталық нерв жүйесінің
зақымдалуы) туындайды. 
Провачек риккетсиясы адам терісінде 24 сағаттан 4 тәулікке дейін сақталады.
- 20 - 60º С температурада бұл таяқшалар тіршілік қабілеті 8 айға дейін
сақталады. Құрғақ мұз температурасында - 76 ºС – жыл бойына; су
құбырларындағы суда тәуліктен артық сақталады. Спирт пен эфирде 30 минуттан
соң өледі, 3-5% фенол мен формалинде бірнеше минуттан соң өледі, 56º С
температурада 30 минут бойына төзімділігін жоғалтпайды. 
Инкубациялық кезең бит арқылы жұқтырған жағдайда орташа есеппен 10-14
тәулікке дейін сақталады, кейде 23 күнге дейін, кей жағдайда 5 тәулікке
дейін созылады. Ауа арқылы жұқтырған жағдайда инкубациялық кезең
қысқарады. 
Антибиотиктермен: биомицинмен, левомицитинмен, синтомицинмен емделеді.
Қазіргі кезде әлемдегі ешбір ел террорлық әрекеттер қаупінен қорғалмаған.
Сондықтан биологиялық терроризм проблемасы бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы
көкейкесті проблемалардың қатарына еніп отыр. БҰҰ Бас ассамблеясының 26
сессиясында (1972ж.) Бактериологиялық, токсиндік қарудың қорын дайындау,
өндіру және жинауға тыйым салу тұжырымдамасын қабылдап, бұл тұжырымдама
1975 жылы күшіне енді. Өкінішке орай конвенцияның негізгі ережелерінің
сақталуына бақылау жүргізудің қолданыстағы механизмі әлі күнге дейін жоқ.
Сол себепті қазіргі кезде әлемнің көпшілік елдерінде ӘҚ елеулі қорымен
қатар террорлық ұйымдары да бар. Биологиялық террорлық әрекеттері жүзеге
асыру кезеңіндегі негізгі тәсілдердің бірі диверсиялық тәсіл, яғни қоршаған
ортаны, шектеулі ауа көлемдерін, суды, азық-түлік өнімдерін қасақаны
бүлдіру, сонымен қатар, биотехнологиялық өнеркәсіп пен микробиологиялық
зертханаларда қасақана жарылыс, авариялар ұйымдастыру болып саналады.
Аз көлемді диверсиялық қарудың (аэрозолдардың портативтік генераторларының,
шаң-тозаң тарату пеналдарының және т.б.) көмегімен адамдар көп жиналған
орындарда ауаны, қала халқының ауыз су құбырларында суды ластайды. Мұндай
кенеттен туындау себептері түсініксіз эпидемиялық аурулар, халықтың үрей-
қорқынышын, шиеленіске жағдайлар туындатады. 

БРӘ объектілері: 
- жеке тұлға (қоғамдық, мемлекеттік қызметкер, бизнесмен және т.б.);
- террористтердің ойы бойынша олардың әр қайсысы бір уақытта ӘҚ әсерімен
зақымдалуы тиіс 50-100 көп емес адамнан тұратын нақты тұлғалар топтары; 
- 100 адамнан артық кездейсоқ (шектеусіз) топ болуы мүмкін.

БҚЗ инфекцияларды ауа-тамшылары жолымен тарату арқылы аса жоғары зақымдауға
қол жеткізуге болатындықтан, БҚЗ шектеулі кеңістіктерде тарату көбірек
қолданылады. 
Инфекцияларды тасымалдаудың басқаша механизмі ауыз қуысы арқылы – фекальді.
Тасымалдау құралдары ретінде азық-түлік пен суды қолдана отырып, БҚЗ аз
көлемін шығындай отырып көп адамды улауға болады. Ауыз судың 20 млн. литрін
улау үшін судың әрбір 20 мл ботулиникалық токсиннің өлімге душар ететін – 1
мкг. болуы тиіс, бұл кезде А типті токсиннің не бары 240 гр ғана қажет. 

Тасымалдаудың тағы бір механизмі – трансмиссиялық тәсіл, яғни бір аумаққа
шашып жіберу. 

Бұдан төменде биологиялық террористік әрекеттің жүргізілуі бойынша аса
қауіпті аумақтардың тізімі келтіріледі: 
1. бөлме – көлемі 400 м3 дейінгі шектеулі, аз желдетілетін орын. 
2. Зал – көлемі 400 м3 артық орын.
3. ғимарат – залдан көлденең ауа бағытының өту жолдарының болуымен және
жеке бөлмелердің герметизациялану мүмкіншілігімен ерекшеленеді.
4. Тоннель.
5. Метро – залдар мен тоннельдердің біртұтастығы.
6. Ландшафттық науа – шектері науаны еске түсіретін кеңістік, шектеріндегі
ауа алмасу қиын болғандықтан БҚЗ улану концентрациясының сақталуына жағдай
жасалынады. 

7. Бірліктік көлік құралы – автомобиль, автобус, өзен кемесі және т.б. 
Бірінші оқу сұрағын қарастырған соң жетекші оның игерілуін оқытушыларға
келесі сұрақтарды қоя отырып, тексереді:
1. Ядролық зақымдану ошағының ерекшеліктері қандай?
2. Химиялық қаруға сипаттама беріңіз.
3.Ықтимал биологиялық қарулардың қолданылу белгілерін атаңыз. 

ЗАҚЫМДАНУ ОШАҚТАРЫНДА ҚҰТҚАРУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАУЫРТ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУДІ
ҰЙЫМДАСТЫРУ 

Заманауи зақымдау құралдары қолданылған ошақтарда құтқару және басқа да
қауырт жұмыстарды жүргізудің бірнеше қатар ерекшеліктері бар. Олар бір-
бірінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде
жүргізілетін жұмыстар түрлеріне қарай ерекшеленеді. Жетекші оқытылатындарға
ҚБҚЖ жүргізу кезіндегі басты рольді АҚ құралымдарының атқаратынын ескерген
жөн. Олардың негізгі міндеттері адамдар мен материалдық құндылықтарды
сақтау болып табылады. АҚ құрылымдары әрекеттерінің сипаты мен тәртібі бұл
міндеттерді орындау кезінде ЗЗҚ түріне, қалыптасқан жағдайға, күштер мен
құралдардың саны мен дайындық деңгейіне, жыл мезгілі мен тәулік уақытына,
ауа-райы жағдайы мен басқа да факторларға байланысты болады. Көп жағдайда
ҚБҚЖ жүргізу кезіндегі жетістіктер жетекші құрамның шеберлігіне байланысты
болады. ҚБҚЖ жүргізу кезінде тиімді жетекшілік ету үшін бұл жұмыстардың
сипаты мен көлемі, ШО аумақтарындағы күштер мен құралдарды дұрыс қолдануына
қарай объектінің ерекшеліктері, жобасы мен құрылыстарының сипаттары,
қорғаныс имараттары, сонымен қатар көлік магистральдары ескеріле отырып
анықталады. Өткізілген тақырыптың игерілгендігін тексеру мақсатында жетекші
келесі сұрақтарды қояды:
1. ҚБҚЖ жүргізудің мақсаттары қандай? (күтілетін жауап: адамдарды құтқару
және зардап шеккендерге көмек көрсету; құтқару жұмыстарын жүргізуге кедергі
жасайтын аварияларды және зақымдануларды жою, қалпына келтіру жұмыстарын
жүргізу үшін жағдай жасау)
2. Құтқару жұмыстарының мазмұны қандай? (күтілетін жауап: АҚҚ қозғалыс
бағытына және жұмыс учаскелеріне барлау жүргізу; жұмыстардың жүргізілу
аумақтарында және оларға жақындау аумақтарындағы өрттерді жою және сөндіру;
зақымдалғандарды іздеу және оларды қираған, от құшағына оранған, газданған
үй мен ғимарттардан шығарып алу және құтқару, қираған, үйіндіге айналған
ғимараттарды аршып алу және онда қалған адамдарды құтқару, сонымен қатар
қираған қорғаныс имараттарына ауа беру, уланған және жарақат алған
адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемелеріне
эвакуациялау, халықты қауіпті аумақтардан (қатты уланған немесе су алып
кеткен аудандардан) қауіпсіз (азырақ зақымдалған) аумақтарға немесе таза
аумақтарға аулаққа апару, адамдарды және олардың киімдерін, аумақты және
құрылыстар мен техниканы санитарлық залалсыздандыру)
3. Құтқару жұмыстарын жүргізудің мазмұны қалай? (күтілетін жауап тізбектік
жолдарды құру және өту жолындағы, зақымдану учаскелеріндегі кедергілерді
алу; газ, энергетикалық, және басқа да желілердегі аварияларды жою,
адамдарға қауіп төндіретін, құтқару жұмыстарын жүргізу аумақтарына кедергі
келтіретін ғимараттар мен құрылыстардың конструкцияларын нығайту немесе
құлату, зақымдалған қорғаныс имараттарын қалпына келтіру және жөндеу)
Ядролық зақымдану ошағында келесі құтқару және басқа да қауырт жұмыстардың
келесі түрлері көп орындалады:
- уақытша өткелдерді жабдықтау;
- құлаған жасырыну имараттарын ашу және оларға ауаның өтуін қамтамасыз ету;
- адамдарды қираған немесе бір бөліктері құлаған ғимараттар мен
құрылыстардан құтқару;
- жұмыстар жүргізілетін аумақтардағы өрттерді жою және сөндіру;
- ғимараттар мен құрылыстардың конструкцияларын нығайту немесе құлату;
- тіршілік қамтамсыз ету объектілеріндегі аварияларды жою.
Өткелдер құрамалар мен техниканың кедергісіз жұмыстардың жүргізілетін
аумақтарына өтуі және қажетті маневрлер жасауын, сонымен қатар ол
аумақтардан зардап шеккен адамдарды эвакуациялауды қамтамасыз ету
мақсатында жүзеге асырылады. Өткелдерді жабдықтау кезіндегі негізгі
жұмыстаркөшелердегі 0,5 метрге дейінгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сібір жарасы
Қоздырғышы Bacillus anthracis
Сібір жарасы. туберкулез туралы ақпарат
Сібір жарасы. Туберкулез аурулары
Сібір жарасы (Сибирская язва)
Сібір жарасы. Туберкулез жайлы
Сібір жарасын зертханалық жануарға жұқтыру
Жұқпалы аурулар кезінде мал өнімдерін ветеринариялық - санитарлық сараптау
Мал шаруашылығының шикізат өнімдерінің негізгі көздері
Тыныс алу жүйесінің аурулары
Пәндер