Сілекей бездерінің қатерлі ісіктері. Клиникасы, нақтамасы, емі, ақыры


ҚММУ Ф 4/3-04/01
2007 ж. 14 маусымдағы
ҚазММА жанындағы ОӘК №6 НХ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Хирургиялық стоматология курсы
ДӘРІС
Тақырыбы: Сілекей бездерінің қатерлі ісіктері. Клиникасы, нақтамасы, емі, ақыры.
Пәні: HS 5306 «Хирургиялық стоматология»
Мамандығы 051302 «Стоматология»
Курс: 5
Уақыты (ұзақтығы) 1 с
Қарағанды 2011
Курс кеңесінде талқыланды және мақұлданды
Хаттама №8 31. 03. 11 ж
Хурургиялық стоматология курсқа жауапты м. ғ. к доцент Закишева С. М
Дәріс құрылымы:
Тақырыбы: Сілекей бездерінің қатерлі ісіктері. Клиникасы, нақтамасы, емі, ақыры.
Дәрістің оқыту мақсаты:
Сілекей безінің қатерлі ісігін, олардың даму себептерін, клиникасын және емдеу ерекшеліктерін студеттерге таныстыру.
Дәріс жоспары:
- Қатерлі плеоморфты аденома
- Ацинозды-клеткалық ісік.
- Эпителиальді қатерлі ісік.
Қатерлі плеоморфты аденома.
Олардың төрт түрі болады.
- Біріншілік қатерлі плеоморфты аденома;
- қатерлі плеоморфты аденома (плеоморфты аденома карциномасы) ;
- қатерсіз плеоморфты аденома метастазбен, катерсіз құрылымын сақтайтын;
- пролифермді плеоморфты аденома.
Клиникалық симптоматика қатерленген және катерлі плеоморфты аденома сипатталады. Науқастардың айтуы бойынша ісік бастапқы кезде ауырсынусыз және жай өседі, ал соңғы кездері ісік аймағында ауырсыну пайда болып, өсуі жылдамдағанын, қозғалуы шектелгенін байқайды. Кейде беттің мимикалық бұлшықеттерінің парезі дамиды, бірақ ол емге берілмейді және ол күшейеді. Ісіктік поцесс жұмсақ тінге де, сүйекке де өтуі және регионарлық лимфатикалық түйінге метастаз беруі мүмкін.
Пролиферациялық плеоморфты аденомаға тез өсу, қозғалысының шектелуі және ісіктің кедір бұдырлануы тән.
Сиалограммада сілекей бездің қатерлі ісіктің инфильтратвті өсу процестері кезінде сілекей безінің құрылымыдарының бұзылыстарымен бейнеленеді. Өзектерінің өзеруі, без тінінің бұзылған аймақтарында рентгенконтрастық заттармен жинақталу тән. Көрcетiлген өзгерiстер iсiктi қоршаған паренхимада көбiнесе байқалады. Сонымен қатар ісік топографиясы мен көлеміне сәйкес толу дефектісін көруге болады. Бездің функциясы кенет төмендейді, бұны контрастық заттың ретенциясы көрсетеді (Н. И. Бабич, 1984) .
Ациноздыды - жасушалық ісік.
Ацинозды - жасушалық ісік қатерлі және қатерсіз ісіктердің аралағы болып табылады. Инфильтратывті өсу белгілері болғанымен оны қатерлі ісікке жатқызуға болмайды, өйткені ол метастаз бермейді. Сілекей безінің ісігі эпителиальді ісігіктердің ішінде өте сирек кездеседі. Ацинозды - жасушалық ісіктің клиникасы қатерсіз эпителиальды ісіктермен өте ұқсас, сондықтан диагнозды операциялық материалдың патогистологиялық зертеулерден кейін негізделеді. Тек сирек жағдайларда пальпация кезінде аздап ауырсынуына және қозғалғыштығының төмендеуіне қарап қатерсіз ісікке жатқыза аламыз.
Емі тек хирургиялық - жаңа құрылымды қоршаған тіндермен бірге қосып алып тастаймыз. Сәлелік терапия мәселесін тек гистологиялық зерттеуден кейін шешіледі.
Эпителиальді қатерлі ісіктер.
Мукоэпидермоидты ісік сілекей бездің шығарғыш өзектерінің эпителиясында дамиды. Ең сүйікті орналасатын аймақ - құлақ маңы, сирек - төменгі жақ асты және тіл асты безінде. Сонымен қатар жұмсақ және қатты таңдайдың, ретромолярлы аймақтың, тіл және беттің кіші сілекей бездерінде кездеседі. Шатты түрде клиникалық ағымы бойынша 2 нұсқасын бөледі: 1) қатерсіз ( ісік) : клиникасы бойынша полиморфты немесе или мономорфты аденомаға ұқсас, бірақ бірнеше айрмашылықтары бар. Ісіктік түйін, беті тегіс немесе кедір бұдыр, консистенциясы тығызэластикалық, қозғалмалы, кейде пальпация кезінде әлсіз ауырсынады. Өте жиі флюктуация сиптомы тән. Кейде түйін анық шекарасы жоқ және терең жатқан тіндермен тығыз фиксацияланған. Ісік көлемі үлкен болғанда терімен жабысқан, тері жұқарған, көкшіл реңді және тамыр суреті анық. Кейбір жағдайларда сісік беткей орналасады, кистаға ұқсас және теріге жылан көз ашылуы мүмкін, одан созылмалы мөлдір сұйықтық шығады. 2) қатерлі ( ісік) ісік тез өседі, консистенциясы тығыз немесе қатты, түйін тәрізді. Ісік орналасқан аймақта аздап ауырсыну сезімі тән, кейде интенсивті атқыш және тараламалы ауырсыну байқалады. Жаңа құрылым қалыпты тінге жабысқан, пальпация кезінде аздап ауырсынады. Жиі ісіктің ойлуы, регионарлы лимфа түіндеріне метастаз береді. Кіші без ісіктері терң шырышты қабат астында түйін тәрізді орналасады, экзофитті өседі. Кей жағдайларда түрлі түсті капустаға ұқсас. Бұл ісік жиі ойылып, жылан көздер пайда пайда болады, одан шырыш бөлінеді. Төмен дифференцияцияланған ісік радиосезімтал, басқа типтері - радиорезистентті.
Аденокистозды карцинома (цилиндрома) паренхиманың аденоматозды-альвеолярлы құрылымен сипатталады. Цилиндром гистогензде сілекей бездің өзектеріндегі пролиферативті миоэпителиальді клетка қатысады. Жаңа құрылымдар жиі кіші, сирек үлкен сілекей бездерінде кездеседі. Ісік консистенциясы жұмсақэластикалық немесе тығыз, беті тегіз немесе аздап кедір бұдыр. Жай ұлғайады, субъективті сезім туғызбайды.
Бастапқыда ісіктік түйін қоршалған тіндерден бөлініп тұрады және ұзақ уақыт қозғалғыштығын сақтайды. Кейін жаңа түзілім қоршалған қалыпты тіндермен бітісіп кететі және оның шекарасы айқын болмайды; түйін аймағында ауырсыну пайда болады. Ісіктік ағым айқындалады: ісіктік түйін шекарасы айқын емес, ол қоршаған тінге тығыз фиксацияланған және тері немесе шырышыт қабықпен бітіскен, пальпация кезінде ауырсынады. Бет невтерінің талшықтарының зақымдалу сиптомдары пайда болы мүмкін. Кей жағдайларда регионарлы лимфа түіндерге метастаздану мүмкін . Аденокистозды карцинома гематогенді метастазға бейім, өкпе және сүйек тіндерінде метастаздар анықталады. Егер ісік жұмсақ және қатты таңдайда орналасса, қатты таңдай пластикасының резорбциясы байқалады және жоғарғы жақ қуыстарына, мұрын қуысына, жұтқыншаққа өсуі мүмкін.
Карцинома. Әдебиеттерде кіші және үлкен сілекей бездерінің әртүрлі рак типтері сипатталған, оларға аденокарцинома, эпидермоидты, карцинома және полиморфной аденома карциномасы жатады. Жиі құлақ маңы бездері, сиректеу төменгіжақ сүйек және сирек тіласты бездері зақымдалады. Бұл аурудың даму ұзақтығы әртүрлі, бірақ жиі науқастардың аз уақыт аралықта ісікті анықтағанын айтады (1 жылға дейін) .
Сілекей бездің рактық ісік тез өсуге бейімм. Бастапқы кезеңде түйін қоршаған тіннен айқын шектеледі, тері және шырышты қабатпен бітіспеген, контурының айқындылығы жоғалғанда және қозғалысы шектелгенде, біртіндеп басталатын ауырсыну пайда болады. Кей науқастарда бастапқы кезден бастап түйін шекараса айқын емес. Скиррозды форммасында ісік бетіндегі тері тартылған; ол радиальді қатпарға жинақталған, становится неподвижной. Ауырсыну басты және ерте пайда болатын симптом, кейде карцинома клиникасымен көрінеді, бет нерв тармақтарының салдануы сияқты.
Кейіннен жаңа құрылым аймағында қабыну белгілері пайда болады. Төменгі жақ асты және мойын аймағындағы аймақтық лимфа түйіндерінде метастаз пайда болады, бұл өз алдына ісік өсу барысында қоршаған тінмен бітісіп және қозалыссыз болады. Метастаз сәйкесінше ісіктік жақта болады. Жиі алысталылған метастаз пайда болады. Ісіктің өсуі жақын жатқан органның функциясының бұзылуына алып келеді . Ісік өсуіне байланысты сілекей секрециясының төмендеуі, кейде толығымен тоқталуымен көрінуі мүмкін. Жаңа түзілім ойыстануы кей жағдайда карцинома диагнозын дұрыстауға мүмкіндік береді.
Диагностика. Сiлекей бездің қатерлi эпители iсiктері ең алдымен клиникалық белгiлерiне ең алдымен негiзделген (тез өсу, ісіктік түйін қозғалысының шектелуі, ауырсыну синдромы, бет невтерінің салдануы, метастаздануы) . Диагноз сілекей бездің және жаңа түзілімнің инструментальді әдістермен дәлелденеді.
Қатерлі ісік инфильтративті өседі, бездің паренхима мен без өзектерін бұзады, сиалограммада өзектерінің толу дефектісі және оның ісік шекарасындағы деформациясы, сонымен қатар оладың фрагментациясы мен үзілуі анықталады. Кейде ісіктік аймақта дұрыс емес формалы контрасты дақтар пайда болады. Аденокистозды карциноманың сиалографиялық көріністің ерекшелігі (цилиндромы) ісікпен байланыстағы өзек қуысының тарылуы, тіпті аз көлемді. Бірақ өткізгіштігі бұзылмайды.
С канограммах және сцинтиграммада ісіктік аймақта радионуклиетердің жиналу дефектісі тән . Радионуклидті зерттеу кезінде катерлі ісктің қатерсіз ісіктен айыратын айқын белгі жоқ.
Термовизиография сiлекей бездерiнiң карциномасы бар ауруларында ісік үстінде анық гипертермиялық реакцияны анықтауға болады, салыстырмалы түрде қарсы безбен салыстырмалы қарағанда.
Эхосиалография біртекті емес тығыз акустикалық тінді көруге мүмкіндік береді. Ісік шекарасы және көлемі анықталмайды не айқын емес.
Қатерлі ісікте перифериялық қанда мынандай өзгерістер анықталады: гамма-глобулина жоғарлауы, айқын гиперкоагуляция и альбуминов көлемінің төмендеуі.
Емі
мукоэпидермоидты ісікті полиморфты аденомадағыдай емдейді. Барлық ісікті комбинацияланған әдіспен емдейміз, гамма-терапиямен, хирургиялық еммен және химиотерапиямен.
... жалғасыСілекей бездің қатерлі ісіктерін емдеу өте күрделі. Қазірді кезеңде операцияға дейін және операциядан кейін сәлелеік терапия жүргізіледі. По наблюдениям А. Н. Остапенковтың(1991) бақылау бойынша сәулелік терепия сілекей безінің хирургиялық емінің 5 жылыдық нәтижесін на 29, 6% жақсартады, ал операциядан кейінгі сәулелік терепия 24, 5% дейін. Сілекей безінің қатерлі ісіктерін емдеуде қазіргі кезде локальді СВЧ-гипертермиямен бірге комбинациялық ем құрастырылыған (B. C. Процык и соавт., 1990) . Операцияға дейінгі терморадиотерапия дистанционды гамма - терапиямен салыстырғанада қатерлі ісік клеткаларының морфологиялық зақымдаушы әсері әлде қайда күштірек және сілекей безінің қатерлі ісігімен ауыратын науқастардың өмір сүру мүмкіндігі жоғарырақ. (А. Н. Остапенко, 1991) . Операция алды дайындық ісіктің көлемін кішірейуіне мүмкіндік береді. . Хирургиялық ем радикальді, егер ісікпен зақымдалған без аймақтық лимфа түйінмен бірге бір блокпен алу мүмкін болсы. . Үлкен сiлекей бездерiнiң әртүрлі iсiктерiнiң емерінде маңызды айырмашылықта болмайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz