Скандинавиялықтардың алғашқы орта ғасырлардағы қоғамдық құрылысы
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 – тарау. Скандинавиялықтардың алғашқы орта
ғасырлардағы қоғамдық құрылысы.
1.1. Алғашқы феодалдық мемлекеттердің пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Феодалдық құрылыстың қалыптасуы мен
орнауы ... ... ... ... ... ... ..8
2-тарау.
ІІ – тарау. Скандинавия елдерінде феодалдық қатынастардың орнауы мен
дамуы. Кальмар униясы.
2.1. Скандиеавия елдерінде феодалдық қатынастардың дамуы ... ... ... ..13
2.2. Скандинавия елдерінің ішкі және сыртқы саясаты.
Кальмар
униясы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .26
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Құл иеленушілік системасы антик дүниесінің
шеңберінен тысқары дамыған және едәуір кейіндеп, өркендеген феодалдық
қоғамдардың ықпалын біршама кешеуілдеп бастан кешірген Скандинавия
елдерінде — Данияда, Швецияда және Норвегияда — рулық қатынастар мен
патриархалдық құлдықтың сарқыншақтары көпке дейін сақталып келді. Европаның
басқа елдерінде X—XI ғасырларда аяқталып біткен, алғашқы феодалдық кезең
Скандинавияда XII—XIII ғасырларға дейін созылды. Осындай жағдай-ларда
қалыптасқан феодализмнің елеулі өзгешелігі болды. Скандинавия елдерінде
крепостниктік пен барщина көп тарала қойған жоқ (Норвегия оларды тіпті
бідмеді де); Орталық және Батыс Европа елдеріне қарағанда феодалдардың
үлестік жерлерге деген праволары бірқыдыру шекті, ал вассалдық қатынастар
(феодалдық иерархия) кемірек дамыды[1].
Норвегия мен Швецияның кеңбайтақ таулы аудандарында егіншілікке өте
шағын өңірлерде ғана мүмкіндік болды, әрі ол мейлінше қарапайым жүргізілді.
Ұзақ уақыт мұнда топырақты кетпен-күрекпен ұқсататын ағаш түбірін аударып
салатын егіншілік үйреншікті болды. Көбінесе арпа мен сұлы сеуіп отырды.
Шаруашылықта мал өсіру өте зор роль атқарды. Орманды аймақтар мен
солтүстікте — тундрада — қымбат терілі аң аулау мен бұғы шаруашылығы өріс
алды. Теңіз маңындағы аймақтарда негізінен балық аулаумен және теңіз аңын
аулаумен шұғылданды. Скандинавия-лықтар ежелден-ақ шебер кеме жасаушылар
және теңізде жүзушілер еді.
Скандинавия түбегінің оңтүстік бөлігінде ғана, көбінесе жазық, құнарлы
топырақты Сконе аймағында, сондай-ақ Дания орналасқан жазық Ютланд
түбегінде (іргелес жатқан аралдарымен қоса) егіншілікке қолайлы жағдайлар
болды[2]. Мұнда екі және үш танапты егіншілік, жерді темір түренді плугпен
ұқсату Скандинавияның басқа аймақтарына қарағанда бұрын тарала бастады.
Скандинавияда темірді батпақ пен көл рудасынан, ал XII—XIII ғасырлардан
тартып, сондай-ақ кен рудаларынан (әсіресе Швецияда) да шығарып алып
отырды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Орта ғасырлық жазба төркін-деректер бірнеше
түрге бөлінеді: документальды материалдар, заңдық ескерткіштер, хабар
беретін төркін-деректер, фольклор, әдеби шығармалар т. с. с.
Орта ғасырлар тарихын соның ішінде Венгрия мемлекетінің қалыптасуы,
ондағы феодализмнің даму мен қалыптасуы тақырыбын зерттеген бірнеше
авторлар бар. Олар: Сказкиннің редакциясы бойынша шыққан Ортағасырлар
тарихы оқулығы. Онда бірнеше ғалымдардың атап айтқанда Н.П.Градционский,
И.В.Егоров, Н.А.Сидорова, О.В.Трахтенбергтердің зерттеулері жинақталған.
Скандинавия елдерінің ІХ – ХІІІ ғасырлардағы тарихын зерттеуде әсіресе
Н.П.Градционский жақсы қарастырған.
Ортағасырлық Батыс және Солтүстік Европада қоғамдық идеялардың дамуы мен
әлеуметтік ереуілдер туралы О.В.Трахтенбергтің Очерки по истории
западноевропейской средновековый философии атты еңбегінде жан – жақты
қамтылған.
Курстық жұмыстың мақсаты мен оның міндеті:
Скандинавия елдеріндегі феодализмнің қалыптасуы мен дамуын зерттеу.
Курстық жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
әдебиеттер тізімінен тұрады
І – тарау. Скандинавиялықтардың алғашқы орта ғасырлардағы қоғамдық
құрылысы.
1.1.Алғашқы феодалдық мемлекеттердің пайда болуы.
Скандинавия халқының негізгі бөлігін алғашқы еркін адамдар-бондылар орта
ғасырларда құрады. Бұлар өздерінің тәуелсіз жеке шаруа- шылықтары бар және
не оңаша хуторларда тұратын (Норвегияда және Швецияның бір бөлігінде), не
мүшелері көбінесе өздерінің үлестік жерлерін бірлесіп жыртып отырған шағын
деревнялық қауымдар (Данияда және Швецияның көпшілік бөлігінде) болып өмір
сүрген диқандар, мал өсірушілер, аңшылар мен балықшылар еді. Дат егіншілік
қауымдарында үлкен семьялар ара жерді бөлісуге машықтанып отырылды. Рулық
қатынастар елеулі дәрежеде дәл VIII—IX ғасырларға дейін сақталды. Үлкен үй
жыртылатын жердің иемденушісі болып саналды, семья мүшелері өздерінің
шаруашылығын бірлесіп жүргізді. Үлкен үйге тән жердің аумағынан басқаларға
беруге болмайтын еді: мұндай иелік Одаль деп аталды. Тіпті үлкен үйлердің
бөлінісі басталғаннан кейін де, оның құрамынан бөлініп шыққан жеке семьялар
өздерінің учаскелерін еркін басқару правосын алған жоқ. Барлық туыс-
бауырлар үлкен үйдің бұрынғы мүшелері, өз ішінен бірі сататын Одальды
жеңілдікпен сатып алу және енді өзінікі емес жерді құнын төлеп алу правосын
ұзақ уақыт бойына сақтады. Норвегияда Одаль правосының сарқыншақтары бүкіл
орта ғасырлар бойы сақталды. Ормандар, шалғындар және басқа пайдаланатын
жерлер бүкіл округ тұрғындарының ортақ меншігі болып қалып қойды және
альменигалар —орта иеліктер деп аталды.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары — тингалар, облыстық және округтық
халық жиналыстары (оларға барлық ерікті еркектер жиналып отырды) үлкен роль
атқарды. Оларда сот жүргізілді, дау-дамайлар шешіліп, әр түрлі мәмілелер
жасалып отырылды[3]. Тингалар әскери демократияның көптеген белгілерін
сақтады.
Скандинавияның өзгеше жағдайларындағы таптық қоғамның қалыптасуы баяу
жүрді. Ақсүйектердің қоғамдық ықпалы бірте-бірте күшейіп, байлығы өсіп
отырды. Скандинавияның көпшілік бөлігінде шаруашылықта егіншілік елеулі
роль атқармағандықтан ақсүйектердің — шонжарлардың, ярлардың, херсирлердің
— қүдіреттілігінің кезі ірі жер иеліктері емес, ең алдымен үлкен мал
табындары, корабльдер және әсіресе теңіз жорықтары мен викингтердің
европалық елдерге жасаған тонаушылық шабуылдарында қолға түсірген
байлықтары болды. Ру ақсүйектерінің едәуір жер иеліктері болған орындарда
ол көбінесе тұтқындардан шыққан құлдарды, ішінара кедейленген, құлдыққа
түсірілген қауым мүшелерін қанап отырды, оларға да, құлдар. секілді, жер
учаскелерін кесіп берді.
Шаруашылықта егіншілір басты роль атқарған Ютланд түбегінде, ішінара
Скандинавия түбегінде де, Сконада да айдалған жерлері бар бариндік иеліктер
пайда болды.
Алғашқы феодалдық мемлекеттердің пайда болуы. бір жағынан әлеуметтік
жіктеліс пен ақсүйектердің күш-қуатының өсуіне және екінші жағынан,
еріктілердің бір бөлігінің құлдық кіріптарлыққа түсірілуіне қарай тап
түзілу процесі тереңдей түсті де, мемлекеттің құрылуына алғы шарттар
жасалды. Викингтердің жорықтары бұл процесті ерекше тездете түсті.
Ру ақсүйектерінен бөлініп шыққан алғашқы скандинавиялық корольдер
(конунгалар) ұзақ уақыт бойы елеулі дәрежеде рулар "мен рулық одақтардың
басшылары болып қалып қойды. Сөйте тұрса да ұзаққа созылған күрес
барысыңда саяси бірігудің негіздері қалана берді. Данияда бұл процесс VIII
ғасырдың өзінде-ақ басталды, ал X ғасырдың екінші жартысында Харальд
Синезубый (950—986 жылдар шамасында) корольдік билікті нығайтып, теңіз
бойындағы славяндармен және прустармен жүргізген соғыстарында табысқа
жетті. Тамаша шашты Конунг Харальдқа IX ғасырдың соңында көптеген
фюльктерді — Норвегияның рулық округтерін өзіне бағындырудың сәті түсті.
Норвегияның бірігуі XI ғасырдың басында негізінен аяқталды. Мұнда
корольдар өздерінің биліктерін нығайту үшін пайдаланған христиандандыру аз
роль атқарған жоқ. Бірақ христиандықтың жеңісімен де Норвегиядағы
корольдік билік жеткілікті түрде берік бола қойған жоқ. Король Олаф
Харальдссон (1016—1028) елден қуылды да, біраздан кейін (1030 жылы)
көтерілісші шаруалар мен ақсүйектерге қарсы күресте қаза тапты. Кейіннен
шіркеу оны әулие деп жариялады. Норвегия Дания мен Англияны біріктірген
дат королі Кнуттың (1018—1035) аумақты, бірақ берік емес державасының
құрамына қосылды[4]. Кнут өлгеннен кейін көп ұзамай дат короліне бағынған
Норвегия мен Англияның өзінің тәуелсіздігін қалпына келтірді.
Швецияда ұзақ уақыт екі корольдік: үлкен көлдерден солтүстікке қарай
орналасқан орталығы Упсаладағы свейлердің аймағы мен оңтүстікке ала
орналасқан геттардың (еттардың) аймағы өмір сүрді. Олар Упсала
корольдерінің билігіне XI ғасырдың басына қарай бірікті. Алайда XII
ғасырдың өзінде де швед, королінің билігі өте шектеулі болып қалып қойды.
Жекелеген аймақтарды жергілікті ақсүйектер өз бетімен дерлік басқарып
отырды.
Скандинавияның христиандандырылуы. өз жағдайын нығайта отырып,
корольдік өкімет христиан шіркеуіне сүйенуге тырысты. Скандинавияға
Германия мен Англия шіркеулік ықпал жасап отырды. Бірақ христиандандыру
өздерінің тәуелсіздігін қорғауды пұтқа табынушылық сақталуында деп білген
шаруалардың, сондай-ақ абыздық функцияларды монополиялап алған, әрі
қоғамдық ықпал жасаудың бұл маңызды құралынан айрылғысы келмеген ру
ақсүйектерінің де табанды қарсылығына аз ұшыраған жоқ. Корольдік биліктің
күшеюіне қарсы күрес кейде пұтқа табынуды сақтау жолындағы күрестің
формасын алды. Әсіресе ол Норвегияда қиян-кескі болып өтті. X ғасырдың
соңы —XI ғасырдың басында Скандинавияда христиан шіркеуі нығайды. Дегенмен
мұнда пұтқа табыну өміршең болып шықты. Швецияда ол ХІІ ғасырдың өзінде де
біржолата күйретілмеді.
Сөйте тұрса да феодалдандырудың табыстары шіркеудің ықпалын өсірді. 1103
жылдың шамасында Лунда жалпы скандинавиялық архиепископ, ал одан кейін
Норвегия мен Швецияда жекелеген архиепископтар құрылды. Шіркеулік
десятинаның ендірілуі наразы болған халықтың жаңа көтерілістерін тудырды,
бұл көтерілістер қиындықпен басып тасталды. Шіркеу корольдерден мол
сыйлықтар алды, ол ерекше юрисдикцияға ие, әрі Скандинавиядағы феодалдық
правоның ықпалын жүргізуші болды. Дін иелері өздерінің мүдделеріне орай
жерді басқарудағы кейбір шектеулерді жоюға жеткізді.
1.2. Феодалдық құрылыстың қалыптасуы мен орнауы.
Феодалдық құрылыстың қалыптасу процесі Скандинавияда XII
ғасырға қарай анағұрлым ілгері басты. Бикингтердің жорықтарының
тоқтатылуымен тайпа-ру ақсүйектері байлықтарының бұрынғы кездері сарқылды,
оның тіректерінің бірі болған құлдықтың рөлі кеміп кетті, тайпа-ру
ақсүйектерінің қоғамдық ықпалы күрт нашарлады[5]. Осымен бір уақытта жерге
жеке меншіктің дамуы үлкен табыстарға жетті. Жер жаңа әлеуметтік
элементтердің, ең алдымен мемлекеттік қызметтегі шонжарлар-
дың қолына шоғырлана бастады. Корольдер өздерінің малайлары мен
сарбаздарына көрсеткен қызметі үшін жер үлестіріп берді. Қалыптасқан
феодалдар табына жоғары дін иелері де, қатардағы қауым мүшелерінің еңбегі
есебінен байыған ескі тайпа-ру ақсүйектерінің бір бөлігі де кірді. Ерікті
халықтың арасынан бөлініп шыққан мықты адамдар мен
құдіретті бондтар' да өз қолдарына едәуір жер иеліктерін шоғырлан-
дырды, иеліктердің аумағында оларға алым төлейтін және әр түрлі міндеттерді
өтейтін кішігірім жер ұстаушылар тұрды. XII—XIII ғасырлар ішінде Норвегия
мен Дания шаруаларының едәуір бөлігі жерді меншіктенушілерден ірі жер
иелерінің жерлеріндегі үлес ұстаушыларға айналды. Шаруалардың жер меншігі
ұзақ сақталған Швецияда бұл процесс тым баяу жүрді.
Феодалдық қатынастардың дамуында корольдік билік маңызды роль
атқарды. Корольдер аса ірі жер иелері болды, олар қуғын-сүргінге ұшыраған
ақсүйектердің жерлерін меншіктеніп алды, әрі қауымдық жайылымдар мен
ормандарға жоғарғы жер меншіктенушілер ретіндегі өз
468
правосын жүргізді. Соның салдарынан шаруашылығы ормандардан тазартылған
жерлер мен тақырларда болған шаруалар корольді асыраушылардың жағдайында
болып шықты. Король үздіксіз болып тұрған ел аралау кезінде бүкіл халықты
өзі мен нөкерлерінің ауыртпалығын көтеруге мәжбүр етті. Корольдік биліктің
нығаюымен бұл ауыр алымдар әдетте азық-түлік түрінде төленіп тұрған тұрақты
жер балығына айналды. Салық жинау правосын король жекелеген облыстар мен
округтарды басқаруға қойылған өзінің қызметшілеріне берді. Уақыт өте келе
олар ірі жер иелеріне айналды, ал шаруалар көбінесе оларды асыраушылардың
жағдайында болып шьіқты.
Алайда Скандинавия елдерінің бірде-бірінде лендер — үлестік жерлер
(орта ғасырларда әскери және басқа қызметтерді атқару шартымен бағынушыға
берілген жер және ол жерді иемдену правосы — ауд.) сөз жүзінде болса да
оларды иемденушілердің мұра болып қалатын дәулеті есептелін бегенімен, ісі
жүзінде көбіне солай болып отырғанын атап өту керек. Дания мен Швецияда
XIII ғасырдан бастап бой көтерген бекіністер феодалдардың меншігі болып
саналмады: олар (феодалдар) бекіністерде корольдің өкіл-әкімдері ретінде
орын тепті, оларды күзетуге, айналасындағы тәртіпті қадағалауға және
халықтан алым жинауға міндетті болды.
Феодалдарға тәуелді шаруалар табының шығуы. Скандинавияда феодалдарға
тәуелді шаруалар табының шығу процесі де өзгеше болып
жүрді. Бонд әдетте егінші ғана болған жоқ, сонымен бірге мал өсіруші,
балықшы, аңшы да болды, әрі көбіне-ақ оңашаланған хуторларда тұрып, онда
дербес шаруашылық жүргізді[6]. Егіншілік нашар дамыған немесе мүлде
болмаған жерлерде бонд істің шын мәнісінде айдалмалы жердің белгілі бір
учаскесімен аз байланысты болды немесс мүлде байланысты болмады. Ондай
адамды тәуелділікке түсіру оңай емес еді. Скандинавия шаруалары феодалдық
күштердің қысымына табанды, әрі сәтсіз де емес қарсылық көрсетті.
Бондттарда қару болды, өйткені олар корольдің шақыруы бойынша жасаққа келіп
қосылуға міндетті еді. Бондтар жеке қаражаттарымен елдің қорғанысы үшін
пайдаланылған әскери корабльдер жасап, әрі жарақтады және корабль
экипаждарын құрды. Әскери істегі шаруалардың мәні зор болғандықтан,
корольдік өкіметке онымен есептесуге тура келді.
Әлеуметтік жіктелістің өсуіне қарай әскери қызмет күш-қуаты аз шаруалар
үшін оларды шаруашылықтан қол үздірген неғұрлым ауыр міндеткерлік бола
түсті. Корольдік билік жасақта қызмет етуді ішінара белгілі бір салық
төлеумен алмастыруға баруға мәжбүр болды, бірақ шаруаларды одан ешқандай да
толық азат ету болған жоқ. Өз ара бақастықтар, соғыстар мен жасақтағы
қызмет шаруалардың тақыр кедейленуіне және олардың феодалдық тәуелділікке
бағынуына көп жағынан жәрдемдесті. Корольдік әскери қызмет пен өсіп бара
жатқан салықтардан құтылуға тырысып, көптеген шаруалар өзін де, меншігін де
ірі жер иелерінің билігіне берді. Алайда шаруашылық жағынан едәуір
дербестіктің және қауымдық тәртіптің ұзақ сақталуының салдарынан
Скандинавияның шаруалары — шаруашылықтың жетекші саласы егіншілік болған
Данияны қоспағанда — бүкіл орта ғасырлардың өн бойында едәуір дәрежеде жеке
бастық право қабілетін сақтап қалды; феодалдық тәуелділік мұнда
крепостниктік түр алған жоқ және ол көбінесе жер иесіне бондтың өнімдей
рента төлеуі түрінде болды. Әдетте жер ұстаушы жер учаскесін ұзақ уақыт
және тіпті, өмір бойы пайдаланғанымен, оған жерге кәміл иелік ету правосы
берілмеді. Тікелей өндірушінің жеке бас бостандығы оның үлестік жерге
бекітіліп қойыл-уына әкеп соққан, бірақ сонымен бірге оны жерді тұрақты
пайдаланумен қамтамасыз еткен. Европаның өзге елдері шаруаларынан
скандинавиялық бондтардың елеулі айырмашылығының өзі осында болды.
Скандинавиялық бондтардың жеке бас бостандығының едәуір элементтерін
сақтауы жағдайларындағы феодалдардың жерге меншіктік праволарының кепілі
жерді" пайдаланушыларды пайдаланудың қандай да болсын заң арқылы қамтамасыз
етушіліктен айыру болды, мұның өзі шаруаларды экономикалық жақтан жер
иелеріне тәуелді адамдардың жағ-дайына түсірді.
Сонымен бірге ол кезеңде Скандинавия елдерінде (әсіресе, Швецияда)
жерді меншіктеу правосын сақтаған және тек мемлекетке салық төлеуге ғана
міндетті шаруалар әлі де үлкен күш болып тұрды.
Бондтар тингтарға жасайтын ықпалынан біртіндеп қол үзе берді, сот
органдарында билік ірі жер иелері мен корольдік чиновниктерге өтті.
Мемлекеттің шаруаларға жүктеген құрылыстық, тасымалдық және басқа толып
жатқан міндет-борыштары, дәл ауыр алымдар сияқты, түптеп келгенде тұтасынан
үстем таптың мүдделеріне пайдаланылды.
ХП ғасырдың аяғында болған Норвегиядағы азамат соғыстары. Бирке –
бейнерлердің көтерілісі. Феодалдық қатынастардың дамуы мен шаруаларды
қанаудың өсуін ілесе таптық күрес шиеленісіп кетті[7]. Ол көбінесе
корольге және оны қолдаушы мансапқор ақсүйектерге қарсы шығу түрінде
болып отырды. XII ғасырдың екін жартысы мен XIII ғасырдың бас
кезінде Норвегияда болған азамат соғыстары аса ірі уақиға саналды.
Алғашқы кезеңінде бұл таққа таласушылардың күресі
болды. Бірақ көп ұзамай оған, бір жағынан оғамның феодалданған ауқатты
элементтері мен мемлекеттің нығаюына мүдделі мансапқор ақсүйектер, ал
екінші жағынан, ауырлап бара жатқан қанаудан азап шеккен шаруалардың.
Қайыршылыққа тскен жіктері барған сайын белсенді түрде араласа бастады.
1174 жылы басталған биркебейнерлер деп аталған (яғни қайың
сирақтардың— қайыңның тозынан шабата киген шоқайлылардың) кедейлердің
көтерілісін жалған атақ жамылған Сверрир басқарды, олар (кедейлер)
Сверрирдің жеңісі арқылы өз жағдайларын оңдап аламыз деп сенді. Дін иелері
мен ақсүйектерге сүйенген король Магнус Эрлингссон қаза тапты. Бірақ
шаруалардың үміті ақталмады. Билікті қолға алғаннан кейін Сверрер
(1184—1202) жаңа ірі жер иелерінің — мансапты адамдардың, олардың ішінде
күрес барысында жоғарылаған биркебейнерлерден шыққандар да болды,— мүддесін
көздеген саясат жүргізді.
Дін иелері мен шіркеуге жоғары короьдік билік жүргізуді орнатуға қол
жеткізген Сверрир арасындағы тартыстың қатты болғаны сонша, папа корольді
шіркеуден аластап, елге интедикт салды, ал Сверрир папаны қолдаған
прелаттарды Норвегиядан қуды. Шаруалардың көтерілістері шектен шыққан
қатыгездікпен бсып-жаншып отырылғанымен, тоқтап қалған жоқ, өйткені оны
шығарған феодалдандыру мен соғыстар кезіндегі шаруалардың бір бөлігінің
тақыр кедейлену процесі шапшандай түсті[8]. Сверрирдің қарсыластары —
баллерлар (ежелгі норвегше bagall дегеннен шыққан, епископтың аса таяғы
дегенді білдірді), ескі ақсүйектер және папа мен дат королінің қолдауына
сүйенген шіркеу иелері Сверрирдің ұрпақтарымен татуласып, жаңа феодалдық
жер иелерімен бірге корольдік өкіметтің төңірегіне топтасқаннан кейін барып
қана халықтың қозғалысы қанға бөктірілді. Шіркеу мен мемлекет арасында
татуласуға қол жетті.

2.1. Скандиеавия елдерінде феодалдық қатынастардың дамуы.
Норвегияда феодализмнің дамуы. - нығаюы феодализмнің одан ары дамуы
негізінде іске асты. Жергілікті басқарудың тізгіні корольден үлестік жер
алғандардың қолында болды. 1274 жылы король Магнус Заң шығарушы аймақтық
сот істерін (судебники) алмастырған жалпы норвегиялық права жинағын
шығарды. Шаруалар, жеке басы азат болып қала тұрса да, саяси өмірге
қатынасудан шеттетілді. Тәуелсіз шаруалар-жекешелер көбінесе таулы
аудандарда сақталып қалды. Шіркеу мен ақсүйек жер иелеріне норвегиялық
бондтарды жеке бас бостандықтарының
қалдықтарынан айырудың және оларды крепостнойларға айналдырудың сәті бәрі
бір түспеді. Норвегияда дұрысында сеньория, вассалитет пен феодалдық
иерархия системасы, иммунитет және вотчиналық сот тәрізді институттар
қалыптасқан жоқ. Айдауға жарамды жерлердің аздығы мен хутор-хутор болып
қоныстанудың етек алуы жағдайында барщина дами алмады, домениальды
шаруашылық болмашы мөлшерде ғана болды. Азық-түлік түріндегі рента
басымдылық етті. Шаруалардың борыштарлықтары негізінен мемлекетке пайда
түсіріп отырды.
Данияда феодализмнің дамуы. XII ғасырдың өн бойында Даниядан да ішкі
бақастық күресі өріс алды, бірақ корольдік бірлікке мұнда Норвегияға
қарағанда жылдамырақ қол жетті.
Король I Вальдемар (1157—1182) қарсыластарын талқандап, шіркеумен
одақтасу арқылы өзінің билігін күшейтті[9]. Өз жағдайын нығайтуға тырысып,
герман императоры I Фридрих Барбароссаға ант берді.
Данияда мемлекеттік істерге шіркеудің ықпалы өте зор болды. Дін
иелері корольден иммунитеттік артықшылықтар алды, әрі феодалдық
қатынастардың салтанат құруына көптеген жағдай жасады. Дания өзге
Скандинавия елдеріне қарағанда Батыс Европаның дамыған феодалдық
мемлекеттерінің ықпалына көбірек ұшырады.
XII ғасырдың екінші жартысынан бастап Данияда әскери қызметі үшін салық
төлеуден босатылған орташа және ұсақ жер иелерінен рыцарьлық әскерлер
құрылады. Шаруалар болса жасақтағы қызметтің орнына алым төлеп тұрды.
Артықшылықтарымен пайдаланушы мансапқор сословие рыцарьлық — корольдік
өкіметтің басты тірегіне, лабондтар өз еңбегімен осы сословиені асырауға
міндетті болған тапқа айналды. Әр плугтан алынатын ауыр жер салығының
өндірілуі 1250 жылы- Плуг көк тиыны аталып кеткен король IV Эрикке қарсы
шаруалар көтерілісін тудырды.
Славяндық Поморьеге (Теңіз бойына) қарсы крест жорықтары дат феодалдары
тарапынан барып тұрған қаталдықпен жүргізілді. Балтық славяндары
бүктіріліп, күштеп христиан дініне кіргізілді. Данияның эсттерге қарсы
соғыстары Нарва мен Таллин аудандарын (XIV ғасырдың орта шенінде бұл
иеліктер Тевтон орденіне сатылды) бағындырумен қабаттаса жүрді.
Императорлық биліктің әлсіреуін дат корольдері Солтүстік Германияны басып
алуға пайдаланды[10]. II Вальдемар (1202—1241) Голынтинияны, Гамбургты және
басқа территорияларды өзіне бағындырды. Любек оның қорғауында болды. Алайда
көп ұзамай - осы иеліктердің барлығы солтүстік герман қалалары мен
Дитмаршен (1227 жылы) шаруаларының Вальдемарды талқандап жеңуі нәтижесінде
қолдан кетті.
Швецияда феодализмнің дамуы. Қоғамның феодалдану процесі XII ғасырдың
бас кезіне жататын дат правосының алғашқы жазбаларынан және II Вальдемар
тұсында жасалған Данияның жер хаттамасынан орын алды. Швецияда феодализмнің
орнауы Дания мен Норвегияға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz