Оқушының сөйлеуін дамыту


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Оқушының сөйлеуін дамыту

Қазақ тілінің грамматикалық құрылысын меңгеру күнделікті өмірде -үлкендермен сөйлесу кезінде іске асады. Балалар сөйлемдегі сөздерді көбінесе жалғау, жұрнақсыз дара айтады. Сондықтан мұғалімдер тіл дамыту сабақтарында жеке сөздерді жіктік, септік, тәуелдік жалғауларын-да қолдануды, түбір сөздерден сөз тудыру тәсілдерін үйретіп отыруға міндетті (сабақта, сабақтан тыс сөйлесу кезінде) . Жаңа бағдарлама бойынша бұл жұмыстар 2-ден 3 жасқа дейінгі кезеңде меңгертіледі.

Сөздің грамматикалық құрылысын меңгерту арнайы сабақ түрінде емес, тіл дамыту сабақтарына қосымша, дидактикалық ойын (сөздік ойындар), түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асады. Мысалы, зат есімдерді көптік, септік жалғауларын қосып айтуға үйретуде «Кімге не керек?», «Не жоқ?», «Кім қайдан келді?» сияқты ойындар ойнату қолайлы.

Сондай-ақ қазақ тілінде өз алдына жеке мағынаға ие болмайтын, басқа сөздерге қосылып көмекші мағына атқаратын - арт, үст, жақ, қас, іш деген көмекші сөздерді үйрету қажет. Бұл үшін түрлі ойыншықтарды, қажетті заттарды әр түрлі жағдайда (орынға) орналастырып, баладан сұрау керек. Бала «қайда?» деген сұраққа заттың орналасқан орнын сөзбен айтады. Мұнымен қатар «Жасырылған затты тап», «Орныңды тап», деген ойындарды өткізуге болады. Мысалы, ойыншық аюды не қуыршақты жасырып, сұрағанда, бала аю шкафтың үстінде, қуыршақ төсектің астыңда, немесе доп үстелдің жанында, мысық үйдің ішінде отыр, - деп жауап береді. Сөйлемдегі орны бос сөздерді тауып, сөйлем құрап айтуға үйретеді: Әжемнен хат келді. Мен қайттім? (Қуандым) . Балапан ұшып кетті деген сөйлемдерде кездесетін сөздерге қандай? қалай? неге? сұрақтары арқылы балапанның ұшқан жерін, ұшып кеткен себебін айтқызған дұрыс.

Бірыңғай мүшелі, сабақтас, салалас құрмалас сөйлемдер құрап айтуға үйретуде «Почташы хат әкелді» деген ойын ойнатуға болады. (Суреттерді көрсетіп, шығармашылық әңгіме құрату) . «Фермада», «Тоқтарбек совхозға барғанда не көрді?», «Қырман басында», «Жайлауда көргендерім», «Медеудегі мұз айдыны», «Жидек тергенде» деген тақырыптарды алуға болады. Мұндайда балабақша жағдайын, ауылдың шаруашылығы мен та-биғатын, қолда бар құралдарды ескеру қажет. Жоғарыда аталған суреттер «Балдырған» журналында, суретті кітаптарда көп жарияланды. Ол суреттерді қиып алып, қатты қағазға жапсыруға болады. Ол үшін суретті кітап бірнеше (4-5-тен) болсын. Немесе осындай кітаптар балалардың бәріне жететіндей болуға тиісті. Қазақ тілінде шыққан суретті кітаптарда жайлау, колхоз, ферма, малшылар өмірі өте айқын, бала түсінігіне лайықты берілген.

Ересек (мектепке даярлық) балаларды жақсы сөйлеуге баулу мақсатында дидактикалық ойындар кеңінен п а й дал ан ы ла д ы.

Бұл ойындарда кейбір заттардың аты, ұқсастығы, түсі, сапасы, іс-әре-кеті жөнінде қажетті сөздерді дәл тауып айтып, естеріне түсіріп жат-тығады. Мысалы, адамдардың еңбек процесін білдіру үшін «Кім не істеді?»деген ойын ойнатылады. Мұндайда балалар әр алуан мамандыққа байланысты суреттерді таңдап алып, өздері айтып береді немесе мұғалім айтқан сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды. «Кім не істеді?» ойынында тәрбиеші мынадай жеке сөздерді айтады. Шопан (колхоздың қойын бағады) Сауыншы (сиыр сауады) Құрылысшы (үй салады), т. б.

Үй жануарлары не істейді?

Сиыр қайтеді? немесе не істейді?-Мөңірейді, шөп жейді, жайылады, т. б.

Жылқы қайтеді? немесе не істейді?-Кісінейді, шөп жейді, жайылады, т. б.

Ит қайтеді? немесе не істейді? - Үреді, қора-жайды күзетеді т. б.

Суреттерді ұсынып; олар туралы балаларға айтқызу қажет.

Мысық

Қой

Әтеш

Мал төлдері жөнінде шағын инсценировка жасауға да болады. Н. Жанаевтың «Төлдермен тілдесу» деген өлеңін (кейіпкерлерге) рольге бөліп айтқызған жөн. Ойын талабы: сұраққа бөгелмей жауап беру. Жолдастарыңның айтқанын қайталамау.

Бұл ереже баланы тапқырлыққа, зейінділікке үйретеді. Бала тілінде образды сөздерді қалыптастыру үшін оқу жылының екінші жартысынан бастап арнайы лексикалық жаттығулар жүргізіледі. Ол үшін «Сипатталған затты тап» (жасыл, бұйра, түрі ақ), «Қайсысы қалай дыбыстайды?», «Мы-на заттар туралы сипаттап айт» ойындары пайдаланылады.

Мұндай ойындарда балаларға таныс заттар алынады. Балалар оларды сипаттап айтып береді. Мысалы: қайың туралы: бүрі бұйра, діні ақ, қара сызықтары бар қандай ағаш? деген сұрақ қойылады. Ал желдің «Қимыл-әрекетін айт» ойынында: «Жел қайтеді?» деген сұрақ қойылады. Оған балалар: - «Жел ышқына, ысқыра, қатты соғады, ағаштың жапырақтарын түсіреді. Жапырақтарды қалқыта ұшырып, үймек жасайды, - деп жауап беруі тиіс.

Бұлақ қандай? Ол туралы не айтуға болады? деген сұраққа: Күмістей жылтырайды. Сылдырап ағады. Бұлақтың ені жіңішке болады. Суы таяз, тұнық, мөлдір.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Сауат ашу кезеңінде бірінші сынып оқушыларының сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері
Әдебиетті оқу процесінде оқушылардың сөйлеу әрекеті
Тілдік дағды қалыптастырудағы мәтін маңызы
Ағылшын тілі әдістемесі
ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ тілі сабақтарында ауызекі және ауызекі сөйлеуді дамыту
Білім беру үрдісінде субъектінің қатысымдық құзыреттілігін дамыту
Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz