Солтүстік Америка құрлығының климаттық ерекшлеліктері


Солтүстік Америка құрлығының климаттық ерекшлеліктері
Солтүстік Америка оған жататын аралдармен қоса солтустік ендіктін 83 және 7 ○ аралығында жатыр, яғни солтүстіктен оңтүстікке қарай солтүстік жарты шардың экваторлық белдеуден басқа климаттық белдеулерін түгел камтиды. Сонымен бірге материктің мейлінше енді және көлемді бөлігі субарктикалық және қоныржай белдеулерде, ал неғурлым аз бөлігі субтропиктік белдеуде жатыр. Тропиктік және субэкваторлык белдеулер шегінде Солтүстік Американың мейлінше жіңішкерген оңтүстік бөлігі бар; ал арктикалық белдеу негізінен аралдарды қамтиды. Ендік бағытындағы орнының мұндай ерекшеліктері материктің солтүстік және оңтүстік бөліктерін күннің жылытуында және оның көлемді солтүстік жағындағы жаз және қыстың радиациялық жағдайларында орасан зор өзгешеліктер тудырады. Күн радиациясының жылдық мөлшері онтүстік-батыста әр шаршы сантиметрге шакқанда түсетін 180 килокалориядан Кана-даның солтустік жағында - 80 килокалорияға дейін кемиді. Жер бетінің негізгі элементтері субмеридиандар (меридианға таяу) бойында көсіліп жататын Солтүстік Американың орографиясы шығыстан, яғни Атлантика жақтан ауа ағынының келуіне ко-лайлы болады, өйткені бұл жақта елеулі орографиялық кедергілер жоқ. Ал Тынық мұхит жактан енген ауа ағыны Кордильер тауларына тіреліп, материктің тукпіріне өте алмайды. Солтустік Музды мухит пен Мексика шығанағының аралығында материктің орта шенін алып жаткан жазық алқаптардың болуы және кеңінен созылып жатқан орографиялық кедергілердің кездеспеуі арктикалық және тропиктік ендіктер аралығында меридиандық бағытта жылдың барлык маусымында ауа ағынының алмасуына жағдайлар жасайды.
Солтүстік Американың басым бөлігінің үстіндегі атмосфераның айналым ағындарының негізгі түрі - батыс пен шығыс аралығындағы ауысуы. Алайда материктің орографиялық ерекшеліктеріне қарай мұхит ауасының әсері негізінен алғанда Тынық мұхит жағалауы мен Кордильердің батыс беткейіне ғана тие алады. Орталык Америкаға және ішінара Мексикаға Солтүстік Атлантика максимумының батыс жақ шетінің және соған байланысты пассатты (тропиктік белдеулер желі) ауа ағынынын ықпалы тиеді. Ал, солтүстік ендіктің 40°-нан оңтүстікке таман Тынық мұхит жағалауы Тынық мұхит максимумының шығыс жак бетінің әсерінде болады. Орталык Американың қиыр оңтүстігіне жаз мезгілінде экваторлық муссон желдері келіп жетеді.
Солтустік Америка материгі орографиясының ерекшеліктері, арктикалық және тропиктік су бассейндерінің біршама таяу жатуы, куннің жердін бетін жылытуындағы орасан зор айырмашылықтар мен ауа ағыны бағыттарының күштілігі тропосферада дауылдар мен қүйындардың (торнадо) -сұрапыл желдердің пайда болуына жағдай жасайды. Дауылдар (бүл Шығыс Азиядағы тайфундардын бір түрі) әсіресе материктің Атлант мұхиты маңындағы бөліктері мен Орталык Америка аралдарына тән жайт. Ал күтпеген жерден көтеріліп шыға келетін күшті құйындар - торнадолар - негізінен Америка Құрама Штаттарының континенттік штаттарына тән құбылыстар.
Жылдың қыс мезгілінде субтропиктік максимум мейлінше онтүстік жақта байқалады және жаздағыға қарағанда әлсіздеу келеді. Сондықтан Атлантика үстіндегі ауа кысымы материктегімен салыстырғанда төмен және материктегі континенттік ауаның Атлант мұхиты жағына қарай ауысуы басым болады. Біршама арктикалык суық ауа таскыны қыс кезінде қазан шұңкыры теңіз денгейінен төмен жатқан Баффин шығанағының батыс шеті арқылы материктің онтүстік бөлігіне өтеді, кейде тіпті Флоридаға дейін жетеді де, онда температураның күрт төмендеуіне ықпалын тигізеді. Орталық Америкада қыс кезінде пассат желінің таралуының әсері күшті сезіледі. Сонымен бірге Атлант мұхмтынын біршама жылы әрі ылғалды тропиктік ауасы мен Тынык мұхиттын біраз суык ауасы араларындағы атмосфера фронты Орталық Америкадан шығысқа қарай ойысады да онда күшті байкалмайды.
Сөйтіп, кыстыгүні материк үстіндегі температураның таралуы мүхиттардың әсерінен ғөрі күн радиациясына көбірек байланысты болады. Американың солтүстік бөлігінде январьдық орташа темпаратурасы өте төмен: Канада мен Алясканың көп жерінде -20 ○ -дан -24° С-ге дейін. Канадалық Арктика архипелагының аралдарында -36° С және Гренландия аралының орталығында - 44 ○ С-ге денін суык болады. Бүл кезде Америка Құрама Штаттарының онтүстігіндегі ауаның температурасы жылы келеді.
Ал Орталык Амернканың оңтүстік бөлігінде +20, тіпті +24° С-ге дейін де жетеді.
Қыс кезінде жауын -шашын ең көп тусетін жері-Тынық мұхиттың коңыржай және субтропиктік ендіктерде жатқан жағалаулары.
Жьпдың жылы мезгілінде Солтүстік Американың үлкен бөлігі қатты ысып кетеді. Мұның өзі ауа қысымының кемуіне апарып соғады. Бұл жағдай әсіресе материктің Оңтүстік батысында күшті болады. Материктің солтүстік жағалауы және оған таяу жатқан аралдар жылдың барлық мезгілінде де ауаның арктикалық жиынтығы басым болатьш арктикалық климат белдеуіне жатады. Алайда Арктиканың американдық секторының шығыс жағының климаттық жағдайлары батысындағыдай соншама қатал болмайды. Өйткені ол өнірлерге Атлант мұхитынан жылы ағыс келіп енеді. Кыста ең төмен орташа температура Гренландияда (-44, -50° С) . Бүкіл жыл бойы бұлтты, тұманды, қарлы боранды күндер басым болады. Кыскы поляр түні бес айға дейін созылады. Солтүстік Американың едәуір бөлігі, оңтүстік жағалауын коспағанда Алясканың барлығын дерлік, Гудзон шығанағының басым көпшілігі субарктикалық климат белдеуінде жатыр. Тынық мүхиі пен Атлант мұхитының жағаларында осы белдеу алабыңда климат мұхиттық климат сипатына ие, ал орталық бөлігінің климаты - континенттік климат. Бұл жердегі басты айырмашылық континенттік аймакта кыс өте катал (январьдың орташа температурасы -30 ○С -ге дейін барады), ал мұхит жағалауындағы аймактарда январьдың орташа температурасы көбінесе -20, -16° С болады. Материктің мейлінше аз тілімделген бөлігі қоңыржай климат белдеуінде жатыр. Оның батыстағы онтүстік шекарасы Колумбия өзені сағасының солтүстігіне таман, ал шығыстағы шекарасы солтүстік ендіктің 40°-на таяу өтеді. Бұл белдеу алабында едәуір климаттық өзгешеліктер айқын байқалады. Мысалы, опың шығыс бө-лігі Азияның қоңыржай муссонды аймағына ққсас келеді, бірах. одан біркатар ерекшеліктері аркылы көзге түседі. Қыста температура көбінесе -8, -10° С шамасында, ал аймактын. солтүстік бө-лігінде тіпті -20° С-ден де төмен болады. Жауын-шашын мөлшері жаздағыға қарағанда едәуір аз, алайда циклондық әрекетке байланысты біраз кар жауады. Лабрадор суык ағысының әсерінен жазғы температура -20° С-ден жоғары аспайды. Сондай-ақ бул суық ағыс әсерінен жаздыгуні жағалауға жақын жерлерді ұзақ. уақыт қалың тұман басады.
Жауын-шашынның ең көп жауатын кезі - жаз айлары.
Коңыржай белдеудің батысына, Европадағы сиякты, мұхиттык климат тән. Оның ерекшеліктері көбінесе батыстан соғатын циклондық желдердің жағалауға жыл бойы Тынық мұхиттың біршама қыста жылы, жазда салқы ауаны айдап әкелуіне байланысты. . Жауын-шашынның жылдық мөлшері Европаның батыс жағалауындағыға қарағанда едәуір көп, тіпті кей жерлерде 3000-4000 мм-ге дейін жетеді.
Шығыстағы Флорида түбегінен бастап батыстағы Калифорния тубегіне дейінгі кен алқап субтропиктік климат белдеуінде жатыр. Бұл белдеудің Флориданың солтүстігін қоса камтитын оңтүстік-шығыс бөлігіне ауа ағынының субтропиктік муссондык жағдайлары тән. Жазда ол жерлерге ағыл-тегіл жауын-шашын ала келетін теңіздік тропиктік ауа енетін болса, қыста Солтүстік Америка атмосфералық қысымы жоғары аймактың шығыс жак шетімен өтетін біршама суық континенттік ауа ағыны қаптайды. Миссисипи ойпатының, Жағалық және Орталық жазықтардың едәуір бөлігі ауаның ылғалдылығы біркелкі болып келетін субтропиктік климат аймағында жатыр. Бұл кезде ең ыстық айдың орташа температурасы +25, +30° С болады. Кыстыгуні Америка Ку рама Штаттарынын бул бөлігінде континенттік ауа басымырак ке-леді. Кыс кезіндегі орташа температура 0° С-ден жоғары болады. ал оңтустікте тіпті - І6 с С-ге жетеді. Бірак солтустіктен енетіи салкын ауанын салдарынан барлық жерде де өте қатты суытып кетуі мумкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz