Солтүстік Америка материгінің ішкі су қоры және таралу заңдылықтары мен ерекшеліктері



Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Солтүстік Америка материгінің ішкі су қоры
және таралу заңдылықтары мен ерекшеліктері.

Солтустік Америка ағын судын жылдық жалпы көлемі жөнінен (6000 км3
шамасында) тек қана Австралияны, Антарктиданы, Африканы ғана басып озады.
Солтүстік Американың өзендерінің көпшілігі Атлант мұхиты және оның
теңіздеріне ал шамалы ғана бөлігі Тынық мұхит пен Солтүстік мұзды мұхитқа
құяды. Атлант мұхиты мен Солтустік Мұзды мұхитқа кұятын өзендердің
бассейндері арасындағы суайрығы материктің шығыс бөлігінің жер бедерінен
онша күшті біліне бермейді. Ал Тынық мүхит пен Атлант мүхитына кұятын
өзендердің Кордильер тауларындағы бассейндері арасындағы суайрығы түгелдей
дерлік шығыстағы тау жоталары арқылы өтеді.
Материктің солтүстік бөлігі мұз басуды біршама таяу арада ғана басынан
кешіргендіктен ондағы гидрографиялық тор әлі жас, ол көптеген өзендер мен
көлдерден тұрады; Солтүстік Американын оңтустігінде жақсы калыптасқан
ежелгі өзен жүйелері бар, ал көлдің саны онша көп емес.
Солтүстік Америка өзендері орасан зор энергетикалық ресурстарға бай,
оның едәуір бөлігі игерілген. Көптеген өзендер мен көл-дер бассейндерінің
транспорт қатынасы үшін зор маңызы бар. Табиғи су жолдары аса ірі су
жүйелерін өзара байланыстыратын каналдар торымен толыға түседі.
Солтустік Америка өзендерінің едәуір бөлігі көбінесе жаңбыр суымен
толығады. Бұл жағдай материктің онтүстік, онтүстік-шығыс және орталық
бөліктеріндегі өзендерге тән. Өйткені бұл аймақтарға тіпті де қар жаумайды
немесе анда-санда жауа қалса, тез еріп кетеді. Сондықтан өзендер мен
көлдердің су жинауында жаңбыр суы үлкен роль атқарады. Материктін онтүстік-
шығыс бөлігінде жаздыгуні жауын-ша-шын ерекше мол болады. бірақ онда қыс
кезінде де ылғалдың жетімсіздігі байкалмайды. Аппалач тауларынын кейбір
аудандарын-да ағын судын жылдык мөлшерінің калындығы 1500 мм-ге жетеді.
Оңтүстік-шығыс жағалаудағы өзендердің көпшілігі Атлант мүхитына жете бере
кең жайылып кетеді және олардың сағасында мұхит кемелері жүзе береді. Ондай
өзендердін ен елеулілері — Гудзон, Делавэр, Саскуэханна және Потомак.
Миссисипи өзенінін сол жақ салалары жылдың ұзак мерзімінде толып ағады және
онын су энергиясының коры едәуір болады. Оның ішінде ен үлкені — Огайо
өзені мен оның саласы Теннесси.
Материктің орталық бөлігінде ірі-ірі әрі күрделі өзен жүйелері бар.
Кордильердің биік таулы аймағы мен ұшы-қиыры жоқ кең жазықтың жалғасып
жатуы дүние жүзіндегі ең үлкен өзен жүйелерінің бірі — Миссисипи өзен
жүйесінің күрылуына жағдай жасаған. Миссисипидің оң жақ салалары (Миссури
өзенінің Йеллоустон, Платт, Канзас, Арканзас, Ред-Ривер салаларымен қоса)
Солтүстік Американың Тынық мұхиттык батысының біршама шағын
территориясының климаты Жерорта теніздік климатқа ұқсас. Ондағы аздаған
тұрақты ағын сулар қыста жауатын жанбырларға байланысты қыста нағыз мол
сулы болатыны айқын көрінеді.
Американың көп жері (Америка Кұрама Штаттарының солтүстігі, Канада
және Аляска) өзендері мен көлдері негізінен қар мен муздыктардан су
жинайтын, ал жаңбыр сулары қосалкы маныз алатын аймақка жатады. Американың
бұл бөлігіндегі көптеген өзендердің ағынын үлкен көлдер ретке келтіріп
отырады.
Көлдер, негізінен алғанда материктің солтустік жартысында, Канада
кристалды қалканы мен оның шекарасы аймағында шоғырланған. Тектоникалық
ойысулар болған жерлерде пайда болған, кейіннен мәңгі мүз көшкіндері
тілгілеп, терендей түскен ірі-ірі көл бассейндерінің үлкен бір тобы Канада
қалканының шет аймағында жатыр. Олар: Үлкен Аю көлі, Үлкен Еріксіздер көлі,
Атабаска, Виннипег және Виннипегосис, Орманды, Нипигон көлдері, сондай-ақ
ең ақырында, Ұлы Солтүстік Америка көлдерінің тобы.
Канада калканының кристалды жазығында кездесеітін көптеген көлдер
өздерінің пайда болуы жағынан Финляндия мен Швеция көлдеріне өте жақын
болады.
Қордильерде таудағы мәңгі мұздардан және жанар тау кұбылыстарынанпайда
болған көптеген көлдер бар.
Кордильердін онтустігіндегі ішкі жазык жоталарда су денгейі ауыткыл түратын
тайыз тұзды көлдер жиі ұшырайды. Бұған Үлкен Тұзды көл, Юта мысал бола
алады.
Орталық Америка аймағында тектоникалық құбылыстар кезінде пайда болған
көлдер бар. Олардын ішіндегі ен ірілері—Никарагуа мен Манагуа көлдері.
Солтустік Америкадағы аса маңызды әрі ең ірі су жүйесі — Миссисипи. Оның
ұзындығы өзінін ең үлкен саласы Миссуриді қоса алғанда 6420 километрге
жетеді. Миссисипи деген сөздің өзі үндістердің тілінде су атасы деген
мағына береді. Миссисипи Жоғарғы көлдің оңтүстігінде жаткан шағын
үстіртердегі мұздык көлдер мен батпақты жерлерден басталады. Миссисипидің
ең басты ірі саласы — Миссури.
Миссисипидің сол жақтағы аса ірі саласы — Огайо өзені, оның ұзындығы
1580 километр. Бұл өзен мол сулы, ол орта есеппен алғанда секундына 7500
текше метр су ағызады және Миссисипиді қоректендіруде үлкен роль аткарады,
Огайоның суы әсіресе жазғы муссон жаңбыры кезінде ерекше мол болады.
Көктемде бассейннің жоғарғы бөлігінде кардың қатты еруінен өзеннің суы
мемлінше молаяды. Миссисипи өзінің төменгі ағысында орасан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы оқу - әдістемелік кешен
Австралия материгі
Материктердің физикалық географиясы
Солтүстік Америка материгіне физикалық-географиялық сипаттама
Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Солтүстік Америка мен Еуразияның географиялық орны
Еуразияның физикалық географиялық сипаттамасы
Солтүстік Америка материгінің табиғатының қалыптасуы
Оңтүстік Африка тау үстірті
Пәндер