Солтүстік Америка материгің жер бедерінің басты ерекшеліктері және геологиялық даму тарихы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Солтүстік Америка материгің жер бедерінің басты ерекшеліктері және геологиялық даму тарихы.
Жоспары:
- Жер бедері формалары
- Жер бедерінің құрлық табиғатын қалыптастырудағы рольі
- Геологиялық даму тарихы.
В. Е. Хаинның пікірі бойынша, Солтүстік Америка өзге материктермен салыстыстырғанда, мейлінше симметриялы болуымен және құрылымы мен жер бедерінің мейлінше сәйкес келетіндігімен ерекшеленеді. Материктің орталық гипсометриялық төмендеген бөлігі сонымен қатар Гренландияның едәуір бөлігі мен Канадалық Арктика архипелагының аралдарын қоса қамтитын ежелгі платформадан түзілген. Бұл платформа барлық жағынан ерте және кейінгі палеозой дәуірі мен мезозой-кайнозой дәуірлерінде әр кезде пайда болған қатпарлы тау сілемдерімен көмкерілген.
Ежелгі Солтүстік Америка платформасы Европа платформасы сияқты осы күнгі жазық жер бедері басым болатын тұракты платформалар түріне жатады.
Платформаның мейлінше тұракты бөлігі - Канада кристалды қалканы. Оның етегіндегі жер бедерінде Лаврентий қыраты жатыр. Бұл қыраттың ең, биік жерлері 500-700 метрге, ал біршама төмен жерлерінің биіктігі 100-200 метрге жетеді. Кыраттын ежелгі тегіс-телген жер бетінде әр түрлі катты тау жыныстарының шығып жатуына сай күмбездер мен бұйратты адырлар жиі кездеседі. Онда сонымен қатар тектоникалық процестер мен мұздыктардың нәтижесінде пайда болған көптеген көлдер де бар. Сондай-ақ қыратта жер бедерінің экзарациялық (мұздықтардың жүріп өткен жерлерінде пайда болған кедір-бұдырлы жер бедерінің түрі) және аккумуляциялық (шөгінді жыныстардын бір жерге жиналуынан түзілген жер бедерінің түрі) түрлері кездеседі.
Гренландияда және Канада архипелагы аралдарында қалкан-ның етегінде жаткан жазыкты материктегі мұз қабаттары басып калған және оның деңгейі кей жерлерде мұхит денгейінен төмен.
Калканнан онтүстікке карай жаткан территория Орталық жазық деп аталады, ал құрылымы жағынан ол палеозой дәуіріндегі теңіз шөгінділерінің калың кабатын жамылып жаткан плитаға ұқсайды. Оның жер бетінде кристалды тау . жыныстзрының көтерілуіне байланысты пайда болған синеклизалы (ойлы-кырлы катпарланған) күмбездер (Мичиган, Иллинойс т. б. ) жиі кездеседі. Жазықтың ең биік жері-Озарк үстірті. Ол 700 метрден асады Оның жоғарғы бөлігінде кристалды негізді күрайтын тау жыныстары көрініп жатады.
Солтүстікте кристалды калканңың жиегіндегі аймакта, тығыздығы әр түрлі болып келетін шөгінді тау жыныстары бір жаққа қарай көлбей жаткандықтан ол жерлерде куэсталар (кыраттардың бір түрі ) түзілген. Силур дәуірінің тау жыныстарынан түзілген куэста кемері мейлінше елеулі болады. Ол кемерді Ниагара өзені кесіп өткен жерде Ниагара сарқырамасы пайда болған. Сөйтіп, Орталык жазықтың морфоқұрылымының негізгі түрлері қалың қабаттардан тұратын төбелі және еңісті жазықтар.
Платформаның батыс бөлігінде, Кордильер тауларымен шектес аймақта Ұлы жазық жатыр. Бұл Ұлы жазық платформаның шеткі бөлігі болғандықтан және Қордильер тауларының жоғары көтерілуінің әсері тигендіктен казіргі жер бедерінде тау бөктеріндегі қабат-қабатты үстіртті түзеді. Оның Кордильердің етегіндегі биіктігі 1200-1700 м-ге жетеді, ал төменгі негізі 1000 м терендікке дейін барып, одан әрі палеозой дәуірінен палеоген дәуіріне дейін пайда болған аса қалың шөгінді қабаттарға барып тіреледі. Орталық жазықтағы сияқты Ұлы жазықтың солтүстік аймақтары үшін мұздық шоғырландырған жер бедері, ал оңтүстік аймақтары үшін эрозиялық жер бедері тән.
Платформаның қойнауында пайдалы казбалардың едәуір қоры бар. Калқан аймағы, әсіресе оның онтүстік бөлігі түсті және сирек кездесетін металдар рудасына бай. Сондай-ақ Канаданың онтүстігіндегі протерозой дәуірі лаваларында мыс, никель жэне кобальт кен орындарының мейлінше зор маңызы бар. Қалқаннын шет жақтарындағы Үлкен көлдер аймағында уран рудаларының коры жатыр. Алтын шығатын кен орындары архей дәуірінің граниттері бар жерлерде.
Платформанын ендігі бір жүйесі палеозой дәуірінде көмкерілген Шығыс Гренландия қатпарлы тау жүйесі болып табылады. Ол жүйе Каледон геосинклиналы алыбында пайда болып, кейінгі ең жаңа козғалыстар нәтижесінде 3000 м-дей дерлік биіктеді. Бұл таулардың, жер бедеріне тән маңызды белгісі - базальт үстірті мен басқа да жанар тау тұрғысындағы түрлер. Олар бор дәуірінің аяк кезі мен палеоген дәуіріндегі ірі жарықтар жиегінде пайда болған.
Шығыс Гренландия тауларынан оңтүстікке қарай платформаның қатпарлы таулар қоршауы үзіледі, ал содан кейін Ньюфаундленд, Аппалач таулары және олардың, оңтүстік-батысқа қарай созылған жалғасы Уачита - Маратон жүйесі түрінде тағы да пайда болады. Тау кұрылымынын осы біртұтас алабы палеозой дәуірінде қалыптасқан катпарлы жүйенің бір бөлігі болып табылады. Аппалач тауларының оңтүстіктегі үлкен бөлігі каледон-герцин дәуірінін құрылымына жатады, ал оның солтүстік бөлігі Нью-фаундленд аралын қоса тек кана палеозой дәуірінің алғашқы жартысында қатпарлар түзе бастады. Ал ол екеуінін шекарасы ретінде Эри көлінен бастап Гудзон өзенінің аңғарына дейінгі тектоникалық терең ойыс саналады. Осы ойыстан солтүстікке карай биіктігі 2000 м-ден аспайтын аласа таулар бой көтереді. Ол таулар құрылым белгілері онша айқын емес кристалл және метаморфоздық тау жыныстарынан тұрады. Оңтүстік Аппалач таулары геологиялық тұрғыдан алғанда да, геоморфологиялық түрғыдан алғанда да ұзына бойына жатқан түрлі аймақтардан тұрады. Аппалач етегіндегі үстірт төрткүл жер бедері бар тау мен платформаның жалғасатын жеріндегі бөктерлік майысумен сәйкес жатыр Үстірт өзен аңғарларымен терең тілімделген.
Аппалач тауын жер бедерінің алғашқы түрінің бұзылуы (Аппа-лач тауларына тән жер бедері) айкын білінетін биіктігі орташа болып келетін платформа үстіндегі таулар тобына қосуға болады. Аппалач тауынын, оңтүстік-батыстағы жалғасы, Уачита тау жүйесінің едәуір бөлігі сияқты, палеозой дәуірінде пайда болған плитаның үстіндегі шөгінді жыныстардың қалың қабатының астында қалған.
Флорида түбегі, Багам аралдары және Юкатан түбегі аймақтарындағы қатпарлы негіз қабаттарының жоғары көтерілуі қалың қабаттар жауып жатқан әлгі аймақты, бір жағынан, Атлант мұхиты манындағы майысуға, екінші жағынан. Миссисипи синеклизасы жалғастыратын Мексика маңы майысуына бөледі.
Материктің Аляскадан Панама мойнағына дейінгі бүкіл батыс жағы, сондай-ақ Антиль аралдары Кордильер қатпарлы тау белдеуіне енеді. Оның қазіргі жер бедері юра дәуірінен бастап неоген дәуірінің екінші жартысына дейінгі ұзак, уакыт бойы қалыптасқан. Қазіргі Кордильер тау жуйесінің ені 800-1600 км, ал ұзындығы 9000 км, мұның өзі Кордильер геосинклиналы аймағынан едәуір енді, өйткені Кордильер тау жүйесінің құрамына платформаның жапсарлас жатқан бөліктері де енеді.
Кордильердегі тау жүйесінің кұрылуы негізінен юра дәуірінің аяқ кезінен палеогеннің бас кезіне дейін жүрді.
Кордильер тау жуйесі өте күрделі тау құрылымы ретінде ұзына бойына жатқан бірнеше аймақтар мен жеке-жеке бөліктерге бөлінеді. Егер Кордильерді платформадан бастап кесе-көлденең алып карастыратын болсақ, онда оның құрамында {В. Е. Хаин бойынша) мынадай аймақтар бар екенін көрер едік: бөктерлік майысулардың үзілмелі енсіз аймағы; платформа үстіндегі алқаптар аймағы (Аляскадағы Брукс жотасы, Маккензи таулары. Америка Құрама Штаттарындағы Онтүстік-Шығыс Сенгір таулар. Орталық Американың солтүстік сьерралары) ; орталық алкаптар аймағы (Юкон алқабы, Колорадо устірті, Мексиканың Солтүстік қыраты) ; Кордильердің өз аймағы, бүған ларами (бор-палеоген) дәуірінде лайда болған катпарлы кабаттардан туратын Канададағы және Америка Құрама Штаттарынын солтүстігіндегі Сеңгір таулар. Оңтустік Сенгір таулардың батыс бөлігі, Үлкен Бассейннің шығыс бөлігі, Шығыс Сьерра-Мадре жотасы жатады; невада (юра-бор) дәуірінде пайда болған қатпарлы қабаттар (Аляска жотасы Канаданың Жағалық жотасы, Үлкен Бассейннің батыс бөлігі мен Сьерра-Невада, Батыс Сьерра-Мадре) алқабы; батыс-тағы Тынық мүхит жағалауы аймағы, бұған жоғары көтерілулер (Калифорниядағы Жағалык жоталар және баскалар) мен майысулар (Калифорния аңғары, Калифорния шығанағы ) жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz