СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ

1. ЖАЗБАША ДЕРЕКТЕМЕЛЕР

Парсы деректемелері. Соңғы орта ғасырлардағы Қазақстанның тарихын зертгеу негізінен алғанда Шығыстың шектес және алыс елдерінен шыққан авторлар жазған жазбаша деректемелердің материалдарына негізделеді. Нарративтік шығармаларда: ең алдымен парсы тілінде жазылған тарихи, ме-муарлық, географиялық шығармаларда аса маңызды материал бар, оларды шағатай, ескі өзбек (түркі), сондай-ақ араб тілдерінде жазылған еңбектер толықтырады. Бұл деректемелер ақпараттарының дәрежесі әр түрлі, көршілес Орта Азияның (Мауараннахрдың), сондай-ақ Иранның, Шығыс Түркістанның авторлары мейлінше хабардар, оның үстіне олардың неғүрлым көлемді де дәл мәліметтері Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанға қатысты. Мысалы, Моғолстаннан айырмашылығы арнайы Қазақ хандығы-ньіңтарихына арналған деректеме жоқ.

Қазақстан жөніндегі мәліметтер шығыс авторларының шығармаларында үзік-үзік келтірілген, негізінен алғанда саяси тарихқа, оның халқы мен билеушілерінің көрші мемлекеттердің халқымен езара қатынастарының та- . рихына қатысты әр түрлі әулеттен тараған хандардың шежіресі келтірілген. Этникалық қүрамы, шаруашылық кәсібі, рухани және материалдык мәдениетінің элементтері жөнінде бытыраңқы мәліметтер де бар. Шығыс - батысевропалық, кейініректе - орыс сая-хатшыларының, елшілерінің, ғалымдарының хабарлары, сондай-ақ орыс жылнамалары мен мұрағаттарының мәліметтері толықтыра түседі.

Монғолдардың жаулап алуы түрлі тілдердегі ауқымды әдебиетті өмірге келтірді. Оңтүстік Қазақстандағы, сондай-ақ Орта Азиядағы монғолдар жау-лап алуын зерттеуде басты деректеме Ала ад-дин Ата Мәлік Жувейнидің «Та-рих-иджахангуша» («Әлемді бағындырушыныңтарихы») деген еңбегі болып табылады 1 . Шығарма 1260 жылы аяқталған. Автор Түркістанға, Үйғырияға, Монғолияға езі барған, монғолдардың ауызша әңгімелерін пайдаланған. Жу-вейни Отырарды қоршау, Сырдариядағы баскд -ралы хабарлайды, Шағатай, Жошы, Үгедей жұрттарыньщ Қазақстан аума-ғында орналасуы, XIII ғасырдың ортасында Шағатай үлысында болған қырк-ыстар мен бүліктер туралы деректер келтіреді.

; Фазлаллах Рашид ад-Диннің «Жами' ат-таварих» («Жылнамалар жинағы», 1310-1311 жылдары аяқталған) деген тарихи еңбегі XII-XIII ғасырлардағы монғол және түрік тайпалары мен халықгарының тарихы жөніндегі мейлінше елеулі еңбек болыптабылады. Рашид ад-Дин шығармасының негізіне ресми монғол хроникалары, монғолдар жаулап алған түрлі елдердің тарихи шығар-малары, оқиғаларға қатысушы хабарламашылардың материалдары алынған.

10

Әдет-ғұрыптар, діни нанымдар, көшпелі тұрмыс туралы, түрік және монғол тайпаларының орналасуы туралы мәліметтер алуан түрлі. «Жылнамалар жи-нағының» екінші томында тайпалардың этникалық құрамы, Қазақстан монғ-ол үлыстарының құрамына кірген кездегі оның топономикасы, тарихи гео-графиясы, саяси тарихы женіндегі деректер, Орда-Ежен үлысының тарихы, оның ұрпақгарының, басқа да Жошы ұрпақгарының генеалогиясы жөнівдегі мәліметтер келтірілген 2 .

Рашвд ад-Диннің мәліметтері бүл тақырыпты кейінгі уақыт үшін дамытқ-ан көптеген авторларға негіз болды. Олардың ішівде беймәлім автордың 1426 жылы Темір үрпағы Шахрухтың тапсыруы бойынша жазылған және Жошы ұрпақтарының генеалогиялық тармағы, атап айтқанда, Үрұс хан мен оның ұрпақтарының шежіресі келтірілген «Муизз әл-ансаб фи шаджарат салатин могул» деген еңбегін атап өткен жөн 3 .

XIV-XV ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстанның тарихы ашып көрсетілетін орта ғасырлар авторларының нарративтік тарихи еңбектері негізінен Темір ұрпақгары тобының (қабылданған әулетгер бойынша шартты жіктеуге сәйкес) шығармаларынан түрады. Оларда Темір мен оның ұрпақта-рының көрші елдер мен халықтар жөніндегі саясаты ғана көрсетілмеген, со-нымен қатар олардың ішкі саяси, шаруашылык, этникалық-мәдени өмірі жөніндегі материал да көп. XV ғасырдың екінші жартысы - XVI ғасырға Мо-гол және Шайбани ұрпақгары қалыптастырған деректемелер негізгі дерек көзі болып табылады.

Евразия тарихнамасывда, жалпы шығыстануда Низам ад-дин Шамидің «За-фар-наме», Шараф ад-дин Әли Йаздидің «Зафар-наме», Абд ар-Раззақ Самарқандидің «Матла'ас-са'даин ва маджма'әл-бахрайн» деген және басқа толып жатқан әмір Темір деректемелері кеңінен мәлім екеніне қарамастан, Орта Азияның, Иранның, шектес елдердің тарихын зерттеушілер оларға қай-та-қайта оралып, олардағы материалдың алуан түрлі екені соншалық, бұл деректемелердің жеткілікті дәрежеде толық және дәйекті түрде зертгелмегенін әділ атап өтуде. Бұл корытывды Темір ұрпақгары дәуірінің шығармаларында бар Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтерге де катысты.

Темір дәуірі туралы түпнұсқа деректемелерді зерттеушілер екі топқа бөледі 4 . Бірінші топқа Темірдің немесе оның билік еткен ұрпақтарының әмірімен жазьшған деректемелер жатады. Низам ад-дин Шамидің, Шараф ад-дин Әли Йаздидің оны данышпан, әділетті мемлекет қайраткері етіп суреттейтін шығармалары осындай. Шығармалардың екінші тобын бейтарап авторлар - бұларға, мысалы, Рюи Гонзалес де Клавихо және Батыс Европа-ның бЗ&қа да саяхатшылары жатады, сондай-ак әмір Темір бағындырған еддердің өз еңбектерінде оның басқыншылықсаясатын бейнелеген авторлар (армян, грузин деректемелері) жазған. Темірдің саясатына теріс сипаттама берген араб авторлары Ахмед ибн Мұхаммед ибн Арабшах, әл-Айни, әл-Аса-ди сонғы топка жатады 5 . Клавихо өзінің 1403-1406 жылдардағы саяхатының күнделігінде 6 Самарқандтағы орасан зор құрылыс жүмыстарын, онда товар-лардың, соның ішінде Русь пен оның Қазақстанды атайтынындай «Татария-дан», Қытайдан және басқа елдерден әкелінген товарлардың молдығын атап өткен. Әмір Темір мен оның үрпақгары негізгі сауда жолдарын жаулап алып, көптеген елдермен сауда және дипломатиялык, қатынастарын дамытуға көп көңіл бөлді.

Хронологиясы жағынан әмір Темірдін іс-әрекеттері туралы толып жатқан

11

хикаялардың негізін салған алғашқы еңбек Низам ад-дин Шамидің «Зафар-намесі» болды, ол хижра бойынша 806 жылға (1403-1404 жж. ) жеткізілген. Автор Темір Бағдатты алғаннан кейін соған қызмет етуге кешкен, оның жо-рықтарывда еріп жүріп, кеңсе кызметін атқарған. Ол өз еңбегіне ресми құжат-тарды, Темірдін, жедістері туралы мәлімдемелерді, сол дәуірдегі оқиғаларға катысушылардың ауызша әңгімелерін, Темірдің үйғыр хатшысы жазған хро-никаларды пайдаланған. Шамидін, XIV ғасырдын. екінші жартысьшдағы Қазақ-станда болған оқиғалар туралы мәліметтері негізінен әмір Темірдің Ақ Орда мен Моғолстанның билеушілері Үрұс хан мен Тоғлық-Темір ханға қарсы күресіне қатысты. Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы шаруашылықтың жай-күйі жөнінде деректер келтірілген, өлкеніңтарихи географиясын зерт-теу ге арналған материаддар бар. Низам ад-дин Шами шығармасының парсыша мәтінін Ф. Тауэр басып шығарған 7 . Екінші томында оның еңбегіне түсініктеме, сондай-ақ Хафиз-и Абрудың «Зубдат ат-таварих» деген шығармасынан

үзінділер бар 8 .

Шараф ад-дин Әли Йаздидің «Зафар-намесі>:> әмір Темірдің өмірі мен қызметінін, мейлінше толык ресми тарихы болып табылады, ол Низам ад-дин Шамидің еңбегі, түркі тілді «Манзума-йи тюрки» хроникасы, күнделіктер, ресми қүжаттар, оқиғаларды көзімен көргендердің айғақгары негізінде жазы-лған 9 . Шами сияқты Йазди де Темірдін, бағындырылған елдердегі қатыгездік әрекетгерін бүгіп қалмайды, бірақ Шамиден ерекшелігі, ол бұл әрекеттерді мадақгаудан шаршамайды. Шыңғыс-хан, әмір Темір сияқты қалаларды кңра-тып, сансыз көп адамды кырып-жойған, олардытуған жерлерінен айдап әкет-кен ортағасырлық жаулап алушылар өздерінің керші халықтар жөніндегі катыгездік саясатын жасырмаған, ал сарайдағы авторлар өз шығармаларында олардын, соғыстағы жеңістерін дәріптеген. Йаздидің еңбегі Шахрухтың үлы Ибраһим сүлтан кезінде, 1419-1425 жылдар аралығында жазылғанымен, ол Темірді дәрштеу болып табылады. Мүндай шығармаға Темір немесе оның ұрпақтары болашақ үрпақтар үшін есте қалдырғысы келетін оқиғалар ғана тапсырыс бойынша енгізілетін. Оқиғалар соған сәйкес түсіндірілетін. Сон-дықтан бүдан бүрынғы отандыҚ әдебиетгегі Йазди мен оның ізашары жазға-нының бәрін «тарихи шындыққа» сәйкестендіру туралы айту дүрыс болмас

еді 10 -

Шараф ад-дин Әли Йаздидің (хижра бойынша 858/1454 жылы елген) шы-

ғармасында XIV ғасырдың соңғы үштен бірінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда болған саяси оқиғалардың егжей-тегжейі, әмір Темірдің осы аудан-дар мен Тянь-Шаньға жасаған жаулап алушылық жорықтарының бағытгары келтіріледі. Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы мемлекетгі Моғолстан, «Моғол-дар елі», «Моғол үлысы» деп атаған Низам ад-дин Шами мен Хафиз-и Абрудан айырмашылығы, Шараф ад-дин Әли Йазди оны «Жете» деген менсінбеген тер-минмен ғана атайды. Йазди Темірдің Жете еліне жаулап алушылық ниеттері туралы талай рет айтады, әмір Темірдін, алдына бүл өлкені каныратып, күйзел-ту мақсатын койғанын, оның жергілікті билеуші топтарды бағындыруы тиіс екенін атап керсетеді. Автор Ақ Ордада да, Моғолстанда да біртүтас билік болмағанын сипаттайтын көп материал келтіреді. Темірдің жергілікті көшпелі және жартылай көшпелі халықпен шайқастарда оңай жеңіп шығуына бүл да кемектескен. Қазақстаннын, мал шаруашылығын, Ақ Орда мен моғол ханда-рының әскери үйымын және Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісудың байырғы халқьі өмірінің басқа жақтарын сипаттайтын деректер келтіріледі.

12

Му'ин ад-дин Натанзидің «Мунтахаб ат-таварих-и Му'ини» деген еңбегі Қазақстан тарихын зертгеу үшін құнды деректеме болып табылады. «Ескендір, анонимі» деген атаумен бұл еңбекті ғылыми айналымға В. В. Бартольд енгізіп, оған бірнеше мақаласын арнады 11 . Одан Шығыс Дешті Қыпшактың, атап айт-қанда, Ақ Орданың тарихы жөніндегі материалдар В. Г. Тизенгаузеннің басы-лымында келтірілген 12 . Баспагерлер бұл деректеменің «көптеген құнды деректерінің» бірегейлігін, олардың анықтығын, мұны орыс жылнамалары-ның деректерімен салыстырғанда расталатынын атап еткен.

Му'ин ад-дин Натанзидің еңбегі хижра бойынша 815-816 жылдары (1412- 1414 жж. ) әмір Темірдің немересі Ескендірдің өтінуімен жазьшған. В. В. Бар-тольд автор Фарстатұрғанымен, , әдет-ғұрып-тармен және көзқарастармен жақсы таныс болғанын, оның монғол және ұйгар деректемелерін пайдаланғанын жазады 13 . Бүл оның Шығыс Дешті Қыпшақ-тың, Жетісудың, Шығыс Түркістанның тарихы женінде хабарлаған мәліметтерінің бірегей сипатынан көрінеді. Натанзи еңбектері Темір билік еткен кезендегі оқиғаларды баяндауда жоғарыда аталған шығармаларды то-лық қайталамайды, ол Темір тарихының ресми нүсқасымен шектеліп қалма-ған.

«Мунтахаб ат-таварих-и Му'иниде» Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның, Қыр-ғызстан мен Шығыс Түркістанның тарихы жөніңце басқа деректемелерде қай-таланбайтын бірегей материал бар 14 . Моғолстандағы тайпа үстем топтарының, әсіресе әмір Қамар ад-дин дуғлатгың орталықхан билігіне қарсы күресі тура-лы, Қызыр-Қожа ханның экономикалық саясатының кейбір жәйіттері тура-лы деректер мен басқа да мәліметгер қызықгы. Му'ин ад-дин Натанзи шығар-масының парсыша мәтіні 1957 жылы Тегеранда басып шығарылды 15 .

1423 жылы Темірдің немересі Мырза Байсұңқардыңтапсырысы бойьшша Хафиз-и Абру 4-томдық «Маджма 1 ат-таварих» деген жалпыға бірдей тарих жазуды бастады. Арнайы «Зубдат ат-таварих-и Байсункари» деп аталған төртінші томы материалдарының Қазақстан тарихына қатысы бар 16 . Ол түпнұсқа Шами мен Натанзи шығармаларының негізіңце, бірақ ғасырдьщ одан кейінгі ширегі үшін, 1428-29 жылдарға дейін, ягаи алғашқы Темір ұрпақгары заманына арналған. Үлықбекгің Моғолстанға Мүхаммед ханға қарсы жорығы туралы, сондай-ақ Темір үрпағы Шахрухтың XV ғасырдың 20-жылдарында Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы арқылы жүріп еткен Қытайға елшілігі туралы мәліметгер назар аударарлық. Моғолстан арқьшы өткен жолды суреттеуде өлкенің тарихи географиясы жөнінде деректер бар, ол сол кезендегі Моғолстанның ішкі саяси жағдайы жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді 17 .

Темір^рпақтары тарихнамасының маңызды туындылары қатарында XV ғасырдың екінші жартысындағы шығармалар ерекше орын алады. Олардың ішінде Абд ар-Раззақ Самарқандидің «Матла'ас-са'дайн ва маджма'әл-бах-райны» бар. Онда Иран мен Орта Азияның Хулагу және Темір үрпақгарының 1304 жылдан 1471 жылға дейінгі тарихы баяндалған. XIV-XV ғасырлар шебіндегі Ақ Орданың құлдырауы кезіндегі Шығыс Дешті Қыпшақтағы оқиғалар туралы, Барақ ханның мемлекеттің ыдырауына қарсы әрекеті, Үлықбектің заманындағы Моғолстан мен Мауараннахрдың езара қатынаста-ры туралы мәліметтер мен басқа да деректердің ынта-ықылас туғызатыны күмәнсіз 18 .

Мұхаммед Хавенд-шах Мирхондтың (1433-1498 жж. ) «Раузат ас-сафа» де-ген жалпыға бірдей алтыншы томында XV ғасырдың 20-жыддарынан бастала-

13

тын Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның тарихы женінде көлемді материал жеткілікті. В. В. Бартольд оның деректерін Үлықбектің Моғолста-нға жоғарыда аталған жорығын сипаттауға арналған жазбаларында келтірген. Мирхондтың бұл томының неғұрлым ертеректегі мәліметтері Темір мен оның ұрпақтарына арналған, олардың Қазақстан аумағындағы саясаты туралы ертедегі Темір ұрпақгары тарихнамасы авторларының еңбектері бойынша сол кезде-ақ мәлім деректерді кдйталайды. Өз есімдерін, топонимдерді, этника-лықтоптардың атауларын жазуда айырмашылықтар бар. Оқиғаларды баянда-уда, мысалы, Үлықбектің нақ сол Моғолстанға жорығын суреттеуде және бұл мемлекеттің ішкі жағдайын керсетуде орын алған, неғұрлым егжей-тегжейлі, еш жерде қайталанбайтын қиғаштыктар Мирхондтың әлдебір жоға-лып кеткен түпнұсқа деректемелерді пайдаланғанын көрсетеді 19 . Хондемирдің «Хабиб ас-сийар» деген шығармасының 20 XIV ғасырдың аяғы - XV ғасырдың басывдағы Қазақстан тарихы жөніндегі мағлұматгары негізінен алғавда Шами, Йазди және Мирхонд шығармаларын қайталайды, олар XV ғасырдың аяғы -XVI ғасырдың басы үшін ғана бірегей. Қазақстанның орта ғасырларын зерттеушілер үшін Хондемирдің Санкт-Петербургтің Мемлекеттік кепшілік кітапханасындағы «Та'рих-и Джахан-наме» деп аталатын колжазбасындағы географиялық қосымшасы назар аударарлық.

Әбу-л-Хасан Сайид Әли әл-Жүзжанидің (шамамен 1476/77 жж. өлген) «Ма-салик әл-мамалик» деген шығармасы да Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның тарихи географиясын зерттеушілерге материал береді 21 .

Темір үрпақгарының тарихнамасында осы әулеттің өкілдері жазған еңбек-тер де бар. Бұлар - түрік тіліндегі, әмір Темір шығарды деп саналатын «Темір ережелері» 22 мен «Улус-арба 1 » (немесе «Тарих-и арба' улус»), яғни төрт мон-ғол ұлысының тарихы.

Екінші шығарма Үлықбек мырзаның басшылығымен және қатысуымен жазылған. Үлы астроном-ғалымның бұл тарихи еңбегіне Шыңғыс ұрпақта-рының ұлыстары туралы жазған Х^І-Х^ІІ ғасырлардағы көптеген авторлар-дың шығармаларыңца да таЛай рет сілтеме жасалған. Жошы мен Шағатай ұлы-стары туралы материалдар соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына тікелей қатысты. Үлықбек Шағатай ұлысындағы 28 ханның және Жошы ұлы-сындағы 39 ханның есімдерін келтірген. Б. А. Ахмедовтің пікірінше XIII ғасыр-дың бас кезінде-ақ «өзбек» терминінің пайда болуы туралы, оның XIV ғасыр-да Дешті Қыпшақгың батыс белігінде этноним ретінде қолданылғаны туралы мәліметтер ерекше кұнды болып табылады 23 .

Темір ұрпактары тарихнамасы тақырыбы жағынан алуан түрлі, әскери, саяси оқиғаларды да, мәдени оқиғаларды да, мысалы, XIV-XV ғасырлардағы Сыр өңірі қалаларында дала^хандары салғызған кұрылыстар және әмір Темірдің жарлығымен Ахмет Йассауи кабірінің үстінен түрғызған таңғажай-ып кесенені де көрсететін шығармалардағы Қазақстан жөніндегі материал-дардың шоғыры осындай.

XVI ғасырдағы белгілі тарихшы және әдебиетші Мырза Мұхаммед Хайдар Дуғлаттың «Та'рих-и Рашиди» деген шығармасы XIV-XVI ғасырлардың. ба-сында Қазақстан аумағы мен керші аумақгарда өмір сүрген ірі мемлекетгердің бірі Моғолстан тарихына арнайы арналған. Бұл еңбек - Қазақхандығының тарихын зертгеу үшін де аса маңызды бастапқы деректеме. Онда тоқсан жыл ішіндегі қазақ хандарының тарихы тым қысқа болғанымен, дәйекті түрде ба-яндалған.

14 '

Шонжарлардың жоғары топтарына жататын Мырза Мүхаммед Хайдар ибн Мұхаммед Хұсайын Дуғлат (1499-1551 жж. ) Моғолстанның аса ірі тайпалары-ның бірінен шыққан. Мырза Мүхаммед Хайдардың ата-бабалары - дуғлат тай-пасының әмірлері мен бектері - Моғолстан мемлекетіне кірген Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның, Қырғызстанның, Шығыс Түркістанның саяси тари-хында зор рөл атқарған; олар аса маңызды мемлекеттік қызметтер атқарып, ұлысбектер болған.

Мырза Мұхаммед Хайдар хижра бойынша 905 жылы (1499/1500 жж. ) сол кезде моғол хандарының билігінде болған Ташкентте туған. Оның анасы Мо-ғолстан ханы Сұлтан Жүністің кіші қызы болған, ал Сұлтан Жүніс белгілі мемлекет қайраткері, тарихшы және ақын Захир ад-дин Бабыр мен Моғолстан ханы Сұлтан Сайидтың немере туысы еді. Мырза Мұхаммед Хайдар 1512 жыл-дан 1533 жылға дейін Сұлтан Сайид ханның сарайында болып, билеушінің мұрагері Абд ар-Рашид сұлтанды тәрбиеледі. 1533 жылы Абд ар-Рашид хан дуғлаттардың жоғарылауынан қауіптеніп, оларға жазалау шараларын үйіп-төкті. Мүхаммед Хайдар Кашмирге қашып барып, Үндістан, Үлы Моғолдар билеушілері атынан 1551 жылы шайқастардың бірінде өлтірілгенге дейін билік етті.

Мырза Мұхаммед Хайдар жақсы білім алған, ез дәуірінің саяси оқиғалары мен қайраткерлерінен хабардар болды. Ол түркі тілінде әдеби шығармалар жазғаньмен де, мұсылман тарихнамасына тарихи «Та'рих-и Рашиди» еңбегінің авторы ретінде енді. Шығарма 1542-1546 жылдары Кашмирде ортаазиялық парсы тілінде жазылған. Екі бөлімнен - дафтарлардан тұрады.

I дафтар моғолдың Шағатай ұрпақтарынан шыққан хандарының тарихы-нан тұрады, онда әмір Болатшы дуғлат 1348 жылы Тоғлық-Темір ханды хан тағына көтерген уақыттан бастап, Мұхаммед Хайдар мырза Абд ар-Рашид ханның құрметіне арнаған өз шығармасы 1533 жылы Қашғарияда (Моғолия-да) оның билік ете бастағанына дейін Моғолстанда болған оқиғаларды баянда-ған.

II дафтар автор 1541 жылға дейін жеткізген мемуарлар болып табылады. Бұл бөлімде өз өмірбаяны және сол дәуірдің көптеген тарихи адамдары тура-лы емірбаяндық материалдармен қоса, бірінші бөлімде баяндалғандарына қосымша Сүлтан Сайид ханның Моғолстандағы билік үшін күресі, оның 1514 жылы Қашғарияның дуғлат әмірлерін басып алып, Моғолия мемлекетінің негізін қалағаны, Моғолстанның бұрынғы аумақгарыңда - Жетісу мен Тянь-Шань еңірінде Шағатай ұрпақтарының билігін қалпына келтіру әрекетгері туралы мәліметтер бар. II дафтарда Х^-ХУІ ғасырлар шебінде Орта Азияда, Шығыс, ^ркістаңца, Ауганстаңда, Үңцістанда болған көптеген тарихи оқиғалар баяндалған.

Мүхаммед Хайдар мырза өз еңбегін моғолдар, атап айтқанда, өз бабалары - дуғлат әмірлері арасында белгілі ауызша аңыздарға, ұлысбек-дуғлаттар-дың қолы жететін ресми мемлекеттік кұжаттарға негіздеген. «Тарих-и Раши-ди» деректемелерінің арасында «сенім білдіруге лайықты адамдардың» әңгімелері - замандастары мен оқиғаларға катысушылардың айғақтары ма-ңызды орын алады. Мұхаммед Хайдар өзінің ізашарлары - Жамал ад-дин Қаршидің, Жувейнидің, Рашид ад-Диннің, Хамдаллах Казвинидің, Абд ар-Раззақ Самарқандидің, Шараф ад-дин Әли Йаздидің және басқа көптеген адам-дардыңтарихи еңбектерін көптеп пайдаланған.

«Та'рих-и Рашиди» - XIV ғасырдың екінші жартысы - XVI ғасырдың ба-

15

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтер
Қытай тарихнамасы
М.Х.Дулатидің Тарих и Рашиди еңбегін Қазақстан тарихы курсында қолдану әдісі
Қазақстанның экономикалық тарихы пәнінен дәрістер
Мұсылман тарихнамасының алғашқы дәуірі
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, тарих ғылымдарының докторы
Қытайтану (синология) жайлы
Қазақтардың этникалық тарихының деректері
Қазақстан тарихы ғылымы тәуелсіздік жылдарында (1991-2008 жж)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz