Социология ғылымы жайында



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Социология ғылым ретінде

Жоспар:
1.Социологияның зерттеу обьектісі мен пәні, заңдары мен категориялары.
2.Социологияның құрылымы мен қызметі.
3.Социологияның басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы.

Лекция мақсаты: Студенттерге социология ғылымы турасында жалпы мәліметтер
беру және де социология пәнінің зерттеу объектісін анықтап, заңдары мен
категорияларын, құрылымы мен қызметін, басқа қоғамдық ғылымдармен
байланысын түсіндіру.
Лекция мазмұны: Бұл ғылымның "Социология" деген атауы латын, грек
сөздерінен құралған; "Societas" – латын тілінде қоғам, "logos" грек тілінде
ілім, білім дегенді білдіреді. Демек социология қоғам туралы ілім
деген сөз. Қоғамды зерттейтін ғылымдар көп, бірақ әрқайсысы өзінің ерекше
зерттеу обьектісін бөліп алады. Мысалы. Экономика ғылымдардың обьектісі-
өндіріс, өндірістік қатынастар, тұтыну мәселелері болса, Саясаттауну саяси
билік, саяси қатынастар, мемлекеттiк құрылым мәселелерін қарастырады.
Қоғамның рухани өмірін, рухани байлықты өндіру, тарату ісімен, адамдардың
рухани қажеттерін өтеудің жолдарын, түрлері мен әдістерін зерттейтін
мәдениеттану, педагогика, психология сияты бір қатар ғылымдар бар. Міне
бұдан көптеген қоғамдық ғылымдардың зерттейтін обьектісі –тұтас қоғам емес,
белгілі бір саласы ғана екенін көреміз.
Социология қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейді. Былайша айтқанда
социология адамдарды ғылыми зерттеудің бір тәсілі. Социологтар адамдар не
үшін белгілі бір қалыпта өздерін ұстайды, не үшін топ құрады, соғысқа
барады, бір нәрселерге сенеді, табынады үйленеді, дауыс береді т.с.с
адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде болатын барлық құбылыстарды
анықтауға тырысады. Яғни социлиогия қоғамды және әлеуметтік қатынасттарды
ғылыми тұрғыдан зерттейді (Н.Смелзер).
Социология пәніне мынадай анықтама беруге болады; социология-қоғамның
құрылысы, өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары
жайлы және сол заңдылықтардың адамдар мен олардың бірлестіктерінің және
тұтас қоғамның өмірі мен өзара қарым-қатынастарынында іске асырудың
жолдары, нысандары мен әдістері жайлы ғылым.
А.А.Радугин, К.А.Радугин берген анықтама бойынша социология-әлеуметтік
біртұтас жүйе деп қаралатын қоғам туралы, осы жүйенің құрамдас бөлшектері;
жеке адам, әлеуметтік бірлестіктер, институттар арқылы атқаратын қызметі
мен дамуы туралы ғылым.
Әлеуметтік өмірдің өзегі-адамдардың және олардың бірлестіктерінің іс
әрекеттері, өзара байланыстары. Осыған сәйкес социология адамдардың өзара
қарым-қатынасын білдіретін мінез-құлық жайлы ғылыми деуге де болады.
Кез-келген ғылым сияқты социологияның да категорилары мен заңдары бар.
Категориялар-әлеуметтік болмыстың мәнді жақтарын,қасиет-белгілерін,
құрылымдық элементтерін білдіретін негізгі ғылыми ұғымдар. Яғни социология
ғылымында қолданылатын ұғымдар социологияның категориялары болып табылады.
Ал, осылардың арасындағы ішкі және қажетті байланыстар мен қатынастарды
бейнелендіретін ұғымдар заңдар болып табылады.
Социологияның ең негізгі, мазмұны жағынан көлемді категориясы
"әлеуметтік" ұғымы. Бұл ұғым "әлеуметтік жүйе", "әлеуметтік құрылым",
"әлеуметтік институт", "әлеуметтік ұйымдастыру", "әлеуметтік топ",
"әлеуметтік әрекет", әлеуметтік мінез-құлық" т.б. көлемді ұғымдарды
қамтиды. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бірнеше маңызды категорияларға
бөлінеді. Мәселен, "әлеуметтік топ" категориясы "топ", "әлеуметтік
қабілет", "халық", "ұлт", "жанұя", ұғымдарымен тікелей байланысты.
Әеуметтік заңдар адамдардың және олардың топтарының мінез-құлқын
реттейді, жеке адамдар мен олардың қоғамдастықтарының арасындағы қарым-
қатынастарды анықтайды. Әлеуметтік заңдарға, мысалы, әлеуметтік жіктелу,
бірігу заңы, әлеуметтік мобильділік заңы, қоғамдық өмірдің
интернатционалдануы, жеке адамның әлеуметтенуі, т.б. заңдар жатады.
Әлеуметтік заңдарды жалпы және ерекше заңдар деп бөлуге болады.
Жалпы заңдар (қоғам дамуын, біртұтас әлеуметтік жүйе дамуына
анықтайды). Ерекше заңдар (әлеуметтік жүйенің жекеленген элементтерін,
қоғам бөлшектерін сипаттайды). Олардың сипатына, көрініс беру ерекшелігіне
қарай динамикалық және статистикалық заңдарға бөлінеді. Динамикалық заңдар
нақты жағдайда өз ретімен болатын оқиғалар арасындағы бір мәнді, қатаң
байланысты көрсетеді, олардың бағытын, түрлері мен факторларын анықтап
береді. Статистикалық заңдар әлеуметтік құбылыстарды қатаң қажеттілік түрде
айқындамай, белгілі бір ықтималдылыққа жол береді, сөйтіп әлеуметтік
өзгерістердің негізгі бағыты мен тенденциясын ғана көрсетеді.

2. Социологияның құрылымы мен қызметі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесіндегі мәдениеттанудың алатын орны және оның басқа ғылым салаларымен байланысы
Мәдениеттану- мәдениет туралы ғылым
Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие
Адамның мәдени тұлға ретінде қалыптасуы
МӘДЕНИЕТТАНУ: ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ
Педагогика ғылымының міндеттері
Педагогика ғылымы жайлы
Денсаулық сақтау ғылымы
Қазіргі мектепте оқушыларды тәрбиелеу жолдары
Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті саласы
Пәндер