Социология ғылымының даму тарихы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Социология ғылымының даму тарихы.

Жоспар:

1. Социология пайда болғанға дейінгі ежелгі әлеуметтік ой

пікірлердің қалыптасуы.

2. Социологияның ғылым ретінде пайда болуы. О. Конт,

Г. Спенсер.

3. М. Вебер мен Э. Дюргейм социологиясы.

Лекция мақсаты: Студенттерге социология ғылымының пайда болғанына дейінгі уақытта қалыптасқан ежелгі әлеуметтік ой-пікірлер турасында мағлұматтар беру және де социология ғылымының пайда болуы мен социология ғылымына О. Конт пен Г. Спенсердің қосқан үлестерін түсіндіру.

Лекция мазмұны: Социология (ХІХ ғ-дың 30-40 ж-да қалыптасқан) біршама жас ғылым болып табылады. Өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды. Алайда, социологияның кеш пайда болуынан, оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пікір тумауы керек. Керісінше, ондай ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын. Мәселен, философиялық, экономикалық, тарихи, саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбір элементтері және оның даму заңдылықтары туралы пікірлер бой көрсете бастады. Осы орайда, Ертедегі Шығыстың қоғам туралы пікірі мен ойларын айтуға болады. Мәселен, конфуцийшылар қоғамтанушылар болып есептеледі. Олардың қарастырған негізгі мәселесі адамдар арасындағы қатынас пен тәрбие болды. Конфуций этикасы "қайырымдылық", "кішіпейілдік", "адамды сүю", "тура жолмен жүру" сияқты принциптерге сүйенеді.

Әлеуметтік теорияның біршама айқын элементтері ежелгі Грецияда қалыптаса бастады. Ежелгі Грек философтарының арасында қоғамға және қоғамдық институттарға ерекше көңіл бөлгендер софистер болды. Оларға дейінгілер көбінесе табиғатқа баса назар аударса, софистер адам мен қоғамға басты назар аударды.

Софистер ілімінде, социологиялық тұрғыдан алғанда, қоғамның құрылуындағы келісім теорияларының жатқандығын көруге болады. Яғни алғашқы адамдар табиғатынан абсолюттік түрде еркін болған, кейін сол абсолюттік еркіндік адамдар арасындағы нарызылықтарды туғызып, күрестерге алып келген, осыдан адамның өмірінің қауіпсіздігіне сенімі жоғала бастаған. Сондықтан адамдар қоғам құруға мәжбүр болды, және оның мүшелері ортақ нормаға бағытатып болды деп көрсетеді.

Ежелгі Грек ойшылы Платон өзінің социологиялық мифтерінде софистердің бұл пікіріне қарсы болды. Қоғамдық еңбектің бөлінісіне байланысты Платон адамдарды үш топқа (кастаға) бөлді; жоғарғы билеуші топ, қол өнершілер және құлдар.

Платонның ілімінде социология үшін басты нәрсе, ол -қоғамдық еңбектің бөлінуін және оның қоғамдық қатынас, әрі жеке адамдар арасындағы қатынас үшін маңызды фактор болу потенциалын көрсетеді. Өйткені ол еңбектің бөлінуіне мемлекеттің екі топқа; ауқаттылар мен кедейлер тобына бөлінуін көрді. Үшіншіден, Платон қоғамда адамдар бірлікке шақыру үшін тәрбиенің, қоғамдық сананың қажетілігін көрсетті.

Аристотель ежелгі Гретцияның саяси тәжрибесін қорытындылай келе, адам-әлеуметтік жаратылыс деген қорытындыға келеді. Мемлекеттік адамдардың туа біткен "бірігіп өмір сүруге ұмтылғыштық" қасиетінен пайда болады деп көрсетеді. Оның пікірінше, қоғам үлкен екі әлеуметтік институтқа бөлінеді; құл иленушілер және құлдар. Аристотель мемлекеттің мақсаты-адамдардың бақытты өмірін қамтамассыз ету деп есептейді. Мемлекет қоғамдағы жалпы мүддеге қызмет етуі керек деп көрсетеді.

Сонымен, бұдан кейінгі дәуірлерде; орта ғасырда, қайта өрлеу, жаңа дәуірлерде де адамдардың қоғамдық өмірі жайлы пікірлер болды. Бірақ оларды толық социологиялық ілім деп айтуға болмайтын еді. Өйткені олар тек әлеуметтік ойлар философиясы немесе алғашқы социологиялық болжамдар бола алды.

2. Социологияның ғылым ретінде пайда болуы. О. Конт, Г. Спенсер. Социологияның дербес ғылым ретінде негізін салушы француз философ О. Конт болды. О. Конт 1798-1857 ж. ж аралығында өмір сүрген. Ол ең алдымен Батыстағы позивитстік философияның негізін салушы болып есептеледі. Оның 1830-шы жылдары "Позитивті философияның курсы" деп аталатын еңбегі жарық көрді. (Позитивті -оң, жағымды, жақсы) . Осы еңбегінің 3-ші томында алғаш рет О. Конт " Социология" деген ұғымды енгізді және қоғамды ғылыми зерттеу мақсатын қойды.

О. Конт социологияның қажеттілігін филосфия саласындағы өзінің адам ақылы дамуының үш сатысы туралы ашқан заңы арқылы дәлелдейді. Олар; теологиялық, метафизикалық және позитивистік (ғылыми) сатылар. О. Конт алғашқы кезде адамның ойлануының теологиялық болғандығын, яғни қандай да бір құбылыс, процесс зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты деп көрсетті. Ойлаудың метафизикалық кезеңінде кез келген құбылыс, процесті олардың мәні себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде, яғни жалпылама түсіндіреді. Ал, ойлаудың позитивтік кезеңінде кез-келген нәрсені ғылыми тұрғадан түсіндіреді. Кез-келген құбылысты, процесті түсіндіруде бақылау, салыстыру т. б. арқылы алынған эмперикалық факторларға сүйенеді деп көрсетті. Конттың пікірінше позотивистік ойлау алғашында математикада, физикада, астрономияда қолданылады. Кейін биологияда пайда болды.

Ал, социялогияны позитивтік білімнің шыңы деп есептеді. Конттың ғылымды жіктеу тәсілі бойынша социология биялогиядан кейін пайда болды. Егер биология қозғала алатын немесе әрекет жасай алатын барлық тірі жануарлар дүниесін зерттейтін болса, социлогия әлеуметтік құбылыс ретіндегі адамның әрекеттерін қарастырады деп көрсетеді.

О. Контты социологияны жасауға итермелеген екінші бір нәрсе-ол еңбектің бөлінуі және копперациялану заңынның ашылуы.

О. Конт социологияны негізінен екіге бөлді; Әлеуметтік статистика және әлеуметтік динамика. Әлеуметтік статистика әлеуметтік жүйенің өмір сүру жағдайы мен оның қызмет ету заңдылықтарын зерттейді.

Ал, әлеуметтік динамика әлеуметтік жүйенің өзгеру және даму заңдылықтарын зерттейді.

Сонымен біріншіден О. Конт қоғамтануда ғылыми тәсілді қолдануды немесе қоғамды ғылыми тұрғыдан танудың қажеттілігін негіздейді. Ол алғашқыда социилогияны әлеуметтік физика деп атайды. Екіншіден, социологияны әртүрлі эксперименттерге, бақылауларға негізделетін ерекше ғылым ретінде анықтайды.

Қорыта келгенде, О. Конттың социологиялық концепциясында басты екі идея жатыр. Біріншісі-қоғамтануда ғылыми тәсілді қолдану болса; екіншісі-әлеуметтік реформаларды жасауды іс жүзінде ғылымды қолдану идеясы.

ХΙХ-ғасырдадың ғылыми-философы Г. Спенсер социологияның қалыптасып дамуына үлкен үлес қосты. Жас кезінен ғылым жолына түскен (темір жол инженері) Г. Спенсер Дарвиннің эволюциялық теорисын, дүниенің барлық салаларын түсіндіру үшін қолдануға болады деген қорытындыға келеді. Спенсер қоғамды биологиялық организмдермен салыстыра отырып, оны адамзат қоғамының жеке тарихина да қолдануға болады деп мойындайды.

Қоғамның жеке бөліктерін (жанұя, мемлекет, және т. б. ) организм бөліктерімен (жүрек, нерв жүйесі т. б. ) салыстырып осылардың әр қайсысы бүтінің қызметіне әсер етеіндігін айтты.

Спенсердің пікірнше биологиялық организм сияты қоғамда қарапайым формадан күрделіге қарай дамиды. "Табиғи іріктелу" адамзат қоғамында да жүреді яғни тек қабілеттілер ғана тірі қалады. Спенсер пікірінше адамзат үшін өмір сүруге қабілетсіз индивиттерден табиғи іріктеудің көмегінен құтылу қажет. Мұндай философия әлеуметтік дарвинизм" (Социальный дарвенизм) деген атқа ие болды. Спенсер мұндай философияны коммерсиялық мекемелерге және экономикалық институтарға қолдануға болады деп санады.

Қорыта келгенде, Спенсер социологиялық теорияның дамуына едәуір үлес қосты.

1. Ол қоғамды ерекше (дискретті) жеке бөліктерден құралған организм ретінде қарастырды.

2. Спенсердің " аналогиялық тәсілді қолдану нәтижесінде ғылымға " құрылым", " функция", деген ұғымдар енгізілді.

3. Макс Вебер мен Э. Дюргейм социологиясы. М. Вебер (1864-1920 ж. ж) батыстың ірі әлеуметтанушысы. М. Вебер пікірінше әлеуметтану қоғамның әлеуметтік-тарихи құбылыстарының субьективтік (яғни адамның санасына, ойлануына байланысты) жақсарып, нақтылы айтсақ адамның іс-әрекетінде, қызметінде оның мұң-мұқтажын, талап тілегін, қажеттілігін мақсатын т. б. әр уақытта ескеріп отыру керек. Оны басты міндеті-адамдардың іс-әрекінің, қимылын мәнін, мағынасын, мазмұнын терең түсіну, ұғыну болып табылады.

Осыларды талдай отырып қоғамның даму заңдылықтарының себебін ашуға болады.

М. Вебер өзінің әлеуметтану зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістерін көп көңіл аударуына байланысты оның әлеуметтану теориясы "түсіну әлеуметтануы" деп аталады.

М. Вебердің әлеуметтануы саналы адамның мінез-құлқы туралы ғылым ғана емес, сонымен бірге оның әлеуметтік іс-әрекеті туралы ғылым. Әлеуметтік іс-қимыл, әрекет адамның мінез-құлқымен бірдей, өйткені әлеуметтік іс-әрекет өзінше жасалынбайды, бағытталып өмір сүре алмайды, ол әр уақытта басқа біреуге бағытталуын тосу, күту, үшін ету (ожидание) дейді. Мұнсыз қандай да бір болмасын іс-әрекет, қимыл әлеуметтік болып саналайды. Осыған сәйкес келіктеушілік яғни индивидтің іс-әрекеті тобырға (толы) еліктеп жасаса немесе қандай да бір табиғи құбылысқа бағытталса ол әлеуметтік болып саналмайды. Мәселен көпшілік адамдар жаңбыр кезінде қолшатырларын ашып ұстаса.

Сонымен, түсіну әлеуметтануының пәніне саналы әлеуметтік іс-әрекет жатады. Бұл әлеуметтік іс-әрекеттердің бірнеше түрлері болады. Олардың ең бастысы мақсатқа сай келетін іс-әрекет, тұлғаның ойлаған мақсатына жету үшін қолданылады.

М. Вебер саяси әлеуметтануды дамытуға үлкен үлес қосты. Өзінің әлеуметтік іс-әрекет тұжырымдамасына сүйене отырып, ол саяси билікті; үш түрге бөледі; 1) хразматикалық; 2) дәстүрлік; 3) бюрократтық.

Сондай-ақ М. Вебер (легитимдік) биліктің лигитимділігі, яғни заңдылығын тілге тиек ете отырып легитемділіктің үш түрін көрсетті; (биліктің лигитемділігі-халықты үстем етіп отырған билікті мойындауы) .

1. хразматикалық легитемділік (жеке қасиеттер, мінез-құлық арқылы мойындалуы) .

2. әдет-ғұрып легитемділігі

3. ақыл -парасат, құқық легитемділігі.

М. Вебер сонымен қатар стратификация теориясының негізін салушылардың бірі. Веберлік Әлеуметтік стратификацияның өлшемі тек экономикалық факторлар, яғни меншік емес, сонымен бірге саяси статус, әлеуметтік статус (қадір, бедел, білім) өлшемдері қолданылады.

Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілі- Э. Дюргейм (1856-1917) Өзінің әлеуметтанууында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударды. Ал, бұл методология "социологизм" деп аталады. Э. Дюргеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек.

Әлеуметтік нақтылықтың негізгі элементі-әлеуметтік фактілер, осылардың жиынтығынан қоғам құрылады. Осы фактілер әлеуметтанудың пәнін құрайды. Оның басты мақсаты қоғамдағы құбылыстарға түрткі болатын заңдылықтарды ашып тұжырымдау. Э. Дюргейм әлеуметтік фактілерге бастапқы түсініктерді жатқызады. Оған адам өмірінің моральдық, басқаша айтқанда, әдет-ғұрып, дәстүр, тәртіп ережелері, т. б. кіреді. Әлеуметтік фактілер индивиттен (адамнан) тәуелсіз, ол табиғат құбылыстары сияқты, бірақ, олар адамға еріксіз түрде әсер етіп, оның қоғамда бір тәртіппен жүруін талап етеді. Әлеуметтік фактілердің обьективті сипатта өмір сүруі оларды зат ретінде қаралып, жаратылыстанудың кейбір әдістерін (мысалы, бақылау, салыстыру, гипотеза (болжау) эксперимент, т. б) қолданылады.

Әлеуметтік фактілердің обьективтік өмір сүруінің тағы бір дәлелі-ол адамға әсер ете отырып, оларды белгілі бір іс әтекет жасауға итермелейді. Мысалы, адамның құқықтық және адамгершілік ережелерінің бұзылуы, ол қоғамдағы жалпы жағымсыз құбылыстардың басымдылығынан туып отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтанудың қалыптасу тарихы
Социология ғылымы туралы жалпы түсінік беру
Әлеуметтанудың әдісі
Қазақ зиялыларның көзқарасы
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметтері
Білім социологиясы
Әлеуметтік ақыл-ой тарихы
Адамның мәдени тұлға ретінде қалыптасуы
Әлеуметтік психологияның мақсаттары мен міндеттері
Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесіндегі мәдениеттанудың алатын орны және оның басқа ғылым салаларымен байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz