Алғашқы социологиялық ойлардың қалыптасуы мен даму тарихы



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Алғашқы социологиялық ойлардың қалыптасуы мен даму тарихы. Ежелгі әлемдегі
қоғам туралы ойлар.
Қоғам туралы ойлар мен талқыламалар Ежелгі Шығыс өркениеті, Ежелгі
Египет, Вавилон, Үндістан мен Қытайда кездесетін еді. Мұндай ойлар жеке-
жеке қолжазбалар, заңнамалар, рухани тұжырымдамалар, т.б. еңбектерде
сақталған. Ежелгі Египет, Вавилон және Қытайдың қоғамдық-экономикалық
қатынастары қоғамдық теориялардың дамуына қолайлы емес еді. Бұл аграрлық
шаруашылығы бар, касталық қоғамдық құрылыстан тұратын, басқарудың
деспотакалық және қатаң құқықтық жүйесі бар діни негізде құрылған
мемлекеттер еді. Мұндай әлеуметгік жағдайда, азаматтық бостандық жоқ жерде
қоғам туралы ойлар жүйесіз, прагматикалық мінездемесі бар, кұнделікті
өмірде міндеттемелерге тәуелділікпен шектелетін еді. Отбасы мен мемлекетке
қатысты ойлар шектен шықса да консервативті болды, оның себебі қоғамдық
қатынастар мәңгі сенімге негізделіп, өзгерістер жогарғы тәңірдің күшіне
тәуелді деп түсіндірідді.
Қоғам туралы маңызды теориялар тек Ежелгі Грецияда пайда болды, тек
сол елде ғана барлық кажетті жағдайлар болды. Бұл ең алдымен өзгерістік
күштердің жоғарғы деңгей дамуының нәтижесімен, ондағы құлдар мен құл
иеленушілерге бөлінуі және адамдардың белгілі бір қабаты материалдық
өндірістен бөлініп қоғам туралы интеллектуалдық еңбекпен шұғылдана алды.
Ежелгі Грецияда ғылыммен айналысу үшін қоғамдық өмір ұйымдары болды, бұл
жерде бірнеше мыңдаған адамдар тұратын шағын мемлекетте эканомикалық және
саяси тәуелсіз адамдар қауымы өмір сүрді. Сондай-ақ, ұйымдасқан мемлекетте
саясатпен айналысу барлық тәуелсіз азаматтардың (еркін адамдар) құқы және
міндеті болды, ал қоғамдық істерді талқылау саяси өмірдін негізгі бейнесі
болды.
Ежелгі грек еліндегі саяси өмір тек қарама-қарсы құлдар мен құл
иеленушілер арасындағы жанжалдар ғана емес, сондай-ақ түрлі құл иеленуші
топтар арасында да күреске толы болды. Мұндай әлеуметтік жағдайлар қоғам
туралы теориялардың дамуына жол ашты. Мұнда Ежелгі Шығыс өркениетіне
қарағанда кеп қолайлы болды, себебі Ежелгі Грециада маңызды әлеуметтік
теориялар бұрын пайда болды. Әлеуметтік ойлардың жеке элементтері өте ерте
кезеңдегі өркениетте де кездесті. Әсіресе, Гомер мен Гесиод еңбектеріндегі
ойлар, ал Геродоттың "Тарихында" және Фукидидтің "Пелопонес соғысының
тарихында" сол уақыт туралы көптеген социологиялық мәліметтер береді.
Алайда, қоғамды және қоғамдық институттарды алғаш талқылаушылар софистер
болып табылады.
Софистер ежелгі грек философиясында қоғам мен адам мәселесіне назар
аударды. Алдында олар табиғат бөліктеріне мән берсе, кейінірек антикалық
құл иеленушілік демократиясы қатайғаннан кейін ежелгі грек қаласы -
мемлекеттерінің саяси өмірі түрлі оқиғаларға толы ағымдардың пайда болуына
орай қоғам философтардың басты қызығушылық обьектісіне айналды.
Ең атақты софистерге Протагор, Гшпшй, Ликофрон, Антифонт, Трасимах
және Калликл жатқызуға болады. Протагор өндірістік күштердің ролінің
маңыздылығына мән беріп адамзаттың дамуымен байланыстырды. Протагор
азаматтардың мемлекетті құруы өздерінің өмір сүруін қамтамасыз ету және
калыпты жағдай деп жазды. Сонымен қатар софистер өздерінің "қоғамдық
келісім" идеяларында барлық адамдар, құлдар теңдігі жайында талқылама
жасады. Тендік жене адамдар туыстығы жайлы шығармалар Гиппий, Алкидамант,
Ликофрон, Антифонт еңбектерінен көруге болады. Қысқаша айтсақ, казіргі
заманғы социологтар көзқарасымен софистер ілімі адамзат қоғамының пайда
болуындағы келісім теориясы ерекше маңызды болып табылады.
Антикалық кезең. Антикалық кезеңдегі алғашқы социологтарды әлеуметгік
философтар деп атайды. Олардың ішіндегі ең ірі ойшылдар-Платон (428427-
348347 ж.ж. Б.Э.Д.) және Аристотель (384-322 й б.э.д.) болып табылады.
Олар қазіргі социологтар секілді салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, адамдар
қарым-қатынасы мен үрдістерін зерттеп, фактілерді біріктіріп, концепциялар
құрды, қоғамкның қалыптасуы мен дамуына байланысты практикалық ұсыныстар
жасады. (Платон өзінің ұсыныстары үшін басын өлімге тікті) себебі антикалық
кезеңде "қоғам" және "мемлекет" түсінігін бөлген жоқ, екі ұғым синоним
ретінде қолданылды.
Ежелгі заманнан бері ивдивидті қоршаған ортасының табиғаты мен құпия
құбылыстарының жұмбақтары қызықтырып қана қойған жоқ, сонымен қатар олардың
арасындағы өзара байланыстары мен қарым-қатынастарынан пайда болатын
проблемалар да қызықтырды. Осы бағытта антикалық ойшылдар социологияның
негізін салуға өз үлестерін қосты. Олардың ішінде әсіресе Платонның
"Мемлекет" және "Заңдар рухы" еңбектерінен, сол сияқғы Аристотельдің
"Саясат" және "Этика" еңбектерінен жеке қоғамдық инистуттарды: мемлекетті,
отбасы, құқықты қарастырып, зерттегендігінен көруге болады. Ең алгаш рет
антикалық әлеуметтік философтар қоғамдағы одам проблемасына баса назар
аударды.
Платон. "Жалпы социологиядан" тарихта алғашқы еңбек Платонның
"Мемлекеті" болып саналады. Оның басты тезисі - дұрыс мемлекетгі ғылым
арқылы негіздеп құруға болды. Әлеуметгік проблемаларды сыни талдау жасаудан
бастап, қоғамның саяси өркендеуін дамытумен аяқталады деді. Қоғамда қатаң
тәртіп қалыптаспай әлеуметтік шатасулар мен қараңғылық, аласапыран жағдайы
болар әрбір азамат өзінің жұмысымен айналысып (еңбек бөлінісі), басқа
азаматтардың, қабаттар, топтар (әлеуметгік бөлінушілік) ісіне араласуы
тиіс. Тұрақты қоғам үш топқа бөлінеді деп есептейді: жоғары, мемлекетті
басқарушы ақылды ойшылдардан тұратын тап. Орта, әскерлер (ежелгі кезеңде де
әскери өмірлік комплекс болмағаны байқалады) тәртіпсіздік пен дау-жанжалды
сақтаушы, төменгі, ұсталар мен шаруалардан тұрады. Қоғамның басынан
шіритіндігін ескере отырып, Платон элитадан рухани тазалықты талап етті.
Қоғамды басқарудың негізгі қаруы-билік емес, авторитет. Казіргі қоғамда
жоғарғы тап көптеген артықшылықтарға, жеңілдіктерге ие, алайда сол билікті
олар өз пайдасына жаратады. Ал, Платонда олай емес. Философ жоғарғы тапты
қоғамнан емес, қоғамды олардан қорғауға тырысады. Сондықтан ол элитаны жеке
меншік құқынан айыру керек (себебі ол адамды бұзады), сонымен қатар, ол
міндетгі түрде арнайы дайындықтан өтуі және оларды тандау жасау арқылы
сайлауды талап етті, кадрды тексеруді дұрыс көрді. Элита егер әдебиетгі,
музыканы, философияны және математиканы білмесе ол элита бола алмайды.
Басқаруға тек 50 жасқа толғандарды ғана жіберу керек деп есептеді. Сол
кездегі күңгірт өмір бейнесі билік етуге мүкіндік бермеді. Бағынушылар
елдерінің басшыларынан үлгі алды және өздерін солар секілді ұстайды. Бұл
әлеуметтік аксиома. Аскетизм мен салқын өмір бейнесі қатаң бұйрық беру
құқын талап етті. Мұнан келіп қорытынды шығады: басшының мінездемесі арқылы
қоршаған ортаның әлеуметтік мінездемесі анықталады. Бұл дұрыс қоғамның
социологиялық теориясы болып табылады. Платон барлық сұрақтардың барлығына
жауап беруге тырысты: Платон басшы билік басында қалуы үшін, әрі
тұрғындардың қолдауына қол жеткізу үшін не істеу керек деген сұраққа жауап
беруге тырысты.
Қоғамның тұрақсыздығы биліктің бөлінуінен емес, адамдардың моральдық
жақсаруынан өзгереді деп көрсетті.
Платон өзінің ұстазы Сократ секілді өте ірі софистер сыншысы және
Ежелгі Грециядағы алғашқы қоғамдық мәселелерді қамтушы. Сол софистердің
мемлекет "қоғамдық келісім" нәтижесінде пайда болатын көзқарастарына қарсы
шықты.
Оның ойынша, адамдар өзге адамдармен бірігіп өмір сүреді, бір-біріне
өзара көмектеседі, осылайша мемлекет қалыптасады. Платонның философиялық
көзқарастарына тоқтатсақ, ол обьективті идеалист болды. Ол қоғамды шындықка
тәуелсіз мәңгі идеялар бейнесінен тұрады деп түсінді. Платон мемлекетгі
қоғамның өмір сүруіңде ең басты әрі маңызды формасы ретінде зерттеумен
шұғылданды. Соңдай-ақ, Платон қоғамды тәрбиелеу маңыздылығына және қоғамдық
саналылықка әсіресе діннің ерекшелігіне мән береді. Ол қоғам дамуы үшін
тұрғындардың сандық көрсеткішінің өсуінің маңыздылығы мен географиялық
фактор ерекшелігіне тоқталады. Негізінде әділеттілік белгілі бір мөлшерде
бар. алайда адамдардың сыртқы көрінісінде смес, тек сыртқы әсердің өз
қабілеттеріне әсері тұрғысында деп тұжырымдады.
Платон жұмысшыларға мүлдем мән бермейді, олардың тұрмысы мен еңбек
жағдайын жай атап өтеді де жоғарғы екі сословиеге аса назар аударады.
Сонымен қатар, төменгі таптың еңбек бөлінісін де әлсіздендіреді, егер
етікші, құрылысшы болса ештеңе емес тек жоғарыға ұмтылмаса болды. Оның
ойынша тек осы үш сословиені де өзара сыйластық пен жалпы қызығушылықты
біріктіреді және олар әділетті идеяға негізделген, еркін, бақытты. Олардың
еркіндігі олар өздерінің ішінен өз деңгейін сезінеді; тең болуы кез-келген
адам қоғамдағы идеалды мемлекетте туылған орнында қала бермек. Соңғысы
түсініксіз, егер адамдар тең болса олар қалай әртүрлі тап дәрежесінде?
К.Маркстін айтқан коммунистік қоғамында адамдар теңдігі негізінде
теңсіздік, Платон да осы сияқты "Мемлекет" сөзінде теңдік болуы мүмкін
емес. Әділеттікте тендік бар ма? Егер адамдар туылғаннан әртүрлі, өздерінің
мүмкіндіктері мен қасиеттері де әртүрлі болса қандай теңдік болады, идеалды
қоғамның кез-келген азаматына кез-келген қызметті беруге бола ма, жоқ па
деген сұрақтарға жауап беруге тырысқан Платон, олай болу дұрыс емес. Әрбір
азаматтың құқы олардын шын мәнісіндегі мүмкіншіліктеріне байланысты, сол
мағынада олар тең. Осылайша ол мемлекеттің тарихи даму үлгісін ұсынды.
Аристотель. Аристотелъдің пікірінше орта тап қоғамның басты күші. Одан
басқа екі тап бар — бай плутократия жене кедей жекеменшігі жоқ
пролетариаттар. Мемлекетті басқаруға орта тап лайық. Егер: 1) кедейлер
басқарудан алыстатылған, 2) байлардың өзімшіл көзқарастары шектеулі 3) орта
тап өзге таптардан гөрі көп және күшті. Аристотель тәртіптілік тірегі орта
тап болуы тиіс деп түсіндіреді. Сонымен қатар, жеке меншігі бар байлар
плутократтар жоғарғы тап болса, жеке меншігі жоқ тап - пролетариаттар.
Мемлекетті басқару үшін біріншіден, кедейлер басқарудан шет қалған, олар
басқаруға қабілетсіз, екіншіден, басшылардың өзімшілдік қызығушылықтары
шектен тыс, үшіншіден, орта тап басым әрі басқалардан гөрі күштірек
болғандықтан қоғамды орта тап арқылы басқару керек деп түсіндіреді.
Қоғамдағы әділетсіздікті, дамуды Аристотель тең бөлушілікпен емес,
адамдардын моральды жақсаруы арқылы жөндеуге болады деп оқытады. Заңгер
жалпы ортақ бірлікке емес, өмірлік мүмкіншіліктерді жөндеуге ұмтылуы тиіс.
Жекеменшікке кез-келген адам ие бола алады (бұл жерде Аристотель Платонға
қарсы шығады) оның адамдар адамгершілігіне зияны жоқ. Ең маңыздысы кімде
қанша жеке меншік бар екендігінде емес, мәселе оны қалай қолдануында.
Жекеменшік оның ойынша, адамның таза өзімшіл қызығушылығын оятады.
Жекеменшік бар болса адамдар бір-біріне тиіспейді. Себебі, олар өз
істерімен шұғылданып бос уақыты болмайды. Егер қоғамда кім көп жұмыс істеп,
аз ақы алса, олар аз жұмыс істеп көп алғандарға үнемі наразы болып жұреді.
Адамды көптеген қажеттіліктер мен ұмтылыстар билейді. Алайда ең басты күш -
ақшаға деген махаббат, алайда бұл аурумен бәрі ауырады.
Ұжымдық жеке меншікте барлығы немесе көбісі кедей әрі ашулы болады.
Жекеменшік кезінде байлық пен теңсіздік пайда болды, алайда тек сол ғана
азаматтарға мырзалық пен қайырымдылығын көрсетуге мүмкіндік туғызады.
Әрине, өте өткір теңсіздік мемлекет үшін қауіпті. Аристотель басқалардан
күшті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Социологияның шығуына дейінгі әлеуметтік ой-пікірлердің қалыптасу эволюциясы
Саясат тарихы жайлы мәлімет
Социология ғылымының қалыптасуы және дамуы
Әлеуметтік жұмыстың теориясы мен оның қалыптасуы
Суицид және Суицидтік мінез құлықты нактылау
Этносоциология туралы
Әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері
Сын және әдебиет
Әлеуметтік қызметкер және отбасы
Құқық түснігі,мәні құндылығы
Пәндер