СОЦИОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ЛЕКЦИЯЛАР КОНСПЕКТІСІ (ТЕЗИСТЕРІ)


Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-Т‡РІК УНИВЕРСИТЕТІ
КЕНТАУ ИНСТИТУТЫ
ЭКОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
СОЦИОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
БОЙЫНША ЛЕКЦИЯЛАР КОНСПЕКТІСІ
(ТЕЗИСТЕРІ)
КЕНТАУ -2006
Пән туралы қысқаша сипаттама: Жоғары оқу орындарында студенттердің социологияны оқып үйрене бастағанына аз ғана уақыт болды. Ол оқу жоспарына 1990 жылдардың басында ғана енгізілді. Социологияны оқып үйрену өзімізге бейтаныс адамдар мен олар ұйымдасқан бірлестіктер арасындағы күнде кездесетін әдетті қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсіну, әлеуметтік мәселелерді зерттеуге деген ынта-жігерді арттыру. Адамдардың қоғамдық қарым-қатынастар жайлы негізгі ұғымдар мен категорияларды, қоғамдық өзгерістердің мәнін дұрыс түсінуге социология пәнін оқып үйрену көп көмегін тигізері анық.
Пәннің мақсаты: Социологияның басты мақсаты - адам мен қоғам арасындағы үйлесімділікті таба білу. Қоғамдағы әлеуметтік қатынастар - мемлекет пен әрбір азаматтың өмір сүруінің алғышарты болып табылады. Қоғамның рухани және интелектуалдық жағынан жаңарып, экономикалық және гуманитарлық құндылықтарын қайта қарап қалыптастыруда әлеуметтанудың маңызы зор, және қоғам дамуына социологиялық тұрғыдан талдау жасай отырып, әлеуметтік құрылым және әлеуметтік топ, әлеуметтік дамудың түрлері мен бағыттарын анықтайды.
Пәннің міндеттері: Социология курсы студенттердің әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қозғалыс, әлеуметтік даму факторлары және әлеуметтік тәртіптің негізгі заңдылықтары жөніндегі білімдерін шыңдап, қоғамдық даму мәселелерін түсінуге көмектесуі тиіс.
Социология курсының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім беру мемлекеттік білім стандартына сәйкестендірілген, студенттердің қажетті білім алуына; пәннің методологиясы мен әдістерін үйренуге болашақ мамандардың қоршаған әлеуметтік ортаны түсінулеріне, ғылыми танымдарын қалыптастыруларына бағытталған.
Әлеуметтік байланыс және даму заңдылықтарының ерекшеліктері, әлеуметтік топтастық және әлеуметтік институттардың байланыстары, адамдардың әлеуметтік қоршаған ортамен қарым-қатынасы, дүниежүзілік қауымдастықтың даму бағыттары қаралған.
№1 лекция. Тақырыбы: Социология ғылым ретінде
Жоспар:
1. Социологияның зерттеу обьектісі мен пәні, заңдары мен категориялары.
2. Социологияның құрылымы мен қызметі.
3. Социологияның басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы.
Лекция мақсаты: Студенттерге социология ғылымы турасында жалпы мәліметтер беру және де социология пәнінің зерттеу объектісін анықтап, заңдары мен категорияларын, құрылымы мен қызметін, басқа қоғамдық ғылымдармен байланысын түсіндіру.
Лекция мазмұны: Бұл ғылымның "Социология" деген атауы латын, грек сөздерінен құралған; "Societas" - латын тілінде қоғам, "logos" грек тілінде ілім, білім дегенді білдіреді. Демек социология қоғам туралы ілім деген сөз. Қоғамды зерттейтін ғылымдар көп, бірақ әрқайсысы өзінің ерекше зерттеу обьектісін бөліп алады. Мысалы. Экономика ғылымдардың обьектісі-өндіріс, өндірістік қатынастар, тұтыну мәселелері болса, Саясаттауну саяси билік, саяси қатынастар, мемлекеттiк құрылым мәселелерін қарастырады. Қоғамның рухани өмірін, рухани байлықты өндіру, тарату ісімен, адамдардың рухани қажеттерін өтеудің жолдарын, түрлері мен әдістерін зерттейтін мәдениеттану, педагогика, психология сияты бір қатар ғылымдар бар. Міне бұдан көптеген қоғамдық ғылымдардың зерттейтін обьектісі -тұтас қоғам емес, белгілі бір саласы ғана екенін көреміз.
Социология қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейді. Былайша айтқанда социология адамдарды ғылыми зерттеудің бір тәсілі. Социологтар адамдар не үшін белгілі бір қалыпта өздерін ұстайды, не үшін топ құрады, соғысқа барады, бір нәрселерге сенеді, табынады үйленеді, дауыс береді т. с. с адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде болатын барлық құбылыстарды анықтауға тырысады. Яғни социлиогия қоғамды және әлеуметтік қатынасттарды ғылыми тұрғыдан зерттейді (Н. Смелзер) .
Социология пәніне мынадай анықтама беруге болады; социология-қоғамның құрылысы, өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары жайлы және сол заңдылықтардың адамдар мен олардың бірлестіктерінің және тұтас қоғамның өмірі мен өзара қарым-қатынастарынында іске асырудың жолдары, нысандары мен әдістері жайлы ғылым.
А. А. Радугин, К. А. Радугин берген анықтама бойынша социология-әлеуметтік біртұтас жүйе деп қаралатын қоғам туралы, осы жүйенің құрамдас бөлшектері; жеке адам, әлеуметтік бірлестіктер, институттар арқылы атқаратын қызметі мен дамуы туралы ғылым.
Әлеуметтік өмірдің өзегі-адамдардың және олардың бірлестіктерінің іс әрекеттері, өзара байланыстары. Осыған сәйкес социология адамдардың өзара қарым-қатынасын білдіретін мінез-құлық жайлы ғылыми деуге де болады.
Кез-келген ғылым сияқты социологияның да категорилары мен заңдары бар. Категориялар-әлеуметтік болмыстың мәнді жақтарын, қасиет-белгілерін, құрылымдық элементтерін білдіретін негізгі ғылыми ұғымдар. Яғни социология ғылымында қолданылатын ұғымдар социологияның категориялары болып табылады. Ал, осылардың арасындағы ішкі және қажетті байланыстар мен қатынастарды бейнелендіретін ұғымдар заңдар болып табылады.
Социологияның ең негізгі, мазмұны жағынан көлемді категориясы "әлеуметтік" ұғымы. Бұл ұғым "әлеуметтік жүйе", "әлеуметтік құрылым", "әлеуметтік институт", "әлеуметтік ұйымдастыру", "әлеуметтік топ", "әлеуметтік әрекет", әлеуметтік мінез-құлық" т. б. көлемді ұғымдарды қамтиды. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бірнеше маңызды категорияларға бөлінеді. Мәселен, "әлеуметтік топ" категориясы "топ", "әлеуметтік қабілет", "халық", "ұлт", "жанұя", ұғымдарымен тікелей байланысты.
Әеуметтік заңдар адамдардың және олардың топтарының мінез-құлқын реттейді, жеке адамдар мен олардың қоғамдастықтарының арасындағы қарым-қатынастарды анықтайды. Әлеуметтік заңдарға, мысалы, әлеуметтік жіктелу, бірігу заңы, әлеуметтік мобильділік заңы, қоғамдық өмірдің интернатционалдануы, жеке адамның әлеуметтенуі, т. б. заңдар жатады.
Әлеуметтік заңдарды жалпы және ерекше заңдар деп бөлуге болады.
Жалпы заңдар (қоғам дамуын, біртұтас әлеуметтік жүйе дамуына анықтайды) . Ерекше заңдар (әлеуметтік жүйенің жекеленген элементтерін, қоғам бөлшектерін сипаттайды) . Олардың сипатына, көрініс беру ерекшелігіне қарай динамикалық және статистикалық заңдарға бөлінеді. Динамикалық заңдар нақты жағдайда өз ретімен болатын оқиғалар арасындағы бір мәнді, қатаң байланысты көрсетеді, олардың бағытын, түрлері мен факторларын анықтап береді. Статистикалық заңдар әлеуметтік құбылыстарды қатаң қажеттілік түрде айқындамай, белгілі бір ықтималдылыққа жол береді, сөйтіп әлеуметтік өзгерістердің негізгі бағыты мен тенденциясын ғана көрсетеді.
2. Социологияның құрылымы мен қызметі. Социология қоғамды екі деңгейде зерттейді; макро және микро деңгейде. Осыған байланысты социологияны үшке бөлуге болады.
1. Макросоциология-бұл біртұтас социумның өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді.
2. Орташа социология немесе орта деңгей теориясы. Әлеуметтік жүйенің жекелеген құрамдас бөлімдерінің әрекет етуі мен өзара байланысының заңдылықтарын зерттейді. Бұған, қала социлогиясы, экономикалық социология, білім беру социологиясы, саясат социологиясы, т. б . жатады. Яғни бұлар социологияның жеке салалары.
3. Микросоциология. Ол жекеленген адамдардың қимылы мен өзара қарым-қатынасын, мінез-құлық, жүріс тұрыстарын бақылау арқылы әлеуметтік құбылыстармен процестерді зерттейді.
Социологиялық зерттеулер нәтижесінде алынатын ғылыми қорытындылардың жалпылық дәрежесіне сәйкес бұл зерттеулер теориялық және эмперикалық болып екіге бөлінеді.
Социологиялық зерттеудің алдына қойылған міндет пен мақсатқа сәкес социология фундаменальды (іргелі) және қолданбалы (прикладная) болып екіге бөлінеді.
Социологияның әлеуметтік-қоғамдық қызметі алуан түрлі. Солардың негізгі үшеуін арнайы саяси практикалық және идеялық-тәрбиелік қызметі.
Теориялық-танымдық қызметін іске асыру арқылы социология қоғамның мәні, оның құрылымы заңдылықтары мен тенденциялары, жолдары жөніндегі білімді тереңдете, нақтылай түседі.
Саяси практикалық қызметі-бұл әлеуметтік зерттеулердің нәтижесіне сәйкес әлеуметтік өмірді жетілдіруге бағытталған саяси және практикалық ұсыныстар береді. Әлеуметтік болжау және жоспарлау саяси практикалық қызметтің формасын болып табылады.
Идеялық-тәжрибелік қызметі-социологиялың зерттеулерінің тәрбие жұмысында қандай нәтижелер беретінінен көрінеді. Әртүрлі топтардың мақсат, мүддесін, дінін мәдениетін т. б. құндылықтарын зерттегенде бейтараптық танытады, сыңаржақ, бұрмалаушылық жасамайды. Таптар, әлеуметтік топтар өздерінің таптық, топтық мүддесі мен мақсатын белгілеу және қорғау үшін, өздерінің саясаты мен практикалық іс әрекеттерін ақтау, негіздеу үшін социялогиялық зерттеулерін кеңінен пайдаланады.
3. Социологияның басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы. Социология өз алдына жеке - дара дамымайды, басқа қоғамдық ғылымдармен үздіксіз тығыз байланыста дамып отырады. Социологияны басқа ғылымдармен байланыстыратын негізгі нәрсе - ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарға сүйенеді. Әлеуметттанудың басқа ғылымдармен байланыстарының екінші түрі, ол адам туралы, оның іс әрекетін, қызметін оқып үйренудің, оны жан-жақты талдаудың, өлшеудің әдістері мен техникасын тұжырымдап қалыптастырады. Бұлар нақтылы қоғамдық және гуманистік ғылымдарға кеңінен қолданылады.
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысының үшінші негізгі түрі -ол нақтылы ғылымдармен тығыз жақындасып, байланысу арқылы, ғылыми арнайы тұжырымдық база қалыптастырады. Мысалы, экономика ғылымымен тығыз байланыста болып экономикалық құбылыс пен процестерді әлеуметтік тұрғыдан зерттейтін экономикалық социология, бар. Құқық ғылымымен бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде құқық социологиясы; саяси теориямен біріге отырып саяси соцология; тәрбие соцологиясы; т. б. социологияның арнаулы теориялар пайда болады. Бұлар әлеуметтік теориялар немесе орта деңгейдегі теориялар деп аталады. Яғни социология қоғамдық ғылым болғандықтан қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамып бір-бірін толықтырады. Екіншіден әртүрлі құбылыстарды зерттеуде ортақ әдіс тәсілдерді қолданады және бір-біріне алған фактілеріне сүйенеді. Үшіншіден қоғамның әртүрлі салаларын зерттегенде сол сала теорияларымен тығыз байланысқа түседі.
Бақылау сұрақтары:
1. Социологияның зерттеу обьектісі мен пәні.
2. Социологияның заңдары мен категориялары.
3. Социологияның құрылымы мен қызметі.
4. Социологияның басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы.
5. Социологиялық зерттеудің алдына қойылған міндет пен
мақсатқа сәкес социология нешеге бөлінеді.
6. Соцологияны басқа ғылымдармен байланыстыратын
негізгі мәселе.
Қажетті әдебиеттер:
1. Ә. Х. Тұрғынбаев. Социология. Алматы: Білім, 2001
2. А. И. Кравченко. Социология. Москва, 2000
3. Ж. Т. Тощенко. Социология. Москва, 2001
4. А. И. Кравченко. Социология. Москва, 2001
5. В. Н. Лавриненко. Социология. Москва, 2000
6. Е. М. Бабосов. Прикладная социология. Минск, 2001
7. В. В. Радаев. Экономическая социология. Москва, 2000
8. М. Тәжин, Б. Аяғанов. Социология негіздері. Алматы, 1993
9. Габдуллина К. Г. Социология. Тараз, 1999
10. В. Г. Андрущенко. Социология. Москва, 1994
11. А. Н. Булатова., З. Исмагамбетова. Курс лекциипо социологии. Алматы: Дәнекер, 2000
№2 лекция. Тақырыбы: Социология ғылымының даму тарихы.
Жоспар:
1. Социология пайда болғанға дейінгі ежелгі әлеуметтік ой
пікірлердің қалыптасуы.
2. Социологияның ғылым ретінде пайда болуы. О. Конт,
Г. Спенсер.
3. М. Вебер мен Э. Дюргейм социологиясы.
Лекция мақсаты: Студенттерге социология ғылымының пайда болғанына дейінгі уақытта қалыптасқан ежелгі әлеуметтік ой-пікірлер турасында мағлұматтар беру және де социология ғылымының пайда болуы мен социология ғылымына О. Конт пен Г. Спенсердің қосқан үлестерін түсіндіру.
Лекция мазмұны: Социология (ХІХ ғ-дың 30-40 ж-да қалыптасқан) біршама жас ғылым болып табылады. Өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды. Алайда, социологияның кеш пайда болуынан, оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пікір тумауы керек. Керісінше, ондай ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын. Мәселен, философиялық, экономикалық, тарихи, саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбір элементтері және оның даму заңдылықтары туралы пікірлер бой көрсете бастады. Осы орайда, Ертедегі Шығыстың қоғам туралы пікірі мен ойларын айтуға болады. Мәселен, конфуцийшылар қоғамтанушылар болып есептеледі. Олардың қарастырған негізгі мәселесі адамдар арасындағы қатынас пен тәрбие болды. Конфуций этикасы "қайырымдылық", "кішіпейілдік", "адамды сүю", "тура жолмен жүру" сияқты принциптерге сүйенеді.
Әлеуметтік теорияның біршама айқын элементтері ежелгі Грецияда қалыптаса бастады. Ежелгі Грек философтарының арасында қоғамға және қоғамдық институттарға ерекше көңіл бөлгендер софистер болды. Оларға дейінгілер көбінесе табиғатқа баса назар аударса, софистер адам мен қоғамға басты назар аударды.
Софистер ілімінде, социологиялық тұрғыдан алғанда, қоғамның құрылуындағы келісім теорияларының жатқандығын көруге болады. Яғни алғашқы адамдар табиғатынан абсолюттік түрде еркін болған, кейін сол абсолюттік еркіндік адамдар арасындағы нарызылықтарды туғызып, күрестерге алып келген, осыдан адамның өмірінің қауіпсіздігіне сенімі жоғала бастаған. Сондықтан адамдар қоғам құруға мәжбүр болды, және оның мүшелері ортақ нормаға бағытатып болды деп көрсетеді.
Ежелгі Грек ойшылы Платон өзінің социологиялық мифтерінде софистердің бұл пікіріне қарсы болды. Қоғамдық еңбектің бөлінісіне байланысты Платон адамдарды үш топқа (кастаға) бөлді; жоғарғы билеуші топ, қол өнершілер және құлдар.
Платонның ілімінде социология үшін басты нәрсе, ол -қоғамдық еңбектің бөлінуін және оның қоғамдық қатынас, әрі жеке адамдар арасындағы қатынас үшін маңызды фактор болу потенциалын көрсетеді. Өйткені ол еңбектің бөлінуіне мемлекеттің екі топқа; ауқаттылар мен кедейлер тобына бөлінуін көрді. Үшіншіден, Платон қоғамда адамдар бірлікке шақыру үшін тәрбиенің, қоғамдық сананың қажетілігін көрсетті.
Аристотель ежелгі Гретцияның саяси тәжрибесін қорытындылай келе, адам-әлеуметтік жаратылыс деген қорытындыға келеді. Мемлекеттік адамдардың туа біткен "бірігіп өмір сүруге ұмтылғыштық" қасиетінен пайда болады деп көрсетеді. Оның пікірінше, қоғам үлкен екі әлеуметтік институтқа бөлінеді; құл иленушілер және құлдар. Аристотель мемлекеттің мақсаты-адамдардың бақытты өмірін қамтамассыз ету деп есептейді. Мемлекет қоғамдағы жалпы мүддеге қызмет етуі керек деп көрсетеді.
Сонымен, бұдан кейінгі дәуірлерде; орта ғасырда, қайта өрлеу, жаңа дәуірлерде де адамдардың қоғамдық өмірі жайлы пікірлер болды. Бірақ оларды толық социологиялық ілім деп айтуға болмайтын еді. Өйткені олар тек әлеуметтік ойлар философиясы немесе алғашқы социологиялық болжамдар бола алды.
2. Социологияның ғылым ретінде пайда болуы. О. Конт, Г. Спенсер. Социологияның дербес ғылым ретінде негізін салушы француз философ О. Конт болды. О. Конт 1798-1857 ж. ж аралығында өмір сүрген. Ол ең алдымен Батыстағы позивитстік философияның негізін салушы болып есептеледі. Оның 1830-шы жылдары "Позитивті философияның курсы" деп аталатын еңбегі жарық көрді. (Позитивті -оң, жағымды, жақсы) . Осы еңбегінің 3-ші томында алғаш рет О. Конт " Социология" деген ұғымды енгізді және қоғамды ғылыми зерттеу мақсатын қойды.
О. Конт социологияның қажеттілігін филосфия саласындағы өзінің адам ақылы дамуының үш сатысы туралы ашқан заңы арқылы дәлелдейді. Олар; теологиялық, метафизикалық және позитивистік (ғылыми) сатылар. О. Конт алғашқы кезде адамның ойлануының теологиялық болғандығын, яғни қандай да бір құбылыс, процесс зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты деп көрсетті. Ойлаудың метафизикалық кезеңінде кез келген құбылыс, процесті олардың мәні себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде, яғни жалпылама түсіндіреді. Ал, ойлаудың позитивтік кезеңінде кез-келген нәрсені ғылыми тұрғадан түсіндіреді. Кез-келген құбылысты, процесті түсіндіруде бақылау, салыстыру т. б. арқылы алынған эмперикалық факторларға сүйенеді деп көрсетті. Конттың пікірінше позотивистік ойлау алғашында математикада, физикада, астрономияда қолданылады. Кейін биологияда пайда болды.
Ал, социялогияны позитивтік білімнің шыңы деп есептеді. Конттың ғылымды жіктеу тәсілі бойынша социология биялогиядан кейін пайда болды. Егер биология қозғала алатын немесе әрекет жасай алатын барлық тірі жануарлар дүниесін зерттейтін болса, социлогия әлеуметтік құбылыс ретіндегі адамның әрекеттерін қарастырады деп көрсетеді.
О. Контты социологияны жасауға итермелеген екінші бір нәрсе-ол еңбектің бөлінуі және копперациялану заңынның ашылуы.
О. Конт социологияны негізінен екіге бөлді; Әлеуметтік статистика және әлеуметтік динамика. Әлеуметтік статистика әлеуметтік жүйенің өмір сүру жағдайы мен оның қызмет ету заңдылықтарын зерттейді.
Ал, әлеуметтік динамика әлеуметтік жүйенің өзгеру және даму заңдылықтарын зерттейді.
Сонымен біріншіден О. Конт қоғамтануда ғылыми тәсілді қолдануды немесе қоғамды ғылыми тұрғыдан танудың қажеттілігін негіздейді. Ол алғашқыда социилогияны әлеуметтік физика деп атайды. Екіншіден, социологияны әртүрлі эксперименттерге, бақылауларға негізделетін ерекше ғылым ретінде анықтайды.
Қорыта келгенде, О. Конттың социологиялық концепциясында басты екі идея жатыр. Біріншісі-қоғамтануда ғылыми тәсілді қолдану болса; екіншісі-әлеуметтік реформаларды жасауды іс жүзінде ғылымды қолдану идеясы.
ХΙХ-ғасырдадың ғылыми-философы Г. Спенсер социологияның қалыптасып дамуына үлкен үлес қосты. Жас кезінен ғылым жолына түскен (темір жол инженері) Г. Спенсер Дарвиннің эволюциялық теорисын, дүниенің барлық салаларын түсіндіру үшін қолдануға болады деген қорытындыға келеді. Спенсер қоғамды биологиялық организмдермен салыстыра отырып, оны адамзат қоғамының жеке тарихина да қолдануға болады деп мойындайды.
Қоғамның жеке бөліктерін (жанұя, мемлекет, және т. б. ) организм бөліктерімен (жүрек, нерв жүйесі т. б. ) салыстырып осылардың әр қайсысы бүтінің қызметіне әсер етеіндігін айтты.
Спенсердің пікірнше биологиялық организм сияты қоғамда қарапайым формадан күрделіге қарай дамиды. "Табиғи іріктелу" адамзат қоғамында да жүреді яғни тек қабілеттілер ғана тірі қалады. Спенсер пікірінше адамзат үшін өмір сүруге қабілетсіз индивиттерден табиғи іріктеудің көмегінен құтылу қажет. Мұндай философия әлеуметтік дарвинизм" (Социальный дарвенизм) деген атқа ие болды. Спенсер мұндай философияны коммерсиялық мекемелерге және экономикалық институтарға қолдануға болады деп санады.
Қорыта келгенде, Спенсер социологиялық теорияның дамуына едәуір үлес қосты.
1. Ол қоғамды ерекше (дискретті) жеке бөліктерден құралған организм ретінде қарастырды.
2. Спенсердің " аналогиялық тәсілді қолдану нәтижесінде ғылымға " құрылым", " функция", деген ұғымдар енгізілді.
3. Макс Вебер мен Э. Дюргейм социологиясы. М. Вебер (1864-1920 ж. ж) батыстың ірі әлеуметтанушысы. М. Вебер пікірінше әлеуметтану қоғамның әлеуметтік-тарихи құбылыстарының субьективтік (яғни адамның санасына, ойлануына байланысты) жақсарып, нақтылы айтсақ адамның іс-әрекетінде, қызметінде оның мұң-мұқтажын, талап тілегін, қажеттілігін мақсатын т. б. әр уақытта ескеріп отыру керек. Оны басты міндеті-адамдардың іс-әрекінің, қимылын мәнін, мағынасын, мазмұнын терең түсіну, ұғыну болып табылады.
Осыларды талдай отырып қоғамның даму заңдылықтарының себебін ашуға болады.
М. Вебер өзінің әлеуметтану зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістерін көп көңіл аударуына байланысты оның әлеуметтану теориясы "түсіну әлеуметтануы" деп аталады.
М. Вебердің әлеуметтануы саналы адамның мінез-құлқы туралы ғылым ғана емес, сонымен бірге оның әлеуметтік іс-әрекеті туралы ғылым. Әлеуметтік іс-қимыл, әрекет адамның мінез-құлқымен бірдей, өйткені әлеуметтік іс-әрекет өзінше жасалынбайды, бағытталып өмір сүре алмайды, ол әр уақытта басқа біреуге бағытталуын тосу, күту, үшін ету (ожидание) дейді. Мұнсыз қандай да бір болмасын іс-әрекет, қимыл әлеуметтік болып саналайды. Осыған сәйкес келіктеушілік яғни индивидтің іс-әрекеті тобырға (толы) еліктеп жасаса немесе қандай да бір табиғи құбылысқа бағытталса ол әлеуметтік болып саналмайды. Мәселен көпшілік адамдар жаңбыр кезінде қолшатырларын ашып ұстаса.
Сонымен, түсіну әлеуметтануының пәніне саналы әлеуметтік іс-әрекет жатады. Бұл әлеуметтік іс-әрекеттердің бірнеше түрлері болады. Олардың ең бастысы мақсатқа сай келетін іс-әрекет, тұлғаның ойлаған мақсатына жету үшін қолданылады.
М. Вебер саяси әлеуметтануды дамытуға үлкен үлес қосты. Өзінің әлеуметтік іс-әрекет тұжырымдамасына сүйене отырып, ол саяси билікті; үш түрге бөледі; 1) хразматикалық; 2) дәстүрлік; 3) бюрократтық.
Сондай-ақ М. Вебер (легитимдік) биліктің лигитимділігі, яғни заңдылығын тілге тиек ете отырып легитемділіктің үш түрін көрсетті; (биліктің лигитемділігі-халықты үстем етіп отырған билікті мойындауы) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz