Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында дәрістер
9. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ
I ТАРАУ
Кіріспе бөлім
1 - лекция.
Тақырыбы: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы.
Жоспар:
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – ғылымның бір саласы
2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы туралы
Лекцияның мақсаты: Студенттерге қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихымен
таныстыру.
Лекция мәтіні:
1. Қазақ тілі методикасының ғылыми негізі Октябрь ревалюциясына дейінгі
дәуірден басталады.Қазакстаңда педагогика тарихы,сондай-ак казак тілін
окыту мәселелері Ыбырай Алтынсарин есімімеп байланысты.Ы.Алтынсарин үлы
орыс халкы мәдениетінің демократияшыл идеяларынан сусындайды.Ол мектептегі
оку процесінің ғылыми негізіндс күрылуын,халыктың жаппай білім алуын,
халқымыздың мәдениетінің ілгері дамуын аңсайды.
1935 жылға дейін қазақ тілін оқыту методикасына арналған мақалалар
ғана болды.Онан кейін осы жылы "Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдісі"
деген атпен жинақ шыкты.
1936 жылы орта мектептін У-УІ сыныптарына арналған Сейіл Жиенбаевтың
"Грамматика талдауыш",1939 жылы "Үлкендерге хаттанытудың методикасы", 1941
жылы "Қазак тілі мен методикасы", 1942 жылы "Грамматикалық таблицалар", -
1944_жылы "Жаттығу емле мен тіл дамыту", 1946 жылы "Қазактілі методикасы".
Қазак тілін,әсіресе грамматиканы оқыту жөнінде пікір айткан Қажым
Басымов болды.1938 жылы "Грамматика' окыту жөнінде" деген макаласында окыту
әдістеріне токталды.
1940 жылы Ғали Бегалиевтың "Бастауыш мектепте казак тілінің
методткасы",онан кейін 1950 жылы "Бастауыш мектепте казак тілі
методикасының мәселелері" деген кітабы жарык керді.
1956 жылы Шамғали Сарыбаевтың "Қазак тілі методикасының кейбір
мәселелері"
( 1 бөлім,фонетика мен морфология) деген кітабы шыкты. Осы жылдан бастап
казак тілін окыту методикасын зерттеуге ерекше мән беріліп, Қазак ССР Оку
министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалык ғалымдар ғылыми-зерттеу
иниститутының қазақ тілі жаңа әдебиеті бөлімі казак тілі методикасынын
жүйелі курсын жасауға кірісті.
Қазак тілі окулыктары мен программаларын жақсару жөнінде, методикалык
еңбектер жазу, эксперимент жұмыстарын жүргізу,озат мкүғалімдердің
тәжрибелерін зерттеу мәселелерін дүрыс жолға койып, қазак тілін оқытуды
жақсарту жонінде көп еңбек сіңірген ғалым ~(сол кездегі институт директоры)
профессор Ахмеди Ысқаков болды.Мектепте ана тілі мен әдебиетті оқыту туралы
ғылыми-зерттеу жүмысын дүрыс жолға кою міндеттелінеді. Озат
мүгалімдерді,методистерді,галымдард ы казак тілін оқыту мәселесі мен
айналысуға жүмылдырды,оларға ғылыми басшылык жасап,жөн сілтеді.Сондай
жүмыстардың нәтижесінде осы жылдың өзінде ак казақ тілін окытудың кейбір
мәселелері зерттеліп,бірсыпыра енбектер жарық көрді.
2. Бүл салады Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген мүғалім Иманбек Ұйыкбаев
Сейіл Жиенбаевтан, Шамғали Сарыбаевтан кейінгі қазақ тілі методикасын
дамытушы,алғашкы зерттеушілердің бірі ретінде танылды.И.Үйықбаевтың 1957
жылы "Орта мектепте қазақ тілін оқыту міселелері", "Қазак тілінде соз
таптарын окытушыға кемекші материалдар",ал, 1962 жылы "Қазак тілі
методикасынын очерктері"деген еңбектері басылып шықты.
1965 жылдан бастап казак тілін окыту методикасынын даму тарихына үлес
қосушылардың бірі - Бибігүл Кәтенбаева.Б.Кәтенбаеваның "соз күрамын оқыту"
(1968), "4 -сыныптың қазақ тілі оқулығына методикалык нүскау" (1982-84),
"Еліктеуіш создер (1975)", "ГУ-ІХ сыныптарды тіл үстарту" (1978), "Қазақ
тілінен IV-V сыныптарға үлестірмелі карточкалар"(1978), "Қазак тілінен 5-
сыныпқа арналған дидактикалық материал" (1976,1980,1983), "Қазақ тілі
окулығы" (5-класқа арналған,1982 1983,1986), "Грамматикалык таблицалар"
(1972,74,77,79 83) (4,5,6-сыныптарға арналған) "Москва -бакыт
астанасы"(1982), "Қаскырды женген бала" (1983) оку диафильмдері мүғалімдер
кітапханасынан берік орын алды. 1978 жылдан бастап казак тілі методикасынын
лексика бөлімі де бірсыпыра зерттеліне бастады.Бүл салада Айтбай
Айғабыловтың "Лексиканы окытудың кейбір мәселелері" (1980), 6-класқа
арналған "Қазак тілі" оқулығы (1982,1984), "6-класс қазак тілі оқулығының
методикалык нүскауы" (1983), "Морфологияға байданысты грамматикалык
таблица" (1984), "Қазақ тілінің программасы" (1983, 1984), М.Әуезовтың
"Қараш-қараш" әнгімесіне байланысты жасалған оку диафильмі (1984) сияқты
еңбектері жарық керді.
Қазак тіліндегі күрмалас сөйлемдер синтаксисі де біршама зерттелінді.
Қүрмалас сөйлем синтаксисін теориялык жағынан зерттеген Хасен Арғынов. Оның
"Жай сөйлем синтаксисін оқытудын методикасы" (1957), "Қазақ тілі
методикасының негіздері" (1969), "Қүрмалас сөйлем синтаксисінің методикасы"
(1964), (Қазақ тілі методикасы" (1974), (Қүрмалас сөйлемдер таблицасы"
(1985) тағы да баска еңбектерін атауға болады.
Қазак тілінің фонетика бөлімі де жан-жақты зерттелінді. Бүл салада
Мүлипа Дүйсебаеваныц "Қазак әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері"
(1973), "Орфоэпиялык сөздік" (1982), А.Исабаевтің " Фонетиканы оқыту"
(1965), "Қазақ тілі дыбыс методикасының негіздері" (1973) деген еңбектерін
мүғалімдер кеңінен пайдалануда.
Сондай-ак казак тілін окыту әдістемесінің өзіндік зерттеу әдістері дс
бар.(Эмперикалык және теориялык).Зерттеу әдістері теориялық әдістемені
жасауға қолданылады. Зерттеу әдістері тексеру объктісіне карай мынадай
түрлерге бөлінеді:
Аныктау экспеременді.
Бакылау экспеременді.
Оқыту эксперементі.
Әдістемелік күралдарды үйрету әдісі.
Әдістемелік тәжірибелерді талдау әдісі.
Анкета жүргізу әдісі.
Интервью жүргізу әдісі.
Бақылау сұрақтары:

2 - лекция.
Тақырыбы: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы пәнін оқытудың мақсаты
мен міндеттері
Жоспар:
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы пәнін оқытудың пәнін оқытудың
мақсаты
2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы пәнін оқытудың міндеттері
Лекцияның мақсаты: Студенттерге Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы
пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері туралы теориялық мәліметтер беру.
Лекция мәтіні:
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы - университеттің
бастауыш оқыту және филология бөлімдерінде бастауыш және орта мектеп үшін
мұғалім даярлайтын, осы мақсатта студенттерге теориялық білім мен
практикалық дағды, іскерлік қалыптастыратын негізгі пәннің құрамдас бөлігі.
Қазақ тілі – сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан
киелі дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл – адам баласының әлем
бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімнің, идеясының,
дүниетанымының көрінісі.
Тіл – халық тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениеттің
даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем
сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның
кешегі өткен тарихын білу – қажеттілік. Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлттың
өзгеден ерекшеленетін ең негізгі де тұғырлы белгісі – тілі. Тілдің қасиетін
түйсіну – ұрпаққа парыз.
2. Пәннің негізгі мақсаты – студенттерді қазақ тілін оқыту
әдістемесінің қайнар көздері даму тарихына қатысты іліммен қаруландыру
арқылы олардың алған ғылыми білімдерін мектеп грамматикасы негізінде жүйелі
түрде оқушыларға тиімді жеткізудің жолдары мен тәсілдерін таныту үрдісіне
негіз болу. Мектеп мұғалімінің шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуіне бағыт-
бағдар беру, сабақ бере білудің тиімді әдістерін салыстырмалы түрде
меңгерту сияқты әдістемелік жұмыстардың тарихи сырымен таныстыру.
Қазақ тілін оқыту әдісте месінің тарихы – ХХ ғасырдың басында Ахмет
Байтұрсынұлы еңбектерң негізінде қалыптаса бастады да, кейін оқытудың
негізгі теориялық және тәжірибелік мәселелерімен С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев,
Х.Басымов, Ш.Сарыбаев т.б. ғалымдар айналысты. Көп уақыт бойы қазақ тілін
оқыту әдістемесінің тарихы пән ретәінде толық таныла алмай келгенімен,
қазіргі таңда оның теориялық базасы тереңдеп, жан-жақты саралана түсті.
Ұсынылып отырған жұмыс бағдарламасында біз бұл пәнді қалыптастырып,
дамытқан ғалымдар еңбектерін саралап, жүйелі түрде беруге талпындық.

3 - лекция.
Тақырыбы: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы
Жоспар:
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы
Лекцияның мақсаты: Студенттерді қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы
тарихымен таныстыру.
Лекция мәтіні:
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ.
Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана
тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен
басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар
бұған елеулі үлес қосты. Қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын,
принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсеткен ұстаз еңбегін қысқаша
баяндауды мақұл көрдік.
А. Байтұрсынов - қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп
күш жұмсады. 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептерде
шәкірттер сауат алдымен орыс тілінде ашатын. Қазақша оқылатын пәндердің
тілі қазақша болғанмен, жазуы, яғни ресми түрде қабылданған графикасы жоқ
еді. Сондықтанда әр мұғалім өз ыңғайына қарай не орыс, не араб жазуларын
пайдаланатын. А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялылары 1905 жылы 26
шілдеде Ресей Империялық Министрлер Советінің Председателі петиция жазады.
Ондағы қойған талаптардың бастылары: қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс
жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын
болсын. Оқу ана тілінде жүргізілсін т. б. Осы талаптарды жүзеге асыру үшін
А. Байтұрсынов қазақша оқу құралы (1912) тұңғыш әліппе құралын жазды.
Мысалы, 1892 жылы Қазанда басылған Букварь для киргизов деген құралы жеті
рет қайта басылып, 1925 жылға дейін қазақ мектептерінің негізгі оқу құралы
ретінде пайдаланылып келген. А. Байтұрсынов 1926 жылы Әліпбидің жаңа
түрін осы күнгі суреттермен берілген Әліппе кітабын жазды. Ал бұл
Әліпбидің 1928 жылы Қызылордада шыққан 3-басылымы қазақ тілінде басылған
кітаптар көрсеткішінде төмендегіше бағаланды: Жаңа құрал қазақ тұрмысына
үйлесімді суреттері бар. Емлесі жаңа. Қазақстан білім ордасы мектептерде
қолдануға ұйғарған... Ахметтің 7 рет басылған бұрынғы Әліпбиі (Оқу
құралы) қазақ жұртына орасан көп пайда келтірген еді... Бірақ соңғы
кездерде жаңа тәртіптер шыға бастағаннан кейін ол Әліпби әдіс жөнінен де,
мазмұн жағынан да ескірген. Мынау жаңа Әліпбиі бұрынғысынан қай ретте
болса да аса артық. Бұл Әліпбидің мазмұны қазақ жағдайына қарай, мемлекет
білім кеңесінің жаңа программасына үйлесімді болып шыққан. Әңгімелері
балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық Әліпби көңілдегідей болып
шыққан.
1912 жылы мектеп балаларына қазақша сауаттандыратын Оқу құралын
жазғаннан кейін көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін
оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі Тіл
құралы деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. Осы кітаптың
морфологияға арналған 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған 3-бөлімі
1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып
пайдаланылып келді.
Тіл құралы - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның
қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде
автор арнайы атап өтеді. Ол осы оқулықты қазақ грамматикасына қатысты
категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынады. Күні
бүгінге дейін қолданып жүрген зат есім, сан есім, етістік, есімдік,
одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш деген т.б. сан алуан
лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А. Байтұрсыновтікі.
Оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ тілінің грамматикалық басты
салалары -– фонетика -– дыбыс туралы ғылым, морфология –- сөз құрамын
зерттеу, ал синтаксис сөйлем құрылысын зерттеу т. б. деп саралап тұңғыш
тыңнан ғылыми жол салуында болып отыр.
Ғалымның тіл үйретудегі сіңірген еңбегі мұнымен шектелмейді. Ол
қолданбалы грамматиканы да жазған болатын. Бұл жұмысын Тіл жұмсар деген
атпен екі бөлімді кітап етіп, 1928 жылы Қызылордада шығарған еді.

2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып қалыптасуы
4 - лекция
Тақырыбы: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы
Жоспар:
1. Қазақ тілін окыту әдістемесіне үлес косқан ғылымдар.
2. Әдістеме пәнінің обьектісі мен салалары.
3. Қазақ тілін оқытудың әдіснамалык негіздері.
Лекцияның мақсаты: Студенттерді қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму
тарихымен таныстыру.
Лекция мәтіні:
Қазақ тілі методикасының ғылыми негізі Октябрь ревалюциясына дейінгі
дәуірден басталады. Қазакстаңда педагогика тарихы,сондай-ак казак тілін

Бүл салады Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген мүғалім Иманбек Ұйыкбаев Сейіл
Жиенбаевтан, Шамғали Сарыбаевтан кейінгі қазақ тілі методикасын

методикасының негіздері" (1969), "Құрмалас сөйлем синтаксисінің методикасы"
(1964), (Қазақ тілі методикасы" (1974), (ұсөйлемдер таблицасы" (1985) тағы
да баска еңбектерін атауға болады.
Қазақ тілінің фонетика бөлімі де жан-жақты зерттелінді. Бүл салада

5 - лекция
Тақырып: Қазақ тілін оқыту жүйесінің негізгі мақсаты мен міндеттері.
Жоспар:
1. Қазақ тілін оқыту жүйесінің негізгі мақсаты.
2. Қазақ тілін оқыту жүйесінің негізгі міндеттері.
Лекцияның мақсаты: Студенттерге қазақ тілін оқыту жүйесінің негізгі мақсаты
мен міндеттерімен таныстыру.

6 - лекция
Тақырып: Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары.
Жоспар:
1. Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері
Лекцияның мақсаты: Студенттерге қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері
мен негізгі бастаулары туралы теориялық мәліметтер беру.
Лекция мәтіні:
1. Бастауыш сыныптардың білім беру жүйесінің мазмұнының негізгі
арқауы ел болып, тіл туралы заң қабылданып қазақ тілінің мемлекеттік
мерейге ие болуы ересек ұрпақ қол үзіп, жеткіншек ұрпақ көз жазып ала
жаздаған ата-бабаның аяулы дәстүрін қастерлі салт-ғұрпын түп тамырын ықылым
заманның тереңіндегі қалыптасқан тарихи ұлттың мәдениетін, өнерін жаңарған
өміріміздің игілігіне айналдыру.
Бастауыш сыныптарда қазіргі кезеңдегі білім сапасын арттыру үшін ат
салысып жүрген ғалым педагогтер М.Ералиева, С.Дүйсебаев, П.Жаманқұлова,
Р.Ізғұттынова еңбектерін атап өтуге болады.
Қазақстанда 1930 жылғы тамызда жаппай міндетті бастауыш білім беру
туралы заң қабылданған.
1930-31 оқу жылында 8-11 жасар балаларды міндетті бастауыш оқуға қабылдап,
жаңа оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдар әзірлеу қолға алынған. Осы
кезде белгілі лингвист, әдіскер - ғалым Қ.Жұбанов бастауыш мектепке
арналған тіл мен әдебиет пәндері бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтарын
(Әліппе оқулығы) және С.Жиенбаев, С.Кеңесбаев, Л.И.Воскресенская,
З.Т.Позднуховтар басқа пәндерден оқулықтар жасады. Бастауыш мектептегі
тілді оқыту мәселесімен қазақ тіл мен әдебиет секторларының қызметкерлері
А.Садуақасов, С.Жиенбаев т.б. шұғылданды.
Бастауыш мектеп үшін қазақ тілінен әдістемелік құрал,
Сауаттылыққа оқыту әдістемесі атты еңбектер және С.Жиенбаевтың Бастауыш
мектепте кітап оқыту әдістемесі, Қазақ тілін оқыту әдістемесі жарық
көрді.
1955 жылы институтта Бастауыш білім беру әдістемесі бөлімі
ашылды. Бұл жылдар Р.Әміровтың Бастауыш мектепте сауатты оқу мен жазу
әдістемесі, Ғ.Бегалиевтың Сауатты оқыту әдістемесі, Суретті сөздік,
Бірінші сыныпта сурет арқылы тіл дамыту, Ф.Мұсабекованың Оқу
әдістемесі, К.Бозжанованың Сыныптан тыс оқу кітабы, Ж.Қаржаспаев,
К.Бозжанованың Жазу және көркем жазу, Ә.Сытдықовтың Арифметика сабағын
жоспарлау, Р.Әміровтың К.Бозжанованың Бастауыш мектепте қазақ тілін
оқыту еңбектері жарық көрді.
Осы сияқты дағдыларды қалыптастыру мақсатында сабақты әңгіме
әдісімен өткенде, оған төмендегі талаптар қойылады: а) түсіндірілетін
объектілер әдеби тіл жағынан мінсіз, яғни мұғалім тілі өте жатық, болуы
абзал; ә) түсіндірілетін әңгімеде ой тиянақты, толық болғаны жөн; б)
әңгімеге оқушының өзін қатыстырып отыру керек. Сөйтіп, мұғалім оқушы
тілінің мазмұнды болуын, жауаптарының логикалық жақтан берік келуін және
грамматикалық-стилистикалық жақтан мінсіздігін қадағалап отырады. Оқушылар
жауап бергенде, сөздерінің анық болуы; өз түсінгендерін еркін айта білуі
қажет. Бар, жоқ, мүмкін емес білмеймін, оқымадым деген сияқты бір сөзбен
жауап беруге болмайды. Бір тақырыпқа байланысты берілетін сұрақтар да бірде
ауыр, бірде женіл болғаны тәуір. Өйткені мұндай жұмыс түрі оқушылардың ой
дәрежесін өсіруге септігін тигізеді. Мұғалім оқушы жауап бергенде мына
тәрізді логикалық-психологиялық процестерге назар аударғаны жөн: бірінші -
берілген сұрақтағы негізгі ойға, яғни тілдік құбылысты қаншалық ұққанын,
екінші - сол сұраққа жауап беруде, оқушының өз ойын жеткізе білгенін
ескеріп отыру қажет.
Сабақты өткізу әдістерінің ішінен белгілі ғалым Т.Сабыров әңгіме
әдісімен өткізуде,- дидактикалық материалдардың мәні зор,- дейді. Сондықтан
да мұғалім тілдік материалды түсіндіруге қажетті сөйлемдер мен тіркестерді
күн ілгері сұрыптап, оқушылардың өздерін іздендіретін практикалық
дағдыларды да жүйелі пайдаланады.
Оқушыларға дыбыс жүйесінен берілетін теориялық білімді меңгертуде
әңгіме әдісінің құрылымы да үлкен роль атқарады. Жүргізілген тәжірибелер
мен әдістемелік эксперимент жұмыстардың қорытындыларына қарағанда, оның
мынадай құрылы мдық элементтерден тұратындығы анықталды: Оқушылардың тілдік
материалды бақылауы.
І.К.Кеңесбаев қазақ тілінің ғылыми фонетикасы жайын көптеп зерттеген.
Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың қалай жасалатынын айта келе
оны оқыту әдістеріне де біршама тоқталған.
Мұғалімнің сұрыптап алған материалдары бойынша оқушылар тілдік
фактілерге көз жүгіртеді. Түсіндірілетін тақырыпқа сай көрнекі құралдар мен
дидактикалық мысалдар тақтаға іліп қойылады. Оны олар дауыстап оқиды.
Тілдік материалдарды оқушылардың сұрақтар негізінде меңгеруі. Бұл —
көбінесе диалогтық сөйлеу формасында жүргізіледі. Өтіліп отырған
тақырыптарға сәйкес мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды, оған жауап
қайтарады. Сөйтіп, бұл бір мәселе жайында сұрақ беру оған жауап күту
мағынасында айтылган сөйлемдер арқылы меңгертіледі. Оқушыларды өздігінен
іздендіру үшін сұрақтар қойғызып, оған жауап қайтартып отырады. Мұндай
жағдайда мұғалім қойылатын сұрақтың анық болуын, оған барлық оқушының түгел
қатысуын, олардың жауабының дұрыс-бұрыстығын, қойылған сұраққа толық жауап
беруін, көп уақыттың кетпеуін қадағалаган жөн. Ж.Адамбаева материалдың
өзіндік белгілері, ішкі өзіндік заңдылықтары сұрақ-жауап процесінде
оқушылардың түсінігіне, білім дәрежесіне қарай, жас және сынып
ерекшеліктеріне сай алынатынын атап көрсеткен [4]. Тақырыптың өзіндік
ерекшеліктеріне байланысты ережелер мен анықтамалар шығарылады. Әңгіме
процесінде оқушыларға тілдік материалдың ережелері мен анықтамалары
меңгертіледі. Тақырыпқа байланысты практикалық дағдылардың жүргізілуі.
Мұғалім өтіліп отырған материалдардың күнделікті өмір қажеті үшін
қаншалықты пайдалы екендігін аңғартады.
Т.Сабыровтың көрсеткен келесі бір әдісі хабарлау - қазақ тілі
дыбыс жүйесін оқытуда жиі қолданылатын әдістің бірі. Дыбыс жүйесінен
теориялық білім мен практикалық дағды беруде тілдік материалдардың жалпы
заңдылығы мен оның ішкі өзіндік белгілері нақтылы мысалдар арқылы
хабарланады. Сабақты хабарлау әдісімен жүргізуде мына сияқты екі құрылымдық
элементтердің сақталмайтындғы байқалады. Біріншісі - тақырыптың өзіндік
белгілері сұрақтар арқылы меңгертілмейді, екіншісі — оқушылар қорытынды
пікірді, яғни анықтама мен ережені, өздері шығармайды, мұғалімнің өзі
айтады. Белгілі бір тақырыпқа байланысты анықтама мен ережені айтып болған
соң, оқушылар сол тақырыпты көрнекі құрал мен түрлі дидактикалық мысалдар
арқылы кең түсінуге мүмкіндік алады. Хабарлау әдісі оқушыларды ойландырып,
алғашқы айтылған жалпы пікірден жеке ой қорытындыларын шығаруға бағыттайды.
Дыбыс жүйесіне сай берілген анықтама, ережелерге және сол тақырыпқа
байланысты жүргізілген практикалық дағдыларға оқушылардың өздері белсенді
қатысқанда ғана өтілген тақырыпқа саналы түсінеді, оны толық меңгеріп
практикада қажетіне жұмсай біледі. Енді хабарлау әдісінің өткізілу
тәртібіне тоқталайық. Мысалы, мұғалім 4-сыныпта Буын туралы түсінікті
оқытуда алдына мынадай мақсаттар қояды: буынға байланысты көрнекілікті іске
асыру; буынның жалпы анықтамасын айту; буын жасауда дауысты дыбыстың
қызметін байқау; буынның жеке өзіндік белгілерін таныту; буын туралы
түсінікке практикалық дағдылар көрсету. Буын туралы жалпы түсінікті
меңгертуде көрнекілік ретінде сынып тақтасы мен жылжымалы тақталарда мына
сияқты дидактикалық мысалдар жазылып, ілініп қойылады: Халыққа, Отанға
қызмет ету — ардақты іс (газеттен). Мұғалім осы жазылған сөйлемді бірер
оқушыға дауыстап оқытады. Ондағы әрбір сөзді буынға бөліп, дауысты мен
дауыссыз дыбыстарды дәлелдеуге дайындық жасайды. Алдымен осы жазылған
мысалдарға қарай отырып, мұғалім анықтамасын айтады.
Тәжірибе әдісі Ш.Әуелбаевтың еңбегінде қазақ тілі дыбыс жүйесін
оқытуда жиі қолданылады. Бұл әдіс дыбыс жүйесі материалдарын тікелей
көрсету негізінде жасалады. Сондықтан да дыбыс заңдылықтарының жасалу
жолдарын көрсетуде мына сияқты көрнекіліктерге назар аударылады: 1)
дыбыстардың жасалуын дыбыстау мүшелерінің қызметі арқылы қөрсету; 2)
дыбыстардың өзіндік белгілерін көрнекілік бойынша дәлелдеу; 3) дыбыстардың
өзіндік ерекшеліктерін фонетикалық материалдар негізінде дәлелдеу

2. Қазақ тілін оқытудың негізгі бастаулары.
7-лекция
Тақырып: Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі
Жоспары:
1. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары
2. Қазақстанда білімді өнеркәсіптік тұрғыдан игеру кезеңдері
Лекцияның мақсаты: Студенттерге миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі туралы
теориялық мәліметтер беру.
Лекция мәтіні:
1. XX ғасырдың бас кезінде дәстүрлі мектептер мен медреселер коғамның
өскелең талаптарын қанағаттандырудан қалды. Мұсылман мектептерін реформалау
қозғалысы басталды. Оны ұйымдастырушылар жадидшілдер болды. XX ғасырдың бас
кезінен бастап жаңа әдістемелік мектептер пайда бола баста- ды. Оқытудың
бұл әдісінің негізін қалаушы белгілі түркі тілдес халық ағартушыларының
бірі, қоғам қайраткері И. Гаспринский болды.
Жадидшілдер мектептерде арифметика, география, жаратылыстану, тарих
сияқты басқа да зайырлы пәндерді оқыту қажеттігін дәлелдеді. Жаңа
әдістемелік мектептерде білімді де білікті мұғалімдер сабақ берді, оларда
қажетті оқу құралдары мен жабдықтары жеткілікті болды. Оның үстіне, оқыту
әдістемесі де әлдеқайда тиімді еді Қазақстандағы ең алғашқы жаңа
әдістемелік мектеп 1900 жылы Түркістан қаласында ашылды. Ондай мектептер
Ақтөбе, Жаркент, Верный, Қазалы, Қостанай, Перовск, Семей сияқты басқа да
қалаларда пайда бола бастады. Қазақ зиялыларының едәуір бөлігі жаңа
әдістемелік мектептерде білім алып шыққандар болатын. Мәселен, Уфадағы
Ғалия медресесінде Б. Майлин, Орынбордағы Усмания медресесінде Қ.
Болғанбаев және басқалары оқыды. Абай Құнанбаев та Семейдегі Ахмет Риза
медресесінде жаңа әдістемелік оқыту мето- дикасын жақтаушы ұстаздардан
дәріс алған болатын.
Алайда жаңа әдістемелік мектептер елге кең көлемде тарай алмады.
Патша үкіметі жаңа әдістемелік мектептердің ашылуына барынша қатты қарсылық
көрсетті. Себебі ондай мектептерді панисламизм мен пантүркизмнің ошақтары
деп білді. Соның салдарынан 1917 жылы Қазақстан аумағында 100-ге тарта ғана
жаңа әдістемелік мектеп бар еді.
1813 жылы Омбыда, ал 1825 жылы Орынборда әскери училищелер ашылды.
Кейіннен олар Сібір және Орынбор Неплюев кадет корпустарына айналды. Бұл
оқу орындарына қазақ балаларын қабылдауға едәуір шек қойылды. Ұлты қазақ
кадеттер бірқатар әскери пәндерді оқып үйренуге жіберілмеді. Омбы кадет
корпусын белгілі қазақ ғалымы, зерттеуші әрі ағартушы Шоқан Уәлиханов
бітіріп шықты.
1841 жылы Бөкей хандығында Жәңгір ханның бастамасы бойынша алғашқы
қазақ мектебі ашылды. Ол мектептің оқушылары орыс тілін, математиканы,
географияны, бірқатар шығыс халықтарының тілдерін, сондай-ақ ислам дінінің
негіздерін оқып үйренді. Қазақ балаларының сабақ үйренуін Жәңгір ханның өзі
тікелей бақылауға алып, тексеріп жүрді. Неғұрлым қабілетті деген балаларды
ол Қазанға, Ресейдің басқа да қалаларына оқуға жіберіп отырды. Казак
станицаларында, бекініс-қамалдарда діни шіркеулер және казактардың балалары
оқитын мектептер болды. Олардағы оқыту деңгейі тым төмен еді. Мұғалімдердің
басым көпшілігін шала сауатты дьяктар, сондай-ақ қызметтік міндетін өтеген
солдаттар мен казактар құрады.
Жалпы алғанда, Қазақстанда халыққа білім беру ісі мен сауаттылық
деңгейін қанағаттанарлық болды деп айтуға келмейтін. Зайырлы мектептер өте
аз еді. Маман мұғалімдер жетіспеді. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір
салты жағдайында тұрақты мектептер ашу қиын болды.
2. Қазақстанды өнеркәсіптік тұрғыдан игерудің басталуына байланысты
сауатты да білімді адамдарға деген сұраныс арта түсті. Сондықтан да 1850
жылы Орынборда оқу мерзімі жетіжылдық жаңа үлгідегі мектеп ашылды. Онда
негізінен хатшылар мен аудармашылар даярланды, орыс тарихы, математика,
география, геометрия, сондай-ақ исламның негіздері оқытылды. Ал 1857 жылы
осындай мектеп Омбыда да ашылды.
1861 жылы Троицкіде, басқа да қалаларда орыс-қазақ мектептері ашылды.
1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформалары енгізілгеннен кейін және қоныс
аударып келуші шаруалар қатарының арта түсуіне байланысты зайырлы
мектептердің қатары көбейді. Олардағы оқу бағдарламаларын генерал-
губернатордың өзі белгілеп, Халық ағарту министрлігімен келісіп алып
отырды. Қазақтардың балалары орыс поселкелері мен казак станицалары
жанындағы мектептерде тегін немесе азын-аулақ ақы төлеп оқуға құқықты
болды.

8 - лекция
Такырып: Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер
Жоспар:
1. Қазақ зиялылары
2. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер
Лекцияның мақсаты: Студенттерге қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер
туралы мәліметтер беру.
Лекция мәтіні:
1. Бірінші орыс революциясының ықпалымен қазақтардың Ұлттық сана-
сезімі елеулі түрде өсті. Неғұрлым алыстан болжап, көре білетін қазақтар
өздерінің балаларын Ресей мен шетелдердің орта және жоғары оқу орындарына
оқуға жіберетін болды. Олар білім алуды өздерінің тапталып, аяққа басылып
келген құқықтарын бұдан былайғы жерде сеніммен қорғаудың кепілі деп білді.
Қазақ жастарының елеулі бөлігінің заң факультеттерін тандауы тіпті де тегін
емес болатын. XIX—XX ғасырлар тоғысында тек Қазан қаласының өзінде ғана
(императорлық Қазан университетінде, Қазан мал-дәрігерлік институтында,
Қазан мұғалімдер семинариясында) 100-ге жуық қазақ жастары оқыды. Көптеген
қазақ жастары Санкт-Петербург, Мәскеу, Томск, Саратов, Киев, Тарту, Каир,
Бомбей, Стамбұл және Варшава университеттерінде оқыды. Мәселен, Санкт-
Петербург университетінің заң факультетін М. Шоқай мен A. Тұрлыбаев алтын
медальмен бітіріп шықты. Ал Ә. Бөкейханов Санкт-Петербург Орман институтын,
С. Асфендияров Санкт-Петербург әскери медицина академиясын, А. Сейітов
Томск университетінің медицина факультетін, Ж. Досмұхамедов Тарту
университетінің заң факультетін, М. Ғабдолғазизов Каир университетін, 0.
Тұрмағанбетов Бомбей университетін, X. Нұржанов Киев университетінің заң
факультетін бітірді. Басқа да көптеген қазақ студенттері болды.
Қарқаралыдан түлеп ұшқан Дінмухамед Сұлтанғазин (1867—1918) өте сирек
кездесетін талантты студент болды. Ол 1890 жылы Томск университетінің
медицина факультетін, ал 1895 жылы Санкт-Петербург университетінің
шығыстану факультетін, 1897 жылы заң факультетін бітіріп шықты. 1908 жылы
Петербург әйелдер медицина институтын Асфендиярова Гүлсім Жағыпарқызы
(1880— 1941), одан кейін Асфендиярова Мәриям Сейітжағыпарқызы (1887—1937)
бітірді. Қазақтардың жаппай білім алуға көшуі олардың патша үкіметіне қарсы
Ұлт-азаттық қозғалысынын күшейе түсуіне, өз алдына автономия алуға
ұмтылысына жеткізді.
2. 1879 жылы Ташкентте мұғалімдер институты ашылды. 1879 жылы Торғай
облысында алғашқы екі сыныптық орыс-қазақ мектебі пайда болды. 1883 жылы
Орынбор губерниясының Ор қаласында қазақтарға арналған мұғалімдер мектебі
түңғыш рет ашылды. Ол мектептің ашылуына Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі
орасан зор болды.
1885 жылдан бастап барлық уездерде ауыл шаруашылық мектептері ашылды. Олар
қазақ өлкесінде білім және қолөнер түрлерін дамытуға бағыт ұстады. 1887
жылы барлық жерде бірдей болыстық орыс мектептері пайда бола бастады. Ал
1891 жылы Торғай, Ақтөбе, Қостанай және басқа қалаларда қыз балаларға
арналған бастауыш мектептер ашылды. 1892 жылдан бастап қазақ балалары үшін
ауылдық көшпелі мектептер ұйымдастырылды.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Омбы, Семей, Орал, Ақмола қалалары
халыққа білім беру орталықтарына айналды. Қазақстандағы орыс тілді халықтың
арасында сауатсыздардың пайызы тым жоғары болды. Мұны 1897 жылғы халық
санағы айқын көрсетті. Атап айтқанда, халықтың 8,1 пайызын ғана сауатты
деуге болатын еді. Соның ішінде ерлердің 12 пайызы, ал әйелдердің 3,6
пайызы ғана хат таныды. Орысша сауат ашқан қазақтардың пайызы бұдан да
төмен болды. Ал мұсылманша оқып сауат ашқан дала қазақтарының саны өте көп
еді. Бірақ олардың қанша пайызының сауатты екеңдігі халық санағын өткізу
кезінде есепке алынбады.
Ресей империясы қазақтардың орта және жоғары білім алуына жол
бермеуге тырысты. Сауатты қазақтардың қатары өскен сайын олардың Ұлттық
сана-сезімі тезірек оянады деп қауіптенді. Мәселен, 1885 жылы Қазақстанда
орыс мектептерін ашудың басты идеологта- рының бірі Ильминский былай деп
ашықтан-ашық жазған болатын: Бізге тиімді болатын бір жағдай бар. Ол —
бұратана халықтың әрбір өкілінің орысша сөйлегенде шатасып, қысыла қызарып
тұратын болуы. Ол — орысша жазғанда да аяқ алып жүргізгісіз қыруар қате
жіберіп, өз ойын дұрыс жеткізе алмауы. Олар губернаторлардың алдында ғана
емес, сонымен қатар кез келген бастықтардың алдында да қалтырап-дірілдеп
тұруы керек. XIX ғасырда ауыл шаруашылық және фельдшерлік мектептері ашыла
бастады. Олар орта білімді дәрігер мамандарын даярлап шығарды. Алайда
Қазақстанда бірде-бір жоғары оқу орны ашылған жоқ.

9 - лекция.
Тақырып: Жазудың шығу тарихы және даму кезеңдері
Жоспар:
1. Жазудың шығу тарихы және даму кезеңдері.
2. Жазуға үйретудің маңызы.
Лекцияның мақсаты: Студенттерге жазудың шығу тарихы және даму кезеңдері
жайлы теориялық мәліметтер беру.
Лекция мәтіні:
1. Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрінде
әріптердің тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз . Жазудың тарихына көз
жіберсек , әріппен таңбалаудың кейінірек пайда болғанын көреміз . Жазу өте
ерте заманда жасалып , мыңдаған жылдар бойы өзгеріп , дамып келді . Жазуды
мыңдаған жыл бойы дамып жетілуімен бірге , оның принциптері де өзгеріп
отырды . Жазудың жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады . Ол таңбалар
бүтіндей сөзді не ызыңды , немесе дыбысты белгілейді. Әрбір жазбаша
таңбалық графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. Жазу жүйесіндегі
таңбалардың не бүтіндей хабарлы, не жеке сөзді, не буынды, не дыбыстық
белгілеуіне қарай бөлінеді. Жазу – адамның ой – пікірін, сөзін қашыққа және
ұзақ замандарға жеткізетін материалдық сызба таңбалардың жүйесі . Жазудың
алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Мыңдаған жылдар бойы дамып
жетілумен қатар , оның принциптері де өзгеріп отырды . Жазу қатынас құралы
ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған.
Өз ойын жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланған . Алғашқы
адамдар жазу құралы ретінде саз балшықтан жасалған тақтаны, ағаштың
қабығын, тағы да басқаларын пайдаланған. Жазу жүйесі таңбалардың
жиынтығынан құралады. Ол таңбалар тұтас хабарды, не сөзді, не буынды, не
дыбысты белгілейді. Әр жазбаша таңбаның графикалық формасы, белгілі бір
мағынасы болады.
Бастауыш сыныптардағы жазу сабақтарының мақсаты балалардың жазу тілі
дағдысын қалыптастыру. Жазу дағдысының психалогиялық негізі мидың үлекн
жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір – бірімен күрделі байланысқа
түсуі, екінші сигнал системасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып
табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ауызша сөйлеу
есіту – кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз
тілге сүйеніп отырады.
Ең алғашқы ерте дәуірде адамдар қандай, да болмасын бір уақиғалар
туралы мәліметтерді кейінгі ұрпаққа қалдыруға болады. Сөйтіп ондай
мәліметтерді түрлі суреттермен белгілейді . Бұл кезең – идеографиялық
сөйлеу кезеңі деп аталады . Идеографиялық сөйлеу белгілі бір айтылатын
жағдай туралы еске түсіру ролін атқарады.
Кейінірек иероглифтік жазу шықты. Бұл заттарды немесе тұтас ойды білдірген.
Біздің қазіргі қолданып жүрген жазуымыз алфавиттік жазу . Бұл кейінірек
шыққан.
Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография (еміле) енеді. Алфавит –
тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі . Графика
дыбыстың , буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса, солай таңбалануы . Ал
орфография тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу.
Алфавитпен графиканы меңгеру – оқу мен жазудың (сауат ашудың) ең алғашқы ең
қарапайым, бірақ ең маңызды дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Алайда
жазуды меңгеру оның тағы бір басты бөлігі орфографияның (немесе жазу,
сауатты жазу) игеруді қажет етеді.
2. Бастауыш сынып оқушылары орфографияны игере отырып, сауатты
жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым – қатынас жасау
мүмкіндігіне ие болады , яғни өзінің сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін
жетілдіре береді , жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежеге көтеріле
береді. Міне, жазуға үйренудің басты маңызының өзі анықталады. Жазу
дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін ( таяқша, дөңгелек, қосу
сызықтары) сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады . Бұл кезеңде бала басымен
, бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып ,
неше түрлі қозғалыстар жасайды . Алайда мұғалім тиімді жаттығулар
ұйымдастырса , көп ұзамай , бірте – бірте бастапқы қозғалыстарын жинақтап ,
азайта түседі . Ал кейін әріп бөліктері аса күш салмай – ақ қосып жаза
алатын болады . Жаттығулардың нәтижесінде жазу қимылдары автоматталып,
әуелі әріптерді, сонан соң тұтас сөздерді де кідіріссіз жаза алады . Дей
тұрғанымен балалар жазуға лезде – ақ дағдыланады деудің жөні жоқ. Себебі
олардың кейбіреулері бір , тіпті екі жылға дейін жазу дағдысын толық
меңгеріп кете алмайды. Мұндай балалармен жеке жұмыс ұйымдастырылады.
Жазу қимылдары автоматталғаннан кейін жаңа міндет – сауатты жазуға (немесе
орфографияға) үйрену міндеті туады. Орфография жазудың бүкіл жағдайларын
тәртіптейді.
Қазақ тілі орфографиясының негізгі принципі - морфологиялық
принцип , яғни түбір сөздің соңғы дыбысы қосымша аралығында да (басшы ,
башшы емес ) , сөз шекарасында да ( боз құнан, бозғұнан емес ) біріккен
сөздерде де (Үмбетбай, Үмбетпай) емес сақталып жазылады.
Тілімізде орыс тілінен енген , аяғы үнді дыбыс - әріптерге
біріккен бірсыпыра сөздер бар (Ленинград, клуб, педагог тб ) бұл сөздердің
соңғы үнді дыбыстары айтылуда қатаң дыбыстарға айналады , яғни д , г, б
дыбыстары қатаңдап т , к , п дыбыстарына айналып айтылады. Мұндай сөздерге
қосымша да қатаң дыбыстан басталып жалғанады: Ленинградқа, педагогке,
клубтан т. с .с . Бұлар грамматика ережелеріне сүйеніп үйретіледі. Қысқасы
жазуға үйрету методикасы тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын
жазу теориясына сүйенеді.

10 - лекция
Тақырып: Жазудың түрлері
Жоспар:
1. Жазудың түрлері.
2. Әріптік немесе дыбыстық.
3. Коллиграфиялық жазуға үйретудегі методикалық тәсілдер.
Лекцияның мақсаты: Студенттерді жазудың түрлерімен таныстыру.
Лекция мәтіні:
1. Осыларға тақтаның пиктографиялық жазу . Бұл жазудың ең алғашқы
түрі, суретке негізделген жазу . Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те
атайды . Пиктографиялық жазудың ескерткіштері әр түрлі суреттердің
жиынтығынан құралған . Әрбір сурет бүтіндей бір материалды білдіре алады .
Мысалы : мен аң аулауға кеттім дегенді білдіру үшін адамның суретіне
қарайластырып тоғайдың және аңның суретін салған.
Пиктографиялық жазу өте жабайы жазу болды, оның кең мазмұнды ойды түгелімен
жазып жеткізуге мүмкіндігі болмады.
Идеографиялық немесе логографиялық жазу. Пиктографиядан
идеографияға көшу өте баяу болды . Идеографиялық жазудың үлгілері өте
ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан көруге болады . Қытай жазуының
идеологиялық жүйесі осыдан 4000 – жыл бұрын жасалған болатын . Египед ,
шумер , қытай жазулары логографиялық жазу болды . Логографиялық жазу
жүйесінің барлығында нақтылы мағынасы бар сөздер осылардың бейнесімен
берілсе, қала, су, дегендер бейнелі схемамен берілген . Ертедегі шумер
жазуында ағаш, тау, сабақ деген сөздер , қытай жазуында күн , тау , ат
деген сөздер де осы бейнелеу түрінде берілген . Жыл деген сөз пальманың
бұтақтарының бейнесімен белгіленген , өйткені египедтік пальманың бұтағының
саны -12 болады деп түсінген. Буын жазуы таңбалардың фонетикалық мағынасы
жағынан бірнеше түрге бөлінеді. Мұның бірінші түріне ассировавилон, элам ,
урар, сына жазулары дыбыстық корей жазуы жатады. Жазудың бұл жүйелерінде
таңбалар кез – келген буынды, атап айтқанда , ызыңның мынандай түрлерін
белгілейтін болған : дара дауыстының өзі, А (дауысты) + С (дауыссыз), С+А ,
С+А+С майя жазуында сөз соңындағы дауыссыздар да белгіленген. Буын жазуының
екінші түріне кипр , эфиопия және жапон буын жазулары жатады. Жазудың бұл
жүйесінде таңбалар тек дара дауыстыларды және дауыссыздардың тіркесі мен
белгілі бір дауыстың қосындысын белгілейді.
2. Әріп жазуы. Таза күйінде дыбыстық жазу - 2000 жылдықтың екінші
жартысында пайда балса, вокалданған дыбыстық жазу біздің дәуіріміздің 1000
жылдығының басында пайда болған. Жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы - ең
қолайлы жазу . Әр түрлі тілдерде буын санымен сөздің санынан дыбыстық саны
әлдеқайда аз . Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін , әдетте 20 - дан 40 –
қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады . Әріп жазуындағы
таңбалардың мұндай шағын мөлшері меңгеруді , сауаттылыққа үйретуді
жеңілдетеді . Ертедегі әріп жазуы ( финский , ежелгі , еврей тб ) дыбыстық
жазу болды . Ондағы таңбалар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz