Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесі. Педагогика. Дәрістер


Лекция тезистері
Лекция-1. Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесінің дамуы
Жоспары:
1. Қазақстандағы ЖОО білім беру жүйесіне сипаттама
2. Қазіргі білім беруде интеграциялық процестер
3. Білім беру жүйесін ақпараттандыру
Мақсаты: Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесінің дамуы туралы түсінік қалыптастыру сипаттама беру
1. Қазақстандағы ЖОО білім беру жүйесіне сипаттама
Білім жалпы білімнің мазмұнындағы негізгі элемент, болмысты тану, табиғат, қоғам және ой заңдарын ашу нәтижесі, әлеуметтік-тарихи тәжірибе процесінде адамдардың жинаған тәжірибесі.
Білім мазмұнының түрлері:
• күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер;
• көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер;
• болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары;
• белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер;
• ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер;
• әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.
Сонымен ғылыми білім - болмысты іс жүзінде тану нәтижесі, болмысты дұрыс түсіну құралы. Білім, дүние дамуымен бірге өзгеріп және жетілдіріліп, дүниетанымдық және тәрбиелік идеялар бір ұрпақтан екіншіге негізінен ұйымдастырылған, нақты мақсаты бар оқыту арқылы беріледі.
Болашақ мұғалімдер мен тәрбиешілер сабақта педагог еңбегіне кажетті арнаулы білім, іскерлік жэне дағдыны менгереді. Бұларды игерту оқу үрдісінін басты міндеті. Мұғалім осы міндепі іске асыру барысында оқушылардын. танымдық әрекетін, жаңа білімді белсенді қабылдап, жақсы істеліуін қамтамасыз ету үшін сабақтың әр кезеңінде оқытудын сан түрлі әдістерін пайдаланады.
Сабақтын жаңа білімді хабарлау кезеңінде лекция, баяндау, әңгімелеу, эвристикалык әңгіме, экскурсия, бақылау, эксмеримент, көрнекілік, тәжірибелік және педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді оқу сиякты т. б. әдістерді қолданады. Мұғалім жаңа такырыпты өту, оқыту әдістерін талдап, жоспар жасағанда: жаңа мазмұнынын. ерекшелігін, оны кабылдауға оқушылардын даярлығын, баланың ойы мен есін дамытудағы ыкпалын ескереді.
Мұғалім жаңа білімді хабарлаудан бұрын оқушыларға сабақтың танымдық міндеттерін айтып, тәжірибелік мәнін ашады. Оқушыларды дербес ойлауға, өздігінен қорытынды жасауға бағыттайды. Білімді саналы түсініп қабылдау үшін жаңа такырыпты оқушылардың өздеріне талдату, оны пайдалануға жаттықтыру. әңгіме, сұрақ-жауап, сонымен қатар білімін тексеру және бағалау әдістерін де қолданады.
2. Қазіргі білім беруде интеграциялық процестер
Интеграциялық сабақ аралас сабаққа ұқсас. Ерекшелігі жаңа білімді игеру бір кезеңде ғана көрініс таппайды, бүкіл сабақ барысында жүріп отырады. Интеграциялық сабақ жаңа материалдарды игеруді, бұрынғы оқып кеткен тақырыптарды қайталауды да құрамына біріктіреді, жаңа білім оқушылардың практикалық жұмысынан туындауын қамтамасыз етеді. Материалды сұрау сабақтың басында емес, бүкіл сабақ бойы жаңа материалды түсіндіру кезінде, жаттығу, тапсырмаларды орындау, т. б. жұмыстар кезінде де жүріп отырады.
Жаңа білімді игеру процесі сабақтың белгілі кезеңінде ғана іске аспайды, сабақтың өн бойыңда іске асады.
Стрезикозин В. П. оқытудың мұндай түрін жаңа білімді бірте-бірте бөлшектеп игеру, меңгеру, яғни жаңа білімнің әрбір элементі бұрынғы меңгерген біліміне қосылады, жалғасады, - дейді.
Практикада сабақтың бұл типі жеке-дара аз кездеседі, көбінесе бір-бірімен араласып кетеді; Сабақ типін белгілеу мұғалімнің терең біліміне жеке ерекшелігіне шығармашылық қабілетіне байланысты.
Сабақтың қандай түрі таңдалса да, ең негізгісі оқушыларды дербестікке, белсенділікке, ойшылдыққа іскерлікке үйрету, алған білімі сеніміне, дүниетанымына айналуын үздіксіз көздеу. Ол үшін мұғалім классификациясын жақсы біліп пайдалана, іске асыра алуы қажет.
Сабақ классификациясы дегеніміз сабақтарды құрылысы жағынан топтастыру, түрге бөлу деген сөз /Н. Көшекбаев/.
Педагогикалық әдістемелік әдебиеттерде сабақтың жіктелуі көп болғанымен, мына түрі ғана тиімді деп біреуін ғана ұсыну дұрыс емес, қоғам дамыған сайын оқытудың жүйесі, мазмұны, мақсаты, әдістері, сабақтың түрлері де жаңа талаптарға сай өзгертетіні белгілі. Олай болса, сабақ классификациясы да өзгеріп отырады. Атап айтсақ. И. К. Казанцев сабақ классификациясын білім мазмұнына қарай жіктеп, 10 типін /түрін/ көрсеткен
Сабақты бекіту барысында бір-екі логикалык есеп шығарту, сабақ конспектісін талкылау, сюжетгі - рольді ойынды талдау сиякты жұмыстар жүргізу пайдаланылады. Өйткені бұндай жұмыстар жаңа білімді қолдануды қажет етеді.
Кейде мұғалім бекіту жұмысын лекцияның жоспарын жасатау, әңгіме қүрастыру, сөзтізбек жасату түрінде де өткізеді. Немесе сабақтын. соңында кинофильмнен үзінді көрсетіп, оны түсіндіріл айтып отыруды оқушыға тапсырады, көріп, тьшдап болған сон, бәрі талдап, бекітеді:
Бұндай тапсырмалар оқушыдан жаңа білімін пайдалануды қажет етеді, ал мұғалім оқушынын ой саптауын, жаңа білімді қолдануын бағалайды.
3. Білім беру жүйесін ақпараттандыру
Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Тәуелсіз ел болып, өз алдына дербес мемлекет алғанымыз - үлкен жетістік. Ендігі жерде жас мемлекетіміздің әлем кеңістігінде өркениентті ел ретінде танымал болып, экономиканы өркендетіп, халықтың әлеуметтік жағдайын, білімі мен ғылымы, өнері мен мәдениеті өркендеп, халықтың әлеуметтік жағдайы дүние жүзі мемлекеттерімен теңесуі үшін ел мүддесі жолында аянбай тер төгіп, мағыналы да, маңызды жұмыстар атқару - Республикамыздың әр азаматының парызы. Сондықтан бүгінгі таңда өмірдің жалғастырушысы - ертеңгі болашағымыз ел мен жердің иесі - жас ұрпақты лайықты тәрбиелеп өсіріп, сапалы білім беру қажеттілігі туындайды Сондықтан келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселелердің бірі. Жаңа рухани, эстетикалық және тәжірибелік құндылықтардың пайда болуын танымдық эволюция анықтайды. Ақпараттылық әлемді қоғаммен шынайы байланыс сапасын толықтыруды қолдану, әлеуеттіұштастыру жүйесін кеңейтеді, тұлға - қоғам жүйесінің дамуын көрсетеді. Бұл жоспарда Ю. А. Левада әлеуметтік ақпаратты көрсету жорығында үлкен құндылық танытқан. Оның анықтауынша, қоғамдағы жеке бастың қабылдау белгілерін 3 түрге бөлуге болады, құрылымдық ақпаратты, іргелілік ақпараты, амалды ақпарат болып бөлінеді.
“Ақпарат құралдарды пайдалану дағдысын меңгеру және СМИ - дің тарихтағы дамуы туралы қажетті білімнің құны және қоғамдағы өмірде оның рөлі, ” сонымен қатар кәсіби дайындық университеттер мен арнайы колледжде оқыту нәтижесінде мынадай курстар оқытылатын, компьютерлік білім, бұқаралық қатынас саласындағы немесе курстар, ақпарат мәселесіне арналған.
Қоғамдық пікірді, құруда, ақпараттық бұқаралық, сөзсіз түрде шешуші рөл атқарады, солай болғандықтан, олар бұқаралық аудитория. Министерлік берген ақпарат бойынша, мәдениет және қоғамдық келісім, қазақстандықтар күнделікті теледидардан 80, 1% хабар алады, мерзімдік басылымнан оқу 40, 6 % Бұқаралық ақпаратты құралдардан басқа, медиа білім құралы өзекті жүйе интернет болып табылады. Интернет осы уақытта республика тұрғынының 2, 9 ғана пайдаланады, ғалымдар интернетті бұқаралық ақпарат құралы деп қарайды.
Медиабілім - бұқаралық ақпарат құралдарынан және өзекті интернеттен этнокөркемдік мәдениет саласын қабылдау және шығармашылық амалдық ақпаратты өңдеу бағыты. Жеке адамдық дәлелдеу бірлігіндегі өзіне тән ұлттық өзіндік сана бөліктері бар, бүтіндік жеке адамның мазмұнды және амалдық бөліктерді жекелей алғы шарттарын қалыптастыру. Осы уақыттағы рухани дағдарыс қоғамдағы өзекті ақпараттылықты туғызады деп бақыланған, гумманитарлық кәсіптегі мамандар даярлағанда, басты көңіл бөлетін мәселе, білімдік әлеуетті ұлттық дәстүрлік мәдениетте, жас ұрпақ тәрбиесіне акпараттылық білім жағдайына қажетті тұрде пайдалану
Әдебиеттер:
1 Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы арнайы шығарылым (14 желтоқсан, 2012 жыл) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
2. Бекхожин Х. «Айқап» журналы және оқу-ағарту мәселелері. //«Қазақстан мектебі», 1964, № 8.
3. Жарықбаев Қ. Психология ғылымы, оның Қазақстандағы даму перспективалары. //«Қазақстан мектебі», 1975, № 8.
4. Жарықбаев Қ., Шабельников В. Психология. Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия. Том 3. Алматы, 1989, 409-411 б.
5. Мәдин И. Қазақстандағы педагогикалық ғылыми еңбектер. //«Халық мұғалімі», 1959, №12.
6. Мусин С. Қазақ мектебінің оқу-тәрбие жұмысы тарихынан (1920-1930) //«Қазақстан мектебі», 1960, № 5.
7. Жұмабаев М. Таңдамалы шығармалары. Алматы, «Ғылым» 1992.
8. Құдайбердиев Ш. Шығармалары, Алматы, «Жазушы» 1988.
Лекция-2. Педагогика ғылымының жалпы мәселлері.
Жоспары:
- Педагогика ғылымының зерттеу объектісі, пәні оның негізгі компоненттері
- Педагогика ғылым жүйесі және оның басқа ғылымдармен байланысы
Лекция мақсаты: Педагогика ғылымының негізгі ұғымдарын меңгеру. Педагогиканың басты ерекшеліктерін, міндеттерін ашып көрсету, методологиялық негізін анықтау арқылы, педагогиканың басқа ғылымдармен байланысын дәлелдеу.
Негізгі ұғымдар: Педагогика, жеке адамның дамуы. Тәрбиелеу, білім алу, оқыту. Педагогикадағы пәнаралық байланыс. Педагогиканың метологиялық негіздері. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері.
Пәнаралық байланыс: Тарих, этнопедагогика, жалпы психология т. б.
Лекцияда пайдаланылатын көрнекі құралдар: Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысын көрсететін №1 кесте.
1. Педагогика ғылымының зерттеу объектісі, пәні оның негізгі компоненттері
Педагогика ғылымының алдында тұрған міндеттердің күрделілігі біздің қоғамымыздың барлық саласында жүріп жатқан қайта құру процесінен туындайды. Қоғамның экономика мен саяси жүйесіндегі жаңаша ойлау, халықтың рухани байлығын жандандыру, адам факторын жетілдіру мәселелері үздіксіз білім берудің біріңғай жүйесінің ғылыми негізін анықтаумен байланысты шешіледі.
Педагогика ғылымы алдындағы басты міндеттердің бірі - үздіксіз білім берудің біріңғай жүйесін жасау.
Педагогика ғылымындағы негізгі бағыттар халық ағарту жүйесін, оқу-тәрбие процесін интеграциялау, гуманитарландыру, интелектуалдандыру, индивидуализациялау және демократияландырудың ғылыми теориялық принциптерін ашу.
Қоғам өміріндегі тәрбиенің рөлі мен жеке адамның қалыптасуы туралы теориялық мәселелерді анықтау педагогиканың негізгі міндеттерінің бірі.
Білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін жасау, жалпы политехникалық және кәсіптік білім берудің арасындағы қатынасты анықтау, оқу-тәрбие процесін оптималдандырудың тиімді әдістерін ашу, ғылыми практикалық мәнін көрсету.
Сондай-ақ маңызды міндеттердің қатарына қоғамдағы мұғалімнің әлеуметтік орнын және оқу-тәрбие процесіндегі ұстаздық рөлі мен маңызын көрсету және еліміздегі үздіксіз педагогикалық білім берудің мазмұнын жасау, өздігінен білім алудың ғылыми практикалық негізін айқындау жатады.
Халық педагогикасының педагогика ғылымындағы орнын айқындау, рөлін көрсету және оның педагогикалық процесте жүзеге асырылу жолдарын айқындау.
«Педагогика» термині гректің екі сөзінен : «пайс»-балара және «егейн»-баланы басқару, тәрбиелеу, бағу ұғымдарынан шыққан.
Адам бүкіл өзінің өмірі бойында тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді.
Педагогика оқулығында, зерттеу еңбектерінде, анықтамалар мен энциклопедиялық сөздіктерінде педагогика ғылымына берген әртүрлі анықтамаларды кездестіреміз. Ең көп кездесетіні: педагогика тәрбие туралы ғылым деген анықтамалар. Ал педагогика пәніне берілген анықтамалар да әртүрлі. Педагогика пәні адамды адам етіп тәрбиелейді, педагогика пәні - тәрбиелік іс-әрекет, педагогика пәні- арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік сала.
Ең негізгісі педагогика тәрбие туралы ғылым. Әрбір ғылымның өзіне тән зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда «болмыс», «материя», «қозғалыс», саяси экономикада - «қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары», ал педагогикада - «тәрбие», «білім беру», «оқыту» ұғымдары жатады.
2. Педагогика ғылым жүйесі және оның басқа ғылымдармен байланысы
Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті. Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер ертедегі шығыс елдерінің (Египет, Вавилония, Үнді; Қытай) философиялық жүйесінде дамыды, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.
Ежелгі дүние философиясы ертедегі шығыс елдерінің жинастырған білім мұрасын ілгері дамытқан еді. Саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық проблемаларды қарастырады. (Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит) . Феодалдық қоғам тұсында тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгерді. Ерте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарастарының орнына «о дүниелік өмірге» дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты. (Монастрлық, мұсылман мектебі) .
XV-XVI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке басынаң тәрбиесі, оның дамуы ойшылдарды толғандырды. Сондықтан бұл кездегі мәдениет пен педагогикалық бағыт «гуманизм» деп аталады. (Ф. Ром, Т. Мор) . Гуманистер жаңа дәуір үшін жаңа адам қажет деді.
педагогика және балалар психологиясы пәндерін оқытумен тығыз байланыста жүргізіледі.
Педагогикалық пә ндерді_оқыту әдістемесі _курсының мақсаты:
- Болашақ мамандарды педагогикалық қолледжілердің, мектепке дейінгі мекемелердің сан-салалы жұмыстарымен, оқу-тәрбие істерімен таныстыру. Педагогика қажетті дағды мен іскерлікті, кәсіптік мінез-құлықты қалыптастыру.
- Болашақ мамандарды мектепке дейінгі мекемелер мен педагогикалық қолледжілердің оқу жоспарымен, білім мазмұнымен, бағдарламаларымен, оқулықтарымен таныстыру.
- Мектепке дейінгі педагогика мен Балалар психологиясынан оқу ісін ұйымдастырудың негізгі қалпы - сабақпен, оның типтерімен, түрлерімен, әдіс-тәсілдерімен, сабақтағы дербес жұмыстармен каруландыру.
- жаңашыл педагогтардың оқыту әдістерін шығармашылықпен пайдалану арқылы оқыту процесін жетілдіру.
- педагогикалық тәжірибенің мазмұнымен, тәжірибе кезінде жүргізілетін жұмыстың әдіс-тәсілдерімен, ғылыми-әдістемелік жұмыстармен қаруландыру аркылы болашақ мамандарды жан-жақты даярлау
К у рстың міндеттері : 1/Болашақ мамаңдарды педагогикалық; қолледжілердегі, балабақшалардағы оқу-тәрбие жұмыстары, олардың ерекшеліктерін таныту; 2/Тәрбиеші мен мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптарды игерту;
3/ Оқу, тәрбие жұмыстарының мазмұнын, әдіс-тәсілдерін жаңартып отыру;
4/ Өздігінен, дербес білімін жетілдірудің жүйесін меңгерту; 5/ Мұғалім, тәрбиеші туралы жазылған кітаптарды: Ы. Алтынсариннің, А. Қүнанбаевтың, А. Байтүрсыновтың, Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың, . Кебеевтің, Ш. Айтматовтың, А. С. Макаренконың, Н. К. Крупскаяның, Ф. Н. Гоноболиннің, Н. И. Болдыревтің, РЛембергтің, Т. Сабировтың, В. А. Сластениннің, Э. Шыныбекованың және жаңашьш-педагогтардың еңбектерін окып үйренуге, талдауға бағдар беру; 6/ Оқу процесінің мазмұнына ерекше мән бере отырып, оқу жоспарын, бағдарламаны, оқулықты талдау, педагогикалық, психологиялык, әдістемелік негізгі түсініктерді, заңдылыктарды игертіп, болашақ мамандардың дүниетанымын, ғылыми көз-қарасқа калыптастыру.
Әдебиеттер:
- Назарбаев Н. Ә. Қазақстан - 2030. Алматы, Үкімет жаршысы, 1998ж.
- Назарбаев Н. Ә. Қазақстан халқының әл- ауқатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты. Егемен Қазақстан, 2008ж, 7 ақпан
- Назарбаев Н. Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан, Астана, Мирас, 2007ж.
- Тілеуова С. С., Әліпбек А. З. Педагогика. Шымкент, 2006ж. .
- Тілеуова С. Жоғары мектеп педагогикасы. Шымкент, 2004ж.
Лекция-3. ЖОО дидактикасының жалпы негіздері
Жоспар:
- Дидактика туралы жалпы түсінік
- Оқытудың мәні, құрылымы және қозғаушы күштері
- Оқытудың принциптері
- ЖОО - дағы оқытудын әдістері
Мақсаты: ЖОО дидактикасының жалпы негіздері және дидактиканың қалыптасуы әсер етуші күш пен қағидаға тоқталу
1. Дидактика туралы жалпы түсінік
«Дидактика мұғалімге жалпы жол-жобакөрсетіп, жетекшілік етеді . . . сыннан өткен
тиімді деген жолдарды ғана нұсқайды». (Жүсіпбек Аймауытов)
Оқыту теориясы педагогиканың негізгі бөлімі болып есептеледі. Сондықтан бұл бөлімді оқыту теориясы деп атайды. Дидактика - гректің «дидактикос» деген сөзінен шыққан, білім беру мен оқытудың теориясы деген мағынаны білдіреді. Ол педагогиканың бір саласы ретінде көрінетін оқыту мен білім берудің мәселелерін шешуші жүйе болып табылады. Бірінші болып бұл сөзді неміс педагогы Вольфранга Ратке (1571-1635) , білім берудің мәні мен мағынасында өз еңбектерінде қолданған. Сонымен қатар дидактика мағынасын Я. А. Коменский «барлық білім беру әмбебап өнерінің бір жүйесі» ретінде қолданылған.
Қазақ сахарасындағы ғұлама ғалым - Әл-Фараби балаларды жүйелі оқытуды ұсына отырып, ең алдымен тіл мен логиканы, поэтика мен арифметиканы білу абзал, бұлар адамның ақыл - парасатына, мінез - құлқына игі әсер етеді деп білім мазмұнына көңіл бөлді. Әл-Фарабидің "Ғылымдар энциютопедиясы" атты трактаты шығыс пен батыс елдерінде кеңінен мәлім болып, 500 жыл бойы мектептерде ғылым бастамалары жөнінен негізгі бағдарлармалық жетекші құрал ретіндегі дидактикалық шығарма болды.
Қазақ даласындағы озық педагогикалық ойды жалғастырушылардың бірі - Ыбырай Алтынсарин еді. Ол К. Д. Ушинскийдің, Л. Н. Толстойдың, И. И. Паульсонкың педагогикалық көзқарастарын зерттеді. Ы. Алтынсариннің орыс тілі мен қазақ тілін жеке пен ретінде оқыту, белгілі жүйемен сабақ. жүргізу, оқу мазмұнын анықтау, түсініп оқу, оқу мазмұнын анықтауда баланың білім дәрежесін ескеру туралы пікірлері әлі күнге дейін бағалы.
Қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбаев оқыту ісінде жас ұрпақка жүйелі білім беру, ақыл - ойын дамыту, ана тілінде ғылыми білім беру, содан кейін ғана шет тілдерін оқытуға көшуді ұсынған, оқытуда құрғақ жаттау әдісіне қарсы болған, ол жастарды тәрбиелеу отбасында, мектепте және әдебиет арқылы іске асуы керек деп көрсеткен.
Білім таратудың тиімді жолдарын іздеп, ғылыми әдістемелік мақалалар жазған ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы болды. Ол еңбектерінде қазақ тілін оқытудың әдістемесі, оқыту ісіне керекті құралдар, оқу кітаптары, бағдарлама, бастауыш мектепте қазақ тілінде оқыту, содан кейін ғана орыс тілінде оқыту сияқты келелі мәселелерді көтеріп, тамаша пікірлер айтқан.
Жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу саласында педагог Жүсіпбек Аймауытов "Тәрбиешіге жетекші" еңбегінде бала оқытудың ережелерін, заңдарын, оқыту жүйесін көрсететін дидактика екенін, дидактиқаның оқытудың заңдары мен жолдарын қарастыратынын, ал әдістеменің жеке пәндерді оқытудын, әдістерін қарастыратынын және әдістердің үнемі дамып, жетіліп отыратынын атап көрсеткен.
Дидактика саласын қарастырып педагогика оқулығын жазған ұстаз - Мағжан Жұмабаев еді. Ол жалпы педагогика, әдістеме, мектенті басқару, педагогика тарихының басты - басты мәселелерін қарастырған.
Бүгінгі таңда дидактика теориясының негізін құрайтын М. Д. Даниловтың, М. Н. Скаткиннің, И. Я. Лернердің, И. Г. Огорбдниковтың, Л. Р. Занковтың, Д. Б. Элкониннің, Т. А. Ильинаның, Р. Г. Лембергтың, Т. С. Сабировтың, М. И. Махмудовтын, Ю. К. Бабанскийдің, И. Чередовтың, С. Ивановтың, В. Шаталовтың т. б. жаңашыл педагогтардың зерттеулері. Оқу ісінің аталған құрамды бөліктерінің бірі оқытуды жетілдіру міндеттерін шешуге бағытталған.
Оқыту - таным әрекетінің ерекше түрі және білім берудің негізгі жолы.
Дидактика философиямен, социологиямен, логикамен, физиологиямен, психологиямен, жеке пәндерді оқыту әдістемесімен, кибернетикамен, математикамен т. б. ғылым салаларымен байланысты. Философияның бір саласы - таным теориясы. Таным теориясы бізді қоршаған дүниені танып білудің негізгі зандылықтары мен әдістерін, формаларын зерттейді. Дүниені тануда екі түрлі: материалистік және идеалистік көзқарас өзара күресуде. Ғылым дүниені дұрыс бейнелейтін материалистік дүниетаным теориясы екенін дәлелдеді.
2. Оқытудың мәні, құрылымы және қозғаушы күштері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz