ҚАРАПАЙЫМ АМЕБА ЖАЙЛЫ
ҚАРАПАЙЫМ АМЕБА
Түщы суда, батпақты жердегі мүктер арасында тіршілік ететін амебалар
жалаңаш амеба және бақалшақты амеба түрінде кездеседі. Суретте денесінің
сыртында ба0алшағы болмайтын жалаңаш амебалар: шектелме амеба, қарапайым
амеба, айырма амеба, сәулелі амеба, шымыр амеба және кеп аяқты амебалар мен
сыртында бакалшағы бар бақалшақты амебалар бейнеленген. Амебалардың түрлері
өте көп, тек теңізде ғана тіршілік ететін, қайырылған теңіз түбіндегі
қалдықтар мен жыныстар арасынан бақалшақтары құрылысқа пайдаланылатын,
диаметрі 0,1 миллиметрден 20 сантиметрге дейін жететін ерекше бақалшақты
шұрыкденелілерді кездестіруге болады (оның кейбір түрлері суретте
бейнеленген) 1. Жалаңаш амебалар, бақалшақты амебалар және теңіз
тамыраяқтылар класс тармағына жатқызылады. Бұлардьщ дене пішіні, құрылысы,
тіршілік әрекетінде аздаған өзгерістер болғанмен, негізгі белгілері ортақ
болгандықтан, жалғанаяктылар класына топтастырылады. Біз осы кластың өкілі,
кез келген токтау суларды кездесетін қарапайым амебамен танысамыз.
Қарапайым амебаның тіршілігі, сыртқы құрылысы жәме қозғалуы. Бүл —
жалаңаш амебалардың едәуір ірі денелі түрі, оның дене мөлшері миллиметрдің
15—34 бөлігіндей болады Қарапайым амебаның негізгі мекені — су
өсімдіктерінің шіріген жапырағымен органикалық заттары мол суқойма
түбіндегі тұнба. Оның түрақты пішіні болмайды, денесі қоймалжың
цитоплазмадан және кішкене ядродан құралған біржасушалы біртұтас тірі
шырыштантан қүралады 2.Денесінің мөлшері ете кішкене болғандықтан,
қарапайым амебаның қүрылысы тек микроскоппен ғана анық көрінеді.
Біржасушаның ішіндегі цитоплазма үнемі козғалыста болады. Цитоплазманын
қозғалуы әсерінен амебаның денесінде ең алдымен томпақ пайда болып, ол
бірте-бірте созылады да, жалғанаяққа айналады. Амеба жалғанаяқтары арқылы
бір жерден екінші жерге жайлап қозғала алады. Жалғанаяқтар өсімдіктің
тамыры тәрізді болғандықтан, амебаша қозғалатын біржасушалы жәндіктерді
кейде тамыр-аяқтылар деп атайды. Амеба гректің сөзі, қазақша баламасы —
өзгергіш дегенді білдіреді. Жалғанаяқтар дененің әр жерінен пайда болып,
қайтадан жойылып тұратындықтан, амебаның дене пішіні үнемі өзгеріп тұрады.
Қоректенуі. Амеба денесінің кез келген жерінен пайда болатын
жалғанаяқтарымен тек қозғалып қоймай, қорегін (ұсақ балдырлар, бактериялар)
де қармайды. Қорек денеге тиген кезде цитоплазма өсінділері оны екі жағынан
орап алады. Цитоплазмадан сұйықтық тамшылары — асқорыту сөлі бөлініп,
қоректің түйірі орналасқан жерде вакуоль пайда болады. Вакуольдің ішіндегі
ас-қорыту сөлі қоректі ерітіп, денеге сіңіреді де, оның қорытылмай қалған
бөлігі дененің кез келген жерінен сыртқа шығарьшады. Сол кезде асқорыту
вакуолі 2 жойылып кетеді.
Тыныс алуы. Амеба суда еріген оттегімен бүкіл денесі арқылы тыныс
алады. Цитоплазмаға сіңген оттегі ондағы қоректік заттарды өте қарапайым
заттарға айырып, тотықтырады да, суға амеба денесіндегі көмірқышқыл газ
бөлініп шығады. Амеба денесіндегі тотығу нәтижесінде ағзаға қажетті, оның
тіршілік әрекетіне қажетті энергия бөлінеді. Денедегі заттардың тотығуы да
жануға ұқсас, бірақ одан айырмашылығы: жылу мен жарықты жалын ретінде
бөлмейді.
Зәр шығаруы. Зат алмасу туралы ұғым. Амебаның арнаулы зәршығару мүшесі
жоқ. Тіршілік әрекеті кезінде цитоплазмада әр түрлізиянды заттар да ериді.
Ол зиянды заттар амебаның бүкіл денесі арқылы сумен бірге цитоплазмаға
түседі. Зиянды заттар ерітіндісінен цитоплазмада көпіршік — жиырылғыш
вакуоль пайда болады. Микроскоп арқылы зер сала қарасаңдар, жиырылғыш
вакуольдің 1—5 минут сайын бірде үлкейіп, бірде кішірейіп тұрғанын
байқайсыңдар. Амеба вакуольге жиналған зиянды заттар ерітіндісін көпіршікті
жиыру арқылы мезгіл-мезгіл сыртқа шығарады. Сөйтіп жиырылғыш вакуоль
амебаның денесіндегі суды, сонымен бірге ерімей қалған қоректік зиянды
заттарды дененің кез келген жерінен сыртқа шығарып, цитоплазманы уланудан
сақтайды, яғни зәр шығарады. Суда еріген оттегінің амеба денесінде тотығуы,
оттегінің зиянды заттарға дейін қоректі тотықтыруы химиялық өзгеріс болып
табылады. Ағзадағы барлық зат атаулылардың және энер-гияның өзгеруі, яғни
химиялық реакциялардың жиынтығы зат алмасу деп аталады. Табиғаттағы кез
келген тіршілік иесі өз денесінде және айналадағы ортада зат алмасу
құбылысы тежелсе, одан әрі тіршілік ете алмайды. Зат алмасу арқылы қоректік
заттар ыдырап, энергияға айналады да, бейорганикалық заттардың қосылыстары
жинақталған кезде басқа заттар түзілу арқылы жасушаның әрекеті күшейе
түседі.
Көбеюі. Амебалардың көпшілігі жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбею
амеба денесінің екіге тең бөлінуі арқылы өтеді 3.Бұл кезде алдымен
амебаның ядросы екіге белінім, ді-псті соіылады да, жаңа пайда болған бір-
бір ядромен екі жаққа ижырайдм. Пайда болған екі жасушаның — екі жас
амебаның біреуінде ғана бұрынғы жиырылғыш вакуоль сақталады, екіншісінде
ондай вакуоль жаңадан түзіледі. Сөйтіп, амеба бөліну арқылы көбейеді.
Циста түзуі. "Циста" грекше "кистис", яғни "қаптама" дегенді білдіретін
сөз. Қолайсыз жағдайға тап болған кезде амебаныңденесі жұмырланып, сыртын
қалың тығыз қабат қаптайды да, қоректенуін тоқтатады 4.Осындай тығыз
қабықша циста деп аталады. Цисталанған амеба суқойманың суы суалса да,
айналадағы температура күрт өзгерсе де төзеді. Цистадағы амеба жел арқылы
басқа суқоймаларға оңай таралады.
ҚАРАПАЙЫМДАРДЫҢ ТІРШІЛІК МАҢЫЗЫ
Біржасушалылардың басым көпшілігі паразит жәндіктер болып табылады.
Мұндай қарапайымдар әдетте адам мен жануарлардың әр тұрлі мүшелерінде,
қанында паразиттік жолмен тіршілік етеді. Сондықтан өте көп таралған
біржасушалы қарапайым жәндіктердің әсіресе адам мен жануарлар үшін қауіпті
өкілдері карастырылады.
Қантышқақ амебасы. Суқоймаларда болатын амебалардан басқа адам және
жануарлардың ішек жолында мекендеп, паразиттік жолмен тіршілік ететін
түрлері бар. Солардың бірі — қантышқақ амебасы 10. Ауру адамның тоқ ішекке
түскен қантышқақ амебасынан өте қауіпті ауру — қантышқақ пайда болады.
Қантышқақ амебасы ішектің қабырғасындағы сілемейлі қабықшаны бүлдіріп,
іштен қан аралас түзіліс бөледі де, дене әлсірейді. Қантышқақ амебасы
ішектің бүлінген ұлпасымен және қанның қызыл түйіршіктерімен қоректенеді.
Сөйтіп, ішектің қабырғасында асқынған жара пайда болады.
Лас су көзі, азық-түліктік заттар, жидектер — қантышқақ ау-руының
жұғуына себепші негізгі жағдай. Қантышқақпен ауыратын адамның тәулігіне 300
млн шамасында циста ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz