Педагогикадан дәрістер жайында


Лекция-1. Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесінің дамуы
Жоспар:
1. Қазақстандағы ЖОО білім беру жүйесіне сипаттама
2. Қазіргі білім беруде интеграциялық процестер
3. Білім беру жүйесін ақпараттандыру
Мақсаты: . Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесінің дамуы туралы түсінік беру
Болашақ мұғалімдер мен тәрбиешілер сабақта педагог еңбегіне кажетті арнаулы білім, іскерлік жэне дағдыны менгереді. Бұларды игерту оқу үрдісінін басты міндеті. Мұғалім осы міндепі іске асыру барысында оқушылардын. танымдық әрекетін, жаңа білімді белсенді қабылдап, жақсы істеліуін қамтамасыз ету үшін сабақтың әр кезеңінде оқытудын сан түрлі әдістерін пайдаланады.
Сабақтын жаңа білімлі хабарлау кезеңінде лекция, баяндау, әңгімелеу, эвристикалык әңгіме, экскурсия, бақылау, эксмеримент, көрнекілік, тәжірибелік және педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді оқу сиякты т. б. әдістерді қолданады. Мұғалім жаңа такырыпты өту, оқыту әдістерін тавдап, жоспар жасағанда: жаңа жадығаттьщ мазмұнынын. ерекшелігін, оны кабыдцауға оқушылардын даярлығын, баланың ойьг мен есін дамытудағы ыкпалын ескереді.
Мұғалім жаңа білімді хабарлаудан бұрын оқушыларға сабақтың танымдық міндеттерін айтып, тәжірибелік мәнін ашады. Оқушыларды дербес ойлауға, өздігінен қорытынды жасауға бағыттайды. Білімді саналы түсініп қабылдау үшін жаңа такырыпты оқушылардың өздеріне талдату, оны пайдалануға жаттықтыру. әңгіме, сұрақ-жауап, сонымен қатар білімін тексеру және бағалау әдістерін де қолданады.
Берілетін жадығаттын. ғылымилығы, мұғалімнің терең білімі мен шешендігі, логикасынын, нақтылығы, сөзінің жаңаылығы мен эмоцияналдығы, дауыс ырғағы мен сеншділігі оқушыпіардың жаңа білімді дұрыс қабылдауын қамтамасыз етеді. Жаңа такырпптын, өткенмен, өзге пәндермен байланыстылығы есксріліл, білім мазмұнында тәжірибеден, өмірден мысалдардың келтірілуі, көркем шығармалар мен педагогикалық туындшіардан үзінділердің болуы такырыпты қызықты, тартымды, түсінікті етеді. Сабақ үстінде қойылатын проблемалық, риторикалык сұрақтар оқушылардың ой белсенділігін тудырып, жауап беруге тартады.
. Сабақта мұғалім жеке оқушылардьщ және бүкіл кластын жұмысына көңіл бөледі, олардың дара ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескереді. Сонымен бірге оқушылардың жазу дәптерлеріне де ұқыпты қарап, оған қызықты мысалдар мен мәліметгерді, терминдер мен түсініксіз сөздерді сауатты жазып отыруын кадағалайды.
Жаңа жадығатты бекіту. Бұл кезеңде мұғалім оқушылардың оқу жадығатын берік есінде сактап, саналы түсінуін ойластырады. Өйткені ол - сабақтың мәнді бір буыны. Сол сабақтың үстінде жаңа жадығатты қайталау - алғашкы бекіту деп аталады. Жаңа білімді түсіндіру, хабарлау, әшімелесу әдісімен жүргізілсе, онда арнайы бекіту жүргізілмейді, арнайы уакыт бөлінбейді. Әдетте, жаңа жадығатты бекіту кезеңіне - 8-10 минут уакыт бөлінеді.
Сабақты бекіту барысында бір-екі логикалык есеп шығарту, сабақ конспектісін талкылау, сюжетгі - рольді ойынды талдау сиякты жұмыстар жүргізу пайдаланылады. Өйткені бұндай жұмыстар жаңа білімді қолдануды қажет етеді.
Кейде мұғалім бекіту жұмысын лекцияның жоспарын жасатау, әңгіме қүрастыру, сөзтізбек жасату түрінде де өткізеді. Немесе сабақтын. соңында кинофильмнен үзінді көрсетіп, оны түсіндіріл айтып отыруды оқушыға тапсырады, көріп, тьшдап болған сон, бәрі талдап, бекітеді:
Бұндай тапсырмалар оқушыдан жаңа білімін пайдалануды қажет етеді, ал мұғалім оқушынын ой саптауын, жаңа білімді қолдануын бағалайды.
Сабақтын, бекіту тәсілінін әр түрлілігі оқыту процесін қызықты, тиімді етеді және оқушылардык үй тапсырмасын орындауына үлгі болады.
Окүшылардын білімнін тексеру және бағалау олардың күнделікті жүйелі бпіім алуына, оны толыктырып отыруына мүмкіндік тудыратын оқу процесінін қажетті Болашақ мұғалімдер үшін қиын міндеттердін. бірі - оқушылардың білімін тексеру мен бағалау әдістерін игеру.
Оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудың мақсаты -оқытудың жоғары сапалылығын анықтауды қамтамасыз ету. Білім тексеру мен бағалау үш түрлі қызмет аткарады: бақылаушылык, білімдік және тәрбиелік.
- Білімді тексеру мен бағалаудын бақылаушылық қызметі - оқушылардың /жеке оқушының және класс ұжымның/білім, іскерлік, дағдысының қаншалықты дәрежеде қалыптасқанын бақылау, сараптау.
- Білімді тексеру мен бағалаудын. білімдік қызметі - оқушылар класта игерген материалын қайталайды, жаттығады, бір-бірінін жауаптарын есту аркылы олар жаңа мәліметтерді меңгереді, сабақка белсенді араласады, сөйтіп білімін, іскерлігі мен дағдысын саналы бекіте түседі, есінде ұзақсактауға мүмкіндік алады.
- Білімді тексеру мен бағалаудың тәрбиелік қызметі - оқушыларды тәртіптілікке, реттілікке, жауапкершілікке, жүйелілікке баулиды, зейінін, ерік - қайратын меңгере білуге дағдыландырады.
Білімді тексеру мен бағалау жүйелі, дұрыс ұйымдастырылса, оқушыларды үнемі дайындалуға, ізденуге ынталандырады, өзін-өзі тежеуге, сынауға, өз қабілетін байқауға, менмендігінен арылуға, кемшілігін сезіп, жетістігіне куануға, сенуге үйретеді.
Педагогикалық қолледжілерде оқушылардың білімін тексеру мен бағалау күнделікті жүргізіледі. Тексеру - білімді үздіксіз бақылаудын бір түрі және арнаулы пәндерді оқытуды жетілдірудің әдісі. Орта арнаулы оқу орындарында білімді тексеру жеке-дара және топпен жүргізіледі.
Білімді тексерудін, қалыптасқан түрлері:
- Алдын ала тексеру.
- Күнделікті тексеру.
- Тақырыптык тексеру.
- Мерзімді тексеру.
- Қорытынды тексеру.
- Оқушылардын білімін алдын-ала тексеріп, есеике алуда мұғалім оның жалпы даярлығын, пән туралы түсінігін, нақты такырып туралы білімін байқады. Жаңа білімді хабарлауда (жушынын. бар біліміне сүйенеді.
- Күнделікті білімін тексеру әр сабақта іске асады /Жаппайжәне жеке тексеру/. Бұл оқушының ерік - қайратын, шыдамдылығын дамығын, жауапкершілііске үйретеді, оқу материалын ұмыттырмайды. Ақыл-ой әрекетінің тиімді тәсілдерін игертеді.
- Тақырыптық тексеру оқушылар күнделікті білімін бекітіп, бір жүйеге келтіріп, тақырыптың бір-бірімен өзара байланыстарын белгілеуге мүмкіндік тудырады.
- Мерзімді тексеру пәннін. үлкен тарауын қайталауғамүмкіндік береді. Ол бақылау жұмысын жазу, шығарма, мазмұндама, диктант жазу түрінде өткізіледі.
- Қорытынды тексеру жиі аяғында барлық өткен жадығаттарды қайталау түрінде ұйымдастырылады. Бұған семестрлік, жылдық есеп берулер, мемлекеттік емтихандар да енеді. Түгел курс бойынша бағдарламаны, қосымша әдебиеттерді калай игергенін, теориялық білімді ирактикалык есеитерді шығаруда қолдана ала ма, жоқ па, соны байқатады.
2. Оқушылардың күнделікті және қорытынды білімдері тексеріледі. Күнделікті білімін тексеру сабақтың ұйымдасгыру кезеңінек кейін, немесе жаңа білімді түсіндірумен қатар жүргізіледі. Мұғалім күні бұрын жосііар жасайды, білімін тексеретін оқушыны белгілейді, тексерудің жолдарын, түрлерін нақтылайды. Өйткені материалды дұрыс игергенін тексере отырыи, оқушының білімін терендету, кеңейту, дәлелдеу мақсатын да қояды. Білімді тексеруде мұғалімнің сұрақ коюынын да үлкен мәні бар /қосымша сұрақ., жетекші сұрақ. - нақты, дәл болуы жөн/. Оқушылардың жас ерекшелікгері де ескеріледі. Мысалы: 1-курстың оқушылары талдау, жинақтау, салыстырудан гөрі фактілерді санап айтып беруге ыңғайлы. Сондықтан оларға фактілерді, кұбылыстарды салыстыруды көбірек беру керек. Мысалы: нәрестелер мен бөбектердің дамуындағы ерекшеліктері салыстыру, ересек, естиярлар тоитарының бағдарламасын салыстыру, әр топтағы балалардын күн тәртібінің айырмашылығын салыстыру т. б.
Бөбектер мен сәбилердің ойын сабақтарының түрлерін, олардың тыңдайтын музыкалық шығармаларын немесе еңбектерінің түрлерін салыстыру т. б. Мұғалім түгел класты тартады, оқушылар бір-бірінін жауаптарын толыктырады, талдайды, талкылайды, жауапты мысалдармен бекітеді. Бәрі бірігіп педагогикалық, -психологиялык есентерді шешеді. Жауаптарын талкылау, оқушының біліміне қойылған бағанын дұрыстығын дәлелдейді, оқушы біліміне қойылатын талаптың дұрыстығына көздерін жеткізеді.
Оқушылардың мектепке дейінгі педагогика мен балалар психологиясынан алған білімін, игерген дағды мен іскерлігін жүйелі тексеру, сұрау, бақылау, бағалау, оларды оқуға талпындырып, ынталандыру үшін қажет. Ол ауызша, жазбаша, аралас сұрақ түрінде сабақтың әр түрлі кезеңдерінде өткізеді. Оқушышардың білімін, дағдысын, іскерлігін тексеріп, бағалан, есепке алу - көп қырлы үрдіс, сондықтан да ол әр түрлі ауызша, жазбаша, сұрақтар, тапсырмалар, жаттығулар, педагогик ситуациялар тудьгру, педагогикалық есеитер шығарту арқылы іске асырылады. Оқушының білімін бағалау жеке ерекшелігін, білім мазмұнын, жауабынын шығармашылык сипатын ескеріп, әділ өтуге тиіс.
2. Жаппай сұрауда көптеген оқушылар тартылады. Жаппай ауызша сұрау сөзсіз есте сакталатын такырыптарға өткізіледі. Әрі жеке оқушы, әрі көпшілік оқушылар сұралады.
Бүнда оқушылардың көпшілігі белсенді араласады. Әйтсе де мүғалімнің оқушы білімін бағалауы әділ бола бермейді, салыстырмалы түрде ғана бағаланады.
3. Тығыздатылған сұрау - бір мезгілде бірнеше оқушы сұрақка шақырылады. Біреуі ауызша жауап беріп жатқанда, екіншісі жазбаша жұмыстарды орындайды, үшіншісі карточкамен, төртіншісі оқулықпенжұмыс істейді, бесіншісі тәжірибе жасайды. Бұл әдіс кең таралуда. Қиыншылығы: 1/тапсырманың оңайлығы, қиындығы әр баланың жеке ерекшелігіне байланысты болуы керек. Өйтпеген күнде уакыт көп кетеді; 2/ тәрбиелік жағынан кемшілік тудырады; Оқушылардың бір-біріне "Кеңес беруі", "Сыбырлауы", жалпы класта шу тудырып, оқушылардын. көңілін аландатады.
Үйге берген жазбаша тапсырманы тексеру әрі окытады, әрі тәрбиелейді, әрі жадығатты қайталайды. Кейде ауызша тексерудін. өзі де жеткілікті. Оның есесіне
Жалпы бiлiм беретiн мектептiң мынадай негiзгi мiндеттердi шешуi керек:
- қоғамдық құбылыстар мен табиғат ортаны танып бiлудiң ғылыми - методологиясы негiзiнде дүниеге диалектикалық-материалистiк көзқарасы қалыптасқан, өз мүддесi мен қоғамдық мүделерді ұштастыра бiлетiн, зиялы, адамгершiлiгi мол, денсаулығы мықты жеткiншектi тәрбиелеу;
- жеке тұлғаның өзiн-өзi тәрбиелеп дамуына, бiлiмiн арттырып жетiлуiне көмектесу, сондай-ақ оқытудың сан алуан тиiмдi формалары мен әдiстерiн барынша кең қолдану арқылы әрбiр оқушының бойына үнемi оқып-үйренсем деген iзденiмпаздық қасиет дарыту, оларға бiлiмiн өздiгiнше толықтырып, тереңдету тәсiлдерiн үйрету;
- оқушылардың адам, табиғат, қоғам туралы ең қажеттi жалпы бiлiммен қаруландыру, бiлiм беруде политехникалық және қолданбалы бағытты күшейту және т. б
Бiлiм беру мазмұны оқу жоспарларында, оқу бағдарламаларында, оқулықтарда белгiленiп және нақтыланатын болса, олардың бiреуiндегi өзгерiс, бiлiм беру мазмұнындағы өзiнi» кјлемiн сақтап қалу үшiн басқа құраушыларының мазмұнын жетiлдiрудi талап ететiнi белгiлi.
Сонымен қатар, бағдарламада жұмыс тәсiлдерiн механикаландыру туралы түсiнiктер, пәнаралық және пәнiшiлiк байланыстар, демонстрацияланатын объектiлер, кәсiптiк бағдарлауға байланысты мағлұматтарды беру сипатындағы жұмысшы мамандықтарының кейбiр түрлерi реттiлiкпен келтiрiлуi оқушылардың политехникалық дайындығын дұрыс жолға қояды, яғни оқыту процесiнде белгiлi нұсқаулар жасайды.
СҰРАУЛАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
- Педқолледжі мұғалімдерінік сабақтарын бақылау.
- Үй тапсырмасы сабақтың кай кезеңінде беріледі?
- Үй таисырмасын түсіндірудің жоадары?
- Үй тапсырмасының орындалу мерзімі?
- Қыска мерзімді, ұзак, мерзімді дербес тапсырмалар?
- Оқушылардын. дербес ғылыми-әдістемелік жұмыстары?
Лекция-2. Педагогика ғылымының жалпы мәселлері.
Жоспары:
- Педагогика ғылымының зерттеу объектісі, пәні оның негізгі компоненттері
- Педагогика ғылым жүйесі және оның басқа ғылымдармен байланысы
Лекция мақсаты: Педагогика ғылымының негізгі ұғымдарын меңгеру. Педагогиканың басты ерекшеліктерін, міндеттерін ашып көрсету, методологиялық негізін анықтау арқылы, педагогиканың басқа ғылымдармен байланысын дәлелдеу.
Негізгі ұғымдар: Педагогика, жеке адамның дамуы. Тәрбиелеу, білім алу, оқыту. Педагогикадағы пәнаралық байланыс. Педагогиканың метологиялық негіздері. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері.
Пәнаралық байланыс: Тарих, этнопедагогика, жалпы психология т. б.
Лекцияда пайдаланылатын көрнекі құралдар: Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысын көрсететін №1 кесте.
Педагогика ғылымының алдында тұрған міндеттердің күрделілігі біздің қоғамымыздың барлық саласында жүріп жатқан қайта құру процесінен туындайды.
Қоғамның экономика мен саяси жүйесіндегі жаңаша ойлау, халықтың рухани байлығын жандандыру, адам факторын жетілдіру мәселелері үздіксіз білім берудің біріңғай жүйесінің ғылыми негізін анықтаумен байланысты шешіледі.
Педагогика ғылымы алдындағы басты міндеттердің бірі - үздіксіз білім берудің біріңғай жүйесін жасау.
Педагогика ғылымындағы негізгі бағыттар халық ағарту жүйесін, оқу-тәрбие процесін интеграциялау, гуманитарландыру, интелектуалдандыру, индивидуализациялау және демократияландырудың ғылыми теориялық принциптерін ашу.
Қоғам өміріндегі тәрбиенің рөлі мен жеке адамның қалыптасуы туралы теориялық мәселелерді анықтау педагогиканың негізгі міндеттерінің бірі.
Білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін жасау, жалпы политехникалық және кәсіптік білім берудің арасындағы қатынасты анықтау, оқу-тәрбие процесін оптималдандырудың тиімді әдістерін ашу, ғылыми практикалық мәнін көрсету.
Сондай-ақ маңызды міндеттердің қатарына қоғамдағы мұғалімнің әлеуметтік орнын және оқу-тәрбие процесіндегі ұстаздық рөлі мен маңызын көрсету және еліміздегі үздіксіз педагогикалық білім берудің мазмұнын жасау, өздігінен білім алудың ғылыми практикалық негізін айқындау жатады.
Халық педагогикасының педагогика ғылымындағы орнын айқындау, рөлін көрсету және оның педагогикалық процесте жүзеге асырылу жолдарын айқындау.
«Педагогика» термині гректің екі сөзінен : «пайс»-балара және «егейн»-баланы басқару, тәрбиелеу, бағу ұғымдарынан шыққан.
Адам бүкіл өзінің өмірі бойында тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді.
Педагогика оқулығында, зерттеу еңбектерінде, анықтамалар мен энциклопедиялық сөздіктерінде педагогика ғылымына берген әртүрлі анықтамаларды кездестіреміз. Ең көп кездесетіні: педагогика тәрбие туралы ғылым деген анықтамалар. Ал педагогика пәніне берілген анықтамалар да әртүрлі. Педагогика пәні адамды адам етіп тәрбиелейді, педагогика пәні - тәрбиелік іс-әрекет, педагогика пәні- арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік сала.
Ең негізгісі педагогика тәрбие туралы ғылым. Әрбір ғылымның өзіне тән зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда «болмыс», «материя», «қозғалыс», саяси экономикада - «қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары», ал педагогикада - «тәрбие», «білім беру», «оқыту» ұғымдары жатады.
Педагогикалық ұғымдардың бірі - тәрбие.
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі болып табылады.
Барлық тәрбие салалары: жанұя, мектепке дейінгі мекеме, оқу-тәрбие орындары, еңбек ұжымы, информация құралдары, баспа орындары.
Тәрбие - белгілі жоғары мақсатқа бағытталған процесс: а) жас ұрпақтың рухани дене күштерін дамыту; ә) ғылыми материалистік дүниетануды қалыптастыру; б) қоғам өміріне, қоғамдық өндірістің белгілі саласына қатысуға дайындығы болу міндетін қамтиды. Тәрбие аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тәжірибені беру процесі.
Білім беру - бұл ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, оның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік т. б. қасиеттерді қалыптастыру, адамның шығармашылық күші мен қабілетін дамыту.
Оқыту - оқушы мен мұғалімнің мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі. Бұл процестің барысында білім беру, тәрбие беру және адамның дамуы, оның білім алуы жүзеге асырылады.
Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс.
Педагогиканың анықтамасының құрамына: «тәрбие», «білім беру», «оқыту» ұғымдарымен қатар «өздігінен білім алу» ұғымын да аламыз.
Өздігінен білім алу - бұл адамның мақсатқа бағытталған арнайы міндет көздеген жұмысы, өздігінен білім алу адамның мақсатқа бағытталған арнайы міндет көздеген жұмысы, өздігінен білім алу адамның өзі қызығатын мәселеге байланысты ізденіп, қажетті білімді меңгеруі, сонымен қатар, арнайы радио телехабарды тыңдау арқылы білімін жетілдіру болып табылады.
Сонымен бірге адамның «жетілуі», «дамуы», «өзін-өзі тәрбиелеу» ұғымдарымен бүгінгі педагогика өзінің зерттейтін проблемаларының шеңберін толықтырады.
Жеке адамның дамуы - бұл ішкі және сыртқы басқаратын, басқармайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның дамуына, жетілуіне мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие мен оқыту шешуші роль атқарады.
Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. Өзін-өзі тәрбиелеу - адамның сапалы түрде белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.
Педагогикада бұл негізгі ұғымдардан басқа көптеген түсініктер мен тұжырымдар бар. Мәселен, білім, іскерлік, дағды, әдіс, тәсіл, құралдар, жұмыс формалары, қағида т. б.
Тәрбие педагогикалық кең мағынада - бұл мақсат көзделінген процесс, қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілерінің басқаруы мен жүргізілетін процесс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырады. Жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын кешенді факторларды пайдалана отырып, ерекше әдіс-тәсілдерді оқлданады.
«Тәрбие» термині тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, мәселен адам тіршілігін немесе эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.
- Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаны қоршаудың сонымен бірге тәрбиешілердің арнайы бағытталған іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыруды айтамыз.
- Тәрбие қоғамдық құбылыс. Тәрбие адмды қоғам өміріне сай қоғамдық еңбекке дайындауды әлеуметтік қажеттіліктен туған объективті процесс. Сондықтан да тәрбие ежелгі заманнан бастап, қоғамдық еңбек сипатында болып келеді. Қоғамның дамуы, қоғамдық қатынастардың өзгеруі тәрбиеге өз әсерін тигізіп отырады.
Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті. Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер ертедегі шығыс елдерінің (Египет, Вавилония, Үнді; Қытай) философиялық жүйесінде дамыды, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.
Ежелгі дүние философиясы ертедегі шығыс елдерінің жинастырған білім мұрасын ілгері дамытқан еді. Саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық проблемаларды қарастырады. (Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит) . Феодалдық қоғам тұсында тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгерді. Ерте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарастарының орнына «о дүниелік өмірге» дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты. (Монастрлық, мұсылман мектебі) .
XV-XVI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке басынаң тәрбиесі, оның дамуы ойшылдарды толғандырды. Сондықтан бұл кездегі мәдениет пен педагогикалық бағыт «гуманизм» деп аталады. (Ф. Ром, Т. Мор) . Гуманистер жаңа дәуір үшін жаңа адам қажет деді.
Феодализмнен капитализмге өту дәуірінде дін шырмауындағы ғалымдар дамып жеке бөлініп шыға бастады. Чех халқының ұлы педагогы Я. А. Коменский, Швейцария педагогы Демокрит, И. Песталоцци т. б. Олар XVI ғасырдағы прогрестік позицияларды ұстады.
Я. А. Коменский (1592-1670)
Д. Локк (1632-1704)
Д. Дидро (1713-1784)
Ж. Руссо (1712-1778)
И. Песталоцци (1746-1827)
1. Педагогикалық байқау. Бұл педагогикалық зерттеулерде қолданылып жүрген ең көп тараған әдіс. Байқау, ең алдымен, тәжірибе деректерін жинау мақсатын көздейді, байқалатын объектілерді бөліп алып, әдетте фактілер мен белгілерді тіркеп отыратын күні бұрын жасалған жоспар бойынша жүргізіледі.
2 Әңгімелесу әдісі. Педагогикалық зерттеу әдісі ретінде өз алдына дербес қолданылады және байқау әдісі мен толықтырылып отырады. Әңгіме әдісі күні бұрын белгіленген жоспар бойынша анықталуға тиісті Зерттеу мақсаттарына сай жүргізіледі. Әңгімелердің барысы, мазмұны толық бағаланады. Пропорционалды, қорытындысы жасалады.
3. Интервью алу әдісі. Бұл әдіс педагогика әңгімелесу әдісінің бір түрі социологиялық зерттеулерден ауысқан. Айырмашылығы интервью алған кезде алдын ала белгіленген сұрақтар, әңгімелесушінің жауаптары жазып алынады.
4. Сұрақ сауал әдісін қолдануда зерттеліп отырған проблемаға байланысты көпшілік пікірін білу және осы ұжымдағы әр түрлі қасиеттердің, көңіл-күйлердің т. б. мәселелердің объективті деректері, субъективті салыстыру анықталады.
5. Мектеп құжаттарын зерттеу әдісі. Бұл әдіс оқушының жеке іс қағаздарын, медициналық карталарын, сынып журналдарын, оқушы күнделіктерін, жиналыстар мен мәжілістердің хаттамаларын оқып үйрену, талдау, жинақтау мақсатында қолданылады.
6 Педагогикалық эксперимент әдісі. Зерттеу әдісінің педагогикалық тиімділігін анықтау түсу мақсатына сай жұмыстың қандай да болсын әдістері мен жолдарын зерттеу үшін арнаулы ұйымдастырлатын әдіс. Педагогикалық эксперименттің мынандай түрлері бар: табиғи эксперимент, лабораториялық эксперимент, іздеу мақсатын көздейтін эксперимент.
7. Педагогикалық процестерді модельдеу. Модельдеу педагогикада кибернетикалық идеялар мен әдістерді пайдаланумен байланыста, олар негізінен алғанда қарапайым деңгейде, яғни, озат тәжірибені қорытуға, қарапайым материалды жинап сипаттауға және оны алғаш рет өңдеп, жүйеге келтіруге педагогикалық зерттеу дәрежесін көтеруге көмектеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz