ТАРЫ ЖАЙЛЫ



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ТАРЫ
Аса бағалы азыктық дакылдың бірі тарыны өндіруді арттыра түсу елімізде
астық молшылығын жасаудын жолы.
Тары жарма, сөк үшін өсіріледі. Сөктің түсімі сортына, жыл жағдайына
және өсірілетін облысына байланысты дән салмяғының 70—87% шамасында ауытқып
отырады. Сөкте орта есеппен: крахмал—81, белок—12, ,май—3,5, күл—1,45,
келтчатка—1,04 және қант—0,15% болады. Кеш егілуіне байланысты тарыны
қыстан нашар шыққан күздік бидайға немесе ерте егілген жаздық астықтардын,
ауа райына байланысты қайта себу үшін сақтық қоры ретінде пайдаланады.
Тарынын. өнделгеннен кейінгі қалған калдығы мал үшін таптырмайтын азық.
Тарының сабаны және топаны өзінің сапасы жағынан шалғындық пішен мен
қарайлас.
Тары дақылының ерекшелігін ескеріп, тиісті агротехникалық шараларды
уақтылы орындағанда жақсы өнім алуға болады. Мысалы, бүкіл елімізге
белгілі болған данқты тарышы Шығанақ Берсиев (Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,
Құрман колхозы) бірнеше жыл бойы тарыдан мол өнім алып, дүние жүзілік ие
болды, ол әр гектардан 1940 жылы—125 ц, 1941 жылы, ц, 1942 жылы—175 ц, ал
1943 жылы—4 гектар участоден өнім алды. Ақтөбе облысы Қарабұтақ
ауданындағы Шевченко атындағы совхоздың бригадирі Т. В. Алексеевич 1100 га
тарының әр гектарынан 18,3 ц астық, ал Ленин ауданыныц XVIII партсъезд
совхозының бршадирі Ширяев И. П. 560 гектар тарының әр гектарынан 24,8 ц
өнім алды.
Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Тарының көптеген түр
тармағы болады, олар бір тектес бес түрдің ішінe кіреді: шашыранды, сопақ,
тармақты, Тарының дүние жүзінде 71 туыстасы, 1400 түрі бар. Бізде оның 31
түрі тараған.
Тарының сабаты тік, қалың болып өседі, гүлденген кезде шашақ тастайды,
ал тамыр жүйесі тарам-тарам шашақты болып келеді де өсіп шығатын түбірі тек
біреу ғана болады. Тары тамыры жан-жағына 1 м-ден астам, ал тереңдігі 1,5 м-
ге дейін тарайды, бірінші жылы өте баяу өседі, сондықтан арамшөппен жақсы
күресе алмайды. Тарының тамыры түптенгенге дейін тәулігіне 2 см, ал
түптеуден бас жарғанға дейін 3 см өсіп отырады. Ал гүлдену кезеңінде тамыры
өсуді тоқтатады. Көп жағдайда құрғақшылыққа байланысты өсімдіктің негізгі
тамырының пайда болуы тоқтап қалады да, соның салдарынан түптелу буындары
мен тамыр мойны тірек таба алмай, көбіне топырақ бетіне шығып, жалғыз
түбірге ілініп тұрып қалады. Тары көктеп шыққаннан кейін 15—20 күннен кейін
түптену басталады. Топырақтың температурасы 15—20 градус болса, түптену
қарқыны жақсарады. Тары жапырағының ұзындығы 18—25 см, ені 1,2—4 см-ге
дейін болады. Тарының гүл шоқтарының ұзындығы 10—60 см болады. Шашақтану —
өсімдіктің түптенуінен 20—28 күн өткеннен соң басталады.
Тары шашағының түріне қарап, қандай түрге жататынын жіктеуге болады.
Сонымен, тарыны мынандай түр-тармаққа жатқызуға болады: жайма бұтақты,
есілмелі, жартылай түйіршікті. Тарының масағы жалаң, жұмыртқа тәрізді әрі
домалак, арқасы қусырылған қылтанақсыз келеді. Ұзындығы 3—6 мм, ені 2—4 мм.
1000 дәнінің массасы 4—9 грамм. Тары құрғақшылыққа төзімді келеді, өйткені
ол өсіп-даму кезеңінде суды үнемдеп пайдаланады. Тарының тұқымы 8—10°
жылылықта өте баяуда болса көктей бастайды, тұқымның өсуі үшін ең колайлы
жылылық —20—30°.
Тарының көктеп шыққан көгі болар-болмас суықтықтың өзі-не шыдамайды,
2—3° суықта көгінің ұш жағы үсиді де қурап кетеді.
Тары ыстыққа өте төзімді дақыл, ол 38-400 дейінгі температураға төтеп
береді және солмайды. Тарыны арамшөптен тазарған, топырақ құрылысы жақсы,
кұнарлы жерге сепкенде жақсы өнім алады. Тары кысқа күндік өсімдік, оның
көпшілік сорттарының өсіп-даму кезеңі шамамен 90—120 күн болады. Өсіп өну
кезіндегі орта тәулік температураның қосындысы 2200°С болады.
Сорттары. Ауа райы және топырақ жағдайына байланысты аудандастырылған
сортты себу — болашак, мол өнімнің кепілі.
Қазақстанда таралған тары сорттары мыналар: Саратовское 853, Долинское
86, Саратовское 3, 6, Старт, Уральское 109, Саратовское —6.
Топырақты өңдеу және себу. Тары үшін ең қолайлы алғы дақыл дәнді
бұршақ, күздік бидай (пардан кейін егілген), жүгері, көпжылдық шөп. Негізгі
астықты аймақта тары пардан кейін екінші немесе үшінші дақыл болып егіледі.
Топырақты өңдеу. Тарыны себу үшін топырақты өңдегенде негізгі ескеретін
жағдай арамшөптің толық құртылуы, топырақта ылғал сақталуы, топырақ беті
тегіс болуы, тұқымы қажетті тереңдікке сіңірілуі тиіс.
Топырақты өңдеу мынадан тұрады: алғы дақылдаи кейін сыдыра жырту,
тыңайтқыш енгізу, негізгі және егу алдындағы өндеу. Сыдыра жыртылғанша
кейін көпжылдық арамшөп шығатын болса қайталап сыдыра жырту. Бұл үшін
қолданатын сыдыра жыртқыштар ЛДГ—15A, ЛДГ—10A, ЛДГ—5А. Механикалық
құрамы орташа топырақта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Сиер” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Күздік бидай және қара бидай
Жаншылған сұлы жармасы
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАРЫНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
ХIX ғасырдың ортасы – ХХ ғасырдың басындағы орталық Қазақстан қазақтарының материалдық мәдениетіндегі ерекшеліктері
Тары дақылының биологиялық ерекшеліктері
Қыпшақ хандығы жайлы
Ғұн тайпасы
Өсiмдiк шаруашылығы туралы
Пәндер