Этнопедагогика пәні бойынша дәрістер
Мазмұны
1. Алғы сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
2. Жалпы мәліметтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Курстың мақсаты мен міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5. Жұмыс оқу жоспарынан
көшірме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6. Оқу сабақтарының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
7. Студентке арналған ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып
бойынша бөліну кестесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
9. Лекция
сабақтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .
10. Семинар сабақтарының
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
11. ОБСӨЖ жоспары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
12. СӨЖ
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
13. Пайдаланатын әдебиеттер мен web сайттар
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . .
14. Студенттердің білімін бақылау түрлері (тест, бақылау сұрақтары т.б)
15. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі ... ...
9.Лекция сабақтары
1- лекция. Тақырыбы: Этнопедагогика пәні , оның оқытудағы
әдістері мен мәні.
Жоспары:
1. Этнопедагогика ғылымына кіріспе.
2. Халық педагогикасы мен этнопедагогиканың, халықтық психология мен
этнопсихологияның өзара байланысы мен ортақтастығы.
3. Халықтық педагогика –тәлім тәрбиелік ой- пікірлердің ілкі бастауы.
Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасуы.
Лекция мақсаты: Этнопедагогика ғылымының негізгі ұғымдарын меңгеру;
этнопедагогиканың басты ерекшелігін және міндетерін ашып көрсету.
Лекция мәтіні (қысқаша):
Этнопедагогика –белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар
дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы. Этнопедагогика ғылымы екі саладан
тұрады:халықтың ауыз әдебиеті мен салт дәстүрінен құралған ауыз әдебиеті
ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім – тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі.
Ғылымда жеке бір халықтың, тайпаның этностық ерекшеліктерін айқындайтын
ғылыми салаларына “этнос” түбірі қолданылады (этнография, этнопсихология,
этнопедагогика т.б.)Қазақ этнопедагогикасының негізгі саласы –халық
педагогикасында өрнекті ұғым -әдеп. Әдеп –этика ғылымының “этика”деп
аталатын алкен саласының ұлттық мәдениетке тән қисында баламасы.
Әдеп, яғни жеке ғылым саласыретінде әлемнің Бірінші, Екінші ұстаздары
Аристотель мен Әл Фарабидің еңбектерінде әр қырынан баяндалып, көркемдік
мәнді білдіретін ұлағатты сөз ретінде әдептілік пен имандылық,
мейірімділікті білдіретін іс-әрекеттердің, ізгі мінез-құлықтардың көркем
көріністерінен түйсіндіретін ұғымдардың атауы болып табылады.
Эстетиканың өмірлік, тұрмыстық, адами қарым-қатынастық саладағы алтын
өзегі-әдеп. Әдеп сөзінің мәні қазақ тіліндегі ұлттық қолданыста
халқымыздың мәдени рәішін ұғындырады. Әдеп-ұлттық педагогиканың, яғни
қазақт этнопедагогикасының алтин арқауы, тәлімдік кредосы.
Қазақ этнопедагогикасының қайнар-бұлағы біздің заманымызға дейінгі
дәірден бастау алады.
Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмірге, еңбекке икемдеп , тәрбиелеп
келгені көпке аян . Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми –теориялық заңдары
бар педагогика ғылымы өмірге келгенше де адамзат тәрбие ісімен айланысып
бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бірақ халық жадында мәңгі сақталып,
ұрпақтан –ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет,өнеге, қағида
болып тарап келген білім-білік, тәлім-тәрбие беру тағлымдары бар.Ол
халықтық педагогика деп аталады. Халықтың педагогика салт-дәстүр, жол-жора
ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсімдері мен ауыз әдебиеті үлгілері,
ұлттық ою-өрнек, өнер түрлері, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден
басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала берді бүкіл халықтың қарым-
қатынастан берік орын алған тәлім-тәрбиенің түрі, адам мінезін , іс-
әрекетін қалыптастырудың белгілі нормасы болып табылады. Олай болса,
халық педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап)
белгілі сатыларынан өтіп, ғылым педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ
тәрбиесінің бастау бұлағы, педагогиканың құралы болып, тәрбие жүйесінің
қызметін атқарып келгенін байқаймыз. Яғни, осыдан келіп ғылыми педагогика
мен халықтық педагогиканың тәрбие тәсілдеріндегі сабақтастығы, принциптік
–идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі әлемдік аренаға жеткен ғылыми-
педагогика халықтық педагогикадан бастау алып, он ғылыми теориялар мен
қағидалар тұрғысынан жан – жақты зерттеп, қарастырып өз қажетіне
жаратады. Осы қажеттіліктен келіп халықтың эмпирикалық тәжірибесіне
негізделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары-халықтық педагогиканы ой елегінен
өткізіп зерттеп, тәрбие мен оқу ісінің өзекті құралы етудің жолдарын
және оның шығу, даму кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктерін, және оның
шығу, даму кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктерін, басқа ғылымдармен
байланысын зерттейтін педагогиканың ғылыми бір саласы этнопедагогика
пайда болды.
2.Халық педагогикасы мен этнопедагогиканың, халықтық психология мен

Академик Н.Г. Волковтың пікірінше, халықтық педагогиканың ерекшелігі:
оның адам баласының дүниеге келген күннен бастап бірге жасасып келуінде ;
адамдардың қоғамды құруда, қошаған ортаны- табиғаты өзіне икемдеп
игеруінде; еңбек тәрбиесінің алғашқы адамдар өмірінде басты рөл
атқаратыны, тәрбиенің басқа түрлерінің кейін туғандығы, халықтық тәрбие
жөніндегі қағидалары өмірлік тәжірибеге негіздеген эмприкалық білім болып
келуі; оның ұлттар мен ұлыстардың жазу мәдениеті шықпай тұрған кезінде
пайда болып, халық арасында ауызша тарауы, сондықтан да оны шығарушы
авторларының аты-жөні халық жадында сақталмай, бүкіл халықтық мұраға
айналып кетуі, халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі озық тәжірибелері мен ой
түйіндері сол халықтың ой-тілегімен, арманымен ұштасып келгендіктен, озық
үлгілерінің мәңгі сақталып, ал тозығының біртіндеп тәрбие жүйесінен шығып
қалуы; халық педагогикасы өнерге, еңбекке негізделгендіктен, үнемі
жетілдіру, ұшталу үстінде болуы; сон дай-ақ халық педагогикасының ғылыми
жүйеге теорияларға құрылмай, жеке бастық тәрбиенің озық үлгілеріне және
оның нәтижесіне құрылуы; тәрбие тәжірибесінің ғасырлар бойы жалғасып келуі,
алғашқы тәрбие түрлерінің қоғамда бөлінбей тұтас түрінде берілуі ( мысалы,
қол, би, музыка өнерлерінде ой еңбегі мен дене еңбегі, ақыл-ой тәрбиесі мен
еңбек тәрбиесінің бірге ұштасып келуінде) деп саралай көрсетіп келеді де,
“халық педагогикасы ру, тайпа,ұлттар мен ұлыстардың ұрпақты тәрбиелеу
тәжірибесінде негізделіп, халықтың тәрбие құралдары (салт-дәстүр, әдет-
ғұрып, ойын түрлері, ауыз әдебиеті үлгілері)арқылы іске асыруға құрылса, ал
этнопедагогика теориялық ойларға ғылымға негізделеді. Ол халықтың
этнографиялық салт-дәстүрін, тұрмыс тіршілігін педагогикалық, логикалық
ғылыми жүйе тұрғысынан зерттеп қарастырады...Яғни, халық педагогикасы
ғылымға шикі материял даярлаушы мәліметтер көзі болып табылса, сөйтіп
педагогика ғылымына қызмететушінің рөлін атқарса, ал этнопедагогика
халықтың бала тәрбиелеу тәжірибесін, педагогикалық мәдениетін зерттеп оның
прогрессивтік үлгілерін бүгінгі оқу- тәрбие ісіне жаратудың жолдарын ғылыми
тұрғыдан қарастырады”.

Этнопедагогика мен этнопсихологияның ортақ белгілері.
Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар:
оның құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының,
территориясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің , әлеуметтік
психологиядағы сол ұлтқа тән кейбір этникалық ерекшеліктерінің ортақтастығы
болып табылады.
Ұлттық психологиялық құрылым мен ұлт мәдениеті арасында тығыз
байланыс бар. Ұлттық психикалық ерекшелік ұлт мәдениетінің түрлерінен
көрініс береді. Мысалы, біз ән күйлерді, билерді тыңдай отырып, немесе ою-
өрнекті, зергерлік әшекей заттарды көріп, оның қай ұлтқа тән екенін бірден
айырамыз.
Ұлттық психологиялық құрылым ерекшелігі адамдардың әулеттік қарым-
қатынасынан, киім-киюінен, спорттық ойын түрлерінен немесе ұлттық
тұрмыстық салт-дәстүрлерден (келін түсіру, қыз ұзату, қонақ күту, өлік
жөнелту рәсімдерінен т.б.), ұлттық тағам түрлерінен байқалады.
Әдебиет- тәрбие құралы. Әуелі жеке дарындардың дуалы ауыздарынан
шығып, кейін он халық құрап қастерлеп,жаттап жадында қалдырып, ғасырлар
бойы өңдеп, өркендетіп қадірлеп қалыптастырып, асылым деп. ақыл санасына
сіңірген ауыз әдебиетінің үкілі үлгілері-мәдени мұрамыздың ең құнды
қазынасы. Ол-ұрпақ тәрбиесінің күн сәулесіндей әсерлі нұрымен от алатын ой
тамызығы болып, жанды жалындататын, қиялды қиянда-татын, ақыл-сананың
айшықты көріністерін бейнелейтін қасиетті, киелі мұра.
Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама,
тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілі, ойды, дамытып,
тәлім-тәрбие беріпдүние танытатын этнопедагогикалық ғаламат туындылар. Бұл-
халық педагогикасының алкен бір саласы. Жалпы педагогика ғылымының негізі
халық педагогикасында жатыр.Халық педагогикасының бұл саласын
этнопедагогиканың және педагогиканың барлық салаларында ғылыми, іс-
әрекеттік негізде пайдалануға болады. Ал, халықтың марал-мәтелдері
педагогикамен қатар, философиялық дәрістердің де түсініктемелеріне арқау
бола алады.
Бақылау сұрақтары:
1.Халық педагогикасы мен халықтық психологияның өзара байланысы мен
ортақтастығы
2.Этнопедагогиканың, мен этнопсихологияның өзара байланысы мен
ортақтастығы.
3.Халықтық педагогика –тәлім тәрбиелік ой- пікірлердің ілкі бастауы деегнді
қалай түсінесіз..
4. Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасуы.
2- лекция. Тақырыбы: Этнопедагогиканың шығуы мен дамуының тарихы.
Жоспары:
1. 1.Ежелгі түріктердің (Орхон-Енисей) жазу ескерткіштері қазіргі ғалым-
ойшылдардың еңбектері этнопедагогиканың негізгі арнасы.
2. 2.XV-XIX ғ.ғ. қазақ ақын-жырауларының (Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз,
Ақтанберді , Бұхар т.б.)тәрбие мектебі.
Лекция мақсаты: Ежелгі түріктердің жазу ескерткіштері туралы
түсініктерін кеңейту.
Лекцияның мәтіні(қысқаша):
Ұлы Түркі қағанаты орта ғасырларда адамзат өркениетінің қалыптасуына
аса зор үлес қосқан, сол дәуірдегі дамыған мемлекет болған. Қағанаттың
пайда болуы бір – бірінен ыдырап, бөлшектеніп кеткен дала халықтарының,
тайпалардың бастарын қосты, тұрақты мәдениеті мен ғылымы дамыған бүгінгі
түркі тек тес халықтарға ортақ мәдениеттің қалыптасуы мен жасалуына,
сонымен қатар әлемдегі аса қуатты, саяси империяның қалыптасуына ықпалын
тигізді.
Көне мұралардың ішіндегі бізге кеңірек мәлім болғандары Орхон-Енисей
бойынан табылған, тасқа қашалып жазылған VI-VIII ғ.ғ. ескерткіштер : түркі
көсемі Білге қаған, Күлтегін батыр мен ақылгөй Тоныкөк құрметіне қойылған
құлпытастар. Оларда ұлы Түркі қағанаты халықтарының тұрмысы мен салты,
мәдениеті мен жауынгерлік жортуылдары айшықты да мәнерлі тілмен өсиет сөз
үлгісінде баяндалады. Бұларда қазіргі қазақтардың сөз саптау үлгісіне жақын
шешендік өнердің дәстүрлі формалары айқын байқалады. Ортағасырлық түркі
тілді әдибиеттің таңдаулы туындыларынан да ұшыраспайтын бұл жазуларда
тәңірінің “Жарлығымен” болатын бектер мен қара халықтың қағанға адал
берілгендігі, қағандардың қараларды билеп-төстеуі жайында сөз қозғалады.
Мәселен, “Егер сен, түркі халқы, өз қағаныңнан, өз бектеріңнен, өз
отаныңнан жырақ кетпей, бірге жүрсең, сен өзің де бақытты өмір сүресің,
өзіңнің отбасыңда болсаң, ешнәрседен мұқтаждық көрмейсің... ” деп., бек пен
қара халықты бірлікке шақырады.
Ежелгі түркілердің ауызекі поэзия дәстүрі бізге IX ғасырда ғұмыр
кешкен әнші, әрі сазгер небір тамаша күй шығарған Қорқыт атаның есімін
жеткізді. Ол адамзат өмірінің соншалықты қысқалығына наразы болып, пен де
атаулыны ажал құрығынан құтқармақ болды. Қорқыт өзінің жанын жегідей жеген
ой-сезімдерін –қазалы жанның үрейін, өлімнен қашып құтылудың амалын
қобыздың азалы күйімен , поэзиялық көркем тімен баяндайды.Ол эпос
үлгісіндегі поэзиялық мұра ретінде біздің дәірлерімізге жетті. Онда Сыр
бойын мекендеген көшпелі тайпалардың тұрмысы мен әдет-ғұрпын, Діни наным-
сенімдерін бейнелейтін мәліметтер көптеп кездеседі. Олар тәлімдік жағынан
да аса қызықты дерек болып табылады. Мәселен, “Анадан өнеге көрмеген қыз
жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман... Менмен, тәкаппар адамды тәңірі
сүймейді... Ақылсыз балаға ата дәулетінен айран жоқ... қонағы жоқ параша
үйден құлазыған түз артық ...”деп келетін Қорқыттың нақыл сөздері өз мәнін
күні бүгінге дейін жоймай келеді.
2.XV-XIX ғ.ғ. қазақ ақын-жырауларының (Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз,
Ақтанберді , Бұхар т.б.) тәрбие мектебі.
Қазақ ұлтының даму мен қалыптасуына зор үлес қосқан хандар мен
сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар: Жәнібек, Керей, Асан
Қайғы, Мұхаммед-Хайдар Дулати,Қадырғали Жалайыри, Қасым, Есім, Хақназар,
Тәуекел, Тәуке , Қазтуған, Ақтанберді, Шал, Әнет, Төле, Қазыбек, Әйтеке,
Әбілқайыр, Абылай, Бұқар, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Сырым
т.б. көптеген адамдар болды. Аузы дуалы ақылгөй жыраулар мен шешен билер
жалпы жұртқа өнегелі сөздерімен,өлең –жыр толғауларымен зор ықпал
етіп,халықты ел боуға,берек елі бірлікке шақырып, қоғамдық өмір сахнасына
шыға бастады.
Қазақ жырауларының толғау тебіреністері, қанатты сөздері өзінің
тәлімдік шарапаты жағынан ғана емес, сонымен бірге рухани, эстетикалық,
отаншылдық мәні жағынан да аса маңызды болды. Жыраулар жауынгерлік заманда
хандар мен бектердің, қолбасшы батырлардың ақылгөй кеңесшісі болып, жорыққа
бірге аттанды, ру –тайпаларына басшылық етті, сұрапыл қанды майдан
көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шепіт болған батырларды
жоқтап, ел қайғысын бөлісті.
XV-XVII ғасырлардағы жыраулар шоғырынан өздерінің тәлімдік идеяларымен
Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар жырау секілді дала философтары ерекше
көзге түскен еді. Халқының қамын жеп , оның береке-бірлігін, келешегі
бағытын, көгерер күнін аңсаған Асанқайғы өз отандастарының алғағы тағдыры
не болмақ деген толғаныспен күн кешті. Содан да болар, ел аузында оның
есіміне “қайғы” деген ат қосылып аңызға айналды.
Қазақтың халық педагогикасының ең алғашқы іргетасының қалана бастауына
негіз болған Асан Қайғының, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри,
Қазтуған, Шалкиіз, Үмбетай, Сыпыра, Доспамбет, Бұқар, Жиембет, Марғасқа
т.б. көптеген ақын-жыраулардың шығармаларын атап өткен жөн.
XV-XVII ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын-жырауларының поэзиясынан
ғасырлар сырын, халықтың салт-ддәтүрін, ой-арманы мен тілек мақсатын айқын
аңғарамыз. Өйткені, жыраулар толғауларынан халықтың небір нәзік сырлары,
мұң-мұқтажы, ой-толғанысы, қуаныш-сүеніші, келер ұрпаққа аймар өнегелі
өсиеті өзекті орын алған. Яғни олар халықтың тәлім-тәрбие мектебінің
ұлағатты ұстаздарының ролін атқарды.
Қазақтың тәрбие мектебі –ақын жазушылар мен билердің өсиеттері,
ғибраттары және халық марал-мәтелдері, тыйым сөздері мен ұлттық салт-
дәстүрлері, әдет-ғұрпы десек артық болмайды. Халақтық осы қағидалар шын
мәнісінде жас ұрпақ түгілі ересек адамдарға да алкен әсерін тигізді, ұлттың
сана –сезімін оятты, тәлімдік-тәрбиелік, танымдық мектебіне айналды. Жалпы
XV-XIXғ.ғ. ақын жыраулар поэзиясын сөз еткенде олардың халық үшін еткен
еңбегіне, ой қиял өрістеу өресіне, қимыл, әрекет-ісіне қарай үш топқа бөліп
жауынгер жыраулар:(Доспанбет, Жиенбет, Ақтанберді, Махамбеттер); мәмілегер
(Асан Қайғы, Сыпыра жырау, Үмбетей, Бұқар); тәлімгер (Шал, Базар,
Майлықожа) жыраулар деп шартты түрде жіктеуге болады. Ақын жыраулар өлең
–жырларымен де, өнегелі ісімен де халыққа белсене қызмет етіп ел ұйытқысы,
тәлім-тәрбие мектебінің ұстазы бола білді.
Бақылау сұрақтары:
1.Ежелгі түріктердің (Орхон-Енисей) жазу ескерткіштері этнопедагогиканың
негізгі арнасы деегнді қалай түсінесіз?
2. Қазіргі ғалым-ойшылдардың еңбектері этнопедагогиканың негізгі арнасы
қалай түсінесіз?
3.XV-XIX ғ.ғ. қазақ ақын-жырауларының (Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз,
Ақтанберді , Бұхар т.б.)тәрбие мектебі қалай түсінесіз?
3 – лекция. Тақырыбы: Қазақ этнопедагогикасының ғылыми – теориялық
мәселелері.
Жоспары:
1.Этнопедагогикалық түсініктемелерге ғылыми анықтамалар.
2.Этнопедагогика мен этнопсихологияның ортақ белгілері.
3.Қазақ этнопедагогикасының өзіндік белгілері.
Лекция мақсаты: Халық педагогикасы мен этнопедагогиканың айырмашылы және
ортақтастығын, өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру.
Лекция мәтіні(қысқаша):
Тарихи –педагогикалық әдебиеттерде Халық педагогикасы деген ұғымды
зерттеушілер бір-біріне қарама-қайшылық төрт тұрғыдан қарастырып жүр .
олардың біріншілер халықтың санасына тән рухани құбылыс (феномен) деп
қараса ,екіншілері әрі халықтың педагогикалық тәжірибесі, ал үшіншілері
халықтық педагогикалық ойлары мен іс-әрекетінің бірлігі , төртіншілері
халық тәрбиесі туралы ғылым деп қарайды .
Халықпедагогикасының теориялық негіздерін зерттеуші ғалым
Е.Л.Христова халық педагогикасын – халықтың таптық педагогикалық санасы
деп , ал дәстүрлі педагогиканы –белгілі ұлттық педагогиканың санасы
ретінде қарастырады .
Зерттеуші педагог Г. С. Виноградов халық педагогикасын халықтың
педагогикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырып , білім
мен дағдылар жиынтығы деген пікірді құптады .
Г. Н. Волков тұңғыш рет этнопедагогика деген ұғымды енгізді .
Этнопедагогика- халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжрибесі
туралы, олардың педагогикалық көз қарастары туралы ғылым . Этникалық
педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді
зерттейді... Халық педагогикасы –халықтық ауыз әдебиетінде, салт-
дәстүрлерінде ,ырымдарында , балалар ойындары мен оцыншықтарында мәнгі
қалған педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелу тәжірибесінің жиынтығы.
Халық педагогикасы – халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру үшін
пайдаланылатын педагогикалық мақсаттың, міндеттердің, әдіс-құралдардың,
тәсілдердің, жиынтығы мен өзара байланысы “дей келе “ бұл білім мен
мағұлматтар, әдетте, ауызша таралады. Оның зерттеу тақырыбы – тәрбие,
ал тәрбие обьектісі- адам, тұлға – дейді Г.Н.Волков (16,16).
Ал педагог және философ ғалым Г.Н. Филоновтың анықтамасы бойынша:
Халық педагогикасы – жергілікті халықтың қабылдаған тәрбиелеу әдіс-
тәсілдері. Бұоар ұрпақтан –ұрпаққа өмір барысында білім мен дағдылар
арқылы жалғасып отырады. Халық педагогикасы қоғамдық технологияның
жалғасуын бағыттап отырады. Халық педагогикасы моральдық заңдар мен
салттарда көрініс табады
Педагогикалық энциклопедиялық сөздікте: “Халық педагогикасы
дегеніміз –ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ
тәрбиесіндегі ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің, мәдени ойлау
прцесінің эмпирикалық негіздегі озық үлгілерінің жиынтығы. Халық
педагогикасының негізгі түйіні еңбек тәрбисі және өндірістік білім,
дағды, шеберліктерді жас ұрпақтың бойына дарытып, адамгершілік,
имандылық рухында тәрбие беру ”- деген анықтама берілген. Осы
анықтаманы ғылыми дұрыс анықтама деп санауға болады.
Ал академик А.К. Конның басшылығымен 1983 ж. Педагогика
баспасынан шыққан этикалық сөздікте әдет-ғұрып дегеніміз- белгілі
бір қоғамда немесе коллективте белгілі бір тарихи жағдайға
байланысты адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тәртіптің түрі.
Салт пен дәстүрдің айырмашылығы неде дегенге келсек, салт адам
өмірінің күнделікті тіршілгінде (отбасынан бастап қоғамдық өмірдегі
қатынаста) жиі қолданылатын мінез –құлық, қарым-қатынас ережелері мен
жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы. Ол жеке адам өмірінде еңбек іс
әрекет, адамгершілік, құқы, діни ережелермен байланысты көрініс
береді де, біртіндеп ауыл-айма, ру тайпаға ортақ рәсімге айналады.
Ал дәстүрдің өрісі салттан әлдеқайдак кеңірек. Дәстүр қоғамдық
сананың барлық салаларымен байланыста дамыған , топтасқан қауымның
қалыптасқан бірыңғай көзқарасын әдет-заңын марапаттайтын ритуал. Ол
ғылымда әдебиетте, мектепте, халытық ортақ өнерде немесе қоғамдық
қатыраста ал салт қоғамдық психологияға жақын. Мәселе, үлкенді
сыйлау, қонақжайлық-дәстүрлер. Олар көптеген салттардан, ырымдардан, жол-
жоралардан, рәсімдерден тұрады.
Салт-дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып,
бірге дамып келе жатқан тарихи және көне прцесс. Ол м ұрпақ
тәрбиесінен, мәдени тұрмысы мен шаруашылық тіршілігінен көрініс бере
отырып, адамның дүниеге келуімен бірге өрбіп, о дүниеге атанып
кеткенше құндақтайтын, тербететін алтын бесігі іспеттес.
Дәстүр үшін өткен дәуірде қалыптасқан көзқарас пен іс-
әрекеттің мәдени мұра ретінде сақталып, бүгінгі күнге жетуі қажет.
Философия ғылымының докторы, профессор Н. Сәрсенбаев өзінің
әдет-ғұрып , дәстұр және қоғамдық өмір атты еңбегінде (73) әдет-
ғұрып пен дәстүрдің қоғамдық өмірден алатын орнына , атқаратын
қызметіне философиялық тұрғыдан талдау жасап: Дәстүрге әдет-ғұрыптың
өткен қоғамнан қалған озық түрлері мен тұрмыстық формалары, ырым-
жоралары, рәсімдер кіреді - дейді.
Екіншіден дәстүр әдет-ғұрыптың жинақталған, көпшілікке ортақ
салтанатты түрде қолданылаиын түрлері мен рәсімдерін де қамтиды.
Үшіншіден, дәстүрге қоғамдық сананың ғылым мен әдебиеттегі,
көркемөнер мен саясаттағы бағыттары енеді. Мысалы, біз Пушкин, Горький,
Абай, Науаилардың әдеби мұраларын зерттеушілерді солардың әдеби
дәстүрін жалғастырушылар деп, ао ғылымда Ломоносов, Менделеев, Павловтың
ілімдік дәстүрін жалғастырушылар деп атаймыз.Дәстүр –тарихи
тұрақтанған, қоғамдық қарым-қатынастық нормада бір ұрпақтан екінші
ұрпаққа жалғасып жататын көпшілік қоғам мүшелеріне ортақ әдет-
ғұрыптардың жинақталған түрі.Дінмен байланысты туған ырымдардың адамды
имандылыққа, тазалыққа тәрбиелеуде прогрессивтік мәннің болғанын, оның
халықтың табиғат-жаратылыс жөніндегі түсінігі төмен, өзін қоршаған
ортаға эмпристік көзқарасы басым кезіндегі түсінік, наным сенімнің
елесі екенін жасыруға болмайды.
2. Этнопедагогика мен
этнопсихологияның ортақ белгілері.
Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті
факторлар: оның құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс
жағдайларының, территоиясы мен экономикалық өмірінің , тілі мен
мәдениетінің, әлеуметтік психолдогиядағы сол ұлтқа тән кейбір
этникалық ерекшелігінің ортақтастығы болып табылады.
ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ҚҰРЫЛЫМЫ
Салт
Дәстүр
Кәделер
ғылымда
әдебиетте
өнерде
әскерде
Жол-жора
Ырым
Ұлттық психологиялық құрылым ерекшелігі адамдардың әулеттік
қарым-қатынасынан, киім киюінен, спорттық ойын түрлерінен немесе ұлттық

жөнелту рәсімдерінен т.б.), ұлттық тағам түрлерінен байқалады. Ұлттық
психикалық құрылым үш бөліктен тұрады: ол ұлттық сезім, салт-дәстүрлер
және ұлттық мінез. Осы үш бірлестік ұлттық мәдени ерекшеліктің шартты
белгілері болып табылады.
Ұлттық сезім –дегеніміз- адамдардың туған жерге, өскен елге, ана
тіліне, ұлттық салт-дәстүрлерге деген сүйіспеншілікті білдіруі. Ұлттық
сезім адамды қоршаған ортаның әлеуметтік экономикалық, мәдени және
жаратылыс құбылыстарының сол ұлт өкіліне тартқан ерекше табиғи сыйы.
Ұлттық салт-дәстүрлерге ана тіліне деген сүйіспеншілікті,
ұлттық өнер түрлерін: ән-күй, зергерлік қол өнері, ұлттық ойын мен
спорттың түрлерін, ұлттық тағамды, киімді, мерекелерді, тарихи
ескерткіштерді т.б. жатқызуға болады. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып
, сұрыпталған әдет –ғұрыптар, жол жоралар,көзқарас түсініктер жатады.
Ұлттық мінез адам мінезінен іс-әрекетінен көрінетін тұрақты
құбылыс. Ұлттық мінез осы ұлтқа тән темпераменттік психикалық рухани
сапасымен ерекшеленіп көзге түседі
3. Қазақ этнопедагогикасының өзіндік белгілері.
Ұшы –қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің сан
ғасырлар бойғы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін
жинақтап, ұлттың өзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдерін
туғызды. Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік
–экономикалық жағдайына , мәдениетіне , тарихына орайлас жас буынға
тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тіліктерін дүниеге әкелді.
Әр ұлттың өзіне тән тіршілік кәсібі ,тарихы мен мәдениеті бар.
Ол мәдениет сөйлеу тілінен, ойлау жүйесінен айқын көрініс табады. Сондай
–ақ, ұлттық мәдени ерекшелік сол халықтың өмір сүру тәсілінен, діни
–наным сеніміне, әдет-ғұрпына, салт-сансы мен дәстүрінен өзекті орын
алады.
Қазақ халқының психологиялық ой толғанысының бірінші ерекшелігі ол-
тұспалдап, мақалдап, тақпақтап, сөйлеу, жыр, терме, толғау, айтыс өнері
арқылы көзге көріну.
Халық педагогикасының негізгі мақсаты- өзінің бай тарихи
тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбек сүйгіштікке, өнерге баулу,
отбасы, ауыл- аймақ, Отанның ар- намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы
азамат тәрбиелеу.
Ақын-жыраулардың дүниетанымы мен философиялық бағыттары жайлы әрі
ғалым, әрі ақын Ә.Тәжібаев: “Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Бұхарлар айтқан
толғаулардың бізге жеткен бөліктеріне қарап отырсақ, тыңдаушысын теңіздей
шайқайтын терең ойлардың толқынында жүзгендей сезінеміз”. Жыраулардың
поэзиясында келелі сөз болған мәселе- адам проблемасы. Қазақ ұғымындағы
“Ердің құны жүз жылқы”, “Ер елі үшін туады, елі үшін өледі”, “Ерді намыс
өлтіреді” деп, ерлікке ерекше баға беру, ердің құнын адамгершілікпенен , ар
–ожданменен өлшеу ұғымынан көп жоғары.
Қазақтың ұлттық философиясының екінші гносеологиялық танымдық
ерекшелігі- ата мекен, ел-жұрт мәселесі жөніндегі көзқарасы.
Мәдениетті деп саналатын кейбір жұрт өкілдері туған жерін отаным деп
есептемейді. Өскен, кәсіп еткен жеріне отаным деп қарайды. Ал біздің қазақ
жұрты кіндік қаны тамған жерін, ата-баба әулетінің мәйіті жатқан жерді
ерекше қадірлейді. Оны тастап кетуді өлім санайды. Ақындардың “Кіндік
қаным тамған жерім - ауылым” деп әндетуінде “Отан - оттан ыстық”, “Отансыз
ер - бұралқы итпен тең” деп қарауында философиялық үлкен ой жатыр.
Қазақ философиясының өзіндік үшінші ерекшелігі – ана тілінее, сөз
өнеріне ерекше ден қойып, жоғары баға беруінде. “Өнер алды қызыл тіл” деп
ұққан ата- бабамыз “от тілді, орақ ауызды” ділмәр шешендердің өсиет
сөздерін, табан аузында тақпақтап айтқан мақал- мәтел афоризм сөздері мен
ақындардың терме, толғауларын жазу- сызусыз жаттап, жадында сақтап, қаз
қалпында біздің дәуірімізге жеткізген.
Қазақтың ұлттық филисофиясының төртінші ерекшелігі- ұлттық базисі
болып есептелетін көшпелі өмірмен, мал шаруашылығымен тығыз
байланыстылығы. Тіршіліктің тұтқасы төрт түлік малда деп ұққан қазақ малды
жанмен бірдей санаған.
Халқымыздың сан ғасырлық ұрпақ тәрбиесі халықтың салт- дәстүрлер
мен ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделгенімен, оның да өзіндік мақсат-
мүдделері, негізгі қағидалары бар.
Бақылау сұрақтары:
1.Этнопедагогикалық түсініктемелерге ғылыми анықтамалардың мәні.
2.Этнопедагогика мен этнопсихологияның ортақ белгілері қандай?
3.Қазақ этнопедагогикасының өзіндік белгілерін ата.
4- лекция. Тақырыбы: Халық тәлімінің тарихи кезеңдері.
Жоспары:
1. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу жөніндегі тәжірибесі.
2. Ұлы Түркі қағанаты және оның тәлімділік- танымдық мұрагерлері.
( VI-IX ғ.ғ. ) Араб- шығыс мәдениетінің қазақ даласына тарауы, орта
ғасыр
оқымыстыларының тәлімгерлік ой- пікірлері. (X-XVғ.ғ.)
3. Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тіәлім- тәрбие (Жыраулар поэзиясындағы
ойлар). Ресей отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы ұлт- азаттық
қозғалыстар және ағартушылық- демократиялық идеялардың өркен жаюы.
4. Кеңестік дәуірлегі қазақ педагогикасының ғылым ретінде дамып
қалыптасуы.Егеменді Қазақстан Республикасында ұлттық тәлім- тәрбиенің
қайта жандануы.
Лекция мақсаты: Қазақтың халықтық педагогикасының даму кезеңдері туралы
түсінікті қалыптастыру.
Лекция мәтіні(қысқаша):
Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу жөніндегі сонау көне ғасырлардан келе
жатқан тәжірибесін, қазақ хандығы құралған кезеңнен (14-15 ғ.ғ.) бастап
қарастыру, тарихи- әлеуметтік тұрғыдан алып қарағанда дұрыс емес. Өйткені
кешегі өткен тарих беттері- Шығыс мәдениетінің қайнар көзі болып саналатын
ұлы Даланы мекендеген түркі тектес халықтардың, одан әрі ғұндар мен
сақтардың бір елді, бір жерді мекендеп, оны сыртқы жануарлардан қорғап, бір
тілде сөйлеп, бір дінге сеніп, әлем мәдениетінің қалыптасуына теңдесі жоқ
үлес қосып, бүгінгі түокі халықтарына ортақ мәдениет пен тарихтың көне
бастауы болғанын бүгінгі ұрпақ өмір тәжірибелерінен көріп отыр.
Зерттеуші ғалымдар, А. Қасымжанов, Ж. Алтаевтың: “Біз тарихқа 14-
ғасырдың басынан бастап қазақ деген етпен енсек те, мың жылдық мәдениеті,
философиясы, әдебиеті, тарихы бар халықпыз...” деген ғылыми тұжырымдары
жоғарыда айтылып кеткен ойларымызға дәлел болып тұр.
Қазақ халық педагогикасының тарихын адамзат дамуының қоғамдық құрылыс
кезеңдеріне сай, біздің ойымызша, 8 кезеңге бөліп қарастыру қажет. Оны мына
кестеден көруге болады.
Бірінші дәуір Б.д.д. тас, қола Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәрбие
замандары
Екінші дәуір Б.д.д. VII-II Сақтар мен гундердің жауынгерлік тәрбиесі
ғ.ғ.-б.д. V ғ.
Дейін
Үшінші дәуір VI-IX ғ.ғ аралығыҰлы түрік қағанаты кезіндегі тәлім-тәрбие
Төртінші дәуірX-XV ғ.ғ. арлығы Араб-шығыс мәдениет, орта ғасыр
ойшылдарарының тәлімнерлік ой-пікірлері
Бесінші дәуір XV-XVIII ғ.ғ Қазақ хандығы кезіндегі ұлттық тәлім тәрбие
аралығы көріністеріжыраулар поэзиясындағы тәлімдік
ойлар
Алтыншы дәуірXVIII ғ.-дан XX Қазақстанның Ресейге қосылу кезіндегі ұлт
ғ.ғ. 20 ж. дейін –азаттық қозғалысы мен
ағартушылық-демократиялық бағыттағы тәлім
тәрбие
Жетінші дәуір 1920-1990 жж. Кеңестік дәуірдегі ғылыми педагогиканың
қалыптасуы
Сегізінші 1991 ж. Кейінгі Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық тәлім- тәрбиенің
дәуір егеменді ел өркен жаюы
а) Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәрбие.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңі тапсыз қоғам болды. Адамдар өздерінің
іс-әрекеттерін көпшілік болып топтасып, бірге атқарып отырған. Мұндағы
тәрбие жас пен жыныс ерекшеліктеріне қарай қоғамдық сипат алды. Ұл балалр
садақ тарта білді, аң аулауға көмектесті, қыз балалр үй жұмыстарына
араласты, киім пішті, тұрмыстық салт- дәстүрлердің рәсімдеріне қатысты.
Алғашқы адамдар Қазақстан территориясының Арпаөзен, Қаратау,
Тәңірқазан, Шарбақты және Ұлытау өңірлерінде мекен еткендігі туралы.
ә) Сақтар мен ғұндар империяларының мәдени- жауынгерлік тәрбие дәстүрлері.
Сақтар империясы, шамамен, біздің жыл санау дәуірімізге дейінгі VII-
III ғасырлар аралығында, қазіргі Орта Азия мен Қазақстан территориясын
мекендеді. Сақтар империясының құрамына массагет, исседон, савромат,
аримаспы, дайлар, турлар, арийлер, және басқа да тайпалар кірген. Сақтардың
көсемдері Африсиап, Томирис сол кездегі ірі мемлекет Парсы империясының
патшалары Кирге, Дарийге, Александр Македонскийге қарсы күрес жүргізу
барысында әскери- көшпелі тұрмысты қалыптастырған.
Ғұндар б.д.д. ІІІ ғасыр мен біздің дәуіріміздің І-ІІ ғасырлары
аралығында сақ тайпалары мекендеген территорияеың мұоагерлері болды. Сол
кезеңдердегі үйсін, қаңлы, жу-жу, дунку тайпалары ғұн империясының құрамына
кірді. Ғұндар металл игерді, мал шаруашылығымен айналысты.
Ғұндардың Еуропаға жасаған жорығы Шығыс пен Батыс халықтары
арасындағы этнолингвистика мен ассимилицияның өзгерістеріне ұшырауына негіз
болып, дүние жүзі тарихында Шығыс халықтарының Батысқа жасаған ұлы қоныс
аударуын (Великое переселение с востока)атты тарихи оқиға тудырды. Ғұн
көсемі Атилла ( Еділ) бастаған қалың қол ұлы Рим империясына қауіп
төндіріп, ақыры құуына әкепи соқтырды.
2.. Ұлы Түркі қағанаты және оның тәлімділік- танымдық мұрагерлері.
( VI-IX ғ.ғ. ) Араб- шығыс мәдениетінің қазақ даласына тарауы, орта ғасыр

аса зор үлес қосқан, сол дәуірлердегі дамыған мемлекет болған. Қағанаттың
пайда болуы бір-бірінен ыдырап, бөлшектеніп кеткен дала халықтарының ,
тайпалардың бастарын қосты, тұрақты мәдениеті мен ғылыми дамыған бүгінгі
түркі тілдес халықтарға ортақ мәйдениеттің қалыптасуы мен жасалуына,

Қанағат сол кездегі өркениетті Византия, Араб Халифаты және Қытай
империяларымпен дипломатиялық қарым- қатынас жасап отырды.Ұлы Түркі
қағанаты бүгінде Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызтан, Түркіменстан,
Ресейдегі- Татарстан, Башқұрстан, Якутия (Саха), Чувашия т.б. Қыфтайфдағы
Шығыс Түркістан ( Шыңжаң Өлкесі ), Еуропадағы Венгрия, басқа да Шығыс
Еуропа территориясын мекендеген батысында Карпат таулары, солтүстігінде
Сібір жондары, ал оңтүстігінде Қытай қамалына ( Темір қақпа) дейінгі
орасан зор территорияны иеленген.
Ежелгі түркілердің ауызекі поэзия дәстүрі бізге ІХ ғасырда ғұмыр

жеткізді. Ол адамзат өмірінің соншалықты қысқалығына наразы болып, пенде

ой- сезімдерін- қазалы жанның үрейін, өлімнен қашып құтылудың амалын
қобыздың азалы күйімен, поэзиялық көркем тілмен баяндайды.
ІХ-Х ғасырларда ұлы Түркі қағанаты бірнеше мемлекеттерге ( Қарлұқ,
Түркеш, Қарахан, Қыпшақ, Ұйғыр, Хазар, т.б.) бөлініп, Араб Халифаты
империясының Орта Азия мен Қазақстан территорияларына үстемдік жүргізілуіне
әкеліп соқты. Арабтар ислам дінін уағыздаумен бірге ғылым мен білім де
әкелді, нәтижесінде түркі халықтарының ұлы ғалымдары: Фараби, фердоуси,
Авиценна, Бурини, Низами, Науаи, Иасауи, Қашқари, Баласағұн және басқалары
араб тілі мен мәдениетін меңгерді. Бұлт жерде қазақ топырағындағы Отырар
қаласында дүниеге келген, Шығыстың екінші Аристотелі атанған ғұлама ғалым
Әбу Насыр Әәл-Фарабидің (870-950) еңбегіне ерекше тоқтала кетуге тура
келеді. Бірнеше ұлттың білін білген, ғылым-біцлім іздеп, бар өмірін сол
жолға сарп етіп, артында қыруар еңбек жазып қалдырған әл-Фараби бабамыздың
тәлімдік-ұстаздық еңбегі ұшан теңіз.Оның сан-салалы трактаттарында
(“Азаматтық саясат”,”Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері”, “Бақытқа
жету жолында”, “Риторика”, “Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары туралы
трактат” т.б.) педагогикалық, психологиялық, философиялық, дидактикалық
және әдіснамалық ой- пікірлері баяндалған.
X-XV ғасырлар аралығында Орта Азия мен Қазақстан топырағында
медресе шәкірттеріне арналып математика, логика, этика пәндері бойынша
көптеген оқу құралдары жарық көрді. Тавтазани жазған “Мантик” (логика)
Оқу құралы медреселерде ұзақ жылдар бойы қолданылып келді.
Тавтазанидің ізбасарлары ротазиялық ойшыл-ғұламалар Диуани (XV ғ.) мен
Жүсіп Қарабағи (XVI ғ.) жазған кітаптарды қазақтың ұлы ағартушысы, ақын
Абай Құнанбаевтың пайдаланғаны мәлім болып отыр (45, І том, 50).
Мәдени тарихымыздан ерекше орын алатын “Диуани Хикмет ” атты
кітап жетпіс жыл бойы діни-мистикалық еңбек деп біржақты бағаланып,
беті ашылмай келген, ал шындығында өзінің ақыл-парасат, өсиеттілігімен
бүкіл Шығыс елдерінің ғалымдарын тандандырған, ХІ-ғасырда өмір сүоген
әрі ақын , әрі ғалым-философ, тарихшы Қожа Ахмет Иасауи бабамыздың
ғылыми еңбегін бүгінде ыстық ілтипатпен ауызға аламыз. Иасауидің
еңбектерін белгілі шығыстанушылар А.Вамбери, П. Ахмеров, В. Бартольд,
М.Массон т.б. Бұдан әлденеше жыл бұрын зерттеп,өз пікірлерін ортаға
салып келсе.
ХІ-ХІІ ғасырларда қазақ жерінде түркі тілінде жазылған этикалық
–педагогикалық трактаттар көп тарады. Мәселен Жүсіп Баласағұнидің
“Құдатғу білік” (“Құтты білік”) атты кітабы сол кездегі түркі тілдес
халықтардың дүнияуи тақырыпта алғаш жазылған ескерткіші еді.
Ілкі орта ғасырдан бізге жеткен тағы бір жазба ескерткіш –түркі
тілдерінің сөздігі, халықтың сөз қолданыс үлгілерінің топтамасы
іспетті Махмуд Қашғаридың "Диуани лұғат-ат түрік" атты еңбегі болды.
Бұл сөздікте этнопедагогикалық және моральдық –психологиялық мазмұндағы
қызықты топшылаулыр аз емес.
Осы өңірден шыққан екінші бір ойшыл- Ахмет Жүйнекидің (ХІІ ғ.)
"Хибатул хикайқ" ("Ақиқат сыйы") атты шығармасында ілім-білімді игеру
ісінің халық үшін пайдасы, оның көзқарасының бұқарашылық сипаты,
гуманистік ой-пікрлері айқын сипатталады.
Алтын Орда ммелекетінің кезеңдерінде пайда болған
"Бабырнама",("Бабыр дастаны"), ал Хорезмидің "Мухаббатнама", Сайф Сарайдың
"Қырық бір батыр жыры", "Гулитан бит турки", Құтыптың "Хусрау Шырын" сияқты
туындылары сөзсіз жас ұрпақтарға тәлім-тәрбиелік ықпалын тигізді.

Қазақ хандығының құрылуы-14-15- ғасырларда , Алтын Орда мемлекеті
мен Ақсақ Темір (Бабыр) империясының өзара бақталастықтарының нәтижесінде
әлсіреп, ыдырай басатаған кезеңдерге тура келеді. Қазақ хандығы-сөзсіз
кешегі ата-бабаларымыз сақтар мен ғұндардың, ежелгі түркілердің, Шыңғыс
хан мен Алтын Орда империяларының заңды мұрагерлері болып саналады.
Алтын Орда империясының ыдырауы – Русь мемлекетінің отаршылдық
бұғаудан босанып, өз тәуелсіздігінің алуына әкеліп соқты. Шыңығысхан
мен Алтын Орда империяларынан асяси тәжірибе жинақтаған Русь
мемлекетінің тәуелсіздік алуы –қайта өрлеу дәуіріне (14-16 ғ.ғ.) дөп
келді.
Қазақ халқының өзіндік мәдени, рухани, әдеби ұлттық дәстүрі
қалыптасты. Қазақ ұлтының дамуы мен қалыптасуына зор қосқан хандар
мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар: Жәнібек, Керей,
Асан қайғы, Мұхаммед-Хайдар Дулати , Қадырғали Жалаыри, Қасым, Есім,
Хахназар, Тәуекел, Тәуке, Қазтуған, Ақтанберді, Шал, Әнет, Төле, Қазыбек,
Әйтеке, Әбілхайыр, Абылай, Бұқар, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек,
Сырым т.б. көптеген адамдар болды. Аузы дуалы ақылгөй жыраулар мен шешен
билер жалпы жұтқа өнегелі сөздерімен, өлең –жыр толғауларымен зор ықпал
етіп, халықты ел болуға, берекелі бірлікке шақырып, қоғамдық өмір сахнасына
шыға бастады.
XV –VII ғ жыраулар шоғырынан өздерінің тәлімдік идеяларымен Асан
Қайғы, Шалкиіз, Жиенбет, Бұқар жырау секілді дала философтары ерекше көзге
түскен еді. Халқының қамын жеп, оның береке- бірлігін, келешеектегі
бағытын, көгерер күнін аңсаған Асан Қайғы өз отандастарының алдағы өмірі не
болмақ деген толлғаныспен күн кешті.
Тәуке ханның Жеті жарғысы - бүгінгі Қазақстан Республикасы
қабылдаған Ата Заңымыздың негізгі іргетасы болып саналады. Сондай –ақ сол
кезеңдерде дүниеге келген Мұхаммед Хайдар Дулатидің Тарих -иРашиди,
Жаханнама, Қадірғали Жалайыридің Жамиғат Тауарих, халық туандамалары:
Наурыз бәйіті, Нысабнами казах т.б. ұрпақ танымы үшін аса зор тәлімдік
мәнді шығармалары бар.
1650 – 1730 жылдар арасындағы қазақ –жоңғар соғысы қазақ хандығын өте
–мөте әлсіретті. 18ғ басында Тәуке хан өлгеннен кейін қазақ елі үш жүзге
бөлініп, үш хан сайлап, біртұтас қазақ хандығының бірлігі мен қуатын
әлсіретіп, жоңғарларға жем болды. Кіші жүзді Әбілхайыр, Орта жүзді Сәмеке,
Ұлы жүзді Жолбарыс хан билеп, әр қайсысы ұлы хан болуға таласып, ақыры
Ақтабан шұбырынды атты қайғылы жағдайға ұшырап халықты зор қырғынға
ұшыратты.
1730 жылы Кіші жүздің ханы Әбілхайыр өз билерімен келісе отырып,
қазақ халқын сақтап қалу мақсатында, Ресей империясына бодан болуға мәжбүр
болды. Қазақ жүздерінің басын қосуда қазақ халқының атақты, данышпан ханы
–Абылайхан өте үлкен саяси –дипломатиялық күрес жүргізді.
Халық ағартушылары, қоңғам қайраткерлері: А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов,
Қ.Сағырбаевтар ұлттық ғылым мен өнердің, мәдениеттің, философияның негізін
салды. Шоқанның ашқан ңғылыми жаңалықтары, Абай өлеңдері мен қара сөздері
және Құрманғазының музыка өнері жас ұрпақтарды жетілдіріп тәрбиелеуде зор
ықпалын тигізді.
5. Кеңестік дәуірлегі қазақ педагогикасының ғылым ретінде дамып

20ғ барысында империялистік патшалы Ресейдегі саяси -әлеуметтік
жағдайлар шиеленісе түсті. Халықты қанау басым сипат алды. Ел арасында
толқулар басталды. Қазан төңкерісіне дейін шыға бастаған Дала уәлаяты
(1889 –1902 жж), газеті Айқап журналы мен Қазақ газеті (1911-1916жж)
және басқа да басылымдар қазақ халқының ұлттық ерекшеліктер, мәдениеті,
ғылымы, тарихзы мен этнография хахында аса маңызды ой –пікірлер жариялап
отырды.
Ұзақ ғесырлардан бері келе жатқан қазақ педагогикасының қоғамдық
өмірдің қажеттілігіне айналуына бағытталған туындылар: М.Жұмабаевтың
Педагогика, А.Байтұрсыновтың Оқу -құралы, Сауат ашқыш, Тіл құралы,
Ж.Аймауытовтың Тәрбиеге жетекші, Психология атты еңбектері,
С.Көбеевтің, Н.Құлжанованың, М.Әуезовтың, М.Дулатовтың, Қ.Жұмалиевтың,
М.Ғабдуллиннің, Ә.Марғұланның т.б шығармалары жас ұрпақтың бойына ұлттық
сана – сезім көзқарасын қалыптастырды.
1980 жылдардың ортасында Қазақстанда ұлттық сана –сезімнің оянуына
тарихи ықпалын тигізген Желтоқсан оқиғасы болды. Оның әсері бертін келе
қоғамның барлық салаларын қамтыды.Кеңес Одағының құрамына енген қазақ
Кеңестік Социалистік Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында өз
тәуелсіздігін ресми түрде жариялап, егемен мемлекет болды. Тәуелсіздіктің
әсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, жаңаша мазмұнды, әлемдегі
озық тәжірибелерге негізделген жүйенің қалыптасуына зор ықпал етті.
Мектеп, мектептен тыс мекемелер, балабақшалар мен арнаулы орта және
жоғары оқу орындарында ескі педагогикалық тәжірибелердің орнына жаңаша,
ұлттық тәлім –тәрбиенің қағидаларына негізделіп жазылған Қазақтың салт
–дәстүрлері, Қазақтың тәлім –тәрбие тарихы, Атамекен, Елім -ай,
Кәусар бұлақ, Балбөбек және т.б. ғылыми - тәлімдік бағдарламалар
басылып шығып, оқу -тәрбие жұмыстарына енгізіле бастады.
Қ.Р Білім министрлігі 1993 жылы Тәлім –тәрбие тұжырымдамасы атты
көлемді құжат қабылдады.
1994 – 1995 жж Рауан баспасынан қазақтың Білім проблемалары институты
даярлаған 14ғ қамтитын Қазақтың тәлімдік ой –пікірлер антологиясының
орысша –қазақша томдары жарық көрді.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу жөніндегі тәжірибесін тадаңыз.
2.Ұлы Түркі қағанаты және оның тәлімділік- танымдық мұрагерлерін ата.
3.( VI-IX ғ.ғ. ) Араб- шығыс мәдениетінің қазақ даласына тарауы себебін
ата.
4.Орта ғасыр оқымыстыларының тәлімгерлік ой- пікірлері. (X-XVғ.ғ.)
5.Кеңестік дәуірлегі қазақ педагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасуы.
6.Егеменді Қазақстан Республикасында ұлттық тәлім- тәрбиенің қайта
жандануы.
5-лекция. Тақырыбы: Халық педагогикасының негізгі қағидалары және оның
ғылыми педагогикамен байланысы.
Жоспары:
1. Тәрбиенің негізгі қағидалары.
2. Халық педагогикасының мақсаттары мен міндеттері.
3. Қазақстандықтардың ұлттық салт- дәстүрлердің марапаттаудың
әлеуметтік мәні.
Лекция мақсаты: келер ұрпақтың ақылды, намысқой, арлы, азамат болуға
және еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу
Лекция мәтіні(қысқаша):
Тәрбиенің негізгі қағидалараның (принциптері) болуы заңды құбылыс.
Халық педагогикасының негізгі қағидалары мыналар:
1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өміршең азамат болуын тілеу.
2. Баланы жастайынан еңбексүйгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу.
3. Халық педагогикасында “бірінші байлық- денсаулық” деген ұғым өзекті
орын алған. “Дені саудың жаны сау”, “Ас адамның арқауы”, “Ауру астан”
деп рухани, материалдық байлықтың негізін жеке бастың, яғни тәннің
саулығына байланысты қарастырған.
4. Халық педагогиасында адамгершілік қасиеттердібаланың бойына дарыту,
ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты
қағида болып есептелген.
5. Гуманизм мен патриотизм- халықтық тәрбиенің басты қағидаларының бірі.
“Отан от басынан басталады” деп ұққан ата- бабамыз от басының, ананың,
рудың , отанның намысын қорғауды, қарттарға, ауру, кемтарларға
көмектесуді, басқа ұлт өкілдерін сыйлауды отбасы тәрбиесінің өзекті
принципі деп бағалаған.
6. Елді, жерді қорғайтын, еңбек ететін азамат болу үшін денені шынықтыру
қажет.Халық педагогикасында “ шынықсаң шымыр боласың” деп ой қорытқан
ата- бабамыз ұлттық ойынға жаттықтырып үйрету.
7. Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен ғылым деп түсінген
халқымыз жастарға “Өнерлі өлмейді”, “Білегі жуан бірді жығады, білімі
жуан мыңды жығады”, “ Білім таусылмас кен, өнер өлмес мұра”, дегенді
насихаттап, ертегі, өлең- жыр, мақал- мәтел, аңыз әңгімелер ұсынған.
8. Адам өмірі мәңгі табиғат құшағында өтетін болғандықтан, ата-бабамыз өз
ұрпағын ағаш бесіктен жер бесікке жеткенше табиғи ортаны аялауға
тәрбиелеп келген. Ол туралы әлденеше жұмбақ, өлең- жыр, ертегі, аңыздар
шығарған.
Енді халықтық тәрбиенің осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен
байланысы қандай дегенге келейік.
1. Халық педагогикасында тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін ескере
отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай
қара, онбес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы
досыңдай бағала деген мәте баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен
қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін мегзейді. Ал бұл ғылыми
педагогиканың ынтымақтастық принципімен қабысып жатыр.
2. Халық педагогикасында тәрбие ісін әр баланың жеке бас ерекшеліктерін
ескере отырып жүргізуді де ескертеді. баланы туады екенсің, мінезді
тумайды екенсің, Бір биеден ала да туады, құла да туады, Балаңа үміт
арту -әкенің парызы, ақтау –баланың парызы деп ой түйіндеген.
3. Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата –
ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған.
Өскен ортаның тәрбиедегі әсері жөнінде А.С.Макаренко, Н.К.Крупская,
А.В.Сухомлинский, А.Құнанбаев, ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ұлағатты
ұстаздардың ой – пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп
жатыр.
ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ, ТОЛЫҚ АДАМ ТӘРБИЕЛЕУ
ҚАҒИДАЛАРЫ.
1 2 3 4 5 6 7 8
Ақылды, Еңбек Тән Адамгершілік Отан Жігітке ТабиғаттДенені
арлы, сүйгіш, сұлулығынқасиеттерге сүйгіштіккжетпіс ы, шынықтыр
намысқой елгезек қарастыруізгілікке, е, өнер аз қоршағануға
азамат етіп , имандылыққа, ұлтжандылы, Өнер ортаны тәрбиеле
болуын тәрбиелеу әсемдіккеқайырымдылыққа,ққа, бүкілөрге аялауға у
қарастыру баулу. а далдыққа адам сүйрейдітәрбиеле
т.б. тәрби баласын деп у.
сүюге қарап,
елеу. тәрбиелеу өнер мен
білімді
насихатта
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz