Этнопедагогиканың теориялық әдіснамалық негіздері


14. ЛЕКЦИЯЛАР ЖИЫНЫ
№ 1 лекция. Этнопедагогиканың теориялық әдіснамалық негіздері
Жоспары
1. Этнопедагогика тарихына және халықтық педагогикаға қысқаша шолу.
2. Этнопедагогиканың объекті, пәні, мақсаты, міндеттері, қызметі.
3. Этнопедагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысы.
1. Этнопедагогика тарихына және халықтық педагогикаға қысқаша шолу.
Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмірге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгені көпке аян. Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми-теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмірге келгенше де адамзат тәрбие ісімен айналысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бірақ халық жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып тарап келген білім-білік, тәлім-тәрбие беру тағылымдары бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсімдері мен ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлері, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала берді бүкіл халықтық қарым-қатынастан берік орын алған тәлім-тәрбиенің түрі, адам мінезін, іс-әрекетін қалыптастырудың белгілі нормасы болып табылады. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгілі сатыларынан өтіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің бастау бұлағы, педагогиканың құралы болып, тәрбие жүйесінің қызметін атқарып келгенін байқаймыз. Яғни, осыдан келіп ғылыми педагогика мен халықтық педагогиканың тәрбие тәсілдеріндегі сабақтастығы, принциптік-идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі әлемдік аренаға жеткен ғылыми-педагогика халықтық педагогикадан бастау алып, оны ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан жан-жақты зерттеп, қарастырып, өз қажетіне жаратады. Осы қажеттіліктен келіп, халықтың эмпирикалық тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары - халықтық педагогиканы ой елегінен өткізіп зерттеп, тәрбие мен оқу ісінің өзекті құралы етудің жолдарын және оның шығу, даму кезендерінің өзіндік ерекшеліктерін, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтін педагогиканың ғылыми бір саласы этнопедагогика пайда болды.
Академик Г. Н. Волковтың пікірінше, халықтық педагогиканың ерекшелігі: оның адам баласының дүниеге келген күнінен бастап бірге жасасып келуінде; адамдардың қоғамды құруда, қоршаған ортаны - табиғатты өзіне икемдеп игеруінде; еңбек тәрбиесінің алғашқы адамдар өмірінде басты рол атқарғаны, тәрбиенің басқа түрлерінің кейін туғандығы, халықтық тәрбие жөніндегі қағидалары өмірлік тәжірибеге негіздеген эмпирикалық білім болып келуі; оның ұлттар мен ұлыстардың жазу мәдениеті шықпай тұрған кезінде айда болып, халық арасында ауызша тарауы, сондықтан да оны шығарушы авторларының аты-жөні халық жадында сақталмай, бүкіл халықтық мұраға айналып кетуі, халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі озық тәжірибелері мен ой түйіндері сол халықтың ой-тілегімен, арманымен ұштасып келгендіктен, озық үлгілерінің мәңгі сақталып, ал тозығының біртіндеп тәрбие жүйесінен шығып қалуы; халық педагогикасы өнерге, еңбекке негізделгендіктен, үнемі жетілдіру, ұшталу үстінде болуы; сондай-ақ халық педагогикасының ғылыми жүйеге, теорияларға құрылмай, жеке бастық тәрбиенің озық үлгілеріне және оның нәтижесіне құрылуы; тәрбие тәжірибесінің ғасырлар бойы жалғасып келуі (преемственность), алғашқы тәрбие түрлерінің қоғамда бөлінбей, синкретті тұтас түрінде берілуі (мысалы, қол, би, музыка өнерлерінде ой еңбегі мен дене еңбегі, ақыл-ой тәрбиесі мен еңбек тәрбиесінің бірге ұштасып келуінде) деп саралай көрсетіп келеді де, «халық педагогикасы ру, тайпа, ұлттар мен ұлыстардың ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесіне негізделіп, халықтың тәрбие құралдары (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойын түрлері, ауыз әдебиеті үлгілері) арқылы іске асыруға құрылса, ал этнопедагогика теориялық ойларға, ғылымға негізделеді. Ол халықтың этнографиялық салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін педагогикалық, логикалық ғылыми жүйе тұрғысынан зерттеп қарастырады . . . Яғни, халық педагогикасы ғылымға шикі материал даярлаушы мәліметтер көзі болып табылса, сөйтіп педагогика ғылымына қызмет етушінің рөлін атқарса, ал этнопедагогика халықтың бала тәрбиелеу тәжірибесін, педагогикалық мәдениетін зерттеп, оның прогрессивтік үлгілерін бүгінгі оқу-тәрбие ісіне жаратудың жолдарын ғылыми тұрғыда қарастырады» (16, 7), -дейді.
Ал бұрынғы КСРО педагогика ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор И. Т. Огородников, Г. Н. Волковтың «Этнопедагогика» атты еңбегіне жазған кіріспесінде: «Егер халық педагогикасы мен этнопедагогикаға арналып екі хрестоматия жасалған болса, оның біріншісіне бала тәрбиесі жөніндегі ауыз әдебиеті үлгілері мен халықтың салт-дәстүрлеріне арналған этнографиялық тәлімдік жазбалары енгізілген болар еді де, ал екіншісіне халық педагогикасы мен халықтың тәлім-тәрбиелік ойларын зерттеуге арналған педагог-ғалымдардың еңбектері енген болар еді» - деп, халық педагогикасының таза тәжірибеге негізделген тәрбиенің эмпирикалық түрі екенін және оның этнопедагогиканың ғылыми зерттеу объектісі болып саналатынын ашып көрсетеді.
Халық педагогикасында тәрбие мәселесі бірінші орынға қойылып келді. Ол заңды да еді. Себебі, халық педагогикасы ғылым мен мәдениеттің жетілмеген кезінде пайда болғандықтан, тәрбиені еңбек пен өнерге, оның ішінде қол өнеріне негіздей жүргізуді уағыздады. Бертін келе, оқу-білім дамып, ғылым мен техника өрістей бастаған кезде, XVII ғасырдағы ұлы чех педагогы Я. А. Коменскийдің атымен байланысты ғылыми педагогика пайда болды. Ғылыми педагогиканың теориялық заңдары қалыптасып өмірге келді. Я. А. Коменский өзінің атақты «Ұлы дидактика», «Ағайынды чехтарды тәрбиелеу» атты еңбектерінде тұңғыш білім беру ісі мен тәрбие ісін біртұтас процесс деп қарау идеясын ұсынды. Тәрбие мен білім беруді біріктіру тенденциясы оқу-тәрбие ісінің тұтастығынан туындады. Тәрбие-әлеуметтік процесс, ал адамның жеке басының өсіп жетілуі, дамып қалыптасуы - ол әрі әлеуметтік, әрі биологиялық процесс. Осы ерекшеліктен келіп, педагогикада қоғамтану мәліметтерін жаратылыстану мәліметтерімен кіріктіре қарастыру қажеттілігі пайда болады. Оның себебі педагогика адам тәрбиесінің қажетін өтеуші, қоғамдық сұранысты іске асырушының рөлін атқарушы болып отыр. Ал педагогиканың жеке басты (индивидиумды) тәрбиелеп, жетілдірудегі іс-әрекеті оқу-тәрбие орындары арқылы іске асырылады. Адам тәрбиесінде білімнің теориялық жақтары шешуші рөл атқарғанымен, оны (теорияны) жеке басты оқытып тәрбиелеп жетілдіруге пайдалану үшін тәжірибеде қолданудың әдіс-тәсілдері керек. Міне, осыдан келіп, теория мен тәжірибенің, оқытудың байланысын, оны іске асырудың жолдарын қарастыратын педагогика ғылымының бір саласы - оқыту әдістемесінің қажеттігі туындайды,
Білім беру мен тәрбие ісінің теориялары өмір тәжірибесімен тығыз ұштасқанда ғана адам қажетін толық өтей алады. Ғылыми теориялар тәжірибеге негізделмесе, ол тиянақты ғылым болмайтыны сөзсіз.
Ол жөнінде XVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген батыстың, орыстың педагог ғалымдары жақсы ой-пікірлер айтқан болатын. Мысалы, Я. А Коменский «Ағайынды чехтарды тәрбиелеудегі» халықтық дәстүрдің жақсы нәтижелеріне сүйене отырып, баланы жастайынан еңбекке және жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсетіп берді.
Ал Швейцарияның кемеңгер педагогы И. Г. Песталоцци тәрбиені ана тілінде оқытатын халықтық мектептердің бай тәжірибесіне негіздей отырып жүргізуді мақұлдады. Ол адамның ақыл-ойының қалыптасуы, дұрыс дамуы ұлт тіліндегі оқудың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты деп ерекше атап көрсетті.
И. Г. Песталоцци: «Бала тәрбиесі, оның дүниеге келген күнінен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі отбасынан басталып, мектепте әрі қарай жалғастырылуы шарт» - деген қағиданы ұсынды.
Француздың ұлы ағартушысы Ж. Ж. Руссо да бала тәрбиесінің көзі еңбекте, сондықтан баланы жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеуді жанұяда еңбекке үйретуден бастау керек деп қарады.
Ал әйгілі орыс педагогы К. Д. Ушинский халықтық тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына және тәрбие мен оқыту әдістеріне тоқтала келе: «Орыс халқының бала тәрбиесі сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты, тәрбиенің негізін халықтың жақсы-жаман дәстүрінен іздестіру керек» - деді. К. Д. Ушинский бала тәрбиелеудегі ауыз әдебиетінің рөліне де ерекше тоқталды. Ол: «Ертегілер халықтық педагогиканың алғашқы және тамаша үлгілері. Ертегілердегідей халықтың асқан даналық тәрбиесімен тепе-тең келетін бірде-бір тәрбие құралы жоқ», - деген еді. Кешегі Кеңестік дәуірдегі ұлы педагогтар А. С. Макаренко адамды тәрбиелеп жетілдіруде еңбектің, әсіресе ұжымдық еңбектің маңызына ерекше мән берген болса, ал В. А. Сухомлинский «Баланы ізгі жүректі азамат етіп тәрбиелеуде ойын түрлерін кеңінен қолдануды және баланы жазасыз тәрбиелеуді, ертек айтуға, табиғатты тамашалауға, сол арқылы олардың ой-қиялын өсіруге баса көңіл бөлді. «Табиғат тамаша тәрбиеші, тек оны түсіне білуте үйрету керек» деп қарады.
Өткен ғасырлардағы педагогика тарихына көз жіберсек, ұжымдық педагогикалық тәрбиенің мәні мен маңызына, халықтық тәрбие жөніндегі данышпандық ой тұжырымдарына Әл-Фараби, Ибин-Сина, Фердауси, Омар Һәйям, Я. А Коменский, И. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, Л. Н. Толстой, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев сияқты ойшыл-оқымысты ғалымдардың бірде-бірі көңіл бөлмей өткен емес. Олар халықтың бала тәрбиелеудегі тәжірибесінің, педагогикалық ойларының прогрессивтік жақтарына ерекше мән беріп, халықтық тәрбиенің негіздеріне ғылыми талдаулар жасады.
Алайда, қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік дәуірде халық педагогикасын зерттеу, оны тәжірибеде қолдану ісіне керенаулық көрсету, қала берді оған адамдардың санасындағы ескі қоғамдық идеялардың қалдығы деп қарау өріс алды. Ол идея коммунизм кезінде бір тіл, бірыңғай мәдениет болады деп қараушылықтан, пролетарлық жаңа мәдениет жасаймыз деген жалған ұраннан туындаған еді. Көне мәдениетгің шедеврі шіркеулер мен храмдарды, мешіт-медреселерді қирату, халықты діннен, ұлттық тілден, салт-дәстүрден бездіру, тарихи ескерткіштерге мән бермеу, жер-су, ауыл-село, қала аттарын кеңестік саясатқа негіздеп өзгерту т. б. осы солақай саясаттың әсерінен туындаған теріс әрекеттер болатын.
Кеңестік дәуірдің 1970-1990 жылдарында ғана халықтық педагогиканың прогрессивтік мәнін ғылыми тұрғыда қарастырып, зерттеу ісі біртіндеп қолға алына бастады.
Халық педагогикасын кеңестік дәуірде ғылыми-теориялық, методологиялық жағынан жан-жақты тұңғыш зерттеуші академик Г. Н. Волков болды.
Халық педагогикасын ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттеудің қажеттілігі туралы пікірлер (1970-1990 ж. арасында) профессорлар: В. Ф. Афанасьев, В. X. Арутюнян, А. Ш. Гашимов, И. Я. Ханбиков, К. Пирлиев, А. Ф. Хинтибизде, А. Э. Измайлов т. б. еңбектерінде де айтылған болатын.
Этнопедагогикалық зерттеулердің кеңестік дәуірдегі маңызы мен мәні, қажеттілігі мен көкейкестілігі жөнінде және оны ғылыми педагогиканың құрамдас бөлігі деп қараудың керектігі туралы педагог-ғалымдар: И. Т. Огородников, В. М. Коротов, А. Г. Гордина, М. Ф. Шебаевалар да келелі пікірлер айтқан еді.
Қазақ этнопедагогикасының туып қалыптасуы және даму кезеңдері
Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдерінде XVII- XVIII ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайын, ғылым ретінде қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөліп қарастырамыз.
Бірінші - XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақтың ұлттық тәлімгерлік ой-пікірлері мен салт-дәстүрлері жайында тұңғыш еңбектер жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы, этнограф ғалымдарының (Э. С. Вульфсон, П. С. Паллас, А. Вамбери, А. Левшин, В. Радлов, А. Янушкевич, Н. Г. Потанин, Н. Л. Зеланд, т. б. ) жолжазбалары десек, екінші - XX ғасырдың алғашқы 20-30-жылдарында бұл істі ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә. Диваев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, X. Досмұхамедов, М. Дулатов, Н. Құлжанова, М. Әуезов т. б. болды. Яғни, бұл кезеңді қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туып, қалыптасу кезеңі деп қараймыз. Үшінші кезең - 35-40 жылдық үзілістен кейін (1970-2000 ж. ж. ) қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі деп аламыз. (Ол кезеңге кейін тоқталамыз, №5 кесте) .
Қазақ этнопедагогикасының бастау бұлағы ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың оқымысты демократ-ағартушылары: Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтардың ғылыми еңбектерімен тығыз байланысты болғандықтан, қазақ халқының салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық мәдениеті жайында олардың ой-пікірлеріне арнайы тоқталуды қажет демекпіз.
2. Этнопедагогиканың объекті, пәні, мақсаты, міндеттері, қызметі.
Қазақстанның егеменді ел болуымен байланысты оқу-ағарту ісінде оның басшылыққа алатын негізгі идеялық бағыты, ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей «Қазақстандық патриотизм мемлекеттің территориялық тұтастығын, салт-дәстүрдің, ұлттық мәдениеттің сақталуын, Қазақстанда тіршілік етуші ұлттардың бірлігін қамтамасыз етуді, олардың саяси-экономикалық және мәдени байланысын мемлекеттік қазақ тілі мен халықаралық қатынас тілі - орыс тілінің жетіліп көркеюіне баса назар аудару», т. б. болмақ. Бұл пәнде көзделетін мақсат келер ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін қамқорлық жасау, оларға қажетті білім беру және дүниетану көзқарасын қалыптастыру, бүгінгі нарықтық қатынас жағдайында өздерінің ата-бабаларының дәстүрін сақтай отырып еңбек етуге әзір болуын қамтамасыз ету болмақ. Келер ұрпақ бейбіт өмірде шапшаң қарқынмен дамушы, гүлденген отанының патриоты болып өсуі тиіс.
Президент өзінің Қазақстан халқына арнаған үндеуінде «мемлекетке қажетті барлық басты ерекшеліктердің ішінде білімге зор мән беріледі. Себебі білім беру ұлттық қауіпсіздіктің кепілі болып саналады» дейді.
Ал Қазақстан үкіметі қабылдаған «Білім туралы» заңның «білім жүйесі» аталатын екінші бөлімінде «Білім беру жүйесінің басты міндеттері: Қазақстан Республикасына шын берілген, адал патриот азамат даярлау… олар мемлекеттік белгілердің мәні мен маңызын терең түсінген, халықтық дәстүрлерді қастерлейтін . . . халықтар достығының негізінде тәрбиеленген, халық, отан, отбасы алдындағы жеке бастың міндеттері мен құқықтарын сезінген . . . Қазақстанда тіршілік етуші қазақ халқы мен басқа да халықтардың тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қадір тұтып игеруге пейілді азамат болуы керек» делінген.
Осы міндеттерді ойдағыдай орындап шыға алатын азаматтарды тәрбиелеуші келешек ұстаздар қауымы - педколледждер мен университеттерде оқып, білім алып жатқан студент-жастар.
Ал студент-жастарға халық педагогикасының қыры мен сырын, ғылыми негіздері мен тәлімдік мәнін ғылыми-педагогикалық тұрғыда игерудің теориясы мен әдіс-тәсілдерін меңгерту мәселесімен этнопедагогика пәні айналысады.
Этнопедагогиканың зерттеу объектісі халық педагогикасы. Халық педагогикасы халықтардың ғасыр бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген тағылымдарының бай тәжірибесінің эмпирикалық жиынтығы.
Ал этнопедагогика халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны тәжірибеде қолданудың әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір саласы.
Этнопедагогиканың мақсаты - халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат тәрбиелеу.
Бұл пәннің міндеті халықтық тәрбие түрлерін оқушы жастардың бойына сіңіріп, білім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, нарық жағдайында өмір сүруге икемді, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару. Ол жан тәрбиесі мен тән тәрбиесін қатар жүргізе отырып, оқушы жастардың қайрат жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер туындылары негізінде оқытып тәрбиелеу арқылы іске асырылады.
Халықтық тәрбиенің негіздерін оқытып, білдіріп меңгерту үшін, ең алдымен этнопедагогиканың теориялық-әдіснамалық танымдық негіздерін үйретіп білдіруге тура келеді. Ал ол этнос туралы ұғымды, этностардың туып, дамып қалыптасуын, этномәдениеттің ерекшеліктері мен оның өлемдік өркениетке ұштасуын, кірігу жолдарын теориялық тұрғыда қарастырудан басталады.
Сондықтан этнопедагогика пәнін этностар мәдениетін зерттеудің ғылыми методологиялық, теориялық негіздерін оқытып білдіруден бастауды жөн көрдік.
3. Этнопедагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысы.
2-Лекция. Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық идеялардың генезисі (тегі)
1. Педагогика класиктерінің мұраларындағы халықтық тәрбие, оқу мен тәрбиелеудің ұлттық жүйесін дамытуға қосқан үлесі.
2. Қазақ этнопедагогикасының бастау бұлағы және туу кезеңі (19ғ. 2-жар. ) .
3. Қазақ эн-ң қалыптасу кезеңі (1920-1930ж. ) .
4. Қазақ этнопедагогикасының даму кезеңдері (1970-2000)
3-Лекция. Этнопедагогиканың тарихи даму кезеңдері
1. Алғашқы қауымдық құрылыс, сақтар мен ғұндар империяларының кезіндегі тәрбие
2. Ұлы түркі қағанаты мен Араб-шығыс мәдениетінің қазақ даласына таралуы
3. Қазақ хандығы тұсындағы және Ресей ағартушылық-демократиялық идеялардың өркен жаюы
4. Кеңестік дәуірдегі және егеменді ҚР-да қазақ педагогикасының дамып қалыптасуы
Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу жөніндегі сонау көне ғасырлардан келе жатқан тәжірибесін, қазақ хандығы құралған кезеңнен (14-15-ғ. ғ. ) бастап қарастыру, тарихи-әлеуметтік тұрғыдан алып қарағанда дұрыс емес. Өйткені кешегі өткен тарих беттері - Шығыс мәдениетінің қайнар көзі болып саналатын ұлы Даланы мекендеген түркі тектес (тілдес) халықтардың, одан әрі ғұндар мен сақтардың бір елді, бір жерді мекендеп, оны сыртқы жаулардан қорғап, бір тілде сөйлеп, бір дінге сеніп, әлем мәдениетінің қалыптасуына теңдесі жоқ үлес қосып, бүгінгі түркі халықтарына ортақ мәдениет пен тарихтың көне бастауы болғанын бүгінгі ұрпақ өмір тәжірибелерінен көріп отыр.
Зерттеуші ғалымдар, А. Қасымжанов, Ж. Алтаевтың: "Біз тарихқа 14-ғасырдың басынан бастап қазақ деген атпен енсек те, мың жылдық мәдениеті, философиясы, әдебиеті, тарихы бар халықпыз . . . " деген ғылыми тұжырымдары жоғарыда айтылып кеткен ойларымызға дәлел болып тұр.
Ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттеліп, жазылған бұл тарихи деректер біздің қарастырып отырған мәселелерімізге тарихи-әлеуметтік тұрғыда кеңірек үңілуімізге мүмкіндік туғызады.
Қазақ халық педагогикасының тарихын адамзат дамуының қоғамдық құрылыс кезеңдеріне сай, біздің ойымызша, 8 кезеңге бөліп қарастыру қажет демекпіз. Оны мына кестеден көруге болады.
1. Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәрбие
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңі тапсыз қоғам болды. Адамдар өздерінің іс-әрекеттерін көпшілік болып топтасып, бірге атқарып отырған. Мұндағы тәрбие жас пен жыныс ерекшеліктеріне қарай қоғамдық сипат алды. Ұл балалар садақ тарта білді, аң аулауға көмектесті, қыз балалар үй жұмыстарына араласты, киім пішті, тұрмыстық салт-дәстүрлердің рәсімдеріне қатысты.
Алғашқы адамдар Қазақстан территориясының Арпаөзен, Қаратау, Тәңірқазған, Шарбақты және Ұлытау өңірлерінде мекен еткен.
Сақтар мен ғұндар империяларының мәдени-жауынгерлік тәрбие дәстүрлері
Сақтар империясы, шамамен, біздің жыл санау дәуірімізге дейінгі VII-III ғасырлар аралығында, қазіргі Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендеді. Сақтар империясының құрамына массагет, исседон, савромат, аримаспы, дайлар, турлар, арийлер және басқа да тайпалар кірген. Сақтардың көсемдері Африсиап, Томирис сол кездегі ірі мемлекет Парсы империясының патшалары Кирге, Дарийге, Александр Македонскийге қарсы күрес жүргізу барысында әскери-көшпелі тұрмысты қалыптастырған. Металл өңдеп, әлемдік маңызы зор "скифский зверийный стиль" атты зергерлік бұйымдар, қару-жарақтар мен киімдер жасай білген. Жылқы жануарын өте қатты қадірлеген, мал баққан. Осы тұрмыс-тіршіліктерге байланысты, сақтар өз ұрпақтарын дене, еңбек және эстетикалық тәрбие принциптері негізінде тәрбиелеп өсірген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz