Сөз өнері жайлы ғылым



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Сөз өнері жайлы ғылым
Әдебиеттің теориялық жайлары, әдетте, дәл осы тараудан, яғни әдебиет
тану жайын, оның ғылымдық сыры мен сипатын, әр алуан ғылми салаларын талдап
түсіндіруден басталатын.
Біз олай етпедік, ой-пікірлерімізді әдебиет туралы ғылымнан емес,
әдебиеттің тура өзінен, яки әдебиет туралы жалпы түсініктен бастадық.
Неге?
Әдебиеттің өзі әдебиет туралы ғылымнан тумайды, керісінше, әдебиет
туралы ғылым әдебиеттен туады. Әдебиет жоқ жерде әдебиет туралы ғылым болуы
да мүмкін емес. Ендеше, әдебиет туралы ғылымнан бұрын, алдымен әдебиет
дегеннің өзі не нәрсе екенін, әдебиетті жасаушы суреткер жөнін, сөз
өнерінің қоғамдық бітімі мен идеологиялық пішінін жалпы түрде бір байыптап
алу шарт. Біз солай еттік, нәтижесінде сөз өнері жайлы аз-кем ұғым
қалыптастырдық. Енді сол сөз өнері жөніндегі ғылымды, оның туу, даму
тарихын қысқаша шолып өтіп, одан әрі бірьщғай теориялық толғамдарға көшіп
кетуге мүмкіндік бар. Соған кірісейік.
Әдебиет тану — сөз өнерін зерттейтін ғылым. Бұл ғылымға бет ашар
тәрізді әдебиеттің табиғатына тән ең бір қарапайьш қағидалар, ілкі
түсініктер Әдебиет тану ғылымына кіріспе деп аталатын арнаулы пән арқылы
талданып, тексеріледі. Одан арғы күрделі мәселелердің бәрі әдебиет танудың
өзге салаларының үлесіне қалады. Ал әдебиет туралы ғылым, негізінен,
мынадай үш түрлі ғылми салаға бөл-інеді: ә д е б и е т т е о р и я с ы, ә д
е б и е т т а р и х ы және ә д е б и е т с ы н ы.
Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби
шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудық мағынасы мен мәнін байыптайды. Ә
д е б и е т т і ң ө з і н е т ә н е р е к ш е л і г і н , о н ы ң қ о ғ а м
д ы қ қ ы з м е т і н, к ө р к е м ш ы ғ ар м а н ы т а л д а у д ы ң п р и
н ц и п т е р і м е н м е т од и к а -с ы н, ә д е б и ж а н р л а р м е н
о н ы ң т ү р л е р і н, ө л е ң ж ү й е л е р і н, т і л м е н с т и л ь,
ә де б и а ғ ы м м е н к ө р к е м д і к ә д і с м ә с е л е л е р і н
т ү п-т ү г е л т е к ә д е б и е т т е о р и я с ы н а н ғ а н а т а н ы п
б і л у г е
б о л а д ы.
Оқырман, айталық, бір роман оқыды. Қітаптың кей жеріне қызықты, кей
жерінен жалықты. Бір алуан беттер оны әр түрлі күйге салды: қуантты,
ренжітті, күлдірді, жылатты, әйтеуір тебірендірді, толғандырды да
ойландырды... Сонымен, ол әлгі романды оқып бітірді. Соңғы бетін жапты. Ал
қалай екен? Роман ұнады ма, ұнамады ма?
Осының өзі — әрі оңай сұрақ, әрі қиын сұрақ. Бұл сұраққа жауап беру
үшін, бір жағынан, тіпті ойланудың керегі жоқ: ұнады не ұнамады дей салуға
болады. Екінші жағынан, неге ұнағанын немесе неге үнамаға-нын айту үшін
ойланбауға тіпті де болмайды.
Жә, оқырман ойланды дейік: роман несімен ұнады немесе неменеге
ұнамады? Бұл — қиын сауал. Алдымен осы сауалға жауап берер оқырманньщ әдеби
сауаты қандай, сұлулық сезімі нешік, эстетикалық талғамы қай дәрежеде? Әлгі
оқығанының байыбына бара ала ма? Сол роман дегеніңіздің өзі не, ен, болмаса
ооны біле ме?..
Айтты-айтпады, роман! Дүниеге бір жақсы роман келді. Осынын, өзі не
нәрсе? Бір суреткердін, творчестволық жетістігі, болмаса ерлігі ме? Иә,
солай. Бірақ бұл аз! Бір ұлттын, әдебиетіндегі жаңалық, болмаса құбылыс па?
Иә, солай. Бірақ бұл аз! Енді немене?
Шын мәніндегі шынайы, көркем шығарманың дүниеге келуі — күллі қоғамның
рухани өміріндегі, белгілі бір әлеуметтік ортаның парасат дүниесіндегі
бүтін бір оқиға. Міне, гәп осы арада!.. Роман тәрізді күрделі, кесек
шығарма туды ма, онда біздің мәдени тіршілігімізде бір мәнді, маңызды оқиға
болып өтті деп білу керек. Біз жоғарыда айтқан — романнық байыбына бару
деген дәл осынау, болып өткен мэнді, маңызды оқиғаның байыбына бару деген
сөз.
Ол үшін не істеу керек?
Ол үшін, тым болмаса, мына бес түрлі нақты сұрақ-қа жауап іздеп табу
керек: Қандай оқиға болды? Қалайша болды? Кімдердің басында болды? Болған
оқиға калай баяндалған? Ол оқиғаға автордық көзқарасы қандай?
Бұл сұрақтарға жауап беру, бір жарынан, оқыған романының байыбына барғысы
келген кісінін, эстетикалық талғамының дәрежесіне байланысты болса, екінші
жағынан, оның теориялық толғамының мөлшеріне байланысты. Себебі, бұл
сұрақтарға жауап берген адам, өзі қаласын, қаламасын, бәрі бір, өз
мүкіншілігінше әдебиеттің нақты теориялық мәселелерін қозғап алары, толғап
қалары даусыз.
Мәселен, бірінші сұраққа жауап беру, яки қандай оқиға болғанын айту —
сол шығарманың тақырыбы мен идеясын сөз ету;
екінші сұраққа жауап беру, яки оқиғаның қалайша болғанын айту —
шығарманың сюжеті мен композициясын сөз ету;
үшінші сұраққа жауап беру, яки оқиға кімдердің басында болранын айту —
шығармадағы тип пен характер жайын сөз ету;
төртінші сұраққа жауап беру, яки оқиға қалай баяндалғанын айту —
шығарманың тілі мен суреткердің, стилін сөз ету;
бесінші сұраққа жауап беру, яки болған оқиғаға автордың көзқарасын
айту — суреткердің дүние танымы мен көркемдік әдіс мәселесін сөз ету.
Міне, осылардың бәрін тек әдебиет теориясын білген адам, сол арқылы өз
заманынық талабы дәрежесінде өзінін, эстетикалық талғамын қалыптастырған
адам ғана істей алады.
Бұл ретте, әдебиет төориясы көркем творчествоньщ психологиясы мен
спецификасына қатысты суреткер лабораториясынан да белгілі мөлшерде нақты
мәліметтер берері даусыз.
Сонымен, әдебиет теориясын білмей, қандай да болса әдеби құбылысты
нәзік түсіну, шынайы сөз өнерінін, шындық өмірге қарым-қатысын білу,
әдебиеттін, өсіп-өрбуіндегі заңдылықты ұғу, керек десеңіз, күллі ілгерішіл
адам баласының жалпы көркемдік дамуындаш сыр-сипатты тану мүмкін емес.
Әдебиет теориясының ереже секілденген эстетикалық қағидалары мен
қисындары — әшейін ойдан туа салған нәрсе емес, әдебиет тарихы арқылы
табылып, тексеріліп, жүйеленген ұшан-теңіз нақты әдеби деректерді терең
талдау, байыптау нәтижесінде қорытылған толғамдар, түйін-тұжырымдар.
Ә д е б и е т т а р и х ы, сөйтіп, жеке алғанда, бір елде, жалпы
алғанда, бүкіл адам баласының тарихында к ө р к е м ә д е б и е т т і ң қ а
л а й п а йд а б о л ғ а н ы н, қ а й т і п қ а л ы п т а с қ а н ы н, қ а
н д а й ж о л д а р м е н д а- м ы ғ а н ы н з е р т т е й д і. Қай
халықтың болмасын, атамзамандағы сәбилік шағында, жазу-сызуы, жоқ кезінің
өзінде ауыз әдебиеті өрбігені, одан ілгерілей келе жазба әдебиеті туып,
дамығаны мәлім. Әр халықтың осындай көркемдік даму сапарын саралайтын да,
сын көзімен сұрыптап, сарапқа салатын да әдебиеттің тарихы. Сонымен қатар
бұл ғылым әр дәуірдің әдеби нұсқасына тарихи тұрғыдан қарап, оның сапасын
сол тұстың сана сатысына, ой өрісіне байлайыстыра тексереді. Олай етпей,
ауыз әдебиетінін, нұсқалары болсын, жеке жазушылар творчествосы болсын,
әділ бағаланып, әдеби дамудағы өзіне лайық орнын алуы мүмкін емес. Әдебиет
тарихын зерттеушілерге Ленин қойған талап дәл осы тұрғыдан болатын.
Қазақтың бай ауыз әдебиетін өз алдына қоялық. Ол туралы ой-пікірлер анық.
Әлі зерттелу үстіндегі, халқымыздың жазу-сызуының басы боп танылып жүрген
көне ескерткіштерге, ежелгі әдеби нұсқаларға көз салып, көңіл бөлсек,
бұлардын, эстетикалық құны мен ғылымдық мәнін бағалау үшін тек қана әлгі
айтқанымыздай тарихтық тұрғы — көне мұраға нағыз лениндік көзқарас керек.
Орхон жазуындағы жырларға қараңыз:
Иалаң будунығ тоңлы,
Чығай будунығ бай қылтым.
Аз будунығ үкүш қылтым,
Ығар еллігде йег қылтым.
Төрт булуңдақы будынығ
Коп баз қылтым,
Иағысыз қылтым...
Бұл жолдар — бүдан он-он бес ғасыр бұрын қазіргі қазақ жерін
мекендеген Түркі қағанатының тұсындағы баба буынның — бағзы тайпалардың
келер ұрпаққа мұра болсын дегендей тасқа қашап қалдырған таңба-жазбалары.
Осы ескерткішті академик В. Радловтың қалай
аударғанын еске ала отырып, біздің зерттеушілер ежіктеп байқағанда былай
болып шыққан:
Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халықты бай қылдым.
Аз халықты көп кылдым,
Тату елге жақсылық қылдым,
Төрт бұрыштағы халықтың,
Бәрін бейбіт қылдым,
Тату қылдым...
Бүгінгі биік талғаммен өлшесек, бұл жырдың, эстетикалық құны, әрине,
онша мықты емес. Ал тарихтық тұрғыдан тексеріп, таным тарапындағы мәнін,
ғылымдық маңызын бағалап, қазақтың халық ретінде қалыптаса бастаған
тұсындағы әдеби, мәдени мүлкінің ажарын аңғарып, енді дәл осы іспеттес өлең
сөздің XV ғасырдағы белгілі Доспамбет жыраудың:
Ағарып атқан таңдай деп,
Шолпанды шықкан күндей деп,
Май қабақта ағалардың аты жусап жатыр деп,
Ақ шаңдақты құрып қойған шатыр деп,
Жазы да көп-ақ жортқан екенбіз —
деген толғауындағы жыр тілінің төгіле жөнелетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи поэтика пәнінің зерттеу нысаны
Әдебиеттанудың негізгі салаларын сипаттау
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Көркем шығарманың пішіні
«Өнер» баспасы өнімдерінің ерекшеліктері
Көркемдік білім туралы түсінік
Әл-Фарабидың Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат
Әдебиет теориясы пәнінен лекциялар тезисі
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы және кезеңдері
Тарихи поэтиканың әдебиет теориясы және әлем әдебиеті тарихынан арақатынасы
Пәндер