Сөйлеуге тән қасиеттер мен сапалықтар
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Сөйлеуге тән қасиеттер мен сапалықтар
1.2 Сөйлеу қызметтерінің психологиялық сипаттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Адам аралық қатынас дегентміз - қарапайым да күрделі проблема.
Күңделікті тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес.
Адам арасындағы қатынастардың түрі келесідей: жеке және қызыметтік,
дара және тонтық, тең құқықты және тәуелді, қарама-қарсылықты және дау-
дамайлы. Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жек
көрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен күдіктенуден тұрады.
Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орыны
мен міндетіне тәуелді емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жеккөруі
де мүмкін; өз қызметін ойдағыдай атқарып жүрген мұғалім бір шәкіртіне үлкен
сүйіспешнілік танытса, екіншісін көргісі келмейді.
Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме мүшелері
арасында олардың сол топтағы құқы не міндеттеріне орай қалыптасады.
Егер арі қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сиптатыңда
қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке
сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық
қатынастар деп аталады.
Тең құқықты қатынастар - қатынас мүшелерінің құқықтары
мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тоуелді қатынастар құқықтары мен
міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.
Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, өзара терең сыйластық
жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді.
Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің
келеңсіз ниеттерімен тоғысқан шақтарда қарама-қарсылықты қатынастар бой
тіктейді.Адамдардың бір-біріне деген өшпенділіті болған жерде дау-дамайлы
жанжалды қатынастар өрбиді.
Адамдар арасындағы, тіпті кейде бір тұлғаның да бойынан көрінетін
адамдық қатынастар түрі міне осындай. Бұл қатынастардың бәрі өмірде
адамдардың бір-біріне беретін бағалары мен мінездемелерінде, әр адамның
басқаға бағытталған іс-әрекет, қылығында, өзара байланысқан ойы мен
-сезімінде көрініс береді.Тұрақты да келелі қатынастар жүйесі қалыптаспаған
ортада адамның өрелі өмір сүруі өте қиын, себебі әр-бір жеке адамның да,
топ пен ұжымның да қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды. Балалық
шақта орныққан адам аралық қатынастарға орай адам азаматтық қасиеттерін
тіктейді. Ересектердің төңірегіндегілермен қатынасынан сол ортаның көңіл-
күйі айқындалып, алға қойылған мұрат-мақсаттардың сәтті орындалуы не
кедергіге ұшырауы мүмкін.
Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс - бұл
остракизм, қоғамнан аласталу, яғни кейбір адамдардың көпшілік арасында
сиымсыздығынан, ұжымдық қатынастан шеткерілеп қалуы. Мұндай адамдар
көпшіліктің жек көрушілігіне тап болып, назардан тыс қалады, еленбейді.
Осыдан өзі қатарларынан оң қатынас таба алмай, ақырында адамгершілік
қасиеттерінен айырылып, қауымдық өмір тіршілігінен айрылғандар да
кездеседі.
1 Сөйлеуге тән қасиеттер мен сапалықтар
Сөйлеу — тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі. Тіл — адам
коғамының рухани өмірінде объективті өмір сүретін құбылыс. Тіл қарым-
катынас кызметін атқаратын белгілер жүйесі және ой қаруы болып саналады.
Тіл мағыналы сездерден және солар бойынша сөйлемдер жасалынатын ережелер
жиынтығы — синтаксистен кұралады. Әрбір сөздің өзіндік мағынасы болады.
Сөздің мағынасы дегеніміз — оның нақты болмыста белгіленген объектіге
қатынасы, бұл арада объектінің санада калай қабылданғаны есепке алынбайды.
Тілдің грамматикалық категориясы логикалық категориямен ұштастырылады.
Логикалык категориялар жалпы адамдық болып табылады. Олар ор тілге тән
түрде тиісті грамматикалық құрылымдар арқылы білінеді.
Тіл — қоғам өмірінің объективті құбылысы, ол бүкіл халык үшін бірдей
және адамдар білген кұбылыстардың алуан түрін түгел қамтиды. Қай тілдің
болмасын айтылуының, грамматилық және синтаксистік нормативті ережелері
болады. Сөйлеу — психикалық қубылыс. Ол әр адамның тек өзіне ғана тән
болады және сейлеуде объективтік шындықты осы адамның субъективті бейнелеп,
білдіруін көрсетеді, оған индивидтің көзқарасын білдіреді. Қарым-катынаста
адам тіл байлығының шағын бөлігін ғана пайдаланады. Тіпті ұлы жазушылардын
тілінің өзінде 10 мыңнан 20 мыңға дейін ғана сөз болады, ал жалпы тілдің
құрамында бірнеше жүздеген мың сөз болатыны белгілі. Жеке адамның сөйлеуі
стандартынан ауытқи айтылуымен және сөйлем құрылысымен ерекшелінеді.
Тілдің сөздік қорында осы тілде сөйлейтін адамдар
қауымдастығының айналадағы дүние туралы білімі сақталады.
Тіл— ой музейі деген теңеу тегіннен тегін емес. Тіл жазбаша және ауызша
сөйлеу арқылы іске асады, Адамдар арасындағы карым-қатынаста
пайдаланылмайтын, бірақ жазбаша түрде сақталған тілді өлі тіл дейді.
Демек, тіл рухани мрдениет құбылысы ретінде, өзін жасаған қоғам кұрып
кеткен соң да өмір сүре отырып, жоғалған цивилизация мәдениетінің аса
құнды ескерткіші бола алады екен (мысалы, ежелгі грек, латын тілдері, сан-
скрит).
Тілдік хабарларды құрайтын құралдар фонемалар (сөйлеу ілінде) және
графемалар (жазба тілінде) болып табылады. Нақ осы әлеуметтік тұрғыда
жасалып, қалыптасқан дыбыстар мен гряфикалық белгілерден адамзат
тәжірибесін паш етуші сөздер құрылады.
Сөйтіп, тілде бізден бұрынғы ұрпақтар жасаған аса бағалы
өмірлік казына жинақталады. Осыған орай сәби тіл үйрену нәтижесінде өзінің
таным әрекетінің тар шеңберін кеңейтеді, аадамзаттың колы жеткен білім
деңгейіне иек артады, өз басының тәжірибесін сөзбен бекітіп, оны
айналасындағыларға таратуға мүмкіндік алады.
Тіл - сөйлесу құралдарының қатаң қалыпқа тірелген жүйесі, ал сөйлеу - ой
мен сезімді жеткізуге жасалған тілдің екеуара қатынасты әрекеттік
қолданысы.
Тілдің өзінде мағына-ой болмайды, ол тек ойды өрнек-арналған әртүрлі
таңба-белгілердің жиынтығынан осы қордан сөйлеу үшін қажетті белгілі
тілдік құрам (дыбыстар, сөздер, ережеге сай сөз тіркестері мен сөйлеу,
әуен, ырғақ ж.т.б.) іріктеліп алынған шақта ғана, ой мүмкіндігіне ие
боламыз.
Вербалды тілдесуде таңбалық жүйе ретінде (сөйлеу) қабылданған.
Мұндайда сөйлеу - лексикалық синтаксистік екі принципті қамтыған дыбысты
тіл, фонетикалық белгілер жүйесін түсінеміз. Сөйлеу - тілде байланыстың ең
өнімді әмбебап құралы, себебі жәрдемімен берілген ақпарат мағыналық
толықтықты жоғалтпайды. Сөз бен сөйлеу арқылы ақпарат тану бекімін
тауып, қажет кезде мағаналык шешімге келеді. Әңгімелесудің ерекше ретінде
диалогтық сейлеуде хабарлаушылар ролі бір алмасып отырады, осыған орай біз
не жөнінде әңгімелесіп жатқанын түсінеміз.
Сонымен, сөйлеу - тек адамға тән тіл қатынасы, ең жетілген
формасы. Бұл қатынас айтушы тыңдаушының міндетті түрде болуымен
жасалады. Айтудың ойды жеткізуге қажет болған сөздерді іріктеп,
грамматикалық ережелеріне сай оларды байланыстырады, ағзаларын іске
қосумен дыбыстайды. Тыңдаушы қабылдап, онымен өрнектелген ойды
түсінуге әрекет жасайды. Айтушы мен тыңдаушы арасындага
түсіністігімен белгілі ойды қабылдау үшін, сол ойды жіктеуге бағытталған
екі тұлғаға да ортақ сөздерді елестету құралы мен ережелері болуы шарт.
Сөйлеу арқылы тек қана ақпарат "жүрісі" орындалып қалмастан,
әңгімелесушілер арасындағы бір біріне ықпал да жасалады, яғни өзара бағыт
бағдар көрсете отырып, олар бірі бірінің іс-әрекет қылықтарын өзгертуге
тырысады.
Әңгіме мағынасын жеткізу мен қабылдау барысындағы адамдардың сөз
саптау сипаты әртүрлі. Хабарлау үшін ақпарат мағынасы сөйлеуден бұрын
келеді, себебі ол алдымен мақсат қойып, кейін оны сөзбен баламалайды, Ал
'
Хабарлаушының айтқан ой мағынасының таңдауы түсінікті болғандығы
тыңдаушы хабарлаушы роліне өз сөзімен қабылданған ақпараттың түсінікті
екендігі белгі бергенге ғана айқындалады.Ал бұл ықпал жасау процесін айқын
түсіну үшін тілдестік әрекетінің құрылымын ғана біліп қою жеткіліксіз, Бұл
орайда әңгімелесуге негіз болған сепеп, түрткілер, тілдесу мен ниеттерін де
талдай тану үлкен маңызға ие.
Бұл үшін тілдесу барысында сөз бен сөйлеуден тыс
белгілерді ажырата алған жөн. Сөз баян әмбебап болғанымен, оның толық
мәні тілдестік жүйесінің сөзден тыс белгілермен тілдесу проблемасы
туындайды.
Вербалды тілдесуге "қосымша" ретінде паралин жене экстралингвидациялық
белгілер жүйесі де қалыптасады. Паралингвистикалық қосымшалар - бұл дауыс
әуені, ал экстралингвистикалық дегеніміз сөз мағынадағы іркіліс, сонымен
бірге жөтелу, жылау, күлу.
Қорыта айтқанда, сөздік емес тілдесудің қай түрі де сөйлеу
барысында өте маңызды жәрдемші бола отырып, сөз мәнісін күшейту не
кемітумен бірге, қатысқаңдардың ниеттерін білдіреді. Сөзбен колдана
отырып, вербалды емес белгілер де адамдардың байланысты қызмет әрекетін
ұйьмдастыру үшін ақпарат алмасуын қамтамасыз етеді.
Емеурін, қимыл әліппесін білетін адам қарсыластарының, әріптестерінің
сырын еш қиналмай-ақ үғынады. Қандай жағдайда қалай әсер етудің жолдарын
пайдаланады. ӨЗ мүддесін жүзеге асыру үшін түрлі әрекеттерге барады. Тіпті
адамның бетіне қарағанда, қай нүктенің қалай әсер ететінін, қай тұстан
қандай куат келетінін іштей түйсініп, қалауына орай нәтижеге жетуге ебден
болады. Тек пигғыл, ниет таза болсын. Адамның ойлау мазмұнынан төгілсті
пайда, зиянның өлшемі шексіз. Әрбір сөз, ербір әліппенің саны, өз жүйесі
бар, әрбір әріптің өз иесі бар. Біреуд жазықсыз ренжіту, қиянат жасау,
қалай болса, солай сөйлеудің түпкі тамырында магнитті толқындар
жасырынған "Жақсы сөз - жарым ырыс", "Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен
шығады", "Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады" дейді.
Науқасты сөзбен құлан таза айықтыр болады, Сөзбен өлтіріп жіберуге,
тыпырлатпай таста болады. Сөз төркінін түсінгендер мұны жақсы біледі.
Сонымен, сөйлеу - тіл көмегімен түзілген адам аралық қатынас құралы.
Сөйлеудің келесі түрлері болады: сыртқы және ішкі сөйлеу. Сыртқы сөйлеу өз
кезегінде ауызша, жазбаша болып, ал ауызша - монологтық және диалогтық
болып бөлінеді.
Сөйлеудің барша түрлері өзара ықпалды қатынас түзеді. Сөйлеу
түрлерінің бәріне бірдей сипат - олардың сөздік дыбысталуында. Бірақ
олардың әрбірінің өзіндік ерекшеліктері бар. Тіл қатысынсыз және заттасқан
тілдік процесс болмай, ешқандай ой, ойлау болуы мүмкін емес. Ауызша да,
әсіресе жазба сөздің дайындығы сөйлеудің іштей, адамның өзінен-өзі,
күбірлеп айтып шығуынан басталады, мұны ғылымда ішкі сөйлеу деп атайды.
Жоғарыда атағанымыздай, сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша болады. Жазбаша
сөйлеуде тілдік қатынас мәтін арқылы жанама болады. Жазба сөйлеудің,
ауызшаға қарағанда, мазмұны жинақты келеді. Сөйлеудің жазба түрі жазба
белгілер (таңбалар) негізінде орындалады. Қазіргі кезегі көп тілдердің
дыбыстары әріптермен өрнектеледі. Жазба сөйлеу - естумен қабылданатын
тілдік дыбыстардың, көрумен танылатын әріптер мен адамның тілдік
әрекеттерінің күрделі байланысынан құралатын процесс. Осыдан, жазба
сөйлеудің ауызша сөйлеуден кейін пайда болып, әрі соның нәтижесінде
қалыптасатынын түсінеміз.
Біреудің дыбыстауынан құлағымызға жеткен сөз (сөйлеу) ауызша
сөйлеу деп аталады. Ауызша сөйлеуде (кеңістік және уақытқа байланысты біраз
шектеулер болады. Әдетте, әңгімелесушілер бірін - бірі көріп тұрады не-месе
дауыс жететіндей алшақтықта болуы мүмкін. Осы жағдайларға орай сөйлеудің
сипаты өзгеріске түседі. Мысалы, телефонмен сөйлескенде сөз қысқа,
жедел сұрақ-жауап кейпінде байқалады. Тыңдаушы сұрақ қойып, оған жауап
алуы мүмкін емес телерадиодағы сөйлеу тіпті басқаша.
Ауызша сөйлеу - диалогтық және монологтық түрде болады. Диалогтык сөйлеу
әңгімелесушілердің өзара қысқа алысуы, түзілетін сөйлемнің құрылымы
толық болмауымен ерекшеленеді. Өзара түсіністік мұндайда бұрынғы
әңгіме желісінен, тақырып барысынан және іс-әрекет мазмұнына орай
жетіледі. Ауызша сөз, әдетте, әңгімелесуге қосылған адамның ниет
ықыласына, болмаса қоршаған орта ықпалдарына орай жасалған жауап ретінде
жүзеге асады.
Сөйлеу қызметтерінің психологиялық сипаттары
Сөз негізінен екі қызметті атқарады: коммуникативтік, сигнификативтік.
Осы қызметтеріне орай сөз тілдесу құралы және ой мен сананың көріну формасы
ретінде танылады. Сөздің негізгі сипаты оның мағынасында, семантикалық
мазмұнында екені баршаға белгілі. Баяндалып жатқан сөзді тыңдағанымызда
біздің назарымыз оның мәндік мазмұнына аударылады. Адам тілінің әрбір
дара сөзі қандай да бір затты өрнектейді, оны атаумен біздің санамызда
нақты бір заттың не құбылыстың бейнесі пайда болады. Осынысымен
де адам тілі жануарлардың қысқа мерзімді, қылықтық күйін білдіретін
аффектік "тілінен" ажыралады. Жануарлар тілі ешқашан да нақты бір затты
белгілі дыбыстық өрнекпен таңбаламайды, таныта алмайды. Сөздің бұл қізметі
- сигнификативтік қызмет деп аталады. Сөздің белгілеу (таңбалау) қызметі
нақты ұлт өкіліне түсінікті сөздерден құралған тілдің қызметі. Осы қызмет
нәтижесінде адам әртүрлі заттардың бейнесін жанама түрде санада тұрғыза
алады, заттардың өзі жоқ болған кезде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz