Сөйлеу іс –әрекет аспектілері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I. Кіріспе

Сөйлеу іс -әрекет аспектілері.

II. Негізгі бөлім

  1. Сөйлеу туралы жалпы түсінік.
  2. Сөйлеудің атқаратын қызметі.
  3. Сөйлеу іс -әрекетінің түрлері.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Сөйлеу туралы жалпы түсінік.

Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, өз қимыл -қозғалыстарын басқару реттестіру үшін басқалармен қарым -қатынасқа түседі.

Ойымызды басқа біреуге жеткізудегі жеке адамның дербес әрекетін сөйлеу деп атайды. Сөйлеу -бұл пікір алысу процесінде адамның белгілі тілді өзінше пайдалануы. Сөйлеу процесі арқылы кісі өзінің білімін іс -тәжірибесінде байытып қана қоймайды, сонымен қатар қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір -бірімен тығыз байланысты. Олар бір мезгілде жүріп отырыды. Адамға тән сөйлеу өз қызметін дұрыс атқара алмайды. Мұның біріншісі -сөйлеудің мазмұндылығы. Екіншісі -оның мәнерлілігі. Сөйлейтін сөзінің мазмұны болмаса ол өзінің сөздік мәнін жояды. Сөздің маңыздылығы дегеніміз -екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы. Сөздің мәнерлілігі дегеніміз -адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сөзімен айту.

Адам миының жарты шарының сол жақ бөлігінде жүйке саласы бар. Ол кісінің дыбыстап сөйлеу алуын басқарып отыратын орталық. Сөзді қабылдауды, оның мәнісін түсінуден мидың есту, көру, сипап сезу қозғалыс зоналарының, төбе, самай желке бөліктерінің қызметі ерекше. Сөйлеу қабылеті мидың анатомиялық функциясына байланысты болып келеді. Егер оның сол жақ бөлігі зақыиданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға ұшырайды. Мұндай құбылысты афазия деп атайды.

2. Сөйлеудің атқаратын қызметі.

Сөйлеу негізі екі қызмет атқарады. Коммуникативтік және сигнивикативтік , олардың арқасында сөйлеу қарым-қатынас құралы және ойдың, сананың өмір сүруі түрі болып табылады. Сөзде негізі болып табылатын оның мәні, оның сематикалық мазмұны. Біздің зейнімізде негізінен сөйлеудің мағыналық мазмұны шоғырланған. Адам тілінің әрбір сөзі қандайда болмасын затты білдіреді, қандайда болмасын сөздерді айта отырып, біз әр уақытта да белгілі бір затты немесе құбылысты білдіреміз. Осымен адамның тілі жануарлар тілінен ерекшеленеді, ол тек қана дыбыстар арқылы аффективтік жағдайды білдіре алады, бірақ ешуақытта да дыбыстармен белгілі заттарды білдіре алмайды.

Сөздің осы негізі қызметін сигнификативтік деп атайды. Ол тілді құрайтын сөздің негізі тқызметі болып табылады. Ол адамға ерікті түрде заттардың бейнесін жасауға мүмкіншілік жасайды.

Сөйлеудің келесі қызметі оның- коммуникативтік қызметі, ол өзі мәнерлі бейнелеудің құралдарын қамтиды. Мәнерлі бейнелеу қызметі өздігінен сөйлеуді анықтай алмайды.

Сөзді мәнерлі бейнелеу құралы ретінде ым, әртүрлі бет қимылы деп танылады, басқалармен қатар мәнерлі бейнелеу қозғалыстарына кіреді. Дыбыс мәнерлі қозғалыс ретінде жануарларда болады. Ықпал ету қызметі - сөздің негізгі қызметтерінің бірі. Адам сөйлегенде басқа адамдардың мінез-құлқына, ойлауы мен сезіміне, санасына әсер етеді. Сөздің әлеуметтік мәні бар, ол- қатынас құралы, ықпал ету құралы болғандықтан ең алдымен осы қызметті атқарады.

Сөздің екі негізгі коммуникативті және сигнификативтік қызметінің арқасында ол қарым-қатынаста пайда болады.

3. Сөйлеу іс-әрекетінің түрлері.

Өзінің ерекшкліктері мен қызметіне қарай сөйлеу екі түрге бөлінеді: ішкі және сыртқы. Ішкі сөйлеу тағы да ауызша және жазбаша болып бөлінеді, ал ауызша монологтік және диалогтік болып бөлінеді. Сөйлеудің барлық түрлері бір-бірімен өзара байланысты. Бірақ, сөйлеу түрлерінің әрқайсысының оның өзіне тән ерекшкліктері бар.

Іштей сөйлеу, жоғарыда айтылғандай, ауызша және жазбаша болып бөлінеді. Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуге қарағанда мазмұны жағынан ерекше жинақталған болады. Жазбаша сөйлеуде жазба белгілерді қолдану арқылы іске асады. Қазіргі тілдердің көбінде сөйлеу дыьыстары әріптермен белгіленеді.

Белгілі бір адамның тарапынан айтылатын, естілетін сөйлеуді ауызша сөйлеу деп атаймыз . Ауызша сөйлеу - бұл кадімгі дыбыстың ауызекі сөйлеу тілі, онымен біз басқа адамдармен тікелей қарым-қатынаста пайдаланылатын тіл. Ауызша сөйлеу қарым-қатынас кеңістікпен уақыттың жағдайларымен шектеулі болып кепеді.

Ауызша сөйлеу диологтік және монологтік болып бөлінеді. Екі немесе оданда көп адамдардың арасында әңгіме, сөйлесу түрінде жүретін диалогтік сөйлеу үрдісінде адам сұрақ қояды және оған жауап береді, сын-пікір айтады, қолдау және қарсылық білдіреді. Егер әңгіме қатаң белгіленген міндетке бағындырылса, диалогтік сөйлеу мақсатты сипатта болады, айтылатын ойлар кең түрде беріледі.

Диологтік сөйлеу ережесі бойынша монологтік сөйлеуге әсіресе, жазбаша сөйлеуге қарағанда, байланысты және кеңінен айтылған. Диалогтік сөйлеуде адамға қойылатын ең басты міндеттердің бірі- өзінің әріптесінің айтқандарын соңына дейін тыңдау, оның сауалдарын түсіну және оған жауап бере білу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тренингтер мен іскерлік ойындар
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негізі
Дарынды балалармен жүргізілетін түзету - дамыту жұмыстары жайында
Балалар ұжымының айрықша ерекшелігі - ересектердің балаларды біріктірген кезде, олардың қатынастарын құрған кезде көздеген мақсаттарының бағыттылығында
Актер өнері
Ағылшын тілі сабағында оқу - танымдық құзыреттілікті қалыптастыру тәсілдері мен түрлерін ашу
Ауызша сөз нормаларын оқытудың психолингвистикалық негізі
Perfect форма қолданылатын жағдай
Шет тілдерін оқытудағы мультимедиялық құралдар
Сөйлеу әрекетінің орталығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz