СПЕЦИФИКАЛЫҚ ҚОРҒАНЫС ФАКТОРЛАРЫ



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
СПЕЦИФИКАЛЫҚ ҚОРҒАНЫС ФАКТОРЛАРЫ.

В-ЛИМФОЦИТТЕР

Дененің спецификалық қорғаныс факторлары – иммундық жүйенің
гуморалдық, жасушалық факторлар комплексі медиаторларымен денедегі бөгде
заттарды жойып, шығаруын есте сақтау қабілетін түзуге бағытталған. Бұл
қызметтері лимфоидтық мүшелердің жұмысымен, лимфа ұлпаларының жасушаларымен
іске асырылады. Иммундық жүйенің спецификалық факторларының негізгі
сипаттамасы – бөгде генетикалық құрылымдарды өзінікінен ажырату қабілеті.
Спецификалық иммундық жауаптың толық түзілуі үшін 3 түрлі иммундық
ќабілетті жасушалар өзара әсерлесуі тиіс: 1) В-лимфоциттер; 2) Т-
лимфоциттер; 3) антигенді таныстырушы жасушалар, яғни антигенді Т және В-
лимфоциттерге таныстыратын жасушалар. Оларға макрофагтар, нейтрофилдер,
дендритті жасушалар жатады. Презентация (таныстыру) процесінде жоғары
белсенді және спецификалы болып макрофагтар есептеледі.
Т және В-лимфоциттердің ізашарлары сүйек кемігінде дің жасушалардан
пайда болып, лимфоидты дің жасуша кезеңінен В-алды және Т-алды жасушаларға
дейін жетіледі. Бұл процесс өсінді факторлардың цитокиндердің (ИЛ-1,4,6)
әсерімен жүреді. Иммундық жүйенің орталық мүшелерінде (В-жасушалар үшін –
сүйек кемігінде, Т-жасушалар үшін - тимуста) лимфоциттер жетілген
лимфоциттерге дейін бµлінеді. Иммундыќ жүйеніњ шеткі мүшелеріне қарай (көк
бауыр, лимфа түйіндері) жылжып лимфоциттер Т және В-тәуелді аймақтарға
орналасады. Лимфоциттердің тұрақты рециркуляциясы (қан және лимфа арқылы)
гомеостаздың тұрақтылығын бақылау үшін жағдай туғызады. Ары қарай
эффекторлық қызметтерді атқару үшін Т және В-лимфоциттер белсенуі керек,
яғни тыныш жағдайдан белсенді жағдайға өтуі тиіс. Жасушалардың белсенуі
пролиферациямен (лат – proles – ұрпақ, ferre – алып жүру), яғни көбеюмен
бірге жүреді. Белсену және пролиферация процесі жасуша аралық әсерлесу
молекулаларының дифференциалдық антигендердің, медиаторлардың және
жасушалардың басқа өсу факторларының синтезін бақылайтын гендердің
белсенумен қатар жүреді. Өсу факторы болмаған жағдайда белсенген жасуша
физиологиялық бағдарланған түрде жойылады (апоптоз).

В-лимфоциттер жүйесі

В – В-жасушалар түзілетін мүшелер атауының бірінші әрібі: құстарда
Bursa (лат) және сүтқоректілерде bone marrow (ағыл. сүйек кемігі). Бұл
әртүрлі класты қорғаныс антиденелерінің өндірілуі арқылы иммундық жауаптың
гуморалдық тізбегінің түзілуіне қатысатын жасушалар. В-лимфоциттер
(жетілген, иммундық емес) бірнеше ай өмір сүреді. В-лимфоциттердің айналымы
әлсіз, баяу типті жоғары сезімталдық реакциясына қатыспайды.
В-лимфоциттердің құрамы (жалпы мүше лимфоциттерінен): сүйек кемігінде
– 10-15(; көк бауырда - 65(-ке дейін; лимфа түйіндерінде – 15-25(; шеткі
қанда – 15-20(; көкірек тармағы лимфасында - 10(; тимуста - 3(-тен төмен.
В-лимфоциттердің популяциясында олардың бµліну орындарына қарай
негізгі 2 субпопуляция болады: 20(-ке дейін шеткі лимфоциттерді құрайтын В-
1-лимфоциттер және В-2-лимфоциттер. Сүйек кемігі В-жасушалар ізашарларының
бір бөлігі айналу (циркуляция) нәтижесінде іш, плевра қуыстарына, бадамшаға
түседі, бұл жерде олар бµлініп, дің жасушалары мен сүйек кемігінен
бөлектенеді. В-лимфоциттердің бұл тобы В-1-лимфоциттер деп аталады және іш
пен плевра қуыстары арқылы (кедергіалды қуыстар) енетін микроорганизмдерге
қарсы тез әсер ететін жасушалардың ролін атқарады. В-1-лимфоциттер өзінің
мембранасында СД5+ дифференциалдық антигенді алып жүреді және негізінен IgМ-
антиденелерін синтездейді. В-1-лимфоциттердің ерекшелігі олардың табиғи көп
спецификалық IgМ-антиденелерін өндіруде, сондықтан олар аутоиммундық және
лимфопролиферативті процестердің дамуында маңызды орынға ие.
В-2-лимфоциттер (қарапайым) сүйек кемігінде дің жасушалардан В-
лимфоциттердің ізашарларына дейін өсу факторының, интерлейкин-дердің (ИЛ-1,
4,6) және микроқоршаудың әсерімен бµлінеді. Ерте, иммундық емес В-жасушалар
қан ағысымен көк бауырға, лимфа түйіндеріне және басқа да екіншілік
лимфоидтық мүшелерге қарай жылжиды да, ол жерлерде антигентәуелді сатыда
дамиды. Бұл кезеңде генетикалық бөгде құрылымдардан сигнал алғанда белсену,
пролиферациялану, бµліну сатыларына сәйкес беткей рецепторлардың
(маркерлердің) жиынтығы өзгереді. Жетілген лимфоциттің негізгі қызметі көп
және әртүрлі спецификалық иммуноглобулиндерді, яғни антиденелерді өндіру
(плазматикалық жасуша кезеңі). Плазматикалық жасушалар үшін сүйек кемігі
шеткі лимфоидтық мүше болып есептеледі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейспецификалық қорғаныс факторлары
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы туралы ақпарат
Инфекция түрлері және оларға сипаттама
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы. Инфеция түрлері және оларға сипаттама
Иммунитет.Иммунитет түрлері
Ауытқушылықтар мен аурулар, иммунитет генетикасы
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары
Вирустар, түрлері және организмге орналасуы
ЖАЛПЫ ИММУНОЛОГИЯ
Иммунитет және иммуногенді жүйелер
Пәндер