Спорттық кешендері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі,

филос. ғ. к., ХҚТУ профессоры

К. Д. Баетов

«» 2014ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Спорттық кешендері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру

5В010800- «Дене шынықтыру және спорт» - мамандығы бойынша

Орындаған А. Усман

Ғылыми жетекшісі,

магистр-оқытушы Н. Жайымбаев

Түркістан 2014

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Спорттық кешендері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық мәні

1. 1 Спорттық кешендерінің жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы орны . . . 6

1. 2 Спорттық кешендері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұндық сипаттамасы . . . 20

1. 3 Оқушы-жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы спорттық-сауықтыру шаралары түрлерінің тиімділігі . . . 30

2 Спорттық кешендер арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері

2. 1 Дене тәрбиесі жүйесінің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы әдістемесі . . . 37

2. 2 Оқушы-жастардың салауатты өмір салтын сауықтыру кешендері арқылы қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттер . . . 47

2. 3 Қаладағы спорт ғимараттары және салауатты өмір салтын ұстанушы жастар . . . 58

Қорытынды . . . 63

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 65

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан егеменді ел болып құрылғанына 20 жылдан астам уақыт болды, бұл жылдарда ғылымның барлық салаларында көптеген заңдар мен заңдылықтар, жарғылар, жолдаулар және бағдарламалар қарастырылды. Жылдан жылға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп алда тұрған кез-келген мәселені шешуге ұмтылыс стратегиялы түрде жүзеге асып отырады. Осы ұмтылыста Елбасының «Қазақстан- 2050» Стратегиясында

-«Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Алайда елде барлығы үшін қолжетімді спорт нысандары, спорт құрал-жабдықтары жетіспейді. Осыған байланысты Үкімет және жергілікті органдар дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және типтік жобадағы денешынықтыру-сауықтыру нысандары, соның ішінде, аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл жұмысты келесі жылы-ақ бастау керек. »-деген болатын еді. [1] Осы Жолдаудан кейін-ақ еліміздің түкпір-түкпірінде, әрбір ауылдарда, әрбір аулаларда спорт алаңдары бой көтерді. Соның нәтижесінде салынған спорттық кешендер жасөспірімдерді көптеп өзіне тарта бастады.

Елбасының әрбір Жолдауында халықтың денсаулығына үлкен мән беретіндігін байқауға болады. Өйткені қандайда бір мемлекет болмасын оның ең басты байлығы-дені сау ұрпақ екені баршамызға белгілі. Сөзіміздің дәлелі ретінде Елбасының «Қазақстан 2030» мемлекеттік стратегиясында дене тәрбиесі туралы: «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған», - делінген.

Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда ауруларға күрес пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады. «Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды, тазалық пен санитария ережелерін насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс-шаралар жүргізілу қажет», - деп атап көрсетілген. Сонымен қатар, «өмір салтын теріс әдеттерден спортқа көшіру тиімді жолдардың бірі болып табылады», - деп атап айтылған.

Дана халқымыз: «Дені саудың - жаны сау», «Басты байлық - денсаулық», «Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі» - деп тегін айтпаса керек. Медицина атасы Ибн Сина: «Күнделікті дене шынықтырумен шұғылданып жүрген адам ешбір емді қажет етпейді», - деп өсиет қалдырды. Шығыстың ғұлама ғалымы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін десе, болашақ ұрпақ қамы жайында Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында: «Қазіргі заманда кез-келген мемлекеттің жоғары тыныс-тіршілігін қалыпты ұстап тұрудың аса маңызды шарты - адамдардың өздері, олардың ерік-жігері, қажыры, білімі болып табылады», - деген. [2]

Мұнда айтылғандай әлеуметтік-экономикалық өмірдегі елеулі өзгерістерге байланысты жастарды тәрбиелеу мәселесі дұрыс бағытта болуы қазіргі Қазақстанның өзекті мәселесіне айналып отыр. Себебі дені сау, денсаулығы мықты, дене күші, дене мәдениеті қалыптасқан адам ғана зерделі ойлап, өз іс-әрекетін өмірлік маңызды міндеттерді шешуде шығармашылық бағыт ұстана отырып, белсенді өмір сүруге қабілетті болады. Сондықтан сауықтыру кешендері денеге білім мен тәрбие беру саласының басты міндеттерінің бірі бола отырып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, өмірге, еңбек нарығындағы бәсекелестікке және Отан қорғауға даярлауға қызмет етеді.

Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру сауықтыру кешендерінің жүйесіне және жалпы дене шынықтыру сауықтыру жұмысына тікелей байланысты. Өйткені, дене шынықтыру сауықтыру жұмысы - денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық іс-шаралардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерінің гигиеналық негіздері мен дене қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.

Ендеше болашағымыз - бала, рухани дүниелерімізді одан әрі жалғастыратын жас ұрпақ. Салауатты болашақты ойлайтын болсақ, өсіп келе жатқан ұрпақтың денінің саулығы, көңілінің сергек, осы бастан жат әдеттерден аулақ болып өсуі үшін қолда бар мүмкіндікті пайдалана білуіміз қажет. Соған сәйкес, Қазақстанның әрбір азаматын бала жастан дене тәрбиесімен айналысуға тарту үлкен маңызы бар мемлекеттік міндет екендігі еліміздің негізгі заңында көрініс тапқан. Ата заңның 24 және 29 - баптарында азаматтардың демалуға және денсаулығын сақтауға құқы бар екендігі атап айтылған. Сондықтан да оқушы-жастардың әр уақытта қоғамдық санасының, жеке тұлғасының жан-жақты дамыған еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан адам болып өсуі өзекті де көкейкесті мәселе болып отыр. [4]

Қазақстандағы дене тәрбиесі ілімін және дене мүмкіндіктерін дамыту ісін ұйымдастырып дамытушылар арасында Б. Қ. Қаражанов, Б. А. Тойлыбаев, Алтын Жамбылқызы, Б. Төтенай, С. Қосымбекова, Б. Басыбеков, М. Т. Тұрыскелдина, С. Тайжанов, А. Құлназаров, Қ. И. Адамбеков, М. Б. Сапарбаев, Е. Уаңбаев, Ж. Оңалбек, Ә. К. Әбділлаев, Б. Қ. Мухамеджанов, Т. Ж. Бекбатчаев, Ж. М. Төлегеновтың еңбектерін айтуға болады. Бұл ғалымдардың зерттеу жұмыстары қазіргі таңда Қазақстандағы сауықтыру және дене тәрбиесі саласында пайдаланылуда.

Алайда негізделген ғылым мен практиканың сабақтастығы бір дағдыда қалмайтындығы тағы да белгілі. Практика әрдайым жетіліп, ұшталып отырады, ол ғылыми тұрғыдан тұжырымдарды қажет етеді. Осы тұрғыдан қарағанда, соңғы уақытта салауатты өмір салты ғылыми тұрғыдан дамыды, өсті, сауықтыру кешендерінде практикалық тәжірибелер жинақталды, тәрбие мен үйретудің коммуникативті бағыттағы стратегиясы мен тәсілі анықтала түсті жаңа ізденістер пайда болды.

Зерттеудің мақсаты:Жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеудің маңыздылығын анықтау.

Зерттеу нысаны:Спорттық-сауықтыру кешендерінің іс-тәжірибесі.

Зерттеу пәні:Жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Зерттеу міндеттері:

1. Спорттық-сауықтыру кешендері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың қазіргі жайын анықтау;

2. Спорттық-сауықтыру кешендері арқылы салауатты өмір салтын қалыптастырудың мәнін анықтау;

3. Спорттық-сауықтыру кешендері арқылы оқушы-жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз ету формаларын анықтау.

Зерттеу көздері:Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, нормативтік құқықтық актілері; философтардың, педагогтардың, психологтардың, жаттықтырушылардың, спорт майталмандарының еңбектері.

Зерттеу әдістері:Зерттеу маңыздылығы бойынша әдебиет көздерінен қажетті мәліметтерді жинақтау және оларды жүйелеу; ғылым мен денсаулық сақтау салаларындағы прогресті анықтау.

Диплом жұмысының құрылымы:Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімдезерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, пәні, міндеттері көрсетілді.

«Спорттық кешендері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру»атты мәселе бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың ой-пікірлері талданды; дене шынықтыру және спорт түрлері бойынша сауықтыру кешендерінің тұжырымдары айқындалды.

«Спорттық кешендері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері»тақырыбындағы екінші тарауда спорттық- сауықтыру кешендері арқылы салауатты өмір салтын қалыптастырудағы басшылыққа алынып келген сауықтыру және дамыту жұмыстары зерделеніп, белгіленді.

І. САУЫҚТЫРУ КЕШЕНДЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘНІ

Сауықтыру кешендерінің жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы орныҚазіргі кезде қоғамымыз саяси және әлеуметтік өзгерістер үстінде. Осыған байланысты адамдардың тұрмыс-тіршілігі, сана-сезімі және әдет-ғұрпы да өзгеретіні заңды құбылыс. Яғни, бұл болашақта біздің ұрпақтарымыз жаңа өмір салты бойынша өмір сүреді деген сөз. Ендеше ол қандай өмір салты болмақ, біздің ұлттық рухани болмысымызға сәйкес келе ме, соны қазірден ойлап, оның теориялық негізін жасап, жастарымызды сол бағытта тәрбиелеуіміз қажет. Ұлтымыздың өткендегі өмір салтын зерттей отырып, оны қазіргі жағдайымызбен салыстыру арқылы халқымыздың болашақтағы өмір салтын да болжауға болады. Ұлттың бүгіні де, болашағы да дені сау, тәрбиелі, білімді ұрпаққа байланысты.

Денсаулық мәселесі жүзеге асатын сауықтыру кешендерінің толық мәнінде жүзеге асырылуы адамның денесін өмір бойы жетілдіріп отыруына негіз жасайды. Онда жабдықталған қондырғылар мен денесін шынықтырумен үнемі айналысу оқушы-жастардың бос жүрмеу проблемасын шешудің, жат қылықтардың көрінісін болдырмаудың да тиімді жолы.

Дене шынықтыру - сауықтыру жұмыстарын жетілдіру мәселесін ғылыми тұрғыда негіздеу, оның түп тамыры мен тарихи даму жағдайларынан бастап талдауды қажет етеді.

Спорттық кешендердің дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің дамуы мен қалыптасуын тарихи тұрғыда талдап өтсек, оның бастау көздері антикалық дәуірден-ақ бастау алған. Ертедегі Греция мен Римде дене тәрбиесіне негізделген кешендер жүйесі болған.

Спартада үстем тап балаларына әскери дене шынықтыру берілді. Құл иеленушілердің балалары 7-ден 18 жасқа дейін мемлекеттік тәрбие мекемелерінде тәрбиеленді. Бұл мекемелерде дене шынықтыруға ерекше мән берілді. Балалардың денесін шынықтыру, қолайсыз климат жағдайларына төтеп беруге жаттықтыру, әскери жаттығуларға (жүгіру, секіру, күрес, жекпе-жек, найзаласу т. б. ) үйретілді. Бұл шаралар әрине сауықтыру кешендерінсіз жүзеге асу мүмкін емес еді. [4]

Ежелгі дүниенің және орта ғасырдың дене шынықтыру кешендеріне үңілсек дене шынықтыру мен спорт өзінің тарихи тамырымен өте тереңге кетеді. Археологиялық қазба жұмыстары тас дәуірінде дене шынықтыру жаттығуларына арналған кешендер болғанына мәліметтер берілді. Мұндай кешендер Үндістан, Мысыр, Орта Азия және Оңтүстік Америка жерлерінде табылды. Егей мәдениеті тарихи жерорта теңізінің шығысында б. э. д. 30-12 ғасырларда дене шынықтырудың алғашқы түрлерінің табылғандығын куәлендіреді. Бұл жерлерден садақшылардың өгіздің үстіне секіріп жатқанын тасқа салынған бейне табылған. Ежелгі Грецияда дене шынықтыру дамуын сипаттайтын айғақ бар, ол олимпиядалық ойындар. Бұл ең маңызды болмыс ойындар Олимпта әр төрт жылда міндетті түрде өткізіліп тұрды. Құжаттардағы мәліметтерге сүйенсек бұл мерекелер б. э. д. 776 жылы өткізе бастаған, осы жылдардан күнтізбелік 4 жылдық есеп олимпияда басталған.

Жалпы гректің және аймақтық ойындарды өткізу үшін көптеген стадиондар салынды. Олардың қалдықтары Олимпия, Делфапирея, Милетис және сол қатардағы адамдар табылды. Антик стадионында Эллилік, Эленилік және Ежелгі гректік болып үш кезеңге бөлінеді. Егеменді мемлекет болып саналатын гректің ежелгі қалалары ғылым, өнер және спорт саласында үнемі бір-бірімен бәсекеде болған және тату көршілік пен бейбіт жарыстардың рухы Ежелгі Грецияда дене шынықтыру және спорт дамуына әсер етті. Ал ол өз кезеңінде Эллиндік кезеңде стадиондардың көркемдеп безендіруіне жол ашты. Грек стадиондары өздерінің архитектуралық түрі мен орасан зор көлемдігі мен және сыртқы пішінінің қоршаған орта көрінісіне келісіп үйлесуі мен ерекшеленді. Эллиндік кезеңдегі стадиондар мемлекеттің қоғамдық өмірінің ортасы ролін атқарды. Археологиялық қазба жұмыстарынан бірінші жүгіру, күрес және т. б. жарыстарын көз алдымызға елестетуге болады. Ерте кезеңдердегі Ежелгі Гректердің стадионында көрермендер үшін арнайы құрылғылар болған емес. Олимпиядадағы стадион ерте дүние стадиондары ішіндегі ең бірінші болып көрермендерге требуналар салды. Кейін осыған ұқсас кешендерге болашақ үлгісі болып қалды. [5]

Ерте дүние гректері требунадан қарап отыру мүмкіншіліктерінің зор екендігін негізгі принциптерін өте жақсы білген. Эллин кезеңіндегі стадиондар қоғамдық өмір ортасының рөлінен гөрі қала тұрғындарының көрермендер көретін кешенге айналды. Стадион требуналары онша үлкен болмады. Себебі, олар текқана сол қаланың тұрғындары үшін салынды. Ежелгі Римдік кезеңдегі стадиондар кешені Ежелгі Римдік империяның қалыптасу уақытымен сәйкес келеді. Бұл уақытта Эллиндік стадиондар қайта жөңдеуден өтті. Жарысқа қатысушылар санының көбеюіне байланысты ареналар кеңейтіліп көрермендер үшін мәр-мәр тастан стационарлы требуналар құрылды. Б. э. д. І- ғасырда Антитеатр сияқты ежелгі Римдік көріністер көретін кешендердің түрлерін салу қалыптаса бастады. Соңында антитеатрлар осы заманғы спорттық ареналарды салуға белгілі бір дәрежеде әсерін тигізді. Оның жарқын айғағы ежелгі Римдік «Колизей» антитеатр болып табылады. Ең бірінші «Колизей» үш қабатты болып салынып, б. э. 2-ғасырында төртінші қабаты қосылды. Оның сыйымдылығы 250 мың халық. Ежелгі Римде терм деген суға түсетін орасан зор бассейндерге көңіл бөлінген. Б. э. І-ІІ ғасырда салынған ең үлкен және өте әдемі терм Диоглетиано мен Каракалда болған. Каракалдағы термнің алып жатқан жерінің аумағы 120 мың шаршы метр кешеннің ұзындығы 338-337 метр, қабырға қалыңдығы 6 метр болған. Бұл термоларда бір уақытта 3000 мың адам сыйған. Олар жуыну, терлеу, массаж, душ, ванна қабылдау, ыстық, жылы, және суық ванналарда жүзу процедураларын қабылдаған. Б. э. ІY-ғасырда Римде мемлекет христиан діні қолдау таба бастады. Шіркеулер бірнеше мың көрермендер жинап өткізілетін көріністерге белсенді түрде күрес жүргізілді. Христиан дінінің кеңінен таралуын антилік әлемдегі замандағы көптеген спорт кешендерінің күйреп қирауына әкеп соқтырды. Орта ғасырдың басы дене шынықтыру құлдырауы мен сипатталады. Х-ХІ ғасырларда дене шынықтыру жаттығуларының кейбір мақсаты өте баяу дами бастады. Оған ХІ ғасыр шығыстағы сауда канализациясының крес жорығының және соғыс серілерінің пайда болуынан басталуы себеп болды. Орта ғасырлардағы дене шынықтыру жаттығуларының негізгі бағыты соғыс серілерін соғысқа дайындау болды. Феодальдық дамыған қоғамда ХІ-ХІY ғасырларда тап күресінің әсерінен көпшілік халықтың (шаруалар мен қала тұрғындары) дене шынықтыру қалыптасты. Аристократтар тұрғындарға ойындар мен серуендеу үшін алаңдар мен спорт орындарды салу мен қатар саябақтарда әр түрлі көріністік сауық құратын кешендерді салды. Орта ғасыр кезеңінің аяғы феодальдық кешеннің құлдырауына буржуазиялық мәдениеті және дене шынықтыру пайда болуына әкелді. Буржуазия европа мемлекеттерін өз қолдарына батыл алып саяси билікті жаулап алып, капиталистік өнер кәсібін қызу дамытып жатқан жерлерде ірі спорттық кешендерді салуға мүмкіндіктер пайда болды. Европаның әр түрлі елдерінде спорттық кешендерді жаппай сала бастау тек 19-ғасырдың аяғында басталды. Оған барлық жердегі жаппай спорттық қоғамдардың, клубтардың құрылуы әр түрлі елдердегі спорттық байланыстардың дамуы олимпиядалық ойындардың қайтадан өткізіле бастауы себепші болды. [7]

Қазақстандағы ең алғашқы спорт клубы Семейде пайда болған. 1912 жылы «Нептун» спорт клубының құрылуы соның айғағы. Онда гимнастика, жүзу, семсерлесу т. б. спорттың түрлері жүргізілген. «Нептун» клубы көпшілік қатысқан спорттың жеңіл атлетика түріне байланысты жарыс өткізілген.

Әл-Фарабидің «Бақыт жолын сілтеу» деген трактатында адамды бақытқа жеткізетін үш нәрсеге көңіл бөледі:

1. «Адам өзінің қалыптасуы үшін іс-әрекет, тіршілік жасау, дене мүшелерін іске қосу арқылы қажетті әрекеттер: отыру, тұру, жүру, көру, есту сияқты т. б. қимылдар жасайды.

2. Жан эффектілері негізінде құштарлық, рахат, қуаныш, ашу, қорқу, жабырқау, қызығу т. б. сезімдерін көрсету.

3. Ақыл-парасат арқылы адам іс-әрекеттерін, сана-сезімдерін, ізгілікті, имангерлікті, қимыл-қозғалыстарын басқарады». Әл-Фарабидің пікірінше, әрбір баланың тәрбиесінде үш қасиет: дене күші, рухани және ақыл-ой бірлікте болғанда ғана жан-жақты үйлесімді жеке тұлғаны қалыптастыруға болады [] .

М. Жұмабаев дене тәрбиесінің адам психологиясымен байланысын көрсете отырып, ғылыми тұжырым жасаған. Ол: «Дене - жанға, жан- денеге байлаулы. Бірінің біреуінсіз күні қараң. Өзімізге мәлім: денеміз сау болса, жанымыздың ісі де сау, жақсы болады, яғни ақылымыз түзу, сезіміміз дұрыс, қайратымыз берік болады. Егерде денеміз ауру болса: яки жұмыс қылып шаршаса, жанымыз да ауру, жанымыз да шаршайды, басқа ауру, мидың ауруы жан ісіне жаман әсер қылады. Нашар ауа басты айналдырып, қанды дұрыс жүргізбей, денеге әсер қылады да, жанға барып қол салады, яғни жанның ісі шабандайды, бұзылады, ой күнгірт тартады, сезім тоза бастайды, қайрат жасыйды», - деп жазады.

Ағылшын педагогы Джон Локк дене тәрбиесін басқа тәрбиелердің негізі деп есептеп, оның мәнін жоғары көтереді. Ол: «Мықты денеде - мықты рух», - болады дей отырып, дене тәрбиесінің өз заманына сәйкес жүйесін ұсынды. «Бала денесін ерте жастан бастап шынықтыру керек, оның денесіндегі бостық, сылбырлықтар жойылуы тиіс», - деді. Локк баланы ауа райының барлық түріне үйретудің, қатаң режимге қалыптастырудың қажеттілігін көрсетті. «Дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі, - деді Д. Локк, - баланы ерлікке және табандылыққа үйретуге әсер етеді».

Швейцария ағартушысы И. Г. Песталоцци де денені сауықтыру жөнінде құнды ой пікірлер қалдырған. «Дене тәрбиесінің міндеті - адамның барлық табиғи күштерін, қабілетін дамыту және ол даму жан-жақты дамумен ұштасады», - деп жазды. «Бала әртүрлі қимылға, қозғалысқа ұмтылады. Осыдан келіп ойын, тағы басқа әрекеттер туады», - деп дене тәрбиесіндегі ойынға үлкен мән берген. Дене жаттығуларының жүйесі арқылы баланы болашақ еңбек әрекетіне даярлауға болады деп есептейді .

Орыстың демократ - педагогы, дене тәрбиесі теориясының негізін қалаған, ірі қоғам қайраткері Петр Францевич Лесгафт дене тәрбиесінің жүргізілу ерекшеліктерін анықтай отырып, осы тәрбиенің ғылыми негізделген теориясын ұсынады. Бұл құрған дене тәрбиесі теориясының дүние жүзілік мәні бар. Ол өзінің екі томдық «Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесіне басшылық» деген еңбегінде (1888-1901ж. ) дене тәрбиесінің әр түрлі жүйесін терең сынап, осы жөнінде өз теориясын ұсынады. Оның ойынша, дене тәрбиесі барлық істердің, жұмыстардың жүйесінен тұрады. Сондықтан дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбиелеумен тығыз байланысты .

Оның үйретуінше, дене жаттығулары мінез бен ақыл-ой қабілетін дамытатын бірізді, тізбекті болуы қажет. Дене қозғалыстарының жүйесі баланың табиғи дамуына сәйкес келіп, бұлшық еттердің бүкіл тобын қамтуы керек. Дене жаттығулары, дене шынықтыру оқытушыларының ұқыпты түсіндірулері арқылы жүргізіледі. Лесгафт ақыл-ой жұмысының дене шынықтыру жаттығуларымен және ойындармен алмасып отыруын талап етті. Сонымен қатар ол ауыр гимнастикалық жаттығулардан сақтандыруды, көбіне табиғи қозғалыстарды: жүгіру, секіру, ойын т. б. ұсынды. [8]

Лесгафттың ғылыми-педагогикалық шығармаларында баланың сыртқы өмірі мен мінез-құлқының ерекшеліктерін анықтайтын психологиялық материалдар мол орын алған. Сондықтан Лесгафт бала психологиясын зерттеу арқылы педагогиканы жоғары сатыға көтеруге үлес қосты.

Спорттық кешендерінде сауықтыру міндеттері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі дене шынықтыру сабақтарында дене тәрбиесі әдістерін қолдану
Дәрігерлік бақылаудың сипаттамасы
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің мүмкіндіктерін айқындау
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Дене шынықтырудың басты бөлігі спорт
Дене шынықтыру денсаулықты сақтау және нығайту құралы ретінде
Дене тәрбиесі сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ҚҰРАЛДАРЫ
Спорттық-сауықтыру лагерьлер мен студентердің дене тәрбиесінің әдісі мен ұйымдастырылуы
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz