Спортшылардың жұмыс қабілетін қалыптастырудың қазіргі заманғы үлгісін жасау мәселелері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Батырбекова Ұ.
Спортшылардың жұмыс қабілетін қалыптастырудың қазіргі заманғы үлгісін жасау мәселелері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050108 - мамандығы - «Дене шынықтыру және спорт»
Түркістан 2010
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
доцент Ә. К. Әбділлаев
«___» 2010ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Спортшылардың жұмыс қабілетін қалыптастырудың қазіргі заманғы үлгісін жасау мәселелері
050108 - мамандығы бойынша - «Дене шынықтыру және спорт»
Орындаған Батырбекова Ұ.
Ғылыми жетекшісі
Доцент, ХҚТУ профессоры Халилаев Ә. Н.
Түркістан 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ЖАТТЫҒУ ПРОЦЕСІН БАСҚАРУДА ДӘРІГЕРЛІК-ҰСТАЗДЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ . . . 7
1. 1 Дәрігерлік-ұстаздық бақылаудың маңызы . . . 7
1. 2 Дәрігерлік-ұстаздық бақылау әдістерін спорт түрлеріне байланысты қолдану тиімділігі . . . 12
1. 3 Дәрігерлік-ұстаздық бақылауда қолданылатын сынамалардың спортшы организмінің қалыптасу қабілетін анықтаудағы ролі . . . 21
2. СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 29
2. 1 Қалыптастырушы әдістердің жіктелуі және оларды қолдану қағидалары . . . 29
2. 2 Жұмыс қабілетін қалыптастырудың гигиеналық әдісінің спортшы организміне әсерін бағалау . . . 35
2. 3 Дәрі-дәрмектік қалыптастырушы әдістердің артықшылығы мен
кемшілігі . . . 40
2. 4 Физикалық қалыптастырушы әдістердің өзара әсері және кешенді қолданылу ерекшелігі . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 59
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Жұмыстан кейін организмнің жұмыс қабілетінің дұрыс қалпына келуі спорттағы маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, дайындық деңгейінің өсуіне байланысты спортшыға организмнің үздіксіз қызметтік жетілуін және қызметтердің жоғары, жаңа деңгейге жетуін қамтамасыз ету үшін үлкен дене жүктемелері қажет. Жүктемелердің өсуі қан айналым жүйесінің құрылымдық және қызметтік жетілуін және жүйке жүйесінің трофикалық қызметінің жоғарылауын, қуаттың жеткілікті қорын түзуді, қаңқа және жүрек бұлшық еттерінің ұсақ қылтамырларының өсуін қамтамасыз етеді. Осының бәрі организмнің потенциалды мүмкіндіктерінің жоғарылауына, оның қызметтік қорларының өсуіне, дене жүктемелеріне лайықты дұрыс бейімделуіне, жедел қалпына келуге әсерін тигізеді. Неғұрлым тез қалпына келсе, соғұрлым организмнің келесі жұмыстарды орындауға мүмкіндігі жоғары болады, яғни организмнің қызметтік мүмкіндіктері мен жұмыс қабілеті жоғары болады. Сонымен қалпына келу жаттығу процесінің негізгі бөлігі болып табылады.
Бұлшық ет қызметінің соңы әр түрлі дәрежедегі шаршау екендігі мәлім. Шаршау дәрежесі қалпына келудің тездігі секілді көптеген факторлардың күрделі өзара әсерлеріне байланысты, оның ішінде ең маңыздылары: атқарылған жұмыстың сипаты, бағыты, көлемі мен қарқыны, денсаулық жағдайы, дайындық деңгейі, шұғылданушының жасы мен жеке ерекшеліктері, күн тәртібі, техникалық дайындығының деңгейі, дұрыс демала білуі және т. б.
Б. С. Гиппенрейтер, А. В. Коробков, В. М. Волковтардың тәжірибелік дәлелдеулерінде шаршау және қалпына келу кезінде әр түрлі жаттығу жүктемелері мен жұмыс тәртіптері қимыл аппараты мен оның вегетативті қамтылуына әр түрлі әсер ететіндігі көрсетілген. Қалпына келу процестерінің ағымына жаттығудың белгілі бір тәртібіндегі шаршау жиынтығы (кумуляция) да әсер етеді.
Қалпына келу процестерін басқару тек қана үлкен жүктемелермен шұғылданатын жоғары дәрежелі спортшылар үшін емес, сонымен бірге дене тәрбесімен және бұқаралық спортпен шұғылданатын барлық контингенттер үшін маңызды.
Қазіргі таңда тәжірибе жүзінде көптеген қалпына келтіретін құралдар мен әдістер өңделген және енгізілген, оларды әр түрлі белгілеріне қарай: бағыты мен әсер ету механизмі, қолданылу уақыты, қолданылу шарттары және т. б. бойынша топтауға болады. Оның ішінде ең таралғаны қалпына келтіретін құралдардың үш топқа бөлінуі - педагогикалық, психологиялық және медициналық-биологиялық. Оларды жаттығу процесінің бағыты, дайындықтың кезеңі мен мақсаты, шұғылданушының жасы, дайындық жағдайы мен деңгейі, күн тәртібі бойынша кешенді (комплексті) түрде қолдану жұмыс қабілетін қалыптастыру жүйесін құрайды.
Қалыптастыру әдістерін таңдаған кезде спорт түрін жаттығу кезіндегі жүктеменің бағытын міндетті түрде ескеру керек. Мысалы, спорттың циклді түрлерінде шаршаудың сипаты мен ұзақтығы қимыл-қозғалыстың құрылымына емес, орындалған жұмыстың салыстырмалы қуатына байланысты (В. С. Фарфель, Н. В. Зимкин зерттеулері) . Бұл төзімділікке негізделген жұмыс кезіндегі қалыптастыру әдістерінің негізгі объектісі тыныс алу, жүрек-қан тамырлар жүйесі, зат және қуат алмасу процестері болуын көздейді.
Циклді емес жаттығулар кезінде жекпе-жек, спорттық ойындарда шаршау және қалпына келу сипаты қимыл-қозғалыс үйлесімділігі мен дәлдігіне, анализаторлар, жүйке-бұлшық ет аппараты қызметіне жоғары талаптар қойылуына байланысты, яғни организмнің осы жүйелеріне бағытталуын анықтайды. Барлық спорт түрлерінде жүйке процестерінің тепе-теңдігі мен гуморальді-гормональді реттелудің тез қалпына келуін қадағалау керек, бұл организмнің вегетативті қызметі мен зат алмасудың қалпына келуін анықтайды.
Егер келесі күні немесе одан кейінгі күндері жұмыс қабілетін жоғарылату негізгі мақсат болса, онда жүктемеден кейін 4-8 сағаттан кейін жалпы әсер ететін процедураларды қолдану керек (Ф. М. Талышев, В. У. Аванесов зерттеулері) .
Процедуралардың кешенді (комплексті) түрін таңдаған кезде олардың бір-бірінің әсерін төмендетпей, толықтыруын қадағалау керек. Мысалы, қысымдық әсерлер алдыңғы процедураның нәтижесін арттырады, электрофорез жылу процедураларында толық әсерін тигізеді, салқын душ көптеген процедуралардың әсерін жоғарылатады және т. с. с. (Ф. М. Талышев, Н. А. Белая, Л. А. Иоффе, А. И. Журавлева және т. б. )
Сонымен осы тұжырымдарды ескере отырып, спорттыќ ж±мыс ќабілетін ќалыптастыру - жаттыќтыру ж‰йесініњ ажыратылмайтын бµлімі, сондыќтан ќалыптастыру єдістерін, оларды ќолдану негіздерін жетік білу мәселелері қазіргі таңдағы еліміздегі спорттың медициналық-биологиялық тұрғыда қамтамасыз етілу сатысының дамуына үлесін қосатындығы туындайды.
Зерттеу нысаны: жалпы және арнайы спорт мекемелеріндегі спорттың әр түрімен шұғылданушылар
Зерттеу пәні: спорттық жаттығу процесі мен жарыс кезіндегі дәрігерлік бақылаулар
Дипломдық жұмыстың мақсаты: спорттық жұмыс қабілетін тез, үйлесімді және дұрыс қалыптастыратын әдістер жүйесін құру, тиімділігін арттыру.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- жаттығу процесін басқаруда дәрігер мен жаттықтырушы бақылауының маңыздылығын түсіндіру ;
- дәрігерлік-ұстаздық бақылау әдістерінің спортшының қалыптасу қабілетін дұрыс бағалауға әсерін анықтау;
- дәрігерлік-ұстаздық бақылау әдістерін физиологиялық тұрғыда негіздеу;
- дәрігерлік-ұстаздық бақылау әдістерінің спорт түріне байланысты қолданылу тиімділігін анықтау;
- дәрігерлік-ұстаздық бақылау кезінде қолданылатын сынамаларға спортшы организмінің жауабын топтау ;
- спорттық жұмыс қабілетін дұрыс қалыптастыратын әдістерді анықтау және бағалау;
- қалыптастыру әдістерінің спорт түріне байланысты бағытын анықтау;
- қалыптастыру әдістерінің өзара әсерлеріне қарай кешенді қолданылу жүйесін құру;
Зерттеу көздері: адам физиологиясы, спорттық физиология, спорттық медицина, спорттық педагогика және психология, дене мәдениетінің ілімі мен әдістемесі.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- ЖАТТЫҒУ ПРОЦЕСІН БАСҚАРУДА ДӘРІГЕРЛІК-ҰСТАЗДЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫДәрігерлік-ұстаздық бақылаудың маңызы
Дене тәрбиесі және спорттық жаттығу - бұл жалпы және арнайы жұмыс қабілетін арттыруға бағытталған педагогикалық процесс. Физикалық көзқарас бойынша спорттық жаттығу физиканың сандық, құрылымдық және қызметтік құрамының жетілуі мен дамуы. Спорттық жаттығу 2 түрлі қағидалардың негізінде пайда болады:
- Педагогикалық қағидалар. Оған белсенділік, дәйектілік, көрнекілік, жүйелілік, беріктік, реттілік, қарапайымдылық жатады.
- Арнайы қағидалар. Оған жалпы және арнайы дайындықтың бірлігі, машықтану процесінің үздіксіздігі, қайталануы және машықтану жүктемелерінің біртіндеп және барынша жоғарылауы жатады.
Жүйелілік және беріктік қағидалары спорттық жаттығуды жоспарлау кезінде алғашқы орында тұрады. Егер оларды дұрыс ұйымдастыратын болса қимыл дағдыларын жетілдіруге және организмнің мүмкіншілігін жоғарылатуға жағдай жасалады. Қимыл дағдыларының беріктігі жаттығудың қайталануымен қалыптасады. Егер жаттығу кезінде ұзақ үзілістер болатын болса, уақытша байланыс сөніп, спортшы дайындығы төмендейді. Жаттығу процесі үздіксіздікті, жан-жақтылықты және арнайы бағытты сақтай отырып, қайталану принципіне байланысты өзгеріп отырады. Осыған байланысты спорттық жаттығу бірнеше кезеңдерге бөлінеді.
- Дайындық кезеңі: Бұл кезеңде жаттығу физикалық сапамен қимыл тәсілінің дамуына бағытталады. Бұл кезеңде жаттығу жүктемелерінің көлемі мен қарқыны біртіндеп жоғарылайды. Бұл кезеңнің ұзақтығы спортшының машықтану деңгейіне, жас ерекшелігіне және тағы басқа факторларға байланысты 3-4 айға созылады.
- Жарыс кезеңі: Бұл кезең жарысқа қатысумен сипатталады. Бұл кезеңде жаттығу жұмысының және демалудың тәртібі машықтанудың деңгейін жоғарылатуға және бірқалыпты сақтауға бағытталған.
- Өтпелі кезең: Бұл кезең жарысты тоқтатумен сипатталады. Жаттығу жүктемелерінің көлемі мен қарқыны төмендейді. Бұл кезеңде спортшы белсенді демалуы қажет. Оның ұзақтығы 28-42 күнге созылады. Спорт түріне қарай жаттығу кезеңдері әртүрлі уақытта өтеді. Спорттық жаттығу спортшының таңдаған спорт түрінде техникалық, физикалық (дене), психикалық және тактикалық (айла-тәсілдік) дайындығының жоғарылауын қамтамасыз етеді. Техникалық дайындық қимыл дағдыларының қалыптасуына және жетілуіне бағытталған, ал физикалық немесе дене дайындығы сапаның (шапшаңдық, күш, төзімділік, ептілік) дамуына әсер етеді.
Спорттық жаттығу ең алдымен әлеуметтік-педагогикалық процесс, оны ұйымдастыруда және жүргізуде ұстаздың, жаттықтырушының оқытушының ролі үлкен. Бұл процестің негізгі объектісі сыртқы ортамен күрделі байланыстағы адам болғандықтан, оның нәтижелілігі қолданылған педагогикалық әдістер мен құралдардың физиологиялық заңдылықтарға, гигиеналық талаптарға, спортпен шұғылданатын адамның денсаулық жағдайына, дене дамуының және дайындығының деңгейіне, жеке ерекшеліктеріне, жасына сәйкестігімен анықталады. Жаттығу тәртібінің және жүктемелердің ұқсас қайталана беруі денсаулықты нығайтуға, қызметтік мүмкіндіктердің өсуіне, жұмыс қабілеті мен жаттыққандың жоғарылауына керісінше әсер етеді және асыра шаршау, әр түрлі сырқаттық жағдайдың пайда болуына әкеледі. Осыдан кейін дене тәрбиесі мен спорттық жаттығу процесінде оны дұрыс басқару мен ұйымдастыруда дәрігердің үлкен роль атқаратындығын аңғаруға болады. Жаттықтырушы мен дәрігердің біріге жұмыс атқаруы оқу-жаттығу процесінің нәтижелі болуының негізі.
Дәрігер мен жаттықтырушының бірігіп жұмыс атқаруы жаттығудың сауықтыру бағытын және спорттық жетілдіруді қамтамасыз етеді, өз уақытында кемшіліктерді анықтауға және алдын алуға көмектеседі, жаттыққандықтың дұрыс дамуын, оның жарыс кезеңінде ең жоғарғы деңгейге жетуін және қажетті мерзімге дейін бірқалыпты сақталуын қамтамасыз етеді.
Дәрігерлік-ұстаздық бақылау (ДҰБ) дегеніміз дәрігер мен жаттықтырушының немесе (дене тәрбиесі мұғалімінің) бірлесе бақылауы.
Дәрігерлік-ұстаздық бақылаудың дәрігерлік бақылаудан айырмашылығы оның табиғи жағдайларда өткізілуінде: дәрігерлік-ұстаздық бақылау жаттығу сабағының барысында, оқу-жаттығу жиындары мен спорттық сайыс кездерінде жүргізіледі.
Дәрігерлік-ұстаздық бақылаудың негізгі мақсаты-жаттығу барысында қолданылатын жүктемелердің организмге әсерін бағдарлау арқылы машықтану жүйесін баскару, оның тиімділігін арттыру.
Жүктемелердің организмге ықпалын анықтау үшін олардың тікелей, созыңқы (табы) және жинақталған күрделі әсерлері анықталады.
Тікелей әсер деп жүктемелерді орындау барысындағы және олар аяқталғаннан кейін, 20-30 минуттай сақталатын организмдегі өзгерістерді айтады. Созыңқы әсер дегеніміз жаттығу сабағынан кейін 2-4, 6-8, 10-12, 18-20, 24-48 сағат уақыт өткеннен кейін сақталатын өзгерістер. Жинақталған күрделі әсер - жылдық жаттығу жүйесінің белгілі бір кезеңінен кейін байқалатын өзгерістер, яғни бірнеше тікелей және созыңқы әсерлер жинағы.
Дәрігерлік-ұстаздық бақылау қолма-қол (тікелей), күнделікті және мезгілді кезекпен жүргізілетін тексерулер кезінде өткізіледі, сондықтан оның қолма-қол, не тікелей (ТБ), күнделікті (КБ) және кезекті (кб) түрлері болады.
Қолма-қол тексеру жүктемелердің тікелей әсерін бағалау мақсатымен жүргізіледі. Ол үшін жаттығушы тікелей жаттығу сабағының үстінде, сабақтың әр бөлімінен кейін, немесс кейбір жеке жаттығулардан кейін тсксеріледі. Қолма-қол тексеруді өткізудің басқа да ұйымдастыру түрлері бар: жаттығу сабағының алдында және ол толығымен аяқталған соң 20-30 минуттан кейін, жаттығу күні ертеңгілік, немесе кешкілік мерзімде жүргізуге болады.
Қолма-қол бақылау арқылы көптеген сүрақтарға жауап алуға мүмкіндік бар. Мысалы, бір сабақта орындалған әр түрлі жаттығулардың өзара үйлесімділігі, жүйелілігі, оларды кайталай орындау сандары мен карқынының тиімділігі; жаттығулар аралығындағы демалыс уақыттарының ұтымдылығы; жүктеме карқынының жаттығу мақсатына сәйкестігі т. б.
Ал, жаттығудан кейін 20-30 минуттан соң алынған өзгерістерді сабақ қарсаңындағы көрсеткіштермен салыстырса, біртұтас жүктеменің организмге деген жалпы әсерін білуге болады. Күніне 2 - 3 рет, жаттығатын жағдайларда күнделікті таңертең және кешқұрым тексерсе де болады. Қолма-қол бақылау әрбір жаттығу сабағын ұтымды өткізуге көмектеседі.
Күнделікті бақылау жүктеменің табын созыңқы әсерін бағдарлауға арналған. Ол үшін бақылауды әр түрлі ұйымдастыруға болады: күнделікті таңертең жаттығу сабағының алдында; бірнеше күн қатар ертеңгілік және кешкілік мерзімде; бір-екі шағын топтаманың (микроциклдің) басы мен аяғында; жаттығудан кейін келесі кұні, үйқыдан оянысымсн т. б.
Күнделікті бақылау түрлі-түсті бағытты шағын топтамаларды ұтымды үйлестіруге көмектеседі. Оған қоса спортшының калыптасу қабілетін дұрыс бағалап, асыра машықтанудан, зорығудан сақтандыруға жәрдемдеседі. Күнделікті тексеруді оку-жаттығу жиындары кезінде жүргізген тиімді.
Кезекті бақылау жылдық жаттығу айналмасының белгілі бір кезеңінің күрделі әсерін бағалап, жаттығу жүйесін тиімді өткізугс, оны дұрыс жоспарлап, басқаруға көмектеседі.
Кезекті бакылау кезіндегі дәрігердің міндеті - организмнің, оның әр спорт түрінде маңызды жүйелерінің мүмкіндігін, жұмыс қабілетін анықтау. Жаттықтырушының міндеті - машықтану дәрежесін бағалау.
Кезекті тексеруге басқа мамандарды да (психолог, биохимик, физиолог және т. б. ) катыстыруға болады.
Кезекті бақылаулар әрбір 2-3 айдан кейін өткізіледі. Тексеру карсаңында жаттығуға кандай да болмасын жүктеме орындауға болмайды. Тексеру таңертеңгілік уақытта, жеңіл тамақтан кейін 1, 5-2 сағат өткен соң басталуға тиісті.
Сауыктыру дене тәрбиесі саласында кезекті бақылауды, мысалы, К. Купер ұсынған 6 апталық дайындық жоспарын аяқтаған соң жүргізсе болады.
Жаттығу жүйесінің қай саласында болсын дәрігерлік-ұстаздық бақылаудың жоғарыда сипатталған үш ұйьмдастыру түрі қолданылады. Оларға қоса жоғары дәрежелі спортшыларды жан-жақты бақылау барысында тереңдетілген құрамдас тексеру (ТҚТ), кезекті кұрамдас тексеру (КҚТ) және сайысқа дайындықты бағалау (СДБ) деп аталатын тексерулср жүргізіледі.
Тереңдетілген құрамдас тексеру жылына 2 рет дайындык кезеңінің басында жөне спорттық сайыстарға шамамен 1, 5-2 ай қалған кезде өткізіледі., Оның мақсаты - спортшының денсаулығын, қызметтік мүмкіндігін, арнайы жұмыс кабілетін жан-жақты толық бағалау.
Кезекті кұрамдас тексеру жылдық жаттығу айналымының негізгі кесзендерінде, жылына 3-4 рет жүргізілсді. Ол үшін арнайы жүктемелер қолданылады. Алынған мәліметтерге сүйене отырып, жаттығу барысына ұтымды өзгерістер енгізіледі.
Спорттық сайысқа дайындығьн тексеру арқылы спортшының негізгі жарыс қарсаңында спортық бабының қажетті деңгейіне жетуі камтамасыз етіледі.
Жалпы сауықтыру дене тәрбиесі жүйесінде, көбінесе қолма-қол, күнделікті жөне кезекті тексерулер жүргізілсе жеткілікті.
Дене тәрбиесі мен спорттық машықтану жүйесінің тиімділігін арттырып, ұтымды басқару үшін әр жаттығушының өзін-өзі бақылауының маңызы өте зор. Өзін-озі бақылау күнделігіндегі мәліметтерді сауатты талдай білу - дәрігер мен жаттықтырушының (дене тәрбиесі мұғалімінің) басты міндетінің бірі.
1. 2 Дәрігерлік-ұстаздық бақылау әдістерін спорт түрлеріне байланысты қолданылу тиімділігі
Дәрігерлік-ұстаздық бақылау барысында ұстаздық, психологиялық және дәрігерлік тексеру әдістерінің бәрін қолдануға болады. Тексеру көлемі , тәсілдері дәрігерлік-ұстаздық бақылаудың мақсаты мен міндеттеріне, оның ұйымдастыру түріне, жаттығу жүйесінің, спорттың, жаттығушы топтың ерекшеліктеріне, құрал-саймандармен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Қолма-қол (тікелей) бақылау кезінде жаттығуға кедергі келтірмейтін, сабақтың табиғи ретін бұзбайтын, ұзақ уақыт тілемейтін, карапайым болса да мағыналы әдістер қолданған дұрыс. Әрине, мүмкіндік болса, радиотелеметриялық тексеру әдістерін пайдаланған жөн. Ал қарапайым әдістердің ішінде кеңінен қолданылатындары - шаршағандықтың белгілерін сырттай көзбен бағдарлау, тамыр соғу жиілігі мен артериялық қан қысымын өлшеу, Лебедев, Ромберг сынамалары, қосымша сынама т. б. Қолма-қол бақылау барысында биохимиялық көрсеткіштердің (сүт қышкылы, несеп қышқылы т. б. ) маңызы өте зор.
Күнделікті тексеруде жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар электрокардиография (ЭКГ), миотонометрия (бұлшық еттің қаттылығын өлшсу), динамометрия (бұлшық еттердің күшін өлшеу), ортостатикалық сынама т. б. қолдан мүмкіндігі бар әдістер қолданылады.
Кезекті құрамдас бақылау кезінде әр түрлі үстеме жүктемелерді қолдануға негіздслген сынамалар қолданылады. Олар: PWC 130*150*170*190 , PWC max газ алмасуыныњ көрсеткіштері - оттегін т±тыну, кµмірќышќылын шығару, ОТШ, өкпенің ауа алмастыру шсгі (ААШ) т. б. ; ќайталама сынамалар, єр спорт түрінде пайдаланылатын арнайы сынамалар.
Егер сауыќтыру, жалпы дене төрбиесі саласында ќарапайым, жаттыѓудың аѓзаѓа жалпы єсерін, жалпы жұмыс ќабілетін баѓалауѓа кµмектесетін єдістерді (тамыр соғу жиілігі, артериалыќ ќан ќысымы, Ромберг, Лебедев, ортостатикалық сынамалар т. б. ) ќолданумен шектелуге болатын болса, спортта тексеру єдістерін спорттың түріне, жаттыѓу жүйесінің баѓытына сәйкес таңдай білу керек.
Спорттың төзімділікке негізделген түрлерінде дәрігерлік-ұстаздық бақылау кезінде жүрек-ќан тамырлар жүйесінің қызметтік мүмкіндігін (ЭКГ, поликардиография - ПКГ, жүрек соғу жиілігі мен қан ќысымын өлшеу т. б. ), зат алмасуы (сүт қышқылы, несеп қышқылы т. б. ) мен газ алмасуының тиімділігін (оттегі тұтыну шегі, ауа алмастыру шегі т. б. ) м±ќият тексеру кажет.
Жылдамдық пен күшті талап ететін спорт түрлерінде жүйке-б±лшық ет жүйесінің қызметтік мүмкіндігін тереңірек тексергсн жөн. Күрделі қимыл-қозғалысќа негізделген түрлерде міндетті т‰рде кіреберіс, қимыл т. б. талдамаларының ќызметін ќадағалау керек.
Спорттық ойындарда орталық жүйке жүйесіне, ќимыл, көру талдамаларына қойылатын талап өте жоѓары.
Негізгі бес топ спорт т‰рлерініњ єрќайсысында міндетті т‰рде ќолданылатын медициналыќ тексеру єдістері келесі (1-кесте) кестеде кµрсетілген. Єрине, егер ќажет болса, міндетті тексеру жиынтыѓы басќада єдістермен толыќтырылады.
1-кесте
Жоѓары дєрежелі спортшыларды жылдыќ жаттыѓу айналымында баќылаудыњ медициналыќ єдістері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz