Спортшының психологиялық дайындығы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Спортшының психологиялық дайындығы

Спорт жаттықтыруларында дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы міндеттер толық орындалады. Алайда онда бұл міндеттердің әрқайсысы оның биік спорт нәтижелеріне жету мен жарыстарда жеңу сияқты мақсаттарына жетуді қамтамассыз ететін сипатқа ие болады.

Спорт жаттықтыруы спортшының жарысқа қатысуға дайындығын қамтамассыз ететін бір ғана фактор болып табылады. Спортшының жарысқа қатысуына дайындығын қамтамассыз ететін шаралар кешенін спорт дайындығы деп атайды. Ол дене, тәсілдік, тактикалық, теориялық және психологиялық тәрізді сәйкес дайындық түрлерін жүзеге асыруды немесе дайындық: түрлерін қамтамассыз етуді қарастырады. Дене дайындығы - ағзаның вегетативті қызметін, тұлғаның іс-әрекет сапасы мен пішінін, сондай-ақ адамның игерген іс-әрекет дағдысының байлығын дамыту деңгейімен сипатталады. Тәсілдік дайындық - таңдаған спорт түрі барысында іс-әрекетті орындауды жетілдіру деңгейімен сипатталады. Тактикалық дайындық спорт жекпе-жегінің жағдайлары мен талаптарына сай мінез-құлықты, қимыл мен іс-әрекетті өзгерту қабілеттілігімен сипатталады. Теориялық дайындық таңдаған спорт жарыстарына қатысу сабақтарының табыстылығы үшін қажетті алынған білімдер көлемімен сипатталады. Психологиялық дайындық-адамның спорт жаттықтыру мен жарыстардағы табысын айқындайтын интелектуалдық, ерік пен көңіл-күй жақтарының дамуымен және жағдайымен сипатталады.

Спорт дайындығының аталған барлық түрлері өзара бірлік пен байланыста көрінеді, бірақ олардың әрқайсының айырмашылығы спорттық мамандандырылу пәніне байланысты болады. Мысалы, гимнастикада, конькимен мәнерлеп сырғанауда, суға секіру мен басқа да спорт түрлерінде басты міндет тәсілдік міндет, яғни қимыл өнерін меңгеру болып табылады, ал ауыр атлетика мен түрлі қашықтықтарға жүгіруде дене дайындығы (сәйкес қимыл сапасын дамыту), спорт ойындары мен бірсайыс тәрізді спорт түрлерінде тәсілдік-тактикалық дайындық басты міндет болып саналады т. б. аталған дайындық түрлерінің маңызы мен қарым-қатынасы жаттықтыру кезеңіне, дайындық деңгейіне, спортшының мамандығына сәйкес өзгеріп отырады.

Дене тәрбиесі және спорт сабақтары әсерінен пайда болатын және қимыл-қозғалыс көрсеткіштерін жақсартуда көрінетін ағзадағы өзгерістер жаттықтырылу жағдайы ретінде анықталады. Спорт сабақтарындағы жаттықтырылудың жоғарғы деңгейі спорт пішіні деп аталады.

Спорттық пішін белгілі бір спорт түрінің талаптарына сәйкес денелік, тәсілдік-тактикалық және психологиялық дайындықты қамтамассыз ету нәтижесі болып табылады. Бұл спортшының барынша жоғары нәтижелерге жетуге қабілетті жаттықтыру жағдайы болып табылады.

Жаттығуға қойылған талаптар ағзаның икемделіп, бейімделуінен туындайды, яғни ағзаның жаттығуы нәтижесі жалпы биологиялық құбылыс болып саналады. Адамның жаттығуы шексіз жүйелі жаттығулар нәтижесінде адам кейде өз қозғалыс мүмкіндігін бірнеше есе ұлғайта алады.

Сабақтардағы дене мәдениеті мен спорттың педагогикалық принциптерінің бұзылуы кері әсерлерге әкелуі мүмкін, кейде жүйелі жаттығулар нәтижесінде ағзада болатын ілгерішіл өзгерістердің күрт бұзылуымен көрінетін артық жаттықтырылу жағдайы туындайды.

Дене мәдениеті мен спорттың педагогикалық негіздері дене мәдениеті теориясының бөлімі болып табылады. Бұл - дене мәдениеті мен спорт міндеттерін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған процестер ретінде шешу жолдары туралы білім жүйесі.

Студенттердің құрылымы, сәйкестенген жағдайларға сабақ пәндер мен орындалатын міндеттерге байланысты алға қойған міндеттерге жету үшін пайдалануға қажетті құралдар мен әдістер, сабақ жүргізу түрлері, педагогикалық басқару ерекшеліктері де өзгеріп отырады. Сондықтан мамандығы мен дәрежесі бірдей, бір жарысқа дайындалып жатқан екі спортшының сабағында да ерекшелік болады. Бұлармен қатар дене мәдениеті мен спорт сабақтарының барлық түрлеріне тең дәрежеде таралатын жалпы ережелерде бар.

Қазіргі таңда дене мәдениеті мен спорт денсаулықты нығайтудың өміршеңдік пен еңбекке қабілеттілікті арттырудың шығармашылық жолды ұзартудың және жеке тұлғаның үйлесімді дамып қалыптасуы мен басқа да әлеуметтік мәселелерді шешудің тиімді құралы болып табылады. Осыған байланысты дене тәрбиесі мен спорт проблемаларына жарық түсіретін ғылыми білімдерге көп назар аударылып отыр.

Бұл кітаптың мақсаты - дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы барлық міндеттерді шешуде спортшылардың спорттық мамандықтары мен құрамына қарамастан басшылыққа алуға тиісті ғылыми-педагогикалық ережелерді мазмұндау болып табылады.

Адамды дамыту мен қалыптастырудың негізгі факторлары қоршаған орта іс-әрекет тәрбие және мұрагерлік болып саналады. Адамды дамыту мен қалыптастырудағы іс-әрекеттің маңыздылығын ғылымның көрнекті өкілдері - И. М. Сеченов, И. П. Павлов, П. Ф. Лесгафт, т. б. атап көрсетті. Олар адамның жаны мен тәні өзара бірлікте және байланыста көрінетінің дәлелдеді, сондықтан іс-әрекетті сәйкес ұйымдастыру тұлғаны бүгіндей қалыптастыру факторы бола алады.

Гигиеналық білім беру және тәрбие беру міндеттерін шешуге арналған тарихи қалыптасқан немесе арнайы ұйымдастырылған іс-әрекет дене жаттығулары деп аталады. Оларды негізгі төрт бөлімге бөліп қарастырады: спорт жаттығулары, гимнастикалық жаттығулар, ойындар және түрлестік іс-шаралар. Дене тәрбиесі оның міндеттерін орындаудың басты құралы дене жаттығуларымен ерекшеленеді. Осыған байланысты, педагогикалық құбылыс ретіндегі дене тәрбиесі -бұл гигиеналық, білім беру және тәрбиелеу міндеттерін дене жаттығуларын қолдану жолымен шешуге бағытталған іс-әрекет.

Дене тәрбиесінің гигиеналық міндеттеріне дене дамуын жақсарту мен денсаулықты нығайту, білім беруге-білімді меңгеру мен қимыл қабілеттерін жетілдіру, тәрбие беруге-тұлғаны бүтіндей қалыптастыру жатады. Осыған орай дене тәрбиесінің міндеттері мыналалар: 1) денсаулықты нығайту; 2) дене дамуын жақсарту; 3) қимыл қабілетін жетілдіру; 4) білімді меңгеру; 5) тұлғаны толық қалыптастыру.

Дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік эстетикалық және еңбек тәрбиесімен біріге отырып, адамның жан-жақты дамуына жағдай жасайды.

Дене тәрбиесі міндеттері педагогикалық процесстерді ұйымдастырудың негізгі екі түрі - дене мәдениеті сабақтары мен спорт сабақтарының бірігуімен шешіледі.

Дене мәдениеті сабақтары («дене мәдениеті») -бұл дене тәрбиесі міндеттерін спорттық және гимнастикалық жаттығуларды, ойындар мен туристік іс-шараларды үйлестіру жолымен шешуге бағытталған іс-әрекет.

Спорт сабақтары («спорт») - бұл дене тәрбиесі міндеттерін бір ғана спорт жаттығуларын қолдану жолымен шешуге бағытталған іс-әрекет.

«Дене мәдениеті» мен «спорт» түсініктері мәндері жағынан бірдей педагогикалық құбылыс ретінде қарастырылады. Алайда бұл түсініктер арасында айырмашылықтар да бар, олар: оның бағыттары мен қолданылатын құралдарының ерекшеліктері. Дене мәдениеті сабақтарының негізгі мақсаты жалпы дене дайындығы болса, ал спорт сабақтарының мақсаты - іс-әрекет қабілетін дамытуда жоғары деңгейге жету үшін бір немесе бірнеше спорт жаттығуларын орындауды жетілдіру болып табылады. Бағыттарындағы айырмашылық осы. Сондай-ақ дене мәдениеті сабақтарында бір ғана немесе топтама сабақтарға сәйкестендірілген көптеген спорттық және гимнастикалық жаттығулар, ойындар мен туристік іс-шаралар пайдаланылса, ал спорт сабақтарында - нақты спорт жаттығулары қолданылады. Бұл пайдаланылатын құралдар айырмашылығы болып табылады.

Спорт жарыстарына қатысуға дайындық басты мақсаты болып саналатын спорт сабақтары спорттық жаттықтыру деп аталады. Жаттықтыру сөзі ағылшынның (тренировка) «train» сөзінен шыққан, яғни, үйрену, жаттығу, тәрбиелеу деген мағынаны береді. Жаттықтыру мақсаты - дайындалушының белгілі бір іс-әрекет түріне деген қабілетін жетілдіру болып табылады. Спорттық жаттықтыру - бұл жарысқа қатысуға дайындалу мақсатында психиканың кейбір жақтарын дамыту мен іс-әрекет қабілетін дамытуды ең биік деңгейге жеткізуге, таңдаған спорт түрінің әдіс-тәсілдерін меңгеруге бағытталған спорт сабақтарының бір түрі.

Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық принциптерін сақтаған жағдайда бірдей түрдегі спорт сабақтарындағы жаттықтыруды дамытудағы ілгерлеушілік орындалатын қимыл күрделілігіне байланыстын болады. Шағын бұлшықет тобынның қатысуымен жасалған қимылдар күрделі шоғырланған қимылдарға қарағанда тез нәтижеге жетеді. Дене мәдениеті мен спортпен жүйелі айналысу сабақтарында жаттығуды ұлғайту шегі жас шамасына байланысты. Өз сипаты жағынан төзімділік пен ептілікті қажет ететін спорт түрлеріне қарағанда, жылдамдықты талап ететін спорт түрлерінде жас шамасы көп жағдайда жаттықтырудың дамуын шектейді. жаттықтырудың дамуын шектейді. Қысқа қашықтыққа жүгіруде 30 жастан асқан адамдар жоғары спорт нәтижелеріне жетуі сирек, ал алыс қашықтыққа жүгіретіндер, семсерлесушілер арасында 40 жастан асқан жоғары дәрежелі спортшылар көп кездеседі.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы құралдар мен әдістер туралы түсінік

Құралдар тек сабақ барысында қолданылып, оның міндеттерін орындауға бағытталған, оқытушы мен оқушының іс-әрекет қимылдарымен олардың түрлерін атаймыз. Әдіс-бұл нақты тапсырмаларды орындау үшін қолданылатын амалдардың қосындысы. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары тапсырмаларын орындаудың құралдары мен әдістеріне дене жаттығулары мен түрлі ақпарат түрлері жатады.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының құралдары мен әдістері ажырамас бірлікте болады.

Барлық жаттығулар қозғалыс құрылымы бойынша айналымдық және айналымдық емес болып бөлінеді. Айналымдық деп, белгілі бір қимыл топтамасы барлық іс-әрекет барысында дерлік түгелдей қайталанып отыратын дене жаттығуларын айтамыз (мысалы, жүгіру, жүру, жүзу, ескек елу, шаңғы тебу, коньки тебу) . Айналымдық емес деп қимыл түрлері қайталанбайтын дене жаттығуларын айтамыз (секіру, лақтыру бокс, күрес, ойындар, семсерлесу, т. б. ) . Аталған әр бөлімдер топтар мен шағын топтарға бөлінеді (2-сурет) .

Бұдан бұрын да айтылғандай дене жаттығуларын негізгі төрт топқа бөлеміз: 1) спорт жаттығулары; 2) гимнастикалық жаттығулар; 3) ойындар; 4) туристік шаралар. Спорт жаттығулары, бұл - дене дайындығы дәрежесімен, қимыл өнерін меңгеруімен, психиканың кей жақтарын дамытумен жарыс пәні ретінде көрінетін қимыл іс-әрекеті. Гимнастикалық жаттығулары еңбек, әскери, спорт және табыну іс-әрекеттері мен солардың үйлесуінен құралады. Ойындар ойыншыларды ролдерге, олардың орындайтын қимыл-қозғалыстарына бөлуді анықтайтын фабуламен сипатталады. Туристік шаралар (серуен, экскурсия, жорық және саяхат) қозғалыстың белсенді құралдарымен елді мекендері аз жерде орындалады.

Дене жаттығуларын олардың көмегімен қандай тапсырмалар орындалатынына қарай мынандай топтарға бөлуге болады: 1) реттік; 2) дайындық, 3) жүргізілетін; 4) кіріспе; 5) сымбат; 6) тәрбиелік.

Реттік дене жаттығулары деп - дайындалушыларды ұйымдастыруға, оларды сапқа тұрғызуға арналған жаттығуларды айтамыз. Дайындық дене жаттығулары тірек-қимыл аппараты мен қимыл сапаларын дамыту үшін қолданылады. Дене жаттығуларының бұл түрі өз ішінде қимыл сапасына, яғни оның әсер ету мүмкіндігіне қарай бірнеше түрге бөлінеді (күшті, тездікті, төзімділікті, т. б. дамытуға арналған жаттығулар) . Дайындық жаттығуларына тыныс алу жаттығулары да жатады. Жүргізілетін жаттығулар үйреніп жатқан қимыл туралы бейне қалыптастыру, оның құрылымын меңгеруді жеңілдету қатені дұрыстау тактикалық дағдыны игеру үшін пайдаланылады. Кіріспе жаттығулары белсенді демалыс және сабаққа қызығушылығын арттыру үшін қолданылады. Сымбат жаттығулары дене кемшілігін дұрыстау үшін жүргізіледі. Тәрбиелік жаттығулар көмегімен белгілі бір мінез-құлық сипатына, психикалық процестерге ықпал ету үшін қолданылады (мысалы, батылдыққа шешімталдыққа, аптықпауға, байқампаздыққа, есте ұстау мен зейінге) .

Дене жаттығуларының бұлай болу оқытушы мен оқушының дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы кез-келген тапсырманы орындау үшін қолданылуы мүмкін. Өзіне тән қимыл іс-әрекеттерін білуі үшін қажет. Алайда дене жаттығуларын аталған топтарға бөлуді оларды жіктеуге талаптану деп қарастыру дұрыс емес, себебі дене тәрбиесінің ешқандай да қимыл құралдарын тек бір ғана топқа жатқызып қоюға болмайды. Дене жаттығуларының көпшілігі дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының барлық тапсырмаларын орындауға арналған.

Жаттығу (дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының әдісі ретінде) - бұл нақты тапсырмаларды орындауға арналған, (қойылған мақсатқа жету) мақсатты бағытталған белгілі қимыл іс-әрекетінің жүйелі қайталануы.

Олардың мағынасына қарай (үлкен немесе кіші міндеттерді атқару мүмкіндігіне қарай) жаттығуларды (әдістерді) екі топқа бөлеміз: негізгі және көмекші. Негізгі әдістерге дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының барлық міндеттерін орындайтын, ал көмекші жаттығуларда дене жаттығуларын үйретуде ғана қолданылатын жаттығулар жатады.

Қолдану аясының белгілеріне қарай жаттығу әдістері пайдаланылатын айналымдық және айналымдық емес дене жаттығуларына бөлінеді.

Негізгі әдістер жұмыс сипатына қарай үздіксіз және интервалды болып бөлінеді. Үздіксіз жаттығулар (әдістер) ұзақ уақыт ішінде орташа қарқынмен белгілі бір қимылды орындау арқылы жасалады (мысалы, 800м-ге жүгіруге дайындалған спортшы үшін - 3-5 км-ге біркелкі жылдамдықпен тоқтамай жүгіру) . Үздіксіз жаттығулар негізінен айналымдық спорт түрлерінде, сондай-ақ қимыл ұзақтығы белгіленген уақытпен шектелетін айналымдық емес түрлерінде де қолданылады (мысалы, бокста, күресте, спорт ойындарының көпшілігінде) . Спорттың айналымдық емес түрлерінде үздіксіз жаттығулар құрылымы бойынша өзгеретін немесе өзгермей орындалатын спорт жаттығуларын бүтіндей немесе оның жеке топтарын демалыссыз орындау арқылы жүзеге асырылады (мысалы, бокстағы қапты ұру топтама жаттығулары, футболшылар мен баскетболшылардың допты алып жүру жаттығулары) . Үздіксіз жаттығуларда сабақтан сабаққа жаттығу көлемі бірте-бірте ұлғая береді.

Интервалды жаттығулар қимылдарды үзбей орындауды қарқындылықпен игеріп немесе түрлі ұзақтық пен үзіп-үзіп орындау арқылы құрылады.

Жоғарыда аталған жағдайлардың өзгеруіне қарай бұл әдіс кезекті жаттығулар және қайталау жаттығулары деп екіге бөлінеді.

Кезекті жаттығулар қимылды орындау күшін бірте-бірте өзгерту арқылы (кезекпен) орындалады (3-сурет) . Бұл әдіс айналымдық және айналымдық емес спорт түрінде қолданылады, яғни үздіксіз жаттығулармен қатар қолданылады (бокс, күрес, спорт ойныдары) . Спорттың айналымдық емес түрлерінде кезекті жаттығулар түрлі қарқындағы үздіксіз қимыл түрінде орындалады (өзгермелі) .

1: 1
Қашықтықтың көп бөлігі баяу, азы-тез бағындырылады: Қашықтықтың көп бөлігі баяу, азы-тез бағындырылады
1: 2
Қашықтықтың көп бөлігі баяу, азы-тез бағындырылады: Қашықтықты тең түрде әрі тез, әрі баяу бағындыру
1: 3
Қашықтықтың көп бөлігі баяу, азы-тез бағындырылады: Қашықтықтың көп бөлігі тез, азы, баяу бағындырылады
1: 4
Қашықтықтың көп бөлігі баяу, азы-тез бағындырылады: Тез бастау қимылды баяулатумен аяқталады, сосын жылдамдық артады, ол қашықтықты тез өтумен аяқталады
1: 5
Қашықтықтың көп бөлігі баяу, азы-тез бағындырылады: Қашықтықты қысқа, бөліктерде баяу өтумен жылдамдықты бірнеше дүркін өзгерту
1: 6
Қашықтықтың көп бөлігі баяу, азы-тез бағындырылады: Жаттыққан қашықтықты тез өтіп, қанша спортшы ырғақты ұстап тұра алады, сосын қалған қашықтық бөлігін баяу аяқтау

3-сурет. Спорттың айналымдық түріндегі кезекті жаттығулар нұсқасы

Қайталау жаттығулары бір сабақ барысында белгілі бір қимылды демалыс үзілістерімен орындауға құралады. Бұл әдіс барлық спорт түрі сабақтарында қолданылады. Интервалды әдістің қайталау және кезекті нұсқаулары арасындағы айырмашылық бірінші жағдайда оқушылар демалыстық үзіліс уақытында толығымен демалмайды (немесе басқа бір қимылдарды орындайды), ал екінші жағдайда-демалыс үшін негізгі жаттығу пайдаланылады, бірақ оның орындалу қарқыны бұнда тез төмендейді (мысалы, жүзуде-еркін жүзу, желаяқтарда-жай жүгіру) (4-сурет) .

Дене жаттығуларының айналымдық емес түрлерінде қайталау әдісі жаттығу пәнінің өзгермеуін нақтаумен немесе жаттығу пәнін өзгертумен орындалады. Жаттығулар бір сызықпен немесе дәлдеумен орындалады. Дәлдеу әдісінің түрі шеңбер әдісі болып табылады. Қайталау әдісінің бір сызықты түрінде жаттығу спорт жаттығуының түрлі тәсілдік жүйеліктерін немесе оның тактикалық түрлерін меңгеру үшін түрлі қимыл сапаларын бірізді әсер етуі үшін бір шеңбермен жүргізіледі. Қайталау әдісінің дәлдеу немесе шеңбер нұсқасында жаттығу бірнеше «шеңберде» орындалады. Көптеген зерттеушілердің (С. П. Белиц-Гейман мен Г. Ф. Полевой-теннисте, Ю. В. Куншир-жүзуде, Е. М. Чумаков-күресте) мәліметтері бойынша сызықты әдіске қарағанда дәлдік әдісі тиімді деп есептеледі. Шеңбер әдісі түрлі дене жаттығуларын бағдарланған ретпен және олардың әрқайсысын қарқынды қайталаумен бірізді орындауға құрылған (5-сурет) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарыс кезіндегі боксшының психологиялық дайындығын шыңдау
Спорттық жаттықтыру әдістері
Спортшының психологиялық дайындық принциптері
Жарысқа қатысудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру ерекшеліктері
Спорттық жаттығу әдістері
Жеңіл атлетикадағы спорттық дайындық жүйесі, дене қасиеттері дайындығы түрлері
Спортшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері
Боксшының айналмалы жаттығу кешенін қолдану әдістемесі
Спортшылардың психологиялық дайындығы
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz